Материалдар / Мінез құлықтар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мінез құлықтар

Материал туралы қысқаша түсінік
Психологиялық мінез құлықтарға түсніктеме
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Тамыз 2018
2320
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СМЖ 3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК


ПОӘК 042-18-31.1.17/03-2014

ПОӘК

Оқу-әдістемелік материалдар «Балалар психологиясы»

Баспа № 2 11.09.2014 ж.,

1 баспа орнына

05.09.2013 ж.










ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Балалар психологиясы»

5В010100 - «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»

мамандығына арналған


ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР




















Семей

2014



Мазмұны

1 Глоссарий

2 Дәріс

3 Практикалық және зертханалық сабақтар

4 Курс жұмысы (жоба)

5 Білімалушылардың өздік жұмыстары







































  1. Глоссарий

Агрессия белгілі бір мақсатқа жету құралы және басқалардың шабуылынан қорғанумен сипатталады.

Адаптация орта біртіндеп бейімделу.

Ақыл-ой сезімдері – ойлау іс-әрекетінен туатын сезімдер (таң қалу әуестік сенімділік және шұбалану сезімдері).

Әдет – әрект жасауды қажетсіну.

Бейнелеу іс-әрекеті – сурет салудың, жапсырудың, құраудың т.б. жалпы аты. Бейнелеу іс-әрекетінің жемісі – ерекше формада көрсетілген объективтік болмыстың көрнекі бейнелері.

Былдыр сөз – негізінен жеке буындардан тұратын алансыз, түсініксіз сөйлеу бала тілі дамуының алғашқы кезеңі.

Госпитализм – жабық типтегі балалар мекемелерінде пайда болатын құбылыс үлкендермен қарым-қатынастың аздылығынан балалардың дамып жетілуі күрт қала бастайды.

Дағды – сансыз қайталау нәтижесінде ол автоматтандырылған әрекетке айналып,оңай,шапшаң,дәл орындалып отырады.

Диалогтық сөйлеу – әңімелесуші адамның қолдап отырған сөзі екі немесе бірнеше адамның арасындағы сөйлеу бұл сөйлеу өтіп жатқан жағыдаймен тым жоғарғы дәрежеде байланысты сондықтан бұл сөздің жағдайға байланыстылғы жөнінде айтылып жүреді.

Дидактика - оқыту теориясының мәселелерін зерттейтін педагогиканың бөлімі.

Ерік – әрекет жасауды қажетсіну.

Есте сақтау - болмыстағы заттардің немесе құбылыстардың бейнелерін есте берік сақтауға мүмкіндік беретін ес процесі.

Зейін - баланың санасының белгілі бір затқа бағытталып тұрақталуын көрсететін құбылыс.

Жас дағдарысы – онтогенездің психологиялық өзгерістерімен сипатталатын, уақыты жөнінен ұзақ емес ерекше кезеңдері.

Жеке дара даму – өмір мен іс-әрекет үдерісінде әрбір адамның дамуы (онтогенез).

Жуықтасу талдауыштары – рецепторлары заттардың тікелей әсеріне шалынатын талдауыштар. Мысалы, тері талдауыш анализаторы.

Жандану кешені – баланың ішкі жан дүниесінің жағымды жауабы. Ересек адамды көргенде оның дауысын естігенде бала күлімсіреп дыбыс шығара бастайды оған тесіле қарайды осы кезде оның аяқтары мен қолдарының қозғалыс ырғақтары өзгереді жандану кешені баланың алғашқы әлеуметтік жауабы деп санау қабылданған.

Инстинкт – адам дүниеге келгенде бітетін мінез-құлықтың фомасы, белгілі ынтаға жауап ретінде мақсатқа сәйкес іс-әрекет жасау қабілеті.

Интероризация – сыртқы іс-әрекеттен заттардың бейнелері және олар туралы ұғымдар арқылы іштей орындалатын іс-әрекетке көшу үдерісі.

Күнделікті ұғымдар – арнаулы үйретусіз, өмір тәжірибесі нәтижесінде меңгерілгер, ғылымға дейінгі ұғымдар.

Қорғаныш рефлексі - шартсыз қорғану рефлексі.

Қыңырлық – ақылдың ережелеріне қарамастан өз дегеніне тұрып алуға тырысудан көрінетін жағымсыз қылық. Қыңырлық баланы тәрбиелеудің немесе оның ауру күйде екендігінің нәтижесі болып табылады.

Қабылдаудың тұрақтылығы – қабылдау шарттары өзгергендегі зат бейнесінің біршама тұрақтылығы.

Үнсіз сөйлеу – сөйлеу әрекетінің ерекше түрі.

Ұғымталдық – сезім мүшелерімен ақыл-ой арқылы тез қабылдауы.

Мектепке дейінгі шақ – психикалық даму сатысы, үштен жетіге дейінгі жас аралығына сәйкес келеді.

Мәдени қажеттіліктерде – адамның белсенді іс-әрекетінің адамзат мәдениеті жемістеріне байланыстылық көрінеді. Әр-түрлі экономикалық және қоғамдық құрылыста осы құрылысқа тән мінез-құлықты игеру мен тәрбиеге байланысты адам әр-түрлі мәдени қажеттілікке ие болады.

Мотивтер иерархиясы (сатысы) – мінез-құлықтың түрткі күштерінің жүйесі. Мәні төмен түрткі күштер мәні жоғары түрткі күштерге бағынады.

Нышандар – қабілеттіліктер дамуының тәбиғи жағдайлары түрінде көрінетін ағзаның іштей туа біткен автономиялық физиологиялық ерекшеліктері (нерв жүйесінің типі рецепторлар құрылысының ерекшеліктері т.б). Рухани қажеттілік – тек адамға ғана тән мәдени қажеттілік.

Ойын іс-әрекет (қызметі) – негізінен үлкендердің іс-әрекеттері мен қарым-қатынастарын ерекше түрде елестетумен сипатталатын мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекетінің басты түрі.

Іс-әрекет (амал) – белгілі мақсатқа қол жеткізуге бағытталған іс-әрекеттің біршама аяқталған элементі. Ол ішкі және сыртқы болып ажыратылады.

Іс-әрекет қызмет - қоршаған болмысқа ықпал етумен сипатталатын белсенді қарым-қатынас.

Ынта – мотивтер түрі, адамның қажеттілігінің көріну формасы.

Сөздің байланыс функциясы – араласу функциясы әңгімелесіп отырған адамға тура не жанама әсер ету.

Синтез – бөлшектерді, жақтарды, белгілерді біріктіру, жалпылау, топтау бүтін қарау.

Сензитивтік кезеңдер – организмнің қоршаған ортаға өте жоғары сезімталдығын көрсететін кезеңдер.

Тәбиғи қажеттілік - белгілі сыртқы ортаның жағдайларына организмнің өмір сүруіне қолдануға керекті қажеттілік. Бұған тамақ ішу қажеттілігі дем алу қажеттілігі жылыну қажеттілігі т.б. жатады.

Тиянақталған сөйлеу – әрбір сөздің немесе сөйлемнің дәл анықталған, мазмұны жағынан аяқталған сөйлеу.

Темперамент – нерв жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешіліктері.

Тест – белгілі бір жағдайды қатаң сақтай отырып, балаларға ұсынылатын тапсырмалар жүйесі.

Психикалық даму факторлары – бұл индивидтің өмірлік іс-әрекетін қажетті

түрде анықтайтын обьективті бар нәрселер.

Психика – өмір дамуының белгілі бір сатысында пайда болатын ұйымдасқан материяның қасиеті.

Эмоциялық дүниенің дамуы – үштен жеті аптаға дейінгі баланың жандану кешені



  1. «Балалар психологиясы» пәнінің дәріс материалдары

1 модуль тақырыбы: Балалар психология пәні. Міндеттері мен жалпы мәселелері.

1-дәріс.

Тақырыптың аталуы: Балалар психология пәні. Міндеттері мен жалпы мәселелері.

Дәріс жоспары:

  1. Балалар психология пәні. Міндеттері.

  2. Балалар психологиясының даму тарихы, теориялары туралы негізгі түсініктер.

  3. Балалар психологиясының басқа ғылым салаларымен байланысы.

  4. Психологиялық жас кезеңдеріне бөлу.

  5. Жас дамуы мен ерекшеліктері.

  1. Балалар психологиясы баланың психологиялық даму факторлары мен заңдылықтарын, оның іс-әрекетінің дамуын, психикалық үдерістер мен сапаларының ерекшеліктерін және жеке басының психологиялық ерекшеліктерінің қалыптасуын зерттейді. Сонымен қатар психикалық дамудың маңызды жағын баланың бойындағы психикалық үдерістер мен сапаларды, қабылдаудың түйсік, ес, зейін, қиял, ойлау, сөйлеу және мінез-құлық ерекшеліктері мен сезімнің, жас ерекшелігіне байланысты дамудың бастапқы формаларының пайда болуы, өзгеруі және жетілуі туралы мәселелерді жан-жақты қарастырады.

Балалар психологиясы мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық және анатомиялық, физиологиялық даму ерекшеліктерін де жан-жақты зерттеп, қарастырады.

Балалар психологиясының маңызды міндеті – әр жас кезеңіндегі баланың даму заңдылықтарын анықтау, оған әсер ететін себептерді іздестіру.

Психикалық зандылықтардың шығу тегін зерттемей тұрып түсіну мүмкін емес, ал анатомия, физиология мен байланысты дейтін себебіміз баланың жүйке жүйесі мен жоғарғы жүйке жүйесі психологиясының негізгі міндеті – оқу, ойын, еңбек әрекеттерінің бала психикасының дамуына тигізетін әсерін зерттеп, баланың психикалық дамуына дұрыс бағыт бағдар беріп, осы тұрғыда тәрбие жұмысының қалай болу керектігін ата-аналар мен тәрбиешілерге жете түсіндіру.

Жантану ғылымының негізгі салаларының бірі – жасерекшелік психологиясы. Оның бөлімдерінің бірі балалар психологиясы, яғни мектеп жасына дейінгі балалар психологиясын зерттейді. Зерттеу объектісі – адамның дүниеге келген күнінен бастап қартайғанға дейінгі әр түрлі жас кезеңдеріндегі психологиялық ерекшеліктері. Мұның өзі бірнеше тармақтарға бөлінеді. Олар мектепке дейінгілер, бастауыш сыныптағылар, жасөспірімдер, балан жастағылар, кәмелетке келген және ересек, кәрілік, қарттық жастағылардың психологиясы. Бұлар да жан қуаттардың дамуының жас ерекшелігіне қарай дамып, қалыптасып отыратындығы ілім – білімді меңгеруге лайықты мүмкіндіктер қарастырады. Балалар психологиясы балдырғандарды зерттейді. Балдырғандардың басқа адамдармен қарым-қатынас жасай алатын, еңбектенетін, жаңалық ашатын, өнер туындыларынан қалай ләззат ала білетінін, ересек адамдарға қалай айналатынын анықтап береді. Жас балдырған үлкен адамдарға ұқсамайды. Тек біліммен ғана емес баланың сезінуі ойлауы үлкен кісілермен емес екендігін білеміз. Сәбилердің сезімдері күшті, бірақ көбінесе тұрақсыз болуы мүмкін. Құштар болған нәрсесін ертең ұмытып кетуі ғажап емес. Астарлап сөйлегенді балалар түсіне бермейді. Өзін қызықтырмаған істі зорлап орындай алмайды. Баланың қолынан келмейтіні көп.

Сәбидің дамуын сипаттайтын факторлар: Баланың үнемі ілгері ұмтылуы, оның мінез-құлқында іс-әрекетінде жаңалықтың пайда болуы. Қарапайымдылықтан неғұрлым күрделі. Ойланып атқарылатын қимылға ауысуы. Сөйлеуді игеру дербестілігінің алғашқы көріністерінің пайда болуы. Балалар психологиясының маңызды міндеті – даму заңдылықтарын анықтау, оған әсер ететін себептерді іздестіру Балалар психологиясының негізгі зерттеу компоненттері – балдырғанның психикалық дамуын, психикалық дамудың әрбір сатысының ерекшеліктерін, психикалық дамудың маңызды жағын, баланың бойындағы психикалық процесстер мен сапалардың, қабылдаудың, зейіннің, қиялдың, есте сақтаудың, ойлаудың, сөйлеудің, сезімдердің, мінез-құлықтың, еріктің, басқарудың бастапқы формаларының пайда болуы және жетілуі қарастырылады.

Стол үстіндегі ойыншыққа қолын созуы, қасындағы сызғышты пайдалануы, саналы іс-әрекетке көшу. 2-3 жастан кейін бала алдын ала күрделі емес ойын сюжеті арқылы игереді. Мысалы, гараж машина сыятындай болуы керек. Мұның бәрі іс-әрекет үстінде ойлаудан практикалық іс-әрекетке бағыттап, жөнге келтіре бастайтын ақыл мен ойлауға өту болып отыр.

Сәбилік және мектепке дейінгі шақ – баланың жеке басының қалыптасуы басталатын шақ. Балалар психологиясы – балалардың психикалық даму факторлары мен заңдылықтарын, оның іс-әрекетінің дамуын, психикалық процестердің және сапаларының дамуын оның жеке басының қалыптасуын зерттейтін ғылым. Дамудың жалпы заңын білу – бала психикасына балалардың психикалық дамуын зерттеуге дұрыс жол табу. Сананың қалай пайда болуын дүниеге келген «табиғаттың, кішкене тірі организмнің қалайша дүниеге адамзат тәжірибесі арқылы көз тастайтын қоғам мүшесі болып шығатынын айқындауға көмектеседі. Басқа ғылымдармен байланысы балалар психологиясы жалпы психологиядан тарайтын адам психикасы туралы білімге сүйенеді. Жас ерекшелік анатомиясы мен физиологиясы нерв жүйесінің дұрыс жетіліп нерв қызметінің дамуы – жұмыс істеуі психикалық дамудың маңызды шарты. Балалардың психикалық дамуы, даму заңдылықтары баланың эмоциялық ерекшеліктерін, бейімділігі мен ынтасын білу, балабақшадағы оқу –тәрбие жұмысының маңызды шарты болып табылады. Баланың психикалық дамуы көптеген жағдайларға байланысты. Мидың ауырғанына ешқандай педагогикалық тәрбие берілмегендіктен сөйлеспеген, ойнамаған, үйретпеген т.б.

2.Бала психологиясы – жас ерекшелігі психологиясының негізгі бөлімі. Ол адам өміріндегі тұтас бір кезең болып табылатын балалық шақтың психикалық даму заңдылықтарын зерттейді. Жас ерекшелігі психологиясының іргетасы болған бала психологиясы XIX ғасырдың аяғында дербес пән ретінде өмірге келді. Бала психологиясының негізін қалаған – неміс ғалымы В.Прейер. Ол Бала психологиясын зерттеуде тұңғыш рет интроспекция әдісінен объективті бақылауға өтуді жүзеге асырды. В.Прейердің «Бала жаны» атты кітабы (1882) бала психологиясын жүйелі зерттеуді бастап берген психологиялық еңбек болды. Бала психологиясының пәні – балалық шақтағы психикалық дамудың жалпы заңдылықтарын онтогенезде ашу, осы дамудың жас кезеңдері мен оған өту себептерін анықтау. Бала психологиясы үшін басты мәселе – баланың психикалық дамуының факторларын, психикалық даму шарттарын түсіндіру. Психология ғылымында баланың психикалық дамуын түсіндіретін теориялар шартты түрде 2 үлкен бағытқа бөлінеді:

  1. биогенетикалық

  2. социогенетикалық

Бала психологиясы баланың дүниеге келгеннен мектепке барғанға дейінгі уақыт аралығын қамтиды.

Балалар психологиясының пайда болуы мен бала психикасының даму заңдылықтарын зерттеу биология ғылымының жүйесіне енген үлкен бір жаңалық болды.XIX ғ. Чарлз Дарвиннің жасаған эволюциялық ілімі аса маңызды кезең болды. Адам соған сәйкес органикалық дүниенің дамуының тұтас жүйесіне енді.

Көрнекті чехтың ұлы педагогы Ян Амос Коменский (1592-1670ж) балаларды сезім ерекшеліктеріне байланысты оқыту жүйесін құру керектігі туралы ең алғаш өз пікірін ұсынып, мектепке дейінгі тәрбиенің алғашқы жүйесін жасады. Осы негізде «Ұлы дидактика», «Суретті көрнекі әлем» еңбектері шықты.

1712-1778 жылдары мектеп жасына дейінгілердің психикалық ерекшеліктерін егжей-тегжейіне дейін толық байқаған Жан-Жак Руссо баланың өздігінен дамуына ерекше мән беріп, оның дүниені танып білу негізі табиғат болуы керек деді. Табиғаттың өзі баланың ақыл-ойын дамытудың негізі. Ал тәрбиешінің рөлі – іс-әрекет барысында әрі қарай ұйымдастыру.

1746 - 1824 ж Генрих Пестолоций баланы үлкендердің жүйелі түрде үйретіп отыруына үлкен мән беру маңызды мәселе деп қарастырды. Ол кісі баланың жеке басын қалыптастыруда отбасының, әсіресе анасының рөлі ерекше деп бағалаған. Онда табиғи дарындылық принциптерін басшылыққа ала отырып, баланың жас ерекшелігін ескеруді талап етті.

Жеке адамды қалыптастырудағы тәрбие рөлінің құдіреті туралы көзқарасты XVIII ғасырдағы Ресейдегі алдыңғы қатарлы ағартушылар да жүйелі түрде қолдады. Мысалы, В.И.Татишев өзіндік ақылдың даму көзі жас адамға өзгенің іс-тәжірбиесін меңгеру болып табылады деп атап көрсетті. Бұл тәжірбие тіл арқылы немесе жазбаша түрде беріледі. Сондықтан адам екінші бір адамның еңбегінің көмегінің жемісі болып есептеледі. Ең алғаш балалық шақтың психикалық дамуының жас кезеңдерінің түп нұсқасын салған осы В.И.Татищев болды.

XIX ғасырдың соңы XX ғасырдың бас кезінде шетел психологтары В.Штерн, Э.Мейман, А.Бине, К.Коффка, К.Бюллер, т.б өз еңбектерінде балалар психологиясы туралы мәселелерді қорытындылап, негізгі бағыттарға қысқаша талдау жасады. Революциядан кейінгі қайта өрлеу жылдарында диалектикалық материализм негізінде де бала психикасының дамуы туралы Ресейде эксперименталдық балалар психологиясы ерекше қарқынмен жұмыс жасады. Атап айтар болсақ, А.Ф.Лазурский, А.П.Нечаев, И.Кросногорский, В.М.Бехтерев, Н.М.Шеловановтардың физиологиялық зерттеулері соның дәлелі.

Ал Лев Семенович Выготскийдің «жоғарғы психикалық функцияның тарихи мәдени даму теориясы», «Психикалық дамудың жас дағдарыстары» атты зерттеу жұмыстары балалар психологиясы ғылымы үшін теңдесіз құнды материалдар болып есептелуде.

Баланың ақыл-ойының дамуының негізгі күші мен себептері жөнінде де түрлі педагогикалық ой-пікірлер айтылды. Мұндай негізгі себепші күшке баланың үлкендерге еліктеуі, үлкендерден оқып үйренуі жатады. Сонымен қатар баланың адамгершілік сезімі мен ақыл-ойының дамуы үшін тілінің шығуы сөздік қорының дамуының рөлі ерекше екенін атап көрсетті.

Балалар психологиясының отандық ғалым болып бөлініп шығуына И.М.Сеченов пен К.Д.Ушинский еңбектерінің де өзіндік үлесі бар. Мысалы, И.М.Сеченовтың 1829-1905 «Бас миының рефлекстері» деген еңбегінде кішкентай балалардың рефлекторлық әрекетінің алғашқы даму барысын бақылай жүріп, сезгіштігінің даму бағытын, қимыл-қозғалысын, олардың ойлауының алғашқы формасын, ес, ерік, зейіннің сөйлеген сөзінің және өзін-өзі танып білу өзгешеліктерін көрс етіп берді.

Ұлы психолог, физиолог Иван Петрович Павлов 1849-1936 жылы өзінің «Ой элементі» – деген еңбегінде сөз туралы екінші сигналдық жүйе, - деп баланың психикалық әрекетінің қалыптасуы туралы тұңғыш рет бағалы материалистік түсінік берді.

Баланың жеке басының дамуындағы оқыту мен тәрбиенің рөлі туралы әлде қайда прогрессивті ойды дамытып, жақсы негізін салған И.М.Сеченов пен К.Д.Ушинский «Адам тәрбиенің тиегі» – деген еңбегінде баланың жеке басының жан-жақты даму жағдайларының басты себептерін барлық жағынан көре отырып, баланы оқыту жүйесіне бағалы педагогикалық кеңес берді. Тамаша педагог әрі психолог К.Д.Ушинский баланың дамуын жеке өзінің белсенді ойлауы мен таным әрекеті еңбегінің жемісі деп атап көрсетті.

К.Д.Ушинскийді балалар психологиясының негізін салушы деп қарастыруға болады.

Қазақстанда Бала психологиясына қатысты еңбектер жазған психологтар: С.Балаубаев, Е.Суфиев, Ш.Әлжанов, А.Темірбеков, М.Мұқанов, Қ.Жарықбаев, т.б. Балаларды жан-жақты зерттеумен басқа ғылымдар да айналысады. Әр ғылым өз зерттеу мақсатарына қарай түрлі бағытта зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Баланың бойының өсуін, салмағының артуын, дене пропорциясының өзгеруін, нерв жүйесінің құрылымы мен жұмысының жетілуін, ішкі секреция бездерінің жұмыс атқару өзгерістерін – жас ерекшелігі анатомиясы мен физиологиясы зерттейді.

Қазіргі балалар психологиясының теориялық және практикалық міндеті. Қазіргі балалар психологиясын зерттеудің педагог үшін теориялықта, практикалық та маңызы зор. Өйткені баланың жас кезеңіне байланысты айырмашылық дағдарыстарын зерттеп білу педагогқа программалық материалдың көлемін анықтауға септігін тигізеді. Психологияны жете игеру тәрбиешілерді көптеген қателіктерден сақтануға жөне балалармен дұрыс байланыс қарым-қатынас орнатуға көмектеседі және педагогтарға тек баланы түсініп қана қоймай, қолдап, жақсы қасиеттерін дамытуға, баланың жан дүниесін сезе білуге көмектеседі. Оқу-тәрбие жұмысы, ғылым саласында болып жатқан реформалық жаңалықтарды ғылыми тұрғыда зерттеу осы ғылымның негізгі міндеті. Мысалы, баланы мектепке 6 жастан бастап оқыту, басқа ұлт мектептерінде қазақ тілін кеңінен игерту немесе мүмкіндігіне қарай бастауыштан бастап шет тілдерін игерту. Ауылдық жердегі мектептің оқу-тәрбие үдерісінің ерекшелігі халықтың бала тәрбиесіне байланысты жинақтаған бай тәжірибесі, психологиялық идеялар ғылыми тұрғыдан жан-жақты талдауды талап етеді. Осының бәрін балалар психологиясынсыз шешу мүмкін емес.

Баланың барлық іс-әрекеті үлкендерден өзгеше қалыптасады. Мәселе

оның білімін үлкендердің білімімен салыстыруға болмайтындықтан емес, қарапайым күнделікті бақылауларынан баланың сезінуі, ойлауы үлкен кісілердей емес екендігін білеміз. Сәбидің сезімдері күшті, бірақ көбіне тұрақсыз болулары мүмкін. Бүгін құштар болған нәрсесін ертең ұмытып кетуі ғажап емес. Үлкендердің астарлап сөйлегенін балалар түсіне бермейді. Жас бала өзін қызықтырмаған істі зорлап орындай алмайды.

Үлкендер кейде баланың «ақылына» таң қалады. Шынында бұл жердегі құпия ақылда емес, табысқа тез жетуде, бала кеше қолынан келмегенді бүгін үйреніп, үлгермегендігінде жатыр. Олардың барлығы да дамудың бір кезеңдерінен, сатыларынан өтеді. Осы жағдайларды ескеріп тәрбиешінің балалармен жұмысжасауы тәрбиешінің білімділігін талап етеді

3.Балалар психологиясының басқа ғылым салаларымен байланысы.

Балалар психологиясы жалпы психологиядан тарайтын даму психикасы туралы білімге сүйенеді. Мысалы, балалар психологиясын зерттеудің, оның іс-әрекеті, психикалық үдерістері мен жағдайлары, жеке басының қасиеттері сияқты жағдайларды бөліп көрсету, олардың бұрын жалпы психологияда бөліп көрсетіліп, сипатталғандығынан ғана мүмкін болады.

Балалар психологиясы жас ерекшелігі анатомиясы мен физиологиясының жетістіктерін, әсіресе баланың жүйке жүйесі мен жоғарғы жүйке қызметінің дамуы туралы мәліметтерді үнемі пайдаланып отырады.

Баланың психикасының даму заңдылықтарын зерттегенде балалар психологиясы басқа ғылымдардың ғылыми мәліметтерінің негізіне сүйенеді.

Балалар психологиясы табиғат пен қоғамдағы құбылыстар дамуының заңдылықтарын ашатын сананың қоғаммен сабақтастығын дәлелдейтін философия, диалектикалық материализм негізіне сүйенеді.

Бала психологиясы саласындағы білім педагогиканың ғылыми негіздерінің құрамына кіреді. «Егер педагогика адамды барлық қарым-қатынаста тәрбиелегісі келсе, – деп жазды К.Д.Ушинский, – ол ең алдымен оны да барлық қарым-қатынаста білуі тиіс».

Балалар психологиясы тек балдырғандардың психикалық дамуын, психологиялық дамудың әрбір сатысын сипаттайтын негізгі компоненттерді зерттейді. Яғни, балалардың бойының өсуін, салмағының артуын, дене пропорциясының өзгеруін, жоғарғы нерв жүйесінің құрылымы мен жетілуін, ішкі секреция бездерінің қызметін, оның өзгерісін анатомиялық-физиологиялық негізіне сүйене отырып зерттейді.

4.Психологиялық жас кезеңдерге бөлу. Психология ғылымында жас шамасына қарай кезеңдерге бөлу мәселесімен жас ерекшелігі психологиясы ғылымы тереңірек шұғылданады.

Жас ерекшелігі пәні бойынша балалардың даму кезеңдерін жас шамасына қарай бірнеше кезеңдерге бөліп оқытады.

1. Мектеп жасына дейінгі кезең:

- жаңа туған немесе нәрестелік кезең;

- сәбилік кезең;

- мектеп жасына дейінгі кезең.

2. Бастауыш мектеп шағындағы кезең.

3. Жеткіншектік кезең.

4. Жасөспірімдік кезең.

5. Ересектік кезең.

6. Қарттық кезең.

Мектепте оқыту үдерісіне байланысты біз жоғарыдағы 4 кезеңді қарастырамыз.

Психикалық дамудың жас кезеңдері.

Мектеп жасына дейінгі баланың психологиялық дамуы ірқалыпты болмайды.

Баланың туғаннан мектепке барғанға дейін кезеңін 3 дағдарыс кезеңге бөлген, яғни 1 жас, 3 жас және 7 жас.

Жас ерекшелік даму кезеңдеріне байланысты әртүрлі сол жас кезеңдеріне тән психикалық қасиеттер қалыптасады, сондықтан сол қасиеттерге сүйене отырып, жас кезеңдеріне топтастырады.

Туғаннан бір жасқа дейінгі кезең нәресте жас кезеңі.

Туғаннан 1 жасқа дейінгі кезең – нәресте жас кезеңі деп аталады.

Нәресте жасы екі кезеңге бөлінеді:

а) бесік жасына (туғаннан 7 айға дейін);

б) еңбектеу жасы (7 айдан 12 айға дейін);

1-ден 3 жасқа дейінгі кез сәбилік кезең деп аталады.

Бұл кезде баланың тілі шығып, денесі нығайып, ойнай бастау мезгілі.

3-тен 6-7 жасқа дейінгі кез мектепке дейінгі кезең. Бұл кезеңде қарапайым әрекеттің түрлерін орындай алады, ойынның рөлдік ойын түрі пайда болады.

6-7-ден 10-11 жасқа дейінгі кез – бастауыш мектеп жасы деп аталады.

11-15 жас – жеткіншектік жас кезеңі деп аталады. Бұл кезде бала психологиялық жағынан да, физиологиялық жағынан да үлкен өзгерістерге ұшырайды. Осы кезеңді қиын кезең деп те атайды.

16-17 жас – жасөспірімдік кезең деп аталады.

20-30 жас – жастық кезең деп аталады.

30-60 жас аралығы кемелдену кезеңі деп аталады.

60-70 жас кәрілік кезең және қартаю аралықтарын қамтиды.

Адамның дүниеге келгеннен,дүниеден кеткенге дейінгі кезеңін онтогенез дейміз. Фелогенез – тіршіліктің дүниеге келгенге дейінгі кезеңі.

Мұндай жас кезеңдердің өзі жас мөлшеріне қарай бөледі. Бірақ жас көрсеткіші тұрақты болмайды.

Белгілі бір жас кезеңдеріне сәйкес баланың сөйлеуі мен қабылдауының даму үдерісін психолог В.Штерн, ойлаудың дамуын Ж.Пиаже, ал ақыл-ойдың дамып қалыптасу кезеңін П.Я.Гальперин анықтады. Осы кезеңдердің бәрінің дамуы баланың оқу үдерісінің негізінде қалыптасып, дамытуға мүмкіндігінің бар екенін анықтады.

Жас шамасы мен психологиялық ерекшеліктерін білу үшін жас кезеңдерінің арасындағы сапалық өзгешеліктерді ажырата білу керек. Жас кезеңіндегі өзгешелік баланың психологиясын табиғи сапалық өзгешеліктеріне байланысты сондай-ақ даму үдерісінің бір жүйеге түсуіне байланысты, әр кезеңнің ұзақтығы әр түрлі болғаны мен олар бір-бірімен тығыз байланысты. Сондықтан әр жас шамасында баланың балалық шақ кезеңі әр түрлі мөлшерде өтеді.

Мысалы, Нәрестелік кезеңде даму тез өтеді және 1 жыл ішінде бала 5 сатыдан өтеді. Сәбилік кезеңде 1 жастан 3 жасқа дейін 3 сатыдан өтеді, бастауыш сыныпта 3-4 сатыдан өтеді.

Оның біріншісі екіншісінен ажыратылады. Ал бастауыш мектеп кезеңі 3 сатыдан өтеді. Бұл да баланың денесінің және психикасының әр кезеңде біркелкі дамымайтынын көрсететін ерекше дәлел болып есептеледі.

Дағдылы жүйелікте адам организмінің шеміршектен бірте-бірте сүйекке айналып ішкі организмнің секреция безінің дамып жетілуі, олардың кейбіреуінің жұмыс істеуі әлде қайда күшті немесе баяу өтуі мүмкін. Бірақ организмнің бұлай дамып жетілуі жеке бастың даму өзгешелігін анықтайды.

Жас ерекшелік даму кезеңдеріне байланысты әр түрлі жас кезеңдеріне тән психикалық қасиеттер қалыптасады. Сондықтан сол қасиеттерге сүйене отырып, жас кезеңдеріне топтастырады.

Балалар психологиясы – балдырғанның даму фактілері мен заңдылықтарын оның іс –әрекетінің дамуының және психикалық процесстері мен сапаларының дамуын, оның жеке басының қалыптасуын зерттейді. Сәбилік және мектеп жасына дейінгі шақ – бұл баланың мектеп жасы дамуы қалыптасатын шақ. Баланың дамуы - бала бақшадағы зерттеулердің мәліметтермен ата- аналарын мұқият сұрау арқылы жанұядағы тәрбиесі мен мінезінің ерекшелігін баланың дамуын зерттеудің нәтижесі психикалық мінездеме болып табылады.


Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Балалар психологиясы ғылымы қандай мәселелермен шұғылданады?

2. Балалар психологиясы ғылымы нені зерттейді?

3. Балалар психологиясы ғылымы қандай пәндермен байланысты?

4.Балалар психологиясы ғылымының дамуына үлес қосқан қандай ғалымдарды білесіз?

5. Бала психикасының даму заңдылықтары деген не?


Әдебиеттер:

1. Балалар психологиясы: оқулық / Ж.Қ.Дүйсенова, Қ.Н.Нығметова / - 2012.

2. Детская психология: учебное пособие /Д.Б.Эльконин; ред.сост. Б.Д.Эльконин .-6-е изд., стер..- / - 2011

3. Возрастная психология: учебник для бакалавров / Л.Ф. Обухова / - 2014

4. Психология детей младшего школьного возраста: учебник и практикум для бакалавров / [Айгумова З.И., Васильева Н.Н., Вачков И.В. и др.]; под общ. ред. А.С.Обухова / - 2014


2- дәріс. Тақырыптың аталуы: Балалар психикасының даму заңдылықтарын зерттеу әдістері.


Дәріс жоспары:

1. Бала психикасын зерттеу әдісінің жіктелуі

2. Бала психикасының дамуын негізгі және қосалқы әдістермен зерттеу

3. Бақылау және сараптау әдістері және оны күнделікті іс-тәжірибемізде қолдана білу

4. Мектепке дейінгі балаларды оқытып-тәрбиелеу ісінде әңгімелесу, қызмет нәтижесін зерттеу, өмірбаянын зерттеу, тест-сынық жүргізу, әлеуметтік қарым-қатынасын зерттеу әдісін жүзеге асыру.


1.Бала психикасын зерттеу әдісінің жіктелуі.

Балалар психологиясының зерттеу әдістері – баланың дамуын сипаттайтын фактыларды анықтау тәсілдері.

Кез келген ғылымның негізгі фактылары зерттеуден тұрады. Фактылар тауып, анықтауға көмектесетін тәсілдерді ғылыми әдістер деп атайды.

Дамуға қатысты фактыларды әр жастағы балалардың ерекшеліктерін өзара салыстыра отырып алуға болады. Мұның екі жолмен яки бір баланы ұзақ уақыт бойы зерттеп, байқалған өзгерістерді есепке алып отыру жолымен, яки балалардың әр жастағы тобынан біршама көп балаларды алып зерттеп, әр жас арасындағы балалардың бір-бірінен қандай өзгерістерде болатынын анықтау жолымен жүзеге асуы мүмкін. Бала психологиясында жалпы психологияның негізгі әдістері жас ерекшеліктеріне орай өзгертіліп қолданылады. Мысалы: бақылау мен эксперимент (лабораториялық, табиғи, қалыптастырушы) және тестер, әңгімелесу, іс-әрекет нәтижесін талдау, т.б.

2.Бала психикасының дамуын негізгі және қосалқы әдістермен зерттеу

Балалар психологиясын зерттеудің негізгі әдістері – бақылау және эксперимент. Негізгі әдістерге, жалпы психология сияқты екі әдіс- бақылау және эксперимент жатады.

Бақылау – кішкентай баламен жұмыс жасауда таптырмайтын әдіс. Баланың мінез-құлқының барлық ерекшеліктері қызықтырған кезде, тұтастай бақылау болады, бірақ көбінесе бақылау таңдаулы болады. Бақылау – күрделі әдіс, оны қолдануға бірнеше талаптар бар.

Бақылау әдісі. Бақылау кезінде зерттеуші баланың мінез-құлқын табиғи жағдайда белгілі бір мақсат көздей отырып қадағалайды және көріп байқағандарын көзден таса қылмай есепке алады. Бақылаудың табысты болуы оның мақсатының қаншалықты дұрыс тұжырымдалғандығына байланысты. Егер зерттеуші бақылау басталмас бұрын бала мінез-құлқының қай жағына көбірек көңіл аударуы керек екенін анықтап алмаса, онда әсері бытыраңқы, тұрақсыз болады.

Өзін бақылап жүргенін бала сезбеуге тиіс. Әйтпесе ол табиғилығын және еркіндігін жойып алады да, оның мінез-құлқы өзгеріп кетеді. Сондықтан бақылауды бала үйреніскен, баламен күнделікті болып жүрген адамның жүргізгені дұрыс.

Бақылаудың жаппай және ішінара бақылау деген екі түрі болады. Жаппай бақылаулар ұзақ уақыт бойы жүргізіледі де, бала мінез- құлқының көп жағын қамтиды.

Көптеген белгілі психологтар өз балаларының даму күнделіктерін жүргізген. Соның бірі неміс психологы В.Штерн (1871-1938) әйелі (К. Штерн) екеуі жүргізген күнделігіндегі жазбаларды баланың психикалық дамуына әсер ететін себептер жөніндегі болжамына талдау жасауға және көркемдеп көрсетуге пайдаланған. Белгілі швейцар психологы Ж. Пиаже (1896 ж) сәбилік шақтағы балалардың ақыл-ойының даму кезеңдерін бөліп көрсете отырып, немерелерін бақылаған қорытындыларына жиі сүйенеді. Кеңес зерттеушісі Н.Н.Ладыгина Корс (1889-1963) кішкентай Шони шимпанзе мен өз ұлы Рудиге жүргізген ыждағатты бақылаулары нәтижесінде бала мен жануарлар балалары дамуының ерекшеліктерін салыстырды.

Көрнекті совет зоопсихологі Надежда Николаевна Ладыгина өз семьясында Иени атты 1,5 жастық шимпонзені 4 жылға дейін тәрбиелеген. Тәрбиелеген, зерттеуді күнделікке жазып отырған. 10 жылдан кейін Рудольф (Руди) деп қояды. 4 жылға дейін бақылау жүргізеді. Нәтижесінде «шимпонзенің жас баласы мен адамның жас баласы» атты кітабы шығады. 2 сәбиді бақылағанда ойын және сезім белгілерінде ұқсастығы мол. Өзгешеліктері: шимпонзенің аяғынан тік басып, қолын жерден босата алмайтындығы. Ол адам іс-әрекетіне үйрене алмайтынымен, дағдыларды дұрыс жетілуге апармайды. Қимылдың сырт белгілерін ұстап қалады да, маңызын түсінбейді. Мысалы, шегені қаға алмауы, творчестволық , конструкциялық сипаттағы ойындар. Маймыл баласын асыраған американдық ерлі-зайыпты Келл Локктар да шамамен осындай нәтижеге жеткен. ХХ ғасырдың басында үнді психологы Рид Синх қасқыырдың інінен 8 жасар және 1,5 жас шамасындағы екі қыз баланы тауып алады. Синх екі қызды адамша тәрбиелейді. Олар 4 аяқтап жүреді, адамды көрсе ырылдап, айбат шегеді, түні бойы қасқырша ұлиды. Кішісі Амала 1 жылдан соң қайтыс болады. Үлкені Камала 17 жасқа дейін өмір сүреді. 9 жылда қасқырдың әдетін қойғызды, дегенмен асыққан кезде төрт аяқтап кетеді, 40 сөзді ғана дұрыс айта алатын болған. Адамзат болмаса адамның психикалық қасиеттерінің пайда болуы да мүмкін емес. Енді адамның миы қоғамдағы адамға тән емес жағдайда өміріне қажетті жағдайы жоқ жерде адам психикасы пайда болмайды. Адам бояу үшін мидың құрылысы да, белгілі өмір сүру жағдай да, тәрбие де қажет. Юни шимпонзе болып қалды, Камала адам болған жоқ, қасқырға тән қылықтары бар тіршілік иесі болып шықты. Маймылдың мінез-құлқының белгілері тұқым қуалаған. Ерекше икемділік-үйренгіштік – адам миын хайуанаттар миынан ажырататынын аса баңызды айрықша белгілердің бірі. Хайуанаттар миы инстингтер механизімі мінез құлық формасы бекіген, мидың қалыптастыру процесі негізінен туған кезге дейінгі аяқталады, ал адамда жағдайына байланысты болатынын дәлелденген. Таза жерін толтырады да, оның құрылысына әзер әсер етеді.

Ішінара бақылаулардың жаппай бақылаулардан айырмашылығы сол, мұнда баланың мінез-құлқының бір жағы немесе оның белгілі бір мерзімдегі (мысалы, тек ойын кезіндегі, тек тамақтану кезіндегі) мінез-құлқы немесе бір ғана үдерістің кемшілігі есепке алынады. Ч.Дарвиннің өз ұлының эмоцияларды білдіруін бақылауы ішінара бақылаудың классикалық үлгісі болып табылады. Осындай алынған материалдар «Адам мен жануарлардың сезім білдіру белгілері» (1872) деген кітапта пайдаланылды. Екінші мысал, кеңес лингвисі А.Н.Гвоздев (1949) өз ұлының тілі шығуын сегіз жыл бойы күн сайын бақылап, содан кейін «Балада орыс тілінің грамматикалық құрылысының қалыптасуы» деген кітап жазды.

Фактілерді алғаш рет жинақтау үшін бақылау әдісі өте тиімді. Бірақ ол уақыт пен күшті көп жұмсауды қажет етеді. Бақылауды жоспарлы түрде жүргiзе бiлу керек: нақты және объективтi түрде зерттеу. Бақылау таңдаулы болуы тиiс, бiрақ сол мезетте жалпы және нақты болу керек. Бақылауды тек жүйелi, бiрiздi түрде жүргiзсе ғана өз мақсатына жетедi.

Эксперимент – балалармен олар әдеттенгендей жағдайда өтуі керек. Констатациялаушы экспериментте бала дамуының ерекшеліктері және деңгейлері анықталады. Бұл баланың тұлғалық дамуына және қоршаған әлемге деген қатынасына және интеллектуалды дамуына қатысты. Тұлғаның дамуы баламен әңгімелесу, жазбаша сұрақтар және жанама әдістер арқылы зерттеледі. Дегенмен әрбір зерттеу әдісінің тиімді және тиімсіз жақтарын ескеріп, соңынан қосалқы әдістерді қолдану керек.

3.Бақылау және сараптау әдістері және оны күнделікті іс-тәжірибемізде қолдана білу. Бақылау әдiсiнiң ерекшелiгiне балалардың күнделiктi өмiрдегi әрекеттерi, ойлары жатады. Бақылау әдiсi келесi жағымды жақтарымен ерекшеленедi:

- Ғалым баланың шынайы әрекетi туралы деректер жинайды. Балалар арттарынан ешкiм бақылап жүргенiн бiлмесе ғана өздерiн еркін ұстайды.

- Балалардың мiнез-құлықтарын бақылай отырып, ол әр баланы тұтас тұлға ретiнде көредi.

- Баланың ұжымдағы қылығы, сөйлеген сөзi, күйзелiстерi оның құрдастарының сөздерiнен, қылығынан туындайды. Сондықтан бақылау әдiсi баланың ұжымдағы басқа балалармен қандай қарым-қатынаста болатынына мүмкiндiк бередi.

- Бақылау әдiсi бала мен мұғалiм арасындағы өзара байланысын анықтауға мүмкiндiк бередi.

Жағымсыз жақтары:

- Бақылап жатқан деректердiң шындылығы әр құбылыстың түсiнушiлiгiн, талдауын қиындатады;

- Балаларды бақылай отырып, зерттеушi ешнәрсенi түзете алмайды, тек қана бақылап жатады.

- Зерттеушi бiр деректi бiрнеше рет қайталануын қамтамасыз ете алмайды.

- Бақылау әдiсi арқылы жиналған деректер суреттелген түрде қабылданады.

Эксперимент әдісі. Бақылауға зерттеушінің бала психикасындағы өзін қызықтыратын белгілерді табуына әсер ететін неғұрлым белсенді әдіс – психологиялық эксперимент. Эксперимент кезінде зерттеуші балаға түрлі іс-әрекет жасауға жағдай жасайды және іс-әрекет түрлерін де өзгертіп отырады, олардың алдына белгілі міндет қояды.

Эксперимент әдiсiн жүргізудің тиімді жақтары:

- Зерттеушi зерттелiп отырған психикалық құбылыстарға өз тарапынан жағдайлар туғызады;

- Алынған деректердi қайта-қайта алуға мүмкiндiгi бар;

- Экспериментте бөлек көрсеткiштердi қысқа және қарапайым түрде белгiлеуге болады, бiрақ зерттеу протоколы анық болуы керек.

- Протоколдың сараптамасы бақылау нәтижелерiне қарағанда жеңiлiрек, өйткенi эксперимент нәтижелерi бiр типтi және бiр ағыммен өтедi.

Эксперимент әдiсiн жүргізудің тиімсіз жақтары:

- Зерттеушiнiң өз ыңғайына қарай эксперименттi жүргiзсе, зерттеудiң шынайлығы болмайды. Бала өз кемшіліктерін білдіргісі келмей жасанды қылықтар көрсетеді немесе ұялып, еркін ашыла алмайды;

- Дайындалған сұрақтарға балалардың берген жауаптарынан зерттелiнiп отырған баланың тұлғалық қасиеттерi байқалмайды;

- Эксперимент зерттеушiден арнайы дайындықты, яғни техникалық дағдыларды, вариациялық статистиканың қарапайым тәсiлдерiн талап етедi:

- Әр түрлi құралдардың көмегiмен зерттелiнiп отырған балалардың жауаптары сигнал арқылы берiлгенімен, зерттелушi балалардың мiнез-құлығына көңiл аудара қоймайды.

Әдетте мұндай эксперименттер табиғи деп аталады. Мектеп жасына дейінгі балаларға қолдануында лабораториялық және табиғи эксперименттер арасында ерекше айырмашылық жоқ. Қандай жағдай болса да балалар өздерін қызықтыратын іспен айналысулары тиіс.

Лабораториялық экспериментте зерттеу арнайы құрылған бөлмеде өткiзiледi. Зерттеу үшiн әр түрлi құрылғылар мен құралдар қолданылады. Бұл жағдай балаға өте қызықты да таныс емес. Оның жасандығы баланың зерттеушiнi көре алмағандықтан көрiнедi.

Психологиялық-педагогикалық эксперимент эксперименттiң бұл түрi педагогикалық психологияда кең таралған (Лазурский). Психологиалық-педагогикалық эксперимент баланы оқыту барысында зерттеуге мүмкiндiк бередi. Психологиялық-педагогикалық эксперимент пайдалану барысында бiрнеше «срез» алынады, «срез» зерттелiп отырған құбылыстарды белгiлi бiр жағдайларға дейiн және кейiнгiсiн суреттейдi.

Психологиялық зерттеудің әдісі болып табылатын қалыптастырушы экспериментті балаларды оқыту мен тәрбиелеудің жаңа бағдарламалары мен тәсілдерінің тиімділігін анықтау үшін қолданылатын педагогикалық эксперименттен ажырата білуі керек. Сырт көзге олар бір-біріне ұқсас, екеуіне де балалар әлдене жаңалыққа үйрету, оның табысты нәтижесін ұсынылған болжамдардың дәлелі ретінде қарайды. Айырмашылық осы болжамдардың өзінің сипатында: психолог үшін ол психикалық үдерістердің, сапаның жеке бастың қасиетінің қандай ерекшеліктері даму барысында қалыптасатынын болжау болса, педагог үшін баланы оқыту мен тәрбиелеуде жақсы нәтижеге қалай, нендей жолдармен жетуге болатынын болжау.

4.Мектепке дейінгі балаларды оқытып-тәрбиелеу ісінде әңгімелесу, қызмет нәтижесін зерттеу, өмірбаянын зерттеу, тест-сынық жүргізу, әлеуметтік қарым-қатынасын зерттеу әдісін жүзеге асыру

Әңгімелесу (сұрау) әдісі. Мектеп жасына дейінгі балаларды зерттеу үшін сұрақ әдісі көп қолданыла бермейді. Әдетте, төрт жасқа дейін сұрақ балалар заттарды немесе олардың бейнесін көрсетіп тұрып жауап беретіндей етіп қойылады. Картина бойынша сұрақ қою оған мысал бола алады. Оның мақсаты – баланың картинада бейнеленген заттың көлемін және олардың арақашықтығын бақылай білуін анықтау. Бірнеше картинада көлемі де, арақашықтығы да әр түрлі екі-екіден шыршаның суреті салынған. Балаларға: «Үлкен шыршалардың суреті қай картинада? Қайсысында кішкентай шыршалар салынған? Қандай шыршалар бір-біріне жақын орналасқан? Қандай шыршалар бір-бірінен қашық орналасқан? Қай картинада бірдей шыршалар салынған?» деген сұрақтар қойылады. Балалар бірде ана, бірде мына бейнелеулерді көрсетіп жауап беріп жатты.

Іс-әрекет нәтижелерін зерттеу әдісі. Бала іс-әрекетінің өнімі олардың салған суреттері, жапсыруы, құрауы, құрастыруы, қолдан жасалған заттары, өздері шығарған ертегілер, өлеңдер. Зерттеуші үшін олардың барлығы бірдей құнды бола бермейді. Баланың тікелей үлкендердің нұсқауымен атқарған жұмысы олардың бойындағы түсіну және берген нұсқауды орындау мүмкіндіктерін, зейінділігін, шын ниеттілігін т.б. ашуға көмектеседі.

Тест-сынақ жүргізу әдісі. Тест дегеніміз белгілі бір жағдайды қатаң сақтай отырып, балаларға ұсынатын арнайы іріктелген тапсырмалар жүйесі. Әрбір тапсырманы орындағаны үшін бала балл есебімен баға алады. Балл қою ережесі әдетте өте қарапайым әрі біртекті.

Тест - баланың белгiлi психологиалық құбылыстардың даму деңгейiн анықтайтын қысқа стандартты тапсырмалар. Тесттердi барлық балаларға бередi, оның стандартты нұсқауы, бiрегей материалы болуы тиiс. Оның нәтижесін анықтап, қорытындылау қажет. Олар белгiлi дайындалған шкала бойынша бағаланады.


+

-

1. Бұл белгiлi бiр нормаға сәйкестендiру.

2. Тесттер қайталанып және салыстырмалы түрде топ балаларды зерттеуге мүмкiндiк бередi.

3. Тест әдiстiң нақтылығы мен қысқалығы тез уақытта үлкен сапалы материалды жинақтауға мүмкiндiк бередi.

4. Тесттi кез келген сауатты жантанушы өткiзе алады.



Тестке кіретін әрбір тапсырма бір емес, бірнеше варианттарда беріледі, өйткені бір тапсырманы бала кездейсоқ себептермен жақсы немесе нашар орындауы мүмкін. Ал ұқсас тапсырмаларды ойдағыдай орындау дәрежесінде кездейсоқтық бола қоймайды.

Тесттер тапсырмаларын тексеру және жас мөлшерлік норма белгілеу үдерісі тестті стандарттау деп аталады. Стандартталғаннан кейін тестке ешқандай өзгеріс енгізілмейді. Тесттің көмегімен зерттелетін балалар өздерінің нәтижелері бойынша норма белгіленген балалар не тапсырма орындаса, дәл соны қайталауы тиіс. Сол себепті тест әдісін кейде стандартанған сынақтар әдісі деп атайды.

Балалардың жалпы ақыл-ойының даму дәрежесін анықтауға арналған

интеллектуалдық тесттер деп аталатын тесттің маңызы өте-мөте зор.

Әлеуметтік қарым-қатынасын зерттеу әдісі. Бұл әдіс балалар арасында қалыптасқан өзара қарым-қатынасты, құрдастар тобындағы әр баланың орнын зерттеген кезде қолданылады. Мектеп оқушыларын зерттегенде, әдетте оларға: «Сенің туристік жорыққа кіммен бірге барғың келеді?» Мектеп жасына дейінгі балаларға мұндай сұрақтар беру дұрыс болмайды. Әдетте олардың өзара қарым-қатынасын «іс-әрекетті іріктеудің» көмегімен айқындайды. Бала бақша және мектептегі сыныптарда балалар арасындағы қарым-қатынасты социометриялық әдіс арқылы анықтайды.

Интеллектуалды дамуы түрлі әдістер арқылы зерттеледі,

ал ең бастысы - ол тесттер стандартталған болуы керек. Балалар ісінің қорытындысына талдау жасау өзінше зерттеу әдісі болып саналады. Баланың іс-қорытындысына, мысалы, қыздардың тіккен кестелеріне, ұлдардың жасаған мүліктеріне, т.б. негізделеді. Балалардың осы іс-қорытындыларына қарап, оның сол кездегі психикалық ерекшелігін дәл байқауға болады.

Сыйлық бөлу ерекше таблицаны – социограмманы жасауға негіз болады. Бұл кестеден қай бала топ ішінде беделдірек екені (сыйлықтың көбірек берілуіне қарап) кімнің қадірі төмендігі, ал қайсысының құрдастары арасында беделі жоғарылығы немесе жоқтығы көрінеді.

Алынған нәтижелердi сараптау әдісі.

Жинақталған материал белгiлi бiр өнiм құрайды, бұл өнiм өндеуден өтуi керек. Тек содан кейiн қандайда бiр заңдылықтар мен байланыстар пайда болады, оның зерттеуi зерттеу жұмыстың негiзгi мiндетi болып табылады.

Жинақталған материалдарды сараптау негiзгi 5 сатыдан тұрады.

Кесінді әдісі арқылы көбінесе дамудың белгілі бір аспектісін зерттейді. Мысалы, интеллектуалды даму деңгейін. Нәтижесінде осы топқа тән мәлімет алады. Бірнеше кесінді жасағанда салыстырмалы әдіс қолданылады: топтар бойынша мәліметтерді салыстырады. Мұнда әр жастағы балалардың 6, 10, 15, 18 жас психикасын зерттеп, әр жас туралы табылған мағлұматтарды салыстырады. Зерттеудің екінші жолы генетикалық жол. Мұнда баланың бір қасиетін алады да, соны ұзақ уақыт бір немесе екі одан да көп жыл уақыт зерттейді.

Лонгитюдті әдіс «ұзақ уақытты зерттеу» деп аталады. Бір баланың дамуы ұзақ уақыт бойынша зерттеу. Зерттеуші зерттеу міндетін және оны шешудің негізгі жолдарын белгілеп отырып, өзінің жұмысында бірнеше қадам жасайды.

Соңғысына проективті әдістер жатады. Олар проекция принципіне негізделген, өзінің қажеттіліктерін, қатынастарын, қасиеттерін басқа адамдарға көшіру.

Психологиялық-педагогикалық зерттеулерде мәліметтерді алудың

ерекше бір тәсілі – егіздер әдісі деп аталатын әдіс. Зерттеуші психика қалыптасуының нақ сол сәттегі психологиялық ерекшеліктерін білуге тырысқан кезде бала психикасының дамуын көлденең кесу әдісімен зерттейді.

Кейде психологгар бір сыналушының өзін, оның психологиясындағы елеулі өзгерістерді жүйелі тіркей отырып, ұзақ уақыт (кейде бірнеше жылдар бойы) зерттейді. Мұны бойлай зерттеу әдісі дейді.

Өмірбаянын зерттеу әдісі – балалар психологиясының зерттеу әдістерінің бірі.

Балабақша тәрбиешісінің балаларды зерттеуі. Балаларды зерттеуді тек ғалымдар – психологтар ғана жүргізбейді. Балабақшаның әрбір тәрбиешісі өз түлектерін зерттей білуге, олардың даму ерекшеліктерін қадағалауға тиіс. Балаларды тәрбиешілердің зерттеуінің ғылыми-психологиялық зерттеуден айырмашылығы бар. Тәрбиешінің алдына қойған мақсаты бөлек. Ол баланың психикалық дамуының жалпы заңдылықтарын белгілемейді, оның орнына өзіне жеке жол табудың тиімді әдісін іздестіруге мүмкіндік беретін әрбір баланың дара психологиялық ерекшеліктерін анықтайды.

Соған қарамастан баланы зерттеудің тәрбиеші пайдалануға болатын әдістері ғылыми-психологиялық зерттеу әдістеріне ұқсас болады.

Тәрбиешінің балаларды зерттеуді ойдағыдай жүргізуінің негізгі шарты – балалардың психикалық дамуының жалпы заңдылықтарын анық білу, дамудың себептері мен шарттарының жас шағына байланысты кезеңдерін білу.

Өзін-өзі бақылау сұрақтар:

1. Балалар психологиясының зерттеу әдістерін атаңыз және оларға сипаттама беріңіз.

2. Бала психикасын зерттеу әдістері қалай жіктеледі?

3. Бала психикасының дамуын зерттеуде негізгі әдістің алатын рөлі

қандай?

4.Контент – анализ әдісі

5. Дамудың белгілі бір аспектісін зерттеуде қолданылатын әдіс

Әдебиеттер:

1. Балалар психологиясы: оқулық / Ж.Қ.Дүйсенова, Қ.Н.Нығметова / - 2012.

2. Детская психология: учебное пособие /Д.Б.Эльконин; ред.сост. Б.Д.Эльконин .-6-е изд., стер..- / - 2011

3. Возрастная психология: учебник для бакалавров / Л.Ф. Обухова / - 2014

4. Психология детей младшего школьного возраста: учебник и практикум для бакалавров / [Айгумова З.И., Васильева Н.Н., Вачков И.В. и др.]; под общ. ред. А.С.Обухова / - 2014


3 - дәріс. Тақырыптың аталуы: Психологиялық даму заңдылықтары

Дәріс жоспары:

1. Баланың психикалық дамуы және факторлары.

2. Негізгі ұғымдар. Даму, оқыту, тәрбие, қоршаған орта, тұқым қуалаушылық рөлі.

3. Дамыту мен оқытудың өзара байланысы. В.Штерн, Ж.Пиаже, Л.С.Выготский, В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин, С.Л.Рубинштейн теориялары мен Ж.Коул, Д.Шерп, Ч.Лейвтің пікірлері

4. Жетекші іс-әрекеттер және оның бала психикасының қалыптасып дамуындағы маңызы.


1.Психика үнемі өзгерістерге ұшырайды, бірақ оның құрамы бәрі бірдей өзгермейді, оның көп және аз мөлшерде дамуға ұшырайтын қасиеттері бар. Сонымен қатар өзгерілетін қасиеттер психикалық дамудың тірегі және негізгі шарты болып есептелінеді.

20-ғасырдың басында балалардың психикалық дамуының қайнар көздерін әр түрлі түсіндіруші екі ағым айқындалды. Бұл бағыттар бір-бірінен бала дамуының негізіне қандай факторды, биологиялық немесе әлеуметтік факторды алуымен ерекшеленеді.

Биологиялық фактор мен әлеуметтік фактордың бала психикасының дамуына тигізетін әсеріне келсек, осы 2 фактордың қайсысы баланың жеке басының дамуында шешуші рөл атқарады деп айтуға болмайды.

Бұл екеуі бірінің жұмысын бірі толықтырып отыратын және бір-біріне тәуелді. Бұл туралы бірнеше психологтар зерттеу жұмыстарын жүргізген. Соның бірі А.В.Брушлинский. Балаларда туған бетте ересек адамға тән мінез-құлық болмайды. Дегенмен де мінез-құлықтың қарапайым формалары шартсыз рефлекстер балаға іштен туа қалыптасуы да, баланың психикасының одан әрі дамуына, өсіп-жетілуіне шешуші рөл атқарады. Бала алғаш рет дүниеге келгенде органикалық қажеттіліктер жиынтығымен оттегімен тыныс алуға, қоршаған ортадағы белгілі бір температураға, тамақтануға деген қабілеттілік пен өз қажеттілігін қанағаттандырудағы белгілі бір рефлекстік механизммен дүниеге келеді.

Қоршаған орта әсерінен балада қорғану, бейімделу, икемделу рефлекстері болады. Ол баланың психикалық дамуы үшін шешуші рөл атқарады. Өйткені, ол сыртқы орта әсерін қабылдап, қорытындылаудың негізін құрайды. Ал, әлеуметтік фактор тек қана осының дамуына себепші болатын түрткі.

Ал, биологиялық факторды жоққа шығарып отырған шетел психологтары мына мысал негізіне сүйенеді. Психолог В.Перьоның естелігінен: ХХ ғасырдағы Франция этногрофы парагвай орманындағы көшіп-қонып жүрген гуайкал тайпасымен кездескіміз келді. Бірақ экспедиция жақындағанын сезіп гуайкалдар көшіп кетеді. Асығыста жұртта 2 жасар қызы қалып қойып, оны Виллар Франциядағы шешесіне тәрбиелеуге береді. Арада 20 жыл өткенде гуайкал қызы француз, парагвай, испан тілін біліп шығады және атақты этногроф болады. Ол осы мысалға сүйеніп тұқым қуалау арқылы берілетін биологиялық фактордың ешқайсысының да мәні жоқ деп есептеді. Олардың айтуынша бала психикасының дамуы түгелдей әлеуметтік ортаға байланысты болды.

Бұл оқиға дұрыс болғанымен баланың жеке басының қалыптасуында

тұқым қуалаушылықтың ешқандай әсері жоқ дегенге дәлел бола алмайды. Өйткені, біріншіден гуайкалдар тұқымы жағынан француздардан кем емес, ал екіншіден егер де сол қыз орнында маймылдың немесе хайуанның баласы болса, француздар қанша мәдениетті, жан-жақты болғанымен де одан адам жасап ала алмайтын еді. Сондықтан да мәселенің мәні тек қана әлеуметтік ортада емес, гуайкал қауымында да іштен туа берілетін тұқым қуалаушылық шартсыз рефлекс бар. Соның нәтижесінде қыздың француздық мәдениеттің жетістігін меңгеруіне мүмкіндігі болды. Гуайкалдардың да, басқа ортаның да тұқым қуалау арқылы берілген қасиеті бірдей болғанымен олардың әлеуметтік ортасы әр түрлі.

Өйткені Парижде гуайкалдарға қарағанда мәдениет те, білім де жоғары. Осы түрткі нәтижесінде қыз үлкен дәрежеге жетті.

Егер қыз өз руының ортасында болғанда осы ұрпақтан-ұрпаққа берілген мүмкіндікті түгелдей оята алмай, психикасы ойдағыдай дамымаған болар еді.

Шартсыз рефлекстер негізінде балада ерте кезден-ақ сыртқы әсер мен олардың күрделіленуіне, реакцияның ұлғаюына апаратын шартты рефлекстер қалыптаса бастайды. Қарапайым шартсыз және шарты рефлекторлық механизмдер баланың сыртқы дүниемен тұңғыш байланысын қамтамасыз етеді және үлкендермен қарым-қатынас жасауға, қоғамдық тәжірибенің әр түрлі формаларын игеру сатысына өтуге жағдай жасайды. Балалық шақта балдырған ағзасы, атап айтқанда, оның нерв жүйесі мен миы шұғыл жетіледі. Өмірінің алғашқы жеті жылы бойына баланың миының массасы шамамен үш жарым есе өседі, оның құрылысы өзгереді, қызметі жетіледі. Психикалық даму үшін мидың жетілуінің маңызы зор, өйткені осыған байланысты түрлі іс-әрекетті игеру мүмкіндігі артады, баланың еңбекке қабілеттілігі көтеріледі, неғұрлым жүйелі де мақсатты бағытталған оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асыруға жағдай жасалады.

Баланың жетіліп келе жатқан миы ұзақ уақыт бойы біртектес іс-әрекеттен туатын ауыртпалықтарды ерекше сезінгіш келеді. Осыған байланысты тәрбиелік әсер ету және оның сан алуандылығын белгілі мөлшермен жүргізу деген маңызды міндет туады. Мынандай өкінішті жағдай болғаны белгілі: жас ата-ана баласымен айналысуға уақыты болмағандықтан, әрдайым оның өзін жалғыз тастап кетуді және радионы қосып қоюды әдетке айналдырған. Сәби миының есту саласында тұрақты тежелу пайда болған. Сөйтіп, ол саңырау болып қалған.

Баланың психикалық дамуындағы әр түрлі шарттардың осы үдерісте атқаратын рөлі бірдей емес. Табиғи шарттар ағзаның құрылысы, оның қызметі, оның жетілуі – психикалық даму үшін қажетті, онсыз даму мүмкін емес, бірақ олар баланың бойында қандай психикалық қасиеттердің пайда болатынын анықтамайды. Ол өмірдің жағдайы мен тәрбиеге байланысты. Солардың ықпалымен бала қоғамдық тәжірибені бойына сіңіреді.

2.Негізгі ұғымдар. Даму, оқыту, тәрбие, қоршаған орта, тұқым қуалаушылық рөлі

Даму деген ұғымды көпшілік әдебиеттерде қарапайым түрден күрделі түрге көшу деп түсінеді. Психологияда көптеген теориялар жас ерекшеліктерінің психикалық дамуын түрліше түсіндіреді. ХІХ ғ Э. Геккел онтогенез филогенезді қысқаша қайталау деген заң қалыптастырды.

Жас ерекшелік психологиясына енген биогенетикалық заң психикалық дамуын биологиялық эволюцияның негізгі сатыларын және адамның мәденитарихи кезеңдерін қайталау ретінде бейнелеуге мүмкіндік береді.

Бала психикасының дамуына қарама-қайшы бағыт социологизаторлық бағытта байқалады. Оның негізі – ХVІІ ғ. философ Джон Локктың идеясынан шыққан. Оның ойынша, бала дүниеге таза санамен келеді, таза тақта ретінде деген.

Бала дамуына әсер етуші биологиялық факторлар:

1.Тұқымқуалаушылық

2.Орта

3.Тәрбие

Бала дамуына әсер етуші биологиялық факторға бірінші тұқымқаулаушылық жатады. Психологтардың ойынша темпераментжәне қабілет нышандары тұқым қуалайды. Әр адамда орталық жүйке жүйесі түрліше қызмет етеді. Күшті және қозғалғыш жүйке жүйесі; қозу процесі басым, холерик, қозу және тежелу процестерінің аз қозғалатын және тежелу процесіне ие – флегматик. Меланхоликтің жүйке жүйесі әлсіз, сезімтал.

Бала дамуына әсер етуші екінші фактор – орта. Табиғи орта психикалық дамуға жанама әсер етеді.

Баланың жеке басының дамуындағы күрделі үдерістерге ойдағыдай басшылық жасауда тәрбие баланың психикалық даму деңгейінің не екенін жақсы түсіну керек.

Бала дамуына әсер етуші екінші фактор – тәрбие. Баланың психикалық дамуына үлкендер тәрбиесінің әсері мол.

Баланың санасы мен психикасы көпшілік жағдайда қоршаған ортаның ықпалы мен оған берілетін тәрбиеге байланысты дамиды.

Дамудың әлеуметтік факторын мойындаған психологтар үшін, оқыту маңызды мезет болып табылады. Социологизаторлар даму және оқытуды теңдестіреді. Л.С.Выготский психикалық дамуда оқытудың жетекші рөлі туралы көзқарасты көрсетті. Адамның жоғарғы психикалық функциялары мәдени-тарихи дамудың өнімі. Адамның дамуы түрлі құралдарды меңгеру арқылы болады. Жоғарғы психикалық функциялар біріккен іс-әрекетте, бірлестікте, басқа адамдармен қарым-қатынаста қалыптасады, біртіндеп ішкі жоспарға өтеді. Жоғарғы психикалық функция оқыту үдерісінде қалыптасады, ол «жақын даму аймағында» болады. Бұл түсінікті Л. С.Выготский енгізген.

Оқыту «жақын даму аймағында» бағдарлануы қажет. Л. С. Выготский бойынша оқыту дамуды алып жүреді. С. Л. Рубинштейн Л. С Выготскийдің ойын дәлдей отырып даму мен оқудың бірлігі туралы айтуды ұсынады. Оқу баланың дамуының белгілі бір деңгейіндегі мүмкіндігіне сәйкес болуы керек. Оқу барысында осы мүмкіндіктерді жүзеге асыру неғұрлым жоғарғы деңгейдегі жаңа мүмкіндіктерді дамытады.

Вильям Штерн екі фактор конвергенциясын бөліп шығарды. Оның ойынша екі фактор да баланың психикалық дамуы үшін бірдей қажет және оның екі линиясын анықтайды. Бұл даму бағыттары қиылысады (бірі - берілген қатынастардың жетілуі, екіншісі - жақын ортаның әсерімен даму) яғни конвергенция болады.

Л.С.Выготский тұқымқуалаушы және әлеуметті мезеттердің даму үдерісінде бірлігін көрсетті. Тұқымқуалаушылық баланың барлық психикалық функцияларының дамуында болады. Қарапайым функцияларда (түйсіктен қабылдауға дейін), жоғарғы психикалық функцияларға қарағанда тұқымқаулаушылық деңгейі жоғары. Жоғарғы функциялар – адамның мәдени-тарихи дамуының өнімі, бұл жерде тұқымқауалау алғышарт болып табылады. Сонымен, тұқымқулаушы және әлеуметтік әсерлердің бірлігі - бұл үнемі болатын құбылыс емес, ол ажыратылған, даму үдерісінде өзгерістерге ұшырайды. Даму процесі қалай жүреді, оның ерекшеліктері қандай?

Л.С.Выготский бала дамуының төрт негізгі заңдылығын бөліп

көрсетті.

1.Циклділік

2.Дамудың бірқалыпты еместігі

3.Бала дамуындағы метаморфоздар

4.Бала дамуындағы эволюция және инволюция үдерістерінің байланысы

3.Дамыту мен оқытудың өзара байланысы. В.Штерн, Ж.Пиаже, Л.С.Выготский, В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин, С.Л.Рубинштейн теориялары мен Ж.Коул, Д.Шерп, Ч.Лейвтің пікірлері

Ж.Пиаже 1921-1922 жж. Француз тілінде аударылған еңбегінде «баланы оқытсаң да, оқытпасаң да психикасының дамуына, ақыл-ойының өріс алуына ықпалын тигізбейді» деді. Ж. Пиажені сынға алушылар әр елде көбейе бастады, соның бірі біздің елдегі Л.С.Выготский Ж.Пиаженің пікіріне қарсы шығып, «бала психикасы тек оқытудың негізінде қалыптасады, осыған орай баланың ықпалын дамыту үшін алдымен оны оқыту керек», - деді. Л.С.Выготскийдің айтуынша, оқыту баланың есеюін тездетеді, яғни оны алға қарай сүйрейді, егер баланы ақылды етемін десеңдер,- деді Л.С.Выготский,- оқыту тәсілдерін оның қолы жеткен даму дәрежесіне дәл ықшамдамай, шамалы алға қарай оздырып жүргізу керек. Сонда ғана оқыту баланың ой-өрісін алға қарай сүйрейтін болады, - дейді. Бұл пікірдің сол кездегі совет психологтарының бірқатары қостады. Себебі оқыту бала психикасын сүйрейді дейтін қағида аса орынды көрінеді.

Соңғы жылдары ресей педагогикалық психология саласындағы дамытушы оқыту теориясының негізін қалаушы В.В.Давыдов батыс ғалымдарының М. Коул, Д. Шерп, Ч.Лейв, Ж.Пиаженің пікірлерін қолдады.

В.В.Давыдов ақыл-ой деп оқушылардың тиісті мәселелерді шешуде жалпы амал қолдана білуін айтатын болса, М. Коул мұны бала бір үйренген тәсілін өзге буған қатысы жоқ жағдайға қолдана білуі деп түсінеді. Бірақ осының екеуі де баланың ой-өрісіне жатады.Бұл жерде осы зерттеулердің екеуінде оқытудың адам психикасының дамуына қатысы бар екеніне күмәнданады. Демек, екеуінің пікірі Ж.Пиаженің осы жөніндегі көзқарасына жақын.Ескере кететін мәселе, П.Гринфилд деген әйел Африка негрлерінің балалары арасында Дж. Брунердің басшылығымен зерттеу жұмысын жүргізіп, мектепте оқитын және оқымайтын балалардың интеллектісі әр түрлі: оқығандарда – терең, оқымағандарда - таяз келеді деп қорытынды шығарған болатын. М.Коул зерттеулеріне сүйене отырып, П. Гринфелдтің қорытындысы шикі және жете тексерілмеген деген пікірге келді. Осындай қорытындыға келудің үлкен маңызы бар сияқты. Себебі мұның өзі Қазан революциясына дейінгі қазақ елінің балалары мен қазіргі оқыған балалардың ақылының өзара көлемін түсінуге мүмкіндік береді. Айталық, қазіргі оқыған балалардың ерте кездегіден айырмашылығы, интеллекттінің басым келетінінде емес, білімінің молдығында деп түсіну керек.

Адам ойлағанда оның сүйенетін ұғымдарының сан алуан дәрежелері кездеседі. В. В. Давыдов ойды абстрактік деудің өзін кең мағынада, айталық ұғымды өзінше әрекет ретінде түсінеді. Оның айтуынша, оқыту есеюге әсер етуі үшін жас балалар мына сияқты ой ептілігіне ие болуы шарт: біріншіден, үнсіз сөйлеп тапсырмаларды орындай білуі, екіншіден, тапсырманы оқушының өзі қалай орындағанын тиісті оқу-құралындағы жауапты салыстырып тексеруі, егер дәл келмеген жағдайда бұрынғысын қайтадан шығаруы.

Мақсат және оның мотивтерімен байланысы іс-әрекетте анықтаушы мәнге ие. Баланың дамуында іс-әрекеттің, мақсатқа бағытталуы біртіндеп қалыптасады. Мысалы, үш жасар балалар өз іс-әрекеттерін күні бұрын белгілеген мақсатқа сай ұйымдастыра алмай, мақсатынан оңай айырылып қалады. Бес-жеті жасар балалар үшін іс-әрекеттің көбіне материалмен, олар іс-әрекет жасайтын заттық ситуациямен анықталуы тән.

Л.С.Выготскийдің жоғарғы психикалық функцияларды дамыту теориясы. 20-30-жылдары Л.С.Выготскийдің жоғарғы психикалық функцияларды дамыту қызметтері қалыптасты. Л.С.Выготский Ф. Энгельстің адамның табиғатқа икемделудегі және өндіріс үдерісінде құралдардың көмегімен табиғат күштерін өзгертудегі еңбектің рөлі жөніндегі идеяларына сүйене отырып, еңбек – адамның құралмен істейтін іс-әрекеті, ол адамның мінез-құлық типін өзгертуге, адамды жануарлардан ерекшелеуге жеткізеді деген ой айтты. Адамның бұл ерекшелігі оның іс-әрекетінің жанама сипатта болуынан білінеді. Жанамалау адмның сыртқы практикалық іс-әрекетінде құралды қолданатыны сияқты, өзінің ішкі психикалық іс-әрекетінде белгілерді (сөзді, цифрді, т.б) пайдалану негізінде мүмкін болады. Құрал мен

белгінің ұқсастығы (психологиялық жағынан) олардың жанама іс-әрекетті жүзеге асыруға мүмкіндік беруінен көрінеді. Құрал мен белгі арасындағы айырмашылық олардың түрлі бағыттылығынан келіп шығады. Құрал сыртқары бағытталған, ол объектіде өзгеріс туғызуы тиіс, ол табиғатты игеруге бағытталған адамның сыртқы іс-әрекетінің құралы. Белгі ішке бағытталған, ол объектіде еш өзгеріс туғызбай, адамның мінез-құлқына әсер етеді. Табиғатты игеру мен мінез-құлықты игеру өзара байланысты, өйткені адамның табиғатты өзгертуі адамның өз табиғатын да өзгертеді. Құралды пайдалану мүшелердің табиғи іс-әрекет түрлерін өзгертіп, психикалық белсенділік мүмкіндігін шексіз күшейтіп, кеңейтіні тәрізді, белгілерді (қосалқы құралдарды) пайдалану, яғни жанама іс-әрекетке көшу, адамның бүкіл психикалық іс-әрекетін өзгеріске түседі.

Адамның дамуы оқыту арқылы осы тәсәлдердің (құралдардың да, белгілердің де) барлығын игеру үдерісінде жүзеге асады. Міне, сондықтан да, оқыту баланың психикалық дамуын анықтай отырып, оның өмірін ұйымдастырудың бүкіл жүйесінде негізгі орын алады. Демек, психика дамуының бұрынғы ұрпақ тәжірибесін игеруге себепкер белгі тәсілдерді меңгерілетін әлеуметтік ортадан тыс қаралуы да және оқытусыз түсінікті болуы да еш мүмкін емес. Сонымен, Л.С.Выготскийдің психологиялық теориясында адамның әлеуметтік мәні жөніндегі маркстік идея жүзеге асты. Мәдени дамудың жалпы генетикалық заңын Выготский былайша тұжырымдады: «...баланың мәдени дамуындағы қандай да болмасын іс-әрекет сахнада екі рет, екі бағдарда: әуелі – әлеуметтік, кейін – психологиялық, алдымен интерпсихикалық категория ретінде адамдар арасында, одан соң интрапсихикалық категория ретінде, баланың ішінде көрініс береді. Қандай да жоғары психикалық функция бастапқы әлеуметтік функция болатындықтан, өз дамуында сыртқы саты арқылы өтуі қажет.

Бала тілінің маңызды рөл атқаратын Л.С.Выготскийдің сөзімен айтқанда, мінез –құлықтың барлық жоғары формаларының ең көне негізі болып саналатынкөрсеткіш ымның тарихы, міне, осындай. Бастапқыда көрсеткіш ым – іс-әрекет алдында затқа бағытталған сәтсіз қармау қимылы (қолын затқа қарай созады, бірақ ұстай алмайды). Балаға ересек адам келіп көмектесе отырып, сәбиді қызықтырған заттың көрсеткіші ретінде ымды ұғындырады. Осылайша көрсеткіш ым сәтсіз қармау қимылынан басқалар үшін көрсеткіш мәні бар ымға ауысады. Ым – белгіге, қармау – көрсеткішке айналады. Міне, осыдан кейін ғана бала өз қимылына көрсеткіш ретінде қарай бастайды. Басқаларға деген ым (белгі) өзіңе деген ымға (белгіге) айналады. Сөйтіп, өзінің ымын ұғынуға бала ең соңынан жетеді. Оның мағынасы алдымен объективтік жағдайлар, ал соңынан баланы қоршаған адамдар арқылы жасалынады.

Барлық жоғары психикалық функциялардан адамдардың әлеуметтік қарым-қатынастары көрініп жатады. Л.С.Выготский адамның психологиялық табиғаты дегеніміз ішке енгізілген және жеке адам функциясы мен оның құрылымының формалары болған қоғамдық қарым-қатынастар жиынтығы деп жазды. Жеке адамның қалыптасу үдерісі дегеніміз жеке адамның кім болып шығуы оның басқа адамдарға жасаған қарым-қатынасы арқылы болады деген сөз.

Мінез-құлық дамуының құралы ретіндегі сыртқы белгілері баланың ақыл-ой өрісінің дамуында ақау бар, жоқтығын психологтың анықтау қажеттілігі туған жағдайда маңызды көрсеткіш (диагностық) құрал болып та саналады. Ақыл-ой дамуында кемшілігі бар балаға жүргізілген бақылаулар бала белгілерді қолданған жерде кемшіліктің орнын толтыру мүмкіншілігі сақталатынын, дамудың келешегі бар екенін көрсетіп отыр. Ал, белгілерді қолдану бөгелген немесе қалыптаспаған жағдайда ақыл-ой дамуының да бөгеліске түсетіні немесе тоқтап қалатыны анықталды.

Оқу мотивациясы В.В.Давыдов пен Д.Б.Элькониннің теориясы бойынша іс-әрекет құрылымына кіретін маңызды компонент ретінде қарастырылады. Ол оқу үдерісінің алғашқы сатысында қалыптасады.

Василий Васильевич Давыдов — педагогикалық психология саласындағы дамытушы оқыту теориясының негізін қалаушы, осы бағытта орта мектептерде жаңа білім беру бағдарламасын жасап, эксперименттік сыныптар ашқан. Ол А.Н.Леонтьевтің іс-әрекет теориясы шеңберінде ғылыми-зерттеулер жүргізген көрнекті кеңес психолог-ғалымы болып табылады. 2) Даниял Борисович Эльконин (1904-1984) – мәдени-тарихи теорияны дамытушылардың бірі, оқытудың белсенді әдістерінің теориялық негіздемесін құрастырған. Ол – жас ерекшелік психологиясына елеулі үлес қосқан кеңес дәуірінің белгілі психологы. Оның балалардың мектептегі жасын кезеңдерге бөлуі жалпы кеңестік тұлға периодизациясының негізгі нұсқасына айналды. Жастық кезеңдер: сәби жасы (1 ай -1 жас), ерте балалық шақ (1-3 жас), мектепке дейінгі жас (3-6 жас), бастауыш мектеп жасы (7-10 жас), орта мектеп жасы (11-15 жас), жоғары мектеп жасы (16-17 жас).

Оқушының психикалық жаңа құрылымдары – оқушының белсенді іс-әрекет барысында оқу субъектісіне айналуында қалыптасатын психикалық дамудың (ақыл-ой, адамгершілік) жаңа ерекшеліктері.

Сергей Леонидович Рубинштейн (1889-1960) – белгілі кеңес психологы және философы. Оның көзқарасы бойынша, адам және психика алдымен практикалық іс-әрекетте қалыптасып, көрініс табады. Сондықтан олар негізгі іс-әрекет түрлеріндегі көрінісі арқылы зерттелінуі қажет.

Алексей Николаевич Леонтьев (1903-1979) – 1920 жылдары Л.С.Выготский және А.Р.Луриямен бірге мәдени-тарихи теорияны құрастырған кеңес психолог-ғалымдарының бірі. Ол осы теорияға сүйене отырып, іс-әрекеттің жалпы психологиялық теориясын егжей-тегжейлі зерттеген. А. Н.Леонтьевтің іс-әрекет тұжырымдамасы психологияның басқа да әр түрлі салаларындағы көптеген зерттеулердің дамуына түрткі болды.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары.

1. Жетекші іс-әрекет деген не?

2. Жетекші іс-әрекеттің түрлері.

3. Бала психикасының қалыптасып дамуындағы жетекші іс-әрекеттерге тоқталыңыздар.

4. Л. С. Выготскийдің жоғарғы психикалық функцияларды дамыту теориясы.

5. Л. С. Выготскийдің жақын даму аймағы теориясы.

Әдебиеттер:

1. Балалар психологиясы: оқулық / Ж.Қ.Дүйсенова, Қ.Н.Нығметова / - 2012.

2. Детская психология: учебное пособие /Д.Б.Эльконин; ред.сост. Б.Д.Эльконин .-6-е изд., стер..- / - 2011

3. Возрастная психология: учебник для бакалавров / Л.Ф. Обухова / - 2014

4. Психология детей младшего школьного возраста: учебник и практикум для бакалавров / [Айгумова З.И., Васильева Н.Н., Вачков И.В. и др.]; под общ. ред. А.С.Обухова / - 2014



4-дәріс.

Тақырыптың аталуы: Жас кезеңдерге бөлу теориялары. Дағдарыстар.

Дәріс жоспары:

1. Л.С.Выготскийдің жас дағдарыстары ұғымы және жас кезеңдері теориялары

2. Нәрестелік кезеңнің жас дағдарысы

3. Психикалық дамудың қозғаушы күштері, оның шарттары.

Мектеп жасына дейінгі балалардың психикасының дамуы бір қалыпты болмайды. Мұнда біз бір жас кезеңдерінің бір шама баяу, бірте-бірте өзгеретіндігін, ескі психикалық белгілер жойылып, оның орнына жаңа психикалық белгілердің пайда бола бастайтынын байқап, кейде бала неғұрлым тез секірмелі түрде адам танымастай өзгеріп кететінін байқаймыз. 1-кезеңнен 2-кезеңге бұлай секірмелі өтуді дағдарысты даму дейміз.

Баланы туғаннан мектепке барғанға дейінгі аралықтың өзінде бірнеше дағдарысты кезеңдерден өтеді. Әр даму кезеңдеріне өткен сайын, бір жастан екінші жасқа көшу барысында адам үлкен дағдарыстарға ұшырайды. Дағдарыс – қалыпты емес, «ауытқушылық» құбылысы, дұрыс емес тәрбиенің нәтижесі. Дағдарыстардың бір қалыпты кезеңдерден ерекшелігі, ұзаққа созылмайды, бірнеше ай болуы мүмкін. Осы қысқа, бірақ буырқанды сатыда баланың дамуында көп қасиеттер тез өзгереді. Осы уақытта даму апаттық сипатқа ие болуы мүмкін. Дағдарыстық және қалыпты даму кезеңдері кезектеседі. Сондықтан да Л.С.Выготскийдің жас ерекшелік кезеңі келесі сипатқа ие:

- жаңа туылу дағдарысы – нәрестелік жас (2 ай-1 жас);

- 1 жас дағдарысы – ерте балалық шақ (1-3жас):

- 3 жас дағдарысы – мектепке дейінгі жас (3-7 жас):

- 7 жас дағдарысы – мектеп жасы (7-13 жас);

- 13 жас дағдарысы– пубертатты жас (13-17 жас)

- 17 жас дағдарысы.

Жас кезеңдері тарихи сипатта болады деп П.П.Блонский мен Л.С.Выготский тұжырымдаған қағидаларды әрі қарай дамытады. Тарихи даму үдерісінде балалар өсетін жалпы әлеуметтік жағдайлар, оқытудың мазмұны мен әдістері өзгеріп отырады және бұлардың барлығы дамудың жас кезеңдерінің өзгерісіне әсер етпей қоймайды.

Жас шамасы мен психикасының даму өзгешеліктерін білу үшін жас кезеңдерінің арасындағы сапалық өзгешеліктерді ажырату керек. Әр жас кезеңінің ұзақтығы әртүрлі болғанымен бір-біріне байланысты. Сондықтан әр жас шамасында балалық шақ кезеңі әртүрлі мөлшерде өтеді. Мысалы: нәрестелік кезеңде бір жылдың ішінде 5 сатыдан өтеді. 1-3 жасқа дейін 3 сатыдан, бастауыш сыныпта 3-4 сатыдан өтеді. Бұл баланың денесінің және психикасының әр кезеңде біркелкі дамымайтындығын көрсететін ерекше факт.

Әрбір жас кезеңінде адамда белгілі іс-әрекет жетекші рөл атқарады. Іс-әрекеттің әрбір түрлері бала дамуына әр түрлі әсер етеді. Әр кезеңде болатын тұлғаның және психикалық функциялардың дамуындағы өзгерістер жетекші іс-әрекеттермен қамтылған. А.Н.Леонтьев жетекші іс-әрекеттің үш белгісін көрсетті. Біріншіден, жетекші іс-әрекет аясында іс-әрекеттің жаңа түрлері пайда болады және ажыратылады. Мысалы: бала ойнай отырып үйренеді: рөлдік ойында мектепке дейінгі балада оқудың элементтері қалыптасады. Екіншіден, жетекші іс-әрекетте арнайы психикалық функциялар қалыптасады. Мысалы, ойында шығармашылық қиял пайда болады. Үшіншіден, осы уақытта бақыланатын тұлғаның өзгерісі тәуелді.

Кез келген іс-әрекет жетекші бола алмайды.

0-ден 2 айға дейін нәрестелік кезең жалғасады. Бұл адам өміріндегі жалғыз ғана биологиялық кезең, осы кезеңде бала әлі де болса әлеуметтік пенде емес, себебі жетекші іс-әрекет жоқ. Бала келесі шартсыз рефлекстермен дүниеге келеді:

1) ағзаның ішкі ортасын реттеуші (демалу, қанайналым);

2) тамақтану (сору, жұту);

3) қорғаныс рефлекстері (көзді жыпылықтату, түшкіру, жөтелу);

4) бағдарланушы (басын күшті тітіркендіргішке бұру);

5) қозғалыстық (қамту, жүзу, адымдау, еңбектеу).

Көптеген рефлекстер балаға өмір сүру үшін қажетті, себебі олар ортаға бейімделуді қамтамасыз етеді. Шартты рефлекстердің алғашқыларының бірі бала өмірінің 10 күнінде пайда болады – бұл тамақтандыруға деген рефлекс.

Танымдық дүниенің дамуы.Дүниеге келген кезде көру және есту анализаторлары толыққанды қалыптаспаған, бірақ қарқынды даму үстінде болады. 2-3-ші аптада есту, 3-4-ші айда көру шоғырланады.

Эмоционалдық дүниенің дамуы.Үштен жеті аптаға дейінгі жаста балада «жандану кешені» пайда болады: анасын немесе басқа жақын адамды көргенде күлу, қозғалыс реакциялары, вокализация.

«Жандану кешені» балада алғашқы қарым-қатынасқа деген әлеуметтік қажеттіліктің пайда болғанын білдіреді. Берілген сапа – бұл баланың қалыпты психикалық дамуының алғашқы белгісі.

Бір кезеңнен екінші кезеңге бұлайша секірмелі өтуді дағдарысты даму дейміз. Осы жас дағдарыстары шамамен жас мөлшері бірдей ұқсас жағдайда өмір сүретін балаларда пайда болады және осыған қарап нақты жас кезеңдеріне бөлуге болады.

Қазіргі кездегі педагогтар мен психологтар туғаннан бастап нәрестенің тіршілік етуіне байланысты өзгеріс дағдарыстарды санамағанда баланың туғаннан мектепке барғанға дейінгі аралықтағы кезеңдерін 3 дағдарысты кезеңге бөлуге болады.

1 жас, 3 жас және ең ақырғы - 7 жас. Бұл кезеңдерін өзін жас ерекшеліктеріне байланысты 3 кезеңге:

1.Нәрестелік кезең туғаннан 1 жасқа дейін, бұның ішінде алғашқы

1 айға дейінгі уақыт, бөбектік кезең, жаңа туған кезең;

2.Сәбилік кезең 1 жастан 3 жасқа дейін;

3.Мектеп жасына дейінгі кезең, 3 тен 7 жасқа дейінгі;

4.Бастауыш мектеп кезеңі, 7-12 жасқа дейінгі;

5.Жас өспірім 12-15 жас;

6.Жастық кезең 15-18 жас.

Мұндай жас кезеңдерінің өзі жас мөлшеріне қарай бөлінеді. Бірақ балалардың жас көрсетікіштері тұрақты болмайды.

Әр елде есеюді, әр жас кезеңіне қандай ат беруді өзінше түсінген. Себебі әр елдің қоғамдық және мәдени дамулары әр түрлі дәрежеде болып келді. Әлеумет жасы дегеніміз әр елде есеюді қоғамдық жағдайдың ерекшелігінің билеуі. Демек, әркімнің өзіне тән хронологиялық жасынан басқа әлеумет жасы кездеседі. Әлеумет жасы мен хронологиялық жастың арасында едәуір айырмашылық бар. Себебі әлеумет жасы деп отырғаны кәдімгі әркімнің туғаннан кейінгі жасы емес, заманның талабына қарай есеюдің әр түрлі болып келеді.

Қазақ еліндегі адамдар өзге халықтар сияқты балаларды қай жасында қандай өзгерістерге ұшырайтынын бақылап, оның есеюіне орай жасты неше түрлі кезеңдерге бөлген.

Туғаннан 1 жасқа дейінгі кезең – нәресте жас кезеңі (бесік жасына 0-7 және еңбектеу жасына 7-12 ай );

1-ден 3 жасқа дейінгі кезді – бөбектер жасы;

3-тен 7 жасқа дейін – сәби жасы;

7-ден 11 жасқа дейін – періште жасы;

11-ден 15 жасқа дейін бозбала жасы;

15-тен 20 жасқа дейін – үлкендер жасы

Осы мағлұматтар баланың өз жасынан басқа әлеумет жасының кездескеніне дәлел бола алады.

Жасты ғылыми тұрғыдан тиісті кезеңдерге бөлу, сол кезеңге тән баланың есеюіне әсер ететін себептері: үлкендердің балаға қоятын талабы мен баланың өзбеттілік ұмтылуының арасындағы қайшылық дағдарыс кез кездеседі. Психологиялық тұрғыдан осы процестерді зерттеп жас кезеңдерін төмендегідей топтастыруға болады.

1.Жаңа туған бала – 1 күннен – 10 күнге дейін;

2.Емшек жасындағы бала – 10 күннен – 1 жасқа дейін;

3.Ерте балалық шақ – 1 жастан-3 жасқа дейін;

4.Бірінші балалық шақ – 4 жастан – 7 жасқа дейін;

5.Екінші балалық шақ – 8 жастан-12 жас (ер балалар), 8-11 жас (қыз балалар);

6.Жеткіншек шақ – 13 жастан 16 жасқа дейін (ер балалар), 12 жастан 15 жас (қыз балалар);

7.Жас өспірімдік шақ – 17 жастан 21 жасқа дейін (ер балалар), 16-20 жақа дейін (қыз балалар);

Жасты кезеңдерге бөлудің келтірілген осы жолы үнемі өзгермейтін нәрсе емес. Заманның өзгеруіне, соның ішінде әлеумет ортасының жағдайына сай жастарды топтастырудың азды-көпті өзгерістері болып отырады.

Баланың дамуы психологиялық заңдылықтарды қамтитынын төменгі бағыттар бойынша түсіндірді:

- бала дамуының күрделі құрылымы бар – баланың уақыты басқа уақытпен сәйкес келмейді. Өзінің ритмі, уақыты бар. Баланың өмір ритмі басқа өмір ритімімен сәйкес келмейді. Баланың психикасында сапалық өзгерістер болады;

- дамудың сапалық өзгерістері бар – жаңа қасиеттер дамып толықтырылып отырады;

- біркелкі емес баланың дамуы – әр кезеңге қарай әр түрлі керекті қызметтер дамиды. Баланың дамуы санамен байланысты. Сананың құрылымы жүйелі және мағыналы болады;

- жоғарғы заң психикалық функциясының дамуы – баланың дамуы сыртқы әрекеттің ішкі әрекетке айналуымен байланысты болады.

Бала дамуының кезеңдерінің барлық ұсынылған схемаларын Л.С.Выготский үш топқа бөледі:

1. Бірінші топ биогенетикалық заңға негізделген, осыған сәйкес онтогенез қысқаша түрде филогенезді қайталайды (С. Холл).

2. Ғалымдардың екінші тобы жас кезеңдеріне бөлудің критерийлері ретінде қандай да бір белгіні алады. Кемшілігі, тек бір ғана критерий ұсынылады және де бұл бір кезеңде көрсеткішті және мәнді болған белгі келесі кезеңде мәнділігін жоғалтады, себебі даму барысында бірінші кезекте тұрған нәрселер, екінші кезекке ығыстырылады.

3. Үшінші топ: сипаттаушы принциптен бала дамуының өзінің мәнді ерекшеліктерін бөлуге ауысу. Бұл теорияның кемшілігі: олардамудыңэволюциялық концепциясына бағдарланады (дамуда ешқандай

жаңа нәрсе пайда болмайды, мұнда тек о бастан берілген нәрселер ғана өсіп, ұлғаяды).

Екінші критерий – бір жастан екіншісіне өту динамикасын есепке алу. Динамиканы анықтауда ең маңыздысы – тұлға мен оны қоршаған әлеуметтік орта арасындағы қатынастарды есепке алу.

2.Нәрестелік кезеңнің жас дағдарысы. Бір жастағы дағдарыс.

Бала өмірге келгендігін өзінің алғашқы жылауымен білдіреді. Бала туылған кезде физикалық тұрғыдан анасынан бөлінеді. Ол мүлдем басқа жағдайға тап болады: температура, жарық, кеңістік, тамақтану жолы, дем алудың басқа жолын талап ететін орта. Жаңа ортаға бейімделуі барысында бала дағдарысқа ұшырайды.

Нәрестелік кезеңнен өту кезеңі бір жастағы дағдарыс деп аталады. Бұл дағдарыс белгілері басқа әлеуметтік ортада емес, ең бірінші отбасында байқалады. Л.С.Выготский 1 жас дағдарысты баланың алғашқы автономды сөйлеуімен және өз бетінше алғашқы қадам басуымен байланыстырады. Бұл дағдарыс та әрбір дағдарыс сияқты, дербестілік, ызалану реакцияларының пайда болуымен байланысты болады. Үлкендердің бала тілегін, сөзін, ым-ишарасын түсінбегендіктен немесе түсініп, оған қажет нәрсені орындамау салдарынан балада реніш сезімі пайда болады. Бала бұл кезде жүре бастағандықтан немесе белсенді жылдам еңбектей алатындықтан, ол үйдегі көптеген заттарға қол жеткізе алады. Үлкендер өткір заттарды, розеткаларды жауып, ыдыстарды, кітаптарды жоғарыға қояды. Баланың барлық тілегін орындау мүмкін емес, себебі, оның әрекеті оған және айналасындағыларға кері әсерін тигізуі мүмкін. Бала «болмайды» деген сөзбен таныс, бірақ дағдарыс кезінде бұл сөз аса өзекті болып табылады.

«Болмайды» немесе «жоқ» деген кезде күйіп-пісу жағдайы белгілі бір шекке жетеді: кейбір балалар айқайлайды, жерге құлайды, жерді қолымен ұра бастайды. Күшті реніш әрекеттерінің пайда болуы, көбінесе отбасындағы тәрбие стилімен байланысты.

Баламен жаңа қатынас құру жолдары, яғни балаға көбірек еркіндік беру, үлкендер тарапына шыдамдылық пен сабырлық көрсету дағдарысты жеңілдетіп, балаға аса қатты эмоциялық күштен арылуға көмектеседі.

Өтпелі кезең беретін басты «Олжа» - Л. С. Выготский «автономды» деп атаған өзіндік ерекшелік бар тілі.

Бір жастағы бала жаңа кезең – сәбилік шағына аяқ басарда көп нәрсені үйреніп үлгереді. Ол жүре бастайды, заттармен әрекеттеседі, үлкендер сөзін біршама түсінетін болады. Сөздері анық болмаса да сөйлеуге талпынады. Танымдық және эмоциялық жағына дами түседі.

Нәрестенің эмоциялық сезімі.

Нәрестенің сезімінің дамуы күнделікті өмірде берілетін тәрбие

жағдайының әсерінен басқа да психикалық үдерістермен қатар дамып отырады.

Жаңа туған балаларда тек қана шартсыз рефлекторлық сезім реакциялары, мысалы, кенеттен жағдайдың өзгеруіне байланысты қатты дыбыстан тепе-теңдігін жоғалтады, қатты қорқып кетсе қорғаныс рефлексі жылау түрінде көрінеді.

Денесінің қысылғанын, не ауырғанын сезсе, тербету тоқталса, бала аяқ қолын қатты қозғалтып, долданып, қатты ашуланғанын білдіріп айғайлап жылайды. Осындай жағдайда тербетіп, жұбатып, сипалап үстінен қақсақ, балада жағымды эмоциялық көңіл-күй байқалады.

Ең алғаш сезімнің пайда болып көрінуі баланың барлық органикалық қажеттіліктерімен қанағаттандырылуы дені сау, тамағы тоқ, төсек орны жайлы, киімі құрғақ, өзіне шақ болса бала сергек көңілді болады, жағымды эмоция туғызады. Ал, керісінше, ашықса, суыққа тоңса, қажеттіліктерімен қанағаттандырылмаса, жағымсыз эмоциялар байқалады. Неғұрлым мейірімді үнмен сөйлеп жақсы қарым-қатынас жасасақ көңілденеді, жағымсыз эмоция ащы дәрі ішкен кезде де байқалады.

Қоршаған ортамен қарым-қатынас кеңейіп, әрекетінің түрлері күрделенген сайын сезіміде қиындап күрделене түседі.

2-ші айдың аяғында 3-ші айдың басында жандану комплексі байқалады.

3.Психикалық дамудың қозғаушы күштері. Психикалық дамудың шарттары, бастаулары және қозғаушы күштері ұғымы. Баланың психикалық дамуының қозғаушы күштері проблемасын кеңестік те, шет елдік те психологтар қарастырған. Кеңестік психологтар үш негізгі ұғымды бөледі:

1) дамудың қажетті шарттары;

2) психикалық дамудың көзі;

3) психикалық дамудың қозғаушы күштері.

Психикалық дамуды кезеңдерге бөлу проблемасы.

Берілген проблеманы талдау жас кезеңдерін бөлу үшін негіздерді анықтаудағы түрлі ықпалдарды қарастыруды ұйғарады. Бала дамуының кезеңдерінің барлық ұсынылған схемаларын Л. С. Выготский үш топқа

бөледі:

1. Бірінші топ биогенетикалық заңға негізделген, осыған сәйкес онтогенез қысқаша түрде филогенезді қайталайды (С. Холл).

2. Ғалымдардың екінші тобы жас кезеңдеріне бөлудің критерийлері ретінде қандай-да бір белгіні алады. Кемшілігі, тек бір ғана критерий ұсынылады.

3. Үшінші топ: сипаттаушы принциптен бала дамуының өзінің мәнді ерекшеліктерін бөлуге ауысу. Бұл теорияның кемшілігі: олар дамудың эволюциялық концепциясына бағдарланады (дамуда ешқандай жаңа нәрсе пайда болмайды, мұнда тек о бастан берілген нәрселер ғана өсіп, ұлғаяды).

Л.С.Выготский дамуды өзін-өзі итермелеудің үздіксіз үдерісі ретінде анықтайды және де ол, ең алдымен, алдыңғы сатыларда болмаған жаңа нәрсенің пайда болуымен сипатталады. Әр жас кезеңін сипаттайтын бір тұтас критерий қажет. Бұл криетрий ретінде әр жастың мәнін сипаттайтын жаңа құрылым болады.

Екінші критерий – бір жастан екіншісіне өту динамикасын есепке алу. Динамиканы анықтауда ең маңыздысы тұлға мен оны қоршаған әлеуметтік орта арасындағы қатынастарды есепке алу болып табылады.

Баланың психикалық дамуындағы іс-әрекеттің рөлі.Индивидтің қоғамдық-тарихи тәжірибені меңгеру процесі баланың белсенді іс-әрекеті барысында жүреді және бұл көрініс табады.

Бала психикасының дамуының қозғаушы күші шындықты меңгерудегі оның үлкендермен бірлескен өз іс-әрекеті болып табылады.

1) баланың психикалық үдерістері алдын ала анықталмаған, дайын түрде берілмеген;

2) бұл процестердің қалыптасуының өзі баланың заттық іс-әрекетінсіз мүмкін емес еді.

Оқыту мен даму проблемасы.Оқыту мен даму проблемасын бірқатар оқымыстылар қарастырған, оларды үш топқа біріктіруге болады:

1. Бірінші тобы баланың даму үдерістерінің оқыту процестерінен тәуелсіздігі жайлы пікірді ұстанады. Оқытудың баланың белсенді дамуынақатысы жоқ, тіпті даму жетістіктерін пайдаланады. Даму циклдері әр қашанда оқыту циклдерінің алдында жүреді. Даму әр қашанда оқытудың алдында жүреді.

2. Екінші топ осы екі үдерісті бір тұтас ретінде қарастырады және келесі түрде белгілейді: оқыту даму болып табылады.

3. Оқымыстылардың үшінші тобы екі теорияны үйлестіруге талпынды: бір жағынан, даму процесі оқытуға тәуелсіз үдеріс ретінде ұғынылады,екінші жағынан – оқытудың өзі дамуға тепе-тең. Зерттеушілердің үшінші тобындағы позитивті болып табылатындар:

а) екі қарама-қарсы көзқарастарды біріктіру;

б) екі негізгі үдерістердің өзара тәуелділігі, өзара әсер етуі идеясы;

в) баланың дамуы барысында оқытудың рөлін ұлғайту.

Л.С.Выготский осы теорияларды салыстырып, талдап және сынға ала отырып, ең маңыздысы ретінде мынаны анықтады: баланы оқыту мектептегі оқытудың алдында басталады. Мектептегі оқыту ешқашан да өзінен-өзі басталып кетпейді, ал әр қашанда өз алдында бала дамуының белгілі бір сатысына ие. Л.С.Выготский «жақын даму аймағы» деген жаңа ұғымды енгізеді. Мұнда дамудың екі деңгейі қарастырылады:

Баланың өзекті даму деңгейі – міндеттерді өз бетінше орындай алу қабілеті.

Жақын даму деңгейі – баланың өзбетінше іс-әрекетінің өзекті деңгейі мен оның үлкендердің немесе неғұрлым тәжірибелі құрбылыстарының жетекшілігімен атқаратын өз бетінше іс-әркетінің потенциалды деңгейінің арасындағы қашықтық.

Ескі көз қараспен салыстырғанда жақын даму аймағы жайлы ілім

келесі тезисті ұсынады: «Дамудан озып кететін оқыту ғана жақсы болып табылады».

1. Даму үдерістері оқыту үдерістерімен сәйкес келмейді. Даму үдерістері оқыту үдерісінің соңынан жүреді, ал оқыту процестері «жақын даму аймағын» құрайды.

2. Оқыту үдерісі тікелей түрде бала дамуы барысымен байланысты болғанымен де, олар біркелкі және бірі-бірімен қосарласа жүрмейді.

Баланың жас ерекшелік дамуын түсіну үшін жас ерекшелік сезімталдық жайлы мәліметтер болады, яғни әр жас өз бетінше сипаттайтын қоршаған ортаға деген сезімталдық.

Сензитивті кезеңдер – бұл қандай да бір психикалық сапалардың даму үшін қолайлы жағдайларды анықтайтын кезеңдер.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Бала дамуына әсер етуші биологиялық факторларды атаңыз.

2. Л.С.Выготский «жақын даму аймағы» деген жаңа ұғымы туралы.

3. Оқыту мен даму проблемасы.

4. Баланың психикалық дамуындағы іс-әрекеттің рөлі.

5. Жас ерекшелік даму кезеңдеріне байланысты әр түрлі сол жас кезеңдеріне тән психикалық қасиеттер.


Әдебиеттер:

1. Балалар психологиясы: оқулық / Ж.Қ.Дүйсенова, Қ.Н.Нығметова / - 2012.

2. Детская психология: учебное пособие /Д.Б.Эльконин; ред.сост. Б.Д.Эльконин .-6-е изд., стер..- / - 2011

3. Возрастная психология: учебник для бакалавров / Л.Ф. Обухова / - 2014

4. Психология детей младшего школьного возраста: учебник и практикум для бакалавров / [Айгумова З.И., Васильева Н.Н., Вачков И.В. и др.]; под общ. ред. А.С.Обухова / - 2014



2-модуль. Нәрестелік және сәбилік кезеңдегі балалардың танымдық үрдістерін дамытудың ерекшеліктері.


5-дәріс.

Тақырыптың аталуы. Нәрестелік және бөбектік кезеңнің дамуына сипаттама.

Дәріс жоспары:

  1. Нәрестелік және бөбектік кезендегі баланың анатомиялық және физиологиялық даму ерекшеліктеріне сипаттама.

  2. Нәрестелік кезең танымдық процестер.

  3. Нәрестелік кезеңдегі психикалық дамуға шартты және шартсыз рефлекстің ықпалы, алғашқы дағдарыс.

  4. «Жандану кешені» танымдық дүниенің дамуы

  5. Нәрестенің ересектермен қарым-қатынасы және оның алғашқы сөздері, нәрестенің ересектермен сөзің түсініп, тілдік қарым-қатынас жасауының мәні.

1.Нәрестелік және бөбектік кезендегі баланың анатомиялық және физиологиялық даму ерекшеліктеріне сипаттама. Жана туған нәресте және оның күтімі. Нәресте туған бойдан алғашқы тыныс алады, ол әдетте қатты іңгәләумен дүниеге келеді. Бұл сәтке дейін тыныш күйде жатқан өкпе өз күш- қуатына енеді; бірінші демалыстан соң бірнеше сағат өткеннен кейін нәрестенің біршама бірқалыпты демалысы орнығады.

Толық жетіліп туған баланы орташа салмағы шамамен алғанда 3000-нан 3500-ге дейін, бойы 50-52см. Аралығында өзгерістер болуы мүмкін. Бастың шеңбері орташа 32-34 см/ге. Ал кеуденің шеңбері 30-32 см/ге тең болады.

Өмірге жаңа келген нәресте күн санап өсіп отырады. Мәселен оның өсуі туған кездегімен салыстырғанда 1 жылдың ішінде 25% артады. Нәрестенің сүйегі бірте-бірте қатайып өседі, бірақ алі де жұмсақ, шеміршек тәрізді майысқақ. Баланың өсуіне байланысты әртүрлі дене мүшесімен нерв жүйесінің дамуы қарқыны бірдей болмайды, денесінің жетіліп дамуы бірте-бірте артады.

Сәбидің алғашқы жылғы өмірінде ас қорыту органдарының қызметі шектеулі болуына байланысты тамақтану мен ас қорыту тез бұзылады, сондықтан оны дұрыс тамақтандыру қажет.

Өмірінің алғашқы жылында нәрестенің жүйке жүйесі едәуір дамиды, сезу органдарының қызметі жетіле түседі, балаларды қимыл қалаптасады, сөйлеу элементері пайда болады, сондықтан оны дұрыс тамақтандыру қажет.

Бала өмірінің екінші жылында небары 2500-3000 г салмақ қосады, бұл айына 200-250 гр шамасында. Өмірінің 3-6 жылында салмақ қосу бұдан да баяу болады, жылына 1500-2000 г өседі. Сонымен 5-6 жасқа арай баланың салмағы бір жастағысынан екі есе өседі,яғни бала 20 кг-ға жуық салмақ тардады. Бойдың, салмақтың, кеуде мен бас шеңберінің деректірі 1,2 –таблициаларда келтірілген.

Баланың өсіп – жетілуін бақылау үшін оны балаларға арналған салмақ өлшегіште ұдайы және жиі-жиі өлшеп тұру керек. Баланың салмағын өлшер алдында, үнемі бір уақытта өлшеу керек. Салмақ туралы мәліметтерді медбиеке өсіп жетілу тарихының арнаулы бетіне, салмақтың қисық өсуін өте көрнекті етіп, сызып көрсетуі керек.

2. Нәрестелік кезең танымдық процестер.

1)Қарапайм түстерді ажырыта алу үш айлығында болады. Ол генетикалық қан арқылы беріледі.

2)Балалардың көз тоқтатуы алдымен горизонтальды жатқан затқа көз тоқтадады. Одан кейін бала вертикальды затқа қарады.

3)2-3 айда балалар таныс және таныс емес адамдарды ажырата бастайды.

4) 3-4 айда бала таныс емес адамдармен қарым-қатынасқа түскісі келмейді себебі, бірді-бір сегіз айында көру аймағы азайады.

5)Ассоциациалық ес-байланыс 2 жаста аяқталады, бір сөздің орнына екінші сөз пайдалану бастапқы сөз еске түсуі, яғни көру, есту екі жаста аяқталады.

6)Бағдарлау зерттеу әрекеті жүзеге асырылады сөйлеуге келетин болсақ бірінші дыбыс шығарады, 2-3 айда гуілдейді, содан кейін былдыр пайда болады, 9-10 айда алғашқы сөз пайда болады.

Заттар мен қарым-қатынас 7-10 айында болады. Мысалы, қоршаған ортамен қарым-қатынас жасау бірінші мимика, екінші сөйлеу арқылы жасалады.

1 жастан 3 жасқа дейінгі бөбектік кездегі негізгі ерекшеліктері:

1) Адамдармен қарыс-қатынас жасауда түсіну пайда болады.

2) Ойлауға өзін-өзі тежеу қалыптасада.

3)Тілдің дамуы 1 жастажеке сөз айтылады: 2 жаста 2-3 сөзді құрастырып айтады, 3 жастың аяғында толық балалармен қарым-қатынас жасайды.

4) Фанемадан кейнгі кезеңде фанемді сөзге ауысады.

5) Экоцентрлік сөз 1 жастан аяқталады.

Заттық әрекеттер монепулярлық тұрғыда емес, мағынасын түсініп жасауда болады, ойын 1-3 жаста алғашқы сюжеттік ойындар ойнай бастайды.

3 жаста бала қарапайым жаңа форманы ажыратады.

Спектордың негізгі түстерді ажыратады. Іс-әрекеттен іске асады.

Үш жастағы дағдарыстың екінші көрінісі – қырсығу. Жағымсыздық қырсығудан өзгеше қылық. Қырсығудың өзін қасарысудан ажырата білу керек. Мысалы, бала бір нәрсенің орындалуын өзінше талап етіп қасарысып тұрып алады. Бұл қырсықтану емес, бұл үш жастағы дағдарысқа дейін де кездеседі. Мысалы, бала бір затты иемденгісі келеді, бірақ оны бірден ала алмайды. Ол бұл заттың өзінікі болуына қасарысумен қол жеткізеді. Қырсықтану дегеніміз, сәбиге бір зат оған аса қажет болғандықтан қасарыса қалмайды, ол затты сұрағаны үшін ғана: қасарысады. Ол өз талабының орындалуын тілейді. Айталык, сәбиді ауладан үйге шақырдық дейік; ол көнбейді, бірақ біз оның үйге кіру керектігін дәлелдеп, үгітгейміз, ол дәлелді түсінгенімен; бәрібір үйге кірмейді. Сәбидің қырсықтану себебі өзінің бастапқы шешіміне байланысты болады. Тек осы жағдай ғана қырсықтануға жатады. Қырсықтануды кәдімгі қасарысудан ерекшелейтін екі сәт бар. Оның бірі – жағымсыз қылыққа ұқсастығы, оның себепке қатысы бар. Егер бала дәл қазір қажет етіп тұрған нәрсесін қасарысып сұраса, бұл қасарысу болмайды. Мысалы, ол шанамен сырғанауды ұнатады, сондықтан да күні бойы аулада жүргісі келеді.

Екінші сәт. Егер жағымсыздыққа әлеуметтік сипат тән болса, яғни бала ересектердің айтқанына керісінше әрекет жасайтын болса, қасарысу сипаты болғаны. Баланың ызасы өзгермелі болады деп айтуға болмайды. Баланың дағдарысқа ұшырау кезеңіне дейін оның өзіне деген ниет-қылығының себептерін қалайша болатындығына көз жеткізуіміз керек.

3. Нәрестелік кезеңдегі психикалық дамуға шартты және шартсыз рефлекстің ықпалы, алғашқы дағдарыс.

Өмірінің алғашқы жылындағы балалардың бойын айына бір рет, 1 жастан 3 жасқа дейінгілерін 3 айда бір рет балалардың туған күндерінде өлшеу керек.

Бас пен кеуде шеңбері. Бұл өлшеулер организимнің үйлесімді дамуы туралы түсінік береді. Бас шеңберін өлшеу кезінде сантиметрлік лентамен басты төбе сүйектен қас үстінің иніні арқылы тығыз орап алады, кеуде клеткасын өлшеу кезінде лентаны алдынан емшек тұсынан, артынан жауырын сүйектің төменгі жағынан өткізеді. Жаңа туған баланың бас шеңбері кеуде шеңберінен шамамен 2 см үлкен. 3-4 айлық дені сау балалардың бас шеңберімен кеуде шеңбері бірдей болады.

Бұлшық ет жүйесі. Жаңа туған баланың бұлшық еті біршама әлсіз жетілген, оның салмағы ұлғайған сайын бұлшық ет талшықтары да толысып жетіле түседі.

Емшек жасында бүлдіргіш бұлшық ет тонусы, жазылдырғыш бұлщық еттер тонусынан басым болады . бұлшық еттің төменгі тонусы рахит кезінде кездеседі.

Бұлшық еттің дұрыс дамуы үшін бала қозғалымын жетілдіретін бұлшық еттірдің үлкен маңызы бар. Белсенді қимыл тыныстың тереңдеуіне, қан айналымынын жақсаруына және т. б. Мүмкіндік жасайды.

Бас. Емшектегі баланың басы салыстырмалы тұрғыда едәуір үлкен ол дөңгелек формада болады. Бас сүйектің бет жақ бөлігі кішкене келеді.

Төбе мен маңдай сүйегінің түйіскен жерінде ромба түріндегі сүйексіз аралық болады, ол улкен еңбек деп аталад; төбе сүйегінің желкемен қосылған жерінде үшбұрыш түріндегі кішкене еңбекті сипайп білуге болады. Бұл жерлерге біртіндеп сүйек біте бастайды. Кіші еңбек жабылып қалады немесе былайша айтқанда , 3 айға қарай бітеледі, үлкен еңбек 12-15 айға қарай бітілеп қалады. Егер кальцийдің құрамы көп болса, баланың еңбегі ерте жабылып ақыл-ойының дамуына кедергі келтіреді. Сондықтан, тамақтың құрамын озгертіп отыру керек.

Кеуде клеткасы. Өмірінің алғашқы жылындағы балаларда кеуде клеткасы конус тәрізді немесе цилиндр формалары болады. Қабырға көлденең орналысып кеуденің демалатын тұсында көтеріліп тұрғандай болады өйткені ол омыртқадан тік бұрыш түрінде кетеді.Қабырғалардың осындай кеуде клеткасының қозғалмалығын (экусурсиясын) шектейді, бұл дем алған кезде ұлғаюына кедергі келтіреді.

Жамбас сүйгі. Жаңа туған баланың жамбасы кішкентайлығымен ерешеленіп, формасы жағынан балалар мен қыздарда бірдей болады. Омыртқа мен кеуде клеткасының дұрыс жетілуі үшін қажетті жағдайлар жасаудың жамбас сүйегін қалаптастыру үшін де маңызды болады.

0-ден 2 айға дейін нәрестелік кезең жалғасады. Бұл адам өміріндегі жалғыз ғана биологиялық кезең, осы кезеңде бола әлі де болса әлеуметтік пнеде емес, себебі жетекші іс-әрекет жоқ. Бала келесі шартсыз рефлекстермен дүниеге келеді:

  1. Ағзаның ішкі ортасын реттеуші (демалу,қанайналым);

  2. Тамақтану (сору, жұту);

  3. Қорғаныс рефлекстері (көзді жыпылықтату, түшкіру, жөтелу);

  4. Бағдарланушы (басын кушті тітіркендіргіш бұру);

  5. Қозғалыстық (қамту, жүзу, адамдау, еңбектеу).

Қарману рефлексі, егер баланың алақанына бірдеңе тигізсек қатты жармасып, ұстап алады. 2-ші айда бұл рефлекс жойылады. Қатты ұстау реакциясына айналады. Бала етпетінен жатқан кезде табанына алақаныңды тигізсек немесе бақайларын бір затпен жыбырлатсақ, тітіркеніп аяғын алға тартып, ішімен жылжиды, бұл еңбектеу реакциясына айналады.

Бағдарлау рефлексінің дамуы көруі мен естуі қабілетінің жинақталуынан көрінеді, бұл кезде ырықсыз, шашыранды қимылдар тежеледі. Егер өмірге келудің алғашқы күндерінде баланың ұйқысы және сергектік күйлері әлі нашар ажыратылатын болса, ал туған кезеңнің соңына қарай олар бөлініп, сергектік неғұрлым мазмұнды, белсенді сипат алады.

Сезім мүшелері.Біздің қоршаған дүниеден алатын әсеріміз сезім мүшелері арқылы қабылданады (рецепторлар) және орталық жүйке жүйесіне беріледі.шартты рефлекстерді қалыптастыру үшін бас миы қыртысының толысуынан басқа, есту,көру, иіс сезу,дәм сезу, мен түйсіну балалада жеткілікті түрде даму қажет екені түсінікті.

3. "Жандану кешені" танымдық дүниенің дамуы.

Дүниеге келген кеде көру және есту анализаторлары толыққанды. Түйсігі арқылы есту, 3-4 –ші айда көру шоғырланады. "Жандану кешені" балада алғашқы қарым-қатынасқа деген әлеуметтік қажеттіліктің пайда болғанын білдіреді. Берілген сапа – бұл баланың қалапты психикалық дамуының алғашқы белгісі.

4.Нәрестенің ересектермен қарым-қатынасы және оның алғашқы сөздері, нәрестенің ересектермен сөзің түсініп, тілдік қарым-қатынас жасауының мәні. Нәрестенің сөйлеу қабілетінің дамуы. Нәрестелік кезеңде сойлеу қабілетінің дамуы да басталады.

Алғашқы жартьы жылдықта сөзді есту қалыптасады, ал баланың өзі қуанышты сәттерде дыбыстар шығарады, оны «уілдеу» деп атайды. Екінші жарты жылдықта көбінесе баланың әрекетімен байланысты қайталанушы дыбыстар пайда болады. Әдетте мағыналы ыммен былдырлай бастайды, бірінші жылының соңында бала үлкендер айтатын 10-20 сөзді түсінеді және өзінің алғашқы бірнеше сөздерін айта бастайды.

Үлкен адам баланың заттық дүниемен қарам-қатынас жасауында дәнекерші болып көрінеді. Үлкен адам қатысып отырған кезде бала көбінесе затпен карқынды қимылдар жасай бастайды, да ал жанында үлкен адам болмаса, затқа қызығуы жоғалады. Баланың белсенділігі үлкен адамның әрекетімен көтермеленіп отырған кезде және бала үлкен адамды бірлескен әрекеттерге шақырғанда баланың үлкенмен қарым-қатынасының негізгі формасы бірлескен іс-әрекетке айналады. Сергек күйдегі бала үлкен адаммен қарым-қатынас жасауға әрқашан дайын тұрады.

Қарым-қатынас шеңберінде сөздің алғашқы шарттары пайда болады. Екінші айда-ақ былдырлаудың алғашқы белгілері байқалып, кейінірек еліктеу жолымен одан ана тілінің фонемелары көріне бастайды. Бір жастың аяғына қарай нәресте кейбір создерді түсіне бастайды. Бұл түсінгендік аталған зат тұрған бала басын бұруы немесе үлкендер атаған қимылды жасауды бастайды.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1.Жаңа туған жөргектік кезеңнің бала психикасының дамуындағы маңызы.

2. Нәрестелік және бөбектік кезеідегі баланың анатомиялық және физиалогиялық ерекшеліктеріне сипаттама берңіз.

3. Нәрестелік кезеңдегі пстхикалық дамуға шартты және шартсыз рефлекстің ықпалыңызына талдау.

4. Нәрестенің ересектермен қарым қарынасы және оның алғашқы сөздері туралы не білесіз? .

5. Нәрестенің ересектердің сөзін түсініп тілдік қарым қатынас жасауының мінң неде?

Әдебиеттер:

1. Балалар психологиясы: оқулық / Ж.Қ.Дүйсенова, Қ.Н.Нығметова / - 2012.

2. Детская психология: учебное пособие /Д.Б.Эльконин; ред.сост. Б.Д.Эльконин .-6-е изд., стер..- / - 2011

3. Возрастная психология: учебник для бакалавров / Л.Ф. Обухова / - 2014

4. Психология детей младшего школьного возраста: учебник и практикум для бакалавров / [Айгумова З.И., Васильева Н.Н., Вачков И.В. и др.]; под общ. ред. А.С.Обухова / - 2014



6-дәріс.

Тақырыптың аталуы. Нәрестелік кезеңдегі бала психикасына даму ерекшеліктері

Дәріс жоспары:

  1. Нәрестенің қимыл-әрекеттері

  2. Нәрестенің зейіннің дамуы

  3. Нәресте есі

  4. Нәрестенің эмоциялық сезімі


1.Нәрестенің қимыл-әрекеттері. Бала қимыл әрекетері өте күрделі. Осы кезеңде қол қимылдарының дамуы аса маңызды. Белгілі бір затқа бағытталған нәресте қолының қимылдары шамамен өмірінің төртінші айында қалыптаса бастайды. 5-6 айында бала затты қатты ұстап алады, бұл көру қабілеті мен қозғалыс әрекеттерін күрделі түрде үйлестіруді қажет етеді. Осы сәттің әрі қарай дамуы үшін маңызы зор: ұстау – баланың алғашқы мақсатқа бағыттылған әрекеті, заттармен әр түрлі әрекет жасауды меңгеруінің негізі болп табылады.

Екінші жарты жылдықты қол қимылдарына байланысты әрекеттер қарқынд түрде дамиды. Бала ұстаған затын сілкілейді, тарсылдатады лақтырып қайта алады, тістейді, қолдан-қолға ауыстырады және Жан Пиаже айналма реакция деп атаған біріңғай қайталанушы әрекеттер тізбегі дамиды. 7 айдан кейін «өзара сәйкес» әрекеттер кездеседі: бала үлкен заттарға кішкентай заттарды салады, қораптарды ашып, жабатын болады. 10 айдан кейін алғашқы жүйелі әрекеттер, яғни үлкендердің әрекеттеріне еліктей отырып, заттарды қажеттілігіне байланысты дұрыс қолдану әрекеттері қалыптаса бастайды. Бала машинасын сүйрейді, барабандарды соғады, ауызына суы бар ыдысты жақындатады.

Қызығы, бұл жүйелі әрекеттер әрі заттық әрекетке айнала алмайды. Бұл үлкен адамның балаға көрсеткен объектілерімен байланысты, мысалы, қуыршақты қалай тербету керектігі, т.б. Басқа заттарға әрекет жасау бұл кезеңде әлі байқалмайды.

Сондықтан бала бастапқы кезде өзі анасымен бірге ойнаған қуыршақты тербетеді, ал оған ұқсас басқа ойыншықтармен мұндай қимыл әрекет жасай алмайды. Соған қарамастан жыл соңында бала адамзаттың заттар әлемін тани бастайды. Әректердің әр түрлілігі оны қоршаған объектілердің жаңа қырларын ашуға мүмкіндік береді. Қоршаған ортаға бейімделгенде ол «мынау не?» деп қана қоймай, «мұнымен не істеуге болады?»деген қызығушылықтар таныта бастайды.

Қабылдау және әрекет нәрестелік кезеңдегі көрнекі амалдық ойлауды алғашқы негізін қалаушы баспалдақ. 1 жылдың ішінде бала шеше алатын танымдық әрекеттер, бастапқыда қабылдау содан соң белсенді әрекет күрделене түседі. Жетістіктерге жету үшін бала көру және қателесу әдісімен әрекет етеді. Айтар болсақ, жастық астына қойылған ойыншықты іздеу кезінде, ол алдымен көзіне түскен жастықтың барлығын аудыры бастайды.

Бірінші жылдың соңында бала күрделі ойын әркетіне ене бастайды. Бұл кейбір психологтарға шартты түрде болса нәресетелік кезеңде зат туралы ұғымның қалыптаса бастағандығы жөнінде айтуларына мұмкідік береді.

2.Нәрестенің зейіннің дамуы. Бала туғаннан бастап бірден зейіні реакциядан көрінеді. Ол әсіресе бірден шыққан дыбысқа, тым ашық түстен қашады. 1 айлық балада «бұл не?» рефлексі пайда болады. Егер бұндай рефлекс жануарда болса, тек биологиялық функция түрінде болады. Бұл рефлекс балаға мәнді бөлуге, оны тануға, онымен қарым-қатынаста болуға мүмкіндік береді. Қарапайым зейінге бала өзінің анализаторларын тоқтатп қабылдай алады. Нәресте 2-3 аптадан кейін орташа дыбыс пен қатты дыбысты, қозғалысты байқайды. Нәресте туғанда әрине оған айтқанды түсінеді, тыңдайды. Нәресте бір айдың аяғында жай емес заттарға көңіл аударады. Нәресте 2-3 айдан кейін анасының белгілерін байқап онымен қатынаста бола бастайды. Зейіннің дамуы затты ұғып, түсінуге мүмкіндік береді. Нәрестеге 6 ай болғанда тітіркену «бұл не?» «онымен не істеуге болады?» ауысады.Енді бала тек затты емес, оның сынын, оның әсерін реттейді және ол бір уақытта кей затқа зейінін шоғырландырады. Мысалы, шарды қорапқа салады, бір шарды екінші шарға ауыстырады. Нәрестелік зейінге дамушы ерекшеліктерін көрсетеміз.

3.Нәресте есі. Нәрестенің танымдық дамуы оның психикаснда ес-зерденің аса қарапайым тетіктерінің қалыптасуынан кейін басталады. Алғашында тану пайда болады. Ерте нәрестелік кезеңде-ақ жаңа әсерлермен бұрыңғы бейнелерді байланыстыра бастайды. Егер балаға жаңа қуыршақ берсек, ол біраз уақыт бойы оны қарайды, ол келесі күні қуыршаұт тануы мүмкін. 3-4 айында ол үлкен адамның оған көрсеткен ойыншығын таниды. 4 айлық бала өзіне тансы затты таныс емес заттан ажырата алады.

Егер ашық түсті ойыншықты екі бірдей орамалдың бірінің астына тығып қойсақ, 8 айлық балалардың кейбіреулері ғана 1 секундтан кейін оның қайда жатқанын есіне түіре алады. 1 жаста барлық балалар 1-3 секундтан кейін таба алады. Олардың көбісі 7 секундтан кейін де ойыншықтың қай орамалдың астында жасырынғандығын есіне түсіре алады. Мұндай жағдайда 8 айдан кейін зердесінде қайта жаңғырту, образды қалпына келтіру бала алдында ұқсас объекті болмаса да қалыптасады.

Нәрестелік кезеңде таныдық үрдістермен қатар эмоцилық дамуды да бақылау қажет. Бұл жол баланың жақын үлкен адамдармен қарым-қатынас жасауымен байланысты дамиды.

Алғашқы 3-4 айда балаларда әр түрлі эмоциялық жағдайлар пайда болады: таң қалу, физикалық (дене) дискомфортын сезгенде алданушылық (қимылдың көбеюі, жүрек соғысының жиілеуі, көзінің жұмылуы, жылау), қажеттілігін қанағаттандыру кезіндегі еркінсу.

4.Нәрестенің эмоциялық сезімі. Нәрестенің сезімінің дамуы күнделікті өмірде берілетін тәрбие жағдайының әсерінен басқа да психикалық үрдістермен қатар дамып отырады.

Жаңа туған балаларда тек қана шартсыз рефлекторлық сезім реакциялары, мысалы, кенеттен жағдайдың өзгеруіне байланысты қатты дыбыстан тепе-теңдігін жоғалтады, қатты қорқып кетсе қорғаныс рефлексі жылау түрінде көрінеді.

Денесінің қысылғанын, не аурығанын сезсе, тербету тоқталса, бала аяқ –қолын қатты қозғалтып, доданып қатты ашулынғанын білдіріп айғайлап жылайды. Осындай жағдайда тербетіп, жұбатып, сипалап үстінен қақсақ, балада жағымды эмоциялық көңіл-күй байқалады.

Қоршаған ортамен қарым-қатынас кеңейіп, әрекетінің түрлері күрделенген сайын сезімі де қиындап күрделене түседі.

2-ші айдың аяғында 3-ші айдың басында жандану комплексі байқалады. Мұның пайда болу себебі, үлкендер баланы барлық қажеттіліктерімен қамтамасыз етіп мейірімділікпен еркелетсе анық көрінеді. Мысалы, әлемі ашық түсті ойыншық сазды музкалық әуен болады. Жағымды сезім тудырушы әсіресе өзінің ең жақын адамдарды анасына деген сүйіспеншілік ықылас ниетінен сезімін жақсы көреді. Ол күлсе, күледі, бетін басып жаласа, қоса жылайды. Сондай-ақ айналасындағылардың талап-тілектерін орындау негізінде де байқалады.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1.Нәрестелік кезеңдегі бала психикасының даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз?

2.Нәрестенің қимыл әрекеттерінің туған кездегі әрекеттерімен салыстыра отырып талдағыздар?

3.Нәрестенің зейінінің дамуы ерекшелігін атап көрсетіңіз?

4.Нәрестенің есін дамытудың жолдары?

5.Нәрестенің эмоциялық сезімі неден көрінеді?

Әдебиеттер:

1. Балалар психологиясы: оқулық / Ж.Қ.Дүйсенова, Қ.Н.Нығметова / - 2012.

2. Детская психология: учебное пособие /Д.Б.Эльконин; ред.сост. Б.Д.Эльконин .-6-е изд., стер..- / - 2011

3. Возрастная психология: учебник для бакалавров / Л.Ф. Обухова / - 2014

4. Психология детей младшего школьного возраста: учебник и практикум для бакалавров / [Айгумова З.И., Васильева Н.Н., Вачков И.В. и др.]; под общ. ред. А.С.Обухова / - 2014





7-дәріс. Тақырыптың аталуы: Сәбилік кезең.

Дәріс жоспары:

  1. Сәбилік кезеңдегі бала дамуына психологиялық сипаттама

  2. Сәбилік кезеңдегі баланың сөздік қоры

  3. Сәбидің сөйлеуге түсінуі және алғашқы сөздері

  4. Сөздің дыбыстық, ерекшеліктерінің қалыптасуы.

  5. Үш жастағы балаларда жаңадан пайда болатын дағдарыстар.

  1. Сәбилік кезеңдегі бала дамуына психологиялық сипаттама

Сәби жасының ерекшелігі 1-3 жасқа дейін сәбилік кезең деп аталады. Осы кезде баланың денесі де, психикасы да ерекше қарқынмен дамиды.

Бала өмірінің алғашқы жылында басы біршама үлкен, кеудесі ұзын, аяғы қысқа болады. Осы кезде бұлшық еті де баяу дамиды. Бала өмірінің алғашқы жылында көбінесе сұйық тамақпен тамақтанады. Алғашқы жылмен салыстырғанда бойы 1,5 салмағы 3 есе артады. Екі жасқа келгенде салмағы 200-250 грамм қосады. Бойы ай сайын 1 см өсіп, балаларда 20 сүт тісі болады. Бұлшық еттері дамиды. Тыныс алуы баяулап бірқалыпты ырғаққа келеді.

Бір жастың соңында баланың бас миының салмағы 780-800 г болады. Осы кезде ай сайын 30 грамнан қосылып отырады. Үш жаста миының салмағы 1100-1200 дейін болады. Осыдан кейін мидың салмағының артуы баяулайды:

7 жасқа келгенде 1250 г болады

8-9 жасқа келгенде 1300 г бболады

15 жасқа келгенде 1350 г болады

21 жасында мидың салмағының артуы тұрақталады.

Баланың жоғарғы жүйке жүйесінің алғашқы үш жыл бойында өте тез дамиды.

2.Сәбилік кезеңдегі баланың сөздік қоры. Алғашқы кезде баланың сөздік қоры дамымай тұрғанда үлкендерге қоятын сұрағы көп болады. Ал екі жастың соңында бала 300-ге тарта сөзді қолданады. Үш жасында 1500 сөзді пайдаланады. Алғашқы кезде сәбидің сөзі үлкендердің сөзіне аздап қана ұқсайтын болады. Мұндай сөзді дербес ( автономиялық) сөз деп аталады. Тіпті кейде үлкендер пайдаланбайтын сөздерді де қолданады. Мысалы олар мағынасы бірдей бір сөздің өзін үш түрлі етіп айтады. (ням-ням, мам-мам,ня-ня) тамақ ішемін деген сөзі және баланың мұндай дербес сөздері үлкендердің нағыз сөзінен бұрмаланып алынған сөз болады. Мысалы: сүт- түт, шәй-тәй, ішемін-тем.

Бала тілінің тез шығып, өз мағынасында дамуы дұрыс тәрбие жұмысына байланысты. Сөздік қорының молаюы, олардың психикасының дамуына да әсер ертеді.

Сөздік қоры жақсы дамыған бала материалды жақсы қабылдап, есінде сақтап, зейінін шоғырландырып, кең көлемде ойлайтын, қиялы ерекше дамыған сезімтал болады. Өзінің қоршаған орта туралы түсінігі де кең болып, жан-жақты дамиды.

Сәбилік шақта (1-3 жас) бала қарқынды дами бастайды. Психикалық дамуы үлкен өзгерістерге ұшырайды. Үш жас кезеңіндегі баланың ақыл –ойы едәуір жетілген болады. 3 жасқа дейін осындай үлкен өзгерістердің болуына бірнеше факторлар себеп болады.

Бірінші себеп- баланың тік жүре бастауы. Бала бір жастан асқаннан кейін өз бетімен тік жүріп, түрлі заттардың қасиеттерін үлкендердің көмегінсіз зерттей бастайды. Өздігімен жүрген соң заттардың кеңістіктегі арақашықтығын да ажырата бастайды, кеңістікте бағдарлану қабілеті дамиды.

Екінші себеп- әр заттың өзіне тән қызметін ажырату немесе балада заттық әрекеттің дамуы

Үшінші себеп- баланың ойыны және тиісті өнерге үйренуі.

Бұл әрекет түрлі, сондықтан ойын мен іс-әрекеттер бала психикасының дамуына үлкен әсер етеді. Алдымен ойыншық түріне немесе дыбысына қызықса, кейін оның нені бейнелейтініне мән береді. Баланың бойы бірінші жылына қарағанда 1,5 есе өседі, ал салмағы 2 есеге артады.

Автономды сөйлеу балада тез ( әдетте жарты жыл көлемінде) өзгеріске түсіп, жылдам жойылып кетеді. Айтылуы және мәні жағынан түсініксіз сөздер «үлкендердің» сөзімен алмаса бастайды.

3 жасқа қарай баланың белсенді сөздік қоры 1000-1500 сөзге жетеді. Шамамен 1,5 жастағы сөйлемі 2-3 сөзден тұрады. Бұл көбінесе субьект және оның әрекеті (« мамам келе жатыр»), әрекет және объект әрекеті (« мам берші») немесе әрекет және әрекет орны (« кітап анда») 3 жасқа қарай ана тілінің негізгі грамматикалық және негізгі синтаксистік құрылымдарын меңгере бастайды.

Бала сөзінде барлық сөздер бөлігі кездеседі, мысалы: « Есіңде ме суға барғанымыз, әкем мен Мерей шомылды, ал анам қайда болды?», « Мен әкем мен анамның баласымын, атам мен апамның немересімін», « Мен сенің келгеніңе өте қуаныштымын».

Баланың сөйлеу белсенділігі көбінесе 2-3 жас аралығында дамиды.

3.Сәбидің сөйлеуге түсінуі және алғашқы сөздері. Баланың тілінің дамуы. 2 жастың өзінде бала атқаратын қызметіне байланысты:

-1) бір сөзбен бір сөйлемнің мағынасын түсіндіретін кезі болады. Ф-ф-ф-ф-ф-у- сіріңке, темекі, пеш,газ,шам, т.б тамақ ішем, ет жеймін су ішемін.

-2) тұрған орынына қарай

-3) сыртқы ұқсастығына қарай бөлу: га-га-га- қаз тұмсығы созылып тұрған саз балшықты құсқа ұқсатады, жүннен тоқылған затты бөки дейді.

-4) дыбысты бойынша атау. Ля-ля- радио, музыка, ән. Қоқ-қоқ тауық, мияу- мысық деген сияқты т.б.

2 жастың соңында бала үлкендермен үнемі қарым-қатынас жасау нәтижесінде сөздік қоры жылдам артады. Үлкендерден білмегендерін сұрайды, үлкендердің сұрағына жауап береді. Алғашқы сұрағы бұл не? Бұл қалай аталады?- деп сұрап, әр заттың өз атауы болатынын біледі.

1 жастың соңында 18-25 активтік сөз болса, 3 жаста 1000-1200 сөз. Екі жастың соңында да баланың тілі анық емес, грамматикалық тұрғыда байланысы жоқ болады. Сөздің грамматикалық құрылымын игерудің белгілі бір заңдылығы болады:

  1. 60-70 сөзге жеткен соң қарапайым сөйлем құрастырады.

  2. Сөзді тыңдап отырып қайталайды.

  3. Ситуациялық сөз.

  4. Баланың жалпы даму деңгейіне байланысты, яғни ақыл-ойының, дербестігінің дамуына байланысты.

1-ден 3- жасқа дейінгі аралықта баланың сөзді меңгеруінің өзіндік мәні болады. Бала айналасындағы құрбы-құрдастарымен, үлкендермен қарым-қатынас жасау арқылы өзін-өзі танып біледі.

  1. Тілдік қарым-қатынас нәтижесінде әр заттың қасиетімен атқаратын қызметін ажыратады.

  2. Қоршаған ортадағы заттарды таңдау, топтау, жалпылау негізінде қабылдап негізгі белгілерін ажыратады.

  3. Заттар мен құбылыстардың өзара қарым-қатынас байланыстарын ажыратады.

  4. Тілдік қарым-қатынас нәтижесінде алдына мақсат қойып ерікті әрекет етуге, дербестікке үйренеді.

  5. Үнемі үлкендермен қарым-қатынас негізінде тәлім-тәрбие нәтижелерін игеретін болады,болмайды деген сөздер мәнін түсінеді

  6. Бала өзін өзгелермен салыстырып қоғамдағы өз орнын түсінеді.

  7. Өзіне және өзгелерге баға беріп, басқа біреулер үшін жауап беріп, жауапкершілік сезімі оянады.

  8. Практикалық ойлауы дамиды. Тақпақ жаттау,ертегі,әңгіме айту,дидактикалық ойын ойнауы жүзеге асады.

Осы кезде бала тілінің дамуының үш жағын байқауға болады.

  1. Психофизикалық

  2. Психологиялық

  3. Логикалық, грамматикалық, фонематикалық

Психофизиологиялық даму үшке бөлінеді:

  1. Бақыру ( жылау)

  2. Былдырлауы

  3. Нағыз сөзі

Сәбилік кезеңде бала тілінің дамуы екі бағытта өтеді:

  • Үлкендердің сөзін түсінуі жоғарғы бағытта өтеді

  • Сәбидің өзіндік белсенді сөздік қоры қалыптасады.

Балада дыбыстарды есту негізі қалыптасады. Бірте – бірте өңделіп, сөздік дыбыстар құрайды, ақырында балада алғашқы сөзді түсінуі мен құрастыру дағдысы қалыптасады да үлкендермен айналасындағы құрбылармен қарым-қатынас жасау мүмкіндігі артып кеңейеді. Сәбилік кезеңде баланың тілінің дамуы үшін үлкендермен қарым-қатынас жасау мен заттармен әрекет етудің маңызы зор.

Кейбір үлкендермен сирек араласатын баланың тілі кеш дамиды. Тағы да ескертетін жай баланың барлық талап – тілектерін, айтқанын орындап, қажеттіліктерін қанағаттандыратын болсақ, бала көпке дейін сөйлей алмайтын болады.

Бір жарым жасқа дейін баланың күрделі активтік сөздік қоры жай дамиды. Осы кезде олар 30-40 тан 100 ге дейінгі сөзді меңгереді және оны өте сирек қолданады. Бір жарым жастан соң кенет өзгеріп, бала сөйлеуге ынталы боып, тек заттың атын атап қана қоймай, оны затпен байланыстырып айтатын болады.

4.Сөздің дыбыстық ерекшеліктерінің қалыптасуы. Белсенді сөздікті және сөзді дұрыс айтуды игеру жүзеге асады.

Грамматикалық құрылысты, игерудің өз даму кезеңдері болады. Бірінші кезең бір мен екі жасқа дейін – түбірлі сөздержен құралатын сөйлемдер кезеңі. Бұл кезеңде бір буынды және екі буынды сөйлемдер ажыратылады.

Белсенді сөйлеуді қалыптастыру баланың бүкіл психикалық дамуының негізі болады. Заттарды өз қолымен ұстап, әрекет етіп көріп, қасиетін ажыратады. Осының өзі баланың сөздік қорын дамытады. « Киіміңді әкел! «Әжені шақыр! « Атаға таяғын алып бер» десе баланың түсінігі кеңейіп, қарым-қатынас шеңбері артады. 3 жасқа қарағанда әр сөздің мәнін, қолданылатын орнын ажыратып, түсінеді. 2 жастың соңында сөздің мәні мен мазмұңын түсініп, қысқаша қызықты ертегіні тыңдап, бірнеше қайталап айтып беруі талап етеді. Әңгіме, ертегіні тыңдау арқылы қабылдау, есте сақтау, зейін қою, ойлаудың алғашқы белгілері байқалады.

5. Үш жастағы балаларда жаңадан пайда болатын дағдарыстар. Ерте балалық шақ және мектепке дейінгі жас арасында 3 жас дағдарысы болады. Өзінің «менін» бөлініп шығу дағдарысы, әлеуметтік қатынастар жүйесін қайта қарау. Бала бағыты өзгереді. Егер де жаңа қатынастар дұрыс қалыптаспаса, оның ұсынысы қолдау таппаса, дербестілік шектеледі, балада үлкендермен қарым-қатынасында көрінетін дағдарыстық құбылыстар пайда болады. Л.С.Выготский, Э.Келлер 3 жас дағдарысының 7 сипаттамасын суреттейді.

3 жас дағдарысының 7 сипаттамалары:

  1. Негативизм- бала ересектер қойған талаптарға жағымсыз реакция көрсетеді. Негативизм таңдамалы да болуы мүмкін, ол отбасы мүшесінің біреуінің тілін ғана алмайды немесе бір ғана тәрбиешіні тыңдамайды, ал басқаларымен қалыпты қатынаста болады. Әрекеттің басты мотиві- барлығын керісінше жасау.

  2. Қыңырлық ( упрямство)- бұл баланың өзі қалаған нәрсесін жасауға ұмытылуы. Өтпелі кезеңде қырсықтық ( строоптивость) көрініс беруі мүмкін. Бұл нақты бір адамға емес, ерте балалық шақта қалыптасқан қатынастар жүйесіне бағытталған. Дербестілік тенденциясы байқалады: бала барлығын өзі жасап өзі шешкісі келеді. Негізінен бұл жақсы құбылыс, дегенмен дағдарыс кезінде бұл өз еріктілікке алып келуі мүмкін.

  3. Наразылық бүлікші ( қасарыспалық)- кейбір балаларда ата-аналарымен конфликтілі жағдай жиі кездеесуі мүмкін, олар үлкендермен үнемі соғыс күйінде болады.

  4. Деспотоизм ( шексіз билеушілік)- отбасында бір ғана бала болса көрініс береді. Бала қоршаған адамдарға өзінің билігін көрсетеді.

  5. Бағасыздану (обесценивание)- 3 жас дағдарысының ең қызық сипаттамасы. 3 жасар бала ұрыса бастайды, сүйікті ойыншығын лақтырып тастауы мүмкін, бұл құбылыстың барлығы баланың басқа адамдарға деген өзіне деген қатынасының өзгеруі жайында хабар береді. Бала 3 жасқа келгенде көптеген жаңа әрекеттердің түрі пайда бола бастайды. Осы кезде психикасы да ерекше қарқынмен дамиды. Мұндай жаңа әрекеттерге сәбидің ойнайтын ойынының түрленуі, сурет салуы, жапсыру, құрастыруы жатады. Бейнелеу әрекетінің әр түрі мен шұғылданып, қарандашпен қағазға өзінше жазу жазып, шимайлап, түзу таяқшалар сыза бастайды. Бұлар сурет салу дегеннің өзі бір заттың бейнесін қағазға түсіру екенін түсінеді. Баланың алғашқы сурет салуы үлкендердің басшылығымен жүзеге асады.

Сәбилік кезеңде пайда болатын негізгі әрекеті рөлддік дидактикалық қимылды ойындар. Осы кезде бала үлкендердің әрбір әрекетіне еліктеп, көптеген заттармен әрекет етуді меңгереді. Қоршаған орта туралы түсінігі кеңейеді. Барлық психикалық үрдістер дамиды. Заттар мен әрекеті де ойын арқылы дамиды.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  1. Сөздің грамматикалық құрылымын игерудің заңдылығын талдаңыз

  2. Сәбилік кезеңдегі баланың сөздік қоры

  3. Сәбилік кезеңдегі бала психикасының даму ерекшелігіне тоқталыңыз

  4. Грамматикалық құрылысты игерудің өз даму кезеңдері

  5. Үш жастағы балаларда жаңадан пайда болатын дағдарыстарды атаңыз


Әдебиеттер:

1. Балалар психологиясы: оқулық / Ж.Қ.Дүйсенова, Қ.Н.Нығметова / - 2012.

2. Детская психология: учебное пособие /Д.Б.Эльконин; ред.сост. Б.Д.Эльконин .-6-е изд., стер..- / - 2011

3. Возрастная психология: учебник для бакалавров / Л.Ф. Обухова / - 2014

4. Психология детей младшего школьного возраста: учебник и практикум для бакалавров / [Айгумова З.И., Васильева Н.Н., Вачков И.В. и др.]; под общ. ред. А.С.Обухова / - 2014



8- дәріс.

Тақырыптың аталуы: Сәбилік кезеңнің соңында жаңадан пайда болатын әрекеттер.

Дәріс жоспары:

  1. Сәбилік шақта жаңа іс-әрекеттің пайда боуы.

  2. Психикалық дамыту және үйрету.

  3. Заттармен әрекет етуінің бала психикасының дамуына әсері

  4. Заттар мен әрекет ету барысында қарым-қатынасқа бейімделу

  5. Заттармен әрекет ете отырып, жетістіктерге жетуі.

Сәбилік шақта жаңа іс – әрекеттің пайда болуы.

Бала 3 жасқа аяқ басқанда неғұрлым кең өркен жаятын және психикалық дамуды анықтайтын іс-әрекеттің жаңа түрлері ( сурет салу, жапсыру, құрастыру, мүсіндеу).

Еңбектен бөлек ойын болған емес. Аңшылыққа, мал шаруашылығына және кетпен мен егін егуге көшкен балалар түсіне бермейтін және арнайы даярлықты керек етпейтін еңбек құралдары пайда болды.

Қоғам дамуының сатысында рөлдік ойын пайда болды. Ол ойын арқылы балалар өздерінің қажеттіліктерін үлкендермен бірге өмір сүруге ұмытылысын қанағаттандырады.

Рөлдік ойынның алғы шарттары заттық әрекетте пайда болады. Ал кейінірек оны өздігінен атқаратын болады.

Баланың бүкіл өмірі үлкендерге байланысты болғандықтан барлық іс-әрекетті ұйымдастырып, бағыт беріп отырады.

Үйрету егер психикалық дамудың бала жеткен дәрежеіне лайықталып жүргізілсе ғана табысты болуы ықтимал деген қорытынды шығады. Үйрету баланың дамуына ыңғайластыра жүргізілмеуі, оның артында қалмауы тиіс. Үйрету дамудың жеткен дәрежесін есепке алады. Мұндағы мақсат- сол жерде тоқтап қалу емес, онан әрі дамуды қалай жүргізу керектігін білу.Үйрету психикалық дамудан озық жүреді, оны өзінің соңынан ертеді.

Үйретудің психикалық дамудағы жетекші рөлі бала жаңа іс-әрекетті меңгере отырып, әуелі оны үлкендердің басшылығымен және көмегімен, содан соң өздігінен орындауға машықтанатынынан көрінеді. Баланың үлкендермен бірлесе орындайтыны мен оның өзінің жеке атқаратын қызметінің арасындағы айырмашылық баланың таяудағы даму аймағы деп аталады. Таяудағы даму аймағының көлемі баланың үйренгіштігінің, оның бойында осы қазір бар даму қорының маңызды көрсеткіші.

Үйретудегі әрбір жаңа қадам баланың таяудағы даму аймағын пайдаланады және сонымен бір мезгілде онан әрі үйретудің алғышарты болып табылатын жаңа аймақ жасайды. Мәселен, сәбиге тіл үйрете отырып біз оның қалыптасқан есту, көру, қабылдауларының мүмкіндіктерін, үлкендерге еліктеуін, түсінігін пайдаланамыз.

Мектеп жасына дейінгі балаға көбіне қабылдаудың бөлшектенбеуі, ойлаудың нақтылығы, ерік пен естің ырықсыздығы сияқты қасиеттер тән. Бұл ерекшеліктер психологиялық зерттеулер арқылы талай рет бекітілген болатын. Балалардың үлкен суреттер мен заттарды суреттеулеріне олардың өздерінің суреттерін әдетте заттардың жалпы сұлбасын немесе олардың жеке бөлшектерін, ұсақ-түйектерін қабылдай алатыны көрінеді, ал оларды бірден тұтастай қамтуға көбіне күштері жетіңкіремейді.

Ерте жас кезінде әрекет заттық болып келеді. Бұл кезде балаға заттың арнаулы аты, ол неден жасалғаны, бәрі-бәрі қызықтырады. Ол жуынуды сабынмен, сүлгімен, қасықты қолдана бастайды. Әрекет үдерісін баланың көңілімен аударады. Ол көптеген нәрселерді үлкендерден үйрене бастайды. Мектепке дейінгі іс-әрекет басқа да іс-әрекет түрін үйренуге мүмкіндік береді. Онда жеке ойын, сурет салу, еңбек ету қабілетін иемденеді.

Негізінен білік жеке автоматты іс-әрекет формасының жаттығуды қайталаудағы қорытындысы. Баланың білік қабілетін қалыптастыруға үлкендер ықпал етеді. Бала үлкендермен көп жұмыс жасаса, барлық нәрсені өз бетімен жасайтын болады. 1 жастан 3 жасқа дейінгі балада ең бастысы тәрбие болады. Жаңа жаңалықтар баланы алға ұмтылуға итермелейді. Үлкендер балаға үнемі көңіл аударып отырса бала тез арада барлығын бағалап, сарапқа салады және өз көзқарасын ашып айтады.

Ерте жастағы іс-әрекет дамуының кейбір ерекшеліктерін қарастырамыз:

  • Балада әлеуметтік білік қалыптасады.

  • Әрекет процедурасын орындауда қажеттіліктің ұйымдасады. Оған қажеттілік пен тазалық жатады.

  • Бала іс-әрекет тәрбиесінің ережелерін меңгереді.

  • Балада жеке өзіндік сапалық қасиеттер қалыптасады.

3.Заттармен әрекет етуінің бала психикасының дамуына әсері

Баланың психикалық дамуына заттық әрекеттердің дамуы едәуір дәрежеде әсер етеді. Нәрестелік жасқа тән қимылдық іс-әрекет ерте сәбилік шақта заттық іс-әрекетпен аламасады. Заттық іс-әрекеттің дамуы заттармен жұмыс істеудің қоғам жасап шығарған тәсілдерін игерумен байланысты болады. Адам үшін заттардың бекітілген, тұрақты маңызы бар.

Ерте сәбилік шақтың соңына қарай (үш жасқа қарай) іс-әрекеттің жаңа түрлері қалыптаса бастайды. Олар осы жас шегінде кең жайылған формаға жетеді және біртіндеп психикалық дамуды анықтай бастайды. Бұларға ойын мен жемісті іс-әрекет түрлері сурет салу, мүсіндеу, конструкциялау жатады. Іс-әрекеттің бұл түрлерінің болашақта мәнді олатынын ескеріп, олардың ерте сәбилік шақта қалыптасуына жағдайлар жасау қажет.

4.Заттар мен әрекет ету барысында қарым-қатынасқа бейімделу.

Заттық іс-әрекеттен алынып жинақталған әсерлер баланың тілін дамытудың негізі болады. Сөздің артында ақиқат дүниенің бейнелері тұрған жағдайда ғана, сол сөзді игеру жемісті болады. Сөйлеуді игеру нәрестелік шақтан – ақ басталған қарым-қатынас қажеттілігінің әрі қарай дамуына байланысты жүзеге асады.

Ерте сәбилік шақ тілді дамыту үшін өте сезімтал (сензитивті) кезең болып табылады: нақ осы кезде сөйдеуді игеру аса тиімді өтеді. Егер бала қайсыбір себептермен осы жылдарда тілді дамытудың қажетті жағдайларынан айырылып қалса, онда кейін жіберілген қателіктердің орнын толтыру өте қиын болады. Сондықтан екі – үш жаста баланың тілін дамытумен қарқынды шұғылдану қажет. Үлкендермен бірлескен іс-әрекет үстінде балалар ерте сәбилік шақта-ақ айтылған сөздер мен олардың ар жағында тұрған ақиқат болмыстың арасындағы байланыстарды аңғара бастайды.

Сәби үлкендердің тікелей өзіне бағытталмаған кез келген сөздерін қызыға тыңдай бастайды. Үлкен адам мен баланың тікелей қарым – қатынас жасау ситуациясынан тысқары хабарларды тыңдау мен түсіну маңызды жетістік болып саналады. Ол сөйлеуді баланың тікелей тәжірибесінің өресі жетпейтін болмысты танудың негізгі құралы ретінде пайдалануға мүмкіндік жасайды.

5.Заттармен әрекет ете отырып, жетістіктерге жетуі.

Егер сәбилік шақ аса маңызды жетістіктерге толы (бір жастан екі жасқа дейін). Онтогенезде тең уақыт ішінде адам психикасы дамуы жағынан әр түрлі «қашықтықтан» өтеді. Үш жасар бала өзін-өзі күтуге қабілетті, айналасындағы адамдармен өзара қарым-қатынас жасай алады. Мұның өзінде ол қарым- қатынастың сөздік формаларын ғана емес, мінез – құлықтың қарапайым формаларын да игереді. Үш жасар бала едәуір белсенді, айналадағыларына түсінікті тәуелді болады.

Бір жастан үш жасқа дейінгі баланың психикасының дамуы бірнеше факторларға байланысты. Баланың психикалық дамуына тік жүруді үйрену едәуір ықпал жасайды. Нәрестелік шақтың соңында сәби алғашқы қадамдар жасай бастайды. Тік тұру қалпына ауысу ол үшін қиын іс. Кішкентай аяқтарымен аттап басу үлкен күшке түседі. Кеңістікте белсенді қозғалып жүру дағдысы (локомодация) әлі қалыптаспағандықтан, бала үнемі тепе-теңдікті жоғалиып алады.

Жүру арқылы бала өзінің таным объектісі болатын нәрселер шеңберін әлдеқайда кеңейтуге мүмкіндік алады. Ол ата-аналары бұрын оған ұсынуға болмайды деген сан алуан заттар мен іс-әрекет жасауға қабілетті болады. Жаңа заттарды тексерудің жаңа тәсілдерін туғызып, сәбиге нәрселердің осы уақытқа дейінгі жасырын болып келген қасиеттері мен олардың арасындағы байланыстарын ашады.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  1. Сәбилік кезеңдегі негізгі әректтерді атаңыз

  2. Сәбилік шақтағы іс-әрекеттің түрлеріне тоқталыңыз

  3. Бала психикасының дамуына заттармен әрекет еудің ықпалы бар ма?

  4. Сәбилік кезеңде заттар мен әрекет ету арқылы қарым-қатынасқа бейімделудің жолдарын атаңыз

5.Сәбилік кезеңде жетістіктерге жетуге заттармен әрекет етудің ықпалы

Әдебиеттер:

1. Балалар психологиясы: оқулық / Ж.Қ.Дүйсенова, Қ.Н.Нығметова / - 2012.

2. Детская психология: учебное пособие /Д.Б.Эльконин; ред.сост. Б.Д.Эльконин .-6-е изд., стер..- / - 2011

3. Возрастная психология: учебник для бакалавров / Л.Ф. Обухова / - 2014

4. Психология детей младшего школьного возраста: учебник и практикум для бакалавров / [Айгумова З.И., Васильева Н.Н., Вачков И.В. и др.]; под общ. ред. А.С.Обухова / - 2014



9-дәріс. Тақырыптың аталуы. Сәбидің қабылдауы, ойлауы, есі мен зейінінің дамуы

Дәріс жоспары:

  1. Сәбилік кезеңдегі бала қабылдауы

  2. Көріп қабылдаудың ерекшеліктері

  3. Сәбидің суретті, кеңістік пен уақытты қабылдау ерекшеліктері

  4. Сәбидің ойлауының ерекшеліктері

  5. Сәбидің зейіні мен есінің ерекшеліктері

  6. Эмоцияның ерекшеліктері

1.Сәбилік кезеңдегі бала қабылдауы. Сәбилік кезеңнен бастап, бала айнала қоршаған ортадағы заттардың қасиеттерін қабылдай бастайды. Заттардың арасындағы қарапайым байланыстарды байқап, осы байланыстарды өзінің іс-әрекетінде қолданатын болады. Осының өзі баланың құралдарды қолданып әрекет ету нәтижесінде болатын ақыл-ойының әрі қарай дамуының басты себебі деп саналады. Баланың жаңа құралдары пайдаланып, әрекет еуіне байланысты ойлау мен қабылдау әрекеті қалыптасады.

Екі жастың қабылдауында мынандай бес түрлі ерекшеліктер болады: 1.Заттың суретін немесе адамның бейнесін бейнесін фоттографиядан көрген кезде ерекше белгілерін есте сақтау арқылы қабылдайды. 2. Екі жастағы бала затты түстеріне байланысты ажыратып, қабылдай алмайды. 3.Екі жарым, үш жастағы баланың көру арқылы қабылдауы жақсы дамиды. 4. Үш жасқа келгенде 5-6 геометриялық форманы, 8 түсті ажыратады. 5. Тілдің дамуына байланысты қабылдау қабілеті артады. Өйткені үлкендермен тіл арқылы қарым-қатынас жасау нәтижесінде көріп, естіп белгілі бір ерекшелікке байланысты қабылдайтын сипап сезу қабілеті дамиды. Сәбилік кезеңдегі негізгі әрекеттің барлығы тіл арқылы жүзеге асатын болғандықтан , бала екі жастың өзінде өзінің ана тіліндегі барлық жоғарғы және төменгі тембрдегі дыбыстарды ажыратуға мүмкіндігі болады. Сол сияқты сәбилік кезеңнің өзінде кеңістікті уақытты ажырату қабілеті арта бастайды.

Туйсіну, қабылдау (ұғу) дегеніміз – айналадағы заттардың, құбылыстардың сезім мүшелері аркылы мида бейнеленуі. Бұл зейін арқылы байқалады. Зейін белгілі бір жағдайдың адам психологиясында шоғырлануы, жинакталуы. Зейін қойып қабылданған көрініс, оқиға және т. б. ұзақ уақыт есте сақталады.

Ойлау. Ойлау аркылы сәбидің қалыптасып келе жатқан заттарға, құбылыстарға тән қасиеттерді, олардың байланысын біртіндеп есіне түсіру ерекшелігі. Ойлау кезінде кажетті жағдайлар жан-жақты талданады, толықтырылады, есте бар деректермен салыстырылады. Ойлау мидың күрделі кызметі арқылы жүзеге асады. Ойға алган нәрселер қайталануы бірімен-бірінің қатынасы арқылы орындалады. Сәбидің ойлау кабілеті ойнау барысында калыптасады. Ол айналадағы болып жатқан жағдайларды бейнелеу, ойға берілу аркылы көрініс табады. Ойлау қабілетінің 2 түрі бар. Біріншісі, сөзбен қисынды ойлаудың жалпы заңдылықтары нәтижесінде дәлелдеуге мүмкіндік туады. Екіншісі, көрнекі-бейнелі ойлау арқылы заттар және т. б. олардың салыстырмалы бейнесі көз алдымызға келеді.

Сенсорлық даму ақыл-ой тәрбиесінің негізі-сенсорлық тәрбие арқылы жузеге асады.Ол баланың сезімдік тәжірибесінің дамуын және баюын қамтамасыз етеді,заттардың қасиеті мен сапасы туралы түсінігін қалыптастырады.

 1 жастан 3 жасқа дейінгі сенсорлық тәрбие балалардың әр түрлі сенсорлық әсерлерін байытуға бағытталған.Ол баланың жалпы ақыл-ой дамуының негізін құрайды, сенсорлық этолондар мен қарапайым рәміздік нысандарды меңгеруге негізделеді  және кейінгі танымдық, интеллектуалды, шығармашылық қабілеттерді дамытудың алғы шарты болып табылады. Сенсорлық тәрбие жалпы сенсорлық қабілеттерді қалыптастыруды және балалардың бойында аналитикалық қабылдауда, түстердің үйлесімін заттардың пішіндерін тани білуді, шаманың жекелеген өлшемдерін ажыратуды көздейді.

     Бала тілінің дамуы. Бала тілінің дамуы дыбыс аппаратының бүлшық еттерінің күрделі шартты және шартсыз қозғалысына сәйкес қалыптасады. Тілдің дамуы үшін, басқа адамдармен болатын қарым-қатынастың маңызы зор. Жаңа туған бала дыбыс аппараттарының шартсыз қимыл рефлекстеріне байланысты мағынасыз үн шығара алады. 2-ші айдан бастап дауыстай алады, ересек адамға еліктеп кейбір дауысты дыбыстарды қайталай бастайды, 3-ші айға жеткенде гу-гулейді, былдырақтап сөйлегісі келеді. Гу-гулеу мен былдырақтау оның дыбыс аппаратын дамытып, сөйлеуге дайындайды.

5-6 айдан кейін еліктеу арқылы жеке дыбыстарды, сөз буындарын айта бастайды. 6-7 айда ересектердің сөздерін қайталауға тырысады. Бірақ Бұл кезде, әсіресе жарты жарқа дейін, балаларда 1-ші сигнал жүйесі ғана дамығандықтан создің мағынасы жеке дыбыс ретінде қабылданады, бала создің нақты мағынасын түсінбей-ақ айта береді. Ал жарты жастан аса создің мағынасын түсіну қабілеті дами бастайды.

1,5 жаста сөз бен заттардың арасында байланыс туады, баланың тілі қалыптаса бастайды. Баланың ми қыртысында дыбыс орталығы мен сөйлеу орталығының арасында нервтік байланыс пайда бола бастайды. Кейіннен ол күшейіп, сөздерді құрастыру, 2-3 сөздің басын құрау қабілеттері пайда болады. Дені сау, жақсы дамып келе жатқан баланың бір жасында 6-10, екі жасында 250-300, үш жаста 1500, төрт жаста 4000, бес-алты жаста 4-5 мыңдай сөз қоры жиналады. Баланың тәрбиесіне, жоғары жүйке әрекетінің тобына, қозу мен тежелудің қасиеттеріне байланысты балалардың сөз қорының мөлшері әртүрлі.

  Бала сөзінің алғашқы қалыптасуы – баланың сөйлеуге қажетті мидағы орталығы ана құрсағында жатқанда-ақ қалыптаса бастайды. Ол анасының сөйлеу реакцияларын есту анализаторлары арқылы қабылдайды да жарық дүниеге келгеннен кейін бұл реакциялар алғашқы үн – іңгәлаумен жалғасады. Бұл жерде ата-анасының ана тілінде, не басқа тілде сөйлеуінің үлкен маңызы бар. Олар қай тілде сөйлесе баланың алғашқы үні де, іңгәсі де, 2-3 айдан кейін пайда болатын былдырлауы да, ата-анасының сөз сараптауларына тікелей тәуелді. Яғни, нәрестелік, бөбектік кезеңдерде бала сөз реакцияларын, айналасындағылардың қимыл-қозғалыстарына, ым-ишараларына еліктеу арқылы өзіне ұялатады. Мектепке дейінгі балалық шақ – баланың сөйлеуінің және психикалық қалыптасуындағы маңызды кезең.

Балалар адамдардың сөздерін, құстар мен жануарлардың дыбыстарын, музыка әуенін, ағаштардың жапырағының сыбдырын туу сәтінен бастап түрлі дыбыстар жиындарына бөленеді. Бiрақ жалғыз ғана маңызды, тек қана баланың қарым-қатынасының мақсаттарына ересек қызмет көрсететiн сөйлеу дыбыстары, мәлiметтiң тапсыру құралымен және нақтылы әсерлерге түрткi болып табылады. Балдырған сөздердiң мағынасын түсiне де алмайды, сөзде айта алмайды, бiрақ ол интонацияны сезiнедi және мағына бойынша сөз танып бiледi.

Бала бiртiндеп бiз айтатын сөздерге құлақ салады,  дыбыстарды қайталауға тырысады, естiп танып бiледi. Бала сөйлей бастайды, бiрақ  барлық дыбыстарды дұрыс айтуда, буын құрылымын әрдайым айқын сақтай алмайды. Балалардың тілінің дамуы әртүрлi деңгейде болады. Кейбір балалар  күрделi буын құрылымы бар сөзді және сөздерді таза және дұрыс айтады. Ал, кейбіреулері жас шамасы келсе де, сөзді  әлi айқын жеткiлiктi айта алмайды, жеке дыбыстарды терiс айтады. Мұндай балалар көп. Бала тілін жан-жақты дамыту үшiн, балабақшада алған білімдерін үйде қайталауымыз керек. Мектепке дейінгі балалардың тілге үйрету, үйрену үрдісін үзiлiссiз жүргізгеніміз абзал. Ата-ана баласының тілін дамыту, сөйлесе білуге үйрету барысында  негізінен үш түрлі тәсіл арқылы іске асырылады:

1. Заттарды бақылатып, көрсету арқылы;

2. Баланың түсінігін байқау, яғни сұрақтар қою, жауап алу;

3. Сол бақылаған оқиғалары туралы дербес жаттығулар орындатып, көрген-білгенін тереңдете тиянақтап отыру.

Мысалы, балаға үй жануарларын бақылатса, олардың төлдері жайлы, ұқсастығы, келтірер пайдасы, бір-бірінен айырмашылығы туралы айтуды сұрау немесе баланың назарын ас әзірлеу үрдісіне аудару (  тазалаймыз, қайнатамыз, қуырамыз, дәмін татамыз) т. б. сол сияқты.  

Сондықтан ата-аналар мына ережелердi ұстанғаны дұрыс:

1. Өзіңіздің сөйлеу дағдыларыңызға  көңiл бөліңіз, өйткенi ересек адам айтқан сөз дұрыс үлгi болып табылады;

2.  Баланың күнделiктi өмiрiнде сөздерді сауатты және дұрыс айтқанын қадағалаңыз;

3. Бала тілін дамытуда, оның арнайы ойыншықтары мен кітаптары болуы қажет.

2.Көріп қабылдаудың ерекшеліктері. Үш жастағы бала затқа көз жүгіртіп қарайды да, фигураның өзіне ұнаған көзге түскен ерекше белгілеріне көңіл аударады. Осындай жағдайда заттың жеке бөліктерін қабылдайды да оның тұтастай зат екенін ұмытып кетеді. 2) Қозғалмайтын заттың фонына қозғалып тұрған затты қабылдайды. 3) Бала фигураны көріп қабылдап қоймай, оның кейбір ерекшеліктерін қолымен сипау арқылы қабылдайды. Алғашқыда тек саусақтарының ұшымен сипап қабылдаса, бірте-бірте тұтастай алақанымен сипап қабылдайды. Сонда сәбилерде көріп қабылдаудан кейін сипап сезу арқылы жүзеге асады.

Үш жасқа келгенде баланың тұтастай қабылдауының мынандай ерекшеліктері болады: 1. Заттың түсі онща анық емес, жалпы нұсқа пішіні болса да, тұтастық мағына беріп, тұтастай зат ретінде қабылдай береді. Яғни қарапайым заттың бейнесі дұрыс бейнелесе, бала дұрыс қабылдайды. Оны баланың «сыңарыңды тап» деген ойынды ойнауынан байқауға болады. Бірақ та өзіне таныс емес заттарды ерекше белгісі, формасы, түсіне байланысты талдап ажыраттырмаса, бала қателеседі. Бірақ әлі де болса, жеке бөліктерінің ерекшеліктерін ескермей жалпылама қабылдайды.

3.Сәбидің суретті, кеңістік пен уақытты қабылдау ерекшеліктері.

Сәбилік кезеңнен бастап, кеңістікті бағдарлауға көңіл қою дағдыларын жақсы меңгереді. Бірақ олар әлі де болса, заттар мен кеңістіктердің ара-қатынасын бөліп қабылдай алмайды. Негізінде заттың қасиеті туралы түсініктен ерте қалыптасады. Кеңістікті дұрыс қабылдату үшін заттың формасын, көлемін дұрыс қабылдай білуінің маңызы зор. Сәбилік кезеңнің өзінде заттар мен белсенді әрекет ету нәтижесінде екі жастың өзінде заттың алыс-жақындығын, кеңістікте орналасуын, кенестезиялық және көру, вибрациялық түйсіктер арқылы ажыратып қабылдайды. Ал қимыл қозғалысы толық дамымаған бала арақашықтықты ажыратуы қиынға түседі.

4.Сәбидің ойлауының ерекшеліктері. Сәбилік кезеңнің өзінде баланың заттар мен әрекеттер етуінен ойлауының дамығандығын көруге болады. Мысалы, шашылып жатқан ойыншықты біріктіріп, олар мен өздігінен шеше алмайды да үлкендердің өздеріне үлгі көрсетіп, басшылық жасауын талап етеді. Соның нәтижесінде әрекетті дербес орындауға тырысады. Алғашқы кездің өзінде баланың тәжірибе жүзінде ойланып, әрекет етуі кенеттен болмайды. Екі жастаңы бала үстелден тысқары отырғанда үстел үстінде өзін қызықтыратын бір ойншық тұрса, оған зейіні ауып, алғысы келеді. Бірақ, қолын созып көріп жетпеген соң, жанында жатқан таяқшаны алып ойыншықты қозғайды. Ақырында таяқшамен қозғалған ойншықтың қозғалысына зер салып, әрекетті бір неше рет қайталайды да, соның нәтижесінде өзінше білгілі бір қорытындыға келеді. Балының сыртқы бағдарлау іс-әрекетінің көмегімен орындалатын ойлауын көрнекі іс-әрекеттік ойлау деп аталады. Бала көрнекі әсерлік ойлауды айнала қоршаған ортадағы әр түрлі заттар мен құбылыстардың байланыстарын зерттеу үшін қолданады.

Сәбилік кезеңде бала мәселені қарапайым тар көлемде көрнекі бейнелік ойлау жолымен шешеді. Неғұрлым күрделі мәселені шеше алмайды немесе көрнекі бейнелік жастарда ғана шешеді.

Қандай болмасын көрнекі бейнелік әсер етудің қорытындысынан шығатын мәселені іштей шешуді баланың көрнекі бейнелік ойлауы дейміз. Мысалы: таяқшамен әрекет етуді үйренгеннен кейін өзінің диванның астына домалап кеткен ойыншығын алуға болатынын түсінеді. Баланың ойлауының дамуына тілінің шығуы негіз болады.

5.Сәбидің зейінінің ерекшелігі. Сәбилік кезеңде баланың зейінінің шоғырлануы әлсіз және жаңа уақытқа өтеді, өйткені жоғарғы жүйке жүйесінің қозуы тұрақсыз әрі қысқа мерзімде болады. Зейіннің үнемі тұрақсыздығынан бір объектіден екінші объектіге ауысып отыруының себебі осы. Мысалы: олар ойнап отырған ойыншығын 12 минуттың ішінде 8 рет ауыстырады. Сонда баланың әрбір ойыншықпен әрекет етуі 2 минуттан аспайды. Себебі: бала өзінің зейініне басшылық жасап меңгере алмайды. Бұлардың зейіні көбінесе ырықсыз болады да, зейінінің ашық түсті затқа, қатты дыбысқа ерекше түске аудара береді.

Сәбилік кезеңде олардың зейініннің көлемі тар болады. Мысалы, үстел үстінде бірнеше ойыншық тұрса соның екі-үшеуін ғна қабылдап есте сақтап қалады. Сондай – ақ осы кезде бала екі бірдей әрекетке зейінін бір мезгілде шоғырландыра алмайды. Баланың жасы өскен сайын ойын әрекетімен шұғылдану нәтижесінде зейін тұрақтала түсетінін көруе болады. Осы кезде бала әдемі ойыншықпен ойнап отырса да, одан да ашық түсті дыбысты жақсы қазақтыратын ойыншықты көрсетсең, қолындағысын тастай салып, жаңа ойыншыққа ұмтылады. Бұл да зейіннің тұрақсыздығына байланысты. Сәбилер бір мезгілде екі бірдей әрекетке зейінін бір мезгілде бөле алмайды және ұзақ уақыт зейінін шоғырландыруы да қиын.

Баланың жасы өскен сайын есте сақтауының көлемі арта түседі. Үш жасата балада еріксіз есте сақтау күшті дамиды. Мысалы, тақпақты, өлеңді тез жаттап алғанымен оның мән мағынасына түсінбейді.

6.Эмоцияның ерекшеліктері. Баланың эмоциялық даму аймағын психикалық функциялардың дамуынан бөліп қарауға болмайды.

Сәбилік кезеңдегі қабылдаудың аффективті басымдылығы байқалады. Бала өзі қабылдағанына ана эмоциялық тұрғыда жауап қайтарады. Ол дәрігерді көргенде қатты уайымда болады, бірақ біраз уақыт өткеннен кейін тынышталып, жаңа нәрселерге қызыға бастайды. Бала келешекте оны қиындық күтіп тұр деп ренжи алмайды немесе бес күннен кейін ол сыйлық аламын деп қуана алмайды. Бала тілегі тез, ауыспалы, тұрақты емес, ол оларды қадағалап неме ұстай алмайды: оларды тек қана үлкендердің жазалауы мен мақтауы шектей алады. Бар тілектері бірдей күшке ие: сәбилік кезеңде салыстыру уәжі болмайды. Махаббаттан, эмоциялық жылылықтан бөлек бала өзінің өзінің барлық іс – әрекетінде үлкендердің қатысуын қалайды.

Сәбилік кезеңде басқа балармен қарым – қатынасқа түсу пайда бола бастайды. Бірақ мұндай қарым – қатынастың мұндай түрі тұрақты емес. Сәбилік кезеңде бала басқаның тілегеін есепке алмайды, ол өз тілегінің қалауы бойынша жүреді. Өзімшіл басқа баланы түсінбейді және басқалардың көңіл – күйіне ортақтаса алмайды. Баланың эмоциялық механизімі кешірек, мектепке дейінгі кезеңнің алдында ғана қалыптасады.


Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  1. Сәбилік кезеңдегі баланың қабылдауының ерекшелігіне тоқтал

  2. Көріп қабылдаудың естіп қабылдаудан айырмашылығы бар ма?

  3. Сәбидің суретті, кеңістік пен уақытты қабылдау ерекшеліктерінің мектеп жасына дейінгі баланың қабылдауынан айырмашылығы неде?

  4. Сәбидің ойлауының, сөйлеуінің ерекшеліктеріне тоқталыңыз

  5. Сәбидің зейіні мен есінің басқа жас кезеңдерімен салыстырғандағы ерекшелігіне тоқталып өтіңіз.


Әдебиеттер:

1. Балалар психологиясы: оқулық / Ж.Қ.Дүйсенова, Қ.Н.Нығметова / - 2012.

2. Детская психология: учебное пособие /Д.Б.Эльконин; ред.сост. Б.Д.Эльконин .-6-е изд., стер..- / - 2011

3. Возрастная психология: учебник для бакалавров / Л.Ф. Обухова / - 2014

4. Психология детей младшего школьного возраста: учебник и практикум для бакалавров / [Айгумова З.И., Васильева Н.Н., Вачков И.В. и др.]; под общ. ред. А.С.Обухова / - 2014


3-модуль. Мектепке дейінгі кезеңдегі балалардың танымдық үрдістерін дамытудың ерекшеліктері.


10-дәріс. Тақырыптың аталуы: Мектепке дейінгі баланың психологиялық даму ерекшеліктері

Дәріс жоспар:

1.Мектепке дейінгі кезеңде бала психикасы дамуының негізгі бағыттары

2.Мектепке дейінгі балалардың жүйке жүйесінің дамуы және оның қызметі

3.Мектеп жасына дейінгі балалардың темперамент типінің ерекшелігінің мәні

1.Мектепке дейінгі кезеңде бала психикасы дамуының негізгі бағыттары. 3-тен 6 жасқа дейінгі аралықты мектепке дейінгі кезең деп есептейді.Бұл кезде бала алғашқы кезеңмен салыстырғанда тез өсіп, салмағы тез артады. Жоғарғы жүйке жүйесінінің дамуы да жоғарылайды, бойының өсуінде өзгерістер байқалады. Мысалы, 5 жасында 6-7 см ге артса 6 жаста 7-8 см өссе, 7 жасында 10 см өседі. Баланың кеуде клеткасының өсуіне байланысты аяғы мен дене пропорциясы өзгереді. Бұлшық еттері дамиды, денесі, кішкене кезеңмен салыстырғанда сымбатты бола бастайды. Қимыл қозғалысының дамуы бұлшық етінің дамуына үлкен әсерін тигізеді. Сонымен қатар қан айналымы жүйесінің жұмысында да өзгерістер байқалады. Жүрегінің көлемі 4 жасында 1 жаспен салыстырғаннан 4-5 есе артады. Сәбилік кезеңмен салыстырғанда қан тамырларының соғуы төмендейді, бірақ ересек адаммен салыстырғанда баланың қан тамырының соғуы жиі болады. 7 жасқа келгенде бас миының салмағы артады, яғни 3 жаста 1200 гр. болса, 7 жаста 1250 гр. болады. 3 жасқа дейінгі баланың екінші сигналдық системасының дамуы психикасының дамуына өзіндік септигін тигізеді. Өйткені бала құрбы-құрдастарымен, айналасындағы үлкен адамдармен жиі-жиі тілдік қарым-қатынаста болады, бұның өзі баланың логикалық ойлауына ерік сапасынаисен есінің, қабылдауы мен қиялының, зейінінің дамуынада әсер етеді. Соның нәтижесінде баланың алдыңғы кезеңдермен салыстырғанда қоршаған ортамен қарым-қатынасы артып, жас кезеңіне тән өзіндік ерекшелігі қалыптасады.

5 жасқа кедгенде қимыл- қозғалысының нақты дамуына байланысты, жүру, жүгіру, секіру, қабырғадан өрмелеу, еңбектеу, шаңғы шана велосипед тебуді үйренеді. Үлкендермен еркін қарым-қатынас жасауына байланысты баланың грамматикалық сөздік қоры молайып, тәрбиешінің айтқан сөздерін жақсы түсініп, оған өзінің түсінігі бойынша жауап береді. Осы кезде тәрбиешінің берген тапсырмасын және қарапайым еңбек әрекеттерін де орындайды. Үлкендердің басшылығымен көптеген әдет-дағдыларды меңгеру де бала психикасының дамуына ықпалын тигізеді. Ертегі мен әңгімедегі кейіпкерлерге өзінше баға беріп, эстетикалық талғамы артады.Бала 6 жасқа келгенде қарқынмен дамып, дене бітімі күрделінеді, барлық органдарының жұмыс істеу қабілеті артады, оқу-әрекетін орындаған да, қағаз-қарындашпен де еркін әрекет ете алатын болады. 6 жасқа келгенде сөздің тура және жанама мағынасын түсінеді. Бұл жаста ойынның мазмұны күрделініп, өмірдің барлық шындықты бейнелуді көздейді.

2.Мектепке дейінгі балалардың жүйке жүйесінің дамуы және оның қызметі. Баланың жүйке жүйесінің күшті немесе әлсіздігін өмірдегі мынадай көрсеткіштері дәлелдейді. Оның ұйқысының тыныш болуы, тез ұйықтауы немесе тыныш ұйықтай алмауы, қатты ұйықтауы сол сияқты жүйке жүйесінің күшінің жылдам немесе жай қалпына келмеуінен байқалады. Бала ашыққан кезде өзін қалай ұстайды, оны уақытымен тамақтандыра қоймаса айқалап жылап немесе көңілсіз, әлде тыныш болама соған да байланысты яғни сыртқы ортаның әсер еткен әр түрлі тітіркендіргіштеріне мидың төзімділігі тепе-теңдігі, бір қалыптылығымен да жауап қайтарады. Жүйке жүйесінің күнделікті өмірдегі негізгі көрсеткіштері ұстамдылық, тұрақтылық, тыныштық, көңіл күй қалпының өзгеруімен және бірден жарқырап қуанып, жабырқап қайғыруынан байқалады.Сөзі мен қимыл-қозғалысының біркелкі болмауы да осыған мысал бола алады. Жүйке жүйесінің қозғыштығының көрсеткішіне өзін қоршаған ортаға жаңаны тез қабылдап, бағдарлай алуы, өмірдегі өзгерістерге тез бейімделуі, ептеліктер ме дағдыларды тез игеруі, көпшілік ортада өзін еркін ұстап, жаңа ортаға тез бейімделуі, жан-жақты қабілеттілік әрекеттің бір түрінен екінші түріне тез ауысуы, еске тез ауысуы еске тез сақтап қайта жаңғырта алуы шапшаң қимылдап тез сөйлеу сезгіштіктің пайда болуы мен көрінуі де жүйке жүйесінің қызметіне байланысты. Жүйке жүйесінің әсерленгіштігі сырттан әсер ететін тітіркендіргіштерге жауап беру қабілеттілігінен де көрінеді.Кейбір балаларды ашуланшақ күйгелек шыдамсыз десек енді біреулердің қуанғаны да ренжуі де түсініксіз дейді. Енді біреулерді икемді епті десек оған қарама – қарсы ебедейсіз олақ бейімділігі жоқ та балалар бар. Бұл қасиет баланы сыртқа әрекеттердің оңай бейімделе алмауынан, көп күш жұмсауынан көрінеді.

3.Мектеп жасына дейінгі балалардың темперамент типінің ерекшелігінің мәні. Темпераменттің табиғи қарапайым көріністері балалық шақта жақсы байқалады. Бала өскен сайын оның сыртқы ортамен қарым-қатынасы күрделене түседі де, оның айналасындағы үлкендерден алатын әсері де мол болады. Соған байланысты темпераменттің өзгеріске түсетін ерекшеліктері бүркемеленеді.

И.В.Павлов шарты рефлекстер әдісі арқылы жоғарғы жүйке қызметінің және жүйке жүйесінің негізгі қозу мен тежелудің заңдылықтарын ашты. Жүйке жүйесінің негізгі күші тепе-теңдік қозғалғыштығы бойынша төрт типте жиі ұшырасады. Бұлардың үшеуін күшті тип, біреуін әлсіз тип деп атайды. Мысалы күшті типтің біріншісі ұстамсыз тип. Олардың жұмыс істеу қабілеті күшті, қозу тежелу үдерістері бір бірімен сәйкес келмейді.

Сангвинник. Күшті қозғалғыш тепе-теңдік тип. Реакция туғызу қабілеті жоғары. Кейде әлсіз нәрсеге де, қатты мардымсыз бір нәрсеге де ашуланып қалады. Оның мимикасы, қимыл-қозғалысы белсенді. Өмір жағдайының өзгеруіне тез бейімделгіш.Өзінің көңілі ауған іс-әрекетіне барлық ынтасымен кіріседі. Іс-әрекеттің барлық ынтасымен кіріседі. Ол тәрбиеге тез үйренеді. Өзінің сезгіш ерік күші жақсы дамыған, өзін көпшілік ортады жақсы ұстайды. Жылдам қимылдайтын, тез сөйлейтін жаңаны тез қабылдағыш, зейінді айналасындағылармен тез тіл табысып кететін, көпшілік орта да өзін еркін көңілді ұстайтын тип.

Холерик. Бұл күшти тип. Кез-келген іске барлық күш жігерімен кіріседі. Белсенді, бірақ реакция туғызу қабілеті белсенділігіне қарағанда басымырақ. Сондықтан да бетімен кеткен, ұстамсыз, шыдамсыз, күйгелек, сангвинник сияқтытез икемділгіш емес.

Флегматик. Күшті тепе-теңдігі бір қалыпты тыныш тип. Эмоциялық қозуы бір қалыпты жайбарақат оның жарқырап қуаны да қайғыруы да қиын. Бүкіл тптағы балалар бір затқа қатты күліп жатса, ол ол өзінің сабырлы қалпын сақтап қала береді. Тіпті үлкен қолайсыздық пен сәтсіздікке жолықса да өзін байсалды ұстайды. Эмоциялық күйі бет бейнесінен байқалайды. Қимыл-қозғалысы, сөйлеген сөзі бірқалыпты қайрат-жігері күшті, жұмысқа қабілеттілігімен ерекшеленеді. Реакция туғызғаннан белсенділігі басымырақ, шыдамды, өзін-өзі ұстай білуімен ерекшеленеді. Тапқырлығы, зеректігі жоғары, зейінін жылдам шоғырландыра алмайды. Икемсіз әрекеттің жаңа түріне үйрену жаңа ортаға бейімделіп кетуі қиын жүзеге асады. Тез тілтабысып кете алмайды. Өз пікірін сыртқа шығарып айтуға да қиналады.

Мелонхолик. Әлсіз тип, өте сезімталдығы жоғары, тез жараланғыш, оларды әлсіз тітіркендіргіштер мазалайды. Сондықтан да сәл ұсақ-түйектің барлығына қатты мұңаяды немесе ашуланады. Бұлар болмашы нәрсеге көзіне жас алып, жылай салады. Мимикасы, қимыл-қозғалысы мәнерсіз болады, сөйлегенде даусы естілмейді, жай жылайды, сирек күледі, бірақ оқыс қатты күледі. Белсенділігі төмен, сабақта қолын көтереді. Оның өзінде бір көтеріп,бір түсіріп, өзіне-өзі күмәнданып отырады. Қорқақ, жалтақ,ерік күші әлсіз табансыз жұмсақ, қабілетсіз, тез шаршайды.Зейіні ырықсыз тез ауытқып кетеді, психолгиялық шапшаңдығы баяу.

Кейде ұстамсыз типтің бірнеше варианты болатынын ескеру керек.Өйткені қозу үдерісі шегіне жетіп, тежелуі әлсірейтін тип болуы мүмкін, немесе екі үдеріс те күшті, бірақ қощуы шамадын тыс келетін тип те ұшырайды. Сөйтіп уақыт өткен жай қайталап отыратын жаттығулар арқылы ұстамсыздықты кейіннен біршама түзетуге болатындығын дәлелдейтін ерекше фактілерді жиі кездестіреміз, яғни жаттықтыру арқылы невр жүйесінің әлсіз типін шынықтыруға болады. Баланың қолайлы тәжірибиенің нәтижесінде кез-келген қиындықты ойдағыдай жеңе алатындығы сөзсіз. Баланың жеке басының дамуы мен қалыптасуына тек жасының өсуі ғана емес, сонымен қатар темпераментінің де ықпалы бар.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1.Мектеп жасына дейінгі балаларда кездесетін темперамен типтері

2.Даму барысында туындайтын сапалы өзгерістер неге тәуелді?

3.И.П.Павлов шартты рефлекстер арқылы қандай заңдылықтарды ашты.

4.Қорқақ, жалтақ,ерік күші әлсіз табансыз, жұмсақ, қабілетсіз қасиеттері бар типті атаңыз.

5.Нерв қызметі типтерінің жекелеген қасиеттерін өзгертуге болатындығын тәжірибие жүзінде дәлелдеген кім?

Әдебиеттер:

1. Балалар психологиясы: оқулық / Ж.Қ.Дүйсенова, Қ.Н.Нығметова / - 2012.

2. Детская психология: учебное пособие /Д.Б.Эльконин; ред.сост. Б.Д.Эльконин .-6-е изд., стер..- / - 2011

3. Возрастная психология: учебник для бакалавров / Л.Ф. Обухова / - 2014

4. Психология детей младшего школьного возраста: учебник и практикум для бакалавров / [Айгумова З.И., Васильева Н.Н., Вачков И.В. и др.]; под общ. ред. А.С.Обухова / - 2014


11- дәріс. Тақырыптың аталуы: Мектепке дейінгі шақта ойын баланың басты әрекеті

Дәріс жоспар:

1. Ойын бала психикасын дамытушы басты құрал

2. Оқу әрекетінің бала психикасының дамуына тигізетін әсері

3. Мектепке дейінгі жастағы бала іс-әрекетінің негізгі түрлері

4. Еңбек пен оқыту әрекетінің бала психикасының дамуына

тигізетін ықпалы

1.Ойын бала психикасын дамытушы басты құрал. Ойын мектеп жасына дейінгілердің іс-әрекетін дамытуда негізгі жетекші рөл атқарады. Философтар, тарихшылар, этнографтар, психологтар мен педагогтар ойынның шығу тарихын, оның бала өміріндегі орнын тәрбиелік міндеттерді шешу үшін ойынды тиімді пайдалану мүмкіндіктерін зерттейді.

Мектеп жасына дейінгі балалар үшін ойынның айрықша маңызы бар, «ойын олар үшін оқу, еңбек және тәрбиенің нақты формасы» деді.

Ойын мектеп жасына дейінгі балалар үшін қоршаған ортаны танып білу формасы. Ойынның әлеуметтік сипаты белгілі бір қоғамда өмір сүретіндігіне байланысты және ойын қарым-қатынас құралы.

Баланың ойынына нендей нәрсе түрткі болады, соны ашып алау қажет. Өткен ғасырдағы кейбір оқымысты ғалымдардың айтуынша Шиллер «Бала қозғалмай, әр нәрсемен айналыспай көп отырса, соның салдарынан жұмсалмай қалған қуат жиналады да соны жұмсау қажеттілігі баланы ойнауға итермелейді». Бірақ бұл пікірге көптеген психологтар қарсы болған. Тек жұмсалмай қалған қуат күші жиналған балаларға ғана емес, кейбір шаршап отырған балалар да ойнайсың ба сұрағанда ойнаймын деп жауап береді. Соны есепке алып Австрия психологы К.Бюллер жұмсалмай қалған қуат теориясы баланың не себепті ойнайтынын дәледей алмайды деп ойынның себебін рахаттанумен байланыстырады. Себебі бала ойыны сол кезде мәз болып рахаттануымен ұштастырылмаса, екінші рет ойнағысы келмес еді.

Көрнекті орыс марксистерінің бірі Г.В.Плеханов «Бала ойын кезінде үлкендердің еңбек әрекетін қайталайды, сондықтан ойын еңбектің інісі» деген. Бірақта баланың ойнауына не себеп болатыны әлі анықталмаған. Себебі тек бала емес, жануарлардың төлдері, тіпті балапандар да ойнайды. Ойын тек адам баласына емес жаунарларға да тән болғандықтан жалпы айтқанда тіршілік репетициясы сияқты әрекет. Олар үлкендердің әрекетін нақты қайталай алмайды, бірақ өзін-өзі соған даярлау керек.

Бірақ ұзақ тарихи дамуда баланың ойыны үлкендердің ісін үйренуге арналған. Ерте кезде ойын баланың негізгі әрекеті болып есептелмеді, жұмыстан қолы босаған кезде ғана бала ойнайтын болды.

Ойын кезінде түгелдей үлкендерден көргенін, олардың өзара қарым-қатынастарын және басқа әрекеттерін бейнелейді және неғұрлым белсенді әрекет етуге мүмкіндігі болса, соғұрлым ойын қызықты болады. Осындай жағдайда бала үлкендердің еңбегін қайталау үшін ойыншықты сол зат етіп пайдаланады.

Бала ойынының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп А.С.Макаренко былай деген: «Бала өмірінде ойынның маңызы зор. Ересек адам үшін еңбектің қандай маңызы болса, ойынның бала өмірі үшін нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса өскенде еңбекте сондай болады. Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу алдымен ойыннан басталады».

Ойынға ерекше мән беріп А.П.Усова «Ойын басқа тәрбие формаларының қайсысынан болса да жоғары тұрады. Өйткені ол барлық тұрмыс-тіршілігін ұйымдастыруға, олардың белсенділігін арттырып, өз бетінше әрекет етуге мүмкіндік береді» деген.

Ойында тек жекелеген қимыл қозғалыстар емес, біріккен әрекеттер жүзеге асады. Бұл әрекетте бір-бірімен тілдесу арқылы қарым-қатынас негізінде жүзеге асады.

Адамның басқа әрекеттері сияқты бала ойынының да әлеуметтік сипаты болады. Сондықтан ойынның мазмұны адамның өмірі мен тарихи өзгешеліктеріне байланысты ауысып отырады. Баланың ойынының өзгеруі де өзгерген өмір бейнесін көрсетеді. Мысалы, 1941 жылы балалар ойынының мазмұны өз жауына қарсы күресу, тамақты карточкамен алу болса, қазіргі бала ойыны мүлде басқа.

Бала өз ойынында шығармашылық шындықты бейнелейді. Кейде өз қиялы бойынша фантазиясы мен ойынның мазмұнын өзгертеді.

Бала ойында өзінің басында бар біліміне сүйенеді және ойынды өз танымы мен адамгершілігіне, қабілетіне байланысты дамытып отырады. Мысалы, дүкен, сатушы, дәрігер ойындарын ойнау үшін балада олар туралы түсінік мағлұмат болуы керек. Сондықтан бала ойыны үлкендердің еңбегін бақылаудың негізі болып есептеледі.

Мектепалды даярлық топ балаларының тілін дамытуда ойындардың рөлі зор. Ойын үстінде балалардың тілі дамып, бір затқа бейімділігі, қызығушылығы артады.

Ойын мазмұны мен түріне қарай: мазмұнды-бейнелі, қимыл-қозғалыс, дидактикалық, құрылыс кейіптендіру ойындары болып бөлінеді.

Балалардың ойын арқылы тілін дамыту мәселелерін көрнекті орыс педагогтары А.С.Макаренко, К.Д.Ушинский, П.Г.Саморукова, психолог-ғалымдар Д.Б.Эльконин, А.В.Черков, Р.М.Римбург, А.В.Запорожец және т.б. зерттеп еңбектер жазған. Ойынды өсіп келе жатқан бала организмі талап ететін табиғи қажеттілік деп сипаттайды және оның тәрбиедегі аса маңыздылығын атап көрсетеді.

«Ойын өсіп келе жатқан бала организміне ауадай қажет. Ойын үстінде баланың күш-қуаты толыға түседі, қолы қатайып, денесі иілгіш, көз қырағылығы артып, тапқырлық, сезімталдық, өз ойын білдіру әрекетін көрсету секілді қасиеттері, тілі дамиды. Ойын үстінде балалардың бойында ұйымшылдық дағдылары қалыптасады. Өзі тап болған жағдайды байыппен талдап, төзімділікке үйренеді» - деген болатын.

Я.А.Коменский өзінің «Ұлы дидактика», «Аналар мектебі» еңбектерінде балалардың тілін дамытуға күн тәртібі, тамағы және ойынның маңызы зор екендігіне үлкен мән берген.

Баланың шығармашылық қиял, қабілетін, тілін дамытуда да ойынның айрықша маңызы бар екендігін қазақ халқының этнограф-ғалымы Ш.Уәлиханов, ағартушы-педагог Ы.Алтынсарин, қазақ зиялылары. А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, Н.Құлжанова, М.Жұмабаев және т.б. атап көрсеткен. М.Жұмабаев «Педагогика» еңбегінде балаларға рухани тәрбие берудің жолдары мен әдістерін көрсетумен қатар, қоршаған дүниені қабылдауға, жан көріністерін (есту, сипап сезу, иіскеу, татып көру, ес, қиял, ойлау, тілін дамыту) бірлікте дамытудың маңызы жайында құнды пікірлер айтып, ой түйіндерін тұжырымдаған.

Балалардың қозғалысқа құрылған дидактикалық ойындарды меңгеруі өзіндік жеке ойындардың дамуына ықпал жасайды. Баланың әрбір жас кезеңіне сәйкес келетін ойындардың мүмкіндіктері мол.

Күнделікті тәжірибе көрсетіп жүргеңдей, алты жасар балалар ойындарына дұрыс басшылық жасалған жағдайда, олардың ақыл-ойы, тіл байлығы, сөздік қоры дамиды. Баланың талғамын, қызығушылығын, тілін дамыту барлығы ойын арқылы жүзеге асырылады. Сонымен, мектепалды даярлық тобында балалардың тілін дамытуда ойынның рөлі басым бола түседі. Ойын әрекетінің қызықты болуын қамтамасыз ететін, баланың танымдық қызығушылығы сапаларын дамытатын басты нәрсе: білім, әрекет, қарым-қатынас. Міне, осы жағдайларды ескере отырып, балалар тіл байлығын дамытуда пайдаланатын ойын түрлерін төмендегідей жүйелеуге болады:

1. Мазмұнды бейнелі ойын: отбасы, балабақша, мектеп, аурухана, ұшқыштар, мал фермасы, құрылысшылар, мұнайшылар, темір жол, теңізшілер;

2. Қимыл-қозғалыс ойындары: ақ серек, көк серек, ұшты-ұшты, аңшылар, сиқырлы таяқ, жаяу көкпар, ақбайпақ, ормандағы аю, мысық пен торғайлар, бақташы мен қозылар, қуыспақ, қасқыр қақпан, соқыр теке, жырадағы қасқыр.

3. Дидактикалық ойындар: заттардың түсін анықта, қуыршақты серуенге дайында, орныңды тап, ойлан тап, ұзын-қысқа, аласа-биік, әр құстың мекенін тап, түсті лото, дәл тауып айт, тігін шеберханасы, тез ретке келтір, мына заттарды сипатта, сандардың орнын тап, жоғары төмен, дүкен, көршілер, аралар, телеграф;

4. Құрылыс ойындары: лото және басқа конструкторларды пайдалану;

1.Спорттық ойындар: футбол, воллейбол, теннис, хоккей, баскетбол;

2.Рөлді-сюжетті ойындар: адамгершілік тәрбиесі тақырыбына оқылған ертегі, әңгімелерді рөлдерге бөле отырып орындау.

Балалардың дидактикалық ойын барысында есте сақтау, көру, сезіну, қабылдау, ойлау, сөйлеу үдерістері дамып, заттарды пішініне, түсіне, көлеміне қарай іріктеуге, әр түрлі қимылдарды орындауға үйренеді.

Ауызша ойналатын дидактикалық ойындарда сұрақ, өтініш келісімді білдіретін дауыс ырғақтарына еліктеу қабілеттері жетіледі. Ертегі немесе әңгіменің мазмұны бойынша бөлек-бөлек суреттерді пайдаланғанда оларды белгілі бір тәртіппен жинау, топтастыру үшін тапқырлық, байқағыштық, зеректілік көрсетеді.

Құрылыс ойынында әдемі ғимараттар құрылысын жасап, оның бояуларының бір-бірімен келісімді болуын жоспарлайды, қадағалайды.

Құрылыс материалдарының пішіні, түсі бойынша симметриялы орналастырып, оларды көлемі (кең-тар), биіктігі (биік-аласа) бойынша салыстырады. Ойын барысында шығармашылық танытып, жаңа мазмұн ойластырып, белсенділік көрсетеді. Өзінің және жолдастарының тұрғызған құрылыстарының сапасына баға береді.

Ұлттық қимылды ойында балалар санамақтар, өлеңдер, тақпақтар қолданады. Мұндай ойындарда балалардың тілі, сөздік қоры дамып, қалыптасады, кеңістікті, уақытты бағдарлауды үйренеді, батылдық, тапқырлық, қайраттылық, шапшаңдық, ұжымшылдық сияқты қасиеттерге тәрбиеленеді.

Кейіптендіру ойындары балаларға таныс ертегі, әңгіме негізінде құрылады. Жан дүниесіне жақын рөлдерді өздері орындауға талпынады. Ойында ауыз әдебиеті үлгілері пайдаланатындықтан, олар балалар өміріне жарқын сезім, қуаныш, белсенділік, шығармашылық енгізеді, тілін дамытады. Осындай қасиеттер тәрбиеленушінің тұлғасының қалыптасуында маңызды рөл атқарады.

Балалардың тілін дамытуда ұлттық ойынның орны ерекше. Ойында адамдар өмірінің сан қыры, тұрмыс-тіршілігі, еңбегі, дүниетанымы, арман-тілегі, болашаққа деген сенімі, ержүректілік пен жігерлікке құлшынысы көрініс табады.

Халық педагогикасында ойындар өте көп және мазмұндары да, бағыттары да бірін-бірі қайталамайтындай сан алуан, әрі қызғылықты. Олар: «Алақан соқпақ», «Тақия тастамақ», «Айгөлек», «Аңдардың айтысы» т.б. Мәселен «Аңдардың айтысы» атты ойында жүргізушінің талабына сай әндер орындап, онда аңдардың дауыстарын, қылықтарын бейнелеп, олардың өздеріне тән ерекшеліктерін сипаттап көрсетеді. Мұның өзі хайуанаттар әлемі жөнінде нақты үғымды, шығармашылық қабілетті, жеке және топтанып ән айту дағдысын жетілдіріп, тілін дамытады. Ойын ережелерінің бала үшін тәрбиелік маңызы бар. Олар ойын барысын белгілейді, тәрбиеленушінің тәртібі мен іс-әрекеттерін, олардың өзара қарым-қатынасын бақылап, ерік-жігерінің қалыптасуына ықпал етеді.

Дидактикалық ойындардың мазмұны мыналарды қамтуы тиіс. Олар:

-дидактикалық ойындар нақты, қысқа, қызықты, тартымды болуы міндетті;

-дидактикалық ойындарға тапсырмалардың біртіндеп күрделенуі және ол ақыл-ой іс-әрекетінің тәсілдерін меңгеруге ықпал етуі қажет;

-ойыңдардағы тапсырмалардың әр түрлі тәсілдермен орындалуын қадағалау және оқытудың тәрбиелік ықпалын күшейтуге ықпал етуі керек:

-дидактикалық ойын тәрбиеленушінің жас ерекшелігіне сай, бағдарламадағы материалдарға, оның ішінде нақты сабақтың мазмұнына сай болып, тапсырманың мәнін ашу керек;

-дидактикалық ойындарда қолданылатын материалдар мен көрнекіліктер қарапайым болып, олардың жасалуы мен дайындалуы тез әрі жеңіл болуы шарт.

Тәжірибеден байқағанымыздай, дидактикалық ойындарда балалардың сөйлеу, ойлау, есте сақтау қабілеті дамиды. Бұл ойындар алған білімді бекітуге ықпал жасайды.

Дидактикалық ойындарға «Жемістер», «Жануарлар», «Қуыршақты

киіңдір», т.б., ал арнайы таңдалып алынған ойындарға («Не жоқ?», Тап», «Жоғары-төмен», «Сиқырлы саңдық», «Ғажайып қоржын» т.б.). Ойын түрлері оқушының сабақта тапсырманы орындау кезінде қызығушылығын туғызып, белсенділігін арттырады. Ойындарда викториналар, сөзжұмбақтар, жаңылтпаштар, ойлан таптар «Кім не істеді?», «Не қалай дыбыстайды?», «Қай дыбыстан басталады?» болады. Осыңдай ойындарды түрлендіріп отырудың пайдасы зор. Дыбыстарды дұрыс есту мен айтуға төселген бала дұрыс оқу мен жазуға тез бейімделеді.

Қимыл-қозғалыс ойыны белгілі бір іс-әрекеттен тұрады. Бұл ойын түрі оқушының барлық психологиялық қабілетін дамытады. Қимыл-қозғалыс ойындар өзінше баланың өмірге деген көзқарасының қалыптасуына әсерін тигізеді. Мысалы: «Кім керек?», «Мысық пен тышқан», «Сыңарыңды тап», «Көңілді поезд», «Ақ терек, көк терек», т.б.

Сюжетті-рөлді ойындарда балалар ересектердің өмірі мен іс-әрекетін қайталайды. Олардың қарым-қатынасын көрсетеді. Мысалы, «Дүкенде», «Дәрігерде», «Кітапханада», «Қонақта» және т.б. ойындарды ойнау барысында үлкендерге еліктей отырып, олар өз рөлін және ойын логикасын жасайды.

Оқу әрекетінің бала психикасының дамуына тигізетін әсері. Баланы қоғамның пайдалы іс-әрекетіне даярлап жан-жақты етіп дамыту үшін оқытудың маңызы зор. Баланың барлық психикалық дамуы үйрету, алдыңғы ұрпақтардан жинақталған тәжірибені беру арқылы жүзеге асады. Сонда да білім мен дағдының көбін бала үлкендермен тікелей қарым-қатынас жасау арқылы меңгереді. Әр жас кезеңіндегі оқыту баланың психикалық даму ерекшелігіне қарай белігілі бір бағдарлама, шағын материал негізіне сүйеніп жүргізіледі. Нәрестелік кезеңде бала күнделікті қоршаған ортадағы тіршілік жағдайымен, яғни тұрмыстық заттар мен ойыншық арқылы дүниемен танысады.

Мектепке дейінгі кезде одан да күрделене түседі, заттар мен құбылысқа

деген ықылас пайда болады. Соның негізінде баланың білімі, іскерлікті игеруге сөздік қоры, творчестволық қиялы, сезімі, теориялық ойлауы дамиды, тіпті тұрмыстағы заттармен, құрал-жабдықтармен әрекет ете білуді меңгереді және еңбек балаларды қоғамның саналы мүшесі ретінде болашақ өмірге даярлайды.

Әңгімені тыңдау, суретті қарау, үлкендер еңбегін, өз құрбысынан еңбек нәтижесін қарау негізінде түсінік алады.

Мектепке дейінгі жастағы бала іс-әрекетінің негізгі түрлері. Ойын баланың психикалық дамуына әсер ететін бірден-бір іс-әрекет емес. Бала сурет салады, жапсырады, құрылыстар тұрғызады, әшекейлер ояды, қашайды. Бала іс-әрекетінің барлық түріне ортақ нәрсе - олардың белгілі бір нәрсені жасауға, сурет салуға, құрастыруға, құрақ құрауға бағытталған болуы. Бірақ бұл іс-әрекеттің әрқайсысының өз ерекшеліктері бар. Олар қимылдың ерекше тәсілдерін игеруді талап етеді және баланың жетілуіне өзінің арнайы ықпалын тигізеді.

Бейнелеу іс-әрекеті. Баланың бейнелеу іс-әрекетінің бастамалары ерте балалық шақтан басталады. Мектепке дейінгі балалық шақтың басында бала әдетте жеке заттарды бейнелеуге мүмкіндік беретін графикалық бейнелердің (өте шектелген болса да) біршама қорына ие болады. Әйтсе де бұл бейнелердің заттың өзімен ұқсастығы өте аз.

Балалар бейнелейтін заттық графикалық формасы алдымен үш сәт ке: баланың қолында бар графикалық бейнелерге, затты көру әсеріне және олармен іс-әрекет жасау үдерісінен игерілетін қимылдық-сезімдік тәжірибеге байланысты. Оның үстіне бала өзі салған суретте заттан алған әсерді бейнелеп қана қоймай, оған қоса сол затты өзінің қалай түсінетінін, ол жөніндегі өз білімін де көрсетеді. Мысалы, әйел адамның тұлғасын анасының суретке қалай салғанын бақылаған бала әуелі аяқтың, содан кейін барып көйлектің суретін салу керек екенін талап етті.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Құрастырудың басты кезеңі қалай аталады?

2. Қандай ойында балалар санамақтар, өлеңдер, тақпақтар қолданады.

3. Қандай ойын арқылы балалардың тілі, сөздік қоры дамып, қалыптасады, кеңістікті, уақытты бағдарлауды үйренеді, батылдық, тапқырлық, қайраттылық, шапшаңдық, ұжымшылдық сияқты қасиеттерге тәрбиеленеді?

4. Құрастыру іс-әрекетінің типтері.

5. Үлгі бойынша құрастыру, шарттар бойынша құрастыру, ойлау арқылы құрастыру типтері қандай іс-әрекетке жатады?

Әдебиеттер:

1. Балалар психологиясы: оқулық / Ж.Қ.Дүйсенова, Қ.Н.Нығметова / - 2012.

2. Детская психология: учебное пособие /Д.Б.Эльконин; ред.сост. Б.Д.Эльконин .-6-е изд., стер..- / - 2011

3. Возрастная психология: учебник для бакалавров / Л.Ф. Обухова / - 2014

4. Психология детей младшего школьного возраста: учебник и практикум для бакалавров / [Айгумова З.И., Васильева Н.Н., Вачков И.В. и др.]; под общ. ред. А.С.Обухова / - 2014

12- дәріс. Тақырыптың аталуы: Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі баланың ойлау, сөйлеу, ес, қиял үдерістерінің дамуы

Дәріс жоспар:

  1. Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі баланың ойлау үдерісініің дамуы.

  2. Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі баланың сөйлеу үдерісінің дамуы.

  3. Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі баланың ес үдерісінің ерекшелігі.

  4. Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі баланың қиял үдерісінің дамуына сипаттама.

1.Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі баланың ойлау үдерісінің дамуы. Мектепке дейінгі кезеңде қабылдау өзінің алғашқы аффективті сипатын жоя бастайды. Қабылдау мағыналы, мақсатқа бағытталған, талдаулы бола бастайды. Бақылау, қарау, ізденіс сияқты ерікті әрекеттер бөлінеді. Сөйлеу қабылдаудың дамуына маңызды ықпал етеді. Бала әртүрлі объектілер және олардың арасындағы қатынастардың сапаларын, белгілерін, жағдайларын белсенді түрде қолдана бастайды. Құбылыстар мен заттардың қасиеттерін айта отырып, ол өзіне сол қасиеттерді бөліп алады, заттарды атап, олардың басқалардын қандай айырмашылығы бар екенін бөліп,ажырата алады.

Ойлаудың негізгі ойлау жолы – көрнекі әрекеттік ойлаудан көрнекі образдық және кезең соңында сөздік ойлауға ауысуы. Ойлаудың негізгі түрі – көрнекі образдық болып табылады, бұл Жан Пиаженінің терминологиясына сәйкес келеді.

Мектепке дейінгі кезеңде бала образды ойлауда болады, себебі, ол әлі үлкендердің пайымдау логикасын меңгермеген. Бала ойы Л.Ф.Обухованың экспериментінде қарастырылады. Ж.Пиаже біздің балалар үшін кейбір сұрақтарды қайталайды.

Білім алу балалар ойлауын дамытудың міндетті шарты болып табылады. Бұл білімнің бір сыпырасын балалар тікелей үлкендерден, ал өзгеулерін үлкендердің жетекшілігі және бағытталуы арқылы өз бақылаулары мен іс – әрекетінің тәжірибесінен алады. Білімі қорының біраз артуы әлі ойлаудың дамуын түсіндіре алмайды. Білімді игерудің өзі ойлаудың нәтижесі болып табылатын ойлау міндеттерін шешетін іс екендігінде. Егер бала өз іс – әрекетінің жеместі болуына әсер еткен жағдайларды, үлкендер көрсеткен тәжірибелерді және өз ой үлесін ажырата білмейінше үлкеннің түсіңдіруін де ұқпайды, өз тәжірибесінен де ешбір сабақ ала алмайды. Игерілген жаңа білім ойлаудың одан әрмең дамуына әсер етеді, баланың ойлау іс – әрекеттерінің жаңа міндеттерін шешуге пайдаланылады.

Мектепке дейінгі баланың мынындай ойлауының ерекшеліктері болады. Біріншіден, 5 жастағы балада мәселені шешу күні бұрын ойланған сөздік формада беріледі.

Екіншіден, соған байланысты баланың орындайтын әрекетінің мәні өзгереді.

Үшіншіден, әртүрлі жағдайдың әсер етуінен ойлау үдерісінің мәні өзгереді.

Төртіншіден, көрнекілік амалдық ойлау жоққа шығарылмайды, жоғалып та кетпейді. Ол балада жинақталып тұрған қор сияқты.

Баланың ойлауының дамуына түрлі іс – әрекет әсер етеді. Іс – әрекет түрлері өз тарапынан баланың сана сезімінде өзінше із қалдырады. Өйткені бала психикасының өзі іс – әрекетінің барысында дамып, қалыптасып отырады. Іс – әрекеттен тыс тіршілік болмайды, онсыз психика да дұрыс дамымайды. Іс – әрекеттің түрлері ойын, оқу, еңбек әртүрлі формадағы белгілі бір мақсат пен міндеттерге бағытталып отырады.

2. Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі баланың сөйлеу үдерісінің дамуы. Психологтардың айтуы бойынша, бала қай тілде қарым – қатынас жасаса сол тіл шын мәнінде бала үшін ана тіліне айналады. Алдымен сөйлеудің дыбыстық жағы дамиды. Мектепке дейінгі кезеңнің соңында контексті сөйлеуге көшуге мүмкіндік болады. Бала тілдің грамматикалық жағын меңгеріп, үлкен сөздік қорын игереді. Ол оған оқып берген мәтіңді қайталап айтып беруіне, суреттеменің мазмұнын баяндауға, айналасындағылармен көргенін, алған әсерін ұғыңықты тілмен жеткізуіне мүмкіндік береді.

Жалпы мектепке дейінгі кезеңде үлкендерге тиісті ауызша сөйлеудің барлық түрін меңгереді. Монолог сөйлеу, әңгіме айту дағдысы қалыптасады. Ол үлкендерге көргенін жеткізіп қана қоймайды, сонымен қатар сол нәрсеге байланысты өз алған әсерін де жеткізе біледі. Құрбыларымен қарым – қатынас кезіңде диалогты сөйлеуі дамиды. Эгоцентрикалық сөйлеу балаға әрекеттер жоспарлап, жүйелеуге көмектеседі. Бала алдағы әрекеттің жоспарын құрып, міндеттерін орындау тәсілін талқылайды, сөздердің жаңа формаларын қолдану, ашық түрде айту, осы кезеңдегі балалардың қарым – қатынасының жаңа міндеттеріне байланысты.

Ситуациялық сөз дегеніміз өзара әңгімелесіп отырған адамдардың өздеріне ғана түсіңікті сырттан келгендер бұл жағдайды түсінбейтін түсініксіз сөз. Ситуациялық сөйлеуге тән қасиет жобалап қана түсінуге болатын бастауышы түсіп қалған сөз. Бірақ ол көпшілік жағдайда есімдікпен ауысады, яғни «ол, олар» деген сөздерді пайдаланады.

Бала тілін дамыту үшін жұмбақ шешу, ертегі айту, тақпақ жаттаудың маңызы зор. Бала 5 жастан бастап, әңгіменің мазмұнын өз бетінше құрастырып, айтып бере алады, соның нәтижесінде диалогты және монологты сөздік қоры дамиды.

Тілдік материалдар негізінде байланысты сөйлеу ішкі сөйлеумен тығыз байланыста болады. 5 жастағы балалардың ойы тілдің қозғалуымен еріннің жыбырлауы және өз ойын сыбырлап сөйлеу арқылы жүзеге асады. Өйткені адам өзінің ойының мазмұнын жақсы біледі. Балалар үшін ішкі сөйлеу өте қысқа және икемді болады. Атақты психологтар А.А.Люблинская, Л.С.Выготский, Жан Пиаже зерттеулерінде 4-6 жастағы балаларда эгоцентрикалық сөз формасы басым болады. Бірақ эгоцентрикалық сөз 6 жастан кейін қалу керек.

3.Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі баланың ес үдерісінің ерекшелігі.

Мектепке дейінгі кезеңде бала психикасының жоғары деңгейге көтерілуі жаңа әрекет түрлерінің бала психикасына әсер етуі және үлкендердің балаға қойылатын талап тілектерінің күрделенуіне тікелей байланысты.

Мектепке дейіңгі кезеңдегі балада ес үдерісінің дамуы айқындалып, біршама күрделеңгендігі байқалады. 3-4 жастан бастап бала қоршаға ортамен жан – жақты танысып, ойын, қарапайым еңбек іс – әрекеттерімен шұғылдана бастайды. Осының нәтижесінде бала есте сақтаудың арнайы тәсілдерін пайдаланбай – ақ, іс – әрекеттің орындалуы барысында байқаусызда, материал бала есінде өздігінен ырықсыз түрде сақталып отырады.

Мектеп жасына дейінгі кезең бала есінің ырықсыздығымен ерекшеленді. Мектепке дейінгі кезеңде сөз логикалық естің дамуы баяу жүзеге асады. Бұл кезде көрнекі бейнелік, эмоциалық сезімдік естің маңызы зор.

Есте сақтауды үйретудің ең қарапайым тәсілі қайталату және баланың ерікті есте сақтауын дамыту үшін көргенін, естігенін өз сөзімен әңгімелеп айтып берудің өзі материалдың баланың есінде берік сақталуы үшін маңызы зор.

Зинаида Михайловна Истомина 3-тен 7 жасқа дейінгілердің есінің дамуының 3 дәрежесін анықтаған.

I дәрежесіне тән сипат: бала еске сақтау мен еске түсіру үшін арнайы мақсат қоймайды.

II дәрежесінде: балада еске сақтау ешқандай арнайы тәсілдерді пайдаланбай – ақ жүзеге асады.

III дәрежесінде бала еске сақтап, қайта жаңғырту үшін арнайы әдіс – тәсілдерді пайдаланып, еске сақтау мақсатты түрде жүзеге асады.

Еске сақтаудың осы II және III дәрежесіне бала 6 жасқа келгенде жетеді.

Бала 6 жасқа келгенде тек механиккалық есі емес, сөз логикалық есі жақсы дамығынын байқауға болады.

Баланың сөз логикалық есінің жақсы дамығанын оның жақсы түсінген материалды есінде сақтап қайта жаңғыртуынан байқауға болады. Мысалы, 6 жастағы бала ертегі әңгіменің мазмұнын өз сөзімен қайталап айтқан кезде өзіне онша таныс емес «азамат» деген сөзді өзіне таныс күнделікті айтылып жүрген «ағай» деген сөзбен ауыстыра алады.

Кейде олар ертегі әңгіменің мазмұның өзгертпей, өз логикасымен толықтырып, қосып,тек жүйесін ғана өзгертуі мүмкін.

Баланың сөз логикалық есін дамытуда оқу әректімен шұғылдануының маңызы зор. Осы кезеңдегі сөз - логикалық естің жүзеге асуының өзі 3 кезеңнен өтеді:

  • Практикалық;

  • Сөздік әрекеттік;

  • Ақыл – ой әрекеті негізінде.

Ес үдерісінің нашар қалыптасуы іштен туа пайда болмайды, есте сақтаудың нашар болуы баланың ес үдерісіне күнделікті өміріне тәрбие үдерісінде дұрыс дамытуға тікелей байланысты.

Баланың ес үдерісін дамыту үшін бірнеше есте сақтау тәсілдерін білу керек. Мысалы:

  1. Екі топтың балаларына көлемі бірдей мәтінді жаттап келіп, айтып беруге тапсырма берген кезде бір топқа еске сақтап, кейін қайта жаңғырту керектігі түсіндіріледі, ал екінші топтың баларына тек жаттап келіңдер дейді. Бір топтың еске сақтауы екіінші топқа қарағанда сапалы болады, өйткені еске сақтап қайта жаңғырту үшін мақсат қоюдың маңызы ерекше.

  2. Бала материалдың мән – мағынасын жақсы түсінсе, есінде бәрін жасы сақтайды.

  3. Бала еске сақтауға тиіс материалдарды көзімен көріп, қолымен ұстап тәжірибе жүзінде ұзақ, тікелей әрекет етсе, есіңде жақсы сақтайды, ал тез есте сақтаса тез ұмытады, әсіресі оқу әрекетін меңгерту кезінде баланың әртүрлі есінің типтік ерекшеліктерін ескеру керек.

В.С.Мухина бойынша мектепке дейінгі шақ есте сақтаумен еске түсіру қабілеттілігінің пәрменді дамуымен сипатталады. Адамдар, оқиғалар есте сақталатын кезең мектепке дейіңгі шақта анықталмаған мерзімге ығысады. Шындығында бізге сәбилік шақтағы оқиғалардан бірденеңі еске түсіру қиын немесе мүлде дерлік мүмкін болмаса, мектепке дейінгі балалық шақ көптеген әсерлі сәттерді есте қалдырады. Бұл әсіресе мектепке дейінгі ересектерге тән. Есте сақтау мен еске түсіру баланың еркі мен санасына байланысты өтеді. Бұл екеуі де іс – әрекет арқылы жүзеге асады, әрі іс – әрекеттің сипатына байланысты болады. Бала іс – әрекетте неге зейін қойса, оған не әсер етсе, не қызық болса, соны ғана есіне сақтайды.

4.Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі баланың қиял үдерісінің дамуына сипаттама. Мектеп жасына дейінгі баланың қиялын ырықты деп айтуға болмайды, өйткені ол ешқандай мақсат қоюды талап етпейді. Ол балаға сыртан әсер ететін заттар мен құбылыстарға тикелей байланыста болады. Бала ойнайтын ойның да үлкендерге еліктеп қайталайды.

Баланың қиялы сәбилік шақтың соңында пайда бола бастайды. Ол сананың белгілі бір функцияларымен байланысты. Белгілер функциясын дамытудын екі желісі бар.

Бірінші желісі заттарды басқалай бейнелеулерімен тілдік, математикалық және басқа белғілерді пайдалануға, ойладың логикалық формаларын меңгеруге жетелейді.

Екінші желі нақтылы бұйымдарды, оқығаларды қиялдағылар арқылы толықтыру мен алмастыру мумкіндігінің пайда болуы мен кеңеюіне, жинақталған тусініктердің материялдарына жаңа бейнелер қүруға жетелейді.

Баланың қиялдауы ойын үстінде қалыптасады. Алғашқы кезде қиял заттарды қабылдаудан және ойын іс-әрекеттерін орындауынан көрінеді. Бала таяққа отырып алып атпен жортады, бұл сәтте ол –салт атты, ал астындағы таяқ –аты. Бірақ шауып өте шығарлықтай ештеңе жоқ. Кезінде, таяқпен қымыл жасамағанда өзін ойынша таяқты шын ат дей де алмайды.

Бала сурет салғанда, ертегі мен тақпақты ойдан шығарғанда қиялы неғұрлым айқын байқалады. Балалар ойын кезіндегі сияқты мұнда да басында тікелей қабылдаған заттарды немесе қағаз бетіндегі суретерді пайдаланады.

Баланың қиялы үлкендерге қарағанда бай деп есептелгенімен, шындығында үлкен адамның қиялынан бай емес, керісінше әлдеқайда жұпыны. Өйткені баланың өмір тәжірібесі аз, білімі таяз, сондықтан қиялдауға қажетті материалдары да аз.

Мектеп жасына дейінгі бала қиялы көбінесе ықтиярсыз қайта жасау негізінде жүзеге асады,яғни біреудің жазғаны мен сызғанына,поэзиялық шығармаларының, ертегі әңгімелердің негізіне сүйенеді. Сезімнің арқасында ертегілер мен тақпақтарды ойлап шығарады. Бала өз шығармасының қорытынды мазмұнын қандай болатынын өзіде білмейді.

Ықтиярлы,арнайы қиялдың дамуы да, зейін мен естің ықтиярлы формаларының дамуы сияқты баланың мінез –құлқының сөзбен реттелуінің қалыптаса бастауындағы жалпы үдерістің бір жағы болып табылады. Іс-әрекеттің жемісті түрлеріндегі мақсат қою мен ойды құру жетекшілігі сөз арқылы жүзеге асады. Бала қиялын дамытуда ойынның сурет салу және құрастыру әрекеттерінің әдеби шығармалар мен ертегі әңгімелердің де маңызы зор.

Өзін- өзі бақылау сұрақтары:

1. Мектеп жасына дейінгі баланың қиялын ырықты деп айтуға бола ма?

2. Ырықсыз қиял деген не?

3. Есті дамытудың жолдарын атаңыз

4. Мектеп жасына дейінгі бала қиялының ересектер қиялынан айырмашылығы бар ма?

5. Эмоциялық естен бейнелік есті бөліп қарауға бола ма?

Әдебиеттер:

1. Балалар психологиясы: оқулық / Ж.Қ.Дүйсенова, Қ.Н.Нығметова / - 2012.

2. Детская психология: учебное пособие /Д.Б.Эльконин; ред.сост. Б.Д.Эльконин .-6-е изд., стер..- / - 2011

3. Возрастная психология: учебник для бакалавров / Л.Ф. Обухова / - 2014

4. Психология детей младшего школьного возраста: учебник и практикум для бакалавров / [Айгумова З.И., Васильева Н.Н., Вачков И.В. и др.]; под общ. ред. А.С.Обухова / - 2014


13-дәріс.

Тақырыптың аталуы: Мектеп жасына дейінгі балалардың ерік және сезімінің ерекшеліктері

Дәріс жоспар:

1.Мектеп жасына дейінгі балалардың сезімінің дамуы

2.Мектеп жасына дейінгі балада еріктің дамуы

3.Мектеп жасына дейінгі балалардың ерік әрекетіндегі кемшіліктер және оны қайта тәбиелеужоспары.

1.Мектеп жасына дейінгі балалардың сезімінің дамуы. Мектепке дейінгі шақтағы балалар өмірінде сезім барлық психологиялық таным үрдістерінен сипаты жағында жоғары болады, оған реңк және мәнерлік береді. Кішкентай балалар өздерінің толғаныстарын меңгеруді әлі білмейді. Ол үнемі дерлік өзін тартып әкеткен сезімдеп шырмауында қалып тырады. Үлкендермен салыстырғанда баллаларда сезімнің сыртқы бейнесі неғұрлым қызу, тікелей әрі еріксіз сипатта болады. Баланың сезімі жылдам әрі айқын көрінеді де, тез

сөнеді.

Қызу шарттық артынша-ақ жылаумен алмасады. Бала толғаныстарының ең күшті басты көзі – баланың басқа адамдармен, үлкендермен, балалармен өзара қарым-қатынастары. Төңірегіндегі адамдар балаларға еркелете қараса, оған назар аударса, бала эмоциялық рахаттылықты сенімділікті, қамқорлықты сезінеді. Әдетте мұндай балаларда сергектік шат көңіл-күй басым болады. Эмоциялық рахаттылық баланың жеке басының әдеттігінше дамуына жағымды қасиеттерінің басқа адамдарға тілектестік қарым-қатынастарының төселуіне себепші болады. Үлкен адамдардың балаларға қатысты мінез- құлқы балада түрлі сезімдр – қуаныш, реніш шаттық тағы басқа сезімдер тудырады. Бала бір жағынан еркелетуге , мақтауға, екінші жағынан өзіне жасалған реніш пен көрсетілген әділетсіздікке қатты толғанады.

Мектеп жасына дейінгі балаларда жақын адамдарына алдымен ата-аналарына аға інілерін, апа-қарындастарына деген махаббат, мейірімділік сезім болады. Оларға көбіне қамқорлық аяушылық білдіреді. Өзге адамға деген сүйіспеншішілік пен мейірімділік баланың көзқарасы бойынша оларды ренжітушілерге қарсы тұратын қаһармен және ызамен байланысты. Бала түсінбестіктен жақсы көрген адамның орнына өзін қояды, осы адамның басынан кешірген қайғыға немесе әділетсіздікке өз басынан түскен ауыртпашылықтай толғанады. Ертедегі жағымды кейіпкерлерге бала ерекше аяушылық білдіреді, бірақ өлке ұшыраған жауыздарды да аяйды. Бала көбінесе жағымсыз кейіпкерлерін одан қорғауға тырысады. Ертегіні тыңдаған кездегі балада пайда болатын сезімдер оны жалаң тыңдаушыдан оқығаның белсенді қатысушысына айналдырады. Бала сезімнің ішінде қатты қорқыныш, толғаныс ерекше орын алады. Қорқыныштың тууы көбінесе, үлкендердің теріс тәрбиесімен қиынсыз мінез-құлықтарына байланысты.

Мектепке дейінгі балалық шақта бала сезімінің сыртқы белгілері де айтарлықтай өзгереді. Бірінші, бала біртіндеп белгілі бір дәрежеге дейін қызу,батыл сезімдерді көрсетуді тежей білуге үйренеді. 5-6 жасар бала көз жасын тыя біледі, қорыққандығын білдірмейді. Екіншіден, көз тастау, күлімсіреу, ымдау, ишарат, кейін қозғалыс, дауыс ырғағының көмегі арқылы толғаныстың жұрт арасында қабылданған аса нәзік нышандарын бейнелеу үшін сезімдер тілін меңгереді.

2.Мектеп жасына дейінгі балада еріктің дамуы. Баланың ерік әрекеті саналы талап-тілектерінің нәтижесінде шешімге келіп, оны орындаумен сабақтасып, дамиды. 2 жастан асқаннан кейін тәрбиенің және ойынның ықпалымен баланың тәжірибиесі арта түседі, қиядай бастайды, ойлау қабілеті көріне бастайды. Өзінің талап - тілектерін түсінуге жарап қалады. Бірақ талап-тілектері еді де болса саналы бола қоймайды, тек эмоциялық сипатта ғана жүзеге асады. Эмоцияны ықпалы мен орындалатын әрекет қарапайым ерік әрекетіне жатады. Үлкендер балаға “Барып кел, алып кел, үйдің сурeтін сал” деген сияқты тапсырмалар береді. Бала үлкендердің айтқанын орындай жүріп, әр түрлі әрекеттерге жаттығады. Баланың еліктеген қылықтарының өзі қажыр мен қайраттылығын дамытады. Осылай бала әрекетінде эмоциялық белсенділік орын алады. Оларды эмоциялық сезім билеп, еркі тұрақсыз болып, іс – әрекет үстінде шешімін өзгертіп отырады. Алайда өзгерген мақсат күшті сезім туғызса, өз бойына лайық қажыр. Қайрат. Табандылық көрсетеді.

Бала өзін-өзі басқара алмайтындықтан үлкендер дұрыс жолға салып, бағыт беріп отыру қажет.Баланың ерік әрекетін тәрбиелелеу жас кезеңнен басталды.Тілі шығып жүре бастағаннан кейін әр нәрсені өзі орындауға тырысады.

Мектепке дейінгі кезеңде рөлдік, қимылды, спорттық, құрылыс құрастыру ойындары арқылы баланың ерік-сапаларын қалыптастыруға болады. Ұжымдық өмір – ұжымдық еңбек ерік әрекетін дамытуға итермелейтін себепші құрал болып табылады.

3.Мектеп жасына дейінгі балалардың ерік әрекетіндегі кемшіліктер және оны қайта тәрбиелеу жолдары. Баланың ерік, қайратын тәрбиелеуде бірыңғай дұрыс жоспарланған жарасымда іс-шараларды қолдану олардың мінез-құлқындағы кемшіліктерді жою жолдары болып табылады. Ерік кемшіліктерінің ішіндегі балаларда көп кездесетіні-қыңырлық. Қыңырлық ешқандай себепсіз өз дегенін істегісі келетіндіктен болады. Профессор Н.Д.Левитов қыңырлықтың психологиялық ерекшеліктерін байқататын мынандай белгілерін атап өтеді 1) қалай да өзінің айтқаның істегісі келушілік, 2)баланың жаңа пікірді ұға алмайтын ойының тарлығы, 3)басқа адамға талап қойғыш, өзінің айтқан талап-тілектерін мойындататындығы. Денсаулығы нашар, организмі әлсіз бала шаршағыш, ашуланшақ келеді. Мұндай бала кейде құр босқа ашуланып, тез қылықтар жасайды. Мысалы, қыңырлық ешқандай тыйым көрмеген еркеліктен туады, ол өзімшіл болады, ұжымнан шет қалады, дербестігі жойылып, өз бетімен еңбек ете алмайды.

Осыдан келіп қыңырлық, өзімшілік туады. Мұндай қыңырлықты жою үшін отбасындағы тәрбие бағытын түзеу керек. Қыңырлық кейде ересек адамның балаға орынсыз ұрып-соғып жәбірлеудің нәтижесі. Сондай-ақ тәрбиеленушілердің қатаң талап қоюынан үгіттеу көп болып, бір сөзді болмай орынсыз мақтай беруінен де туындайды.Осы себептер жойылса, қыңырлық та жойылады. Сонымен бала тілегін қайтармай құры мәпелей беру іс-әрекетті дұрыс ұйымдастырып отырмаушылық қыңырлықтың болуының негізгі себебі. Еркелікті тудыратын негізгі себептер қыңырлықтың болуының себебімен бірдей болғандықтан, еркелікпен күресу де қыңырлық сияқты. Қыңырлық пен еркелікті байқаған жерде тәрбиеші мынандай шаралар қолдану керек: ерке балаға көңіл бөліп, арыздарына құлақ сала бермей, қатаң талап қоя білу керек. Егер еркелік денсаулығына байланысты болса, маман-дәрігерлерден кеңес алу керек. Еркелікті жою үшін үйде де бақшада баланың айтқанын істеуді қою керек, жылады екен деп айтқанын істей беруге болмайды.

Мектеп жасына дейінгі балаларда қырсығу да жиі кездеседі. Бір нәрсені олай істеме деп айтсаң, ерегесіп түседі. Ашуланып, қарсылық көрсететіндері де болады. Мұндай қылықты көбінесе, жүйке жүйесі қозғыш балалар көрсетеді. Ол табиғатынан осындай қасарыспа емес, жүйке жүйесінің қозғыштығына байланысты. Жалқаулық та ерік жігерінің аздығын көрсетеді. Баланың белсенделік пен еңбек сүйгіштік қасиетінің болмауы, жалқаулықты жою үшін сол әдеттен шығудың жолдарын іздестіру керек. Жалқаулықтың басты себебі баланың ойынға айналып кетуі. Жауапкершілігінің жоқтығы және мақсатсыз әрекет етуге байланысты.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Қыңырлықтын пайда болу себептері.

2. Қыңырлық пен еркелікті байқаған жерде тәрбиеші қандай шаралар қолдануы тиіс.

3.Еркелікті жоюдың жолдары.

4. Баланың бойына ізгілік қасиеттерді қалыптастырудың жолдарын.

5. Профессор Н.Д.Левитов бойынша қыңырлықтың психологиялық ерекшеліктерін байқататын белгілерін атаңыз.

Әдебиеттер:

1. Балалар психологиясы: оқулық / Ж.Қ.Дүйсенова, Қ.Н.Нығметова / - 2012.

2. Детская психология: учебное пособие /Д.Б.Эльконин; ред.сост. Б.Д.Эльконин .-6-е изд., стер..- / - 2011

3. Возрастная психология: учебник для бакалавров / Л.Ф. Обухова / - 2014

4. Психология детей младшего школьного возраста: учебник и практикум для бакалавров / [Айгумова З.И., Васильева Н.Н., Вачков И.В. и др.]; под общ. ред. А.С.Обухова / - 2014



4-модуль. Баланы мектепке психологиялық даярлаудың ерекшеліктері

14-дәріс. Тақырыптың аталуы: Баланы мектепке психологиялық даярлаудың теориялық мәселелері.

Дәріс жоспары:

  1. Мектеп жасына дейінгі баланы мектепке даярлаудың психологиялық мәселелері

  2. Мектепке психологиялық даярлаудың педагогикалық – психологиялық ерекшеліктері

  3. Мектеп жасына дейінгі бала психикпсының дамуына мектеп алды дағдарысының ықпалы

  4. Мектеп жасына дейінгі баланы мектепке даярлаудың бағыттар мен оқуға бейімдеу жолдары

1.Мектеп жасына дейінгі баланы мектепке даярлаудың психологиялық мәселелері. Қазақстан Республикасы Презинденті Н.Ә.Назарбаев «жаңа онжылдық жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты халыққа жолдауында елімізде алдыңғы онжылдықта атқарылар істер мен оқыту мәселесіне тоқталуы осысала қызметкерлерінің өз ісіне деген жауапкершілігін арттыра түспек.

Қоғам мүддесіне лайықты жан – жақты жетілген, бойында ұлттық сана мен ұлттық психология қалыптасқан парасатты адамзат тәрбиелеп өсіру жанұяның, балабақшаның тіпті барша халықтың міндеті. Қоғам алға қойған бұл мінеттерді өз мәнінде шешу үшін мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мазмұнын түбегейлі өзгерту көзделуде.

Балабақша білім беру жүйесінің бірінші сатысы ретінде балаларды мектепке даярлауда маңызды қызмет атқарады.Бала мектепке қаншалықты саплы және уақытылы дайындалса, соғұрлым оның келешекте білім алуы нәтижелі болады.

«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» білім беру жүйесіне үлкен жаңалық жәнетсалмақты жауапкершілік әкелді. Онда «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту – баланың жасын және өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып, оның толыққанды қалыптасуы үшін дамыту ортасын құратын үздіксіз білім берудің бастапқы деңгейін» құру талабы алдымызда тұр.

Баланың мектепке оқуға психолоиялық даярлығы балалар психологиясы ғылымы мен білім беру жүйесі саласындағы өзекті мәселелердің бірі.

Жалпы білім беретін мектептердің 1 – сыныбына қабылданған балалар, мектептік оқу жүйесінде айтарлықтай қиындықтарға ұшырайды. Олардың сәтсіздіктерінің басты себебі – мектептік оқуға даяр еместігінде.

Оқуға берерде баланың тек биологияялық жасына немесе дене дамуының көрсеткіштеріне сүйенбей, мектепке психологиялық даярлығының өлшемін жасап шығаруға болмайтын тәжірибе көрсетіп отыр.

Кез келген ғылыми зерттеу жұмысы тарихи дамуы жолынан өтеді. Балаларды мкетепке даярлау процесі іс жүзінде Ресейде 1970 – жылдардан басталса, батыс еуропа елдерінде 1950 – жылдардың өзінде – ақ өмірге келді.

Баты Еуропада баланың мектептегі оқуға психологиялық даярлығының диагностикасы тәжірибелік әрекет ретінде қалыптасты. Мәселен, 1920 жылдардың басында Германияда мектепке барар баланы сынақтан өткізетін екі орталық жұмыс істеді: Лейпцинг қаласындағы Винклер зертханасы мен Мюнхендегі гуд және Пеннингтер орталықтары. Бұл тексерулердің міндеті – мұғалімнің, баланың ақыл – ой қабілеті туралы мүмкіндігінше тез, әрі батыл түрде мәлімет алуына көмектесу болатын.

2.Баланы мектепке психологиялық даярлаудың педагогикалық – психологиялық ерекшеліктері. Қоғамның даму әлеуеті білім деңгейі мен білімділік көлемімен өлшенеді. Әлеуметтік ортадағы адамзат баласының білімділігінің негізін қалайтын қасиетті орын – мектеп. Ғылымның әрбір саласынан хабар беретін мектеп оқуы жүйелілігімен, бірізділігімен ерекшеленеді. Жалпы білім беретін мектептің алғашқы сатысы бастауыш білім болса, сол бастауыш білімнің де, өз кезегінде сүйенер кезегі бар. Ол – білім беру жүйесінің бастапқы буыны мектепке дейінгі тәрбие. Сәбилерге алғашқы мәдени – гигиеналы дағдыларды үйретуден бастап, саналы тәртіп, салиқалы ой қорытындысын жасауға дейін көтеретін бұл тәрбие ошақтары болашақ оқушыны мектептегі оқу ісіне даярлаудағы маңызы зор екендігі еш талас тудырмайды.

1984ж. К.Д.Ушинский мен Л.С.Выготский зерттеулері негізінде, А.Н.Леонтьевтің басшылығымен баланың мектептегі оқуға даярлығының псиологиялық мазмұны мәселесіне арналған зерттеулер тобы жүргізіле бастайды. Мектепке даярлық мәселесін мектеп талабынан бөліп қарастыра отырып, А.Н.Леонтьев, мектепте оқытудың баланың есіне, қабылдауына жіне тілінің дамуына, яғни психикасының даму деңгейіне талап қоятындығын атап көрсетті. Осы тақырып негізінде бала психикасын тануға арналған зерттеулер жарық көре бастайды: Истомина З.М. – ырықты ес процесінің дамуы;

Запорожец А.В. – ерікті қозғалыс процесінің дамуы;

Мануйленко З.Б – ырықты мінез – құлық дамуы;

Осы зерттеулер негізінде жатқан теориялық ой, яғни – психикалық әрекеттің ырықты процестері үнемі әрекет ретінде қалыптасатындығы - баланың психикалық дамуын зерттеуде түбірлі мәнге айналды.

960 – жылдардың басына дейінгі кезеңде мектептік оқуға даярлық мәселесі педагогикалық талап тұрғысынан ажыратылып, психология ғылымының зерттеу нысаны ретінде қарастыру сипатына ие болы.Осы мерзімде жүргізілген зерттеулер нәтижесінде « мектепке психологиялық даярлық » ұғымы қалыптасты. Мектепке психологиялық даярлық мазмұны болып, әлі толық ашылмаған жаңа құрылымдар белгіленді.

1954ж. Чех ғалымдары А.Керн мен Я.Йирасек «мектепке психологиялық даярлық диагностикасы туралы ізденістер жүргізіп, зерттеу қорытындысы ретінде әйгілі Керн – Йирасек тестін ұсынды. Олардың пікірінше, мектепке түскен бала оқушыға тән кейбір белгілерді игеруі қажет:

1.ақыл – ой кемелі

2.көңіл-күй кемелі

3.әлеуметтік қатынастар

А.Керн мен Я.Йирасек ақыл – ой кемеліне баланың заттардың жеке бөліктерін қабылдай алуын, ерікті зейінін, салыстыра ойлай алу қабілетін, көңіл-күй кемеліне баланың көңіл-күйінің тұрақтылығын, оқыс реакцияның түгелдей жойылуын жатқызады.

3. Мектеп жасына дейінгі бала психикасының дамуына мектеп алды дағдарысының ықпалы. Мектепке оқуға қабылданар баланы мектептік болмысқа ендіру, толыққанды оқу әрекетін қалыптастыру – өтпелі кезеңге тән психикалық дамудың барлық жиынтықтарымен тығыз байланысты.

Жас дағдарысына «Психологиялық сөздікте» мынандай анықтама беріледі «бір жас кезеңінен екінші жас кезеңіне өтудің шартты атауы. Ал егер осы ауысулар міндетті, әр заңдылық болса, теріс қылықтар - баланың өмір сүру жағдайының өзгеруіне байланысты туындайтын қиындықтардың нәтижесі».

Л.С.Выготскийдің пайымдауынша, психикалық дамудың жалпы заңдарын түсіну кілтін өтпелі кезеңдерді, яғни даму дағдарыстарын зерттеу береді. Даму дағдарыстарын зерттеу туралы Л.С.Выготскийдің тезистері жарты ғасыр бұрынғы өзектілігін жойған жоқ. Психикалық даму туралы белгілі бір жас кезеңіне сипаттама берілгенде, барлық зерттеушілер Л.С.Выготскийдің «дағдарыс» теориясына сүйенеді, содан мысалдар келтіреді. Ал, осы мәселесіне жаңаша қарау, оны дамудың қазіргі кезеңіне сәйкес жаңа қырынан ашу, немесе Л.С.Выготский теориясына терең талдау жасаған зерттеулер байқалмайды.

А.Н.Леонтьев бойынша, жаңа әрекеттің қалыптасу жаңа мотивтердің пайда болуымен байланысты, яғни мотивтің мақсатқа бағытталуымен сипатталады; іс – қимыл мазмұны біртіндеп байи түседі де, іс – әрекет шеңберіне көше түседі. Дағдарыс бір кезеңнен екінші кезеңге өтудегі, жетекші әрекеттің бір түрінен екінші түріне ауысардағы дамудың аса қажетті белгісі емес; егер баланың психикалық дамуы тәрбие арқылы меңгермелі сипатта болатын болса дағдарыстың өтпеуі де мүмкін.

Дағдарыс – психологиялық ақиқат құбылыс ретінде емес, бұрыс тәрбие нәтижесі ретінде қарастырылатын болды.

Бұл көзқарасқа қарсы, Д.Б.Эльконин зерттеуінде, дағдарыс жүйеден екінші жүйеге ауысуы ретінде сипатталады. Дамудың сатысында адам іс – әрекетінің белгілі бір жағы қарқынды түрде өседі (оған сәйкес қабілеті де артады), ал екінші жағы біртіндеп қала бастайды. Осы қалу (кешігу) белгілі бір шекке жеткенде, жетекші әрекеттің өзгерісі басталады, нәтижесінде, даму дағдарысқа ұшырайды. Д.Б.Эльконин дағдарыс жастары психикасымен байланысты арнайы сұрақтардың жасалу қажеттілігін атап көрсетті.

Бірақ дағдарыс кезеңнің өту тетігінашқан жоқ. Л.С.Выготскийдің 7 жас дағдарысы туралы зерттеуін талдай отырып, Д.Б.Эльконин дербестікке ұмтылу – бала мен ересек арасындағы жаңа қатынастар жүйесінің қажетті алғышырты деп болжады.

4.Мектеп жасына дейінгі баланы мектепке даярлаудың бағыттар мен оқуға бейімдеу жолдары. Балалардың мектептегі оқуға дайындығын қалыптастыруда жүргізілетін іс – әрекет, тек түзету жұмыстары арқылы ғана үлкен орын алмай сонымен қатар, басқа да танымдық әдістерінің дамуы арқылы, мысалы, зейіннің қасиеттерінде, ес пен қабылдауда, сөйлеу мен ойлауда және т.б процестерде үлкен орын алуы тиіс. Балалардың мектептегі оқуға дайындығын қалыптастыру сабақтардың, білімнің тиімділігін олардың дамуы деңгейі мен зейіннің жоғары дамығанына әсіресе ырықты зейіннің рөлі ерекше жоғары болады. Балалардың санасын бақылау үшін, оқу әрекетіндегі зейіннің анықтау объектісіне туралау, есте сақтау, ойлау мен сөйлеуде алдарына мақсат қойылады.

Қиял белгілі бір затқа тәуелді болып қалмай, ішкі әрекетке айналып ол өз қиялын сөздік шығармашылықта көрсете бастайды. Мысалы: санамақтар, мазақтамалар, өлеңдер және сурет салу, мүсіндеу кездерінде. Міне осы жас ерекшеліктерін ескере отырып, баланы мектепке дайындаудағы негізгі қағидаларды жасауға болады. Баланың мектепке дайындау кезінде ең алдымен баланың мектепке деген қызығушылығын туғызып, содан кейін ғана дамытушылық жұмыстар жүргізу керек.

Негізгі жұмыстар:

1.Баланың қажеттіліктерінен туындайтын психикалық үрдістерді жаңарту;

2.Балаға субъективті қарым – қатнас жасау;

3.Баланың жақын арадағы даму аймағын ескере отырып жеке қарым – қатнас жасау;

4.Баланың қызығушылығын тудыратын, олпрды жандандыратындай сабақтардың көпшілігін ойын түрде жүргізу;

5.Балалар мен қарым – қатнас достық түрде мейірімділік тұрғыда жүргізіліп, жанға ауыр сөздерді баланың іс – әрекетіне қолданбау;

6. Баланың немесе бүкіл топтың жұмысына эмоциялық жағымды баға беріп отыру, әрбір жеңіс балаға қабілетін дамыту тек қана сандық 2, 3, 4, 5 баға бермей істелген жұмысының жақсы және жаман жаңалықтарына талдау.

Қорыта келгенде, мақсатты психологиялық тұрғыдан баланы мектепке дайындау мектеп бағдарламасын орындауда баланың күш жігері толықтай жететіндігін айғақтайды. Осындай педагогикалық – психологиялық демеу көрсетудің нәтижесінде бала бойында мектепке бейімделу тез өтіп, нашар оқушылардың саны азайып, оқуға деген қызығушылықтары жоғарғы деңгейге көтеріледі.


Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасындағы» мектепке дейінгі тәрбие мәселесіне тоқталыңыз.

2. «ҚР білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарына арналған Мемлекеттік бағдарламасы» мен ҚР Білім туралы Заңының (2007 ж.) талаптарына сәйкес, мектепалды даярлық сыныптарының жұмыстарының қайта жандандырылу уралы айтып өтіңіз.

3. Баланы мектепке психологиялық даярлаудың бағыттарын талдаңыз.

4. Мектептегі оқуға дайындық

5. 7-жастағы дағдарыстың көрінуі.

Әдебиеттер:

1. Балалар психологиясы: оқулық / Ж.Қ.Дүйсенова, Қ.Н.Нығметова / - 2012.

2. Детская психология: учебное пособие /Д.Б.Эльконин; ред.сост. Б.Д.Эльконин .-6-е изд., стер..- / - 2011

3. Возрастная психология: учебник для бакалавров / Л.Ф. Обухова / - 2014

4. Психология детей младшего школьного возраста: учебник и практикум для бакалавров / [Айгумова З.И., Васильева Н.Н., Вачков И.В. и др.]; под общ. ред. А.С.Обухова / - 2014



15-дәріс. Тақырыптың аталуы: Баланың мектеп психологиялық дайындаудың диагностикасы.

Дәріс жоспары:

  1. Мектепке оқуға психологиялық дайындығының мәні

  2. Балада оқу мотивациясының қалыптасуы

  3. Мектепке оқуға психологиялық дайындығын диагностикалаудың мақсаты мен бағдарламаларына қойылатын таоаптар

  4. Мектепке психологиялық дайындықты диагностикалауды ұйымдастыру

  5. Баланы мектепке даярлауда ата-аналармен және ұстаздармен жүргізілетін жұмыстар

  6. Баланың психикалық дамуының картасы

1.Мектепке оқуға психологиялық дайындықтың мәні. «Мектепке психологиялық дайындық» деп балалардың құрдастары ұжымында мектептік оқу бағдарламаларын меңгеру үшін психикалық дамудың қажетті және жеткілікті деңгейі түсіндіріледі.

Дамудың қажеті мен жеткілікті деңгейі, оқу бағдарламасы баланың «таяудағы даму аймағына» жететіндей болуы керек. Ал «дамудың таяудағы аймағы» баланың ересектермен бірге отырып, қол жеткізетін жетістіктерімен айқындалады. Егер баланың психикалық дамуының өзекті деңгейі мектептегі оқу бағдарламасын меңгеру үшін қойылатын талаптан төмен болса, онда бала мектепте оқуға психикалық дайын емес деп есептеледі.

Кеңес және ресей психологиясында мектепке психологялық дайындық мәселесін теориялық жетілдіру Л.С.Выготскийдің еңбектерінде негізделеді (Божович Л.И. 1968, Эльконин Д.Б. Салмина Н.Г. 1988, Кравцова Е.Е, 1991 т.б.)

«Оқушының ішкі позициясы» мектепке дейінгі және кіші мектеп жасының аралығында пайда бола отырып, баланың оқу үдерісіне іс-әрекет субъектісі ретінде қатысуына мүмкіндік тудырады. Бұл тілектер мен мақсаттардың саналы қалыптассуы мен оларды орындаудан немесе оқушының ішкі іс-әрекетінен көрінеді.

Баланың мектепке дайындық мәселесін талдай отырып Д.Б.Эльконин оқу әрекетінің қажетті алғы шарттарын бөліп көрсетті. Ол және оның ізбасарлары төмендегі өлшемдерді атайды:

  • Баланың өз әрекетін белгілі бір ережеге саналы бағындыра алуы;

  • Берілген талаптар жүйесіне бағыттала алуы;

  • Сөйлеп жатқан адамды зейінмен тыңдай алуы;

Талап етілген тапсырманы үлгіні көзбен қабылдау бойынша дербес орындай алуы. Бұл – еріктіліктің дамуының шамасы.

Мектепке психологиялық дайындықтың зияттылық сферасын зерттеуде баланың меңгерген білімдерінің жинақтық санына емес, зияттылық үдерістерінің даму деңгейіне баса көңіл бөледі: «бала қоршаған шындықтағы құбылыстардың мәнді жағын бөле білуі, оларды салыстыра, ұқсастығы мен айырмашылығын көре білуі керек» (Божович Л.И.,1968). Жақсы оқу үшін бала өзінің танымының пәнін бөле білуі керек.

Мектепке психологиялық дайындықты анықтауда баланың қарым-қатынас жүйесіне ерекше көңіл бөледі. Қарым-қатынастың негізгі үш сферасы бөлініп көрсетіледі:

-ересектермен ерікті қарым-қатынас

-құрдастармен ерікті қарым-қатынас

-өзінің өзіне қарым-қатынасы

Ортақ іспен шұғылданатын сыныпқа келген соң, бала өзі сияқты өзге балалар мен өзара қарым-қатынасқа түсе алуы керек. Ол балалар қоғамына еніп, олармен бірігіп әрекет ете алуы және олармен келісімге келе алуы, қорғана білуі де керек. Баланың белгілі бір әлеуметтік ортадан алған мінез-құлық нормалары мен ережелері туралы білімдері мен оған нақты бір қатынасы болуы керек.

  1. Дәстүрлі түрде мектептік жетілдірудің үш аспектісін бөліп көрсетеді:

-зияттылық

-эмоциялық

-әлеуметтік

Зияттылық жетілу деп фоннан фигураны ажыратуды білдіретін бөліп (дифференциациялық) қабылдауды, зейінді шоғырландыруды, аналитикалық ойлауды (құбылыстар арасындағы негізгі байланыстарды түсіну қабілеті), логикалық есте сақтау мүмкіндігін, үлгіні қайта жасай білуді, сондай-ақ қолдың нәзік қимылдарды мен сенсорлық координацияның дамуын айтады. Мұндай зияттылық жетілу бас миы құрылымы қызметінің пісіп жетілуін бейнелейді десе де болады.

2.Балада оқу мотивациясының қалыптасуы. Мектептің оқушыға қоятын талаптары мен оқу бағдарламаларын талдау мектепке дайындықтың мотивациялық, еріктік, зияттылық және тілдік сфералардан көрінетінін растайды.

Баланың жаңа жетекші іс-әрекеті оқу іс-әрекетін анықтайтын оқу мотивациясы оның психикасы едәуір қалыптасқан ойын іс-әрекетті екінші жоспарға ауысқанда пайда болады. Мектепке дейінгі шақтың соңында ойын «таяудағы даму аймағын» құрудағы өзінің мүмкіндігін (психикалық даму механизмі болып табылатын) жояды.

С.С.Выготский атап көрсеткендей, ойынның даму үдерісі ондағы қиялдан туған жағдаяттардың маңызының біртіндеп азайып, ережелердің рөлінің едәуір артуымен түсіндіріледі. Мектепке дейінгі ересек жаста, әсіресе 6-7 жаста ережелі ойындарға, ал әрекетті ереже бойынша орындау оның негізгі мазмұныңа айналады. Осылай мотивациясының жетекші типінің ойыннан оқуға ауысуы үшін негіз дайындалып, ол баланы үнемі түрлі ережелер бойынша әрекет ететін оқушы рөліне енуге ынталандырады.

Егер баланың ойының дамуының барлық сатысынан өтпесе, мектепке аяқ басар алдында оның психикалық дамуына жеті жастағы дағдарыс байқалмайтынын толық айтуға болады. Ал бұл дағдарыс мектепке психологиялық дайындықты білдіретін оқу мотивациясының пайда болуынан туындайды.

3.Мектепке оқуға психологиялық дайындығын диагностикалаудың мақсаты мен бағдарламаларына қойылатын талаптар. Мектепте оқуға психологиялық дайындықты диагностикалау ең алғаш рет шет елдерде қолданыла бастады. Шет елдік зерттеулерде ол мектептік жетілу диагностикасы ретінде белгіленеді. Дәстүрлі түрде мектептік жетілдірудің үш аспектісін бөліп көрсетеді:

-зияттылық

-эмоциялық

-әлеуметтік

Бөлінген шамалардың негізінде мектептік жетілуді анықтайтын тесттер жасалады.

Мектептегі оқуға психологиялық дайындықты анықтай отырып, балалар практикалық психологы мұны не үшін жасап жатқанын анық білуі керек.

Баланың мектепке психологиялық дайындығын диагностикалауда мынандай мақсаттар болады:

  1. Оқу-тәрбие үдерісінде балаға дара қатынас жасаудың жолын анықтау үшін олардың психикалық дамуының ерекшеліктерін түсіну

  2. Мектептегі оқуға дайын емес балаларды анықтау; бұл баланың мектепке бейімделе алмаушылығы мен үлгермеушілігінің алдын алуға бағытталған дамыту жұмыстарын жүргізу мақсатын көздейді;

  3. Болашақ 1-сынып оқушыларын олардың «таяудағы даму аймағына» сәйкес сыныптарға бөлу; бұл әрбір балаға өзіне тиімді режимде дамуға мүмкіндік беру мақсатын көздейді;

  4. Мектепке оқуға дайын емес балаларды бір жылға кейін оқуға шегеру; бұл тек алты жастағы балаларға қатысты.

Баланың мектепке оқуға дайындығын анықтауға арналған әдістердің көптеген түрлерін қарамастан, психологтар бірқатар талаптарға жауап беретіндей.

  1. Тексеру өте ұзақ болуы керек; ол балаларды мектепке жазу уақытының шеңберіне (сәуір-мамыр) енуі керек

  2. Әдістемелер балалардың мектепке мотивациялық дайындығы туралы мәліметтер беру керек;

  3. Тексеру бағдарламасына баланың мектепке дайындығы туралы қажетті және жеткілікті компоненттер болуы керек.

4.Мектепке психологиялық дайындықты диагностикалауды ұйымдастыру. Балабақша немесе мектептің хабарландыру тақтасына күні бұрын психологпен әңгімелесуде балаға қандай тапсырмалар берілетіндігі туралы хабарлар жазылған қағаз ілінеді. Бұл тапсырмалар төмендегідей формада болу мүмкін:

Бала білуі керек:

  1. Үлгіні елестете алу

  2. Ереже бойынша жұмыс істеу

  3. Желілі суреттерді бірізді орналастырып, олар бойынша әңгіме құрастыру;

  4. Сөздердегі жекелеген буындарды ажырату

Балабақшада тексеру бір рет қабылдағаннан кейін іске асырылады немесе бала өту жұмыс істеп, тез шаршаса екі рет қабылдағаннан аяқталады. Баламен әңгімелесу кезінде достық, мейірімді, еркін байланыс орнату керек. Ойын атмосферасы балаға босаңсып, стресстік жағдайдың төмендеуіне көмектеседі.

5.Баланың мектепке даярлауда ата-аналармен және ұстаздармен жүргізілетін жұмыстар. Баланың мектепке психологиялық даярлығын тиімді қалыптастыру үшін оның айналасындағы адамдармен де жұмыс жасау керек. Олар: ата-аналар және баланы мектепке қабылдайтын ұстаздар. Әуелі ата-аналармен жүргізілетін психологиялық шараларға тоқталайық:

1)Психологиялық ағарту шаралары: лекция, семинар түрлерінде ұйымдастырылып, ата-аналарды статистикалық, мәліметтермен таныстыра отырып, мектепке психологиялық даярлықтың болашақтық дамуға әсері, негізгі, әрі мектеп бағдарламасын игеруге қатысты баяндалады.

2)Психологиялық кеңестер жеке сипат алуы керек. Нақты мәселе бойынша берілер жеке кеңестер аса биязы түрде; алдыңдағы адамның көңіліне қаяу салмайтындай; Психологиялық кеңестің сенімді райда өтуі оң нәтижелік тудырады.

3) «Ашық, әңгіме» пікір-таласы ортақ мақсат біріктірілген ата-аналардың көңілдегі түйіткілдерін ортаға салып, бір-бірімен пікір алмасуы. Мұнда ескертетін бір жайт – ата-аналардың өздерінің рұқсат келісімінсіз ешбір деректі жариялауға болмайтындығы.

Психолог балалардың мектепке даярлығын анықтау барысында осы тізімге сүйенеді; оқуы табысты болуы үшін аса маңызды деген салалар бірінші тексеріледі. Сонымен,1-сынып оқушысының психологиялық өлшемі:

1.Психологиялық даярлығы-

-оқу дағдарысы

-санай алу іскерлігі

-жазу дағдысы

-сурет салу дағдысы

-тілдің дыбыстық мәдениеті

-сұраққа толық жауап бере алуы

-сөздік қоры мол

-әрнәрседен хабары бар

2.танымдық даярлығы

-қабылдаудың жекелік сипаты

-бақылампаздық-қиялы ұшқыр

-кеңістік пен уақытты бағдарлай алуы

-көрнекі-бейнелік ойлауының жақсы дамуы

-қоршаған орта құбылыстарның ішінен аса маңыздысын ажырата алу

-есте сақтау қабілетінің жақсы дамуы

-логикалық ойлаудың алғы шарттары: белгілерді түсіну қабілеті; сұрақтарды құрастыра білу қабілеті

3.ықыластық даярлық

-танымдық қызығушылықтарының айқын көрінісі

-оқушы ролін игеруге тырысуы (мектепке барғысы келуі)

-мектеп пен мұғалім қоятын талаптарды қабылдай алуы

4.көңіл-күй-еріктік даярлығы

-мінез-құлқын басқара алуы (сабақ үстінде, үзіліс кезінде)

-сабақ үстінде және оқу күні бойында жұмыс істеу қабілетінің сақталуы

-көңіл-күйінің тұрақтылығы

-зейінін ырқына бағындыра алуы

-зейіннін шоғырландыра алуы

-өзін-өзі ұстай алуы

5.тілдік қатынас (коммуникативті)даярлығы

-үлкендермен және балалармен араласу тілегі

-мұғаліммен қарым-қатынас орнату іскерлігі

-қашықтық сақтай алуы

-үлкендермен жеке қатынас жасауға қабілеттілігі

-бірлескен іс-әрекет жасай білу іскерлігі

6.Диагностикалық бағдарлама. Мектепке даярлық диагностикасы- баланың әлеуметтік көңіл-күйлік, психофизиологиялық жүктемелер мен оқу бағдарламасын сапалы игере алу – алмауы сұрағына жауап қана.

Мектепке барар балалардың ақыл-ойының оралымдылығын анықтау үшін логикалық ойлауын, арифметикалық дағдыларын, кеңстікті бағдарлауын, қабылдауының жылдамдығын тексеретін авторлық әдістемелерден мысалдар келтірейік.

  1. Векслер тесті

  2. Э.С.Выготский әдістемесі

  3. А.Р.Лурияның «Пиктограмма» әдістемесі

  4. Е.Е.Кравцованың «Кім үлкен?» әдістемесі

  5. С.Я.Рубинштейннің «10 сөзді жаттау» әдістемесі

  6. Н.Л.Белопольскаяның әдістемесі

  7. Д.Б.Элькониннің «Кескіндеме диктант», Л.А.Венгердің «өрнекті диктант», Л.И.Цеханскаяның «Өрнек» әдістемелері

7.Баланың психикалық дамуының картасы. Мектепте оқуға психологиялық дайындықты тексеру нәтижесінде баланың психикалық даму картасына, қысқаша айтқанда, психикалық картаға енгізу керек. Оның бірінші бетіне баланың фамилиясы, аты, туған жылы, айы, күні, отбасы, сыныбы туралы мәліметтер жазылады. Содан соң «баламен жүргізілген жұмыс туралы жинақталған мәліметтер» кестесі беріледі. Бұл құрама кесте келесі тарауларға бөлінеді:

  1. Айы/күні(датасы)

  2. Тексерудің немесе жұмыстың басқа түрлерінің жүргізілу себебі

  3. Іс-шараның мақсаты мен тәжірибесі

  4. Алдағы жұмыс үшін мәселелер

Әрі қарай баламен жүргізілген жұмыстың нақты нәтижесі көрсетілген бөлімдер басталады.

  1. Өткен кезеңдердегі даму, оқыту және тәрбиелеу ерекшеліктері туралы мәліметтер

  2. Денсаулық жағдайы туралы мәліметтер

  3. Диагностикалық жұмыстарды жүргізу туралы мәліметтер

  4. Психокоррекциялық және даму жұмыстары туралы мәліметтер

  5. Педагогтар мен біріккен жұмыс туралы мәліметтер

  6. Ата-аналармен біріккен жұмыс туралы мәліметтер

  7. Үшінші адам немесе инстатция үшін балаға психологтың берген қорытындысының көшірмесі

  8. Балаға қатысты психологтың сұрауына жауап ретінде алынған мамандардың қорытындысы

  9. Қосымша мәліметтер. Ерекше белгілер

Мектепке қабылдауда баланы психологиялық тексерудің негізгі мақсаты- оның дара ерекшеліктерін айқындау. Егер арнайы дамыту жұмысын қажет ететін бала келсе, психологиялық картада міндетті түрде тексерту сәтіндегі:

  1. Оның дамуын сипаттайтын тарауларды толтыруы керек. Пайдаланған диагностикалық әдістемелерді, алынған мәліметтерді тіркеу керек

  2. Баланың негізі зияттылық және тұлғалық проблемаларын тіркеу керек

  3. Қажетті дамыту жұмыстарының жоспарын белгілеу керек

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  1. Мектепке оқуға дайындауда психикалық дамудың қажетті және жеткілікті деңгейі дегеніміз не?

  2. Баланың мектепке психологиялық дайындығына қойылатын талаптарды атаңыз

  3. «Оқушының ішкі позициясы» дегеніміз не?

  4. Баланың мектепте оқуға дайындығының шамалары қандай?

  5. Баланың мектепке оқуға психологиялық дайындығының мақсаттары мен бағдарламаларына қойылатын қандай талаптар бар?

Әдебиеттер:

1. Балалар психологиясы: оқулық / Ж.Қ.Дүйсенова, Қ.Н.Нығметова / - 2012.

2. Детская психология: учебное пособие /Д.Б.Эльконин; ред.сост. Б.Д.Эльконин .-6-е изд., стер..- / - 2011

3. Возрастная психология: учебник для бакалавров / Л.Ф. Обухова / - 2014

4. Психология детей младшего школьного возраста: учебник и практикум для бакалавров / [Айгумова З.И., Васильева Н.Н., Вачков И.В. и др.]; под общ. ред. А.С.Обухова / - 2014



3 ПРАКТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАР


1 тақырыптың аталуы: Балалар психологиясы – бала психикасының даму заңдылықтары туралы ғылым

Сабақ мақсаты: Балалар психологиясы мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық және анатомиялық, физиологиялық даму ерекшеліктерін де жан-жақты зерттеп, қарастыру.

Тапсырманы орындаудың әдістемелік нұсқаулығы: Бала психологиясы жас ерекшелігі психологиясының негізгі бөлімі. Ол адам өміріндегі тұтас бір кезең болып табылатын балалық шақтың психикалық даму заңдылықтарын зерттеу. Жас ерекшелігі психологиясының іргетасы болған балалар психологиясы XIX ғасырдың аяғында дербес пән ретінде сипаттама беру.

Бақылау сұрақтары:

1. Қазіргі балалар психологиясының теориялық және псиактикалық міндеттеріне не жатады?

2. Психология ғылымында жас кезеңдерін зерттейтін қандай ғылым?

3. Психология ғылымы бойынша жас кезеңдері қалай бөлінеді?

4. Мектеп жасына дейінгі жас кезеңдерін жеке-жеке талдаңыз.

5. Балалар психологиясы ғылымының бүгінгі қоғамдағы рөлі қандай?

Әдебиеттер:

1. Балалар психологиясы: оқулық / Ж.Қ.Дүйсенова, Қ.Н.Нығметова / - 2012.

2.Детская психология: учебное пособие /Д.Б.Эльконин; ред.сост. Б.Д.Эльконин .-6-е изд., стер..- / - 2011

3. Возрастная психология: учебник для бакалавров / Л.Ф. Обухова / - 2014

4. Психология детей младшего школьного возраста: учебник и практикум для бакалавров / [Айгумова З.И., Васильева Н.Н., Вачков И.В. и др.]; под общ. ред. А.С.Обухова / - 2014

5. Детская психология: учеб. пособие / Г.А.Урунтаева / - 2013


2 тақырыптың аталуы: Бала психикасының даму заңдылықтарын зерттеу әдістері.

Сабақ мақсаты: Мектепке дейінгі балаларды оқытып-тәрбиелеу ісінде әңгімелесу, қызмет нәтижесін зерттеу, өмірбаянын зерттеу, тест-сынық жүргізу, әлеуметтік қарым-қатынасын зерттеу әдісін жүзеге асыру.

Тапсырманы орындаудың әдістемелік нұсқаулығы: Кез келген ғылымның негізгі фактылары зерттеуден тұрады. Фактылар тауып, анықтауға көмектесетін тәсілдерді ғылыми әдістер.

Балалар психологиясының зерттеу әдістері – баланың дамуын сипаттайтын фактыларды анықтау.

Бақылау сұрақтары:

1. Бала психикасының дамуын қосалқы әдістермен зерттеудің

ерекшелігін атаңыз?

2. Күнделікті іс-тәжірибемізде бақылау және сараптау әдістерін

қолдана білудің жолдарына тоқталыңыз.

3. Мектепке дейінгі балаларды оқытып-тәрбиелеу ісінде қолданылатан барлық әдіс-тәсілдерге тоқталыңыз.

4.Ұйымдастыру әдістері тобына қандай әдістер жатады.

5. Бала психикасын зерттеп білуде,пихологияда көбірек қолданылатын әдіс.

Әдебиеттер:

1. Балалар психологиясы: оқулық / Ж.Қ.Дүйсенова, Қ.Н.Нығметова / - 2012.

2.Детская психология: учебное пособие /Д.Б.Эльконин; ред.сост. Б.Д.Эльконин .-6-е изд., стер..- / - 2011

3. Возрастная психология: учебник для бакалавров / Л.Ф. Обухова / - 2014

4. Психология детей младшего школьного возраста: учебник и практикум для бакалавров / [Айгумова З.И., Васильева Н.Н., Вачков И.В. и др.]; под общ. ред. А.С.Обухова / - 2014

5. Детская психология: учеб. пособие / Г.А.Урунтаева / - 2013


3 тақырыптың аталуы: Психологиялық даму заңдылықтары

Сабақ мақсаты: Мектеп жасына дейінгі баланың жеке басын қалыптастыруда, психологияны дамытуда ойын, оқу, еңбек сияқты әрекеттердің маңызы зор. Ойын мектеп жасына дейінгі негізгі іс-әрекеті. Ол балада ұжымның қалыптасуына көмектеседі және ойын барысында бала өз құрбыларының ықыласымен санасуға үйрету.

Тапсырманы орындаудың әдістемелік нұсқаулығы: Биологиялық фактор мен әлеуметтік фактордың бала психикасының дамуына тигізетін әсері. Дамыту мен оқытудың өзара байланысы. В.Штерн, Ж.Пиаже, Л.С.Выготский, В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин, С.Л.Рубинштейн теориялары мен Ж.Коул, Д.Шерп, Ч.Лейвтің пікірлері талдау. Бала дамуына әсер етуші биологиялық факторларға сипаттама. Л.С.Выготскийдің жоғарғы психикалық функцияларды дамыту теориясы анықтама беру.

Бақылау сұрақтары:

1. Жетекші іс-әрекет деген не және түрлері?

2. Жаңа туған бала мен нәрестелік кезең арасында дамудың айырмашылығы неден туындайды?

3. Жетекші іс-әрекет ұғымына А. Н. Леонтьев, Д. Б. Эльконин бойынша талдау жасаңыздар

4. Балалар психологиясындағы жаңа тарау; нәрестелік кезең психологиясының негізін салған.

5. «Жаңа құрылым», «дамудың әлеуметтік жағдайы», «жақын даму аймағы» деген түсініктер кімнің концепциясына жатады?

Әдебиеттер:

1. Балалар психологиясы: оқулық / Ж.Қ.Дүйсенова, Қ.Н.Нығметова / - 2012.

2.Детская психология: учебное пособие /Д.Б.Эльконин; ред.сост. Б.Д.Эльконин .-6-е изд., стер..- / - 2011

3. Возрастная психология: учебник для бакалавров / Л.Ф. Обухова / - 2014

4. Психология детей младшего школьного возраста: учебник и практикум для бакалавров / [Айгумова З.И., Васильева Н.Н., Вачков И.В. и др.]; под общ. ред. А.С.Обухова / - 2014

5. Детская психология: учеб. пособие / Г.А.Урунтаева / - 2013

4 тақырыптың аталуы: Жас кезеңдерге бөлу теориялары.

Сабақ мақсаты: Баланы туғаннан мектепке барғанға дейінгі аралықтың өзінде бірнеше дағдарысты кезеңде туралы түсінік. Әр даму кезеңдеріне өткен сайын, бір жастан екінші жасқа көшу барысында адам дағдарыстарына сипаттама.

Тапсырманы орындаудың әдістемелік нұсқаулығы: Жас кезеңдері тарихи сипатта болады деп П.П.Блонский мен Л.С.Выготский тұжырымдаған қағидаларды талқылау. Тарихи даму үдерісінде балалар өсетін жалпы әлеуметтік жағдайлар, оқытудың мазмұны мен әдістері өзгеріп отыруы және бұлардың барлығы дамудың жас кезеңдерінің өзгерісіне әсер етуі. Нәрестенің эмоциялық сезімі. Жандану комплексі

Бақылау сұрақтар:

1. Балада алғашқы қыңырлық әрекеттердің пайда болуы, қай жастағы дағдарыста көрініс береді

2. Баланың психикалық дамуындағы іс-әрекеттің рөлі.

3. «Дамудың таяудағы аймағы» ұғымы.

4. Жас ерекшелік даму кезеңдеріне байланысты әр түрлі сол жас кезеңдеріне тән психикалық қасиеттер

5. Баланың негативизмі қай кезде анық байқалады?

6.Жаңа туған нәрестенің жануарлардың төлінен қандай басты айырмашылығы бар?

Әдебиеттер:

1. Балалар психологиясы: оқулық / Ж.Қ.Дүйсенова, Қ.Н.Нығметова / - 2012.

2.Детская психология: учебное пособие /Д.Б.Эльконин; ред.сост. Б.Д.Эльконин .-6-е изд., стер..- / - 2011

3. Возрастная психология: учебник для бакалавров / Л.Ф. Обухова / - 2014

4. Психология детей младшего школьного возраста: учебник и практикум для бакалавров / [Айгумова З.И., Васильева Н.Н., Вачков И.В. и др.]; под общ. ред. А.С.Обухова / - 2014

5. Детская психология: учеб. пособие / Г.А.Урунтаева / - 2013




5 тақырыптың аталуы: Нәрестелік және бөбектік кезеңнің дамуына сипаттама.

Сабақ мақсаты: Нәрестенің ересектермен қарым-қатынасы және оның алғашқы сөздері, нәрестенің ересектермен сөзің түсініп, тілдік қарым-қатынас жасауының мәніне түсінік беру.

Тапсырманы орындаудың әдістемелік нұсқаулығы: Баланың өсуіне байланысты әртүрлі дене мүшесімен нерв жүйесінің дамуы қарқыны бірдей болмайды, денесінің жетіліп дамуы бірте-бірте артады. Өмірінің алғашқы жылында нәрестенің жүйке жүйесі едәуір дамиды, сезу органдарының қызметі жетіле түседі, балаларды қимыл қалаптасады, сөйлеу элементері пайда болады, сондықтан оны дұрыс тамақтандыру. Үш жастағы дағдарысы. «Жандану кешені».

Бақылау сұрақтары:

1. «Жандану кешенінің» мәні неде?

2. Бір жас кезеңнен екінші жас кезеңіне өту.

3. Жаңа туған нәрестенің өмір әрекеті нені айқындайды?

4. Жаңа туған нәрестенің алғашқы эмоциясы неден көрінеді?

Әдебиеттер:

1. Балалар психологиясы: оқулық / Ж.Қ.Дүйсенова, Қ.Н.Нығметова / - 2012.

2.Детская психология: учебное пособие /Д.Б.Эльконин; ред.сост. Б.Д.Эльконин .-6-е изд., стер..- / - 2011

3. Возрастная психология: учебник для бакалавров / Л.Ф. Обухова / - 2014

4. Психология детей младшего школьного возраста: учебник и практикум для бакалавров / [Айгумова З.И., Васильева Н.Н., Вачков И.В. и др.]; под общ. ред. А.С.Обухова / - 2014

5. Детская психология: учеб. пособие / Г.А.Урунтаева / - 2013


6 тақырыптың аталуы: Нәрестелік кезеңдегі бала психикасына даму ерекшеліктері

Сабақ мақсаты: Белгілі бір затқа бағытталған нәресте қолының қимылдары шамамен өмірінің төртінші айында қалыптаса бастайды. Осы сәттің әрі қарай дамуы үшін маңызы зор: ұстау – баланың алғашқы мақсатқа бағыттылған әрекеті, заттармен әр түрлі әрекет жасауды меңгеруінің негізі болып табылуына түсінік беру.

Тапсырманы орындаудың әдістемелік нұсқаулығы: Екінші жарты жылдықты қол қимылдарына байланысты әрекеттер қарқынды түрде дамиды. Бала ұстаған затын сілкілейді, тарсылдатады лақтырып қайта алады, тістейді, қолдан-қолға ауыстырады және Жан Пиаже айналма реакция деп атаған біріңғай қайталанушы әрекеттер тізбегі дамиды.

Бақылау сұрақтары:

1. Нәрестелік кезеңдегі бала психикасының даму ерекшеліктеріне тоқталыңыз.

2. Нәрестенің қимыл әрекеттерінің туған кездегі әрекеттерімен салыстыра отырып талдаңыздар.

3. Нәрестенің зейінінің дамуы ерекшеліктерін атап көрсетіңіз.

4. Нәрестенінің есін дамытудың жолдары.

5. Нәрестенің эмоциялық сезімі неден көрінеді?

Әдебиеттер:

1. Балалар психологиясы: оқулық / Ж.Қ.Дүйсенова, Қ.Н.Нығметова / - 2012.

2.Детская психология: учебное пособие /Д.Б.Эльконин; ред.сост. Б.Д.Эльконин .-6-е изд., стер..- / - 2011

3. Возрастная психология: учебник для бакалавров / Л.Ф. Обухова / - 2014

4. Психология детей младшего школьного возраста: учебник и практикум для бакалавров / [Айгумова З.И., Васильева Н.Н., Вачков И.В. и др.]; под общ. ред. А.С.Обухова / - 2014

5. Детская психология: учеб. пособие / Г.А.Урунтаева / - 2013


7 тақырыптың аталуы: Сәбилік кезең

Сабақ мақсаты: Сәбилік кезеңдегі баланың сөздік қорына түсінік беру. Сәбидің сөйлеуді түсінуі және алғашқы сөздер қорына сипаттама. Сөздің дыбыстық, ерекшеліктерінің қалыптасуына анықтама беру.

Тапсырманы орындаудың әдістемелік нұсқаулығы: Алғашқы кезде баланың сөздік қоры дамымай тұрғанда үлкендерге қоятын сұрағы көп болады. Бала тілінің тез шығып, өз мағынасында дамуы дұрыс тәрбие жұмысына байланысты. Сөздік қорының молаюы, олардың психикасының дамуына да әсер ертуі.

Бақылау сұрақтары:

1. 3 жас дағдарысының ерекшелігіне тоқталыңыз

2.Л.С.Выготский және Э.Келердің 3 жас дағдарысының 7 сипаттамасын атаңыз

3. Сәбилік кезеңдегі жетекші іс –әрекет қайсысы?

4. Сәбилік шақтағы әлеуметтік жағдайдың дамуы.

5. Үш жастағы дағдарысты алғаш сипаттаған кім?

Әдебиеттер:

1. Балалар психологиясы: оқулық / Ж.Қ.Дүйсенова, Қ.Н.Нығметова / - 2012.

2.Детская психология: учебное пособие /Д.Б.Эльконин; ред.сост. Б.Д.Эльконин .-6-е изд., стер..- / - 2011

3. Возрастная психология: учебник для бакалавров / Л.Ф. Обухова / - 2014

4. Психология детей младшего школьного возраста: учебник и практикум для бакалавров / [Айгумова З.И., Васильева Н.Н., Вачков И.В. и др.]; под общ. ред. А.С.Обухова / - 2014

5. Детская психология: учеб. пособие / Г.А.Урунтаева / - 2013



8 тақырыптың аталуы: Сәбилік кезеңнің соңында жаңадан пайда болатын әрекеттер

Сабақ мақсаты: Сәбилік кезеңде заттармен әрекет етуінің бала психикасының дамуына әсеріне сипаттама беру. Заттар мен әрекет ету барысында қарым-қатынасқа бейімделу жолдары. Заттармен әрекет ете отырып, жетістіктерге жетуіне анықтама. Сәбилік шақта жаңа іс – әрекеттің пайда болуына тоқталу.

Тапсырманы орындаудың әдістемелік нұсқаулығы: Қоғам дамуының сатысында рөлдік ойын пайда болды. Ол ойын арқылы балалар өздерінің қажеттіліктерін үлкендермен бірге өмір сүруге ұмытылысын қанағаттандырады.


Бақылау сұрақтары:

1. Сәбилік кезеңдегі баланың психикасын дамытудағы жетекші фактор.

2. Сәбилік кезеңде ерешке байқалатын ес ерекшеліктері.

3. Баланың үлкендермен бірлесе орындайтын әрекеті мен оның өзінің жеке атқаратын қызметінің арасындағы айырмашылық.

4. Ерте сәбилік шақ тілді дамыту.

5. Онтогенез және фелогенезге түсінік.

Әдебиеттер:

1. Балалар психологиясы: оқулық / Ж.Қ.Дүйсенова, Қ.Н.Нығметова / - 2012.

2.Детская психология: учебное пособие /Д.Б.Эльконин; ред.сост. Б.Д.Эльконин .-6-е изд., стер..- / - 2011

3. Возрастная психология: учебник для бакалавров / Л.Ф. Обухова / - 2014

4. Психология детей младшего школьного возраста: учебник и практикум для бакалавров / [Айгумова З.И., Васильева Н.Н., Вачков И.В. и др.]; под общ. ред. А.С.Обухова / - 2014

5. Детская психология: учеб. пособие / Г.А.Урунтаева / - 2013


9 тақырыптың аталуы: Сәбидің қабылдауы, ойлауы, есі мен зейінінің дамуы

Сабақ мақсаты: Сәбилік кезеңнен бастап, кеңістікті бағдарлауға көңіл қою дағдыларын жақсы меңгеру. Үш жастағы бала затқа көз жүгіртіп қарайды да, фигураның өзіне ұнаған көзге түскен ерекше белгілеріне көңіл аударуы.

Тапсырманы орындаудың әдістемелік нұсқаулығы: Сәбилік кезеңнің өзінде баланың заттар мен әрекеттер етуінен ойлауының дамуы. Балының сыртқы бағдарлау іс-әрекетінің көмегімен орындалатын ойлауын көрнекі іс-әрекеттік ойлау. Сәбилік кезеңде олардың зейініннің көлемі. Сәбилік кезеңде басқа балармен қарым – қатынасқа түсуі.

Бақылау сұрақтары:

1. Сәбилік кезеңде бала зейінінің көлемі

2. Еріксіз есте сақтау.

3. Сәбилік кезеңде басқа балалармен қарым-қатынасқы түсуі.

4. Зейіннің үнемі тұрақсыздығынан бір объектіден екінші объектіге ауысып отыруының себебі.

5. Сәбидің эмоциясының ерекшеліктеріне тоқтал

Әдебиеттер:

1. Балалар психологиясы: оқулық / Ж.Қ.Дүйсенова, Қ.Н.Нығметова / - 2012.

2.Детская психология: учебное пособие /Д.Б.Эльконин; ред.сост. Б.Д.Эльконин .-6-е изд., стер..- / - 2011

3. Возрастная психология: учебник для бакалавров / Л.Ф. Обухова / - 2014

4. Психология детей младшего школьного возраста: учебник и практикум для бакалавров / [Айгумова З.И., Васильева Н.Н., Вачков И.В. и др.]; под общ. ред. А.С.Обухова / - 2014

5. Детская психология: учеб. пособие / Г.А.Урунтаева / - 2013


10 тақырыптың аталуы: Мектепке дейінгі кезеңдегі балалардың танымдық үрдістерін дамытудың ерекшеліктері

Сабақ мақсаты: Мектепке дейінгі шақта баланың ақыл- ойының дамуы. Ойлау іс-әрекетінің қалыптасуы мен жетілуі. Көрнекі бейнелі ойлауының дамуы. Үлкендермен қарым- қатынастың ерекшеліктері. Сөйлеудің дамуы,естің,зейіннің даму ерекшеліктері.

Тапсырманы орындаудың әдістемелік нұсқаулығы: Мектеп жасына дейінгі баланың ақыл-ойының дамуы.

Үлкендермен қарым-қатынастың дамуы. Мектепке дейінгі шақта баланың сөздік қорының дамуы. Зейін түрлерінің дамуы. Ес, қиял процестерінің дамуы. Кеңістік пен уақытты бағдарлау. Мектеп жасына дейінгі баланың сенсорлық дамуы.

Бақылау сұрақтары:

1. Бала неше жасында ерекше қарқынмен дамып, дене бітітмі күрделенеді, барлық органдарының жұмыс істеу қабілеті артады, оқу-әрекетін орындаған да қағаз-қарындашпен де еркін әрекет ете алады?

2. Қай жаста баланың сөздік қоры дамып, өзінің ана тіліндегі барлық сөзді меңгереді.

3. Сырттан әсер ететін тітіркендіргіштерге жауап беру қабілеті

4. Темперамет тип ерекшеліктерін анықтау мақсатында өздеріңіз педагогикалық іс-тәжирибиеден өтетін балалар бақшасына барып, балалардың темперамент типтерін зерттеңіздер, бір-бірінен айырмашылығын ажыратыңыздар.

5. Бала қиял, ойлау, есте сақтауының дамығандынының нәтижесінде ертегі мен әңгімені кейіпкерлерге өзінше баға беріп, талдау жасайды?

Әдебиеттер:

1. Балалар психологиясы: оқулық / Ж.Қ.Дүйсенова, Қ.Н.Нығметова / - 2012.

2.Детская психология: учебное пособие /Д.Б.Эльконин; ред.сост. Б.Д.Эльконин .-6-е изд., стер..- / - 2011

3. Возрастная психология: учебник для бакалавров / Л.Ф. Обухова / - 2014

4. Психология детей младшего школьного возраста: учебник и практикум для бакалавров / [Айгумова З.И., Васильева Н.Н., Вачков И.В. и др.]; под общ. ред. А.С.Обухова / - 2014

5. Детская психология: учеб. пособие / Г.А.Урунтаева / - 2013


11 тақырыптың аталуы: Мектеп жасына дейінгі балалық шақ. Ойын- баланың басты әрекеті.

Сабақ мақсаты: Мектеп жасына дейінгі баланың психикалық дамуының негізгі бағыттары мен факторлары. Мектеп жасына дейінгі шақта ойын іс- әрекеттің басты түріне айналады, ойын баланың психикасында сапалық өзгерістерді туғызады.

Тапсырманы орындаудың әдістемелік нұсқаулығы:Отандық психологияда ойын іс- әрекетінің мәселелері. Сюжетті рольдік ойынның тарихи пайда болуы. Осы кезеңдегі сюжетті рольді ойының маңызы баланың ойлауының, қабылдау, зейін, естін дамуы. Үлкендермен қарым- қатынас ерекшеліктері.

Бақылау сұрақтары:

  1. Мектепке дейінгі жаста баланың ойындарының сюжеті мен мазмұны.

  2. Психологтардың ойын теориясына айтқан ойлары.

  3. Ойын арқылы балалар қарым- қатынасы.

  4. Бейнелеу іс- әрекеті.

  5. Балалардың оқу, еңбек іс- әрекеттерінің алғы шарттары.

  6. Мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуы. Өзін- өзі бағалау.

Әдебиеттер:

1. Балалар психологиясы: оқулық / Ж.Қ.Дүйсенова, Қ.Н.Нығметова / - 2012.

2.Детская психология: учебное пособие /Д.Б.Эльконин; ред.сост. Б.Д.Эльконин .-6-е изд., стер..- / - 2011

3. Возрастная психология: учебник для бакалавров / Л.Ф. Обухова / - 2014

4. Психология детей младшего школьного возраста: учебник и практикум для бакалавров / [Айгумова З.И., Васильева Н.Н., Вачков И.В. и др.]; под общ. ред. А.С.Обухова / - 2014

5. Детская психология: учеб. пособие / Г.А.Урунтаева / - 2013


12 тақырыптың аталуы: Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі баланың ойлау, сөйлеу, ес, қиял үдерістерінің дамуы

Сабақ мақсаты: Мектеп жасына дейінгі баланың даму шартары алда өткен жас кезеңі шарттарынан айтарлықтай өзгеше. Оған үлкендер тарапынан қойылатын талаптар да едәуір арта түсетіндігін. Мектепке дейінгі кезең жаңадан жекеше құрылу.

Тапсырманы орындаудың әдістемелік нұсқаулығы: Балалардың қарым-қатынастан алатын әсерлері. Әлеуметтік тәртіп және формаларын игеру. Мектек жасына дейінгі балалардың сана- сезімінің артуы. Мектепке дейінгі кезеңде бала образды ойлауы.

Бақылау сұрақтары:

1. Мектепке дейінгі баланың жеке басының қалыптасуы.

2. Мектепке дейінгі баланың құрдастарымен қарым- қатынастары.

3. Мотивтер жүйесінің қалыптасуы

4. Бала қиялын дамытуда ойынның сурет салу және құрастыру әрекеттерінің әдеби шығармалар мен ертегі әңгімелердің маңызы.

Әдебиеттер:

1. Балалар психологиясы: оқулық / Ж.Қ.Дүйсенова, Қ.Н.Нығметова / - 2012.

2.Детская психология: учебное пособие /Д.Б.Эльконин; ред.сост. Б.Д.Эльконин .-6-е изд., стер..- / - 2011

3. Возрастная психология: учебник для бакалавров / Л.Ф. Обухова / - 2014

4. Психология детей младшего школьного возраста: учебник и практикум для бакалавров / [Айгумова З.И., Васильева Н.Н., Вачков И.В. и др.]; под общ. ред. А.С.Обухова / - 2014

5. Детская психология: учеб. пособие / Г.А.Урунтаева / - 2013


13 тақырыптың аталуы: Мектеп жасына дейінгі балалардың ерік және сезімінің ерекшеліктері

Сабақ мақсаты: Мектепке дейінгі шақтағы балалар өмірінде сезім барлық психологиялық таным үрдістері туралы.

Тапсырманы орындаудың әдістемелік нұсқаулығы: Мектеп жасына дейінгі балада еріктің дамуы. Мектеп жасына дейінгі балалардың ерік әрекетіндегі кемшіліктер және оны қайта тәбиелеу жоспары. Үлкендермен салыстырғанда баллаларда сезімнің сыртқы бейнесі неғұрлым қызу, тікелей әрі еріксіз сипатта болады. Баланың сезімі жылдам әрі айқын көрінеді де, тез сөнеді.

Бақылау сұрақтары:

1. Мектепке дейінгі балалық шақта бала сезімінің сыртқы белгілеріндеге өзгерістер.

2. Мектеп жасына дейінгі балалардың сезімінің дамуы.

3. Мектеп жсына дейінгі балалардың кпік өрісінің дамуы.

4. Еркелікті жоюдың жолдары.

Әдебиеттер:

1. Балалар психологиясы: оқулық / Ж.Қ.Дүйсенова, Қ.Н.Нығметова / - 2012.

2.Детская психология: учебное пособие /Д.Б.Эльконин; ред.сост. Б.Д.Эльконин .-6-е изд., стер..- / - 2011

3. Возрастная психология: учебник для бакалавров / Л.Ф. Обухова / - 2014

4. Психология детей младшего школьного возраста: учебник и практикум для бакалавров / [Айгумова З.И., Васильева Н.Н., Вачков И.В. и др.]; под общ. ред. А.С.Обухова / - 2014

5. Детская психология: учеб. пособие / Г.А.Урунтаева / - 20131ж.


14 тақырыптың аталуы: Баланы мектепке психологиялық даярлаудың теориялық мәселелері.

Сабақ мақсаты: Мектеп жасына дейінгі бала психикасының дамуына мектеп алды дағдарысының ықпалы туралы. Балабақша білім беру жүйесінің бірінші сатысы ретінде балаларды мектепке даярлауда маңызды қызмет атқарады.

Тапсырманы орындаудың әдістемелік нұсқаулығы: Баланың мектепке оқуға психолоиялық даярлығы балалар психологиясы ғылымы мен білім беру жүйесі саласындағы өзекті мәселелердің бірі.

Бақылау сұрақтары:

1. Баланы мектепке даярлау мәселесінің өзектілігі неде?

2. Баланы мектепке психологиялық даярлаудың бағыттары.

3. Баланы мектепке психологилық даярлау мәселесімен айналысқан шет ел, отандық ғалымдарын.

4. 7-жастағы дағдарыстың көрінісі.

5. Мектепке психологиялық даярлық диагностикасының қалыптасуы.

Әдебиеттер:

1. Балалар психологиясы: оқулық / Ж.Қ.Дүйсенова, Қ.Н.Нығметова / - 2012.

2.Детская психология: учебное пособие /Д.Б.Эльконин; ред.сост. Б.Д.Эльконин .-6-е изд., стер..- / - 2011

3. Возрастная психология: учебник для бакалавров / Л.Ф. Обухова / - 2014

4. Психология детей младшего школьного возраста: учебник и практикум для бакалавров / [Айгумова З.И., Васильева Н.Н., Вачков И.В. и др.]; под общ. ред. А.С.Обухова / - 2014

5. Детская психология: учеб. пособие / Г.А.Урунтаева / - 2013


15 тақырыптың аталуы: Баланың мектеп психологиялық дайындаудың диагностикасы.

Сабақ мақсаты: Мектепке даяр баланың жеке басының мәселесі. Бастапқы мектепте оқу кезіндегі қиындықтар мен үлгермеушілікктін себептері. Баланың мектепте оқытуға даярлығын анықтау. Мектепке келгеннен кейін қойылатын талаптар жайында қабылдау,есте сақтау міндеттері.

Тапсырманы орындаудың әдістемелік нұсқаулығы: Мектеп оқушысын даярлауда үлкендердің ықпалы. Мектепке дейінгі сезімдерінің дамуы. Еріктің даму. 7- жас дағдарысы. Таным процестерінің дамуына сипаттама.

Бақылау сұрақтары:

1 Баланың мектепке оқуға психологиялық дайындығының мақсаттары мен бағдарламаларына қойылатын қандай талаптар бар?

2.Мектепте оқуға психологиялық дайындықты анықтаудың кезеңдері мен ережелерін талдаңыз

3.Баланың психикалық дамуының картасы дегеніміз не және ол қалай жасалады?

4.Баланы мектепке даярлауда ата-аналармен және ұстаздармен жүргізілетін жұмыстар

Әдебиеттер:

1. Балалар психологиясы: оқулық / Ж.Қ.Дүйсенова, Қ.Н.Нығметова / - 2012.

2.Детская психология: учебное пособие /Д.Б.Эльконин; ред.сост. Б.Д.Эльконин .-6-е изд., стер..- / - 2011

3. Возрастная психология: учебник для бакалавров / Л.Ф. Обухова / - 2014

4. Психология детей младшего школьного возраста: учебник и практикум для бакалавров / [Айгумова З.И., Васильева Н.Н., Вачков И.В. и др.]; под общ. ред. А.С.Обухова / - 2014

5. Детская психология: учеб. пособие / Г.А.Урунтаева / - 2013


  1. Курстық жұмыс (проект).

Оқу жұмыс бағдарламасында қарастырылмаған

Курстық жұмысты орындаудағы әдістемелік нұсқаулық

1. Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б. ) ие болу керек.

2. Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану.

3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек.

4.Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан, кітапханалардан ақыл-кеңес алудың пайдасы зор.

5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн.

6. Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет.

7. Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек.


  1. Білімалушының өздік жұмысы (БӨЖ, БОӨЖ)

БӨЖ және БОӨЖ тапсырмаларын орындауға әдістемелік нұсқау.

Білімалушының өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер (нұсқаулар)

1. Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б.) ие болу керек.

2. Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану.

3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек.

4. Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан, кітапханалардан ақыл-кеңес алудың пайдасы зор.

5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн.

6. Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет.

7. Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек.

Білімалушы өздік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар.

    • Жұмыстың көлемін шамадан тыс асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару;

    • Білімалушының өздік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу;

Білімалушының дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту;

    • Өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу;

    • Білімалушыны табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын, сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды өздігінен талдап түсінуге үйрету;

    • Білімалушының алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру;

    • Білімалушының оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға баулу;

    • Білімалушының өздігінен дербес жұмыс істеу, еңбек ету дағдыларын қалыптастыру.


БӨЖ тақырыптарының тізімі

Тақырыптар

Орындау түрі

1.

Балалар психологиясының даму тарихы, теориялар туралы негізгі түсініктер.

баяндама

2.

Шет елдік психологияда ойынның теориясына Г.В.Плехановтың сынауы, Я.Коменский, Ж.Руссо, Р.Оуэн ойлары.

коллоквиум

3.

Бақылау және сараптау, тест, әлеуметтік қарым-қатынасты зерттеу әдістерін күнделікті іс-тәжірибемізде қолдана білу.

конспект

4.

В.Штерннің сынау концепсиясы.

конспект

5.

Ж.Пиаже және оның мектебі.

коллоквиум

6.

Бала психикасының дамуына әсер етуші факторлар

конспект

7.

Ойын түрлеріне сипаттама.

коллоквиум

8.

Әр жас кезеңінде жас дағдарыстарының болу себептері

конспект

9.

Д.Б.Эльконин бойынша балалардың даму деңгейі

Баяндама

10.

Нәрестелік кезеңдегі психикалық дамуға шартты және шартсыз рефлекстердің ықпалы

конспект

11.

Ерте сәбилік шақ. Сәбидің дамуының басты белгілері. Үш жас кезеңіндегі жаңадан пайда болатын әркеттер.

конспект

12.

Мектеп жасыны дейінгі баланың мінез- құлық мотивтерін дамыту және өзінің санасынын қалыптастыру.

конспект

13.

Іс-әркеттердің бала психикасының дамуына тигізетін әсері.

коллоквиум

14.

Мектепке дейінгі кезеңде тілді қатынас құралы ретінде пайдалана білуі. Мектепке дейінгі кезеңдегі балалардың сенсорлық дамуы

баяндама

15.

Кіші мектеп оқушылырының танымдық процестерінің дамуы.

конспект


Студенттердің ағымдағы білімдерін бақылау үшін рефераттар, бақылау жұмыстар тақырыптарының тізімін және білімдерін бақылау түрлерін тест, коллоквиум сұрақтарын және т.б. келтіру керек. Білімалушылар БӨЖ орындау барысында рефераттың көлемі машинамен басылған 5 беттен аспауы керек.



ТАПСЫРМАЛАР:

1-тапсырма. Қай әдіс диалектикалық-материалистік зерттеу талабына сай екендігін анықтаңыз.

а) Оқушы арнаулы кабинетте болады. Аспаптап оның тыныс алу өзгерісін, тамырының соғуын, егу жұмысы кезіндегі тітіркендіргіштерді байқап, жазып жатыр. Тәжірибе қорытындысы оның бұрыннан белгілі жағдайларымен салыстырылып қарастырылады.

ә) Оқушының жазу үлгісі оның жеке басының ерешеліктерін және мінез-құлық сипаттарын анықтап білуге болатынын көрсетеді.

2-тапсырма. Мысалда қандай зерттеу әдісі қолданылған?

Зерттелушінің сезімін анықтау мақсатымен оған қорқынышты суреттер көрсетіледі де, сол кезде терінің астында болып жатқан өзгерістер электрондық аппараттармен зерттеледі.

3-тапсырма. Не себептен балалар салған суреттер зерттеуші үшін бала психикасы жайында бағалы материалдар болып табылады?

Балалардың салған суреттерін қалайша зерттеуге болады?Өзіңіз зерттеген мәселенің жоспарын жасаңыз.

4-тапсырма. Баланың ақыл-ойының даму деңгейін анықтау үшін қандай тестерді пайдалануға болады?

5-тапсырма. Балалар бақшасында зерттеушілер социометрия әдісін жиі қолданады. Сол социометрия әдісінің көмегімен қандай жайттарды анықтауға болады? Бұл әдістің жеткіліксіз жақтары қандай? Мектеп жасына дейінгі балалар арасындағы қарым-қатынасты зерттеу балалардың әрекет кезіндегі таңдаулары арқылы нәтижелі болуының себебі неге байланысты?

Төменде келтірілген мысалдардың сипатына сай іс-әрекет түрлерін талдап, олардың мән-жайын анықтаңыз.

а) психиканың даму шарттары;

ә) әрекетті орындау тәсілдерін меңгеру жолдары;

б) барлық психикалық сезімдердің айқын байқалуы;

в) адамның материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру және олардың нәтижелі болуына бағытталған іс-әрекет түрлері;

г) ұғымдар жүйесін меңгеріп, оларды теруге және қолдана білуге бағытталған іс-әрекет түрлері.

6-тапсырма. Мынадай жағдайларға сүйене отырып, басты мақсатты табыңыз.

1.Ержан мектепке барар жолда өзіне қажетті дәріні алу үшін дәріханаға жиі кіреді.

2.Ержан сабаққа дейін де,сабақтан соң да ойынға беріліп, үй тапсырмасын толық орындай алмады.

Ержан мектепке барар жолда кітапханаға кіріп, біршама уақытын сонда өткізеді. Төменде қандай дағдарыстық кезең сипатталып тұр: Бала өз «менің» түсінеді, жеке дара адам екенін ұғынады. Бұл кезеңде бала бәрін біледі, әрі дербестігін талап етеді:

7-тапсырма. Кейбір отбасында, мектепке дейінгі мекемелерде балалардың заттармен әрекет етуі кешеуілдеп дамитыны байқалады. Мұның себебі не?

8-тапсырма. Кейбір отбасында баланы өзбетінше отыруға дағдыландыру үшін жан-жағын жастықпен қоршап қояды. Осы әдісті қолдану дұрыс па?

9-тапсырма. Мына мысалда қандай зерттеу әдісі қолданылған?

Баланың есте сақтау қабілетін анықтау үшін, оған шет тіліндегі 10 сөзді жаттау тапсырылды. Бақылаушы баланың әрбір сөзді есінде сақтауы үшін қанша рет қайталағанын, 10 сөзге жіберген уақытын есепке алды.

10-тапсырма. Сипаттаған жағдайдағы зерттеу әдісіне анықтаңыз.

Оқушыға тәжірибе жүргізуден бұрын тиісті нұсқаулар алынады.

Одан алынған барлық көрсеткіштер тиісті аппараттармен жазылады. Ал денесіне, бас киіміне бекітілген арнайы зерттеу аппараттары бар. Оңаша кабинаға орналастырылған оқушыға әр түрлі тітіркендіргіштермен әсер етіледі.

11-тапсырма. Мысалда қолданылған әдіс-тәсілдерді анықтаңыз.

Тәрбиеші «Қуыршақ биі» деген көңілді ойын өткізіп, балалардың қимыл-қозғалысын, би ырғағының ерекшеліктерін зерттеу үстінде. Әзірше барлық бала бір қалыпты билеп жүр. Олар өздеріне-өздері сенімді, шеңбер бойымен қозғалып, қарапайым фигуралық қимыл-қозғалыстар жасайды.

Енді міне, тәрбиеші Айгүл мен Гүлнардың ортаға шығып билеуін сұрады. Айгүл бірден билеуден бас тартты. Ал Гүлнар ортаға шығып, жан-жағына қарап, ұялып, жасқаншақтап, біраз тұрып қалды да, тек тәрбиешінің көмегімен билей бастады. Осы топтың ішіндегі пайымды да батыл қыз Ғалия бірден билеп кетті. Бірақ оның да өз қимыл-қозғалысына сенімсіздеу екендігі сезілді.

12-тапсырма. Келтірілген мысалдарда қандай зерттеу әдісі қолданылған?


Р-с


Зерттеушінің сұрағы


Зерттелушінің жауабы

1



2


3

4

Бейтаныс адамды жатырқамай, тез тіл табыса аласыз ба? Әлде ұялшақтық көрсетіп, тартыншақтық байқатасыз ба?

Өзіңізді бейтаныс ортада қалай сезінесіз, әлде біреу амалсыз күштеп тұрғандай сезінесіз бе?

Достарыңыз көп пе, әлде аз ба?

Бейтаныс адамдар алдында емін-еркін сөйлей аласыз ба, жоқ па?

Тез тіл табысамын.


Еркін сезінемін

Көп

ия


13- тапсырма. Мысалдарда қандай әдістер қолданылғанын анықтаңыз.

а) Оқушының зейін тұрақтылығын анықтау мақсатымен, ол математикалық есеп шығарған кезде, қызықты теледидар хабарын қосып қойған.

ә) Психолог маман балаларға түрлі суреттер көрсетіп, оларды қалай қабылдап, нендей қорытынды жасай алатынын анықтаған.

б) Тәрбиеші балаларға бұрыннан таныс өздері қолданып, пайдаланып жүрген 10 заттың суретін көрсетіп, 1 минуттан соң заттардың бетін матамен жауып қойып, қандай заттар көргенін қайталап айтып беруін талап еткен.

14-тапсырма. Санжардың шешесі тәрбиешіден кеңес сұрады. /Санжар 4 жас 7 айлық/ «Ұлымды қайтсем екен, бірбеткей, айтқанынан қайтпайды? Атасы мен әкесі де бірбеткей, мүмкін бұл тұқым қуалаушылық әсері шығар?» – деді.

Шешесінің мазасыздануы орынды ма? Бала мінезінің осылай қалыптасуына психологиялық дамудың қандай факторлары әсер етті?

Баланың шешесіне қандай кеңес айтар едіңіз?

15- тапсырма. Кейбір ата-аналар арасында мынандай пікір қалыптасқан: балалардың бойындағы кейбір кемшіліктер – жалқаулық, тыңдамау, бірбеткей болуы тұқым қуалаушылық салдары деп санайды.

Неге, қазіргі кезде ата-аналар көп нәрсені тұқым қуалаушылыққа аудара салады? Мүмкін деген себептерді атаңыз.

16- тапсырма. 1-қыркүйекке қарай Сабыр 5 жас 11 айға толып еді. Ол мектепке бармай бала бақшада қалды. Ал Мирас пен Болат 6 жасқа толып мектепке барды. Барлық балалардың дамуы бірдей. Бір жылдан кейін осы балаларға қайталап зерттеу жүргізілді. Нәтижесі мынандай: Мирас пен Болаттың даму деңгейі бала бақшадағы Сабырға қарағанда кәдімгідей жоғары болды. Ал мектепке барып жүрген осы екі баланың психикалық дамуын зерттегенде Болаттың даму көрсеткіштері жоғары болды.

Балалар психикалық дамуының түрліше болуының мүмкін деген себептерін мына жағдайларды ескере отырып атаңыз: олар ауырған жоқ па және денесінің өсуі жағынан бәрі де біркелкі ме?

17- тапсырма. Айдар /2 жас 7 ай/ жиі ауырады. Ұзақ уақыт ауруханада жатты, тілі шығып сөйлемейді. Айдардың тілі шығып сөйлеп кету үшін шешесі көп күш жұмсады. Айдардың тілінің кешеуілдеп шығып, сөзді қиын меңгеруінің негізгі себептері неде?

18- тапсырма. Әңгімелесу әдісін қолданып, бала бақшадағы балалардың ересек тобында өзара қарым-қатынас ерекшеліктерін анықтау үшін жүргізілетін әңгіменің жоспары:

-саған өз тобында болу ұнай ма?

-сендер тату ойнайсыңдар ма?

-ұрысып қаласыңдар ма? Жиі ме?

-балалардың пікірі бойынша сендер татусындар ма?

-саған топ ішінде кім ұнайды? Неге?

-сендерді тату деп айтуға бола ма?

-сен кіммен ойнайсың?

-кімдермен ешқашан ойнамайсың? Неге?

-сенімен оның ойнағысы келе ме?

Бақылау жүргізудің жоспары:

1.Әңгімені талдаңыз.

2.Топтағы балалардың ерекшеліктерін анықтаңыз

3.Қажетті мағлұматтарды молырақ алу үшін тағы да қандай әдістерді қолдануға болады?

19-тапсырма. Баланың сыртқы ортамен, заттарман қарым-қатынас жасаудағы дербестігін қалыптастыру үші н ата – аналармен қандай жұмыс жүргізу қажет?

20-тапсырма. Бала бойын билеп, қаз тұрып жүре бастаған кезінде бұлшық ет сезгіштігінің дамуындағы кинестезиялық түйсіну мүшелерінің ( көрудің, сипап сезудің) арақатынасына талдау жасңыз.

Бұлшық ет сезгіштігі кеңістіктегі заттардың орны мен арақашықтығын қалайша ажырата алады?

21-тапсырма. Бала кеңістіктегі заттың бағытын, дұрыстығы мен алыс-жақындығын қалай меңгереді?

22-тапсырма. Педагогтар сәбилік кезеңде баланың ойыншықтарын аса көп болуы міндетті емес деп есептейді. Ойыншық аз болған жағдайда баланың заттар мен әрекет етуін қалай ұйымдастыруға болады?

23-тапсырма. 2 жас 5 айлық Анардың әке-шешесі институттың кешкі бөлімінде оқи жүріп, жұмыс істейді. Баланы тәрбиелеуге мүмкіндіктері болмағандықтан, оны ауылдағы әжесіне тәрбиелеуге берді. Бір жылдан соң Анардың әке-шешесі қызын сөйлеу мәнеріндегі кемшілікті байқады. Бұл жағдайды қалай түсіндіруге болады? Бала сөйлеуінің қарқынды дамуының сензитивтік кезеңі қай мезгілде басталады?

24-тапсырма. 1 жас 6 айлық Серікті анасы киіндіріп отырып, «Қазір көйлегіңді киесің.Көйлегің кәне, маған әкеліп бер, шұлығыңды, бәтеңкеңді де ала кел» дейді. Серік баяу болса да анасының айтқандарын орындайды. Ананың әрекетімен келісесіз бе? Анасы сөз арқылы баласына тәрбиенің қандай сипатын қалыптастырғысы келеді? Қалай пайымдайсыз, осыдан соң Әли өз ықыласымен киіне ме?

25-тапсырма. 2 жас 8 айлық Меруерттің шешесі тәрбиешіге: «Қызым балаларға арналған кешкілік ертегі мен теледидар хабарын зейін қойып тыңдайды. Кейде мултьфильм көрсетер алдында оған түсінік берілсе, зейіні басқа жаққа тез ауып кетеді. Ал егер кітаптан оқылса, онда оны тіпті тыңдамайды» дейді.

Сұрақ : Меруерт неліктен ауызша әңгімені тыңдамайды? Оның зейінін ауызша айтылған әңгімеге қалай тұрақтандыруға болады?

26-тапсырма. Хайуанаттар паркінен қасқырды алғаш көрген Мерей шешесінен: «Рекс мұнда неғып тұр?» деп таңдана сұрады. (Рекс көршінің иті)

Баланың жас ерекшелігін атаңыз. Баланың қасқырды қалай қабылдағанын түсіңдіріңіз.

27-тапсырма. Сырым қолына қарындаш, қағаз алып, «ұшақтың суретін саламын» деді. Алайда суретті салғаннан кейін, «пойыз салдым» деді.

Сұрақ: Осы құбылыс заңды ма? Мұндай әрекет баланың қай жас кезеңіне лайық?

28-тапсырма. Ата-аналар мұғалімдерге мына сияқты сауалдарды жиі қояды: « Неліктен барлық бала оқу мен жазуды бірдей жақсы меңгермейді? Баламызға көмектескіміз келеді. Ол үшін не істеуіміз керек?»

Ата –аналарға кеңес беріңіз.

29-тапсырма. «Баламның мектепке дайын не дайын еместігін қалай анықтаймын?» « Баламның мектепте оқуға ықыласы жоқ» дейтін ата-аналар бар.

Сұрақ: Баланың мектепке даярлығын психикалық жғынан қалай анықтауға болады? Оның мектепте қалай оқитынын алдын-ала білуге болама?

30-тапсырма. Бағдат мектепке алғаш барғанда оқу мен жазуды өте қиналып меңгерді. Оның білім алу дағдысы баяу қалыптасты. Анасы мектепте не істедің, қандай тапсырма берді? Деп сұраса, ол кейде мұғалімнің не туралы айтқаның үйге нендей тапсырма бергенін білмейді.

Мұндай жайт нендей жағдайға байланысты болуы мүмкін? Бағдатқа қалай көмектесу керек?



ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ:


1. Балалар психологиясының зерттеу пәні:

А) бала психикасының даму заңдылықтары мен фактілері

В) баланың психикалық даму заңдары

С) баланың қарым-қатынасы

Д) баланың психикалық іс-әрекеті

Е) баланың психикалық дамуы

2.«Егер педагог баланы барлық жағынан тәрбиелегісі келсе,онда оны алдымен жан-жақты зерттеп білуі керек» - деген кімнің сөзі:

А) К. Д. Ушинскийдің

В) А. Құнанбаевтің

С) Н. К. Крупскаяның

Д) Д. Б. Элькониннің

Е) А. С. Макаренконың

3. Биологиялық және әлеуметтік факторлардың конвергенциясы жайлы идеяның негізін салған кім?

А) В. Штерн

В) Дж Локк

С) Ж. Пиаже

Д) А. Бине

Е) З. Фрейд

4. К. Д. Ушинскийдің: «Қуатты әрекетшіл қиял ұлы ақылға қажетті жабдық»-деген сөздерін қалай түсіндіруге болады?

А) қиялдың жеке тұлғаның ойлау іс-әрекетімен өзара байланысы

В) барлығы қиялмен міндеттелінген

С)қиял ойлаумен бірлесіп шығармашылық іс-әрекетке еніп,әлемді өзгертуге,жаңалықтарды ашуға ықпал етеді

Д) шығармашылыққа қиял ілеседі

Е) қиял іс-әрекеті жеке тұлғамен, оның қажеттіліктермен өзара байланысқан

5. Шетел балалар психологиясындағы әлеуметтеуші бағыттың өкілдері үшін не нәрсе маңызды?

А) бала-ересектің қолындағы тіл алғыш құрал

В) жеке тұлғаның белсенділігін жоққа шығару

Д) сыртқы құбылыстар

С) дамудың социумынан тәуелсіздігі

Е) баланың сыртқы ортаға тәуелді болуы

6. Психика дамуының маңызды шартын не құрайды?

А) жас ерекшелігі анотомиясы мен физиологиясының жетістіктерін пайдалану

В) еліктеу

С) ми қызметін жетілдіру

Д) қарым-қатынасының дамуы

Е) жүйке жүйесінің қалыпты пісіп жетілуі мен жұмыс істеуі

7. Шетел мектептеріндегі балалар психологиясы нені оқытады?

А) интеллект мінез-құлық, сезімдер

В) сана

С) дағдылар

Д) таным

Е) басқа балаларды асыра мақтау

8. Балалар психологиясы қай ғылымның жетістектерін үнемі

қолданады?

А) жас ерекшеліктері анатомиясының

В) педагогиканың

С) математиканың

Д)

философияның

Е) кибернетиканың

9. Балалар психологиясы курсының оқу тапсырмаларын шешуде

болашақ педагог нені білуі керек?

А) бала психикасының дамуына ересек пен баланың қатынасымен

байланысты белсенді әрекеті мен әлеуметтік жағдай ықпал етеді

В) балалар еліктегіш

С) бала психикасының дамуы – әлеуметтік үрдіс

Д) бала психикасының дамуы өзінің белсенді іс-әрекетінде жүзеге асады

Е) баланың іс-әрекеті әрқашанда баланың ересектермен қатынасына байланысты.

10. Жас ерекшелігі психологиясы пәнінің негізгі қызметі:

А) Білім, іскерлік, дағдыларды калыптастыру.

В) Тәрбие жұмыстарын жургізу.

С) Адамның әр түрлі жас кезеңіндегі психикасының ерекшеліктерін зерттеу.

D) Жас ұрпаққа білім беру.

Е) Оқыту жұмыстарын жүргізу.

11. Ұйымдастыру әдістері тобына қандай әдістер жатады:

А) салыстыру, кешенді, лангитюд.

В) байқау, эксперимент, әңгімелесу.

С) қалыптастырушы эксперимент, сауалнама, тестілеу.

Д)құрылымдық және генетикалық.

Е) сандык және сапалық.

12. Мәліметтерді талдау әдістер тобына балалар психологиясының

қай әдістері кіреді:

А) құрылымдық және генетикалық.

В) сандық және сапалық талдау әдістері.

С) қалыптастырушы эксперимент, тестілеу, анкета.

Д) байқау, эксперимент, әңгімелесу.

Е) салыстыру, лангитюд, комплекстік.


13. Баланың психикасын зерттеуде тиімді деп есептелетін әдіс.

А) психологиялық - педагогикалық эксперимент

В) бақылау

С) әңгіме

Д) әлеуметтік қарым - қатынасты зерттеу (социометрия)

Е) тест

14. Бала психикасын зерттеп білуде,пихологияда көбірек қолданылатын әдіс.

А) бақылау

В) өмірбаян зерттеу әдісі

С) әңгімелесу

Д) лангитюдтік әдіс

Е) тест

15. Дамудың тенденциялық ерекшелігін зерттеудегі қолданылатын әдіс.

А) салыстырмалы әдіс

В) кескіндік әдіс.

С) лабораторлық әдіс

Д)лонгитюдттік әдіс.

Е) эксперименталдық әдіс.

16. Тұлғалық – бағытталған оқыту жағдайында балалар психологиясында қолданылып жүрген көкейкесті әдіс.

А) психодиагностикалық және психокоррекциялық әдістер

В) эксперимент

С) салыстырмалы әдістер

Д) тестілер

Е) бақылау

17. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқытуда жиі қолданылатын тиімді әдіс.

А) ойын әдісі

В) тәжірбиелік

С) сөзбен

Д)көрнекі

Е) мәселені – іздеу

18. Контент - анализ әдісі:

А) Арнайы даярланған схемаға сәйкес жазбаша мәтінге, хатқа, іс- әрекет нәтижесінен, шығармашылық хатқа мазмұнды талдау жасау

В) Әрекеттің санын есепке алу мен белгілеу /қимыл, пікір, реакциялар ж.т.б/ және әрі ол нәтижелерді психодинамикалық қорытынды шығару үшін қолдану. Нәтижесіне, шығармашыл хатқа мазмұнды талдау жасау.

С) Арнайы құрылған сұрақтарға ауызша немесе жазбаша берген жауаптарды талдау.

Д) Ауызша сұрау, бұл тұрғыда психолог зерттелушіге өзі сұрақ қояды және оның беріген жауабын өзі жазып отырады.

Е) Арнайы психодиагностикалық процедураны жасанды құрылған жағдайда өткізу, зерттелушінің белгілі-бір ерекшелігін бағалау.

19. Табиғи эксперимент әдісінің бір түрі:

А) Қарым-қатынасты зерттеу, бақылау

В) Әлеуметтік

С) Сынақ

D) Әңгімелесу

Е) Қызмет нәтижесін зерттеу.

20. Дамудың белгілі бір аспектісін зерттеуде қолданылатын әдіс.

А) Экспериметалдық әдіс

В) Лонгитюдтгік әдіс.

С) Зертханалық әдіс.

D) Кескін әдісі.

Е) Салыстырмалы әдіс.

21. Психикалық даму мен оқытудың негізін салушы:

А) Ж. Пиаже

В) Б. Скинер

С) Г. Эббингауауз

D) Э. Торндайк

Е) П. П. Блонский

22. Әлеуметтік үйрету концепциясының авторлары:

А) Н.Миллер,Дж,Доллард

В) Э.Торндайк, Дж. Доллард

С) Дж.Болдуин, Ж.Пиаже

Д) З.Фрейд, А.Фрейд

Е) К.Холл, Э.Толмен

23. Биологиялық және әлеуметтік факторлардың конвергенциясы жайлы идеяның негізін салған кім?

А) В.Штерн

В) Дж Локк

С) Ж.Пиаже

Д) А.Бине

Е) З.Фрейд

24. «Жаңа құрылым», «дамудың әлеуметтік жағдайы», «жақын даму аймағы» деген түсініктер кімнің концепциясына жатады?

А) Л. С. Выготский.

В) П. Я. Гальперин.

С) А. И. Леонтьев.

Д) Д. Б. Эльконин.

Е) В. В. Давыдов.

25. Қай принцип психикалық даму өз заңдылықтарында ашылып, балалар психологиясының ұғымдарында түсіндірілетінін болжайды:

А) объективтілік және ғылымилық принципі.

В) психика мен сананның әрекетте дамуы принципі.

С) сана мен әрекеттің бірлігі принципі.

Д) кешенділік, жүйе мен жүйелік принципі.

Е) детерминизм принципі.

26. Жаңа туған бала мен нәрестелік кезең арасында дамудың айырмашылығы неден туындайды?

А) жандану комплексі

В) қарым-қатынас қажеттілігі

С) анализаторлардың сезім ағзаларының дамуы

Д)органикалық қажеттілік

27. Балалар психологиясындағы жаңа тарау; нәрестелік кезең психологиясының негізін салған психолог:

А) М. И. Лисина.

В) Л. С. Выготский.

С) С. Л. Рубинштейн.

Д) А. Н. Леонтьев.

Е) Д. Б. Эльконин.

28. Туғаннан кейін 10-12 күнде қандай шартты рефлекс қалыптасады?

А) қозғаушы объектіге жауап

В) ананын келуіне жауап

С) көрудің шоғырлануы

Д) естудін шоғырлануы

Е) тамақтандыруға (емізуге) икемдеуге

29. Ғылыми дерекнамалық білімдерден және ғылыми тәжірибелік

тәсілдер мен әсер етуден тұратын үйрету түрі:

А) практикалық үйрету

В) операнттық үйрету

С) сенсомоторлық үйрету

Д) интеллектуалдық үйрету

Е) рефлекторлық үйрету

30. Бала дамуына әсер етуші биологиялық факторларға жатпайды:

А) Тұқымқуалаушылық

В) Орта

С) Тәрбие

Д) Барлық жауап дұрыс

Е) Оқыту

31. Балада алғашқы қыңырлық әрекеттердің пайда болуы, қай жастағы дағдарыста көрініс береді:

А) үш жастағы дағдарыс.

В) он үш жастағы дағдарыс.

С) бір жастағы дағдарыс.

Д) жеті жастағы дағдарыс.

Е) жаңа туғандағы дағдарыс.



32. Бала психикасы дамуының қайнар көзі:

А) адамдардың әлеуметтік тәжірибесі

В) өмір мен тәрбие жағдайлары

С) бала мүмкіндіктері

Д)баланың қажеттіліктері

Е) табиғи жағдай

33. Қазіргі заманғы жағдайларда Л. С. Выготскийдің оқыту мен даму тұжырымдамасы қалайша дамуда:

А) үздіксіз дамыта оқыту тұжырымдамасында (Д. Б. Эльконин мен

В. В. Давыдовтың және т.б)

В) «перспективтік жоладар» жүйесінде А. С. Макаренконың

С) бағдарламалық оқытуында Т. В. Кудрявцев

Д) тұлғалық бағдарланған дидактикасында (В. А, Петровский мен т.б).

Е) қызметтестік педагогикасында (Ш. Амонашвили т.б)

34. Қазіргі кездегі балалар психологиясында қандай идея басты (жетекші)орын алады?

А) өзін-өзі бағалауы, балалық шақ ерекшелігі

В) ақыл ой-әрекеттерінің кезекпен дамуы

С) баланың ересектермен бірлескен әрекетіндегі дамуы (субъект-

субъектілік қатынастар)

Д)дамудың ішкі себептерге байланысты болуы

Е) ойната оқыту

35. «Дамудың таяудағы аймағы» ұғымының авторы:

А) Л. С. Выготский.

В) С. Л. Рубейнштейн.

С) Д. Б. Эльконин.

Д) М. И. Лысина.

Е) А. Н. Леонтьев.

36.»Оқыту, дамудан кейін жүрмей оның алдына түсіп, соңынан

жетелеуі тиіс»- деген ой кімге тиесілі?

А) Л. С. Выготскийге

В) Г. Я. Гальперинге

С) А. Н. Леонтьевке

Д) Ы. Алтынсаринге

Е) Аристотельге

37. Нәрестелік кезеңнің қай айында қарым-қатынас іріктегіштік

сипатына ие болады?

А) 4 айда

В) 1 жасқа қарай

С) 2-2,5 айда

Д) 1 айға қарай

Е) 5-6 ай


38. Нәрестелік кезеңдегі негізгі психологиялық жаңа құрылымды ата:

А) сенсорлық даму

В) еркінің дамуы

С) қиялының дамуы

Д) ес процесінің дамуы

Е) тілінің дамуы

39. Баланың негативизмі қай кезде анық байқалады?

А) негізсіз теріске шығаруға тырысу

В) ересек болғысы келуі

С) еркелегенде

Д) қыңырлық

Е) ойланбай орындаған әрекеттерінде құрастыру

40. Жаңа туған нәрестенің жануарлардың төлінен қандай басты айырмашылығы бар?

А) мидың үлкен жарты шары қабығының қарқынды дамуы

В) қимыл-қозғалысының дамуы

С) есту және көру органдарының тез жетілуі

Д) динамикалык стереотип

Е) шартты рефлексінің пайда болуы

41.Сәбилік кезеңдегі жетекші іс –әрекет қайсысы?

А) заттық

В) ойын

С) үлкендермен эмоциялық қарым-қатынас

Д) өнімді еңбек әрекеті

Е) оқу

42.Бала қай кезеңде құрал-саймандармен іс-әрекет жасауды меңгереді:

А) сәбилік кезең

В) бастауыш сынып оқушысы кезеңі

С) нәрестелік кезең

Д) мектепке дейінгі кезең

Е) жеткіншектік кезең

43. Сәбилік шақтағы әлеуметтік жағдайдың дамуы.

А) үлкендер арқылы немесе олардың көмегімен

В) тануға деген қажеттілік және қарым-қатынас

С) қарым-қатынас және мінез-құлық нормасының икемділігі болады

Д) өзінің дене- бітіміне деген қызығушылығы

Е) өзін басқа адамдармен сәйкестендіруге деген қабілетке ие болуы

44. Жас кезеңін анықтау жетекші іс-әрекет, заттық-қимыл әрекет, сөйлеу және көрнекі – әрекеттік ойлау болып табылатын жас кезеңін анықтаңыз:

А) сәбилік кезең

В) мектепке дейінгі кезең

С) нәрестелік кезең

Д) бастауыш сынып оқушысы кезеңі

Е) жаңа туған кезең

45. Сәбилік кезеңдегі баланың психикасын дамытудағы жетекші әрекеті қайсысы?

А) заттық әрекет

В) сөйлеу

С) тік жүру

Д) қарым-қатынас

Е) еңбек

46. Қай жас кезеңінде баланың барлық психикалық қызметтерді « қабылдау маңында, қабылдау арқылы және қабылдау көмегімен» дамиды ( Л.С.Выготский)

А) сәбилік кезең

В) орта мектепке дейінгі жас

С) кіші мектеп жасы

Д) ересек мектепке дейінгі жас

Е) нәрестелік жас

47. Үш жастағы дағдарысты алғаш сипаттаған кім?

А) С.Л.Рубенштейн

В) Э.Келлер

С) В.Штерн

Д) Ж.Пиаже

Е) Л.С.Выготский

48. Үш жастағы дағдарысты алғаш сипаттаған кім?

А) С.Л.Рубенштейн

В) Э.Келлер

С) В.Штерн

Д) Ж.Пиаже

Е) Л.С.Выготский

49. Негативизм, бірбеткейлік, тәрбиеге көнбеушілік, өзбеткейлік-

қай жастағы дағдарыс кезеңіне тән:

А) 11-12 жастағы дағдарыс

В) 13 жастағы дағдарыс

С) 3 жастағы дағдарыс

Д) 7 жастағы дағдарыс

Е) 1 жастағы дағдарыс

50. Сәбилік шаққа сөйлеудің қай түрі тән

А) экспрессивті сөйлеу

В) белсенді сөйлеу

С) диалогтық сөйлеу

Д) пассивті сөйлеу

Е) эмоционалды сөйлеу

51. Сәбилік кезеңдегі баланың психикасын дамытудағы жетекші фактор қайсысы?

А) заттық әрекет

В) сөйлеу

С) тік жүру

Д) қарым-қатынас

Е) еңбек

52. Қай жас кезеңінде баланың барлық психикалық қызметтерді « қабылдау маңында, қабылдау арқылы және қабылдау көмегімен» дамиды ( Л.С.Выготский)

А) сәбилік жас

В) орта мектепке дейінгі жас

С) кіші мектеп жас

Д) ересек мектепке дейінгі жас

Е) нәрестелік жас

53. Сәбилік кезеңде ерешке байқалатын ес ерекшеліктері.

А) қимылдық ес

В) сөздік ес

С) эйдетикалық ес

Д) эмоциялық ес

Е) логикалық ес

54. Кеңістікте белсенді қозғалып жүру дағдысы әлі қалыптаспағандықтан, бала үнемі тепе-теңдікті жоғалтып алуы қалай аталады?

А) локомодация

В) Идентификация

С) эмпатия

Д) атракция

Е) симпатия

55. Қай жастағы балаға көбінесе қабылдаудың бөлшектенбеуі, ойлаудың нақтылығы, ерік пен естің ырықсыздығы сияқты қасиеттер тән

А) мектеп жасына дейінгі

В) сәбилік кезеңге

С) нәрестелік кезеңге

Д) мектеп даярлық кезеңге

Е) жаңа туған кезеңге

56. Баланың үлкендермен бірлесе орындайтын әрекеті мен оның өзінің жеке атқаратын қызметінің арасындағы айырмашылық қалай аталады?

А) таяудағы даму аймағы

В) жақындағы даму аймағы

С) алыстағы даму аймағы

Д) қашықтықтағы даму аймағы

Е) болашақтағы даму аймағы

57. Ерте сәбилік шақ тілді дамыту үшін өте сезімтал келеді. Сондықтан бұл кезеңі қалай аталады?

А) сензитивті

В) локалді

С) сихиялы

Д) саналы

Е) бағытталған

58. Баланың білік қабілетін қалыптастыруға ықпал етеді.

А) үлкендер

В) оқу

С) қоршаған орта

Д) тұқымқуалаушылық

Е) тәрбие

59. Қиындықтар және оларды жеңу сәбиде ........................... туғызады.

А) жағымды эмоциялық көңіл күй

В) үрей

С) жалтақтық

Д) жағымсыз эмоциялық күй

Е) қорқынышты эмоциялық көңіл күй

60. Дүниеге келгеннен дүниеден өткенге дейінгі аралық қалай аталады?

А) онтогенез

В) фелогенез

С) жас даму сатысы

Д) жас даму кезеңі

Е) акселерация

61. Сәбилік кезеңде бала зейінінің көлемі қандай болады?

А) тар

В) кең

С) ауқымды

Д) Биік

Е) үлкен

62. Сәбидің зейінін ашық түсті затқа, қатты дыбысқа, ерекше түстерге аудара беруінің себебі неліктен?

А) Зейіннің ырықсыздығынан

В) Зейіннің тарлығынан

С) Зейіннің тұрақсыздығынан

Д) Зейіннің ырықтылығынан

Е) Зейіннің шашыраңқылығынан

63. Еріксіз есте сақтау қай жастағы балада күшті дамиды

А) үш жастағы балада

В) бір жастағы балада

С) бір жастағы балада

Д) төрт жастағы балада

Е) бес жастағы балада


64. Бала қай кезеңде өзімшіл, басқа баланы түсінбейді және басқалардың көңіл-күйіне ортақтаса алмайды

А) сәбилік

В) мектепке дейінгі

С) нәрестелік

Д) жеткіншектік

Е) ересектік

65. Сәбилік кезеңде басқа балалармен қарым-қатынасқы түсу қандай

А) тұрақты емес

В) тұрақты

С) шашыраңқы

Д) сәтті

Е) сәтсіз

66. Қарапайым сюжетті жалпылама қабылдау қай кезеңдегі балаға тән?

А) сәбилік

В) естиярлық

С) ересектік

Д) қартық

Е) нәрестелік

67. Бала әдемі ойыншықпен ойнап отырса да, одан да ашық түсті дыбысы жақсы қызықтыратын ойыншықты көрсетсең, қолындағысын тастай салып, жаңа ойыншыққа ұмытылады. Бұл неге байланысты?

А) зейіннің тұрақсыздығына

В) зейіннің тұрақтылығына

С) зейіннің таңдамалылығына

Д) зейіннің шашыраңқылығна

Е) зейіннің үйренгіштігіне

68. Сәбилік кезеңде жоғарғы жүйкесінің қозуы тұрақсыз әрі қысқа мерзімде болады. Зейіннің үнемі тұрақсыздығынан бір объектіден екінші объектіге ауысып отыруының себебі осы. Мұны қалай атаймыз?

А) сәбилік

В) естиярлық

С) Зейіннің шоғырлануы әлсіздігі

Д) қартық

Е) нәрестелік

69. Үш жастағы бала затқа көз жүгіртіп қарайды да, фигураның өзіне ұнаған көзге түскен ерекше белгілеріне көңіл аударады. Осындай жағдайда затты бала қалай қабылдайды?

А) сәбилік

В) естиярлық

С) ересектік

Д) Жеке бөліктерін қабылдайды


Е) нәрестелік

70. Баланың сыртқы бағдарлау іс-әрекетінің көмегімен орындалатын ойлауы қалай аталады?

А) сәбилік

В) естиярлық

С) ересектік

Д) қартық

Е) Көрнекі іс-әрекеттік ойлау

71.Мектепке дейінгі кезең қай жас аралығын қамтиды?

А)3-6жас

В)4-5жас
С)3-5жас
Д)5-6жас
Е) 6-7жас

72.Бала неше жасында ерекше қарқынмен дамып, дене бітітмі күрделенеді, барлық органдарының жұмыс істеу қабілеті артады, оқу-әрекетін орындаған да қағаз-қарындашпен де еркін әрекет ете алады?

А)6 жас

В)5 жас
С)4жас
Д)7 жас
Е) 3 жас

73. Сырттан әсер ететін тітіркендіргіштерге жауап беру қабілетілігі көрінеді.

А)жүйке жүйесінің әсерленгіштігінен

В) жүйке жүйесінің әлсіздігінен
С) жүйке жүйесінің күштілігінен
Д) жүйке жүйесінің тозғандығынан
Е) жүйке жүйесінің қозғыштығынан


74. Қай жаста баланың сөздік қоры дамып, өзінің ана тіліндегі барлық сөзді меңгеріп түсінеді?

А)3 жастан жоғары

В)2 жастан жоғары
С)4 жастан жоғары
Д)6 жаста
Е) 5 жаста

75. Қай жаста баланың денесінің бұлшық етінің күші артып, ептілігі, икемділігі, қимыл-қозғалысының икемділігі байқалады.

А)4жаста
В)5жаста
С)6жаста
Д)7жаста
Е)3жаста

76. Ойлауы да көрнекі амалдық, бейнелік болып, кейбір мәселені өздігінен шешіп ой қорытындысын шығара алуы қай жасқа тән?

А)3 жасқа
В)4жасқа
С)5жасқа
Д)7жасқа
Е)6жасқа

77.Бала қай жасқимыл-қозғалысының нақты дамуын байланысты, жүру, дүгіру, секіру, қабырғадан өрмелеу, еңбектеу, шаңғы, шана велосипед тебуді үйренеді?

А)5 жаста
В)2жаста
С)4жаста
Д)3жаста
Е)7 жаста

78.Қай жаста бала қиял, ойлау, есте сақтауының дамығандынының нәтижесінде ертегң мен әңгімені кейіпкерлерге өзінше баға беріп, талдау жасайды?

А)5 жаста
В)2жаста
С)4жаста
Д)3жаста
Е)7 жаста

79.Бала сөздің тура дәне жанама мағынасын қай жасқа келгенде түсінеді?

А)5 жаста
В)2жаста
С)4жаста
Д)3жаста
Е)7 жаста

80.Жүйке жүйесінің қозғыштығының көрсеткішіне өзін қоршаған ортаға жағаны тез қабылдап, бағдарлай алуы, өмірдегі өзгерістерге тез бейімделуі, ептіліктер мен дағдыларды тез игеруі, көпшілік ортада өзін еркін ұстап, жаңа ортаға тез бейімделуі, жан- жақты қабілеттілік әрекеттің бір түрінен екінші түріне тез ауысуы, еске тез сақтап, қайта жаңғырта алу, шапшаң қимылдап, тез сөйлеу, сезгіштіктің пайда болуы мен көрінуі ненің қызметіне байланысты?

А)жүйке жүйесінің

В) бас миының

С)дене бітімінің

Д)барлық органдарының жұмыс істеу қабілетінің

Е)санасының

81.Бала мектепке келер мезетіне орай жаңашыл құрылымдардың қайсысы маңызды?

А) қиялының дамуы

В) тілінің дамуы

С) мінез-құлық мотивтерінің бағыныңқылығы

Д) дамудың әлеуметтік жағдайы

Е) есінің дамуы

82. Мектептегі оқуын бастаған баланың психикалық дамуының негізгі ерекшелігі қандай?

А) психикалық процестердің бірте-бірте ырықтылануы

В) абстрактілі ойлаудың элементтері бар көрнекі бейнелі ойлау

С) түсініп және қабылдау прцесстері ойлауға қарағанда жақсы дамыған

Д) сенсорлық дамудың жетістіктері

Е) қиял процесі ойлауға қарағанда жақсы дамыған

83. Мектептегі мұғалім бала үшін кім?

А) балаларға ұсынылған қоғамдық талаптарды жеткізуші

В) мінез-құлық ережелерін меңгеруде көмекші

С) балаларға ұсынылған қоғамдық талаптарды жеткізуші

Д) қатал ересек

Е) оқу іс-әрекетін ұйымдастырушы

84. Мектепке дейінгі бала, оқу іс-әрекетінің элементтерін меңгеру үшін не істей алуы керек?

А) оқу міндеттерінің мақсаты мен мазмұңын түсінуі керек

В) нәтижелерге жетіуі қажет

С) өз іс-әрекетінің нәтижесін бақылай алуы тиіс

Д) оқу міндеттерінің мақсаты мен мазмұңын түсінуі керек

Е) Өзінің тапсырманы орындауы барысында бақылауы тиіс


85. Бастауыш сынып оқушысының даму деңгейінің көрсеткіші

А) контекстік сөйлеу

В) эмоционалдық сөйлеу

С) диалогтік сөйлеу

Д) ішкі сөйлеу

Е) монологтық сөйлеу

86. Кіші оқушы жасындағы іс-әрекеттің жетекші түрі

А) оқу іс-әрекеті

В) Ойын іс-әрекеті

С) кәсіби білім

Д) заттық – монипулятивтік іс-әрекет алу

Е) өнімдік іс-әрекет түрлері


87. Фоннан фигураны ажыратуды білдіретін бөліп (дифференциялдық) қабылдауды, зейінді шоғырландыруды, аналитикалық ойлауды (құбылыстар арасындағы негізгі байланыстарды түсіну қабілеті), логикалық есте сақтау мүмкіндігін, үлгіні қайта жасай білуді, сондай-ақ қолдың нәзік қимылдары мен сенсорлық координацияның дамуын айтады.

А) зияттылық жетілу

В) эмоциялық жетілі

С) әлеуметтік жетілу

Д) қоғамдық жетілу

Е) саналы жетілу

88. Негізінен импулстық реакциялардың азаюы мен ұзақ уақыт тартымсыздау тапсырмаларды орындау мүмкіндігін айтады.

А) эмоциялық жетілу деп

В) әлеуметтік жетілу

С) зияттылық жетілу

Д) саяси жетілу

Е) спорттық жетілу


89. Баланың құрдастар мен қарым-қатынасқа түсуге қажетсінуі мен өзінің іс-әрекетін балалар тобының заңдарына бағындыра алуы, мектептегі оқу жағдаятының оқушы ролін орындауға қабілеті жатады.

А) әлеуметтік жетілуге

В) зияттылық жетілу

С) эмоциялық жетілу

Д) сапалы жетілу

Е) табиғи жетілу

90. 7 жастағы дағдарыстың көрінісі

А) негативизм

В) бірбетейлік

С) дербестіктен айырылу

Д) айналасындағыларға қарсы шығу

Е) тәрбиеге көнбеу

91. Құрастырудың басты кезеңі қалай аталады?

А) үлгіні тексеру

В) үлгіні кесу

С) үлгіні құрастыру

Д) үлгіні жасау

Е) үлгіні кескіндеу


92. «Бала өмірінде ойынның маңызы зор – ересек адам үшін еңбектің қандай маңызы болса, ойынның бала өмірі үшін нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса өскенде еңбекте сондай болады. Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу алдымен ойыннан басталады» сөзінің авторы

А) А.С.Макаренко

В) А.П.Усова

С) В.А.Сухомлинский

Д) Л.С.Выготский

Е) Л.И.Божович


93. «Ойын басқа тәрбие формаларының қайсысынан болса да жоғары тұрады. Өйткені ол барлық тұрмыс-тіршілігін ұйымдастыруға, олардың белсенділігін арттырып, өз бетінше әрекет етуге мүмкіндік береді»

А) А.П.Усова

В) В.В.Давыдов

С) Ю.А.Левин

Д) Е.Е.Кравцова

Е) Е.Г.Сапогова


94. «Ойын дегеніміз – орасан зор жарық терезе, осы терезе арқылы баланың рухани дүниесіне қоршаған дүние туралы түсініктердің, ұғымдардың ширек тасқыны келіп құйылады. Ойын дегеніміз - бұл ынталық пен құмарлықтың отын жағатын ұшқын»..

А) В.А.Сухомлинский

В) Т.В.Тарунтаева

С) Л.П.Болтунов

Д) А.Н.Леонтьев

Е) Д.Б.Эльконин


95. Әдемі ғимараттар құрылысын жасап, оның бояуларының бір-бірімен келісімді болуын жоспарлайтын ойын түрі.

А) құрылыс ойыны

В) ұлттық ойын

С) қимылды ойын

Д) дидактикалық ойын

Е) сюжетті-ролді ойын


96. Қандай ойында балалар санамақтар, өлеңдер, тақпақтар

қолданады.

А) ұлттық қимылды ойында

В) құрылыс ойынында

С) стол үсті ойынында

Д) дидактикалық ойында

Е) сюжетті-ролді ойында


97. Қандай ойын арқылы балалардың тілі, сөздік қоры дамып, қалыптасады, кеңістікті, уақытты бағдарлауды үйренеді, батылдық, тапқырлық, қайраттылық, шапшаңдық, ұжымшылдық сияқты қасиеттерге тәрбиеленеді?

А) ұлттық ойын

В) шығармашылық ойыны

С) қимылды ойын

Д) дидактикалық ойын

Е) сюжетті-ролді ойын


98. (өнімді еңбек жөнінде сөз болып отыр) қоғамға пайдалы өнімдерді – адамзатқа қажетті материалдық және рухани байлықтарды жасауға бағытталған іс-әрекет түрі

А) еңбек

В) оқу

С) ойын

Д) қарым-қатынас

Е) тәрбие


99. Құрастыру іс-әрекетінің төмендегідей типтерін ажыратуға болады:

А) үлгі бойынша құрастыру;

В) шарттар бойынша құрастыру;

С) ойлау арқылы құрастыру.

Д) ойлау, үлгі арқылы құрастыру

Е) барлық жауап дұрыс


100. Үлгі бойынша құрастыру, шарттар бойынша құрастыру, ойлау

арқылы құрастыру типтері қандай іс-әрекетке жатады?

А) құрастыру

В) ойын

С) оқу

Д) еңбек

Е) тәрбие


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!