Материалдар / Movie Maker бағдарламасының негіздері, пайдалану мүмкіндіктері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Movie Maker бағдарламасының негіздері, пайдалану мүмкіндіктері

Материал туралы қысқаша түсінік
Колледж оқытушыларына арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Желтоқсан 2018
1815
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Оқытушы: А.С.Елдашбаева интерактивті технологияларды қолдану пәні оқытушысы.

Пәні: Интерактивті технологияларды қолдану

Сабақтың тақырыбы: «Movie Maker бағдарламасының негіздері, пайдалану мүмкіндіктері»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Фильмдерге эффект қою, музыка енгізу әрекеттерін орындап үйрету;

Дамытушылық: Жаңаша шығармашылық тұрғыда ойлай алатын, танымдық мәдениеті биік, дүниеге этикалық тұрғыдан жоғары жауапкершілікпен қарайтын, салауатты өмір салтын ұстанатын адамды қалыптастыру;

Тәрбиелік: Тәжірибелік жұмыстарды жасау арқылы студенттерді еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың технологиясы: АКТ технологиясы.

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдері: түсіндіру, баяндау.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютерлер, презентация, бағалау бетшелері, үлестірмелі тапсырмалар, видеосабақ.

Пәнаралық байланыс: Информатика, валеология.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Студенттермен амандасу, түгендеу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Сұрақ – жауап арқылы. Слайдтар арқылы.

  1. Мультимедиа дегеніміз не?

  2. Мультимедиалық технологиялар дегеніміз не?

  3. Мультимедиалық технология түрлері қандай?

  4. Мультимедиялық технологиялардың оқыту үрдісіндегі ақпаратты-коммуникативті қызметі қандай?

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Movie Maker бағдарламасында әртүрлі эффектілер және басқа да бағдарлама мүмкіндіктерін қолдана отырып, фильмді жандандыруға болады. Мәтін элементтерінің өзіне жеке әріптер, сөз, абзац түрінде әртүрлі эффектілермен пайда болатындай етіп жасау мүмкіндігі бар.

Мысалы: «Данияр Елеусінов – еліміздің мақтанышы» тақырыбы бойынша фильм құрастырып көрсету.

  • Алдымен І. Запись видео бөлімінде: Импорт видео, Импорт изображение, Импорт звука или музыки, бөлімдерінде осы тақырыпқа байланысты суреттері, видео және музыка таңдап ИМПОРТ батырмасын басып жобаға енгіземіз; (1-сурет)

  1. Сурет


  • Төменде орналасқан видео-лентаны «Отоброжение раскадровки» түріне қоямыз, үлкен текшелерге рет-ретімен қажетінше сурет пен видеоны орналастырамыз; (2-сурет)

2-сурет


  • ІІ. Монтаж фильма бөлімінде видеоэффект енгізуге болады. Бұл -орналастырылған суреттің ұзақтығын, оның ішке қарай, сыртқа қарай үлкейіп, кішірейіп немесе алыстатып, жақындатып көрінуін және тағы сол сияқты түрлерін көрсетеді. Әрбір қойылған кадрға видеоэффект орналастыруға үшін әр кадр орналасқан текшенің төменде сол жақ бұрышында орналасқан терезеге тышқанның сол жақ батырмасын басып отырып, орналастырамыз; (3-сурет)


3-сурет


  • Суреттер мен видеоны, мәтіндер мен музыканы орналастырып болған соң фильмге Өтулер (Видеопереход) орналастырамыз. Бұл бөлімде өтулер топтамасы көрсетілген. Видеоөтулер дегеніміз бұл – құрылған клиптің бірінен-кейін біріне түрлендіріп өтулерін айтады.

Видеоөтулерді орналастыру үшін таңдаған түрін тышқанның сол батырмасына жібермей отырып, екі суреттің немесе видеоның арасындағы текшеге апарып орналастырамыз.

  • Тақырып қою барысында мәтінге әр-түрлі анимациялар қою және шрифттің түсін, өлшемін, фонның түсін қалауы бойынша өзгертіп қоямыз. Тақырып пен титр құру (Создание названий и титров) командасын таңдау керек. Сол жерде ашылған терезеде мәтін жазады. Тақырып қойған сияқты оған да әр-түрлі анимациялар мен шрифт түсін, өлшемін, фонның түсін өзгерте аламыз.

  • Бұл жерде енгізілген мәтін «Данияр Елеусінов – еліміздің мақтанышы» көрсетілді. Мұнда шрифт түсі, фон түсі, анимация қойылғаннан кейін Готово, добавить название в фильм мәтінінің үстінен бір рет шертеміз.

  • Фильмді құрып болған соң оны сақтауға болады.

Сақтау үшін: Фильм құруды аяқтау (Завершение создания фильма) тақтасында көрсетілгендей фильмді компьютерге, касетаға, CD дискттерге т.б. сақтауға болады. Мысалы:

Фильмді құру барысында көмек керек болған жағдайда Фильм құруға кеңес (Советы по созданию фильмов) тақтасында көрсетліген командаларды ашып оқып, кеңес алуға болады.

Міне біз бүгінгі сабақта «Данияр Елеусінов – еліміздің мақтанышы» тақырыбына байланысты фильмді құрып үйрендік. Бұл құрылған фильмді тәрбие сағатында, сабақта т.б. қажет жағдайда қолданып көруге, көрсетуге болады.

Осындай фильмдерді құру үшін алдымен біз белгілі бір тақырып таңдаймыз.

Әр студент осы өздеріне берілген тақырыптары бойынша өздерінің шығарған өлеңдерін, мәтін құрастырып және суретін салып, сурет енгізіп, видео дайындап, оларға дауыстарын жазып, көрнекі болатындай фильм жасау тапсырылады.

Барлығы жасап болған соң, әркім өз жасаған жұмыстарын қорғайды. Бір-біріне сұрақтар қойып, пікір-таластырады.

Үйге тапсырма: «Салауатты өмір салтына» байланысты материал дайындап келу. Мысалы: 1) Менің елім – Қазақстан; 2) Жер Ананы жылатпайық; 3) Спорт денсаулық кепілі; 4) Өнерлі болсаң... 5) Білім – инемен құдық қазғандай; 6) Шылым шегу есею ме? 7) Арақ атаңнан қалған ас емес; 8) СПИД - ХХ ғасыр обасы; 9) Салауатты өмір салтын ұстанайық. 10) Нашақорлық – нағыз қорлық тақырыптарына сәйкес болуы қажет.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!