|
Мектеп: Атырау қаласы
химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі жанындағы
жатақхана
|
Мерзімі:
09.02.21
|
Тәрбиеші: Қуанышкереева
Ж.Ж.
|
Қатысушылар: 8-9 сынып
оқушылары
|
Қатысқан оқушылар
саны:____
|
Қатыспағандар:_____
|
Оқу жылына кәсіби даму
мақсаты: «Топтық оқыту тәсілдерін
қолдану арқылы, оқушылардың ұжымда жұмыс жасау қабілеттерін
дамыту»
|
Концепт (негізгі
идея)
|
Ақиық
ақын
|
Тұжырымдамалық
пайымдау:
|
Өнерлінің қолы
алтын,
Өлеңшінің сөз
алтын.
|
Бағыт:
|
Рухани-адамгершілікке
тәрбиелеу
|
Сабақтың
тақырыбы:
|
М.Мақатаев «Есіңе мені
алғайсың» тәрбие сағаты
|
Сабақтың
мақсаттары:
|
ХХ ғасырдың біртуар тұлғасы,
поэзияның Хантәңіріне айналған ақын Мұқағалидың өміріне шолу жасай
отырып, ақынның поэзиясына талдау жасап өлеңінің идеясын, мақсатын
ұғындыру. Оқушыларды Отанын, елін, жерін сүюге, өлеңді бағалауға,
қадірлеуге және музыканың әсем құдіретілігімен
тәрбиелеу.
|
Күтілетін
нәтиже:
|
Мұқағали ақынның өлеңдерінің
мазмұнын, идеясын түсініп, шабыттанған оқушы
қалыптасады.
|
Тәрбие шарасының
мақсаты
|
Дағдылар
|
Жетістік
критерийлері
Егер төмендегі жетістік
критерийлерін орындаса, оқушы алдына қойған мақсатына
жетеді
|
Поэзия әлемімен оқушылардың жан дүниесіне
үңілу, елін, жерін сүюге, әнді, өлеңді қадірлеуге, табиғатқа деген
мейірімділікке, қамқорлыққа
тәрбиелеу.
|
Берілген сұрақтарға іздене
отырып, әр оқушы өз ойын еркін айтуға, оны дәлелдеуге
дағдыланады
|
(СТО, АКТ) Оқушылар Мұқағали Мақатаев тың
өмірі мен шығармаларын түсіндіріп береді. Топтық тапсырма СТО
пайдалана отырып шығармалары туралы
талқылайды.
|
Пән
аралық
байланыс
|
Қазақ әдебиеті,
тарих
|
АКТ
қолдану
|
АКТ мүмкіншіліктерін
пайдалану
|
Қосымша
қолданылған
әдіс
|
«Оқушы дарындылығын дамыту»
бағдарламасының стратегиялары
|
Сабақта қамтылатын білім беру
құндылықтары
|
-
жұптық және топтық жұмыстар
орындау барысында өзіне және айналадағы адамдарға
дегени құрмет;
-
командалық жұмыстарды орындау
барысындағы ынтымақтастық;
-
өз пікірін білдіру
барысындағы ашықтық;
-
топтық жұмыстар, кретаивті
шығармашылық ізденістер барысындағы
еңбек және
шығармашылық;
-
білімін тереңдету, қажетті
материалдарды табу, оған талдама жасау
мақсатында өмір бойы
оқу.
|
Жоспар
|
Сабақтың
жоспарланған
кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған
іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың
басы
Жаңа тақырыпқа қызығушылықты
ояту кезеңі
3
мин.
|
І. Ұйымдастыру
кезеңі
Оқушылардың сабаққа жақсы дайындықпен,
ынтамен кірісуі үшін психологиялық даярлық
жүргізу.
Балалар, сабақ бастауға көңіл – күйлеріңіз
қалай? Экранға көз салыңдар, адамның көңіл – күйін білдіретін
суреттерді көре аласыңдар. Қазір алдарыңда жатқан стикерлерге сол
суреттерге қарап, көңіл – күйлеріңді көрсететін суретті
салыңдар.
|
Маркер, стикер,
смайликтер
|
Ой елегінен өткізу
кезеңі
5
мин
|
2.Тәрбиешінің
іс-әрекеті
Сонымен бүгінгі
сабағымыздың тақырыбы: «М.Мақатаев «Есіңе мені алғайсың» тәрбие
сағаты
Оқушылар назарына
Мұқағали туралы
видеоролигін
ұсынады. - Автор жайлы қысқаша не
білдің?
- Не
түсіндіңіздер?
- Осы өлеңнен не
түсіндік?
- Қандай ой келеді; Негізгі ой
не?
|
Бейнебаян https://www.youtube.com/watch?v=WGWAx5Lwbss
https://www.youtube.com/watch?v=pamXO3kJfnY
|
3
мин
|
3.Тәрбиешінің кіріспе
сөзі: Мұқағали (Мұқаметқали)
Сүлейменұлы Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысы, Нарынқол
ауданы, Қарасаз ауылында туған. Балалардың үлкені Мұқағали еді.
Балалық шағы сұрапыл соғыс жылдарында өтті. Ол 10 - 11 жастан
бастап өлең шығара бастайды. Ақынның тұңғыш өлеңдері:
«Қырман басында», «Қойшы бала – Әкітай», «Інімнің ойы», «Шебер»,
өлеңдегі ұстаздары Қ. Аманжолов. Мұқағали ақын, жазушы,
драматург. Ақиық ақын 1976 жылы 27 наурызда 45 жасында Алматы
қаласында қайтыс болды. 650 – ден астам лирикалық өлеңдерінде адам
өмірінің мәні, әсемдік пен сұлулық, тазалық, ерлік, елдік, туған
жер турасында, терең толғаған. «Моцарт Жан азасы» реквиемі
пәлсапалық мазмұны, психологиялық тіні, өзгеше, туынды. «Табыт
үні», «Халық үні», «Жесірлер үні», «Бесік жыры», аталатын 4
бөлімінде бірде табыт, бірде жесір – Ана бірде Жер – бесік атынан
Өмір мен өлім туралы философиялық пайымдаулар айтылған. Ақын Моцарт
тағдырын тілге тиек ете отырып, өмір туралы өз жанының оптимистік
рухын, әрбір адамның жан түкпіріндегі арман – әнін жеткізді. Ақын
қай тақырыпта жазса да жалған сезім, жылтырақ сөзге әуес болмады,
ол туралы: «Мен жырламаймын, сырласамын сыры бір замандаспен
мұңдасамын. Көгендеп жыр қосағын. Келмейді жасағым» немесе «Тіпті
де мен емес – ті «Мен» дегенім»... Өзгенің жаны – сырын ұғу үшін,
Өзімді зерттегенді жөн көремін дейді. Мұқағали шығармашылығының
тіні «Өзін – өзі» зерттеуден тұрады. Мұқағалидың шығармаларында
философиялық тереңдік, адамның психологиялық жан күйзелісін
суреттеу медитатция басым. «Өмірдастан» атты топтамалы толғауында
жесір жеңге (Дариға) образы арқылы тылдағы халық өмірі мен адамдық,
азаматтық, адалдық, ар – намыс, рух пен нәпсі арасындағы толассыз
күрес психологиялық шиеленіс арқылы шебер жеткізілген. Мұқағалидың
шеберлігі өзі өмірден көрген – білгенін көңіл елесінен өткізе терең
жеткізуінде.
|
Презентация
Слайдтар, кітаптары
«Жүрек арызы», «аманат», Мұқағали
шығармалары.
|
5
мин
|
4.Сұрақтарға
жауап беру.
1.Ақынның туған
жері, кім болған
2. «Қайырлы түн»
өлеңінде не туралы жазылған
(оқу, білім туралы
жазылған)
3. Ақынның
жары
(Лашын
Әзімжанова)
4. Мақатаевтың
«Саржайлау» өлеңіне ән жазған
композитор
(Н.
Тілендиев)
5.1 өлеңін жатқа
айт
Мұқағали ақын
«Аққулар ұйықтағанда» дастанын Ғ. Мүсіреповке оқып бергенде, ол
кісі қандай сыйлық ұсынды.
(Алтын қаламын сыйға
тартқан)
6. Мұқағали әндері туралы не
білесің?
(«Сарыжайлау», «Фариза»,
«Дариға домбырамды берші маған», «Сәби болғым келеді», «Есіңе мені
алғайсың») Жалпы Мұқағалидің отыз шақты өлеңдеріне ән
жазылған.
|
|
10
мин
|
Мұқағали Мақатаевтың өлең, жырларына кезек
береміз.
Оқушылар өлеңдерін оқиды. (Өлеңді оқып
біткеннен кейін, сұрақ
қояды).
- Осы өлеңнен не
түсіндік?
ақын бұл өлеңінде нені бейнелеп
тұр?
|
Музыка
https://www.youtube.com/watch?v=VYcVs5Zuo7U
|
13
мин
|
І «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы бойынша
қысқаша көрініспен айтып
беру
ІІ «Елім барда» өлеңін мәнерлеп оқу. Өлең не
жайында жазылған? Ақын Отанына, еліне деген ыстық ықыласын қалай
жеткізген? Оқушылар өздерінің жұмыстарын
қорғайды.
|
https://www.youtube.com/watch?v=wGO0S6EjdO4
Маркер,
стикер
|
Сабақтың
соңы:
Түйін
Кері
байланыс
3
мин.
|
Мұқағали ақынның
лирикаларының шығармашылығынан нені үйрендік?
Лиризм нәзіктігі, саздылығы,
наздылығы, көңіл – күйі,
драматизмі,
көркемдік ертекшілігі:
Рефлексия парағын
толтыру стикерлерге
Мен білдім?
Мен үйрендім?
Маған ұнады - деген ойларын жазады.
|
стикерлер
|