Материалдар / Митоз. Жасушада митоздың әр түрлі кезеңдерінде жүретін үрдістер. Зертханалық жұмыс «пияз тамыры ұшындағы жасушалардан митоздың белсенділік деңгейін анықтау»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Митоз. Жасушада митоздың әр түрлі кезеңдерінде жүретін үрдістер. Зертханалық жұмыс «пияз тамыры ұшындағы жасушалардан митоздың белсенділік деңгейін анықтау»

Материал туралы қысқаша түсінік
Қысқа мерзімді жоспар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Сәуір 2024
60
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
450 тг 338 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Митоз. Жасушада митоздың әр түрлі кезеңдерінде жүретін үрдістер. Зертханалық жұмыс «пияз тамыры ұшындағы жасушалардан митоздың белсенділік деңгейін анықтау»

Бөлім:

10.3 Жасушалық цикл

Педагогтің аты-жөні:

Налибаева Д

Күні:

8.01.2024ж

Сыныбы:10

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Митоз. Жасушада митоздың әр түрлі кезеңдерінде жүретін үрдістер. Зертханалық жұмыс «пияз тамыры ұшындағы жасушалардан митоздың белсенділік деңгейін анықтау»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

10.2.2.1 - дайын микропрепараттар көмегімен митоз фазаларын зерттеу

Сабақтың мақсаты:

Жасушада митоздық кезңдерде жүретін өзгерістер туралы білетін болады.Митоздың фазаларымен танысады. Интерфазаның кезеңдерін талдай алады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

5 мин

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру



Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

Оқулық, жұмыс дәптері

ДК экраны

Жаңа сабаққа кіріспе

5 мин

«Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.

Өзгенің пікірін толықтырады.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

1.Дене (соматикалық) жасушалары қалай бөлінеді?

2. Митоздық цикл деп нені айтады?


3. Митоз фазаларының ерекшелігі неде?


4. Жасуша бөлінуінің үш жолын ата?


5. Интерфаза қай кезеңдерден тұрады?

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

15 мин

Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді

Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.

Дескриптор: Жалпы - 3 балл

1.Митоздың фазаларын талдайды.

2. Интерфазаның кезеңдерін сипаттайды.

Тақырыпқа байланысты интернет көздерін пайдаланып видеоролик тамашалайды


Қолдану айдарындағы тапсырмаларды орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

1.Тапсырма. Суретке қарап, митоздың жүру жолын түсіндіре отырып қорытынды жасайды.

2.Тапсырма.

Кестені дәптерге сызып толтырады.

Митоз фазаларының атауы

Фазалардағы хромосомалардың өзгерістері





Дескриптор: Жалпы - 3 балл

1. Тапсырмаларды түсіндіріп сипаттап қорытынды жасайды.

2. Кестені толтырады.

ДК экраны

10-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

15 мин

Талдау айдарындағы тапсырмаларды орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

Тапсырма

. Біліміңді сына: Сөйлемдерді дәптерге толықтырып көшіріп жазады.

.....G1, S, G2 кезеңдерінен тұрады. Пайда болған жас хромосомалар жасушаның плюстеріне қарай ығысады да, жасушаның әр полюсінде бір хроматидтен тұратын хромосомалар, яғни екі диплоидті хромосома жиынтығы... пайда болады. Метафазада байланысқан екі хроматидтен тұратын хромосома анық көрінеді. Экватор жазығына жинақталған хромосомалардың әрқайсысы....жабысады. Хромосомалардың толық жиынтығын... деп, ал-оның жартысын ... жиынтық деп атайды. Егер миоз процесі бұзылса, хромосомалар санында ауытқу болады,... немесе...

Дескриптор: Жалпы - 3 балл

1.Білімдерін сынайды.

ДК экраны

10-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

5 мин

«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.


Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!