MS PowerPoint
бағдарламасы
PowerPoint -
бұл үйренуге болатын ең қарапайым компьютерлік бағдарламалар. Бұл
бүкіл әлемде презентациялар жасау үшін қолданылатын бірінші
бағдарлама. Кез-келген жаңадан келген пайдаланушы кәсіби
презентациялар сияқты керемет презентациялар жасай
алады.
Microsoft PowerPoint
бағдарламалық жасақтамасы проекторларда немесе үлкен экранды
теледидарда көрсетілетін кәсіби слайд-шоу жасау үшін қолданылады.
Бұл бағдарламалық жасақтаманың өнімі презентация деп аталады.
Әдетте, баяндамашы аудиториямен сөйлеседі және Microsoft Office
PowerPoint көрсетілімін көрнекі эффекттер үшін тыңдаушылардың
назарын аудару және көрнекі ақпарат қосу үшін
пайдаланады.
PowerPoint бағдарламасын
алғаш Деннис Остин мен Томас Рудкин Forethought Inc компаниясында
жасаған. Өнім Баяндамашы деп аталуы керек еді, бірақ бұл сауда
белгісі тіркелмеді. 1987 жылы бағдарлама PowerPoint болып
өзгертілді (жаңа атау идеясы Роберт Гаскинске тиесілі). Сол жылдың
тамыз айында Microsoft корпорациясы 14 миллион долларға алдын ала
ойластырылған сатып алып, оны бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу
жалғасатын өзінің бизнес-бөлімшесіне айналдырды. Microsoft
PowerPoint бағдарламасының алғашқы итерациясы 1990 жылы Windows 3.0
жүйесінде іске қосылды.
PowerPoint терезесінің
құрылымы
PowerPoint терезесінің
құрылымы Windows қосымшалары терезелерінің дәстүрлі құрылымындай,
үстелер мен әмірлердің негізгі міндеттерін қайталайды, бірақ
жекелеген элементтерімен ерекшеленеді
· Тақырып жолағы – құжат
атауын және терезені басқару батырмаларын қамтиды.
· Стандартты құралдар үстелі – PowerPoint әмірлерінің басым
бөлігінің батырмаларынан тұрады.
· Пішімдеу құралдар үстелі – пішімдеу әмірлеріне арналған
батырмаларды қамтиды.
· Слайдтардың кішірейтілген үлгілері – көрме слайдтары арасында
жылдам ауысып жүруге арналған.
· Жұмыс аймағы – слайдтарды жасауға, онда нысандарды – мәтінді,
суреттерді, диаграммаларды, клиптарды, дыбыстарды орналастыруға
арналған аймақ.
· Тапсырмалар аймағы – ағымдағы тапсырмалар тізімін қамтиды.
· Күй жолағы – құжат ақпаратын қамтиды.
· Сурет салу үстелі – сызбалық нысандармен жұмыс істеуге арналған
әмірлерді қамтиды, қарапайым әсерлі суреттер, эмблемалар жасауға,
мәтінді әдемі етіп безендіруге мүмкіндік береді.
PowerPoint-та қол жетерлік үстелдер жиынтығын WordArt, Сурет және
басқа да үстелдермен толықтыруға болады. Бұл үшін мәзір жолағында
Көрініс – Құралдар үстелі әмірін таңдаңыз. Ашылған үстелдер
тізімінде қажетті үстел атауын шертсеңіз, сол мезетте ол бейне
бетте пайда болады. Бірақ, есіңізде болсын, әрбір үстел жұмыс
аймағында орын алып тұрады, сондықтан, жұмыс істеп болғаннан кейін
үстелді қалай қоссаңыз, солай алып тастаңыз.
Көрмені сақтау үшін Файл мәзірінде немесе Стандартты құралдар
үстелінде Сақтау әмірін таңдаңыз, ашылған Құжатты сақтау
терезесінде Файл атауы өрісінде көрме атауын енгізіп, Сақтау
батырмасын шертіңіз.
Көрмелер жасаудың тиімді
тәсілдері.
Жасақтаманы және қалыптарды қолдану
PowerPoint-та тартымды,
кәсіби түрде безендірілген көрмелерді аз күш жұмсап жасауға
болады.
Microsoft PowerPoint-та көрме жасау барысы жалпы безендіруді
таңдау, жаңа слайдтарды және олардың мазмұнын үстеу, слайдтарға шен
салуды таңдау, қажет болса слайдтардың безендірілуін, түс сұлбасын
өзгерту, түрлі безендіру қалыптарын және слайдтарды көрсету
кезіндегі жан бітірім мен басқа да пәрмендерді қолдану сияқты
әрекеттерден тұрады.
PowerPoint-та Жұмысқа кірісу (10.2-сурет)
тапсырмалар аймағы жаңа
көрмені жасау үшін бірқатар нұсқаларды ұсынады:
– Көрмені жасау. Слайдтар безендіру элементтерінің ең аз санын
қамтиды, оларға қатысты түстер қолданылмайды. Пайдаланушы
слайдтарды өз қалауынша безендіреді.
– Ашу. Көрме бұрыннан бар безендірілген көрмеге негізделіп
жасалады. Қолда бар көрменің бастапқы нұсқаның мазмұны мен
безендірілуіне өзгерістер енгізе отырып, жаңа көрме жасауға
мүмкіндік беретін көшірмесі жасалады.
– Безендіру қалыбынан. Көрме негізгі безендіру элементтерін,
қаріптерді және түс сұлбасын қамтитын қолда бар Microsoft
PowerPoint қалыбы негізінде жасалады.
Слайдтардың барлығы біркелкі мәнерде безендіру мақсатымен,
слайдтарды безендіру амалдарын оңайлату үшін сондай-ақ Пішімдеу
құралдар үстеліндегі Жасақтама батырмасын пайдалануға да
болады.
Оны шерткен кезде тапсырмалар аймағында безендірудің кішірейтілген
эскиздері болып табылатын Слайд жасақтамасы үстелі пайда
болады
Сізге қажетті безендіру
қалыбын бір шерту арқылы таңдай аласыз.
Қалып барлық слайдтар үшін мына элементтерді белгілейді:
· өң түсін;
· байрақшалар мен нөмірлер мәнерін;
· тақырыптың түсі мен өлшемін;
· негізгі мәтіннің түсі мен өлшемін;
· еренсілтеме түсін;
· өңдік суреттер, сызықтар, жиектер және т.б. түріндегі безендіру
элементтерін.
Және бірінші слайд басқаларынан ерекшеленіп тұрады – ол мұқаба
слайд емес пе!
Слайдты безендіру үшін сондай-ақ дайын түстер сұлбаларын қолдануға
да болады. Түс сұлбасы слайдты безендіру кезінде өң, мәтін немесе
жекелеген жолдар, көлеңкелер, тақырып мәтіні, бояулар, акценттер
және еренсілтемелер үшін қолданылатын сегіз тармақтан
тұрады
Слайдтың түстік сұлбасын қарап алу үшін оны бөлектеп алыңыз да,
содан кейін бейне бетте Слайд жасақтамасы – Түстер сұлбалары
тапсырмалар аймағын көрсетіңіз. Ағымдық слайдтың түстік сұлбасы
тапсырмалар аймағында бөлектеніп көрініс табады.
Безендіру қалыбы әдепкіде белгіленген түстер сұлбаларын, сондай-ақ
осы қалып үшін арнайы іріктеліп алынған қосымша түстер сұлбаларын
қамтиды. Әдепкіде орнатылған «бос» қалыпта да түстер сұлбалары
бар.
Көрмеге жаңа слайдты кірістіру үшін Жаңа слайд батырмасын басу,
немесе Кірістіру мәзіріндегі Жаңа слайд әмірін таңдап, слайдтың
орналасуын белгілеу керек.
Егер сіз барлық слайдтарда емес, тек кейбіреулерінің өңін
ауыстырғыңыз келсе, мәзір жолағының Пішім тармағында Өң әмірін
таңдап, ашылған сұхбат терезесінде қажетті параметрлерді белгілеп,
Қолдану батырмасын басу керек.