(Ұ) Педагог балаларды ортаға
шеңберге тұрғызады. - Балалар, қараңдаршы, біздің табиғатымыз
қандай әдемі. Өзімізді әдемі де сұлу табиғатқа теңеп, шаттық
шеңберін жасайық.
-
Мен таумын. Бәрінен де
биікпін.
-
Мен гүлмін. Жұпар иісім
бар.
-
Мен Күнмін. Жарқырап жылу
берем! - деп балалар шаттық шеңберін
жасайды.
Педагог: Балалар, мына әртүрлі
ғажайып дыбыстарды мұқият тыңдаңдар. Ненің дыбысын естігендеріңді
айтып беріңдер.
(Аудиотаспадан сылдырлаған
бұлақтың, теңіздің
дыбыстары.)
-Дыбыстарды естігенде қайда
жүргендей болдыңдар?
-Ненің дыбысын
естідіңдер?
Ал енді мен сендерге
«Теңіздегі тіршілік иелері» атты бейнетаспа көрсетемін, сендер өте
мұқият болыңдар, көріп болғаннан кейін қандай тіршілік иесін
таныдыңдар, маған айтып бересіңдер.
Көптілділік:
өзен – река – river көл
– озеро – lake, теңіз – море –
sea
Педагог: Не көргендеріңмен
бөлісіп отырыңдар, ерекше әсер беріп, есте қалған не
болды?
Ал енді біз су туралы
сөйлесеміз.
-
Қалай ойлайсыңдар, су кімге
және не үшін керек?
-
Теңіз тіршілік иелеріне нелер
жатады?
Әліппе-дәптермен
жұмыс:
1-тапсырма.
Суретші нені ұмытты?
Толықтырып сал.
Сергіту
жаттығуы:
Кәнекей, бой сергітіп
алайық,
Өзімізді мөлдір суға балайық.
Сай-салада ағып жатқан сарқырап, Бұлақ болып таудан төмен
ағайық.
«Сөзді жалғастыр»
ойыны.
Мен қармақпен балық ...
.
Теңіз жағасынан шағаланы ...
.
Бұлақ сылдырлап ...
.
Жылқылар су ...
.
Жаңбыр жауып, өзен суы ...
.
Аққулар жағаға жақын ... .
Балалар суға ... .
Әліппе-дәптермен
жұмыс:
2-тапсырма.
Жаңылтпашты жаңылмай айтайық:
Бұл балық, Ақ балық.
Ақ
балық,
Қылтаны көп
балық.
Әліппе-дәптермен
жұмыс:
3-тапсырма.
Суреттегі тізбекті есіңе
сақта. Дәптерді жауып,шатастырмай айтып
бер.
Логикалық ойын:
«Тура мағынасын айт». Педагог балаларға ауыспалы
мағынадағы сөздер айтады, балалар тура мағынасын айтуға
тырысады.
Мысалы: Жылы сөз - жылы
күн;
Алтын бала - алтын сырға; Қара шаңырақ, қара ниет
- қара
шалбар;
Ақ
жол, ақ ниет - ақ орамал;
Жұмыстың аяғы - жүретін аяқ; Бұлақтың көзі -
адамның көзі; Суық хабар - суық
жел.
Әліппе-дәптермен
жұмыс:
4-тапсырма.
Суреттен суда мекен ететіндерді
ата.
Оларды судың суретімен
қос.
5-тапсырма.
Мақалдың мағынасын түсініп
ал.
Судың да сұрауы
бар.
Бұлаққа бұлақ қосылса, «егізбіз»
дейді.
Көлге көл қосылса, «теңізбіз» дейді. Өзен суын
жаңбыр тасытады, Адам қадірін еңбек
асырады.
Су
анасы – бұлақ, сөз анасы –
құлақ.
Педагог балалармен бірге мақалдың мағынасын
талқылайды.
|