Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Түсінікті
Материалдар / "Морфология" бөліміне арналған тест тапсырмаларының жинағы
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып көруге болады
______________ПЦК
№ _____ Сабақтың оқу-
әдістемелік жоспары
Учебно- методический
план занятий№ __
Топ:
Күні:___________
Тақырыбы/Тема:Үстеу, мағыналық
түрлері.
Cабақтың
түрі/Вид урока:Аралас
сабақ
Сабақтың
мақсаты/Цель урока:Үстеу
және оның мағыналық түрлері бойынша теориялық және тәжірибелік
білімдерін жетілдіру.
Оқытушылық/Обучающийся:Студенттердің
үстеу жөнінде теориялық білім беру.
Дамытушылық/Развивающая:студенттердің ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу
шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту,
сауаттылыққа баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыра отырып,
шығармашылық қабілетіндамыту.
Үстеу – іс - әрекеттің белгісін (орнын,
мезгілін, амалын, мақсат - себебін) білдіретін сөз табы. Сондықтан
да үстеулер қолданылу барысында етістіктермен тіркесіп
тұрады.
Мысалы: Күні-түні өте алыс жолды жүріп өтіп,
алға беттеген Асан бекерден-бекер босқа келмегеніне көзі
жетті.
Ой
қозғау - Мына суретке қараңыздар. Кімнің, қандай
шығармасынан алынған деп ойлайсыздар? Жақында ғана әдебиет пәнінен
өттіңіздер, киносын да көріп
жүрсіздер. (Б. Соқпақбаев «Менің атым Қожа») Қожаның қай
сәтінен көрініс бейнеленген?(Сөмкеге бақа салып жатырған кезі) Енді
мысал сөйлемдерге назар
аударамыз. 1. Қожа сөмкеге бақаны лезде салды. (сын -
бейне) 2. Қожа сөмкеге бақаны қасақана салды. (не
мақсатпен? мақсат үстеуі) 3. Қожа сөмкеге бақаны құр босқа салды.(неге?
себеп - салдар үстеуі) 4. Қожа сөмкеге бақаны салып, кейін кетті.
(қайда? мекен үстеуі) 5. Қожа сөмкеге бақаны таңертең салды.
(қашан? мезгіл үстеуі) 6. Қожа сөмкеге бақаны онша қорықпай салды.
(қаншалықты? мөлшер үстеуі) 7. Қожа сөмкеге бақаны аса сақтықпен салды.
(қандай? күшейткіш) Не байқадыңыздар,
оқушылар? 1. Үстеулер қандай сөз табымен тіркесіп келіп
тұр? (етістік) 2. Үстеулер дегеніміз не? Етістіктің, яғни
қимылдың, іс - әрекеттің әр түрлі белгілерін, сипатын, жай - күйін
білдіретін, өзгертуге, грамматикалық тұлғалармен түрлендіруге келе
бермейтін сөздер.
Мысалды талдау арқылы,
үстеудің мағыналық түрлерін топтастыру. Үстеудің мынадай мағыналық түрлері бар:
мезгіл үстеуі, мекен үстеуі, сын - қимыл (бейне) үстеуі, мөлшер
үстеуі, күшейткіш үстеуі, мақсат үстеуі, себеп - салдар
үстеуі.
Мезгіл
үстеулер
Мезгіл үстеуі қашан?
қашаннан? деген сұраққа жауап беріп, қимылдың, іс-әрекеттің
мезгілін, мерзімін, уақытын білдіреді. Мезгіл үстеуі етістікпен
тіркесіп қолданылады. Мысалы: таңертеңнен (қашаннан?) кетті,
жазғытұрым (қашан?) келеді, ала жаздай (қашан?) еңбектенді,
күні-түні (қашан?) оқыды, т. б.
Мекен
үстеулер
Мекен үстеуі қимылдың,
іс-әрекеттің орындалатын орнын, мекенін көрсетіп, қайда? қайдан?
Қалай? сұрақтарына жауап береді. Мысалы: Тауға қарай (қалай қарай?)
өрмелеу, алға (қайда?) жылжыды, ілгері-кейін (қайда?) қозғалды,
жоғарыдан (қайдан?) түсті, т. б.
Сын-қимыл
үстеулері
Сын-қимыл (бейне)
үстеуі іс-әрекеттің, қимылдың амалын, тәсілін, сын-бейнесін
білдіреді. Сұрақтары: қайтіп? қалайша? қалай? кімше? Мысалы: Ақырын
(қалай?) жүгірді, қазша (қалайша?) қаңқылдады, бекерден-бекер
(қалай?) отырма, балаша (кімше?) мәз-мейрам болды, бүркіттейін
(қалайша?) шүйілді, қолма-қол (қалай?) хабарласты, т.
б.
Мөлшер
үстеулері
Мөлшер үстеуі қанша?
қаншама? қаншалық? қаншалап? деген сұрақтарға жауап береді. Мөлшер
үстеуі сынның немесе қимылдың көлемдік дәрежесін, мөлшерін,
шама-шарқын білдіреді. Мөлшер үстеуі етістікпен тіркесіп келгенде
қимылдың шама-шарқын, мөлшерін білдіреді. Мысалы: сонша (қанша?)
шаршапты, біршама (қаншама?) кешігіп қалды, недәуір (қалай?) өскен
екен. Ал сонша (қанша?) биік, біршама (қанша?) алыс, недәуір
(қалай?) ұзақ дегенде мөлшер үстеулер сын есімдермен тіркесіп,
сынның мөлшерін, көлемін білдіреді.
Күшейткіш
үстеулері
Күшейткіш үстеуі
қимылдың, іс-әрекеттің, сынның сапасын, белгісін не солғындатып, не
күшейтіп көрсетеді. Сұрағы: қалай? Мысалы: әбден жүдепті, керемет
биледі, мүлдем қозғалта алмады. Сонымен бірге күшейткіш үстеуге сын
есімнің күшейтпелі шырайын жасайтын ең (биік), өте (салмақты), аса
(терең), тым (терең), кілең (жүйрік) сөздері де
жатады.
Мақсат
үстеулері
Мақсат үстеуі не
мақсатпен? қалай? деген сұраққа жауап беріп, іс-әрекеттің, қимылдың
орындалу мақсатын білдіреді. Мысалы: әдейі айтты, қасақана кетіп
қалды, жорта білмегенсіді, әдейілеп
шақырды.
Себеп-салдар
үстеулері
Себеп-салдар үстеуі не
себепті? қалай? неге? деген сұрақтарға жауап береді. Себеп-салдар
үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің болу себебін білдіреді. Себеп-салдар
үстеуіне: құр босқа, лажсыздан, босқа,амалсыздан, бекерге, шарасыздан сөздері
жатады. Бұл сөздер етістікпен тіркесіп қолданылады. Мысалы, босқа
ренжіді, лажсыздан келісті.
Топты 3 топқа бөліп, тапсырмалар
орындау.
1-топ. Мезгіл, мекен, мөлшер
үстеулері
2-топ. Сын-қимыл, күшейткіш
үстеулері.
3-топ. Мақсат, себеп-салдар
үстеулері.
1-тапсырма. Терме
диктант. Берілген сөздерден үстеу сөздерді ғана теріп
жазу.
1-топ.Мәтінді оқып, көп нүктенің орнына мөлшер
үстеулерін тауып
жаз.
Біз күткен поезд мезгілінен … кешігіп, түн
ортасы ауа келді. Адам деген … қиындыққа төзеді деп кім ойлаған?!
Түн әлі де … қараңғы. Күндіз … жобалап қойған тас жолмен вокзалға
жаяу тартып келем. Вагон ішіндегі адамның көптігі…бөшкеге толтырып
салған балықтай екен.
2-топ.Көп нүктенің
орнына сын-қимыл (бейне) үстеулерін қойып
жаз.
Біз елден шықанда, күн де
сәскелікке жақындап еді. Асан екеуіміз… әңгімелесіп келеміз. Жел …
еді. … алдымыздан ауыл көрінді.…дегенде ауылдың шетіне таяу келіп
тоқтадық.Қыз-бозбалалар …сөйлесіп тұр. Дереу бізді көріп, …үйге
тарқаса бастады. Біз үйге кірдік. Үйдің іші…адам. Жастар бір…
әзілдесіп отыр екен.(Б.Майлин.)
3-топ.Көп
нүктенің орнына мақсат, себеп-салдар үстеулерін қойып
жаз.
Біздің Мейрам
..........сөйлейді. Әсем сөйлеуді..............
үйренген.
Оның сөйлеу шеберлігіне
................. қызыққан жолдастары одан бұның сырын сұрады.
Көркем сөйлей білу ............ көп оқуды, ...............
еңбектенуді талап етеді. Оның көп жылдар еңбектенгені
......... кеткен жоқ.
4-тапсырма.Шығармашылық тапсырма.
Берілген тақырыптар бойынша үстеулерді қатыстырып шағын мәтін
құрау.
«Ауылда»
«Орманда»
«Мектепте».
5-тапсырма.
Мақал-мәтелдерде көп нүктенің орнына тиісті үстеуді
қойыңыз.
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)
Соңғы бір жылда:
45 000 000 ₸
Авторлар тапқан ақша
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Материал іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз