Материалдар / М.Жұмабаевтың «Ескендірдің екі мүйізі» өлеңіндегі құндылықтар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

М.Жұмабаевтың «Ескендірдің екі мүйізі» өлеңіндегі құндылықтар

Материал туралы қысқаша түсінік
М.Жұмабаевтың «Ескендірдің екі мүйізі» өлеңіндегі құндылықтар Ғылыми жоба.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Маусым 2023
551
7 рет жүктелген
2500 ₸
Бүгін алсаңыз
+125 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +125 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Әл-Фараби атындағы №21 мамандандырылған гимназия












Тақырыбы: М.Жұмабаевтың «Ескендірдің екі мүйізі» өлеңіндегі құндылықтар

Бағыты: «Толқынмен толқын сырласып…» (М.Жұмабаев шығармалары бойынша зерттеу жұмысы)







Орындаған Шорсова Н.А. (9-класс)

Жетекшісі Сулейменова А.Ж.



















Ақтөбе -2023

Тақырыбы: М.Жұмабаевтың «Ескендірдің екі мүйізі» өлеңіндегі құндылықтар

Бағыты: «Толқынмен толқын сырласып…» (М.Жұмабаев шығармалары бойынша зерттеу жұмысы)


Проблемасы: Өлеңдегі құндылықтардың жас ұрпаққа берер тәрбиелік мәнін талдау


Проблеманы шешудің болжамы: шығарма сюжеті бойынша құндылықтардың түрін жіктеу, ұқсас шығармаларды салыстыра талдау арқылы ортақ шешім шығару. Шығарма түйінін бүгінгі күнмен сабақтастыру.


Пәні мен нысаны:әдебиет пәні, «Ескендірдің екі мүйізі» өлеңі


Мақсаты: М.Жұмабаевтың «Ескендірдің екі мүйізі» өлеңіндегі жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды анықтау


Міндеті:

  • Әдебиетіміздегі Ескендір образы арқылы батырлықты, ерлікті дәріптеу;

  • Шығармадағы құндылықтар мәселесін жан-жақты талдау;

  • «Ескендірдің екі мүйізі» өлеңіндегі нағыз адамдық белгісі – тілге сақ болу керектігін дәлелдеу;

  • Өлеңде көтерілген мәселенің бүгінгі күндегі өзектілігін анықтау.


Әдіс-тәсілдері:салыстыра талдау,зерттеу.


Ақпарат көзіне талдау: Д.Бабатайұлы «Шаштараз» мысал дастаны, М. Жұмабаев «Ескендірдің екі мүйізі» өлеңі, А. Құнанбаев «Ескендір» поэмасы.
















Жоспар:

І. Әдебиеттегі Ескендір бейнесі

ІІ. Құндылықтар – көркем шығарманың негізі

2.1. «Ескендірдің екі мүйізі» өлеңіндегі жалпыадамзаттық, ұлттық құндылықтар

2.2. «Ескендір» поэмасы мен «Ескендірдің екі мүйізі» өлеңіндегі жалпыадамзаттық құндылықтардың көрінісі

ІІІ. Өлең идеясының бүгінгі күндегі өзектілігі


Болашаққа тәуелсіз мемлекет ретінде қадам басқан қазақ жастарын, келешекті тәрбиелеуде М.Жұмабаев шығармашылығы орасан зор ықпалын тигізеді деп білеміз. Сондықтан да, «М.Жұмабаевтың «Ескендірдің екі мүйізі» өлеңіндегі құндылықтар» тақырыбында зерттеу жұмысын жүргізу – ғылыми жобамыздың басты мақсаты болып табылады. Осы арқылы құндылықтарды аша отырып, жалпыадамзаттық, ұлттық құндылықтарды зерделеп;адами қарым-қатынастың озық үлгілері арқылы гуманистік көзқарасты жан-жақты талдамақпыз. Ғылыми зерттеу жұмысын жазудағы басты мақсатымыздан төмендегідей міндеттер туындайды:

  • Әдебиетіміздегі Ескендір образы арқылы батырлықты, ерлікті дәріптеу;

  • Шығармадағы құндылықтар мәселесін жан-жақты талдау;

  • «Ескендірдің екі мүйізі» өлеңіндегі нағыз адамдық белгісі – тілге сақ болу керектігін дәлелдеу;

  • Өлеңде көтерілген мәселенің бүгінгі күндегі өзектілігін анықтау.

Зерттеу жобасының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

















М.Жұмабаевтың «Ескендірдің екі мүйізі» өлеңі қазақ арасына кең тараған ауыз әдебиеті үлгісінің сюжеті негізінде жазылған. Қазақ фольклорының құрамында Шығыстан келген бірталай жырлар мен ертегілер бар екені баршаға мәлім. Солардың бірі – Ескендір Зұлқарнайын туралы ертегілер. Ескендір туралы қағаз бетіне түскен қазақ ертегілері негізінде екі сюжеттен тұрады. Бір сюжеттің мазмұны мынадай: Ескендір патшаның басында мүйізі бар; мүйізін ешкімге көрсетпеу үшін ол шашын алған адамдарды түгел өлтіріп отырған. Ең соңында бір шаштаразшы тірі қалады. Бірақ ол Ескендірдің мүйізі туралы құпияны жасыра алмай, құдыққа барып айқайлайды. Құдықтан қамыс өседі. Ол қамыстан бір қойшы сыбызғы жасайды. Ал сыбызғы Ескендірдің мүйізі туралы ән салып елге жариялайды.

Низами тұңғыш рет гректердің есек құлағы бар Мидас патша туралы аңызын Ескендірге әкеп таңады. Сөйтіп барып, енді Мидастың орнына Ескендір пайда болады. Бұл сюжеттің төркіні – ертедегі гректердің есек құлағы бар Мидас деген патша туралы мифі. Мұнда да Мидас патша үлкен құлағын елден жасырып жүреді. Бірақ, амал не, жоғарыдағы әңгімедей, оның құпиясын сыбызғы елге хабарлап қояды. Көріп отырсыздар, гректердің мифінде Мидас патшаның есек құлағы бар да, қазақ ертегілерінде Ескендір патшаның мүйізі бар. Басқа еш өзгешелік жоқ. Сюжет біреу-ақ. Ескерте кететін бір жай – Ескендір тек қазақ ертегілерінде ғана емес, көптеген шығыс халықтарының ертегілерінде де қос мүйізді патша боп көрсетіледі.

Белгілі ғалым Е.Э.Бертельстің дәлелдеуінше, Ескендір туралы алғашқы аныздар мен әңгімелер оның өз сарбаздарының арасында туған. Ол әңгімелерді көпшілікке таратқан да – осы сарбаздар. [1]

Гректерден сириялықтарға келген Ескендір қос мүйізді болып бейнеленеді де, «Зұлқарнайын» («Қос мүйізді») деп аталады. Содан барып, оған ерекше күш, айбын, тіпті ерте Египеттегі жануар басты құдайлар мен патшаларға тән қасиет танылады. Себебі Шығыс халықтарының ерте заманғы түсінігі бойынша, адамға біткен мүйіз ерекше бақыттылықтың аса бір ерекшеліктің айғағы есепті. Мұндай түсінік қазақтарда да сақталған. Мысалы, қазақта: «сонда шыққан мүйізің қайсы?» – деген тіркес, «артықшылығың қайсы деген мағынада қолданылады.

Махмуд Қашқаридің кітабындағы әңгімелерге қарағанда, түрік халықтары Ескендірді қатал, жаугер адам деп білген. Сондықтан да бұл халықтардың арасында Ескендірдің қаталдығын көрсететін Зұлқарнайынның жасырын мүйізі жөнінде және еш күнәсіз өлтірілген шаштаразшылар жөнінде әңгіме кең тараған.

Демек, Ескендірдің мүйізі туралы сюжетке құрылған қазақ ертегілерінің төркіні Низамидің «Ескендір-намасы».

Ескендір туралы қазақ ертегілерінің екінші бір сюжетінің төркінін ашуда көңіл аударарлық шығармалардың бірі – XIV ғасырда жазылған Рабғұзидің «Қисса-сул-анбия» кітабы. Бұл кітап ескі аңыздардың, Фирдауси мен Низами шығармаларының Құран мен Тафсирдің үзінділерінен құралған. Құр үзінді ғана емес, оларға қиял-ғажайып ертегілер де араласқан. Осы кітапта «Ғайнылхаят» суын іздеген Ескендір мен Қызыр туралы ертегіні кездестіреміз. Біздің ойымызша, Ескендір туралы қазақ ертегілерінің екінші сюжеті, яғни «өлмес» суды іздеген Ескендір, Қызыр, Ілияс туралы әңгімелері, осы «Қисас-ал-анбиядан» алынған.

Абай ақындық кемеліне келіп, таланты әбден толысқан кезде «Ескендір» поэмасын жазды. Ақын ойының ішкі қуаты мен суреткерлік шеберлігін де, өмір материалының кесектігі мен гуманистік ой-пікірлерін тереңірек танытатыны да - «Ескендір» поэмасы.

Шығарманың негізгі тақырыбы - адамгершілік, қанағат, рақымшылық.

Идеясы - әділет пен даналықты дәріптеу, ашкөздіктен сақ болу, пендешіліктен арылу, ол үшін иманды болу, ұятың мен арыңды сақтау. Абай поэмасының көлемі шағын болғанымен, мазмұны эпикалық жүк арқалап тұр, себебі мұнда адамзат баласына ортақ адамгершілік қасиет пен адамның биік мұраты туралы кесек ой айтылған.

Поэманың басты кейіпкері Ескендір - Еуропаға Александр Македонский деген атпен белгілі болған ірі қолбасшы, Шығысқа Ескендір Зұлқарнайын деген атпен тараған. Ескендір жайында Шығыс ақындарының көбі жырлаған.

Ә.Фирдоусидің «Шах-нама», Низамидің «Ескендір-нама», Жәмидің «Ескендір даналығының кітабы», Науаидың «Ескендірдің қорғаны» дастандарында оның образын ардақтап көрсеткен. Ескендір Зұлқарнайын хақында қасиетті Құран- Кәрімнің Кәһф сүресінің 83-97-аяттарында да баяндалады.

Абай мұсылмандық шығыс ғұламаларының бізге жеткен мұрасының барлығымен таныс болған. Бірақ Абайдың «Ескендірі» бұлардан мүлде бөлек. Неге? Поэманың «Осы жұрт Ескендірді біле ме екен деп басталуында үлкен сыр жатыр. Академик Сейіт Қасқабасов «Ескендір» поэмасының сюжеттік негізі» деген мақаласында «Ескендір» поэмасының қазақ арасында әпсана, хикаят, жыр түрінде тарап, қос мүйізі бар Ескендір мен өлмес су іздеген Ескендір жайындағы әпсана-хикаяттардың сюжеттік негізі Низамидің «Ескендір-намасы» мен

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!