Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Мобильді құрылғылар
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Мобильді құрылғылар
Глоссарий:
Мобильді құрылғы – Мобильное устройство – Mobile device
Аппараттық жасақтама – Аппаратное обеспечение – Hardware
Программалық жасақтама – Программное обеспечение – Software
Дизайн – Дизайн – Design
Интерфейс – Интерфейс – Interface
Басқару элементтері – Элементы управления – Elements of management
Мобильді қосымша – Мобильное приложение – Mobile application
Бірінші планшетті алғаш рет Samsung компаниясы 1989 жылы жасап шығарған. Оның тек қара-ақ түсті ажырата алатын экраны бар еді және планшеттің мүмкіндіктері өте төмен болған. Бағасы 3000 долларды құрайтын. Әрине, мұндай бағалы планшет қарапайым халық үшін қолжетімсіз еді. Сондықтан мұндай құрылғының иелері кәсіпкерлер, компания басшылары, ең жоғары буын бухгалтерлері болған.
Мобильді құрылғылар – басты ерекшеліктері кішкене өлшемі мен атқаратын функцияларының саны болып табылатын смартфондар, планшеттер, электронды кітаптар, телефондар, ноутбуктер (ультрабуктер, нетбуктер) (53-сурет). Смартфондар – ең маңызды ерекшелігі көлемі мен тасымалдану қабілеті және көптеген функционалдық мүмкіндіктері бар құрылғылар. Планшеттер – үлкен экранмен жабдықталған және Интернетті, кітаптарды, офистік пакеттерді, сондай-ақ ойындарды пайдалануға мүмкіндік беретін құрылғылар.
Электронды кітаптар сипаты бойынша планшеттерге ұқсайды, алайда олардың мүмкіндіктері планшеттегідей көп емес. Олардың негізгі міндеті – кітаптар мен электронды файлдарды оқу. Бұл мобильді құрылғылар E-ink матрицасына негізделген. Ол өзінің қасиеттері бойынша кәдімгі қағазға ұқсайды, яғни экранда жарық жоқ, оны көз қарапайым қағаз парағы ретінде қабылдайды. Электронды кітаптардың автономды жұмыс істеу уақыты 3 күннен 10 күнге дейін. Одан әрі 1 күннен 3 күнге дейін автономды жұмыс істейтін смартфондар жүреді, ал планшеттер жүктеме қарқындылығына байланысты 10 сағаттан артық жұмыс істемейді.
Кез келген мобильді құрылғы – бір-бірімен өзара байланысқан және тұтас алғанда құрылғының қалыпты жұмысын қамтамасыз ететін көптеген функционалдық аяқталған модульдерден тұратын, күрделі техникалық құрылғы. Бір ғана модуль істен шықса – құрылғының ішкі ақаулығына әкеліп соғады.
Мобильді интернет қызметін пайдаланатындар саны күн санап өсуде. Пайдаланушылар интернетке кіру үшін смартфонды көбірек пайдаланады екен. Статистика бойынша, смартфонды пайдаланушылар уақытының 80%-ын түрлі қосымшаға жұмсайды.
«Мобильді қосымша» дегеніміз – мобильді құрылғыға арналған программалық жасақтамалар. Олардың қызметі қосымшалардың мүмкіндігіне, ішінара мобильді құрылғылардың мүмкіндігіне тәуелді. Мобильді қосымша арқылы тұтынушы тауарлар мен қызметтерге тапсырыс береді, жаңалықтан хабардар болады, өзіне ең қысқа әрі ыңғайлы жол табады, түрлі шаруасын шешеді. Мобильді қосымшалар әлемдегі миллиардтаған адамның жұмысын жеңілдетіп, жеке өмірі мен адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасын өзгертті. Ғалымдар мобильді қосымшаларды пайдаланатын адамдардың саны әрі қарай да өседі деп пайымдайды. Біріншіден, смартфон жылдамдықты қамтамасыз етеді, бұл пайдаланушылар үшін маңызды. Екіншіден, пайдалану ыңғайлы. Үшіншіден, үнемі мобильді технологияларға негізделген жаңа модельдер пайда болады. Егер блог, интернет-дүкен, жеке бизнесің немесе жай ғана жақсы идеяң болса, тұрақты тұтынушылармен бөлісудің ең жақсы тәсілі – мобильді құрылғыларға арналған қосымша жасау. Мобильді қосымшаны жасау үшін дайын элементтерден өз қосымшаңды жинай алатындай арнайы сайт қолданылады. Сондай-ақ программаның кіріктірілген ортасы қолданылуы мүмкін.
Мобильді қосымшалардың конструкторы Мобильді қосымшалардың конструкторы смартфон таралғаннан кейін пайда болды. Смартфонға арналған программа кәсіпкерлерге өз тауарлары мен қызметтерін сату үшін, өте қажет екенін программистер уақытында түсінді. Осылайша фотосуреттерден жасалған коллаж сияқты мобильді қосымшаны өз бетінше «желімдеуге» мүмкіндік беретін конструктор-платформа пайда болды. Мобильді қосымшаны жасауға арналған платформалар функциялар жиынтығы, бағалары, сондай-ақ қосымшаны жасауға болатын тәсілдері жағынан бір-бірінен ерекшеленеді. Қосымшаны жасау тәсілі бойынша олар былай бөлінеді: • Генераторлар. Бұл – қолданыстағы web-беттердің негізінде мобильді қосымшаны жасайтын платформалар. Сен генераторға өз сайтыңның URL-ін бересің, ол автоматты түрде сенің сайтыңдағыдай бөлімдер мен контенті бар мобильді қосымшаны жасайды. • Конструкторлар. Бұл – дайын элементтерден өзіңе қосымша жинауға мүмкіндік беретін платформалар, ал ол үшін контентті болашақ қолданушыларың жасайды. Өз қарамағыңда дайын модельдер мен интерфейс элементтері, сондай-ақ функционалдылықтың бөліктері, мысалы, геопозициялау, хабарламаларды жіберу, банк карталарымен жұмыс істеу, т.б. болады. Осы платформаларды жасай алатын екі түрлі қосымша бар: • Гибридті (PWA). Бұл – web-ке ұқсас, мобильді құрылғы экранына бейімделген web-қосымшалар. Олар смартфонда браузердің көмегімен ашылады. • Нативті. Бұл – мобильді құрылғының операциялық жүйесіне орнатылатын қосымшалар. Нативті қосымша қолданушыға әлдеқайда ыңғайлы. Қосымшаны жасау тегін болуы мүмкін, есесіне одан кейін сенде екі жол бар. Біріншіден, сервистен оның түпнұсқасын сатып алып, оларды өз бетіңше сүйемелдеп, қосымшаны тарата аласың. Екінші жолы – ақылы негізде жазыла аласың, содан кейін сайт командасы қосымшаны App Store/Google Play-де өзі жариялап, оны сен үшін қолдайды.