Материалдар / Мінез құлық рефлексі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мінез құлық рефлексі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мінез құлық рефлексінің табиғатымен таныстыру. Сабақтағы тиімді әдіс-тәсіліммен бөліскім келеді. Бір ғана "Кубизм" әдісі арқылы сабақтың мақсатына жету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қазан 2022
416
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мінез-құлықтың рефлекторлық табиғаты.





А. Т. Ергалиева

Қ. Сағырбаев атындағы мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінің биология пәні мұғалімі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

7.1.7.6 - Мінез-құлықтың рефлекторлық табиғатын түсіндіру


Сабақ мақсаты:

Мінез-құлықтың рефлекторлық табиғатын сипаттау және салыстыру

Мінез-құлықтың рефлекторлық табиғатының шартсыз және шартты рефлекстердің ерекшелігін ажырату

Мінез-құлықтың рефлекторлық табиғатының шартсыз және шартты рефлекстерді салыстырмалы түрде зерттеп дәлелдеу

Сабақтың кезеңі, уақыт

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар



5 мин





5 мин



2 мин

























25 мин
































І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасу.

Сыныпты түгендеу.

Сабаққа дайындықтырын тексеру.

Психологиялық ахуал қалыптасытру.


Үй тапсырмасын тексеру.


Жаңа сабақ

«Іс-әрекет» Жаңа тақырыпты ашу мақсатында мұғалім жағымды, жақсы әуен қосады. Осы жерде мұғалім оқушылардың іс-әрекетің байқайды. (Әуен қосылғанда ырғаққа оқушылар жай ғана қимылдауы мүмкін)

  • Әуен ұнады ма?

  • Қандай іс-әрекет болды?

  • Бұл іс-әрекетті кім қалай түсінеді?

Осы жерде сабақтың тақырыбы ашылады. Мұғалім сабақтың мақсатымен таныстырады. Мұғалім мағлұмат береді.

Сабақтың мақсатына жету үшін

«Кубизм» әдісі қолданамын.

1. Сипаттайды

2. Салыстырады

3. Жинақтайды

4. Қолданады

5. Зерттейді

6. Дәлелдейді

«Кубизм» әдісі (жаңаны меңгеру)

Оқушыларға жаңа сабақты меңгеруге уақыт беріледі. Оқушыраға шартты және шартсыз рефлекске байланысты суреттер беріледі.

Сипаттайды. Шартсыз және шартты рефлекс туралы оқушылар сипаттайды.

Салыстырады. Шартсыз және шартты рефлекстерді кесте бойынша салыстырады.

Шартты рефлекс

Шартсыз рефлекс

A. Тұрақсыз, түзілуі де жойылуы да мүмкін.

B. Организм қабылдайтын кез келген тітіркенуге түзіледі.

C. Тұқым қуалау арқылы берілетін, туа біткен.

D. Тұрақты рефлекс доғасы болады.

E. Сәйкес тітіркенуге жауап жүзеге асырылады.

F. Шартсыз рефлекс негізінде қалыптасады.

G. Үлкен ми сыңарларының қыртысының іс-әрекеті арқылы жүзеге асады.

H. Жұлын мен жұлын бағаны, қыртыс асты ядро деңгейінде жүзеге асады.

I. Белгілі бір түр дараларына(особь) тән.

J. Дайын рефлекс доғасы жоқ.

Жинақтайды. Берілген мәтіннен сабаққа қатысты ақпаратты жинақтап рефлекстің қай түрі екенің анықтайды.

Бетховеннің өмірінен қысқаша

Бетховеннің əкесі өз уақытында көше музыканты болған. Өз ұлынан екінші Амадей Моцарт жасап шығарғысы келген ол ұлына жастайынан клавесина мен скрипкада ойнауды үйретеді. Бірақ, өзі күткендей нəтиже

шығара алмаған соң бұл əрекетін тоқтатады.

Өз əкесінің шешіміне қарамастан Бетховен аспапта ойнауды жалғастыра береді. Кейін ол алғаш рет 1787 жылы Вена қаласында Моцарттың өзінің алдында өнер көрсетеді. Нəтижесінде өз тетелестерінен біршама үздік өнер көрсеткен Бетховенге Моцарт жоғары баға беріпті. Аңыздарға сенсек, сонда бөлмеден шығып бара жатып Моцарт: « Болашақта ол барлық əлемге өзі туралы айтқызатын болады»  депті.

Бетховен көбейте алмаған. Болашақ композитор материалдық қиындықтарға байланысты 11 жасында мектепті тастап кетеді. Кейін латын тілін үйреніп, француз итальян тілдерін меңгергенімен сол қалпы көбейтуді де бөлуді де білмей кеткен екен. Мысалы, оған 47ні 52 ге көбейт десе, 47 санын 52 рет қосып шығатын болған.

Кереңдік. Бала кезінен Бетховен көптеген аурулардан зардап шеккен. Ал ересек шағында кереңдік ауруына шалдығады. 26 жасқа толғанда композитордың ішкі құлағында қабыну пайда болып, тек гуіл ғана еститін жағдайға жетеді. Көбісі бұған себеп болған оның ұйықтамай, ноталармен көбірек уақыт өткізу үшін басын суық суға жиі малуын айтады.

27 жасында Бетховен толықтай керең болып қалады. Ал басқалармен ойын дəптерге жазу арқылы сөйлескен екен. Ноталарды есінде сақтау арқылы ойнап, музыканы қиялында шығарған оның дүниені мойындатқан керемет туындылары осы шағында жарыққа шыққан. Оның бір мысалы «Тоғызыншы симфония». «Тоғызыншы симфония» шыққаннан кейін айтарлықтай табысқа кенелді. Бір концертте Бетховен осы шығарманы орындап болғаннан соң зал шулап, мақтау сөздерді айқайлап, өте тамаша қолдау көрсетеді. Бірақ бұл кезде толықтай керең болып қалған Бетховен оркестрге қарап, залды көрмеген еді. Сонда жүрегі елжіреген бір музыкант Бетховенді иығынан ұстап залға қаратады.

Композитор 1827 жылдың 26 наурызында дүниеден өтті. Ал қайтыс болуының себебі əлі күнге дейін белгісіз.

Қолданады. Өмірде қолдану мысалдар келтіру.(10 мысал)


Мен білетін шартты рефлекстер

Мен білетін шартсыз рефлекстер





Зерттейді. Зерттеуге бірнеше тапсырма беріледі. 1-ші тапсырма адам тамақты көргенде және дәмін татқанда қандай рефлекс пайда болады. Музыка рефлекстің қай түріне жатады. Шартсыз және шартты рефлексті жан-жақты зерттеді.

Дәлелдейді. Оқушылар зерттеуде берілген тапсырмаларды рефлекс түріне ажыратып мысалдар арқылы дәлелдейді.

Оқушылар мұғаліммен амандасып, сабаққа дайындықтарын бастайды.

Психолгоиялық ахуал қалыптастырады

Үй тапсырмасын тексереді.

Жаңа сабақты түсінеді.































Оқушылар тақырып бойынша сипаттамасын айтады.

Кестені толтырады

































Берілген тапсырмаларды орындайды.

Берілген тапсырмадан рефлекс түрлерін анықтайды орындайды





















Мадақтау сөздері.























ҚБ 1 балл







ҚБ 1 балл





























ҚБ 2 балл









ҚБ 2 балл

















ҚБ 2 балл







ҚБ 2 балл
















Әуен қою

















видеоролик















5 мин

Рефлексия «Жестістік баспалдағы» әдісі.

Үйге тапсырма:



Оқушылар рефлексия орындайды.







































Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!