Материалдар / «Мұғалім шеберлігі- оқушы жеңісі» эссе
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Мұғалім шеберлігі- оқушы жеңісі» эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
Эссе Мұғалім шеберлігі - оқушы жетістігі. Өйткені ұстаз – мақтан тұтар мамандық. Киелі әрі өте көне мамандық.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қараша 2021
478
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Мұғалім шеберлігі- оқушы жеңісі»

«Ел есінде бір жыл қалғын келсе-ас бер, он жыл қалғың келсе-ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғың келсе-бала тәрбиеле» дейді халық даналығы. Ұстаз болғаныма мақтанамын. Өйткені ұстаз – мақтан тұтар мамандық. Киелі әрі өте көне мамандық. Адам Ата Хауа Анадан бері жұмыр басты пендені ойландырып, толғандырып келе жатқан, қоғам өзгерсе де қажеттігін жоймайтын үлкен мәселе – шыр етіп дүниеге келген нәрестені өмір сүруге дайындау. Бұл – қиынның қиыны. Себебі әр адам – қайталанбас тұлға. Оның жан дүниесі - өзінше бір әлем. Ал ұстаз сол әлемді шар-тарапқа жетелеуші. Ұстаз - бала болмысына өзгеріс енгізуші, бағыт-бағдар беруші, ата-ананың сенімді көмекшісі. Мектепте, мұғалімдер арасында «шебер мұғалім» немесе «мұғалім шеберлігі» деген сөзбар. Мектеп атмосферасында қалыптасқан «мұғалім шеберлігі» деген ұғым-қай мұғалім шеберлік конкурстарына көп қатысса, авторлық бағдарламалар жазса, сонда жүлделі орындарды алса, сол мұғалім теңдесі жоқ «мұғалім» мәртебесіне ие. Немесе жылында бір-екі, әрі кетсе, бірнеше ашық сабақты «жоғары» деңгейде өткізсе, сабағын 45 минутқа сыйдырса, сол мұғалім асқан алып иесі болады, оны мақтаймыз, мадақтаймыз. Менің айтпағым, «Педагогтардың шеберлігін арттыру» мақсатында ұйымдастырылып жатқан осы курсынан өткен ұстаздарды ғана «шебер мұғалім» деп айтуға болады. Оның басты себебі, курстан өткен әр мұғалім күнделікті өзінің күйбең тіршілігінің құлы емес, қоғамды рухтандыратын, жасөспірімдерде инициативаны, еркіндікті, білімқұмарлықты оятатын тірек болуында. Көпке топырақ шашпайын, дегенмен де орынды орынсыз сабақта білім беру технологиларын қолданып жүрген мұғалімдер бар. «Педагогтік шеберлік – дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі.

Оқыту! Біз бейбіт елде, мемлекеттік білімді жетілдіруге аса мән берген елде тұрамыз.Ел болашағы - білімді ұрпақта. Сондықтан білім беру саласында жасалып жатқан жаңа реформаларды жүзеге асыру - ұстаздар қауымына ортақ іс. Ұстаздар алдына жаңа міндеттер мен мақсаттар қойып отыр. Қандай істі де жаңадан бастау оңайға соқпайды. Сондықтан ұстаздарға жаңаша жұмыс істеуге, шығармашылық еңбегімен оқыту әдістерін жаңа арнаға бұруына, педагогикалық еңбегін қайта құруына тура келеді. Бұл бағытта жұмыстар атқарылып та жатыр. Өткен күндердегі іс-тәжірибеге көз жіберсек, кешегі оқыту бүгінгіге, бүгінгі оқыту ертеңгіге ұқсамайды. Себебі ғылымның дамуы, білім мазмұнының өзгеруі, өмір талабы, оқушы талғамы үнемі өсуде.

Жарату! Иә, бүгінгі күн мұғалімнің көп ізденіп, тынымсыз еңбектенуін, сабақ берудің амал–тәсілдерін жетілдіріп отыруын қажет етеді. ХХІ ғасырдағы жалпы білім берудің мақсаты – терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытуға адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Мен ұстаздық жолымда деңгейлік бағдарламаны меңгергеннен кейін ақпаратты технологияны терең меңгерген, жылдам өзгеріп жататын бүгінгі заманға лайықты, жаңашыл тұлғаны қалыптастыру мақсатында ынтымақтастық оқуды жүзеге асырудамын. Ынтымақтастық оқу - бұл оқыту мен оқу тәсілі. Аталған тәсіл проблемаларды шешу, тапсырмаларды орындау немесе әлдебір өнім жасау үшін оқушылар тобының бірлесіп жұмыс істеуін білдіреді. Топтық жұмыс барысында оқушылар арасында қарым-қатынас, өзін-өзі таныту, басқаларды қолдау, басқаларды бақылау және басқалар туралы хабардар болу дағдылары дамиды. Оқушы сабақ үстінде өздігінен ізденуіне, ойлау қабілетін тапсырманы орындау кезінде жүзеге асыруына және дамытуына, өзінің білгенін өзгеге үйретуге, білмегенін өзге топ мүшесінен үйренуге, алған білімін практикада жаратуға мүмкіншілік туады.

Жеңу! Жаңа ғасырдың жаңа мақсаттарының тағы бір - қоғамда «орындаушы» адамнан гөрі «шығармашыл» адамды жасау. Сондықтан білім беру саласында қызмет ететін әр қызметкер, әсіресе, мұғалімдер шығармашылықпен жұмыс істей білуі керек сонда ғана жеңіске жетеді. Қазіргі таңда кәсіби білімді мұғалім қоғам талаптарына сай болуы үшін өзінің білімін үнемі жетілдіру, мінез-құлқын психологиялық жағынан тәрбиелеу, шығармашылық даму шараларын жүзеге асыра білген жөн. Нәтижесінде аталмыш іс-әрекеттердің жүзеге асырылғанын немесе жүзеге аспағанын өз оқушыларының бойынан іздеу қажет. Себебі мұғалім өзіндегі бар болмысының, іс-әрекетінің жемісі - өзі тәрбиелеген шәкірттері екенін ұмытпаған абзал. Шәкірт жеңісі- ұстаз жемісі. Шығармашылық жұмыспен айналысқан, өз қанатыңның астында тәрбие көріп,қанаттанған балауса қанатымен самғай білген шәкіртің білім кеңістігі мен шығармашылық биіктерден көріне білсе, еңбегіңнің еш кетпегені десе болады. Ол алдындағы шәкіртінің қияға қанат қағып, елінің азаматы болған сәтінен таниды. Ендеше, бүгінгі білім мен білік бәсекелес заманда ұландарымыздың биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз арқылы, жан-жақты берген тәрбиеміз арқылы қол жеткіземіз.










Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!