Материалдар / Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа тақырыпты қабылдау деңгейі төмен оқушыларды зерттеу жұмымы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Ақпан 2021
618
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1








Зерттеуді неден бастау керек

Іс-әрекеттегі зерттеуді жүргізудегі бірінші қадам сыныпта өзіңізді толғантып жүрген
мәселе мен өзіңіз өзгерткіңіз келген жағдайды анықтап алу болып табылады (15.1-суретті
қараңыз). Бірінші кезең сыныпта не болып жатқандығы туралы сұрақ қоюдан басталады,
бірақ кейбіреулерге бұл басы ашық мәселе болып көрінуі мүмкін.




15-тарау
ІС-ӘРЕКЕТТЕГІ ЗЕРТТЕУ
ЖҮРГІЗУ ЖОЛДАРЫ

Элейн Уилсон
Тарауға шолу
Бұл тарау мектеп базасында іс- әрекеттегі зерттеу жүргізуге арналған қадамдық
нұсқаулық болып табылады. Әрбір кезең педагогикалық әдістемелерді жетілдіру жөніндегі жарияланған зерттеулерден алынған мысалдармен толықтырылған. Үдерістің әрбір кезеңі қалай өтетінін көрсету мақсатында зерттеушілер зерделеген мәселелер мен олар жинаған деректер келтіріліп, оларға түсін іктеме беріледі.


Page 2

Элейн Уилсон. Мектеп базасындағы зерттеу
Іс-әрекеттегі зерттеуді қалай жүргізу керек



15.1-сурет. Іс-әрекеттегі зерттеу жүргізу

Ең бастапқы деңгейде сіз кейбір оқушылардың сабақ уақытында сұраққа жауап бермейтінін
немесе үй тапсырмасын орындай алмайтынын аңғаруыңыз мүмкін. Өзіңізден бұл неліктен
осылай болады деп сұраңыз. Зерттеуді бастаудың тағы бір балама жолы: сұрақ қою үдерісін
күшейту үшін «Шексіз оқу және сыныпта барынша инклюзивті орта құру мақсатында оның
әлеуетін қайта құру» (Hart et al., 2004) оқып шығыңыз. Бұндай сипаттағы сұрақтарды құру
қиынырақ, себебі олар одан да күрделенген жауаптарға әкелуі мүмкін. Соған қарамастан
мұғалімдер алдарына қиын сұрақ қойып, оны шешуді бастамайынша, оқушылардың оқу
деңгейін айтарлықтай арттыру мүмкін емес. Қысқасы, іс-әрекеттегі зерттеу (іс-әрекет
арқылы зерттеу) – мұғалімдерге өздерінің қандай мұғалім екенін білуге және оқыту мен оқу
үдерісі туралы сын тұрғысынан ойлануына көмек беретін тәсіл.

Мұғалімдер іс-әрекеттегі зерттеуді қалай жүргізеді?
Келесі бөлімде нақты сыныпта өткізілген және пікір жазылатын ғылыми журналда
жарияланған мақаладан алынған іс-әрекеттегі зерттеудің мысалы келтірілген. Мақала:
В. Цафос (2009) «Іс-әрекеттегі зерттеу жобасындағы мұғалім мен оқушы арасындағы
әңгіме», Іс-әрекеттегі педагогикалық зерттеу, 17(2). 197- 211. Мақаладан алынған қысқаша
үзінділер бірнеше кезеңдерден тұратын зерттеу үдерісін көрсету үшін пайдаланылған.
1. Өзіңіздің сыныбыңызда шешкіңіз келетін мәселені анықтаңыз
15.1-блокта автордың неліктен осы мәселені көтергені және оны қалай анықтағаны
түсіндіріледі.

1. Зерттеу
саласын
анықтаңыз
2. Зерттеу
жүргізіңіз
3. Тәжірибені
зерделеңіз
4. Қайтадан
бастаңыз
5. Тәжірибені
жетілдіріңіз


Page 3

Элейн Уилсон. Мектеп базасындағы зерттеу
Іс-әрекеттегі зерттеуді қалай жүргізу керек






2. Өзгеріс енгізудің мақсаты мен нысанын анықтаңыз
15.2-блокта автордың негіздемесі мен проблеманы шешудегі болжамдары баяндалған.


3. Іс-әрекеттегі зерттеу – бұл өзгерту мақсатындағы араласу

15.3 (a) блогында сынып жағдайы сипатталады, ал 15.3 (b) блогында автор өзгеріс енгізуді
қалай жүзеге асыруды жоспарлағаны көрсетілген.

15.2-блок. Ғылыми негіздеме
Осылайша іс- әрекеттегі зерттеу жобасын педагогикалық тәжірибедегі қажеттіліктерді
анықтаудан бастау арқылы жүргізуді ұйғардым. Мен оқушылар бойында оқыту үдерісіне
қатысуға құлшынысын баулитын педагогикалық әдістемелерді әзірлеуді мақсат еттім. Іс-
әрекеттегі зерттеуші ретінде мен практика мен зерттеулер бір- бірін үнемі қолдау керек деп
санаймын және теория мен практика арасындағы диалогті бағалаймын (Johnson 2003, 370).
Осы себеппен оқу бағдарламасының мазмұны мен қандай да бір әдістемелерді алдын-ала
анықтауға ұмтылған жоқпын. Керісінше, «праксиология» аясында оқушыларды оқыту
әдістемесіне және динамикалық, рефлексивті педагогикалық үдеріске бағыттай отырып, оқу
бағдарламасын таңдауға және ұйымдастыруға қатыстырғым келді. (Elliott 1991, 15– 16).
Осылайша педагогикалық теория практиканы бағыттап, оған үстемдік етпей, керісінше
педагогикалық теория мен тәжірибе арқылы түсіне отырып қарау, «тәжірибелік ойлар...
жағдайдың тәжірибелік қажеттіліктерімен анықталып, сыни бағалау мен қатысушының ой
түюімен байланыстылықты талап етеді (Carr and Ke mmis 1986, 93). (Tsafos, 2009: 198).
15.1-блок. Шынайы сыныптағы проблема
Мұғалім ретінде мен ежелгі грек әдеби мәтіндерін герменевтикалық талдау кезінде
оқушылардың селқос екендігін байқадым (Tsafos, 2009: 197).
Ежелгі грек әдебиетін оқытудағы негізгі проблемалардың бірі – түсіндіру үдерісіне
оқушылардың кірісіп кете алмайтындығы; атап айтқанда, өздеріне негізд і қорытынды
жасауға көмектесетін түсіндіру әдістерін қолдана алмайтындығы. Оқытудың дәстүрлі
әдісіне сәйкес мұғалім қажетті байланыс орнатып, классикалық мәтіндердің бірегей және
«бағалы» мағынасын аш ып, оны оқушыларға ұсынуы керек. Осы пәнді көптеген жылдар
бойы оқыта келіп, өзімді дәстүрлі әдістен алшақ ұстап, барынша оқушылардың
қажеттіліктеріне негізделген әдістерді қолданып көру үшін Іс- әрекеттегі зерттеу жобасына
кірісуді жөн көрдім. Менің түпкі мақсатым оқушыларды ақпаратты жай ғана тыңдайтын
енжар тыңдарманнан белсенді оқырманға айналдыру еді. Зерттеу «жоспарлаймыз-әрекет
етеміз-қадағалаймыз-талдаймыз» сызбасы бойынша жүретін көп кезеңді Іс- әрекеттегі
зерттеу жобасы түрінде ұйымдастырылды (Tsafos, 2009: 199) .


Page 4

Элейн Уилсон. Мектеп базасындағы зерттеу
Іс-әрекеттегі зерттеуді қалай жүргізу керек






4. Іс-әрекеттегі зерттеу сыныпта тәжірибеге негізделген деректер жинауды қамтиды
Зерттеу сұра ғы қойылғаннан кейін ол сұраққа қалай жауап беріп, қандай деректерді жинау
қажеттігін шешу қажет. Осы мысалда автор сұхбат, жауап алу және сыныптағы қадағалау
тәсілдерін қоса алғанда , дерек жинаудың бірнеше әдістерін қолданға н (15.4-блок).



15.3 (b) блогы. Эксперимент және білім: жалпы жоспар
Өзімнің педагогикалық тәжірибеме және тиісті ғылыми әдебиетке сүйене отырып, өз
тәжірибемде индекстеу (белгілеу) әдісін қолдануды ұйғардым. Топтарға бөлінген
оқушыларға белгілі бір тақырыптар беріледі, олар әр сабақтың барысында осы тақырып
тікелей қозғалған, не ол туралы жанама түрде сөз болған тарауларды қарастырып, бүкіл
үдеріс бойында осы тақырыптар бойынша деректер жинайды. Тақырып әйелдерге,
құдайларға, саяси жүйеге, қонақжайлыққа, костюмдерге және т.с.с. қатысты болуы мүмкін.
Бұл – оқытылатын әдебиетте ол туралы пікір біртіндеп қалыптасатын мәселелер; оларды
үнемі қарастыра отырып, балалар мәтіннің жекелеген идеологиялық тұстарын мейлінше
анықтап, мұқият талдау жасауды үйренеді.
Осылайша, оқушылар мәтіндермен танысқанда өздері жинап жатқан тақырыпқа
қатысты ақпараттың қолданылуын ескеріп отырады. Сол арқылы ежелгі грек мәтіндеріне
сүйене отырып, Ежелгі Греция өркениеті туралы жалпы түсінік қалыптастырады, әртүрлі
мәтіндермен көбірек танысып, ақпаратты іріктеу және бағалау әдісін қолдану дағдыларын
жетілдіреді (Tsafos, 2009: 199).
15.3 (a) блогы. Эксперимент және білім: өзгеріс енгіз у
Мен Афиныдағы сынақтық жоғары мектепт ің үшінші сыныбында (14–15 жас тобы)
«Қазіргі және ежелгі Греция тілі мен әдебиеті» бойынша мұғалім болып жұмыс істедім.
Сынақтық жоғары мектептер – мемлекеттік мекемелер және де олар беретін
білімдеріне қатысты да, сондай-ақ оқушыларға жоғары оқу орнына түсуге беретін
мүмкіндіктеріне қатысты да тамаша беделге ие. Бұл жердегі «сынақтық» термині жай атауы
ғана, эксперимент жүргізуді көздемейді. Оқушылардың ата- аналары балаларының жетістікке
жетуіне барынша қызығушылық танытты. Оқушылардың мұндай үдерістермен таныс
болмауы жобаны іске асыруда кедергі келтірді, оның үстіне ата- аналар эксперимент жүргізу
идеясына теріс пікір білдіруі мүмкін еді. Соған қарамастан, іс-әрекеттегі зерттеуді таңдап
алып, оқушыларды оқу үдерісіне анағұрлым белсенді қатысуға мүмкіндік бердім (Tsafos,
2009: 198).


Page 5

Элейн Уилсон. Мектеп базасындағы зерттеу
Іс-әрекеттегі зерттеуді қалай жүргізу керек





Іс-әрекеттегі зерттеу циклі

Іс-әрекеттегі зерттеу циклін түсіндіру үшін Цафос Бумер және басқалардың (1992)
интерпретациясындағы Кеммис пен МакТаггарттың циклдік диаграммасын (1988)
пайдаланады: Жоспар → Әрекет→ Қадағал ау → Талдау → Бағалау (15.5- блок).



Сіз автордың талдауды қалай жүргізіп, алынған нәтижелерді қалай талқылайтындығын
толық құжаттан оқи аласыз: Vassilis Tsafos (2009) ‘Teacher–student negotiation in an action
research project’ [Іс-әрекеттегі зерттеу жобасындағы мұғалім мен оқушы арасындағы әңгіме] ,
Educational Action Research, 17(2): 197–211.
15.5-блок. Үдеріс циклі
Шынын айтқанда, оқушылардың зерттеуге белсенді араласуы олардың зерттеуге деген
қызығушылығынан емес болатын, олар оқу бағдарламасын талқылауға қатысқылары
келгендіктен ниет білдірді, себебі олар бұл мәселе өздеріне тікелей қатысты деп санайтын.
Бумердің пікірінше, талқылаудың маңызы ерекше ескерілген оқу жоспарын құру
үдерісінің кезеңдері Іс- әрекеттегі зерттеу циклінің кезеңдерімен өте ұқсас: Жоспарлау →
Талқылау → Оқыту мен оқу → Жүзеге асыру → Бағалау (Boomer et al. 1992: 35). (Tsafos,
2009: 207)
15.4-блок. Дерек жинаудың ұжымдық және бірлескен әдістері
Деректерді жинап, қорытындысында алынған нәтижелерді бақылау үшін мен
өзімнің сабағыма арамызда жақсы достық қарым-қатынас қалыптасқан, басқа
пәннен сабақ беретін мұғалімді сыншы дос әрі тәуелсіз бақылаушы ретінде шақыру
туралы шешім қабылдадым. Оқытудағы жалпы нормалар туралы пікіріміз бірдей
болғанымен, арамызда айырмашылық бар екенін сезінетін едік. Осылайша, зерттеу
материалы үшбұрыш сызбасын қамтамасыз ететін үш дереккөзден түсіп отырды:
(a)
Мұғалім:
1) Сынып жұмысына өзгеріс енгізгеннен кейін немесе сыншы дос және
оқушылармен талқылағаннан кейін жүргізілген зерттеу журналы мен жұмыс
жазбалары.
2) Өзгеріс енгізу үдерісіне қатысты кейбір таңдаулы жазбалар .
(b)
Оқушылар:
1) Зерттеу үдерісінің соңында мұғалім, зерттеу жүргізуші немесе сыншы дос
жүргізген жартылай құрылымдалған сұхбат.
2) Сұрақтары қоса жазылған сынып жұмысына өзгеріс енгізуден кейінгі
сауалнамалар:
• Индекстелген тақырыптарды өңдеу кезінде сізге қандай қиындықтар
кездесті?

Үдерісті қалай сипаттар едіңіз? (бейқам, қызықсыз, қызықты, басқа)
• Нені жақсартуды ұсынар едіңіз?
• Оқушылардың индекстелген тақырыптарға жазған рефераттары.
(c)
Сыншы дос:
1) Сабақты қадағалау және зерттеу барысындағы жазбалар (Tsafos, 2009: 200).


Page 6

Элейн Уилсон. Мектеп базасындағы зерттеу
Іс-әрекеттегі зерттеуді қалай жүргізу керек

Мұғалімдер жүргізген іс-әрекеттегі зерттеудің басқа мысалдары

15.2-суретте іс-әрекеттегі зерттеу үдерісіне енетін кезеңдерді бейнелейтін мысал ұсынылған.
Бұл мысалда келтірілген іс-әрекеттегі зерттеуді орта мектептің жаратылыстану пәні мұғалімі
жүргізген.
Өз мектебіндегі жаратылыстану пәнінің қалай оқытылатыны қанағаттандырмаған мұғалім
зерттеу жүргізуге бастама жасаған. Ол оқытудың негізгі тәсілдері оқу бағдарламасының
негізгі мүмкіндіктерін шектеп, ғылымды фактілер сериясына айналдырады деп санаған . Ол
өзінің оқыту әдістемесіне «Ғылым қалай жұмыс істейді» деп аталатын жаңа тәсілді енгізу
арқылы оны жетілдірмек болды. Оқу жоспарының жобасы ретінде бұл мақсат барынша
лайық еді, алайда зерттеу мақсаты ретінде ол өте жалпылама болып шықты. Басында
мұғалімге өз зерттеуінің мақсатын мейлінше нақтылап, оқушыларға айғақтарды құруда
көмек көрсетуге дейін қысқартуға тура ке лді.
Келесі кезең балаларға жаратылыстану бойынша оқу бағдарламас ындағы күрделі, даул ы
мәселелер туралы ойлану кезінде пайдалануға болатын түрлі ойлау тәсілдерін түсінуге
көмектесу үшін әріптестерінің не істеп жүргендігін анықтау мақсатында сыныпта зерттеуді
жалғастыруды көздеді. Сонымен бірге мұғалім бір әріптесін ен өзінің сабақта қолданатын
тәсілдерін, сабағында оқушылармен қалай әңгімелесетінін қадағалауды өтінді. Осы кезеңде
мұғалім осы тақырып бойынша жарияланған әртүрлі мақалалармен таныса отырып, сондай-
ақ оны әріптестерімен (тек жаратылыстану пәнінің әдістемелік бірлестігінде ғана емес)
талқылау арқылы дау тудыратын сұрақтарды қалай оқыту керектігі туралы танымын кеңейту
пайдалы деп санады.



15.2-сурет. Іс-әрекеттегі зерттеу циклі

Нәтижесінде мұғалім өзінің зерттеу саласын жаратылыстану сабақтарындағы айғақтауға
дейін тарылтып, оқушылардың өзі оқытатын пәннің күрделілігімен байланысты сұрақтарды
қалай талдау керектігін білмеген жағдайларында олардың проблемалары тереңдей беруі
мүмкін деген тоқтамға келді. Әдебиеттерді зерделеу және өзінің әдістемелік бірлестігінен
тыс әріптестерімен талқы жүргізу мұғалімге жақсы түрткі болып, бастапқы прболеманы


Page 7

Элейн Уилсон. Мектеп базасындағы зерттеу
Іс-әрекеттегі зерттеуді қалай жүргізу керек
қайта қ ұруға көмектесті.

Іс-әрекеттегі зерттеуді жоспарлау

Зерттеудің мақсатын тарылтып нақтылау мұғалім ге оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгеріс
енгізуде пайдалана алатын, жүзеге асыруға болатын зерттеу сұрағын құруға мүмкіндік берді.
Қорытындысында ол: «Егер мен сұрақтарды қалай талдау керектігін мұқият үйретсем,
оқушыларым айғақтарды дұрыс құрастыруды үйрене ала ма?» түрінде алыптасты. Келесі
кезең оқушыларға кешенді сұрақтарды қалай талдау керектігіне көмектесу үшін мұғалім
ретінде өз әдістемесін қалай өзгертуді жоспарлап, жинақталған деректерді қалай
талдайтынын анықтауды көздеді.


Өзгеріс енгізу және қадағалау Мұғалім өзінің зерттеу сұрағын екі бөлімге бөледі. Басында ол оқушылардың сұрақтарды
талдау қабілеттерінің дәлелдемелерін іздестіріп, кейіннен оқушылар айғақтарды қалай
құратынын зерделеді. Шағын топтардағы диалогтердің дыбысжазбалары, әріптесі жүргізген
сабақты қадағалау туралы жазбалар, педагогикалық тәсіл және оның тұжырымдамасы
туралы оқушылардың пікірлер ін білу үшін зерттеуден кейін жүргізілген диагностикалық
талдау сияқты деректер жиналды. Мұғалім сонымен бірге оқушылардың жазба жұмыстарын
талдап, оқушылардың шағын тобымен сұхбат жүргізді (15.1- кестені қараңыз).

15.1-кесте. Іс -әрекеттегі зерттеу жүргізу кезінде деректерді жинақтау жоспары
Зерттеу сұрағы: Егер мен сұрақтарды қалай талдау керектігін мұқият үйретсем,
оқушыларым айғақтарды дұрыс құрастыруды үйрене ала ма?
Сұрақтар Деректер көзі Деректер көзі Деректер көзі Деректер көзі
1. Оқушылар
кешенді
сұрақтарды
талдай біле ме?
Шағын
топтардағы
диалогтердің
дыбысжазбалары
Диагностикалы
қ талдау
Оқушылармен
жартылай құрылымдалған
сұхбат
Әріптестердің
қадағалау
жазбалары
2. Оқушылар
айғақ құра біле
ме?
Оқушылардың
жазба жұмыстары
Диагностикалы
қ талдау
Оқушылармен
жартылай құрылымдалған
сұхбаттар


Талдау және қайта жоспарлау

Деректерді одан әрі талдау және өзгеріс енгізумен байланысты туындаған сұрақтар туралы
ойлар мұғалімді өзінің тәсілін түрлендіріп, деректерді жинақтаудың сол әдістер ін тағы да
қолдану арқылы зерттеудің қайта қарастырылған екінші циклін өткізуге түрткі болды.
Өзгертушілік ықпалы болу үшін іс-әрекеттегі зерттеу ұзақ уақыт бойы жүргізіліп, жаңадан
туындаған мәселелер тұрғысынан проблеманы қайта қарастыруды қамтуы керек. Тек қана
проблеманы үнемі қайта қарастырып отыру қайта құру құбылыстарына әкеледі, ал ол (қайта
құрулар) – іс-әрекеттегі зерттеудің басты сипаттамасы.
Тәжірибені жай ғана талдап қоймай, алға ұмтыламыз
15.2-суретте келтірілген мысалда мұғалімнің мақсаты көбірек талдау жүргізіп, тәжірибені
барынша терең түсінуді дамыту болды. Мұғалім талдау мен қадағалау арқылы, сондай-ақ
алынған ақпараттар негізінде шара қабылдай отырып, өз сабақтарын зерттеді. Бұл іс
мұғалімді босқа тәуекелге барып, түбегейлі өзгеріс енгізуге мәжбүрлеген жоқ.


Page 8

Элейн Уилсон. Мектеп базасындағы зерттеу
Іс-әрекеттегі зерттеуді қалай жүргізу керек
Іс-әрекеттегі зерттеудің басқа үлгілері зерттеушілік жұмыс арқылы жүзеге асырылатын
әлеуметтік қайта құруларға байланысты болды. Бұндай жағдайлар мұғалімдерден немесе
басқа зерттеушілерден адамның теңдігі, бай-қуаттылығына, басқаларды барынша терең
түсініп, оларға құрмет көрсетуіне әсер ете алатын өте күмәнді өзгеріс енгізуді талап етуі
мүмкін. Осы жағдайларда сыныпта іс-әрекеттегі зерттеу жүргізуші зерттеушілер
ұсынылатын тәжірибені өткізуге ықыласы жоғары болып, зерттеу жағдайында өзінің
қалауынша әрекет етуге құқылы болуы керек. Демек, әлеуметтік өзгерістерді қамтитын іс-
әрекеттегі зерттеу сыныптағы бірегей, ерекше жағдайларда қалай әрекет ету керектігі
жөнінде бірталай тәуекелге барып, тәжірибелік шешімдерді қабылдау дегенді білдіреді.
Осындай іс-әрекеттегі зерттеулердің негізгі мақсаты басқа практиктер өз жағдайларында
әдістемелерін жетілдіру мақсатында пайдалана және бейімдей алатын білім мен теориялық
негіздерді қалыптастыру болып табылады.
Осылайша, зерттеу мақсаттарының кең болуына байланысты іс-әрекеттегі зерттеулер
ғылыми зерттеулердің маңызды нысаны болып табылатындығын дәлелдеуге тура келді. Әлі
де көптеген сұрақтар туындап жатады, мысалы: зерттеу жүргізіп, өз нәтижелерін талдаған
кезде практиктер теориялық негіздерді негізге ала ма, олай болса, оны қалай істейді?
Практиктер өздерінің іс-әрекеттегі зерттеулерінің нәтижесі ретінде жаңа білім қалыптастыра
ма? Егер солай болса, ол қандай білім? Осы білімді лайықты деп санауға бола ма? Келесі
бөлімде осы сұрақтар қарастырылады.


Өз түсініктемелеріңізге күмәнмен қараңыз
Кез-келген үдеріск е қатысты сізде көптеген болжамдар туындап жатады, сондықтан өз
құндылықтарыңыз туралы нақты түсінігіңіз болып, бар идеяларға күмәнмен қарау керек.
Өзіңіз біліп тұрғандықтан, өз болжамдарыңызды талдау қиын екені сөзсіз, ал әлі анықтап
үлгермеген нәрсеңіз туралы айту одан да қиын. Сондықтан сыншы доспен немесе адамдар
тобымен жұмыс істеу маңызды, әрі үнемі өзіңізден сұрап отырыңыз : «Менің сыныбымда не
болып жатыр?», «Не маңызды?» және «Не болып жатқанын қалайша түсіне аламын?»
Төменде келтірілген жалпы сұрақтар идея құрып, зерттеуді бастауға түрткі болуы мүмкін,
немесе білім беру жағдайы аясында тәжірибелік, жеке немесе саяси мәселелер жайында
ойлануға мүмкіндік береді:

1 Мұғалімнің осындай түсініктеме беруіне қандай болжам негіз болды?
2 Осы жағдайға қатысты басқа көзқарас немесе оны түсіндірудің басқа тәсілі бар ма?
3 Осы талдау тағы қандай мәселелерді көтереді?
4 Жағдайды өзгерту үшін мұғалімге қандай стратегияны ұсына алар едіңіз?


Page 9

Элейн Уилсон. Мектеп базасындағы зерттеу
Іс-әрекеттегі зерттеуді қалай жүргізу керек




15.1-жаттығу

Мұғалім іс-әрекеттегі зерттеу үдерісінің бірінші кезеңі кезінде жинаған
деректерін талдауынан алынған үзіндіні оқып шығып, туындаған
сұрақтарды әріптестеріңізбен немесе сыншы досыңызбен талқылаңыз.
«Әртүрлі дереккөздерден алынған деректерден біртұтас көрініс
қалыптасады. Белгілі стандарттарға сүйеніп, біздің сыныпты қолайлы, барлық
балалар үшін инклюзивті орта деп санауға болады.
Бүкіл оқушылар өз құрдастарынан мақтау алатын, көп балалар өздерінің
сыныптастарына ұнайтындығын сезінет ін, ақыр соңында әр бала біреуінің
«жақсы» досы болып таңдалды. Соған қарамастан , жақынырақ қарастырса,
қауіпті фактіні көруге болады: түрі басқа және басқаша сөйлейтін балалар өз
сыныптастары сияқты танымал еместігі алаңдатады. Шындығында, олар
өздерінің жеке, әлеуметтік тобын құрайды. Ол бірнеше факторларға байланысты
болуы мүмкін.
Біріншіден, біздің ерекше қажеттіліктері бар оқушыларымыздың көбі
сөйлеу кемістігінен зардап шегеді, бұл оларға сұхбатқа араласып, әңгіме айтуға,
құрдастарымен ойнауға кедергі келтіре ді. Даму деңгейі орташа балалар жыл
ішінде лингвистикалық тұрғыдан алғанда, алға ілгерілейді. Әлеуметтік біліміне
қарамастан арнайы бағдарлама бойынша оқитын оқушылар өздерінің вербалдық
дағдыларын сол қарқынмен дамыта алмайды, сондықтан күрделі әлеуметтік
жағдайларды талқылауға қатыса алмайды. Нәтижесінде олар сөйлеу қажет
болатын ойындарға, мысалы қиялды талап ететін ойындарға араласпайды немесе
дене күшін талап ететін, мысалы, ойын алаңында турникте асылып тұруды талап
ететін ойындарға қатыспайды.
Екіншіден, бұл балалар мектепке жақын жерде тұрмайды. Ата-аналары
жұмыстан босамайтындықтан, біздің ерекше қажеттіліктері бар балаларымызға
мектептен тыс шараларға қатысу қиынға соғады, сөйтіп олар әлеуметтік тәжірибе
алмасып, мектептен тыс ортада қарым- қатынас жасау мүмкіндігін жіберіп алады.
Ата-аналардың бірі ұлын мектептен тыс өмірге араластыруға тырысқан кезде
балалар ашылып, белсенділік танытқандай болды, өздерін барынша жағымды
сезініп, ойнауға дайын екендіктерін білдіре бастады. Осындай бірлескен ойындар
балалардың өздеріне беретін бағасының артып, олардың көпшілікке тартылып,
әлеуметтік мәртебесінің өсуіне ықпал етті .
Сонымен бірге, мектепте инклюзивті оқушылар өз уақытының басым
бөлігін сыныптан тыс жерде бірге өткізеді. Біз Дженифер екеуміз сабақ кестесін
барлық оқушылар бірдей қамтылатындай етіп құруға тырыстық, бірақ
оқушылардың жеке сабақтарының кестесі үнемі өзгеріп жататындықтан, бұл
толыққанды жүзеге асырылған жоқ. Оларға ерекше қолдау көрсету арқылы оқыту
үдерісінің өзі оларды оқушылардың негізгі ағынынан алшақтатады.
Белгілі бір мағынада менің сыныбымда касталық жүйе қ алыптасты.
Сыныптағы балалардың бір -біріне немқұрайды қарамайтынына, б асқаларды
жеңіл қабылдап, төселіп кететіндігіне қарамастан, шынайы инклюзивті сынып
құру барысында кейбір кедергілерді жеңуге болмайтын сияқты» (Zindler, 2003).


Page 10

Элейн Уилсон. Мектеп базасындағы зерттеу
Іс-әрекеттегі зерттеуді қалай жүргізу керек


Іс-әрекеттегі зерттеу сапасын бағалау
Іс-әрекеттегі зерттеу, атап айтқанда, мұғалімнің сыныптағы жұмысы жалпы қолжетімді білім
қалыптастырушы үдеріс ретінде танылмаған, бұл белгілі бір дәрежеде мұғалімдердің өз
жұмыстарын неліктен аз жариялайтынын түсіндіреді (14-тарау). Соған қарамастан
педагогикалық зерттеулер саласындағы сарапшылар практиктер жүргізетін зерттеуді
бағалаудың қолданылып жүрген критерийлері талапт арға сай келмейді деп тұжырымдайды.
Практиктер жүргізетін зерттеулерді белсенді жақтаушы және қолдаушы Джон Эллиот
қолданыстағы тестілерді практиктердің зерттеулерін бағалаудың жалғыз тәсілі ретінде
олардың әдістемелік және теориялық сенімділігін бағалау үшін қолдану бұл жұмыстардың
мұғалімдер үшін қаншалықты құнды екенін көрсете алмайтынын, сонымен бірге барлық
жерлерде білім беру саласында өзгеріс енгізуге түрткі болатын мұғалімдердің әлеуетін
дамыту үшін бұл жұмыстың маңызын анықтауға мүмкіндік бермейтінін баса айтады (14-
тарауды қараңыз).
Эллиот (2006) өзінің зерттеуші-мұғалім тәжірибесіне сүйене отырып, бағалаудың дұрыс
тәсілдерін қалыптастыруға көмектесетін критерийлерді жариялады.

Сіздің жұмысыңыз нақты және сенімді екеніне көз жеткізіңіз

Іс-әрекеттегі зерттеу жобаңызды аяқтағаннан кейін өзіңіз алған нәтижелерді басылымда
жариялау, диссертация жазу немесе конференция өткізу арқылы жұртшылықпен бөліскен өте
маңызды. Зерттеу жобасының мақсаттарына қаншалықты жете алғаныңызды көрсетудің
маңызы зор.
Сыныптағы жұмысқа бағытталған көптеген іс-әрекеттегі зерттеу жобаларының мақсаты
өзінің сыныптағы оқыту әдістемесіне өзгеріс енгізу болып табылады. Оның нәтижесінде Сіз
де, Сіздің оқушыларыңыз да алға басу керек. Үдеріс барысында сіз сыныбыңызға қажетті
жаңа білім қалыптастырасыз. Бұл білім тиісті әдістемелерді қолдана отырып, жүйелі түрде
фактілерді жинау арқылы тексеріледі. Басқаша айтқанда, өз жұмысыңыздың барысын,
нәтижелерін, өзгеріске жетелеушілігін, сондай-ақ демократиялық дұрыстығын бағалау қажет
(15.2-кестені қараңыз).

15.2-кесте. І с-әрекеттегі зерттеудің мақсаттарын сапа критерийлерімен біріктіру
Іс-әрекеттегі зерттеудің мақсаттары Сапа/ Дұрыстық
критерийлері
1. Жаңа білімді қалыптастыру Үдерістің дұрыстығы
2. Іс-әрекеттегі зерттеу нәтижелерін алу Нәтижелердің дұрыстығы
3. Зерттеушіні де, практиктерді те оқыту Өзгеріске жетелеушілігі
4. Жергілікті жағдайға сай келетін оқыту нәтижесі Демократиялық дұрыстық
5. Зерттеудің ойластырылған және дұрыс құрылған әдіснамасы Үдерістің дұрыстығы

Дереккөз: Хэрр мен Андерсон (2005).

15.3-кесте. Э ллиот критерийлерінің негізінде іс-әрекеттегі зерттеудің
дұрыстығын бағалау, 2006 ж.
Үдерістің дұрыстығы
Қойылған сұраққа жауап беру үшін дұрыс әдістер қолданылды ма?
(a) Зерттеу оған тартылған мұғалімдер үшін тәжірибелік маңызы бар проблемаға
арналған ба?
(b) Зерттеу әртүрлі көзқарасты, мысалы, мұғалім, қадағалаушы немесе оқушылар пікірін
(үшбұрыш сызбасы) есепке алуға мүмкіндік беретін әртүрлі дереккөздерден дерек


Page 11

Элейн Уилсон. Мектеп базасындағы зерттеу
Іс-әрекеттегі зерттеуді қалай жүргізу керек
жинауды қамти ма?
(c) Зерттеу зерттеуші-мұғалімге қойылған сұраққа жауап беруде өзінің кәсіби білімін
(теория) пайдалануға, сондай-ақ оларды тәжірибелік жағдайларда жинақталған
фактілер негізінде тексеруге мүмкіндік бере ме?
(d) Зерттеу мұғалімнің өз жағдайын түсінуін кеңейтіп, жұмыстың жаңа бағыттарын
анықтауға жағдай туғыза ма?
Демократиялық дұрыстық
Жауап алу үдерісіне зерттеушілер мен зерттелушілер тартылған ба?
Зерттеу эксперимент туралы әріптестері мен оқушылардың пікірін тыңдай отырып, олар
мұғалімнің әдістемесін зерделей алуы үшін оны (әдістемені) жан-жақты түсіндіретін және де
жұмыс барысында өзінің жеке ұстанымын ерікті түрде бірлесіп ымыраға, келісімге жетуден
бөліп қарайтындығын көрсететін диалогтік үдеріс пе?
Өзгеріске жетелеушілік
Зерттеу өзгеріс енгізуге ықпал ете ме?
(a) Зерттеу мұғалімнің педагогикалық стратегияларды қолданып, олар бағытталған
мақсаттарға қол жеткізетін, содан кейін олардың әрқайсысын ойластыру арқылы
түрлендіретін өзіндік рефлексиялық үдеріс болып табыла ма?
(b) Зерттеу мұғалімге:
• өзінің педагогикалық мақсаттарына қол жеткізіп, құндылықтарын іздеуде әділ
болғанын;
• басқа адамдардың экспериментті түсіндіруге қызығушылық білдіргенін;
• өзінің жеке ынтасы мен әрекет ету себептеріне қатысты ашық және әділ
екендігін;

басқалардың көзқарас білдіруіне ашық және олардың ой-пікір, істерін
құрметтейтінін көрсетуге мүмкіндік беретін үдеріс пе?
Нәтижелердің дұрыстығы
Үдеріс проблеманы шешуге және/немесе қайта қарастыруға мұрындық болды ма?
(a) Зерттеу мұғалімнің өзінің педагогикалық идеяларын тұрақты түрде жүзеге асыру
арқылы тәжірибелік жағдайда жеке делдалдық ету саласын кеңейтуге жол ашты ма?
(b) Зерттеу бұл сипаттаманың басқа мұғалімдер үшін әмбебап маңызы болуы үшін,
мұғалімге өзінің жағдайының қаншалықты күрделі болғанын нақты сипаттауға
мүмкіндік берді ме?

Қорытындысында, сізге беріліп отырған әріптесіңізбен немесе сыншы доспен бірлесі п
жұмыс істеу мүмкіндігі сіздің сын тұрғысынан ойлауыңызға әсер ететін қуатты күш болып,
іс-әрекеттегі зерттеу барысында көмектесе отырып, сіздің үдеріске рефлексивті тұрғыдан
қарайтыныңызға кепілдік береді. Сіздің сыныбыңыздағы қиындықтарды анықтап, өз
әдістемеңізге өзгеріс енгізу арқылы тәуекелге баруыңызда өз әдістемелік бірлестігіңіздің
қолдауы немесе оқшаулығының да ықпалы маңызды болмақ.
Сіздің сыныбыңыз бірегей, әрі оның даму қарқыны күнделікті өзгеріп отыратынын
есте сақтау керек, сондықтан барлығы сіздің жоспарлағаныңыздай болмай жатса, қам
жемеңіз. Соған қарамастан, өз идеяңызды батыл түрде бетке алып, өз түсінігіңіздің өсуіне
қарай тәсілдеріңізді жетілдіре беруіңіз керек. Ең алдымен, өзіңіздің практик-мұғалім
ретіндегі дағдыларыңызды мойындаңыз және бағалаңыз, бұл әсіресе, сіз педагогикалық
зерттеу әдістерін енді зерделей бастаған кезде маңызды. Мүмкіндігінше анағұрлым
тәжірибелі зерттеушілерден білікті көмек сұрап, болмаса зерттеу әдістері туралы курста
оқып шығуға тырысыңыз. Ең бастысы, осынау кәсіби еркіндік беретін үдеріске шынымен
барынша толыққанды ену үшін ол төңірегінде ойланып-толғануға, талқы жүргізіп, талдау-
сараптауға жеткілікті уақыт бөліңіз.
Іс-әрекеттегі зерттеу сіздің оқушылардың қалай білім алатыны және тәжірибені
жетілдіру үшін мұғалімдер не істей алатыны туралы барлық сұрақтарыңызға жауап бере
алмайды. Бірақ іс-әрекеттегі зерттеу сұрақ туындаған жерлерде; шұғыл түрде шара


Page 12

Элейн Уилсон. Мектеп базасындағы зерттеу
Іс-әрекеттегі зерттеуді қалай жүргізу керек
қабылдауға мүмкіндік беретін нақты әрекет жүретін жерлерде пайда болады.








Ұсынылатын әдебиет
Altrichter, H., Feldman, A., Posch, P. and Somekh, B. (2007) Teachers Investigate Their Work: An
Introduction to Action Research across the Professions [Мұғалімдер өз жұмыстарын
зерттейді: мамандықтағы іс- әрекеттегі зерттеуге кіріспе] (2nd edn). London: Routledge.
Baumfield, V., Hall, E. and Wall, K. (2008) Action Research in the Classroom [Сыныптағы іс-
әрекеттегі зерттеу]. London: Sage.
Herr, K. and Anderson, G.L. (2005) The Action Research Dissertation: A Guide for Students and
Faculty [Іс-әрекеттегі зерттеу тақырыбына диссертация: Студенттер мен оқытушыларға
арналған нұсқаулық]. Thousand Oaks, CA: Sage.
McNiff, J. and Whitehead, J. (2011) All You Need To Know About Action Research [ Іс-әрекеттегі
зерттеу туралы нені білу керек] (2nd edn). London: Sage.
Stenhouse, L. (1985) Research as a Basis for Teaching: Readings from the Work of Lawrence
Stenhouse [Зерттеу – оқыту негізі ретінде: Лоуренс Стенхауздың жұмыстарынан
алынған мақалалар]. London: Heinemann.
Somekh, B. (2005) Action Research: A Methodology for Change and Development [ Іс-әрекеттегі
зерттеу: өзгерістер мен дамудың әдістемесі]. Maidenhead McGraw-Hill.

≈ Ойлануға арналған сұрақтар

1 Өзіңіз анықтаған қандай негізгі проблемаларды өзгерткіңіз келеді?
2 Сіз қалай ықпал ететініңіз туралы хабардар ету мақсатында жаңа
ғылыми білімдеріңізді қолдандыңыз ба?
 Негізгі идеялар

Іс-әрекеттегі зерттеу – өзгеріс енгізуге түрткі болатын проблемаларды қалыптастырып,
оны шешуді қамтитын әлеуметтік жағдайлардағы оқыту үдерісі. Бұл жетілдіру мен
араласудың циклдік үдерісі техникалық, позитивистік/постпозитивистік, түсіндіруге
болатын, сондай-ақ сын тұрғысынан зерттеу сияқты зерттеушілік дәстүрлерге ортақ
болып келеді.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!