400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мөде – Ғұн мемлекетінің негізін қалаушы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мөде – Ғұн мемлекетінің негізін қалаушы
Материалдың қысқаша нұсқасы










Тақырыбы: Мөде – Ғұн мемлекетінің негізін қалаушы.

























Тақырып: Мөде – Ғұн мемлекетінің негізін қалаушы.


Мерзімі:

Мақсаты:

Білімділік: Ғұн атауы, «халықтардың ұлы қоныс аударуындағы» ғұндардың рөлі, ғұн мемлекеттік бірлестігінің қалыптасу тарихы, шаруашылық өмірі мен тұрмысы туралы білім беру.

Дамытушылық: Мемлекеттердің қалыптасуының алғышартын, оның белгілерін анықтай білу, карталарды сабақта тиімді пайдалана білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Тарихи аңыз деректер негізінде балаларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу, Орталық Азия тарихының жалғастығын көрсету, ірі саяси тұлғаны үлгі қылу.

Сабақтың түрі: ашық сабақ.

Көрнекілік құралдар: Оқулық, интерактивті тақта: «ғұндардың батырлығын, жауынгер халық болғандығын дәріптейтін» суреттер, бейне материал, карта, кітаптар көрмесі.

ЖОСПАР:

Кезең-дер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылар-дың іс-әрекеті

1

Ұйымдас-тырушылық

Амандасу, оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

Амандасу.

2

Үй тапсырмасын тексеру

Слайдтағы сұрақтар, карточкалық жұмыс арқылы үй тапсырмасын пысықтау.

Сұраққа жауап әдісімен, ауызша тақтаға шығып баяндау.

3

Жаңа сабақ

Жоспар:

  1. Ғұн атауы.

  2. Ғұн мемлекетінің өрлеуі.

  3. Ғұндардың көршілерімен саяси байланысы.

  4. Ғұндардың шаруашылық өмірі, тұрмысы.

  5. Ғұн мәдениеті.


Ғұндар – түрік тілдес көшпелі тайпалардың арғы тегі. Б.з.б. І мыңжылдықтың ортасында Алтай, Оңтүстік Сібір мен Шығыс Қазақстан аумағында «ғұн» деген атпен белгілі тайпа одағы қалыптаса бастады. Қытайлар оларды «хунну» деп атаған. Осы мезгіл еуропалық тарих ғылымында «Халықтардың ұлы қоныс аудару» кезеңі деген атпен белгілі. Ғұндардың Еуразиялық тарихта жауынгерлігімен аты шықты.

Ғұн мемлекетінің өрлеуі б.з.б. ІІІ ғасырда өмір сүрген Тұман шаньюйдің ұлы Мөденің атымен байланысты. Б.з.б. ІІІ ғасырда Мөде Қытаймен кескілескен соғыс барысында ғұн тайпаларын біріктіріп, ғұндардың билеушісі – шаньюй деген атақ алады. Ол шексіз билікке – «Аспан ұлы» деген атаққа ие болды. Сол кезде ғұн, үйсін, қаңлы елдері бір-біріне көрші, жақын елдер еді. Ғұндардың Хань әулеті арасындағы соғыс б.з.б. 188 жылы Хань әскерінің жеңілісімен аяқталды. Осы кезде ғұн басшыларының қол астына қазіргі Кореядан бастап қазақ жеріне дейінгі жер бағынатын болды.

Ғұн империясында б.з.б. 71 жылы дағдарыс басталып, ол ақыры б.з.б. 55 жылы ғұн мемлекетінің екіге бөлінуімен аяқталды (оңтүстік және солтүстік). Дағдарысқа қытайлар тікелей қатысы болды. Олар көрші тайпалардың арасына лаң салып, оларды бір-біріне қарсы қойды. Оңтүстік ғұндар Хань империясына (Қытай) бағынды. Ал Чжи-чжи шаньюй бастаған солтүстік ғұндар тәуелсіздігін біраз уақытқа дейін сақтап қалды.

Ғұндардың шаруашылық негізіне, соғыс қаруын қолдану дәстүрі жағынан жеткен жетістіктерге мәлімет беру.


Сұрақтарға орынан жауап беріп, қатысу.

4

Қорытынды

Бүгінгі жаңа сабаққа қысқаша түрде қорытынды жасау.








5

Үйге тапсырма

§19. Мөде – Ғұн мемлекетінің негізін қалаушы. Оқып келу, қосымша деректер жазып келуге тапсырма беру. Өзін-өзі тексеру сұрақтарына жауап беру. Кестені толтыру.

Күнделіктері-не жазып алады.


6

Бекіту

Сұрақтар қою арқылы:

  1. Қытай деректерінде ғұндар қандай атпен белгілі болды?

  2. Қытай деректері бойынша ғұндардың алғашқы көсемі кім болған?

  3. Аманат дегеніміз не?

  4. Ғұндардың жоғарғы билеушісін қалай атады?

  5. Ғұн қоғамында жоғары билікке ие болған Мөде қандай атаққа ие болды?

  6. Б.з.б. 188 жылы болған қытайлықтар мен ғұндар арасындағы шайқас кімдердің жеңісімен аяқталды?

  7. Зерттеушілердің көпшілігінің пікірі бойынша ғұндар кімдердің арғы тегі болып есептелінеді?

  8. Ғұн империясы қашан екіге бөлініп, ыдырады?

  9. Ғұндардың баспанасы не болды?


Сұрақтарға жауап береді.

7

Баға

Үй тапсырмасын айтқан және сабақта белсенділік көрсеткен балаларға тиісті бағасын қою. Қойылған бағаларға қысқаша түрде сипаттама беру болып табылады.


Күнделіктеріне бағаларын қойдыру.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
1139
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі