Материалдар / Молекулалық – кинетикалық теорияның негізгі қағидалары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Молекулалық – кинетикалық теорияның негізгі қағидалары

Материал туралы қысқаша түсінік
Студенттерге молекулалық- кинетикалық теорияның негізгі қағидалары мен олардың тәжірибелік дәлелдемелерін, заттың өлшемдері мен зат мөлшері ұғымдарын түсіндіру, заттардың салыстырмалы молекулалық массаларын, молекулалардың концентрациясын есептеу дағдыларын қалыптастыру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Маусым 2022
630
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

«Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы» ММ

Түлкібас агробизнес және саяхат колледжі” МКҚК



КЕЛІСІЛДІ БЕКІТЕМІН

Колледж әдіскері Директордың оқу ісі

жөніндегі орынбасары

_______ А.С.Керимкулова ________ Л.С.Байсеитова

«___» _________2021 ж «___» _________2021 ж







Сабақтың әдістемелік өңделуі

АШЫҚ САБАҚ

Жалпы білім беру” пәндік циклдік комиссиясы

Мамандық:07230100-«Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу»

Біліктілік: 3W07230101-«Тігінші»



Тақырыбы: Молекулалық - кинетикалық теорияның негізгі қағидалары











Физика пәнінің педагогі : Е.Б.Сайлау











Т.Рысқұлов-2021 жыл

«Бекітемін»

«Жалпы білім беру» ПЦК төрағасы

__________Г.Ахметова

«____» « ____» 2021ж


Пәні: Физика

Сабақтың тақырыбы:

Молекулалық – кинетикалық теорияның негізгі қағидалары

Сабақтың типі:

Жаңа білімді меңгеру

Сабақтың түрі:

Ашық сабақ


Өткізілетін күні: 06.10.2021 ж

Топ: ЖТ-111


Сабақтың мақсаты:





Білімділік: Студенттерге молекулалық- кинетикалық теорияның негізгі

қағидалары мен олардың тәжірибелік дәлелдемелерін, заттың

өлшемдері мен зат мөлшері ұғымдарын түсіндіру, заттардың

салыстырмалы молекулалық массаларын, молекулалардың

концентрациясын есептеу дағдыларын қалыптастыру

Дамытушылық: Ой- өрісін, ойлау қабілетін, оқуға негізделген жұмыстар мен

тапсырмалар арқылы шығармашылық қабілетін , физикалық

құбылыстарды пайымдау қабілетін, пәнге деген қызығушылығын

арттыру, шығармашылық қабілетін дамыту

Тәрбиелік: Іздену, бақылау арқылы студенттердің дүние таным қабілеттерін

қалыптатсыру. Ұқыптылыққа, жауапкершілікке алға қойған мақсатқа

жете білуге,ұйымшылдыққа баулу. Қазақстандық патриотизм,

адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру

Оқыту нәтижелері:

  1. Газдардың молекулалық – кинетикалық теорияларын білу

  2. Термодинамикалық параметрлерді байланыстыратын теңдеуді білу

  3. Молекулалық – кинетикалық теорияның негізгі қағидаларын айқындайтын дәлелдемелерді білу

Бағалау критерийлері:

  1. МКТ-ның негізгі қағидаларын талдайды, дәлелдейді.

  2. МКТ-ның негізгі қағидаларының дәлелдемелерін түсіндіреді

  3. Диффузия және броундық қозғалысты сипаттайды

Сабақтың технологиясы мен әдіс-тәсілдері: сын тұрғысынан ойлау технологиясы, ІТ технологиясы, түсіндірмелі, демонстрация, «Шахмат», «Ыстық лебіз», «Фишбоун», «Ойлан, жұптас, бөліс», «Менің көңіл-күйім баспалдағы» әдістері

.

Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, Математика, Химия, Биология.


Сабақты жабдықтау: а) сабақтың көрнекілігі: слайд, ерітінді заттар, түрлі сұйықтар, синтетикалық материалдар.

ә) үлестірмелі материалдар: кеспе қағаздары

б) оқытудың техникалық жабдықтары: АКТ , мультимедиялық құрылғылар.

в) оқыту орны: 402 аудитория


Әдебиеттер:

Негізгі: 1. Б.Кронгарт, В.Кем, Н.Қойшыбаев. «Физика» ( 152-159б)

Қосымша: 1.Рымкеевич А.П «Физика есептерінің жинағы» ( 210-212 б)

Сабақтың барысы

I. Сабақты ұйымдастыру:


1. Ұйымдастыру кезеңі

Студенттермен сәлемдесу, түгелдеу

2.Психологиялық ахуал

«Ыстық лебіз» әдісі арқылы ынтымақтастық атмосфера мен көтеріңкі көңіл күй орнату

Студенттер шаттық шеңберін құрып, бір-біріне жақсы тілектерін айтады.

3.Топқа біріктіру

Өткен сабақпен байланыстырып, қағаз қиындылары арқылы топқа біріктіру.

І топ: Күштер

ІІ топ: Жылдамдық болып 2-топқа бөлінеді

II. Үй тапсырмасын сұрау

Өткен тақырыптарға шолу:


1.«Шахмат» әдісі. Өткен тақырып бойынша қайталау, кері байланысты жазбаша жүргізу. Шахмат тақтасының суретін пайдалану арқылы студенттер бос ақ ұяшықтарға сабақ кезінде меңгерген білімдерін білдіретін сөздермен өз ойларын кезекпен жазады,кейін ой бөліседі

Студенттерге тақырыпқа байланысты әртүрлі мысалдар келтіре отырып сұрақтар қоямын. 
а) Не себепті денені жоғары лақтырсақ, дене қайта жер бетіне түседі? (Жердің тартылыс күші және ауырлық күші) 
ә) Сұйықтарда не себепті құйынды ағыстар пайда болады?(Сұйық қабаттарының әртүрлі бағытта қозғалысынан) 
б) Не себепті ауада құйындар пайда болады? (Ыстық және суық ауа ағындарының тоғысуынан) 
в) Екі сіріңкені жағып, ортасынан түтікше арқылы үрлесек , неге оттың жалыны бір – біріне тартылады?(Жалын ауа ағыны қозғалысына қарай бағытталады) 


III. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Сабақтың технологиялық картасы:


Жоспар

  • МКТ-ның негізгі қағидалары.

  • МКТ-ның негізгі қағидаларының дәлелдемелері

  • Заттың өлшемдері мен массасы

1. МКТ-ның негізгі қағидалары.

Зат құрылысының МКТ негізі ретінде әрқайсысы тәжірибе жүзінде дәлелденген үш қағида алынады: 1) зат ұсақ бөлшектерден тұрады; 2) бұл бөлшектер бір-бірімен өзара әсерлеседі; 3) бөлшектер үнемі қозғалыста болады. XIX ғасырдың аяғында көптеген ғалымдар молекула мен атомның нақты бар екеніне күмән келтіреді. Мысалы, Людвиг Оствальд былай дейді: «Атом мен молекула тек кітапхана шаңдарында ғана болады».

Бөлшектердің екі түрін молекула (корпускула) мен атом (элемент) анықтаған алғашқы ғалым М.В.Ломоносов (1711-1765ж.) екенін оқушылардың есіне түсіріп айта кеткен жөн. Оның болжамы бойынша корпускула біртекті және әртекті болып бөлінеді. Және де М.В.Ломоносов жылуды затты құрап тұрған бөлшектердің айнымалы қозғалысы ретінде қарастырады.


2. МКТ-ның негізгі қағидаларының дәлелдемелері

1) Молекулалардың өлшемін ең алғаш рет Рэллейдің жасаған тәжірибесіі-іен көруге болады: Мұнда үлкен ыдысқа құйылған зәйтүн майының жайылуын қарастырып молекуланың диаметрі анықталады. см

2) Молекулалардың массасыи француз ғалымы Ж.Пэрреннің (1870 -1943 ж.) жасаған тәжірибесінен анықтауға болады (суда шайыр тамшысы ауадағы молекулар сияқты қозғалыста болады). Перрен 0, 0001 см эмульсия қабатындағы шайыр тамшыларының санынмикроскоп арқылы санаған м биіктікте ыдыс түбімен салыстырғанда тамшылар саны екі есеге азайған. Осы заңдылықты ауадағы оттегі молекулаларына қолданып, оттегі молекуласының массасын анықтады.

Мұнда кг шайырдың бір тамшысының массасы. Н =5 км атмосфераның биіктігі. Шамалардың мәндерінде оттегімолекуласының массасы кг екендігін есептеп тапқан.

Қазіргі кезде молекулаиың массасы өте дәлдікпен анықталған. Мысалы, оттегі молекуласының массасы , сутегі молекуласыньщ массасы кг.

3) Молекуланың жылдамдығын Штерн 1920 жылы анықтаған Молекула 1 секундта 500 метр жер жүреді. Штерн тәжірибесініі: үлгісін "Айналмалы диск" арқылы көрсетуге болады.

4) Зат мөлшері үғымдары енгізіліп,формуласы беріледі.;

және; - мольдік масса. БХБЖ зат мөлшері мольмен өрнектеледі. Бір моль бұл массасы 0,012 кг көміртегіндегі қанша атом болса, сонша молекуласы немесе атомы бар заттың мөлшері. Кез келген заттың 1 моліндегі атомдар, иондар немесе молекулалар саны бірдей. Бір молдегі атомдар саны NА деп белгілейді және оны итальян ғалымы (XIX ғасыр) құрметіне Авагадро тұрақтысы деп аталады және NАмол-1 тең.

5) Заттың молдік массасы деп бір мольдің мөлшерінде алынған

заттыңмассасынайтамыз. Ал - заттың массасы.

Мольдік масса былай анықталады: мұндағы - -заттыңсалыстармалымассасы. Затгағымолекулаларсаны мынаформулаларменанықталады

Молекулалардың қозғалыста болатынын Броунның (ағылшын ботанигі) бақылауларын айта отырып түсіндіру керек. Ол кезде Броундық қозғалысқа дұрыс түсініктеме берілмеген еді, тек 80 жылдан кейін А.Эйнштейн (1905 ж.) және М. Смолуховский (1909 ж.) теория жүзінде түсіндірді, ал Ж. Перрен эксперимент жүзінде дәлелдеп берді.

Броундық қозғалысты бақылаудан шығатын қорытындылар:

а) қалқыған броундық бөлшектердің қозғалысы молекулалардың соқтағысқанынан пайда болады;

ә) броундық бөлшектердің қозғалысы үздіксіз және бейберекет қозғалыста болады, ол сол заттың қасиеттеріне тәуелді;

б) қалқыған бөлшектердің броундық қозгалысы молекулалардың қозғалысын көрсетеді;

в) бөлшектердің броуңдық қозғалысы молекулалардың бар екенін, олардың үнемі бей-берекет қозғалыста болатынын дәлелдейді.

Қазіргі кезде молекулалардың бар екеніне ешкім күдік тудырмайды. Техниканың өсіп жетілуіне байланысты, электрондық микроскоптар ірі молекулаларды бақылауға мүмкіндік туғызды.




3.Заттың салыстармалы молекулалық массасы Мr берілген зат молекуласы массасының көміртек атомы массасының 1/12 бөлігінен қанша есе артық екенін көрсететін физикалық шаманы айтады.

Мr=m0/1/12m0c

Зат мөлшері дегеніміз – берілген молекулалар саны 12 г көміртектегі атомдар санынан қанша есе артық болатынын көрсететін физикалық шама:

Ν=N/NA

Зат мөлшерін мольмен өлшейді.

1 моль дегеніміз – 12 г көміртекте қанша атом болса, сонша молекуласы бар заттың мөлшері.

Авогадро саны NA=6,02·1023 моль-1

Заттың мольдік массасы дегеніміз бір мольдің мөлшерінде алынған заттың массасы.

M=m0NA

m=Mν

Микробөлшектер әлемінде заттың бір көлемінде қанша бөлшек бар екенін көрсететін шама – молекулалар концентрациясы деп аталады:

n= N/V

Температуралық шкалалар:

  1. Фаренгейт шкаласы.

  2. Реомюр шкаласы.

  3. Цельсий шкаласы.

Абсолют температуралар шкаласы. Абсолют тік температура Цельсий шкаласы бойынша температурамен мынадай байланыста болады:


IV. Сабақты қорытындылау:

«Фишбоун» әдісі



Тапсырма 1

Балық қаңқасының қанаттарына молекулалық – кинетикалық теорияның қағидалары мен дәлелдемелерін жинақтап жазыңдар.

Екі топ жауаптарын алмастырып, бір – бірінің жұмысын тексереді

«Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы топтар бір-біріне кері байланыс ұсынады.


«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі

Тапсырма 2

1-топ тапсырмалары:



  1. Топ мүшелеріне жылы және суық су, тұз, қант беріледі. Берілген заттар арқылы диффузия құбылысын тәжірибе жасай отырып түсіндіреді

  2. Есептер шығару. Негізгі: 1. Б.Кронгарт, В.Кем, Н.Қойшыбаев. «Физика» 159бет, 1,2 есеп.

2-топ тапсырмалары:

  1. Топ мүшелеріне су және денелердің ұсақ бөлшектері беріледі. Берілген заттарды пайдаланып броундық қозғалысты түсіндіреді

  2. Есептер шығару. Негізгі: 1. Б.Кронгарт, В.Кем, Н.Қойшыбаев. «Физика» 159бет, 3,4 есеп.



Белсенділігі төмен студенттермен жұмыс

1.Заттар неге бөлінеді? Заттар бір тұтас болмағандықтан

2.Молекулалар мен атомдар қалай қозғалады? Хаосты

3.Не себепті суық суға қарағанда жылы суда заттар тез ериді? Температура артқан сайын молекулалардың қозғалысы артады

4.Неге газ баллонын қыздырсақ, газ баллоны жарылады? Температура артқан сайын молекулалардың ыдыс қабырғасына түсіретін қысымы артады

5. Неге ыдыстағы қатты сығылған газ сұйық тәрізді көрінеді? Газ молекулалары үлкен қысымда арақашықтықтары кеміп, жинақталып көрінеді.



V. Рефлексия. «Менің көңіл-күйім баспалдағы»

Студенттер стикерлерге өз есімдерін жазып (немесе смайликтің суретін салып) тақтада салынған баспалдақтардың біріне жабыстырады. Баспалдақтар «Керемет!», «Өзіме сенімдімін!», «Жақсы», «Жаман емес», «Маған көмек керек!», «Білмеймін», «Нашар» деп аталады.


Үйге тапсырма :

1.Н.Ә: [1] 152-159 бет, 5 тапсырма

2. Газдар туралы қосымша оқу

3.Есептер шығару

Педагог_______________ Сайлау Ерғали









Picture 77






770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!