Материалдар / "Мұғалім - басты тұлға!"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Мұғалім - басты тұлға!"

Материал туралы қысқаша түсінік
Курстық жұмыс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Маусым 2021
441
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Мекеме атауы» мекемесі













Мамандық:









КУРСТЫҚ ЖҰМЫС







Пән: Психология

Тақырып: Мұғалім басты тұлға









Орындаған: ..... тобының студенті

Тексерген оқытушы: .....



























Қостанай, 2021 жыл

Мазмұны


Кіріспе...................................................................................................................................

3

Негізгі бөлім.........................................................................................................................

5

1 Тарау. Мұғалім тұлғасының кәсібі сапаларына сипаттама........................................

5

2 Тарау. Мұғалімнің тұлғасы түсінігі...........................................................................

9

2.1. Қазіргі мектептегі мұғалімнің тұлғасы..................................................................

11

2.2. Мұғалім тұлғасының педагогикалық бағыттылығы.............................................

13

2.3.Мұғалімнің кәсіби маңызды жеке қасиеттері.........................................................

16

3 Тарау. Мұғалім білім беру үрдісін жаңартудағы басты тұлға .................................

18

4 Тарау. Мұғалім мәртебесінің тұғыры........................................................................

25

5 Тарау. Мұғалім жұмысының әдістемесі.....................................................................

29

Қорытынды..........................................................................................................................

31

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................................

33































Кіріспе


Ұлттың болашағы – ұрпағында болса, ұрпақтың тәрбиесі – ұстаз қолында. Ал, ұстаз мұраты – жетілген, толыққанды азамат тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі – адамзат баласының асыл мұраты.
Ұстаз – жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсырытын сенімді өкілі. Олар сол сенімді ақтай отырып, зерделі де зерек, парасатты, ұлттық және адамзаттық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды тәрбиелеуде.

Қазақ мектебінің болашағы туралы М.Жұмабаев Әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты деп айтып кеткенде тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихи әлеуметтік, мәдени рухани болмысын дамытуға, қоғамдық өмір мен ұлттық мектепті қалыптастыруда ұстаздардың еңбегі зор. Жалпы балалар, ұстаздардың еңбегін тек оқушылар ғана бағаламаған, олардың алдында ұлы жазушыларда бас иген. Мектептің басты тұлғасы, жүрегі мұғалім. Егемен еліміздің ертеңін ойлар білімді де саналы, Отанын, туған жерін, ұлтын сүйетін ұлтжанды парасатты азаматта тәрбиелеуде мұғалімнің еңбегі орасан зор екенін баршамыз мойындаймыз.

Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.

Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық та – ұстаздық мамандық. Олай дейтініміз, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Нұрлы жол –

болашаққа бастар жол» Қазақстан халқына Жолдауында: «Mәңгілік Ел – елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан-2050»

Стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық патриотизм дегеніміздің өзі – Мәңгілік Ел! Ол – барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы», − деп атап көрсеткен болатын. «Mәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын жүзеге асырудың іргетасы білім беру ұйымдарында қалануы тиіс. Бұл үшін мектепте сапалы білім берумен қатар мақсатты түрде саналы тәрбие жұмысын жүргізу қажет. Тәрбие – жеке тұлғаны мақсатты қалыптастыру процесі. Бұл арнайы

ұйымдастырылған, басқарылатын және бақыланатын, соңғы нәтижесі қоғамға қажет және пайдалы тұлға қалыптастыру болып табылатын тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара іс – әрекеті.

Елдегі орын алған оң өзгерістер білім беру ұйымдары қызметінің тәрбие

жүйесінде өз көрінісін тауып отыр. Тәрбие ісінде жалпы қазақстандық менталитетті, мәдени, ұлттық-тарихи дәстүрлерді ескере отырып, ұлттың

зияткерлік, рухани және шығармашылық әлеуетін жаңғырту үшін жағдайлар жасалуда. Сонымен қатар, балалар мен жастардың азаматтық позициясы, патриоттық сезімі мен адамгершілік қасиеттерінің қалыптасу деңгейі жеткіліксіз болып отыр. Балалар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыс жоғары, нашақорлық, суицид, жастар ортасына экстремистік және радикалдық идеялар мен көзқарастардың енуі және тағы басқа келеңсіз құбылыстар байқалады. Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлға, Қазақстанның патриоты-азаматын тәрбиелеуде атааналармен қатар мектептің, оның ішінде сынып жетекшілерінің ықпалы зор.

Жалпы білім беретін мектептегі сынып жетекшісі – сабақтан тыс тәрбие

жұмысын ұйымдастырумен, үйлестірумен және өткізумен айналысатын

педагог. Сынып жетекшісі тәрбиелеудің әр алуан түрлері мен басты бағыттары арқылы мектеп пен бала арасындағы қарым-қатынасты ұйымдастырып, әр оқушының жеке өзіндік ерекшелігін көрсете білуі, қоғамда табысты әлеуметтенуі үшін жағдай жасайды. Ол өз қызметінде балалардың тума нышандары мен қабілеттерін дер кезінде айқындау, әрі оңды дамыту, қауіпсіздік, эмоциялық жайлылығы үшін психологиялық-педагогикалық жағдайлар жасауға бағытталған оқу-тәрбие жұмысын жүргізеді.

Зерттеу жұмысының объектісі: Ұстаз мұраты – жетілген, толыққанды азамат тәрбиелеу, сипаттау.

Зерттеу пәні: Мұғалім мамандығының міндеттерін, қажеттілігін, қоғамдық ойды көре білуге үйрету, оны жігермен, ынтамен орындату.

Зерттеу мақсаты: Ғылыми – әдістемелік көмек көрсету, тәрбие жұмысының тиімділігін арттыру.

Зерттеу міндеттері:

1. Мұғалімнің – бүгінгі білім жүйесңндегі алға басудың негізгі факторы ретінде;

2. Басты тұлға ретінде маңыздылығы, кәсіпкерлігі;

3. Мұғалім білім беру үрдісін жаңартудағы басты тұлға ретінде – белсенді оқыту түрлері мен әдістерін жетілдіру.

Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.









Негізгі бөлім

1 Тарау. Мұғалім тұлғасының кәсібі сапаларына сипаттама


Мұғалімнің кәсіби іс – әрекетінің сипаттамасы. Іс – әрекет ұғымы ғылым аралық ұғымдар қатарына жатады, себебі ол педагогика, психология, әлеуметтану, философия, мәдениеттаңу сияқты көптеген әлеуметтік – гуманитарлық ғылымдардың зерттеу мәселелерінің бірі Кез келген жеке тұлға тек өзінің белсенді іс – әрекеті арқылы ғана дамитыны белгілі. Сондықтан адамтану ғылымдарының барлығы өз тұрғысынан адам санасы мен іс – әрекеттерін зерттеуге тырысады. Психологиялық тұрғыдан қарастырғанда іс – әрекет – адамның қоршаған дүниемен белсенді қарым – қатынаста болуы арқылы өзін субъектілік позицияға қоюы ретінде қарастырылады. Педагогикалық көзқарастар бойынша іс – әрекет – қоғамдық және жеке тұлғалық маңызды нәтиже беретін бір мақсатқа бағытталған белсенділік.. Өзіндік жеке іс – әрекеттері арқылы адам басқа әлеуметтік іс – әрекеттерге араласады. Іс – әрекеттің осындай сипаты оның нақты бір құрылымы бар екенін анықтайды, Іс-әрекеттің құрылымына мотив, мақсат, құрал, іс-қимылдар, нәтиже, бағалау сияқты компоненттер кіретіні белгілі.

Адамдардың іс – әрекеттері: мазмұнына, орындалу сипаттарына, кәсіптеріне байланысты бірнеше түрлерге бөлінеді. Адамның шұғылданатын кәсібіне байланысты іс – әрекеттер: медициналық, педагогикалық, конструкторлъқ, инженерлік, бухгалтерлік, т.с.с. түрлерге бөлінеді. Мазмұны жағынан іс-әрекеттерді:

- танымдық қоршаған әлем туралы білімдермен қарулану, дүниені танып білу);

- зерттеушілік (белгісіз құбылыстарды зерттеу процессі);

- коммуникативтік (қарым-қатынас орната алу, тіл табыса алу процестері);

- білім берушілік {басқаларға білім беру процесі);

- өзгертушілік (қоғамды өзін жетілдіру процесі) болып ажыратылады,

Әр түрлі белгілеріне қарап педагогика – психология ғылымдарында іс – әрекеттердің негізгі түрлері ретінде:

- ойын;

- қарым-қатынас;

- еңбек;

- оқу қарастырылаады.

Қазіргі қоғамда мыңдаған еңбек түрлері бар. Тұлғаға қойылатын талаптар жиынтығымен сипаталатын еңбек іс – әрекетінің белгілі бір түрін, адамның дене және рухани күшінің шектеулі бір саласын тұтас педагогикалык процесс болып табылады. Тұтас педагогикалык процесс теориясы бойынша оньң өзара тығыз байланысқан негізгі компоненттері ретінде педагог, оқушы, мақсат, міндет, мазмұн, құрал, форма, әдіс-тәсілдер, тапсырма, нәтиже болып табылады.

Педагогикалык іс – әрекеттің негізгі ерекшеліктері:

1. Мақсаты қоғам мақсатымен анықталады.

2. Басқа іс – әрекеттерді басқаруға бағытталған іс – әрекет (мета – іс – әрекет).

3. Іс – әрекет субъект – субъектілік және субьект – объектілік сипатта болады.

4.Тұлғаның дамуы мен қалыптасуы бойынша жүргізілген педагогикалық қарым – қатынастың нәтижелері болашақта ғана айқындалады.

Тәуелсіз ел атанып, әлемге атымызды танытуға бет бұрып отырған кезеңде ұлтымыздың бәсекеге қабілетті болашағын тәрбиелеудегі басты тұлға – мұғалім. Сондықтан тәрбие деген аталы ұғымның пайда болғанынан бері бұл қызмет ең беделді, әрі ең білгір адамдарға тапсырылады. Осы ойдың өзі педагогикалык іс – әрекеттің әлеуметтік маңыздылығының айқын дәлелі. Мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеттері. Педагогикалық іс – әрекеттің нәтижесінің табысты болуы мұғалімнің тұлғалық қасиеттерімен де тығыз байланысты болып келеді. Мұғалімдердің кәсіби маңызды қасиеттерін зерттеумен айналысқан педагогтар: А.К.Маркова, Л.М.Митина, Н.В.Кузьмина, В.П.Симонов, К.С.Успанов, А.А.Молдажанова т.б. Мұғалімнің қызметі өте күрделі, әрі көп салалы. Мұғалім оқушының жеке басының дамуын, қалыптасуын, оған тәрбие беру және оқыту процесін басқарады. Осындай маңызды іске жауапты болғандықтан мұғалімнен жан – жақты терең ғылыми білім, жоғары педагогикалық шеберлік, саяси моральдық қасиет, табанды ерік – жігер, парасатты мінез – құлық талап етіледі. Мұғалімдердің кәсіби маңызды қасиеттеріне мынадай негізгі қасиетерді кіргізуге болады:

- оқушыларға деген сүйіспеншілігі;

- педагогикалык, процесті жүйелі жүргізе алуы;

- бақылағыштығы;

- педагогикалык, құбылыстарға талдау жасай алуы;

- педагогикалык, ойлаудың қалыптасуы;

- қарым – қатынас жасай алуы;

- ұжымшылдық;

- шығармашылығы және т.б.

Мұғалім – өскелең ұрпақтың. интеллектуалдық негізін және рухани дүниесін қалыптастырушы, сонымен катар ол халқымыздың болашағы болып саналатын балалар тәрбиесіне жауапты қоғамның сенімді өкілі. Осындай аса ізгі де аса қиын кәсіп мұғалімдерден тұрақты шығармашылықты, ойдың тынымсыз жұмысын, орасан зор жан жомарттығын, балаларға деген сүйіспеншілікті, іске шексіз адалдықты талап етеді. Педагогикалық іс – әрекет қызығы да, қиындығы да мол кызмет. Себебі мұғалім ата – аналар сияқты бір – екі баланы ғана тәрбиелемейді, ондаған әр түрлі қабілеттері мен бейімділігі, қызығушылығы, мінез – құлқы мен әдет – ғұрыптары, түсінігі мен көзқарастары әр деңгейдегі жасөспірімдерді тәрбиелейді. Олардың әрқайсысының өзіндік жекеленген ерекшелігін дамытады, ынтымақты, тату, жарасымды ұжымға топтастыра отырып әр балаға жеке адам ретінде шынайы қамқорлық жасауға тырысады. Қазіргі заман мұғалімі қызметіндегі ең басты ерекшеліктердің бірі – жастарға рухани тұрғыдан ықпал жасауды нығайту, сол арқылы еліміздің нағыз белсенді азаматтарын, еңбеккерлерін, отан қорғаушыларын тәрбиелеп шығару. Бұл үшін мұғалім табиғат, қоғам, саясат, өнер, адам, айнала қоршаған дүние туралы ең жаңа ғылыми біліммен қаруланған болуы керек. Мұғалім еңбегінің нәтижелілігінің басты көрсеткіші – баланың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру болғандықтан, педагог шәкіртінің даму, тәрбиелену заңдылықтарын жете біліп, оның ішкі жан дүниесін сезіне алуына арнайы үйренуі керек. Мұғалім еңбегінің ерекшелігі оның баламен үнемі тығыз қарым – қатынаста болуымен және онымен рухани жағынан араласуымен сипатталады. Себебі бала жансыз зат, материал емес. Мұғалім еңбегі ептілікті, сезгіштікгі, шыдамдылықты әрі сергектікті талап етеді.Мұғалім – бала жанын сезе білуге, түсінуге бейім, онымен үнемі бірге болудан, араласудан жалықпайтын және осындай қарым – қатынастың өзіне сүйсіне алатын адам. Мұғалімнің балаға деген сүйіспеншілігі оның бойындағы барлық қасиеттерді ауыстыра алмайды, қайта басқа қасиеттердің айқын көрінуіне негіз болады. Мұғалімнің балаға шынайы сезіммен, құрметпен қарауы балада да мұғалімге деген сыйластық сезімін тудырады. Сондықтан мұғалімнің жалпы мәдениетінің жоғары дәрежеде болуы, оның интеллектуалдық мүмкіндігі, ой – өрісінің кеңдігі, рухани байлығы тұтас педагогикалық процесті тиімді ұйымдастыруға зор ықпал жасайды. Мұғалім тұлғасын сипаттайтын негізгі кәсіби маңызды қасиеттері оның педагогикалық әдебінің көрсеткіші де больш табылады. Тәжірибелі педагог И.Е.Синицаның пікірінше педагогикальқ әдеп әр мұғалімнің жас мөлшеріне, темпераментіне, мінезқұлкына байланысты келеді. Педагогикалык әдеп – мұғалімнің ізденісінің нәтижесі. И.Е.Синица өзінің «Педагогикальқ әдеп және ұстаздық шеберлік» деген еңбегінде мұғалімнің мынандай негізгі қасиеттеріне айырықша тоқталады:

- Байқағыштық

- Ілтипаттылъқ.

- Сенім.

- Әділдік.

- Төзім және сабыр сақтау.

Сонымен қатар қазіргі зерттеушілердін пікірінше эмпатия ұғымы да мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеттерінің бірі болып саналады. Эмпатия – мұғалімнің оқушылардың психикалык жағдайын, көңіл – күйлерін түсінуі, өзін басқа адамның – орнына қоя алуы.

Сонымен педагогтың кәсіби маңызды қасиеттері ретінде оның балаға деген ынта – ықыласын, сүйіспеншілігін, педагикалық еңбекке қызығушылығын, психологиялық – педагогикалық сезгіштігін, байқағыштығын, әділдігін, талап қоя білушілігін, табандылығын, ұстамдылығын, өзін – өзі басқара білуін, қайырымдылығын, мейірімділігін, кәсіби еңбекті сүйе білуін, ғылыми ой – өрісінің тереңдігін, рухани танымдық қызығушьшығын, интеллектуалдық белсенділігін, педагогикалық өздігінен білім алуға ынталылығын, шығармашылықпен ынтымақтастықты қолдауын, жаңашыл педагогтардың идеяларын түсінуін, қабылдауын атап өтуге болады.









































































2 Тарау. Мұғалімнің тұлғасы түсінігі

«Мұғалім – надандықты өзгертетін адам,

білімді ашады және даналықты көрсетеді».

Шри Чинма

Қазіргі заманғы мұғалім тек білімді таратушы ғана емес, ең алдымен жеке ерекшелігі мен көрінісімен ерекшеленетін адам. Онда бастысы не?

Педагогикалық іс – әрекеттің сәттілігінің әртүрлі факторларының ішінде мұғалімнің жеке қасиеттеріне маңызды рөл жатады.

Білім берудің жаңа тұжырымдамасында мұғалім шығармашылық пен ақылдың қоспасы болуы керек. Ол тек тақырыпқа деген көзқарасын көтермеуі керек – ол әр оқушыға әлемге өз көзқарасын қалыптастыруға көмектесуі керек. Толеранттылық пен плюрализм, тыңдау және түсіну қабілеті, өмірге деген көзқарасын дамыту және өзгерту қабілеті жаңа мектептегі мұғалімнің негізгі дағдыларына негізделген. Мұғалім мұғалім бола алмайды, егер ол осы өмірде бақытсыз және сәтсіз болса – онда ол тек студенттерін бақытсыз етеді. Сондықтан, көкжиегі кең және өз саласының мамандары болып табылатын шынымен бақытты адамдар сабақ беруі керек.

Мұғалім қызметінің тиімділігіне әсер ететін маңызды фактор оның жеке қасиеттері болып табылады. Әрбір мамандық кәсіби қызметті сәтті жүзеге асыруы керек әлеуетті қызметкердің жеке қасиеттеріне нақты талаптар қояды.

XIX ғасырдың соңында көрнекті орыс педагогы және психологы П. Ф. Каптерев өз зерттеулерінде мұғалімнің жеке қасиеттері педагогикалық іс – әрекеттің сәттілігінің маңызды факторларының бірі екенін көрсетті. Ол мұғалімнің табандылығы, табандылығы, еңбекқорлығы, қарапайымдылығы, байқағыштығы сияқты қасиеттерге ие болу қажеттілігін атап өтті және ол тапқырлыққа, шешендік қабілеттерге, шеберлікке ерекше назар аударды. Мұғалімнің жеке басының маңызды қасиеттеріне эмпатияға дайындықты жатқызуға болады және қажет, яғни. оқушылардың психикалық жағдайын түсіну, эмпатия және әлеуметтік өзара әрекеттесу қажеттілігі. Ғалымдардың еңбектерінде педагогикалық әдептілікке үлкен мән беріледі, оның көрінісінде мұғалімнің жалпы мәдениеті және оның педагогикалық қызметінің жоғары кәсібилігі көрінеді.

Осылайша, қазіргі заманғы мұғалімнің кәсіби маңызды жеке қасиеттерін, олардың кәсіби қызметтегі рөлін білу әр мұғалімнің осы қасиеттерді жетілдіруге деген ұмтылысына ықпал етеді, бұл сайып келгенде балалармен тәрбие жұмысында сапалы өзгерістерге әкеледі. Л. М. Митинаның зерттеуінде мұғалімнің елуден астам жеке қасиеттері анықталды (кәсіби маңызды қасиеттер де, жеке сипаттамалары да). Мен осы қасиеттердің тізімін беремін: сыпайылық, ұқыптылық, талапшылдық, әсерлілік, тәрбие, ұқыптылық, шыдамдылық және ұстамдылық, мінез-құлықтың икемділігі, азаматтық, адамгершілік, тиімділік, тәртіп, мейірімділік, ар – ождан, ізгілік, идеялық сенімділік, бастамашылық, шынайылық, ұж

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!