Материалдар / Мөлдір бұлақ жасыл құрақ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мөлдір бұлақ жасыл құрақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдеріне көмек (ашық сабақ)
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Сәуір 2021
643
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

М.Жұмабаев атындағы орта мектеп

Күні: 6.04.2018

Тақырыбы: Мөлдір бұлақ – жасыл құрақ  

Құндылық:Қиянат жасамау

Қасиеттер:  Қамқорлық, адалдық, жанашырлық

Мұғалім: Исина Ф.Х.

Сынып: 6

Оқушылар саны: 6


Сабақтың мақсаты: Табиғат пен адамның  үйлесімді байланысын түсіндіре отырып, қоршаған ортаға Қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу; 

Міндеттері:

-оқушылардың табиғатты қорғау туралы  түсініктерін кеңейту;

-олардың  бойындағы адалдық, жанашырлық  қасиеттерін дамыту;

-қоршаған  ортаны  қорғауға,  қамқорлыққа, адалдыққа тәрбиелеу.


Ресурстар:


Интерактивті тақта

слайд, табиғат бейнеленген суреттер.

Сабақ барысы:

Тыныштықсәті. «Орманға ойша саяхат»

Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып,тереңтыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды,дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдайтүсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз.

Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетініміз бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көзқырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!



2.Үй тапсырмасын сұрау.

   А.Сейдімбек     «Бетпақдала»

Сұрақтар:        

- Хан жарлығы мен ел-жұрттың әрекеті табиғатты қандай жағдайға душар етті?

-Құнарлы жердің бетпақ далаға айналуының себебі неде?

- Адамның табиғат алдындағы парызы неде?


Слайд

3.Дәйексөз.

 «Табиғат тал бесігің, аялай біл!»             

                                                          (Нақыл сөз)

Дәйексөзді ең алдымен мұғалім, сосын оқушылар хормен айтады.

Дәйексөзді балалар бір-біріне данышпан сияқты айтады.

Оқушыларға дәйексөзді дәптерге жаздыру.

«Табиғат тал бесігің» дегенді қалай түсінесіңдер?

Кім сіздерді аялайды?

Табиғатсыз адамдар өмір сүре алама?

Қорытынды: Анамыз бізді қалай аялайды, солай біз де табиғатты аялауымыз керек.

Үзілісте басқа сынып

оқушыларына осы дәйексөзді айту.

Слайд, плакат


4 .Әңгiмелеу.

Мұғалімнің сыйы «Сөздің әсері»

    Адам атызға бір Гүл әкеп отырғызады. Құнарлы жерге отырғызылған ол күннен күнге тамыр жайып, гүлдеп өсеберді. Гүл бәрін де сүйетін: мөп-мөлдір суды да, тап-таза ауаны да, күннің нұрын да. Айналаға еркелей, құмарлана қарайтын. Ол осынау  тіршілік иесі болғанына,  өзін әкеп отырғызғанадамға да өте риза еді. Бір күні: Әй, сен көп асқақтама! Мен сенің қасыңда  тұрсам, әлі-ақ  өкінетін боласың, - деген шіңкілдек дауысқа жалт қараса, дәл төменде түр іұсқынсыз  шөп басын қылтитып тұр екен. Гүлдің көңілі ортайып, бір түрл жабырқап қалды. Ештеңе дей алған жоқ. Көздері жасаурап кетті. Бірте-бірте сарғайып бара жатты. Амалсыз жанындағы өзінен бір шама үлкендігі бар Гүлге басын сүйеді. Жабырқама, сабыр ет!-деп жұбатты ол.

Адамдар оны «арам шөп» деп атайды. Өзінен  басқаны ойламайтын шөп әлі-ақ құтыламыз.

    «Жақсы сөз – жарым ырыс» деген ғой. Оның көңілі біраз көтеріліп қалды.

     Әлгі Гүлдің айтқаны рас болып шықты. Ертесіне бір бала келді де, арам шөпті жұлып тастады. Гүл қайтадан құлпырып өсе бастады. Алайда, көп нәрсені ұқты. Өмірде жақсы ой ойлаcаң,  жақсы сөз сөйлесең  бәрі де жақсы болады  екен-ау.

Сұрақтары: 

- Гүлдің көңілі неге жабырқады?

- «Жақсы сөз-жарым ырыс» -деген сөзді қалай түсінесіңдер?

- Гүлдің құлпырып өсуіне не себеп болды?

-Арам шөптің бойынан қандай қаситтерді байқап тұрсыңдар?

-Адамдар өздерін қандай ортада жақсы сезінеді деп ойлайсыңдар?

-Сендерге достарың жасаған жақсылықты естеріңе түсіріп көріңдерші?


Баяу әуен

5.Шығармашылық жұмыс.

Әрбір оқушы табиғат туралы бір мақал-мәтелді таңдап суреттеу, сөйлету

Слайд

«Мақал-мәтелдер»


6.Топпен ән айту

«Аралдан ұшқан аққұлар»

Сөзі Ш.Сариевтікі

Әні С.Бәйтерековтікі




7.Үйге тапсырма.

А.Сейдімбек «Егер маған...» мәтінін оқу,

«Табиғат аясында өзіңді- өзің ұстай білу ережесінің» жобасын тізіңдер

Бейне-ролик

Табиғат




8.Соңғы тыныштық сәтi.

Балалар, бүгінгі сабақтан алған әсерлі сәттерімізді ойлап ой түйіндейік. Табиғаттың бізге берері мол екенін ой елегінен өткізіп, жүрегімізге сақтайық! Сабақ аяқталды, сау болыңыздар!


Әуен тыңдау


Мұғалім: Исина Ф.Х.

Директор: Темиржанова А.Ж.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!