Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
МОДЕЛЬ. МОДЕЛЬДЕУ. МОДЕЛЬ ТИПТЕРІ.МОДЕЛЬ. МОДЕЛЬДЕУ. МОДЕЛЬ ТИПТЕРІ.
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
«Информатика сабағында дамыту технологиясын қолданып оқыту»
Орындаған:
Тексерген:
Орал қаласы, 2011 ж.
Мазмұны
Кіріспе.....................................................................................................................3
1. Дамыта оқыту технологиясы..................................................................3
Негізгі бөлім...........................................................................................................6
1. Оқу үрдісін ақпараттандыру арқылы информатиканы оқыту.............6
2. Информатиканы ойын көмегімен дамыта оқыту..................................9
3. Информатика сабағында деңгейлеп, дамыта оқыту
технологиясын қолдану..........................................................................14
Қорытынды............................................................................................................24
Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................27
Кіріспе
1. Дамыта оқыту технологиясы
Дамыта оқыту жүйесіндегі қойылатын сұрақтар проблемалы, ойлауды, пайымдауды қажет ететіндей етіп беріледі. Оқушы да ондай сұраққа өз ойын, өз пікірін білдіре жауап беруге дағдыланады.
Дәстүрлі оқытуды салыстырмалы түрде сипаттай кетсек, дәстүрлі сабақтарда мұғалімнің міндеиттері, атқарар істері үшін теңіз. Ол тыңдайды, сұрақ қояды, жазады, түсіндіреді, көрсетеді, тексереді, бағалайды. Оған кедергі келтірмей тып-тыныш тындау керек. Ендігі жағдай басқаша. Мұғалім – ақылды, бірақ барлығын өзі айтып бере салмайды. Ол өз пәнін жетік біледі, Бірақ өз білімімен таңқалдыруға тырыспайды. Мұғалім мәселе қояды, ойлаудың жолдарын ашады, әрекеттің барысына бағдар береді, жетектейді. Осылайша оқушы қоғам , ғылым шешіп қойған , бірақ ол үшін жаңа болып табылатын проблеманы шешуге кіріседі.
Оқу әрекетімен айналысады. Үлгі бойынша білім алуға үйренген баланың шығармашылық қабілеті шектеліп, табиғи мүмкіндігі жойылады. Ал әр сабақ сайын ізденуге үйренген бала, кез-келген проблеманы тез шешуге үйренеді. Қорыта айтқанда дәстүрлі оқыту әдістемесі сандық, мазмұндық, ал дамыта оқыту технологиясы негізінен сапалық, мәнділік әдіснамасы деп айтуға болады.
Дәстүрлі оқыту балаға білім, білік дағды алуға қажетті ақыл, сана бар деп есептеп, сол ақылға дайын білімді құю керек деген көзқарасқа, ал дамыта оқыту бала бойындағы табиғи қабілеттерді жаңа белестерге көтеруге мақсат тұтатын принциптерге негізделген .
Дәстүрлі оқыту жаттауға, есте сақтауға, ал дамыта оқыту дербес жұмыс істеуге , алған білімді пайдалана білуге үйретеді.
Дамыта үйрету технологиясы
Дамыта оқыту идеясын алғашқылардың бірі болып 1959-1960 жылдары қолға алған академик Л.В. Занковтың басшылығымен жасалған. Бұл жүйе дәстүрлі оқытудан төмендегі ерекшеліктерімен, өзгешіліктерімен айқындалады.
- Оқу мазмұнындағы өзгешеліктер;
- Масаттағы айырмашылықтар
- Дидактикалық принциптердегі өзгешеліктер;
- Әдіс-тәсілдердегі ерекшеліктер;
- Оқытуды өзгеше ұйымдастыру;
- Мұғалім еңбегінің нәтижелілігін анықтаудың жаңа көрсеткіштері;
- Мұғалім мен оқушы арасындағы жаңаша қарым-қатынас.
Л.В. Занков жүйесіне сәйкес бастауыш мектептің негізгі мақсаты баланы жалпы оқытып дамыту. Ал жалпыдаму деп байқампаздығын, ойлауын дамыту және практикалық іс-әрекеттерін меңгеру қабылданады. Сондай-ақ ақыл, ерік-жігері, сезімдерінің дамуы алынады.
Занков жүйесіндегі ерекше тоқталуды қажет ететін кейбір принциптердің мәнін ашайық.
Жоғары қиындықта оқыту принципі. Бұл қағида баланың қиындатылған тапсырмаларды орындауға мүмкіндігінің бар екеніне көз жеткізеді.
Шведтік нейробиолог Холгер Хиден өз зерттеулерінде баланың миындағы клеткалардың бір-бірімен байланыстыратын талшықтар (нейрондар) тек ойлау әрекеті болған жерде ғана молайып, жиелей түсетіндігін, сондықтан өте жас кезде баланың миын жұмыс істеуге ынталандырып отыру керектігіне назар аударады. Белсенді ой қызметінсіз клеткалар бай талшықтар құрай алмайтындығын, содан барып олардың қызметі төмендеп бара-бара жойылатындығына көзімізді жеткізеді. Ғылымда белгілі себептермен аңдар арасында қалып қалған балалардың қайта адам қалпына келе алмауына басты себеп осы болар.
Дамыта оқыту жүйесінің авторлары бала ойлауын абстрактіден қарапайымға қайта жетелейді. Мысалы: «А» әріпін өткенде алманы көрсете тұрып, оның не екенін, дәмі, түрі, формасы қандай екенін сұрағаннан гөрі, ол туралы не білетінін, не айта алатынын сұрап білудің баланы дамыту үшін тиімділігі зор екенін айтады. Бұл принципте жеңіл-желпі тапсырмалар орнына, баланың тапқырлығын зерделілігін дамытатын шығармашылық тапсырмалар орындау үлкен нәтиже береді.
Дамыта оқыту жүйесінің маңызды принциптерінің бірі – теориялық білімнің жетекші ролі принципі. Бұл теорияда оқыту барысында қарапайым бақылаулар, зерттеулер жасау арқылы өмір заңдылықтарына көздерін жеткізу, қорытынды жасауға дағдыландыру. Заттар мен құбылыстардың тек сыртқы қасиеттері ғана емес ішкі байланыстарын заңдылықтарын меңгеру, олардың танымын тереңдететіндігі анықталады. Мысалы, жыл мезгілдері туралы сөз өткенде, біз ешқашан жасыл болып жайқалып тұрған ағаш жапырақтарының күз түсе сарғайып, ал қыста мүлдем түсіп қалатындығын неге байланысты екендігіне тоқталамыз. Қоршаған орта мен өмір заңдылықтарына көздерін жеткізіп қорытынды жасауға дағдыландырамыз.
Негізгі бөлім
1. Оқу үрдісін ақпараттандыру арқылы информатиканы оқыту
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» Н. Ә. Назарбаев
Қазіргі кездегі жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның білім беру мекемелеріндегі жеткіншек ұрпақтарды оқыту мен тәрбиелеу олардың бойында жеке тұлғалық қасиеттерінің жан-жақты қалыптасуымен тығыз байланысты. Бұл мәселе дүниежүзілік қауымдастықта әлеуметтік-экономикалық, мәдени және рухани дамудың басты факторы ретінде жариялануда.
ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Жалпы оқытудың мақсаты- оқушыны дамыту. Осы мақсатқа сәйкес жас және педагогикалық психологиясында, сондай-ақ оқыту теориясында негізгі орын алған мәселе – дамыта отырып оқытуды зерттейтін бағыт. Білім беру үрдісін ақпараттандыру және жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу – тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлату бүгінгі күннің басты талабы болып саналады.
XXI ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр:
компьютерлік техниканы, интернет, компьютерлік желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, интерактивті құралдарды, электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру.
Егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ. ХХІ ғасыр- білімділер ғасыры болмақ. Жаңа кезеңге бет бұру оңай емес. Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық коммуникациялық технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. «Білім берудегі АКТ» ұғымы «оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары», «қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары», «компьютерлік оқыту технологиялары» және т.б., тіркестермен тығыз байланысты.
Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен-күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Мектептің білім беру саласында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін интенсификациялау мен модернизациялаудың тиімді тәсілдерін іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстардың тиімділігі мен нәтижелілігі бірнеше оқу-әдістемелік, психологиялық-педагогикалық мәселелердің шешімін ғылыми түрде негіздеуді талап етеді. Оларды бірнеше бағыттарға бөлуге болады:
- оқу үрдісінде ақпараттың технологияларды іске асырудың жүйелі ғылыми-әдістемелік жолын анықтау; - оқушылардың тәжірибелік іс-әрекетінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың әдістемесін жасау;
- мұғалімдердің ақпараттық технологияларды меңгеру және оқу үрдісінде пайдалану бойынша кәсіби біліктерін жетілдіру;
- оқушыларды білім, білік, дағдыны меңгеру үшін ақпараттық технологияларды пайдалануға үйрету;
- мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту.
Ақпараттық –коммуникациялық технологияны (АКТ) бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. Білім беруді ақпараттандыру, білім салаларының барлық қызметіне ақпараттық технологияны енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру қазақстандық білім беруді сапалы деңгейге көтерудің алғы шарты.
Ақпараттық –коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, Интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.
Қазіргі таңда оқушы- ақпаратпен қаруланған, жан-жақты дамыған тұлға. Оның білімдік қабілеттерін дамыту үшін біздер, мұғалімдер жан-жақты қаруланған болуымыз керек.
«Балаға білім бергенде, алыстан жақынға, таныстан жатқа көшіп, жаңа білімді ескі білімге байлап беру керек»-деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, оқыту процесіне жаңа көзқараспен қарау керек.
Сол себептен жаңа технологияларды енгізу арқылы, оқу процесінің деңгейі көтеріледі, қазіргі заман талабына сай дамыған тұлға тәрбиеленеді.
Жылдан-жылға білім беру ісі ерекше қолға алынып отыр. Мектептерде жаңа бағдарламалар, технологиялар пайдаланылып жүр
Қазіргі заманда білім беру әлеуметтік құрылымның маңызды элементтерінің біріне айналды. Дүние жүзінде білімнің әлеуметтік рөлі артты. Адамның болашағы, оның қазіргі алған білімнің сапасына, көлеміне, ойлау деңгейіне байланысты.
2. Информатиканы ойын көмегімен дамыта оқыту
Ойын түрлері:
1. Танымдық ойындар
Информатиканы оқытудың негізі болып ойын саналады. «Ойын» сөзі курс ұғымына кездейсоқ енген жоқ. Психологтардың дәлелдеулері бойынша 6-10 жастағы балалардың негізгі әрекеті ойын болып саналады.
Оқыту – күрделі және көпжақты процесс.
Әр ойынның басты мақсаты – материалды түсініп, бекітуге көмектесу.
Мысал ретінде 1,2,3-сыныптарда өтілетін ойындарды қарастырайық.
«Балық, құс, аң,...» ойыны
Сыныпта жүргізуші «балық, құс, аң...» деген сөздерді айтып өтеді. Кенет бір сөзде тоқтап оқушыны көрсетеді. Оқушы не балықты, не құсты, не аңды атайды (ол жүргізушінің қай сөзде тоқтағанына байланысты). Ойынның мақсаты:
балалар өздеріне таныс жануарларды атауға үйренеді;
таныс емес жануарларды таниды;
сыныптастарын зейін қойып тыңдауға үйренеді;
дұрыс жауапты тез тануға үйренеді;
сыныптастардың жауабын дұрыс бағалауға үйренеді.
Бұл ойынды өзгертуге де болады. «Гүлдер, ағаштар, көкөністер, жемістер...» және тағы басқа.
«Қатарды жалғастыр» ойыны
Жүргізуші оқушыларға бір топтағы заттардың қатарын атайды (4-5түрін).
Балалар бұл заттардың жалпы атауларын атап, қатарды жалғастырулары қажет. Мысалы, жүргізуші мынадай қатарды ұсынады: қаз, үйрек, торғай, қарға,.. немесе Астана, Москва, Лондон,...
«Күн-түн» ойыны
Балалар көзін жұмып, шынтақтарын үстел үстіне қояды. Жүргізуші он саны аясындағы сандарды алу және қосуға байланысты есептер айтады. Балалар көздерін ашпай саусақтарымен жауаптарын көрсету керек. Жүргізуші сыныпта жүріп балалардың қолдарын түртіп, жауаптың дұрыс не бұрыстығын айтады.
Ойынның мақсаты - балалардың көру аппаратын қоспай, есепті ауызша шығара білуге үйрету. Тәжірибе көрсеткендей, кейбір үлкен адамдар да саусақпен жауапты көрсетуге қиналады.
«Алгоритмдік модель» блогы
1. Алгоритм түсінігі
«Алгоритмдік модель» тақырыбын өткен кезде зат әрекетін көрсетуден басталады. Зат әрекеті жайлы айтқан кезде бала көңілін заттың өзі жасайтын әрекет қана емес, біз немесе басқа заттар сол заттармен әрекет жасайтынына бөлу қажет. Мысалы, банан өседі, піседі, түседі, шіриді, ал біз оны сатып аламыз, сыйлаймыз, жейміз, тазалаймыз.
Алгоритмді түсіндірудің қарапайым әдісі – кез келген танымал ертегідегі бір-бірімен сабақтаса жүретін әрекеттерді атау. Жұмыс дәптерінде бала сурет бойынша әрекетті көрсететін тапсырмалар бар. Мысалы,сабаққа бару алгоритмі: ояну, жуыну, жаттығу жасау, ас ішу, киіну, сабаққа бару.
Тапсырма өте оңай, бірақ балалар оны әр түрлі орындайды. Біреулер бірінші жуынып, сосын ас ішеді; кейбіреулер керісінше. Осындай тапсырмаларды талдай келе, келесі әдістемелік тәсілді қолдануға болады: бала өз әрекетінің орындау ретін айтады, ал мұғалім сол әрекеттің дұрыстығын дәлелдетеді. Бұл тәсіл бірнеше мақсаттарды көздейді:
1. бала өз ойын жеткізуге үйренеді, өзінің жауаптарын дәлелдейді;
2. басқа балаларды тыңдауға үйренеді.
Бала тек қана алгоритмді орындап қоймай, артық суретке де талдау жасайды. Бұл тапсырманың жауабы да әр түрлі болады, оның бәрі дұрысболады, егер бала өз жауабын дәлелдеп берсе.
Бұл тапсырманы құрастырушылар төменгі сынып оқушылары әр түрлі шешім табатынын болжамдамады. Бірақ балалардың үлкендерден гөрі әлемді өзгеше қабылдайды. Мұны әр сабақта көруге болады. Мысалы, балалар өз жауаптарын былай түсіндіреді:
Раушан гүлі- ағаш емес;
Қарағай-әрқашан жасыл ағаш, өзге ағаштардың жапырақтары күзде түседі;
Алма ағашы- жемісті ағаш;
Қайын-ақ дінді.
«Алгоритмдік модельдің» өзгеше тапсырмалары алгоритмдерден қателерді табуға берілген. Мысалы: жуу, кептіру, үтіктеу.
Әрине, «үтікті қосу» әрекеті көрсетілмеген. Бірақ балалар басқа қателіктерті табады.
Бұл тапсырмалар балаларда талдау, жалпылау, қорытынды шығара дағдыларын дамытады. Барлық тапсырмалар дамытушылыққа бағытталған.
Келесі тапсырма соңғы қорытындыны табуға арналған алгоритмдер, сонымен бірге шығармашылық дамыту да көрінеді.
Балалар түскен алмалардың, толып тұрған себеттерді, шыныдағы компоттың суретін салуы мүмкін.
Одан кейін күрделі тапсырмаларға көшу қажет:
берілген затқа байланысты жасалған әрекеттің нәтижесін анықтау;
«затпен қандай әрекеттер жасалды?» деген сұраққа жауап беру;
алдыңғы затпен қорытындысын байланыстырып, олармен жасалған әрекетті анықтау.
Келесі болып «кері әрекет» деген ұғым енгізіледі. Бұл ұғымды түсіну үшін «Кері әрекетті ата» деген ойынды өткізуге болады.
1. Жүргізуші сыныпта жүріп белгілі бір әрекетті айтады, ал балалар оның кері әрекетін айтады. Мысалы, сатып алу-сату, тұру-отыру.
2. Тақтаға бір баланы шақырып оған әрекетті айтқызуға болады.
3. Балаларды шатастырып кері әрекеті жоқ әрекетті атауға болады. Мысалы, кесені сындыру, алмұртты жеу, хатты жырту, әңгімені оқу.
Алгоритмнің түрлері.
Ең бірінші сызықты алгоритм оқылады. Ол блок-схема түрінде көрсетіледі.
Мұнда балалар мен ұстаздардың да ойлап табу және өнертапқыш қабілеттігігін көрсетуге мүмкіндігі бар. Олар сізге жуыну әрекетін қадам бойынша суреттеп берсін. Бұл ойын дем алуға, күлуге, ойнауға және әрекеттің қадамын көрсетуге жағдай жасайды. Бала міндетті түрде бір қате жібереді. Ол сабынды қоюға, немесе орамалды ілуге, немесе суық және ыстық суды араластыруды ұмытады. Сіз онымен ойнап көріңіз: ол сабынды қайда жіберді- жеді ме, дұрыс сабындады ма, орамал ауада ілініп қалды ма?
Одан кейін дәптердегі жұмысқа кірісуге болады. Мысалы, әр қадамның ретін нөмірлеп шығу.
Тапсырма 1.
- табаныңды жуу.
- шүмекті аш.
- үстел басына отыр.
- шүмекті жап.
- табаныңды орамалмен сүрт.
- балды же.
-қасықты ал.
Тапсырма 2.
Сызықты алгоритмнің блок-схемасын толтыру.
Тапсырма алмасып отырады: не алгоритм құру керек, не оны блок-схемада толтыру керек.
Оқушылардың ең сүйікті тапсырмасы тормен орындалатын бақылау жұмыстары. Ол балалардың дұрыс жөн табуына, көңіл бөліп тыңдауына үйретеді. Осы тапсырмаға тор көзді дәптер бастауы керек. Сондай жұмыстар шығармашылық жұмыс ретінде қарастырылып, ең таңдаулысын сынып бұрышына қоюға болады.
Алгоритм түрлері
Тармақталу алгоритмі
Бұл тақырыпты оқыту кезінде оқушылар алғаш рет «тармақталу» ұғымымен танысады. Тармақталуды түсіндіру барысында өмірден алынған мысалдаркелтіріп, тармақталу блок-схемасы салынады (бағдаршам көмегімен немесеоның көмегінсіз көшеден өту, ауа райына байланысты киім таңдау, сабақ орындау және тағы басқа).
Тармақталуды білдіретін ромб геометриялық фигурасына алынады. Бұған кірудің бір жолы, ал шығудың екі жолы бар.
Циклдық алгоритм
Цикл бірнеше рет қайталанатын әрекет. Келтірген мысалдар балаларға түсінікті болуы қажет (түйме салу, күнделікті толтыру т.б). Балаларға бірнеше әрекет қайталанатын ертегілер айтқызуға болады («Балықшы мен балық туралы», «Шалқан», «Үйшік» т.б), өз өмірінен де мысалдар келтіруге болады. Мынадай тапсырмалар беруге болады:
Сонымен балалар мыналарды түсіну керек:
• Алгоритм-ол белгілі бір нәтижеге жету үшін бағытталған әрекеттердің қадамы;
• әрекеттер тура және кері болады;
• егер бір әрекетті өзгертіп немесе тастап кетсе, онда керек нәтижеге жете алмаймыз;
• тармақталу-ол екі мүмкіндіктің біреуін таңдау;
• цикл-бұл бір әрекеттің бірнеше рет қайталануы.
Келесі білім мен дағдыны меңгеру қажет:
• сызықтық алгоритмді орындай білу;
• сызықтық алгоритмді құру;
• сызықтық алгоритмді түзету және қатесін табу;
• сызықтық алгоритмді блок-схема түріне келтіру;
• циклдық алгоритмді орындау.
3. Информатика сабағында деңгейлеп, дамыта оқыту технологиясын қолдану
«Адам ұрпағымен мың жасайды» - дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз-оқу. «Надан жұрттың күні –қараң, келешегі тұман»,-деп М.Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі-білімді ұрпақ. Сусыз, құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты, жас ұрпақтарымызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді. Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет - оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру. Міне, өз ұрпағының өнегелі, өнерлі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып өсуі үшін сабақта жаңа технология элементтерін қолданудың мақсаты шығармашылықпен оқу-тәрбие үрдісіне тиімді пайдалану әрбір ұстаздың міндеті болып табылады. Информатика сабағында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту тұрғысынан тиімділігін арттыру бүгінгі жоғары және орта мектепте информатика оқыту теориясы мен әдістемесінің педагогикалық мәселелерінің бірі.
Оқушы қабілеті дегеніміз оның педагогикалық ықпал аясында білім алу әрекеті, жеке тұлғаны дамыта оқыту әдістері, оның шығармашылық қабілетінің дамуына әсерін тигізеді.
«Қазақстан-2030» атты еліміздің стратегиялық бағдарламасында ең негізділерінің бірі- жоғары интелектуальды жастарды жан-жақтылыққа тәрбиелеу, олардың потенциалдық деңгейінің көтерілуіне үлес қосу. Сондықтан, ұстаз-мұғалімдер қауымының алдына өте үлкен міндет жүктелді. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі- жаңа технология негіздері болып табылады. Сонымен бірге өскелең ұрпақтың ақпарат құралдарымен жұмыстана білуіне назар аударған жөн. Оқушы қызметін активтендіру негізінде педагогикалық технологияларының бірі-деңгейлік саралау сондай – ақ дамыта оқыту технологиясының элементін қолданамын. Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді
1) Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді.
2) Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балараға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
3) Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің үш деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс.
Деңгейліп оқыту технологиясы тиімді нәтижелі болу үшін
а) жеке тұлға ерекшеліктеріне,
б) психологиялық даму ерекшеліктеріне
в) пән бойынша білімді игеру деңгейіне көңіл бөліп отырамын.
Осы деңгейлеп оқытуда қазіргі білім кеңістігінде қолданып отырған тест жүйесін алып, «Информатика сабағында тест әдісі мен түрлерін қолдану » тақырыбында білім беріп келемін. Себебі тест түрінінің тиімділігі оқушы өз шамасының келгеніне дейін жауап беріп, нәтиже оңай шешіледі.
Сабақ өткізу формаларын және түсіндіру әдістерінің жаңа тәсілдерін күнделікті сабаққа қолдануға тырысамын. Көбінесе мына жағдайларға көңіл бөлемін:
1) сабақтың мазмұны,
2) сабақты өткізудегі тәсілдері мен әдістерін таңдау,
3) сабақтың нәтижелігі.
Жалпы, мұғалімнің
оқытудағы өз міндеті оқушыларды өз бетімен жұмыс жасауға тәрбиелеу,
үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту. Тақырып бойынша деңгейлік
тапсырма жүйесі дамыта оқыту жүйесін іске асырады. Өйткені, ол
оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтауын белсенділігін,
дағдысын білім саласының дамуын қамтамасыз етеді. Сабақтың
ерекшелігі және оның тиімділігін арттырудың негізгі тәсілдерінің
бірі-оқушыларға деңгейлік тапсырма беру, өзіндік тест құру.
Педагогика ғылымдарының доктор профессоры Караев оқушылардың оқу
деңгейін 4 түрге бөлген. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту өз
бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру барысында өз іс тәжірибесінде
жаңа технологияларды қолданамын. Соның ішінде Ж.Қараевтың
деңгейлеп, саралап оқыту әдісін пайдаланамын. Деңгейлеп оқыту
технологиясының өзіндік ықпалы зор. Оқушыларға өздік жұмысын
ұйымдастырып өткізуге көмегін тигізеді. Оқушылар өздік жұмыстарын
орындап, білімдерін мониторингтік жүйе арқылы өздері бағалап,
диагностикалауға қол жеткізеді. Қараевтың деңгейлеп, саралап оқыту
технологиясы мынандай 4 түрге бөлінген:
1) Репродуктивтік деңгей
Жалпыға бірдей стандартты білім негізінде тапсырма беріледі. Мұндай тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне және оқушыға байланысты
2) Алгоритмдік деңгей
Оқушы мұғалімнің түсіндіруімен қабылдаған ақпаратты пайдалана отырып орындайды.
3) Эвристикалық деңгей
Оқушы өзі ізденіп, қосымша әдебиеттерді қолдана отырып жауап береді.
4) Шығармашылық деңгей
Оқушының таза өзіндік шығармашылығын байқатады. Жаңа тақырыпты оқушылар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгереді. Деңгейлеп оқыту әр оқушының белсенділігін оятады.
Дамыта оқыту технологиясы - оқушының оқу, білім алу процесінде жан- жақты дамуын оқытудың басты мақсаты ретінде қабылдайды.
Дамыта оқыту идеясын әдіскер ғалым В.В Давыдов ұсынған. Даму дегенде оқушының ойлауы, табандылығы, зейіні, оқу дағдысы мен іскерлігі тағы басқа да қабілеттерін дамытуды айтамыз.
Оқушының ойлауы дамуының маңызды шарты – оқушыда ойлау мәдениетінің болуы. Сондықтан оқу процесі оқушылардың анализдеу, синтездеу, себеп – салдар байланыстарын табу , жалпылау, қорытынды жасау, түрлерге бөлу, салыстыру – сияқты интеллектуалдық дағдыларын дамытуы тиіс.
Бұлардан басқа оқу процесінде оқушылардың көптеген ақыл – ол қабілеттері жұмыс істейді. Олар болжам жасауға қабілеттілік, ойлаудың шолғыштығы, жалпы қабылданған көзқарастарға сын көзімен қарау, ойдың икемділігі, құбылыстардың байқалуы қиын ұқсастықтарын аңғару, білуге құмарлық т.б.
Дамыта оқыту технологиясы сабақта проблема қою әдісін және оқушылардың зерттеу әдісін қолданып отыруды көздейді.
Дамыта оқыту технологиясы бойынша өтілетін сабақтар қысқаша айтқанда жоғарыдағы схема бойынша өтемін. Дамыта оқыту технологиясында оқушының барлық оқу әрекетіне мұғалім басшылық, бағыттау жасап отырады, дамыта оқыту оқушының ойлау қызметімен қатар олардың оқу білігін дамытуды көздейді.
Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторының құралдары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жалпыға бірдей стандартты білімі негізінде тапсырма беріледі. Мұндай тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білімдерін қалаай меңгергенін анықтау. Оқушы мұғалімнің түсіндіруімен қабылдаған ақпаратты пайдалана отырып орындауын зерттеу, Оқушы өзі ізденіп, қосымша әдебиеттерді қолдана отырып жауап беруді талап ету.
Дамытушылық: кеспе, плакат қағаздары арқылы өткен сабақты қайталау арқылы өлеңдерге компьютерде илллюстрациясын салуға, жұмбақ шешуге баулу. Ппәнге деген қызығушылықты дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылар компьютер алдында отырғанда сабырлылық сақтауға, ережені қатаң есте ұстауға , өзара қарым – қатынас жасауға баулу.
Сабақтың көрнекілігі: электронды есептеуіш техника, слайд , 2008 жылғы жолдау. Плакатта салынған Раіnt редакторының суреттік көрінісі, құралдары . аққала, моделдері, иллюстрация салуға арналған өлең жазылған кеспе қағаздар.
Сабақтың түрі : топтық сабақ
Сабақтың әдісі: дамыта оқыту, тестік түрлері
Сабақтың пәнаралық байланысы: тарих , қазақ тілі, орыс тілі , ағылшын
Сабақтың барыcы:
Оқушы нені білуі тиіс Paint редакторының түсінігі, құралдары, Paint редакторын іске қосу. Windows амалдық жүйесінің терезе элементтері,
Оқушы нені орындай алуы тиіс: Paint графикалық редакторда сурет салу. Тесттік тапсырмалардың түрлерін меңгеру керек.Пернетақтаның пернелерінің қызметін білу керек.
І Психологиялық дайындық
А) Ұйымдастыру кезеңі
Ұстанатын қағида:
Білім мен тәрбиені қатар алып жүріп, еліміздің саналы шығармашылық бәсекеге қабілетті, озық ойлы, өзін- өзі басқаратын, мемлекет дамуына жауапкершілік салмағын сезінетін дарынды шәкірт тәрбиелеп шығару.
ІІ Ой қозғау
Ұстанатын қағидамыз:
Дағдарыстан – жаңару мен дамуға;
Paint редакторының түсінігі, құралдары, Paint редакторын іске қосу нәтижесінде алған білімдерін бақылау.
Paint редакторының қызметі қандай.
Paint графикалық редакторының элементтерін іске қосу.
3. Paint графикалық редакторының элементтерін көрсет.
-
Paint графикалық редакторының құралдарының аттарын атаңыз?
І ІІ.Ой тастау.
Ұстанатын қағидамыз:
« Саусақ бірікпей, ине ілікпейді».
Бұл турымызда балалар кеспе қағазында берілген. Онда өлеңдер жазылған, осы өлеңдердің иллустрациясын құрып беріңдер.
Деңгейлік тапсырмалар:
-
тапсырма.
Сызық ( линия) құралын пайдаланып, өрмекші торын салыңыз.
Жұмыс істеп ұзақ,
Өрмекші құрды тұзақ,
Болмады бірақ күткені,
Оған ешкім түспеді.
-
тапсырма.
Әртүрлі типті эллипс құралдарын пайдалана отырып, бұлттардың суретін салып боя.
- Бұлт- ау,
Көктен төнесің,
Қайдан көшіп келесің?
- Мұхит жақтан келемін,
Жел үрілсе, желемін.
-
тапсырма.
Қисық сызық қолдану арқылы салыңыз.
Қисық сызық қолданып,
Салып көрші ойланып,
Дөңгеленіп жіп жатыр,
Шиыршықталып, шырмалып.
4. тапсырма.
Пішінін, әртүрлі түсі мен өлшемін қылқалам құралын пайдаланып, өлеңге иллюстрация салыңыз.
Желкені - ескі бәтіңке,
Жүзіп келеді өзенде.
-
Мұхитқа теңізге,
Ғажайып шетелге
Барайық біз бірге
Деп шақырады
Батыл бәтіңке.
Іші су толса да,
Ол бетінен қайтпайды,
Суға батып кетсем де,
Бәрібір алыс елдерге
Жалғастырып ісімді,
Басқа бәтіңке жетеді
Деген сеніммен
Бәтіңке жүзіп келеді.
5. тапсырма
Эллипс, тіктөртбұрыш сызық құралдарын пайдаланып, өлеңнің иллюстрациясын салыңыз.
-
Қарақшы, қарақшы,
Қызық екен қалпағың.
Жейдеңде бүгін өзгеше,
Киіп алдың сен неге?
6. тапсырма.
Түзу сызықты пайдаланып, өлеңге иллюстрация салыңдар.
Айналамда ұшып жүр.
Ақ мамық қар себелеп.
Қалт – құлт еткен бейне бір
Ақ қанатты көбелек.
7. тапсырма.
Эллипсті, өшіргішті, пайдаланып өлеңге иллюстрация салыңыз.
Сонша гүлдің ішінен
Бір керемет гүл көрдім,
Тоймай жұпар иісіне,
Иіскеп – иіскеп көп жүрдім.
8. тапсырма.
Эллипсті пайдаланып, жұмбақтың шешуін табыңыз.
Тоғайда оны көргенде,
Таң қаламын түріне,
Жапырақтай жап –жасыл,
Созылады жүргенде.
Құстар әуес өзіне,
Таба қойшы бұным не?.....................
Сергіту сәті:
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауын тыңдау (мұғалім алдын ала компьтерде оқып басып дайындап қойған ).
Сабақты қортындылау.
Оқушылар өздері салған суреттерін қағаз бетіне шығарып, өлеңін оқып салған суреттерінің нәтижесін көрсету.
Мұндай сабақтарда оқушылардың тапсырылған жұмыстарға іскерлігі, логикалық ойлау қабілетін артырады, қалыптасады. Болашақ өмірінде белгілі бір кәсіби мамандықты таңдап алуға септігін тигізеді.
Бағалау.
Оқушылар өзін - өзі бағалау
Үйге тапсырма беру.
§4.1-4.2 тақырыптарын оқу,
Өткен тақырыптар бойынша тест құру.
Қорытынды
Дамыта оқыту технологиясы қазіргі уақытта жаңа технологиялардың бірі деп келеді. Дамыта оқытудың негізін Ян Амос Коменский өзінің 17 ғасырда «Ұлы дидактикасында» айтып талдап берген. Содан кейін орыс ғалымдары К.Д.Ушинский, Л.С.Выготский еңбектерінде қарастырылып, 1969 жылдары Ресей ғалымдары Л.ВЗанков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов көтерді. Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың зерттеулері оқушыны «субъект» ретінде тануға бағытталды.
Ұстаздық деген киелі мамандықтың сырын ашып, қыры мол, терең дүниеге еніп кеткелі көңілдегі арман толастамай, тоқу мен қуаныш қатар аралып мектеп деген үлкен дарияда жүзіп келе жатырмыз.
Еліміздің басынан өтіп жатқан жанартаудай «сілкіністер» бүгінгі білім беру жүйесіне де түрлі өзгерістер енгізуде. Заман талабы «білу аз, сол білгенінді іске қолдана білу» дейді. «Әркім қолда барын ұсынады» деп немқұрайдылыққа салынсақ алдымызда отырған бейкүнә шәкірттердің тағдырына қиянат жасаған болар едік. Не ексең, соңы орасың. Мақсатымыз – алдымызда тұрған өзекті мәселелер айналасында сөз қозғау. Соның ішінде ең бастысы - әлемдік білім кеңістігіне ену жолындағы алғашқы қадамдар.
Қай заманда, қандай реформа болсын мектептің басты тұлғасы –мұғалім. Мемлекеттік білім саясаты да осы мұғалім арқылы жүзеге аспақ. Ал бүгінгі таңда мектептің, мұғалімнің қасиетті міндеті – рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру. Рухани байлық, ең алдымен, әр халықтың ұлттық әдет-салты, көзқарасы шыққан түп-тамырында жататыны белгілі. Сол ұлттық байлықты бүкіл адамзат өз ұрпағын тәрбиелеуге қолданып келеді.
Армансыз адам алысқа бармас. Арман бар жерде оған жетер жол даңғыл десек, қателесеміз. Көңілдегі көрікті ойдың ауыздан шығарда жоғалып кететініне, өз қиялындағы әдемі дүниенің оқушы алдында быт-шыты шыққанына талай ұстаз куә. Білім жетерлік, бірақ оны оқушыға жеткізу үлкен шеберлікті қажет етеді.
Саңқылдап айтқан үніңді оқушылар салғырт тыңдап, бей-жайлық танытқанда, ішкі дүниең түгел қаусап қалғандай күй кешесің. Мұғалімнің біркелкі кезіккендейсің. Өлі тыныштық. Осындай сабақтың пайдасы бар ма? Немесе материалдың қызықты жеріне өзі көбірек мәз болған ұстаздың әрекетінен не ұтасың? Оқушының дара тұлға ретінде жан-жақты дамуына осы сабақта жағдай бар ма? Міне, арманға жетер жол даңғыл емес, тынымсыз іс қажет.
Алдымен бала қызығушылығын ояту керек, олай болса зерттейтін объект – оқушы. Оның бойындағы қасиеттерді ескере отырып, сезімін, ынтасын оятар іс-әрекетті жоспарлап көр, әрі қарай оқушының таным белсенділігін арттыруды мақсат ет. Танымдық белсенділікті қалыптастыру көрсеткіштеріне интеллектуалдық, эмоцияналдық, жігерлілік іс-әрекетке оқушылардың белсене қатысуы жатады. Осындай нәтижеге жету үшін сабақ мазмұнының түрлерін, оқытудың амал-тәсілдерін түгелдей өзгерту қажет, қазір жалпылама баяндау, сұрақ-жауап, лекция тәрізді сабақ әдістері өз нәтижесін бере алмайды. Сондықтан сабақ процесінде оқытудың жаңа әдіс-тәсілі, деңгейлеп-саралап оқыту педагогикалық технологиясын таңдап алдым.
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы 1998 оқу жылынан бастап мектептің барлық сатысына, барлық пәндерге еніп, оқу үрдісін жандандыруға үлкен үлес қосып келеді.
Профессор Ж.Қараевтың деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы жаңаша өзгерген мақсатпен оқушылардың өздігінен танып, іздену іс-әрекеттерін меңгертуді талап етеді. Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударылды.
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясында жұмыс міндетті үш деңгейлік, қосымша шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады. Оның басты мақсаты – сынып оқушыларын «қабілетті», «қабілетсіз» деген жіктерге бөлуді болдырмау. Сабақта қандай оқушы болмасын, жақсы оқитынына қарамастан жұмысты І деңгейден орындайды. І деңгей тапсырмаларын орындау мемлекеттік білім стандарты талаптарының орындалуына кепілдік береді. І деңгейді орындаған оқушы «3» деген бағамен бағаланады. Әрбір оқушы І деңгейді орындауға міндетті және одан жоғарғы деңгейдегі тапсырмаларды орындауға құқылы. Осы тұрғыдан алғанда «үлгерімі төмен, баяу» оқушы жақсы оқитын оқушыға ілесе алмай жатса не істеуге болады? - деген сұрақ туады. І деңгейден аса алмай жатқан жағдайда қалған тапсырмаларды үйде орындауға беру керек. Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының екінші бір жағы – оқушыларды дүниежүзілік білім жүйесінде қолдананылаты рейтинг – ұпай жинау әдісіне баулу.
Деңгейлік тапсырмалар рейтинг-ұпай – балл жинау әдісімен бағаланатынын ескерсек, оқушылардың деңгейлік сабақ өткеннен кейін де сол тапсырмаларда жіберген қателіктеріне, тапсырмаларын орындауда қолданған тәсілдеріне анализ жасап, қателіктері мен кемшіліктерін анықтай білуге мүмкіндік береді. Келесі тапсырмаларда оқушы неғұрлым көбірек ұпай жинау үшін ізденіп оқытушыдан, жолдастарынан, қосымша материалдардан білім жинайды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Сабақта жаңа технология элементтерін қолдану
2. Электрондық оқулық 7 сынып
3. информатика оқулығы. 7 сынып
4. информатика 7 сынып дидактикалық материалдар
5. Конституция Республики Казахстан. – Алматы: ТОО «Издательство «НОРМА-К». – 2002, 40с.
6. Концепция государственной политики в области образования. – Алматы, 1995.
7. Кусаинов Г.М. Новая педагогическая технология: методология, теория, практика.- Усть-Каменогорск, 1997-242с.
8. Шкутина Л.А., Танасейчук М.К. Развивающая профдиагностика и педагогические технологии.- Алматы: Ғылым, 2000.-200с.
9. Щуркова Н.Е. Педагогическая технология как учебная дисциплина// Педагогика. –1993.- №2. –с.66-70
10. Іргебаева Ә.И. Оқыту технологиясы ұғымы, мәні, сипаттамасы // білім берудегі менеджмент №2, 61-65б. 2000ж.
11. Барсай Б. Педагогикалық технология ұғымының мәні мен әдіснамалық сипаттамалары // Бастауыш мектеп, №8-9, 1999ж.
12. Боголюбов В.И. Педагогическая технология: эволюция понятия// Советская педагогика. –1991. №9. С.123-128
13. Кусаинов Г.М. Новая педагогическая технология: методология, теория, практика.- Усть-Каменогорск, 1997-242с.
14. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии: Учеб.М.: 1997
15. Ильина Т.А. Педагогическая технология //Буржуазная педагогика на современном этапе. Под ред. В.А.Мальковой, Б.Л.Вульдсона. М., 1984
16. Ковжасарова М. «Развитие идеи дифференциального обучения в теории и практике общеобразовательной школы» /Ізденіс. Поиск 2001г №1 стр123-128/.
17. www.Temakosan.net ВСЕ для учебы!
18. Клевченя М.С. «Проблемы теории и практики дифференциального обучения» 1сб. «Актуальные проблемы дифференциального обучения» Минск, 1992г. Стр.17-21.
19. Унт И.Э. «Индивидуализация и дифференциация обучения» Москва «Педагогика» 1990г. Стр.192
20. Дистанционное обучение. Учеб. Пособие /Под ред. Е.С.Полат.-М.:Гуманист. Изд.Центр. ВЛАДОС, 1998.-192с.
18. Егоров В.В., Нурмаганбетов С.Б. Технология дистанционного обучения. Караганда: Изд-во КарГУ, 2002. 194с.
19. Барсуков В.Н. Дистанционное образование //Проблемы информатизации высших учреждений образования. 1995. Вып.3 С. 10-12.
20. Полат Е.С. Дистанционное обучение: организационные и педагогические аспекты: ИНФО. №3. 1996.
21. Роберт И.В. Современные информационные технологии в образовании: дидактические проблемы, перспективы использования. –М.: Школа-Пресс, 1994.
22. Курбацкий А.И., Листопад Н.И. Информационные технологии в системе высшего образования // Информатика и образования №3,1999,21-25б.
23. Бөрібаев Б, Балапанов Е. Жаңа ақпараттық технологиялар. – Алматы, 2001.
24. Сарыпбеков Ж. Информационные технологии – будущее образовательной системы // Казахстанская правда -1996. №6165. 2-августа
25. Н.Әміреев. «Оқытудың кредиттік жүйесінде студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастырудың әдістері» // Қазақ тілі мен әдебиеті. №12.2004. Б.112-117.
26. Концепция дифференциального обучения в средней общеобразовательной школе /под ред. Монахова В.М., Орлова В.А./ Москва, 1990г. Стр.78
32