Материалдар / Монғол шапқыншылығы. Отырар- қаһарман қала.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Монғол шапқыншылығы. Отырар- қаһарман қала.

Материал туралы қысқаша түсінік
: Монғол шапқыншылығы , Отырар қаласы туралы білім беру. Міндеттері: -Танымдық сипаттағы тапсырмалар арқылы ой – өрісін арттыру, - Монғол шапқыншылығы , Отырар туралы қаласы туралы ойларын кеңейтіп, тұжырымдауға жетелеу; - Ғылыми жаңалықтарға қызығушылықтарын ояту; - Монғол шапқыншылығы. Отырар- қаһарман қала тақырыбы бойынша жұптық, топтық жұмыстар арқылы оқушыларды диалогқа түсуге, ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2017
628
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Сабақтың тақырып: Монғол шапқыншылығы. Отырар- қаһарман қала.

Сабақ мақсаты: Монғол шапқыншылығы , Отырар қаласы туралы білім беру.

Міндеттері: -Танымдық сипаттағы тапсырмалар арқылы ой – өрісін арттыру,

- Монғол шапқыншылығы , Отырар туралы қаласы туралы ойларын кеңейтіп, тұжырымдауға жетелеу;

- Ғылыми жаңалықтарға қызығушылықтарын ояту;

- Монғол шапқыншылығы. Отырар- қаһарман қала тақырыбы бойынша жұптық, топтық жұмыстар арқылы оқушыларды

диалогқа түсуге, ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру.

Сынып : 5

Мерзімі:

Сабақ түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: «Өз жартыңды тап» , «Тарихи домино»,«Көршіңе әңгімелеп бер», «Блиц турнир», «Пирамида құру»,

«Конверт сұрақ», «Сәйкестендіру».



Оқыту формасы: жеке, жұппен, топпен.

Көрнекілігі : интерактивтік тақта , праектор, компьютер, фотоппарат, видео, А-3 , тақырыпқа сай суреттер,маркелер, өшіргіш, қарындаш,

Сілтеме : 5 сынып

Күтілетін нәтиже : Монғол шапқыншылығының зардаптары , Отырар қаласы туралы біледі.



Ойлау деңгейі

Мұғалімнің

іс –әрекеті

Оқушының

іс – әрекеті








Білу

Ынтымақтастық атмосферасын орнату

Қане,қане тұрайық

Үлкен шеңбер құрайық

Оң жақтағы көршіге,

Сол жақтағы көршіге,

Күлімсіреп қарайық.

Қолды жоғары созайық

Бір – бірімізден озайық.

Құшақтасып әрқашан

Тату – тәтті болайық!

«Өз жартыңды тап»

Жұп карточкалар дайындалады: біреуінде- сұрақтар, екіншісінде- жауапртарға арналған кестелер. Бір сұрақ пен оның жауабына арналған карточкалардың түсі бірдей болады. Оқушылар кез келген түсті карточканы таңдайды.Содан кейін оның түсі бойынша өзіне серік іздеп, бірге отырып, үй тапсырмасын орындайды және бірге жұмыс істейді.

(қызыл,жасыл, сары түстер арқылы топтарға бөлу)






Жаңа тақырыпқа шығу.

«Тарихи домино»

Монғол шапқыншылығы Отырар қаһарман қала



Оқушылар берілген түрлі – түсті карточкаларды құрастыру арқылы үш топқа бөлініп отырады.







ТЕСТ

1. Ұлы Жібек жолы қай ғасырлардың аралығындағы сауда-керуен жолы:

А) б.з.б.3 ғ-б.з.15ғ. В) б.з.б.2 ғ-б.з.15ғ.

С )б.з.б.4 ғ-б.з.14ғ. Д )б.з.б.2 ғ-б.з.14ғ.

2.Ортағасырлық қалалар үш бөліктен тұрған. Артығын тап:

А )Цитадель В) Рабат С) Шахристан Д) Шаһар

3. Қай қала қыпшақтардың басты саяси орталығы болды:

А) Сығанақ В )Тараз С) Испиджаб Д) Түркістан

4.Түркістан қай ханның тұсында қазақ хандығының астанасы болды?

А) Есім В) Қасым С) Абылай Д) Әбілхайыр

5.Түркістан қаласымен Шымкент қаласының ара-қашықтығы:

А) 220 В) 222 С ) 225 Д) 230




Түсіну

«Көршіңе әңгімелеп бер » әдістемесі оқушылар өз ойларын дауыстап айтып беру үшін пайдаланылады.

оқығаныңыз бойынша сұрақ қойыңыз, ойлануға бір-бірлеріңізге

1 минуттан уақыт беріңіздер;

одан кейін жұбыңыздан өз ойларымен бөлісуді сұраңыз;

жаңа тақырыпты айтыңыз және осы тақырып бойынша өздері білетін барлық жағдайды көршіңізге айтыңыздар.

Мен оқушыларға бағыт-бағдар беремін.


«Көршіңе әңгімелеп бер » әдістемесі

1-топ. Отырар

2- топ. Отырар қорғанысы

3- топ. Отырар опаты




Оқушылар мәтінмен танысады.Оқиды, жұппен талдап , постерге түсіреді.



Талдау

1-топ. Отырар

2- топ. Отырар қорғанысы

3- топ. Отырар опаты


Мұхтар Шаханов «Отырар опаты» поэмасынан үзінді оқу.


Постерлерін қорғайды.

Топтық жұмыс. топаралық тексеру.

«Бағдаршам» әдісі арқылы баға береді


Қолдану

«Блиц турнир»

Суретте қоян телефонда отыр. Ол телефон номерін тергенде, бүгінгі жаңа тақырыпқа байланысты сөздер шығады. Оқушылар соны тауып, анықтама беруі тиіс.

«Картамен жұмыс»

Оңтүстік Қазақстан жерінде орналасқан Отырар, Сығанақ, Түркістан қалаларын кескін картаға түсіру

Шыңғысхан - монғол ханы

Қайырхан – Отырардың билеушісі, әскер басы

Қараша – Отырар қаласының дарбазасын ашып берген сатқын

Жинақтау

«Пирамида құру»

  1. Шыңғысхан басқарған монғолдың қалың қолы Қазақстанның Жетісу өңіріне аттанды? (1218ж)

  2. Қайырханның өмір сүрген жылдары .

(1165-1220 ж.ж)

  1. Қала неше дуалмен қоршалды? ( 2 дуал)

  2. Отырарлықтар неше ай берілмеді? (6 ай)

  3. Қаланың орнына жүргізген қазба жұмыстары кезінде табылған теңгелер мен қымбат заттар нешінші ғасырға жатады? ( 13 ғасыр)

  4. Алтын Орда мемлекетінің астанасы.

(Сарай –Бату)




«Пирамиданы құру»

Шарты: Тақырыпқа байланысты сұрақтар беріледі.Егер оқушы дұрыс жауап қайтарса, 1-ші цифрлардан, яғни фундаментінен бастап пирамида құрылысын бастайды.Егер дұрыс жауапты таба алмаса, пирамида құрылысы тоқтатылады.



Сұрақтарға дұрыс жауап беріп пирамиданы бірінші құрған топ

Отырар шахарына жолдама алады.


«Қолпаштау»




Бағалау

«Конверт сұрақ»

  1. Отырар қаласының саяси және сауда орталығы ретіндегі рөлін ашып көрсетіңдер.

  2. Отырардың қирауына Хорезм шахының ықпалы қандай болды?

  3. Отырардың билеушісі Қайырханның ерлігі мен сатқын Қарашаның теріс әрекетін салыстырыңдар.



«Сәйкестендіру»

  1. Тарихи тұлғаларды

  2. Болған оқиғаларды



Бүгінгі сабақта Отырар-атты әйгілі шахарымыз болғандығын,сол Отырарды қорғау жолындағы бабаларымыздың  жанқиярлық күресте опат болғандығын аңғардық.Сол дәуірде Отырар жеңіліс тапқанымен,қазақ елінің сағы сынбады,қайта елге, отанға,жерге деген сүйіспеншілігі артып, рухы әркез асқақ  та  биік тұрды. Қазақ елі талай қиын өткелдерден өтіп,бүгінгі күні тәуелсіз ел атанып,бақытты ғұмыр кешуде.Бүгінде тәуелсіздіктің 24 жылдық тойын өткізуге дайындық үстінде.Еліміз қарыштап дамуда.

Рухы-өр,

Тәні бекем,

Бұл бірқайсар халық екен,

Тірліктен де артық қойған бірлікті,- деген Шағатай сөзінде біздің қазақ халқының қайсарлығын,қайраттылығын, рухының жоғары екендігін білдіріп тұр.

Үйге тапсырма : Монғол шапқыншылығы. Отырар- қаһарман қала. Оқу

«Отырарды мен қорғасам кайтер едім?»- деген тақырыпқа шағын мәтін жазу.



«Конверт сұрақ»

Оқушылар жұппен берілген тапсырманы оқып, дайындалады. Ақпарат алмасады.

Сыныптың бағалауы

«Бас бармақ»






«Дәптер алмастыру» Бірін - бірі тексеру














Shape1 Shape2 Shape3



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!