Модульдік
оқыту
Елімізде білім беруді дамытудың 2011-2020
жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы дайындалып, онда білім
саласында болып жатқан жаңалықтарды одан әрі жетілдіруге байланысты
нақты міндеттер қойылған. Аталған бағдарламада бүгінгі таңда білім
берудің мазмұны ерекше мәнге ие болып отырғандығы, оған барынша
көңіл бөлу керетігіне мән берілген. Сондай-ақ, Қазақстан
Республикасында жүріп жатқан қоғамдық қатынастарды бағдарлаудың
өзгерістері, қоғам алдындағы өмірдің өзі тудырып отырған жаңа
міндеттер барлық дәрежедегі, оның ішінде жоғары білімді мамандар
даярлауға бейімделген жоғары мектептегі қазіргі оқытуды
ұйымдастырудың мақсаттары мен міндеттерін қайта қарастыруға,
жаңадан ойластыруға алып еліп отырғандығы көрсетілген. Демек,
аталмыш мемлекеттік бағдарламаны іске асыру барысында өзінің кәсіби
міндеттерін өз бетімен шығармашылық тұрғыдан шеше алатын, кәсіби
тұлғасы мен қоғамдық маңызын түсінетін және өз іс-әрекетіне жауап
беруге кәсіби жағынан қабілетті, қандай-да бәсекеге дайын жеке
тұлғаны қалыптастыруды қамтамасыз ететін білім берудің тиімді
жүйесі құрылуы қажеттігі туындайды. Соған сәйкес, жоғары кәсіби
білім беруге бағытталған оқу орындарының басты мақсаты − бұл
қазіргі заманға лайықталған технологияларды пайдалана отырып кәсіби
білім беру. Әсіресе ақпараттық технологияларға негізделе отырып,
сапалы білім беру арқылы біліктілігі жоғары және бүгінгі
бәсекелестікке төтеп бере алатын мамандарды
даярлау.
Ол технология идеясының негізі мынада
болды:
- бағдарламалаудың аралас
болуы;
- оқу материалының блокты
берілуі;
- тікелей және кері байланыс;
- бақылау мен өзіндік бақылаудың
ұштасуы.
Модуль деп - дидактикалық
жетістіктерге жету үшін алдында мақсаты, өзіндік іс-әрекетінің
бағдарламасы, жетекшілік әдістемелігі бар аяқталған ақпарат блогін
атайды. Модульдік оқытудың мақсаты оқушының
өздігінше жұмыс істей алуын дамыту, оқу материалын өңдеудің
жекелеген әдістері арқылы жұмыс жасауға үйрету болып
табылады.
Модуль – қандай да бір жүйенің
бөлігі, яғни оқу процесі ортақ құрылымы, бірақ әр түрлі мазмұны бар
жекеше бөліктерден тұрады. Модульдік оқыту
технологиясы оқушыны оқытып қана қоймай, оның танымдық іс-әрекетін
ұйымдастыруға, оқу процесін ―диалогтік қарым-қатынас негізінде
құруға тырысу қажет. Модульдік оқыту технологиясының құрылымы үш
бөліктен тұрады, яғни, кіріспе, диалогтік және қорытынды.
Әр оқу модулі әр түрлі сағат сандарынан тұрады, әрине бұл оқу
бағдарламасы бойынша тарауға бөлінген сағат санына байланысты.
Зерттеулер көрсеткендей, 7-12 сағаттан тұратын оқу модулі ең тиімді
болып саналады. Оқу модульнің бірінші ерекшелігі жалпы қанша сағат
бөлінсе де ,кіріспе бөліміне 1-2 сағат, қорытынды бөліміне 2-3
сағат беріледі де, қалған сағаттың барлығы диалогтік бөлімде
игеріледі. Мысалы, оқу модуліне 9 сағат жоспарланса, 1 сағаты –
кіріспе бөліміне, 2 сағаты – қорытындыға, қалған 6 сағаты –
диалогтік бөлімге берілуі керек. Егер оқу модулі 12 сағаттан тұрса
1 және 3 бөлімдегі сағат сандары өзгеріссіз қалады да, ―диалогтік
бөлімге 9сағат беріледі.Бұл оқу материалын барлық оқушылардың 3
деңгейді күрделілікте өз деңгейіне сай оқып меңгеру қажеттілігіне
байланысты. Яғни оқу модулінің мазмұны бойынша оқушылар қарапайым
білім, білік, дағдыны меңгеруден бастап ―білімді көшіру немесе
пайдалануға дейінгі машықтарын көрсете білу керек. Бірнеше рет
қайталау – қарапайымнан күрделіге қарай, репродуктивті
тапсырмалардан шығармашылық ізденіске дейін итермелейді. Бұл әр
оқушыға оқу материалын түсіну, деңгейінен білімді көшіру
деңгейіне
дейін меңгеруге мүмкіндік
берді.
Ал мұғалім еңбегі мынадай тізбектен
тұрады:
1. Оқушыларды оқу мақсаттарымен
таныстыру.
2. Класта берілген блокты немесе тарауды оқыту
модулімен таныстыру.
3. Оқу материалын мұғалімнің қысқаша (схема,
график, кестелер т.б.
түрінде) баяндауға немесе зерттеу тұрғысында
беруі).
4. Оқушылардың танымдық іс-әрекетін ―диалогтік
негізінде әрбір
оқушының іс-әрекетінің нәтижесін әр сабақ сайын
бағалай отырып
ұйымдастыру.
5. Жалпы тарауға қарағанда оқу материалын 4-7
ретке дейін қайталай
оқыту.
6. Тарау, блок бойынша тест
алу.
7. Тарау бойынша релейны зачет алу (немесе
диктант, бақылау, т.б.).
Бұл 3 деңгейлі жүйеден тұратын карточкалармен
білім тексеру.
Әрбір оқытудың жаңа
технологиялары оқыту теориясы бойынша белгілі бір субъектілердің
қарым-қатынасындағы қасиеттерін өзгерте жаңа өрістегі белгілерді
қалыптастыруға ұмтылады. Оған қажетті
оқытудың құралдарын өзгерте жаңа мазмұнда, жаңа сипатта жетілдіре
анықтауды көздеген. Осы оқыту технологиясының көздеген мақсатындағы
ерекшеліктерін топтау арқылы анықтайық. Бірінші топтағы оқытулар
оқу пәнінің оқу материалдарын жетілдіре, жаңарта оқушының танымдық
және психикалық қасиеттері мен процестерін дамытуға байланысты
оқытудың ақпаратттық оқыту, бағдарламалап оқыту, модульдік оқыту,
әр деңгейлі оқыту, кіріктіре оқыту және дидактикалық бірліктерді
ірілендіре оқыту технологиялары болып
табылады.