Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Мінез- құлықтың рефлекторлық табиғаты.
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Координация және реттелу Күні: Сынып: 7а |
Мектеп: Созақ ауданы, Т.Әлімқұлов атындағы №14 мектеп интернат – лицейі Мұғалімнің аты жөні: Сүгірбаева Жұлдыз Қыдырбайқызы Қатысқаны: Қатыспағаны: |
Сабақ тақырыбы: |
Мінез- құлықтың рефлекторлық табиғаты. |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары |
7.1.7.6. мінез - құлықтың рефлекторлық табиғатын түсіндіру |
Сабақ мақсаты |
Барлық оқушылар: Рефлекстердің жіктелуін біледі, шартты және шартсыз рефлекстерге анықтама бере алады. Оқушылардың басым бөлігі: И.П. Павловтың жасаған тәжірибесін түсіндіре алады. Кейбір оқушылар: Шартты және шартсыз рефлекстерге тән ерекшеліктерді салыстырып, мысал келтіре алады. |
Бағалау критерийлері |
|
Дағдылар |
Білу , түсіну. |
Тілдік мақсаттар |
Терминология:
|
Құндылықтарға баулу |
Оқушыларды ізденімпаздыққа баулу. |
Пәнаралық байланыс |
Бейнелеу ( И.П. Павловтың жасаған тәжірибесін «Графити» әдісінде суретін салу); Ағылшын тілі (сергіту сәті ағылшын тілінде, термин сөздердің аудармасы); Орыс тілі (термин сөздердің аудармасы). |
Алдыңғы білім |
7.1.7.5. Рефлекстік доға |
||||||||
Сабақ барысы |
|||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
|||||||
Сабақтың басы 5 минут 7 минут |
Ұйымдастыру:
«Алақан. Жұдырық.» сергіту сәті ( психологиялық ахуал туғызу): ішкі және сыртқы шаттық шеңберін құрып (ішкі және сыртқы шаттық шеңбер бір біріне қарама қарсы тұрады), жаттығу орындайды: «Double this» - екі рет мынау, «Double that» - екі рет анау.
Шағын топтар құру: «Қима суреттер» арқылы екі топқа бөлемін. 1). 2).
Топтың аты: 1.Шартты рефлекс; 2.Шартсыз рефлекс. -Оқушыларды жетістік жолына тұрғызу арқылы өтілетін тақырыптан не білетінін біліп аламын. Жетістік жолы 4 нүктеден тұрады. Оқушы 1.Білмеймін 2.Білемін 3.Орындаймын 4. Көмектесемін деген нүктелерге орналасады.Әр нүктеге орналасқан оқушы санын тақтаға жазып қоямын. Үй тапсырмасы сұрау: «Жасырын сұрақ» әдісі. Әрбір оқушының орындығына жасырып жабыстырылады. 1. «Рефлекс», «рефлекс доғасы» деген түсініктерге анықтама бер. 2. Рефлекс доғасының барлық бөлімдерін дұрыс ретпен ата. Олар қанша? 3. Рефлекс доғасының барлық бөлімдерін олардың атауларын, орналасуын, қызметін көрсетіп бейнеле. 4. Рефлексті жүзеге асырудағы ОЖЖ-нің қатысқан құрылымдарының рөлін сипатта. 5. Рецепторларды тітіркендіргіштер (қызметі) бойынша топтастыр. 6. Рефлекстің а) суыққа; ә) жылуға әсері қандай болатыны туралы талда. 7. Жаңа туған нәрестенің жұлын жұмысын дәрігерлер былай тексереді: баланың табанын ұстап көреді. Саусақтары қалай жазылатынын тексереді. Алған білімдеріңді пайдаланып, егер бала сау болса, дәрігер қандай әсер көретіні туралы түсіндір. 8.Рефлекс доғасының әрбір бөлімдерінің маңызына баға бер. |
Екі түрлі қима суреттер Сұрақтар жазылған стикерлер |
|||||||
Сабақтың ортасы 7 минут 2 минут 2 минут 5 минут 2 минут
5 минут 1 минут |
Жаңа сабақ. «Реставрация» стратегиясы. Ең алдымен оқушылар мәтінмен өз бетінше танысады. Келесі кезекте оларға мәтін жеткіліксіз құрылымдық бөлімдермен беріледі. Оқушылар «бос орындарды» толтыруы керек. Тапсырма-1 Рефлекстерді әртүрлі топтарға бөлуге болады. ОЖЖ жүйке орталығының орны бойынша барлық рефлексті ... және ... рефлекстері бөледі. Рефлекс жасайтын рецепторларға байланысты оларды ..., ...., ... , ..., ... рефлекстері деп бөледі.Рефлексті мүшелер жүйесі бойынша да бөледі. Олар тамақ (сілекей мен асқазан сөлін бөлу, жұту, құсу т.б.), ... (дем алу, жөтелу,түшкіру), ... (тізе рефлексі, ыстық затқа тигенде қолды тартып алу),жүрек-қан тамырлары болып бөлінеді.Ең маңыздысы шартты және шартсыз өте маңызды. Біз ең қарапайым рефлекстерді қарастырайық. Айтылған рефлекстердің барлығы ... рефлекс. ... деп бір түрдің барлығында бірдей, туа біткен рефлекстерді айтады. Шартсыз рефлекс ағзаға өмір тәжірибесі жоқ кезде ... мүмкіндік береді. Мысалы, жаңа туған сәби ... рефлексіне ие. Бет, ерін, иек терісіне жанасқанда сәби ... түрде анасын емуге ұмтылады. Мұндай рефлекс барлық сүтқоректілерге тән. Шартсыз рефлекс ағзаның ішкі ортасының ... (гомеостаз) автоматты түрде сақтауға бағытталған. Яғни олар қанның қысымы мен химиялық құрамын, дене температурасын тұрақтандырады.Шартсыз рефлекс орталығы ... (тізе рефлексі, бөлу рефлексі), ... (дем алу – сопақша ми, термореттелу – аралық ми) орналасуы мүмкін. Барлық шартсыз рефлекстер мінез-құлықтың генетикалық тұрғыда негізі қаланған бағдарламасы. Олар тірі қалуға көмектеседі,бірақ қоршаған ортаның ... жағдайларына бейімделуге көмектеспейді. Өзгеретін жағдайларға ... рефлекстер көмектеседі. Шартты рефлекстер – ... пайда болады, олар өмір бойы пайда болады және бір түр дарада бірдей емес. Шартты рефлекстер қалыптасу үшін міндетті түрде шартты ... пен ... тітіркендіргіш үйлесімі қажет. Шартты рефлекстердің маңызы зор. Олар жануарларға ... генетикалық бағдарламасын түзетуге және қоршаған ортаның өзгермелі жағдайына бейімделуге көмектеседі. Ағзада шартты рефлекстер неғұрлым ... қалыптасса, қоршаған орта жағдайы өзгерген кезде ... мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады. Дескриптор (Тапсырма – 1)
Қ.Б.: «Жемістер» арқылы кері байланыс.
Тапсырма-2. «Графити» әдісі арқылы И.П. Павловтың тәжірибесін плакатка түсіріп, түсіндіреді. И.П. Павлов қандай зерттеу жүргізді?
Дескриптор (Тапсырма – 2)
Қ.Б.: «Смайликтер» арқылы кері байланыс.
Тапсырма-3.1. «Сәйкестендіру тесті».
Тапсырма-3.2. «Салыстыр. Көрсет » әдісі. Күнделікті өмірден мысалдар келтіру (көрініс көрсету). Дескриптор (Тапсырма – 3) -Мінез құлықтың рефлекторлық табиғатын түсіндіреді: -Шартты рефлекстерді күнделікті өмірден мысал келтіріп, көрініс құрады; -Шартсыз рефлекстерге мысал келтіреді, көрініс көрсетеді. Қ.Б.: «Білім ағашы» кері байланысы арқылы оқушылар өздерінің көңіл күйін және тапсырманы қаншалықты түсінгенін білдіреді |
«Биология» окулыгы А5 парақта берілген тапсырмалар Жемістердің суреті бар үлестірмелер Интерактивті тақта Плакат, маркерлер, қарындаштар Смайликтер Интерактивті тақта А5 форматтағы тапсырма Бағдаршамның макеті, велосипед, тамақ, т.б. |
|||||||
Сабақтың соңы 2 минут 1 минут |
Қорытындылау: «Ашық микрофон» әдісі арқылы екі топ бір бірімен өткен сабақ бойынша сұрақ -жауап алмасады. -Оқушыларды жетістік жолына сабақ басындағыдай 4 нүктесіне тұрғызу арқылы жаңа тақырыпты қалай меңгергенін біліп аламын. Әр жетістік жолында тұрған оқушы бүгінгі сабақтан не ұққанын айтады. |
Микрофон Кері байланыс |
|||||||
Саралау – Сіз қандай тəсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? |
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық жəне қауіпсіздік техникасын сақтау |
|||||||
Оқушылардың білім дағдыларын саралау мақсатында үлгерімі төмен оқушыларға рефлекстердің жіктелуіне, шартты және шартсыз рефлекстерге анықтама бере алу үшін тапсырма беріледі. Оқушылардың басым бөлігі И.П. Павловтың жасаған тәжірибесін түсіндіреді. Кейбір оқушылар шартты және шартсыз рефлекстерге тән ерекшеліктерді салыстырып, мысал келтіреді. Қабілеті жоғары оқушыларға Блум таксономиясының білу, түсіну,қолдану дағдыларына дейінгі күрделенген тапсырмаларды орындай алады. |
Бірінші тапсырмада «Жемістер» үлестірме арқылы, екінші тапсырмада «Смайликтер», үшінші тапсырмада «Білім ағашы» арқылы бағалаймын. |
Оқушылардың денсаулығын сақтау мақсатында техникалық қауіпсіздік ережелерін ескертемін. Адамдағы жүйке жүйесіне сыртқы ортаның өолайсыз әсерлерінің зиянды жағдайаттарын түсіндіремін. |
|||||||
Сабақ бойынша Рефлексия |
Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз. |
||||||||
Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен? |
|
||||||||
Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нəрсеге назар аудару қажет? |