Материалдар / "Мұғалімдер арасындағы конфликтілер" тренинг
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Мұғалімдер арасындағы конфликтілер" тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдер арасындағы достықты жақсарту
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Тамыз 2024
138
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мұғалімдерге арналған психологиялық тренинг.

Тақырыбы: «Мұғалімдер арасындағы конфликтілер».

Мақсаты:

1. Ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.

2. Қарым-қатынас дағдыларын дамыту.

3. Эмоция жағдайларын дұрыс пайдалана білуге жаттықтыру.

4. Мұғалімдердің эмоционалды көңіл-күйлерін көтеру.

Жұмыс түрі: топтық жұмыс

Көрнекілік құралдар: қобдиша, қағаз, қалам, көңілді әуен.

Жоспары:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. «Амандасу» жаттығуы.

3. «Сиқырлы қобдиша» жаттығуы.

4. «Мен – үйде» және «Мен – жұмыста».

5. «Сенімді, сенімсіз, агрессивті мінез - құлық» жаттығуы.

6. Жұптық ойын.

7. «Дене мүшелер биі».

8. Қорытынды.

Ұйымдастыру кезеңі:

Психолог: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар! Бүгін сіздерді эмоционалды көңіл- күйлеріңізді көтеру өз бойларыңыздығы жақсы қасиеттерді бағалай білуге өззіңізге құрметпен қарауға, бір- бірімізбен сыйластық қарым-қатынаста болуға жиналып отырмыз.

Жұмыс жасау ережесі: Сіздерден сұрайтыным жұмыс барысында шынайы болыңыздар. Сіздердің көңілдеріңіз, сезімдеріңіз қаншалықты шынайы болса біздің жұмысымыз соншалықты нәтижелі болады. Не айтсақ та осы топ ішінде қалу керек. Ол біздің жұмысымыздың этикалық негізінің бірі. Бір мұғалімнің мәселесін тренингке қатыспаған адамға айтып талдамаймыз. Оның барлығын тренинг барысында орындаймыз. Қатысушы әр адам тек өз атынан ғана сөйлейді. Мысалы «барлығы солай ойлайды» деген болмайды. Оның орнына «мен солай ойлаймын», «маған солай көрінеді» т.б. Бір-бірімізді сынамаймыз, өйткені осы өмірде бізді жеткілікті сынайды, бағалайды. Топ ішінді бір- бірімізді түсінуге тырысайық.

1- жаттығу. «Амандасу»

Таңертең үйден шығар алдында айнаға қарап шыққан адам қол көтерсін. Ал, айнаға қарап күлімдеген адам қол көтерсін. Көріп тұрғанымыздай, күлімдеп шыққан адам аз. Сондықтан, құрметті әріптестер қазір жүзімізге күлкі ұялатып, бір-бірімізге күлімсіреп қарайық. Көңілді музыка ойналады. Жаттығуға қатысушылар шеңбер бойынша тұрады. Әрбір қатысушы сәлемдесу сөздерін айтып ары қарай өздерінің есімдерін, сондай-ақ өзінің жеке басының қасиеттерін айтып шығады. Мысалы: Мен , жарқыраған Жұлдызбын адамгершілігім мол.

2- жаттығу. «Сиқырлы қобдиша»

- қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Ортада қобдиша тұрады. Сыйлықтар қағазға жазылған адамгершілік қасиеттер.
Жаттығу шарты:
-
қобдишадан әр қатысушы кезекпен бір сыйлықты таңдап алып, ішінде жазылған сөзді лайықты деп санаған адамға сыйлайды. Сыйлықтар үлестірілгеннен кейін, шеңбер бойынша өзінің сыйлығын айтады.

Рефлексия: сонымен, қоршаған орта да осы қасиетке сізді лайық деп таныса, жеке-жеке қошемет көрсетейік. Сыйлықтарыңыз құтты болсын!

3-жаттығу. «Мен – үйде» және «Мен – жұмыста»

Қазір сіздер парақты екі бағанаға бөліңіздер. Бірінші бағанаға «Мен үйде» деп, ал екінші бағанаға «Мен жұмыста» деп жазыңыздар. Осы екі бағананы сол жердегі мінез-құлықтарыңыз бен жүріс -тұрыстарыңызды жазыңыздар.

Талқылау: 1. Осы жағдайлардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы қорытынды жасаңыз. 2. Қай бағананы толтырған оңайға соқты? Қай бағана көптеу болды? 3. Не себепті айырмашылықтар болады? 4. Бұл бағанадағы жағдайлар сәйкес келу керек пе? Неге?

4-жаттығу.  «Сенімді, сенімсіз, агрессивті мінез-құлық»

Мақсаты: Сенімді мінез– құлықтың мәнін түсініп, өзіне деген сенімділігін дамыту. Сенімді, сенімсіз, агрессивті мінез – құлықты бір – біріне ажырата білу.

Психолог: Ал енді топтарға бір тапсырма беріледі, сол тапсырма мұғалімдер орындау керек. Қатысушылар сол жағдаятты үш түрлі мінез құлық түрінде ойнап беруі керек. (Агрессиялық әрекет, сенімсіз әрект, сенімді әрекет).

Тапсырма:

  1. Сіздің әріптесіңіз немесе танысыңыз алған қарызын беруді ұмытып кетті сіздің әрекетіңіз?

  2. Сабақ үстінде сізге оқушы дөрекі сөйлеп, сөз қайтарды не істер едіңіз?

  3. Ашуланып келген ата – ананың тілін қалай табушы едіңіз?

  4. Әріптесіңізбен сөзге келіспей қалдыңыз сізідің әрекетіңіз?

  5. Әріптесіңіз бір нәрсені дәлелдеп жатыр, бірақ сіз кәміл сенімдісіз оның дәлелдеп жатқаны дұрыс емес сіздің әрекетіңіз?

Мұғалім сол жағдаятты үш түрлі мінез-құлық түрінде ойнап беру керек. (Агрессиялық әрекет, сенімсіз әрекет, сенімді әрекет).

5. «Жұптық» ойын.

Қатысушылар екі топқа бөлініп, екі қатарға тұрады.

Бірінші қатар екінші қатарға ұрысады:

· Көзбен;

· Аяқпен;

· Қолмен;

· Баспен

Екінші қатар бірінші қатарды мақтайды:

· Көзбен;

· Аяқпен;

· Қолмен;

Баспен

6-жаттығу. «Дене мүшелер биі».

Енді көңіл-күйлеріңізді көтеру мақсатында қазір барлығымыз орнымызда отырып, билейміз. Биіміз ерекше болады. Мен бір дене мүшесін айтам, тек сол дене мүшелеріңізбен билеу қажет. Ал бастайық.

*Саусақ биі

*Қолдар биі

*Бас

ықтар биі

*Ішімізбен билейміз

яқтар биі

7- релаксациялық жаттығу. «Сарқырама»

Мақсаты: қатысушылардың өздерін сергек сезінуіне көмектеседі. Бұл медитативтілік техника денедегі қысымды түсіруге бағытталған, музыкамен орындалады. Жүргізуші: «Жайланып отырыңыз және көзіңізді жұмыңыз. 2-3 рет демізді шығарыңыз, дем алыңыз. Өзіңізді сарқыраманың жанында тұрмын деп елестетіңіз. Бірақ бұл басқа сарқырымылырға ұқсатайтын ерекше сарқырама. Судың орнына бұл сарқырамадан жұп-жұмсақ аппақ жарық ағуда. Енді өзіңізді осы сарқыраманың астында тұрмын деп ойлаңыз және осы осы сарқырамадан сіздің басыңыздан төмен қарай ақ жарықтар ағып жатыр деп ойлаңыз. Өзіңіздің маңдайыңыз, ауызыңыз, бетіңіз бен мойныңыздан ағып жатқан ақ ұлпа жарықты сезініңіз. Ақ жарық сіздің иықтарыңыз бен арқаңыздан ағып жатыр, бұл сізге өзіңізді жайлы сергек сезінуіңізге көмектеседі. Арқаңыздан аққан ақ жарық ауыртпалықты алып кеткендей болады. Бұл жарық сіздің денеңіздегі қысымды өзімен бірге алып кетіп, денеңізді жұп-жұмсақ әрі сергек етуде. Сіз өзіңізді жайлы сезінудесіз, сіздің денеңіз жағымды күштер қуаттарға баюда.» Ал енді, сіздің бойыңызды таратқан сарқырамаға өз алғыстарыңызды білдіріңіз. Денеңізді тік ұстап, көзіңізді ашыңыз». Талдау: Қандай сезімде болдыңыздар? Не сезіндіңіз?

Қорытынды: Қатысушылар өз сезімдері мен тілектерін жүрекшеге жазып сиқырлы ағашқа жабыстырады. РАХМЕТ!!!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!