Мобильді қосымшалар

Тақырып бойынша 25 материал табылды

Мобильді қосымшалар

Материал туралы қысқаша түсінік
Мобильді қосымшалар
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақ жоспары №16


Сабақ тақырыбы

6.2. Мобильді қосымшалар

Модуль /пән атауы

Информатика

Дайындаған педагог

Шыңғысова Айнұр Қуанышқызы

Күні


Курс, топ

1 курс

Сабақтың түрі

аралас

Міндеттер

4) әлеуметтік-экономикалық бағытта қолданылатын қосымшаны әзірлейді

Мақсаты

2) қосымшалар құрастырушысының құрамдас бөліктерін пайдалана отырып, мобильді қосымша интерфейсін құру

Күтілетін нәтижелер

әлеуметтік-экономикалық бағытта мамандықтарына сай, қолданылатын қосымшаны әзірлейді

Қажетті ресурстар және АКТ

Оқулық, компьютер, смартфон, , https://www.menti.com,

http://ai2.appinventor.mit.edu

Сабақтың барысы


Кезеңі / Уақыты

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурсы


  1. Ұйымдастырушылық және уәждемелік



Сәлемдесу. Түгендеу.

Сабақтың тақырыбын хабарлау, оқу нәтижесі және бағалау критерийлерімен таныстыру.



Психологиялық ахуал

(7 минут)

Білімді жаңарту

Сұрақ-жауаппен қатынас” әдісі

1-тапсырма: Mentimeter платформасындағы сұрақтарға жауап беру арқылы білім алушылардың алдыңғы сабақта алған білімдерін тексеру.

Mentimeter платформасында берілген сұрақтарға білім алушылар өз жауаптарының нұсқасын жазады.

Оқулық

https://drive.google.com/file/d/1tptITd48C-CGZIBsWprlAEF7RBOXdIdj/view?usp=drive_link



Mentimeter

https://www.menti.com/alztyje1qbok



Мақсаты мен міндетін хабарлау

Топтық жұмыс

2-тапсырма:

«Пікірлер базары» әдісі

Мобильді қосымша құру кезеңдерін талқылайды.

Білім алушылардың шағын тобы плакатқа өздері таңдаған мобильді қосымшаның жобасының сызбасын салады. Плакаттар қабырғаға ілінеді және әр плакаттың жанында сұрақтарға жауап беретін білім алушы тұрады, олар белгілі бір уақыт аралығында алмасып тұрады. Басқа топтар «Галереяны шарлау» тәсіліндегідей плакаттан плакатқа ауысып, оның бос орындарына стикерлермен өздерінің ескертпелерін, сұрақтарын, пікірлерін, қарсы дәлелдерін, қойған бағаларын жазады. Соңында топтар өз плакаттарына қайта оралып, барлық пікірлермен танысып, оларды талқылайды, сұрақтарға жауап іздейді, нәтижелерін сыныпқа ауызша жариялайды.


  1. Теориялық және практикалық


2.1. Алдын ала білім

Жалпы қайталау

(13 минут)

Жұптық жұмыс

3- тапсырма:

Берілген сілтеме бойынша, қадамдардың реттілігін сақтай отырып орындау арқылы, мейрамханадағы даяшы жұмысын жылдамдататын мобильді қосымшаны құрастырыңыздар














Оқулық

https://drive.google.com/file/d/1tptITd48C-CGZIBsWprlAEF7RBOXdIdj/view?usp=drive_link



Компьютер

Смартфон



http://ai2.appinventor.mit.edu/


2.2. Жаңа материалды зерттеу


2.3. Жаңа білімді практикада қолдану


Бекіту.

Бақылау жұмысы


(60 минут)

Компьютерлік сауаттылық тапсырмасы

(Компьютерді пайдалануды түсіну)

4-тапсырма

Асан мейрамханада даяшы болып жұмыс жасайды. Қонақтар сұратқан есепті беру үшін ол калькулятор қосымшасын қолданды. Бірақ есептеу барысында 4500/2=9000 деген қорытынды алды.

http://ai2.appinventor.mit.edu/ конструкторында Асанға бұл қателікті дұрыстауға көмектесіңіз.

Ол үшін:

  1. Калькулятор қолданбасын қайтадан жасаңыз

  2. Қателігін дұрыстаңыз

  3. Қосымшаны жүктеу арқылы мобильді қосымша дұрыс жұмыс істеп тұрғанын тексеріңіз








Жеке жұмыс (бекіту тапсырмасы)

5-тапсырма:

Жанар “Тәтті” кондитерлік үйінің креатив бөлімінде қызмет жасайды. Кондитерлік үй басшысы оған келесі талаптарға сай, тұтынушылармен диалог құра алатын мобильді қосымша жасауды ұсынды:

Қолдану икемділігі мен тиімділігі.

Қосымша жаңа тұтынушылар үшін де, тәжірибелі қолданушылар үшін де тиімді болуы керек. Қолданушыларға өз әрекеттерін жүйелеуге мүмкіндік беруі қажет.

Эстетикалық әрі минималды дизайн.

Диалогтер түсініксіз болмауы тиіс немесе сирек қолданылатын сөздер кездеспеуі қажет

Жүйемен және нақты әлеммен өзара байланыс

Тұтынушы тілінде, сөзбен, сөз тіркестерімен және тұжырымдармен құрастырылуы тиіс

  1. Жанарға тұтынушылармен диалог құра алатын мобильді қосымша құруға көмектесіңіз.

Дайын мобильді қосымшаны жүктеңіз.










  1. Қорытынды


Үй тапсырмасы

(4 минут)


Өткен тақырыптарды қайталау.

«Электрондық үкіметтің болашағы мен тәуекелдері» деген тақырыпта эссе жаз.


11 сынып https://drive.google.com/drive/folders/1QIDJ5d6RluqOs--fkk-7pJt-YeZXkolx?usp=share_link

Бағалау

(3 минут)

Шахмат тақтасының суретін пайдалану арқылы білімалушылар бос ақ ұяшықтарға өз ойларын стикерге жазып жапсырады. Сол жазылған ойлары негізінде өтілген сабақтан алған білімі қорытындыланады.

  1. Сабақ бойынша рефлексия


(3 минут)

Кері байланыс

Шығу парағы


Жетістік баспалдағы

1. Естідім және ұмыттым

2. Көрдім және еске сақтадым

3. Жасадым және түсіндім

4. Басқаларға үйрете аламын

Смартфон



https://www.menti.com/alyducfqvsi4


Бағалау парағы


Сандық эквивалент

Балл

Критерийлер

Баға

«Өте жақсы»

90-100


  • қосымшалар құрастырушысының құрамдас бөліктерін пайдалана отырып, мобильді қосымша интерфейсін құра алады

  • әлеуметтік-экономикалық бағытта қолданылатын қосымшаны әзірлей алады

Баға

«Жақсы»

70-89


  • қосымшалар құрастырушысының құрамдас бөліктерін пайдалана отырып, мобильді қосымша интерфейсін құра алады

Баға

«Қанағаттанарлық»

50-69


  • әлеуметтік-экономикалық бағытта қолданылатын қосымшаны әзірлей алады



Оқытушы___________________А. Шыңғысова

Н.06.2-14 Басылым 3

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.04.2024
198
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі