Материалдар / Мұғалім- мәртебелі мамандық»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мұғалім- мәртебелі мамандық»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала:Мұғалім шындығында мәртебелі мамандық .Өйткені барлық мамандық иелері ұстаз алдынан ұшталып,қанаттанып шығады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қазан 2022
433
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Түркістан облысы Келес ауданы Ошақты

а/ә.С.Саттаров ауылы. Мектеп: 51.

Ы.Алтынсарин атындағы ж.о.м» КММ

Аймурзаева Гауһар Муханқызы

бастауыш сынып мұғалімі.

«Мұғалім- мәртебелі мамандық»

«Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз».Н.Ә.Назарбаев. Мұғалім –барлық білім беру жүйесінің діңгегі,түп тамыры, жаны мен жүрегі. Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті,шеберліікті, икемділікті,мейрімділікті ,ерекше шәкіртжандылықты қажет ететін де ұстаздық.Олай дейтінім , бүгін ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерін мәлімет беріп қана қоймай ,оны дүниежүзілік білім ,ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға , яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелейді . Ұстаз үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып , « білсем,үйренсем»» деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған мәртебелі маман.

«Бір бала –бір тағдыр» Өзіңіз ойлаңызшы алдыңызда жиырма бес оқушы отырады .Әр оқушының өзіндік сырлары бар,айтар ойлары бар, керек десеңіз жеке қалып сізбен ойын бөлісуге дайын. Оқушы деген қап емес, ішіне не болса соны сала беретін сол шамшырақ ішіндегі шоқты жаға білу керек.Жас ұрпаққа рухани байлық беруде ,ата- ана өз болашақ ұрпағын сеніп тапсырады. «Мұғалім» сол баланың көкірегіне білім нәрін бойына дарытып құнарландырып,бой түзетуге ат салысатын мәртебелі мамандық иесі. Мұғалімнің білімі, мәдениетті сөзі, қарапайым да сыпайы киім киісі әдепті жүріс тұрысы ,жинақы іс- әрекеті шәкіртке де, ата-анаға да,жұртшылыққа да өнеге.Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд; «Жай мұғалім хабарлайды,жақсы мұғалім түсіндіреді,керемет мұғалім көрсетеді,ұлы мұғалім шабыттандырады»,- деген болатын.Бұл әркімнің қолынан келе бермейтін ерекше талантты қажет ететін ,бай қиялды адамға тән қасиет.Өз кәсібінің майталманы ғана осы мақсатқа рухани күш жігерін , парасат –қуатын алу арқылы жететіні түсінікті.Ұстазды әр баланың жан-дүниесін танып білуші әрі оны жеке тұлға етіп қалыптастырушысы ,ел болашағының мүсіншісі деуге болады. Әр шәкірт өзіне үлгі –өнеге болған сүйікті мұғалімін «Ұстазым» деп атайды .Ұлы Абайдың: «Ақырын жүріп, анық бас ,Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға»,-деген өлең жолдары еріксіз ойғ,а оралады. Ерер де әр шәкірт өмірде бір кірпіш болып қаланып , өмірден өз орнын тауып жатса, төккен тер мен адал еңбектің ақталғаны емес пе?! ХХI ғасыр білімділер ғасыры.

Ұстаздың ерік- қайраты күшті ,мінезге бай болу- мұғалімнің жеке басына қойылатын талап болмақ. Мектеп табалдырығын аттаған жас бала ертеңгі ел тұтқасы десек ,оларды парасатты азамат етіп тәрбиелеу –әрбір ұстаздың борышы. Бүгінгі мұғалім мектеп оқушыларына тек білім нәрін беріп қана қоймай ,оларды халықтық педагогиканың нәрлі қайнарымен сусындату,әрбір оқушы бойында ұлттық мінез –құлық ,адамгершілік сыпайылық пен кішіпейілділік қасиеттерін қалыптастыруға баланың жан дүниесін рухани қазынамен байытуға ,қазақ халқының әдеп –ғұрпын , салт- дәстүрін меңгертуге тиіс.

Әр адам өзінің алғашқы ұстазын ұмытпайды. Сол сияқты мен де өз шәкіртімнің алғашқы ұстазы болғаныма мақтнамын! «Бала жүрегі-- кішкентай күй сандық .Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында сол кіліт тұру кеерек.» деп Мұхтар Шаханов ағамыз айтқандай ,әр баланың жүрегіне жол табу ,бала бойындағы дарынды ашу мұғалімнің ең басты міндеті деп ойлаймын. Еліміздің туын көтеретін ,өмірлік ұстанымы берік рухани кемелденген ,елінің ертеңіне сеніммен қарайтын ұрпағымыз өсе берсін! Ұстаздық ету ұту емес, өзгенің бақытын аялау өзінің уақытын аямау,бірақ бұған өкінбеу керек ..Жер бетінде бұдан өзге абыройлы іс, ардақты жұмыс жоқ деп білемін...

Нұрын төккен көк аспан күмбезінен

Күлімдеуің ұқсайды күн көзіне,

Қолда болса ұстаздарға сыйлар ем,

Бар байлығын әлемнің бір сендерге деген бала қиялындағы теңеулерді есіту біз үшін үлкен бақыт!Әрине мұғалім –мәртебелі мамандық!









Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!