400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 28 материал табылды

Мобильді қосымшаларды әзірлеу

Материал туралы қысқаша түсінік
Мобильді қосымшаларды әзірлеу
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақ жоспары №17


Сабақ тақырыбы

Мобильді қосымшаларды әзірлеу


Модуль /пән атауы

Информатика


Дайындаған педагог

Шыңғысова Айнұр Қуанышқызы


Күні



Курс, топ

1 курс


Сабақтың түрі

аралас


Міндеттер

4) техника-технологиялық салада қолданылатын қосымшаны әзірлейді.


Мақсаты

2) Қосымшаларды құрастырушы компоненттерін пайдалана отырып, мобильді қосымша интерфейсін жасау.


Күтілетін нәтижелер

Mit AppInventor ортасында ыңғайлы мобильді қосымша интерфейсін жасайды;


Қажетті ресурстар және АКТ

MitAppInventer, МАН тыңдаушыға арналған нұсқаулық




Сабақтың барысы



Кезеңі / Уақыты

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурсы



  1. Ұйымдастырушылық және уәждемелік




Сәлемдесу. Түгендеу.

Сабақтың тақырыбын хабарлау, оқу нәтижесі және бағалау критерийлерімен таныстыру.

Стикерлер арқылы топқа бөлу.

(Карточкалар арқылы топтастыру)



(10 минут)

Білімді жаңарту

Топтық жұмыс. «Ой қозғау» әдісі

1-тапсырма

Бүгінгі сабағымды мына сөзден бастағым келеді: «Кейде алға қадам артқа қадам басуды талап етеді» Оны қалай түсінесіз? Ендеше сәл артқа шегініп, өткен сабақта не істегенімізді еске түсірейік. Берілген сұрақтар бойынша әр топ өз ойларын ортаға салып, қағазға түсіріп, қорғайды


Сұрақтар:

1.Мобильді қосымша жасаудың мақсаты қандай?

2.Мобильді қосымшаның интерфейсіне қойылатын негізгі талаптарды сипаттау.

3.Күнделікті программистер қолданатын мобильді қосымшаларын талдаңдар.

4.Мобильді қосымшалардың дизайнын қарап шығыңыз және олардың кемшіліктері мен артықшылықтарын көрсетіңіз.






  1. Теориялық және практикалық


Шағын дәріс

AppInventor құрастырушысы– қосымшаның интерфейсі («сырт келбеті») жасалатын режим. Бұл режимді қосымшаның әр түрлі компоненттерін таңдау мен орналастыру үшін қолданады: қосымшаны іске қосқан кезде сіздің құрылғыңыздың экранында бейнеленетін батырмалар, мәтіндік жолақтар, суреттер және т.б.

Жобаның дизайнын әзірлеуге арналған интерфейс келесідей негізгі элементтерден тұрады:

Палитра болашақтағы қосымшаның компоненттерінің жинақтарынан (топтарынан)

тұрады.

Компоненттер деп батырмалар, суреттер, мәтін, мәтін жазуға арналған алаңдар, күндер, сіздің Android - құрылғыңыздың әр түрлі датчиктеріне қосылуға арналған интерфейстер секілді қосымшаның функционалды элементтерін атаймыз: акселерометр, GPS, дерекқор және т.б. Кейбір компонентте графикалық дизайнның бөлшектері болып табылады, мысалы, батырмалар, ал кейбіреулері құрылғының экранынан көрінбейді, мысалы, таймер, сенсорлар немесе видеоплейер.

Қарау – сіздің қосымшаңыздың экраны. Нақтырақ айтсақ, экрандардың бірі. Қосымшада әр түрлі істер бір мезгілде атқарыла беретін бірнеше экран қолдануға болады. Мысалы, бірінші экранда сізде қосымшаға нұсқаулық, ал екіншісінде, яғни, қосымша– оның функционалды бөлігі.

Компоненттер – мұнда сіз өз жобаңызда пайдаланып жүрген компоененттер тізімі орналасқан.

Қасиеттер – экранның осы бөлігінде сіздің қосымшаңыздың компоненттерінің қасиеттері орнатылады, мысалы: түсі, қаріп өлшемі, суреттер мен дыбыстар көздері, жазбалар, бастапқы мағынасы және т.б..

Медиа – пайдаланылатын медиафайлдар тізімі (суреттер, видео-, аудио-роликтер және т.б.)


Дәптермен жұмыс

«Бірге ойлаймыз» әдісі

Топтық жұмыс.

2-тапсырма

Сұрақтар:

1.AppInventor мобильді қосымшасын әзірлеу сатылары қандай?

2.Жобаның дизайнын әзірлеуге арналған интерфейстің негізгі элементтері.

3.«Блоктар» режимінде кіріктірілген блоктарды атаңыз.

4.Блоктардың түрлері және бір-бірімен қосу үшін дөңестер мен ойықтар.

5.«Блоктар» режімінде қолданылатын қандай функциялар бар?

6. Қосымшаны құрылғыға жүктеу және орнату алгоритмін айтыңыз.


6 дұрыс жауапқа – 10 балл

5 дұрыс жауапқа – 8 балл

4 дұрыс жауапқа – 6 балл

3 дұрыс жауапқа – 5 балл

2 дұрыс жауапқа – 3 балл

1 дұрыс жауапқа – 1 балл



2.1. Алдын ала білім



Жалпы қайталау

(13 минут)

Жұптық жұмыс

3 -тапсырма. «Бір қадам алға...» әдісі


Mit AppInventor ортасында берілген батырмаларды қолдану арқылы ұлттық аспаптардың үні шығатын қосымша әзірлеңіз.





2.2. Жаңа материалды зерттеу




2.3. Жаңа білімді практикада қолдану




Бекіту.

Бақылау жұмысы


(60 минут)

Жұптық жұмыс

4-тапсырма. «Жасап көрсет және әңгімеле» әдісі

«Бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығында оқитын Ерасылдың қарындасы балабақшада Paint бағдарламасында сурет салуда түстерді таңдауда қиналады. Сондықтан Ерасыл AppInventor ортасында «Сурет салу» мобильді қосымшасын әзірлеуді шешті.


а) Ерасылдың қарындасына қолдануға ыңғайлы болатын қосымшаны әзірлеу бойынша 2 идеялар ұсыныңыз

1_______________________________________

2_______________________________________


б) Жоғарыда ұсынылған идеяларды ескеріп, мобильді қосымша әзірлеңіз











Жеке жұмыс

5-тапсырма

«Лабиринт» мобильді қосымшасын құру.




















Қосымша 1



Үй тапсырмасы

Қосымша логотипін ойлап тауып, оны кез келген графикалық редакторда сыз.









Р ефлекция

Өрмекші әдісі

Студенттер ортаға шығып, шеңбер құрады. Жіпті бір-біріне лақтыра отырып, бір-біріне тор тоқып, тілек айтады

1.Бүгінгі сабақта не білдім, нені үйрендім?

2.Нені білгім келеді?

3. Қандай қиыншылықтар болды?

4. Қасыңдағы досыңа тілек.







  1. Қорытынды




Бағалау парағы


Сандық эквивалент

Балл

Критерийлер

Баға

«Өте жақсы»

90-100


  • Қосымшаларды құрастырушы компоненттерін пайдалана отырып, мобильді қосымша интерфейсін жасай алады

  • техника-технологиялық салада қолданылатын қосымшаны әзірлей алады

Баға

«Жақсы»

70-89


  • техника-технологиялық салада қолданылатын қосымшаны әзірлей алады

Баға

«Қанағаттанарлық»

50-69


  • Қосымшаларды құрастырушы компоненттерін пайдалана отырып, мобильді қосымша интерфейсін жасай алады



Оқытушы___________________А. Шыңғысова

Н.06.2-14 Басылым 3

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
25 сәуір
361
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі