Материалдар / Моңғол шапқыншылығы салдарлары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Моңғол шапқыншылығы салдарлары

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған бағдарлама бойынша өткізілген ашық сабақ. жас мамандарға берері көп
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Маусым 2018
5166
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Пәні: Қазақстан тарихы

Күні:

Мектеп: «Бейнеу» мектеп-интернаты» КММ

Мұғалім: Сейилханова Н.С



Сабақтың тақырыбы:


Моңғол шапқыншылығының салдарлары.

Зерттеу сұрағы:

Орталық Азияға ең үлкен өзгерісті кім әкелді: қыпшақтар ма, әлде моңғолдар ма?

Сабақтың мақсаты

XIII-XV ғғ. Қазақстан аумағында құрылған мемлекеттердің этноәлеуметтік құрылымын анықтау; ассимиляция

Қазақстан аумағындағы мемлекеттердің басқару жүйесінің ерекшеліктерін анықтау;

Бағалау критерийлері

Моңғолдардың Орталық Азияны жаулап алуының негізгі себептері мен салдарларын анықтайды;

Қыпшақтар жорықтарының себептері мен саяси үдерістерге тигізген әсерін анықтайды;

Қазақстан территориясындағы саяси, мәдени, этникалық өзгерістердің деңгейін талқылап, өз түсінігін қалыптастыруды жалғастырады;

Қазақстан аумағындағы мемлекеттердің басқару жүйесінің ерекшеліктерін анықтайды;

Тілдік міндеттер

Пәндік лексика мен терминология:

Ақсүйектер, қара сүйектер, мүліктік теңсіздік , жер иелену түрлері, ассимиляция.

Диалог пен жазуға пайдалы сөздер тізбегі:

Әскер, әлеуметтік, саяси жағдай, қосылу, ақсүйек, қарасүйек, заң, әскери жүйе, біріктіру.

Алдыңғы білім

Қазақстандағы моңғол шапқыншылығы туралы біледі

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Дерек көздері

Сабақтың басы



5 минут







































2 минут







15 минут



















































Ортасы





























































3 минут





5 минут





5 минут












































































Ұйымдастыру кезеңі.

1) Сыныппен амадасып,түгендеу.

2) Үй тапсырмасын тексеру. Өткен тақырып бойынша мұғалім оқушыларға «Тарихи сәйкестік» әдісі арқылы үй жұмысы бойынша сұрақтар береді.

Темучин (Шыңғысхан) өмірге келген жыл?

1155 ж

Шыңғысхан Моңғол империясының билеушісі болып жарияланған жыл?

1206 ж

Моғолдардың мемлекеттік заңы қалай аталды?

«Яса» (Жасақ)

Шыңғыс хан 500 түйеден тұратын 450 адамы бар сауда керуенін қай жылы жіебрді?

1218 ж

Отырар қаласының күйреуі тарихта қандай атпен қалды?

«Отырар опаты»

Оңтүстік Қазақстанның қандай қалалары толық жойылды?

Отырар,Сығанақ,Ашнас

Моңғолдар Қазақстан аумағын толықтай қай жылдары басып алды?

1219-1224 жж

Шыңғыс хан қайтыс болған жыл?

1227 ж



«Гүлмен тілек» әдісі арқылы сабақты бастау. Оқушылар бір-біріне тілек айтып,артында жазылған сөз бойынша топқа бөлінеді.



2) Жаңа тақырыпқа болжам.

«Галереяны шарлау» әдісі.

Мұғалім: Сынып оқушыларына моңғол мен қыпшақтың баспаналары мен киім үлгілерінің суреттерін көрсетемін.

Критерий:

1. Галереядағы суреттерді зерттеу.

2. Суреттердің 2 айырмашылығы мен 2 ұқсастығын табу.

Жетелеуші сұрақтар қою арқылы оқушылар сабақтың тақырыбын айтулары тиіс.

Моңғол киімі



Қазақтардың ұлттық киімдері.



Қыпшақ және қазақ киіз үйлері.



Мұғалім: Оқушыларға «ассимиляция» ұғымын түсіндіремін. Моңғолдар мен түркі тайпалары ассимиляциясының ерекшеліктері туралы айтып өтемін.

Ассимиляция-жаңа орта дәстүрін қабылдау,сіңу. Бір халық өзінен үлкен екінші халыққа сіңіп кетіп,ана тілін,әдет-ғұрпын,дінін,мәдениетін,өзіндік сана-сезімін тағы басқа ұлттық ерекшеліктерін жоғалтады.

Мысалы түркі мемлекетінде бір мемлекеттен екінші мемлекетті жаулап алу арқылы мемлекеттер қалыптасып ортыса,ал моңғолдар бірнеше мемлекеттерді жермен жексен етіп жою арқылы өз халқының құрамына қосып отырған. Осылайша, көптеген мемлекеттер өзінің тілінен,дінінен,әдет-ғұрпынан ада қалған екен.

Оқушыларға сұрақ: Қайсысы қуатты болды: қыпшақтар ма,моңғолдар ма? (оқушылар жауабын тыңдау)

Моңғол империясы қыпшақтарға қарағанда,көптеген жерлерді басып алды.

Бейне баян «Моңғолдар мемлекеттік деңгейе қалай жетті?»

І.Постер қорғау:

І. Шыңғыс ханның соғыстарда үнемі жеңіске жету себептері туралы

ІІ. Моңғол империясының жаулаушылық жорықтарының салдарлары,зияны туралы.

ІІ. Топтық жұмыс. Екі топқа екі тақырып беру

І. Орталық Азияға ең үлкен өзгерісті әкелген моңғолдар, өйткені...

1. ...........

2. ....................

3. .............................

4. ......................................

5. ...............................................

ІІ. Орталық Азияға ең үлкен өзгерісті әкелген қыпшақтар, себебі...

1. ...........

2. ......................

3. .............................

4. ........................................

5. .................................................

Әр топтан 1 жұптың жауабы тыңдалады.

Критерий:

  1. Дәлелді нақты дәйектер келтіру арқылы дәлелдеу.

  2. Сөйлеу шеберлігі

3 . Тайм- менеджмент. 2 минут

Оқушылар тиісінше дәйектер келтірулері тиіс, мысалы:

Моңғолдардың келуімен:

1. құрылтай жүйесінің ауқымы мен ролі ұлғая түсті.

2. әскери мыңдық, жүздік, ондық жүйесін құрып, әскери жорықтық салтанат рәсімдері барынша жетілдірілді.

3. көшпенділер мемлекеттік жүйесінде таңба, мөр ұстау, ел билеушісін «хан, қаған» деп атау, елін жүзге бөліп басқару, шекара әскерінің таңдаулы тобын жасақтау, хан ордасының әкімшілік ісін жүргізудің біршама дамыған үлгісі моңғолдың ұлыстық билігі тұсында одан әрі жетілдірілді. Қыпшақтардың әсерімен:

1. Жошы ұлысы аумағында қыпшақ тілі мемлекеттік тіл деп есептелді.

2. 1265 жылы Берке хан, одан 45 жылдан кейін Өзбек хан Ислам дінін өз елінің мемлекеттік діні деп қабылдағаннан кейін Ислам діні Моңғол ұлыстары дәуірінде мемлекеттік дәрежеге ие болып, көшпенділер арасына да кеңінен тарала бастады.

3. «қыпшақтану» («түркілену») үдерісі орын алды.







Суреттер,интербелсенді тақта





Шыңғысханның, моңғолдар шапқыншылығы суреттері

























































































































Слайдтар





























Интербелсенді тақта





А3 формат,маркер,стикер









мәтін

Сабақтың соңы

5 минут







Рефлексия:

Жалғастырыңыз:

Балалар сабақ соңында тақтада жазылып тұрған сөйлемді өз ойымен аяқтайды:

Бүгін мен білдім…

Мен үшін................ қызықты болды.

Мен мынаны түсіндім…

Мен үйрендім…

Мені таңғалдырды…

Сабақ менің өміріме мынаны берді….



Үй тапсырмасы. Кестемен жұмыс.



Өзгерістер

Моңғолдар

Қыпшақтар

Саясатта



Географиясында



Мәдениетінде



Қоғамдық қатынастарда











Қосымша ақпарат

Дифференциациялап оқыту

- Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

- Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?



Талқылау үрдісі кезінде барлық оқушылардың бірегей қатысуын қадағалаймын.

Дәйекті дәлелдерге ғана негізделген қорытындыға жетудің мағынасының мәні, сыныптағы қабілеті төмен оқушы дәлелдерге негізделе отырып кем дегенде өзін ойын білдіре алады, ал қабілеті жоғары оқушы тәуелсіз, негізгі жауап береді.

Рефлексия

Сабақ мақсаты/оқу мақсаты қаншалықты жүзеге асты? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Дифференциациялап оқыту өз мәнінде жүзеге асты ма? Өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?



Сабақ барысында ОМ толығымен ашылды. Оқушылардың көпшілігі оқу мақсаттарына қол жеткізді. Оны оқушылардың мәтінді талдау барысында, өз пікірлерін дәлелдермен негіздеу барысынан байқауға болады. Кейбір оқушыларға көмек көрсетілді.

Әр топқа басқа оқушыларға қолдау көрсету мақсатында тілдік қабілеті жоғары оқушылар отырғызылды.

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды. Жоспар бойынша барлық тапсырмалар орындалды.

Сабақ жоспарынан үлкен ауытқулар болған жоқ. Тек оқушылар білімдерін мәлімдеу барысында уақытты үнемдемейді. Сабақ уақытын тиімді пайдалануды арттыру керек.

Жалпы баға



Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Қазақстан территориясындағы этникалық өзгерістердің деңгейін талқылап, өз түсінігін қалыптастыруды жалғастырды.

2: Оқушылар берілген деректерден барынша ақпарат алып, оны талдап, қорытынды шығарды

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: оқушылардың белсенділігі

2: материалдардың сапалылығы

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Жұптық және топтық жұмыстар оқушылардың бірлесіп жұмыс жасау (бірін бірі тыңдау, өз пікірін білдіру, дәлелдер келтіру) дағдыларын жетілдіруге әсерін тигізді.





















«Бейнеу» мектеп-интернаты» КММ















Ашық сабақ

Тақырыбы: Моңғол шапқыншылығының

салдарлары

















Сыныбы: 7

Пән мұғалімі: Сейилханова Нуршат Саришановна





2018 жыл,қаңтар



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!