Материалдар / Модульдік оқыту технологиясының тиімді жақтары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Модульдік оқыту технологиясының тиімді жақтары

Материал туралы қысқаша түсінік
Студенттермен жас мамандарға керекті.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қараша 2019
299
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында оқыту формасын, əдістерін,
технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағида атап көрсетілген. Бұл білім беру
мекемелерінің мұғалімдеріне өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануына, педагогикалық
үрдісті кез келген үлгімен құра беруіне мүмкіндік береді. Қазіргі уақыттағы оқу-тəрбие
үрдісінің ерекшелігі баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқу
технологияларын ұтымды қолданысқа алуы.

Білім алу — адамзат əрекетінің ең маңызды бір түрі. Ол білім мен тəрбиенің негізін
қалайды. Білім алуда адамның ішкі мүмкіндігі мен қабілетінің дамуы, қалыптасу үрдісі
байқалады. Қабілет, бір жағынан, адамның білім, дағды, іскерлікті қалыптастырудағы
саналы əрекетінің нəтижесі болса, екінші жағынан, адамның табиғи-генетикалық
ерекшелігімен тікелей байланысты. Осыған орай, қазіргі білім беру парадигмасында
білім алушыға тұлғалық-əрекеттік тұрғыдан қарауға үлкен мəн беріп отыр. Өйткені,
əрекет дегеніміз-саналы мақсатқа тəуелді үрдіс. Демек, мақсатқа жетудің басты жалпы
білім беруші мен білім алушының бірлескен іс-əрекеті болып табылады. Осыған орай
оқытуды екі жақты əрекетке, субъект-субъектілік, диалогтық қарым-қатынасқа құру
мəселесі шешімін табуда.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ə. Назарбаев «ХХІ ғасырда білімді дамыта
алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біздің болашақтың жоғарғы технологиялық
жəне ғылыми қамтылған өндірістері үшін кадрлар қорын жасауымыз қажет. Осы
заманғы білім беру жүйесінсіз əрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы
заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз» деп атап
көрсетті. Бұл талаптар білім саласы қызметкерлеріне үлкен міндеттер жүктейді. Себебі
əрбір мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады.

Қазіргі білім парадигмасы мен философиясының өзгеруі білім беру жүйесі
қызметкерлерін оқытудың ақпараттық жəне компьютерлік технологияларға негізделген
сапасымен қарқындылығын қамтамасыз ету қажеттілігін талап етуде. Білім беру
ұйымдары іс — əрекетінің негізгі нəтижесі тек білім , іскерлік жəне дағды жүйесі ғана
емес, керісінше зиялы саяси қоғамдық, коммуникациялық, ақпараттық жəне басқа
салаларындағы мемлекет тапсырыс беріп отырған негізгі құзыреттіліктердің жиынтығы.

Əлемдік оқу үрдісінің өзегі — жаңа технологиялар екені мəлім. Əрбір технология өзіндік
жаңа əдіс-тəсілдермен ерекшеленеді.Əдіс-тəсілдерді мұғалім ізденісі арқылы оқушы
қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктеп қолданады.

Мектептегі білім мен тəрбие беру жүйесінің міндеті — оқушылардың жан-жақты
танымдылық белсенділігін көтеруге мүмкіндік жасай алатын əр оқушыны жеке тұлға
ретінде дамыту. Əр мектеп білім беруді жоғары деңгейге көтеру мəселесін қолға алып,
білім беру үрдісін басқару мəселесін жүзеге асыруда. Білім беру үрдісін басқару
жүйесінің құрылымы жеке тұлғаның қайталанбас даралығының дамуына,
шығармашылық бастама алуына бағыт беріп, жағымды орта қалыптастырудан тұрады.

Білім беру жүйесі — əр елдің даму болашағын айқындайтын, əлемдік өркениетке
жетудің негізгі бағыттарын көрсететін біртұтас құрылым.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!