Материалдар / Мөлдір бұлақ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мөлдір бұлақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Әріптестер мен әдіс алмасу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Ақпан 2021
375
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Мөлдір бұлақ

Мектеп\МДҰ: №58 жалып білім беретін орта мектеп


Педагогтің аты-жөні: Қалдыбекова Айгуль

Сынып\топ: «Ғ» сыныбы

Қатысқандар саны:17

Қатыспағандар саны:

ҰОҚ оқытылу мақсаты

Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау Ауыспалы мағынадағы сөздерді, бейнелі теңеулерді түсіну, оларды сөйлегенде қолдану.Тыңдаған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу

Күтілетін нәтиже

Барлық тәрбиеленушілер:Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстайды. Тыңдалған мәтіндердегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізеді.

Көпшілік тәрбиеленушілер: Көргендері бойынша әңгімелеп бере алады.

Кейбір тәрбиеленушілер:Ауыспалы мағынадағы сөздерді, бейнелі теңеулерді түсінеді, оларды сөйлегенде қолданады.

Тілдік мақсат

Тәрбиеленушілер:Сөздердің мағыналарын түсінеді, сұрақтарға жауап береді. Диалог құрастырады, сөздік қорын кеңейтеді. Көптілділік: өзен – река – river көл – озеро – lake, теңіз – море – sea Пікір алмасу сұрақтары:

Қалай ойлайсыңдар, су кімге және не үшін керек?

Өзен-көлдердегі судың дәмі қандай болады?

Теңіздің суының дәмі қандай болады?

Теңіз тіршілік иелеріне нелер жатады?

Өткен ҰОҚ алған білім

Қанаттылар жайында білімі бар.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.

0-2 минут















ІІ. Мақсатты болжам.


3-5 минут




ІІІ. Тақырып бойынша жұмыс.


6-27 минут


(Ұ) Педагог балаларды ортаға шеңберге тұрғызады. - Балалар, қараңдаршы, біздің табиғатымыз қандай әдемі. Өзімізді әдемі де сұлу табиғатқа теңеп, шаттық шеңберін жасайық.

  • Мен таумын. Бәрінен де биікпін.

  • Мен гүлмін. Жұпар иісім бар.

  • Мен Күнмін. Жарқырап жылу берем! - деп балалар шаттық шеңберін жасайды.

Педагог: Балалар, мына әртүрлі ғажайып дыбыстарды мұқият тыңдаңдар. Ненің дыбысын естігендеріңді айтып беріңдер.

(Аудиотаспадан сылдырлаған бұлақтың, теңіздің дыбыстары.)

-Дыбыстарды естігенде қайда жүргендей болдыңдар?

-Ненің дыбысын естідіңдер?

Ал енді мен сендерге «Теңіздегі тіршілік иелері» атты бейнетаспа көрсетемін, сендер өте мұқият болыңдар, көріп болғаннан кейін қандай тіршілік иесін таныдыңдар, маған айтып бересіңдер. Көптілділік: өзен – река – river көл – озеро – lake, теңіз – море – sea

Педагог: Не көргендеріңмен бөлісіп отырыңдар, ерекше әсер беріп, есте қалған не болды?

Ал енді біз су туралы сөйлесеміз.

  1. Қалай ойлайсыңдар, су кімге және не үшін керек?

  2. Теңіз тіршілік иелеріне нелер жатады?

Әліппе-дәптермен жұмыс:

1-тапсырма. Суретші нені ұмытты? Толықтырып сал.

Сергіту жаттығуы:

Кәнекей, бой сергітіп алайық,

Өзімізді мөлдір суға балайық. Сай-салада ағып жатқан сарқырап, Бұлақ болып таудан төмен ағайық.

«Сөзді жалғастыр» ойыны.

Мен қармақпен балық ... .

Теңіз жағасынан шағаланы ... .

Бұлақ сылдырлап ... .

Жылқылар су ... .

Жаңбыр жауып, өзен суы ... .

Аққулар жағаға жақын ... . Балалар суға ... .

Әліппе-дәптермен жұмыс:

2-тапсырма. Жаңылтпашты жаңылмай айтайық: Бұл балық, Ақ балық.

Ақ балық,

Қылтаны көп балық.

Әліппе-дәптермен жұмыс:

3-тапсырма. Суреттегі тізбекті есіңе сақта. Дәптерді жауып,шатастырмай айтып бер.

Логикалық ойын: «Тура мағынасын айт». Педагог балаларға ауыспалы мағынадағы сөздер айтады, балалар тура мағынасын айтуға тырысады.

Мысалы: Жылы сөз - жылы күн;

Алтын бала - алтын сырға; Қара шаңырақ, қара ниет - қара

шалбар;

Ақ жол, ақ ниет - ақ орамал;

Жұмыстың аяғы - жүретін аяқ; Бұлақтың көзі - адамның көзі; Суық хабар - суық жел.

Әліппе-дәптермен жұмыс:

4-тапсырма. Суреттен суда мекен ететіндерді ата.

Оларды судың суретімен қос.

5-тапсырма.

Мақалдың мағынасын түсініп ал.

Судың да сұрауы бар.

Бұлаққа бұлақ қосылса, «егізбіз» дейді.

Көлге көл қосылса, «теңізбіз» дейді. Өзен суын жаңбыр тасытады, Адам қадірін еңбек асырады.

Су анасы – бұлақ, сөз анасы – құлақ.

Педагог балалармен бірге мақалдың мағынасын талқылайды.

«Теңіздегі тіршілік иелері» атты бейнетаспа



























Әліппе-дәптер





















Әліппе-дәптер






Әліппе-дәптер


























IV. ҰОҚ

қорытындысы.

Рефлексия.

28-30 минут

Педагог қорытынды жасайды. Балаларды марапаттайды.

(Ө) Рефлексиялық бағалау: өз жұмысын бағалап қорыту.

Балалардан балық суретін түсті қарындашпен бояуын сұраңыз:

Ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен; Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары қарындашпен;

Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл қарындашпен.


Әліппе-дәптер,

түрлі түсті

қарындаштар













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!