Материалдар / «MIOGYM »- интернет платформасы арқылы онлайн үй жағдайында баламен сабақ жүргізудегі бірнеше кеңестер
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«MIOGYM »- интернет платформасы арқылы онлайн үй жағдайында баламен сабақ жүргізудегі бірнеше кеңестер

Материал туралы қысқаша түсінік
«Дәуіржан» арнайы психикалық дамуы тежелген ересек және МАД балалар тобына және жалпы даярлық, ересек, ортаңғы топтары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Желтоқсан 2021
368
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Тексерілді» _______________ «Бекітемін»___________

бөбекжайы әдіскері:Н.Н.Маманбаева №7 «Айналайын»

Директоры С.А.Барлыбаева


Picture 2

















Кеңес

Тақырыбы:«MIOGYM »- интернет платформасы арқылы онлайн

үй жағдайында баламен сабақ жүргізудегі бірнеше кеңестер


«Дәуіржан» арнайы психикалық дамуы тежелген

ересек және МАД балалар тобына және жалпы даярлық, ересек,

ортаңғы топтары















Логопед: Гапуова Айкул Жаксылыковна





2021-2022 оқу жылы

Тақырыбы:: «MIOGYM »- интернет платформасы арқылы онлайн үй жағдайында баламен сабақ жүргізудегі бірнеше кеңестер
Мақсаты:

  • Балаларға шексіз мүмкіндіктер беру, олар өзі қалаған нәрселерді өздері таңдауға мүмкіндік беру.

  • Онлайн платформа негізінде баланың шығармашылық танымдық, коммуникативті қабілеттерін дамыту.

  • Әртүрлі тіл кемістіктеріндегі сөйлеу тілі қызметінің дамуын зерттеу.

  • Баланың тілдік (сөйлеу) іскерлігінің даму деңгейін анықтау

  • Баланы өз тілін қашықтықтан және үй жағдайында машықтауға дағдыландыру

  • Жаңа педагогикалық технологиялар АКТ көмегімен денсаулық сақтау технологиясына сипаттама бере отырып, дыбыстық-артикуляциялық жаттығулар жасау арқылы дыбыстарды дұрыс айтуды үйрету.

  • Балалардың денсаулығын сақтау мақсатында инновациялық бағыттағы материалдық-техникалық база қалыптастыру.

  • Қазақ тіліне тән дыбыстардың артикуляциялық ерекшеліктерін және түзету тәсілдерін анықтау.

  • Дамуында әр түрлі ауытқуы бар қазақ тілді балалардың (зияты, естуі, көруі, тірек-қимылы бұзылған) сөйлеу тілінің қалыптасу ерекшеліктерін анықтау

  • Логопедиялық оқу үрдісіне жаңа технологиялар мен компьютерлік техниканы еңгізу, қолдану.



Өзектілігі: Жаңа заманның талабына сай интернет желісі мен онлайн және офлайн жаңа педагогикалық педагогикалық технологиялар енгізу. Жаһандану процесі мен қашықтықтан оқыту үрдісінің актуалды кезеңінде балалардың мүмкіндіктерін шексіздендіру.

Физиолог И.П.Павлов орталық нерв жүйесінің түзетуге икемді жолдарын және оның компенсаторлық жүйелерінің шексіз екендігін айта келе, былай дейді: «Қолайлы әдістер мен тәсілдер арқылы жүргізілген жұмыстың нәтижесі барлық қолайсыз жағдайларды түзете алады».

Сөйлеу - адамның бір бірімен қатынасында ойын еркін, сезімін білдіріп жеткізу үшін тілді қолдану үрдісі. Тілі шықпаған нәрестенің алдымен сөйлеу мүшелері дамиды. Жалпы дүниеге келген сәби еріксіз дыбыс шығарады: қарнының ашқанын, ауырғаныны немесе тағы да басқа әрекеттерін айғай салу, жылау, қыңсылау сияқты дыбыстар арқылы білдіреді. Бұл дыбыстар сөйлеудің бастамасы болып табылады. Ол жіңішке және әр түрлі қозғалысты сөйлеу мүшелерінің, соның ішінде тыныс алу мүшелерінің дамуына себеп болады.

Қазіргі таңда, логопедия ғылымы өзекті мәселелердің біріне айналып кетті. Компьютерлік технологиялар түзету, дамыту жұмысының әсерлі әрі тиімді әдісі ретінде алдыңғы қатарға шығып отыр. Олар дәстүрлі сабақтардың құрамына енгізіліп, қосымша инновациялық технологиялар элементтерінің көмегімен тұтас логопедиялық сабақтың іс жүзіне асыруын қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта ақпараттық-коммуникативті технологиялар балалардың сөйлеу тілін түзетуде ең тиімді құрал болып келе жатыр. АКТ – бұл сандық және коммуникациялық технологиялардың кеңінен таралған түрлері. АКТ-ын пайдалану балалардың сөйлеу әрекетін дамытуға және жекелеп оқытуға мүмкіндік береді.

Сөйлеу тілі дамымаған балалармен жұмыс жасау барысында АКТ-ны пайдалану логопедке едәуір көмек беретіні сөзсіз. Мәселен, фонематикалық есту қабілетін дамытады, лексикалық сөздік қорын арттырады, қарапайым сөйлеу дағдыларын көбейтеді. Логопедиялық түзету сабақтарында тікелей қолданылатын барлық ақпараттық құралдарды үш ретке жіктеуге болады. Олар аудио, бейне және мультимедиялық құралдар.

Логопедтің ақпараттық технологияларды пайдалану барысындағы бала мен технология жұмысының нәтижесін былай көруге болады. Біріншіден уақытты үнемдейді, екіншіден көрнекіліктерді тиімді жүзеге асырады, үшіншіден оқыту үрдісін қызығырақ өткізеді, төртіншіден ізденушілік қасиеті мен педагогикалық шеберлігін жетілдіреді. Осыдан кейін оқушының ақыл-ой мен сенсорлық қабылдауы, сөз байлығы, сөздік қоры, ұйымшылдығы, достық қатынасы және мәдениетілігі дамиды.

Сонымен қатар, логопед жұмысында компьютерлік логопедиялық тренажер «MIOGYM » атты бағдарлама бар. Бұл бағдарлама есту және сөз сөйлеуден кемшіліктері бар балалардың ауызша және жазбаша тілдерін жан – жақты түзетуге бағытталған. Бағдарламаның арқасында балалардың сөйлеу дағдылары, сөздік қоры, сабаққа деген ынтасы біршама артып, өздерін қоршаған ортада сенімдірек сезіне бастайды. Оның үстіне оқу мен жазу үрдісін дамытып, көру және есту дағдылары едәуір жақсартады.

«MIOGYM »-интернет платформасы

1 деңгей «Яхта» артикуляциялық жаттығу

«MIOGYM»-интернет платформасы арқылы балалардың ҰОІӘ деген қызығушылығын ояту арқылы арнайы түзету жұмыстарын жүргізу. Жаңа педагогикалық технологияларды кешенді қолдану. Үрлеу арқылы еріннің бұлшық етін жаттықтыру.

«MIOGYM »-интернет платформасы


1 деңгей «КОТ» артикуляциялық жаттығу

«MIOGYM»-интернет платформасы арқылы балалардың ҰОІӘ деген қызығушылығын ояту арқылы арнайы түзету жұмыстарын жүргізу. Жаңа педагогикалық технологияларды кешенді қолдану. Беттің және ауыз қысының бұлшық етін жаттықтыру. Ерінді жаттықтыру арқылы түзету жұмыстарын жүргізу. «КОТ» сөзін айтуға машықтандыру.

«MIOGYM »-интернет платформасы

2 деңгей

«Пчелка» артикуляциялық жаттығу

«MIOGYM»-интернет платформасы арқылы балалардың ҰОІӘ деген қызығушылығын ояту арқылы арнайы түзету жұмыстарын жүргізу. Жаңа педагогикалық технологияларды кешенді қолдану. «З» дыбысын машықтандыру.

«MIOGYM »-интернет платформасы

2 деңгей «Пицца» артикуляциялық жаттығу

Ойын технологиясы

MIOGYM»-интернет платформасы арқылы балалардың ҰОІӘ деген қызығушылығын ояту арқылы арнайы түзету жұмыстарын жүргізу. Жаңа педагогикалық технологияларды кешенді қолдану. Ерін мен ұртты машықтандыру, бұлшық еттерін жаттықтыру.



Ақпараттық – коммуникациялық технологияның арқасында балалардың сөйлеу тілі дамып қана қоймай, іскер әрі талантты, сөзшең болып өседі. Десек те, өз сабағында компьютерді қолдана отырып, мұғалім – логопед өз жұмысының негізгі мақсаты – баланың басқа адамдармен толық қатынас жасауын, сөйлеу тілін түзету үшін естен шығармауы тиіс. Сабақтың негізгі бөлімі логопед пен оқушы арасындағы тікелей қатынасқа арналуы тиіс. Осыған орай, компьютерді қосымша құрал ретінде қысқа уақыт ішінде жұмыс жасау үшін пайдалануға кеңес беріледі.

Қазіргі таңда ата-аналар баласымен ауызша сөйлесуді ұмытып қалған. Әңгіме-ертегі, өлең оқып бермейді, бұрынғы “қуырмаштарды” айтпайды. Бұның бәрі балаға қажет. Ол осылай тәрбиелуі керек. Бұрын қазақ бесік жыры, ертегілер, қуырмаш, тіпті асық ойындарының өзі осы балалардың дамуы үшін ойлап табылған. Ал қазір мұның бірі жоқ. Керісінше балаға телефон беріп, теледидардың алдына телміртіп қояды. Уақытын алып, жыламаса болды. Байқасаңыздар, қазақ ертегілеріндегі кейіпкерлерден гөрі қазіргі балалар аюы бар Машаны, сап-сары Спанш Бобты жақсы таниды. Сол үшін де қоғамымызда бір-бірін түсіне алмайтындар көбейіп келеді.

Ата-аналар логопедтің кабинетінен баласын алып шыққан соң үйде баламен белгілі бір уақытта ғана сөйлеседі. Олай дұрыс емес. Барлық уақытыңызды баламен қарым-қатынасқа бөліңіздер. Оларды тыңдаңыз, сөйлесіңіз. Баламен бәрі еркін әрі ашық түрде өту керек. Оған ойын ойнатып, сол арқылы баламен қарым-қатынас жасау тиімді. Оны белгілі бір ережелерге салудың қажеті жоқ. Мысалы, балаға анасы күні бойы ертегі айтса бұл оған пайдалы болар еді. Ертегіні тыңдаған кезде баланың ой-өрісі дамиды, көз алдына елестетеді. Балаларыңыздың әрбір әрекетін қадағалаңыздар. Олармен бірге сөйлесіңіздер. Баланың тілін түсінуге тырысу керек. Көшеде баласын ерткен ата-аналарды жиі көремін. Баланың қолында гаджет, жанында анасы телефонмен сөйлесіп жүреді. Егер бала ата-әжесінің қолында болса, әжесі үнемі сөйлеп жүреді. Ертегі айтады, айналадағы нәрселерді көрсетеді, ән салады – баламен қарым-қатынас болады. Ал баламен сөйлесуде осындай әртүрлі тәсілді қолдану керек деп айтар едім. Тағы бір айтарым – баланың ой-өрісін кеңейткіңлеріңіз келсе, кішкентайынан классикалық әуендерді тыңдату керек. Сол кезде бала әсемдікке, әдемілікке, баппен сөйлеуге, дұрыс ойлай білуге үйренеді. Мемлекеттік тіл рухани және ұлттық бірліктің негізгі басымдығымен анықталған. Оны меңгеру, мектепке дейінгі жастан басталатын қоғамдық өмірге белсене араласатын және жеке бәсекеге қабілеттілікті анықтайтын, ынталандырушы, әрбір Қазақстан азаматының борышы және міндеті.Соңғы жылдары логопедке деген сұраныс жоғары. Тіпті арнайы балабақшалар мен оған кезекке тұрғандардың саны да көп.

Бұдан келіп «тіл мүкістігі бар балалар неге көбейіп барады?» деген сұрақ туындайды. Қазақ балаларының арасында мұндай жайт неге белең алуда? Жалпы тіл мүкістігі неден пайда болады?Дені сау бала 1,5 жасқа толған кезде естіген дыбысына жауап ретінде қимыл-әрекет жасау керек. Тіпті, бұл жаста үлкендер секілді ойлап, сөйлеу қабілеті де дамиды.Жалпы, баланың дамуы кезінде тісінің қисық шығуы, таңдайы мен тілінің жырық болуы, аузын еркін аша алмауы – мұның бәрі тіл мүкістігіне әсер етеді. Сондай-ақ, туғаннан баланың есту қабілеті нашар болса, айтылған сөзді құлағында сақтап қала алмайды. Сол себепті де сөздерді анық айтпайды. Тағы бір әсер ететін фактор – жүйке жүйесінің зақымдалуы. Яғни, бала кішкене кезінен белгілі бір жағдайда қатты қорықса, шошынса да сөйлеу кезінде қиналады. Бұдан басқа да әртүрлі факторлар әсер етуі мүмкін. Мысалы, анасының екіқабат кезінде жұқтырған түрлі вирустары немесе сәби кезінде дұрыс салынбаған екпелер, экологиялық проблемалар – бәрі де әсер етеді.Қандай түрлері бар?Тіл мүкістігінің бірнеше түрлері бар. Олар:

сигматизм – с, ц, з, т, ж, г, щ әріптерін дұрыс айтпаудан сөздің бұзылуы;

сақаулық – р әріпін айта алмау;

лямбдацизм – л дыбысын басқа әріппен алмастыру;

дизартрия – әріптерді дұрыс айтпаудан сөздің бұзылуы.

Балалардың «н» мен «ң» дыбыстарын дыбыстай алмауының бірнеше себебі бар. Егер балада сөйлеу мүшелері дұрыс қалыптаспаса, ол “ң” дыбысын нақты айта алмайды. Яғни, таңдайының биік орналасуы, жағының дұрыс жұмыс жасамауы, ернінің қалың болуы бұл дыбысты дұрыс айтуға кедергі болады. Сондай-ақ, бала қазақ тілді ортада тәрбиеленіп, тілінен «ң» дыбысын айта алмаса, маманға көрсеткен дұрыс. Ал орыстілді ортада өскен бала онсызда солай қалыптасып кетеді. Себебі бала үшін қалыптасудың ең үлкен үлгісі – ата-ана. Логопед маманның жаттығуға арналған құралдары Жалпы фонетикалық өзгерістердің бала тілінде болуы заңды құбылыс. Балалардың кейбір дыбыстарды айта алмауы немесе ұқсас дыбыстармен айтуы бала тілінің артикуляциялық базасының әлі толық қалыптаспағандығынан деп түсінген жөн.



«MIOGYM »-интернет платформасының II деңгейінің артикуляциялық жаттығуы



Picture 1 Picture 2

Picture 3 Picture 4



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!