Материалдар / мұғалімдер күніне байланысты "Ертегі –қиялымның болашақ айнасы" ғылыми жұмыс. 3 -сынып.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

мұғалімдер күніне байланысты "Ертегі –қиялымның болашақ айнасы" ғылыми жұмыс. 3 -сынып.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ғылыми жұмысымыздың аты «Ұстазым ұлағатым, үлгі өнегем» деп аталады.Бұл ғылыми жұмысты жазуды қолға алудағы мақсатымыз ардагер ұстаздарымыздың ұстаздық ұлы жолын насихаттау,мәртебесін көтеру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қараша 2018
561
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚPicture 1 ызылорда облысы Шиелі ауданы Байсын ауылы

207 «Жаңатұрмыс» орта мектебі


Picture 19












Орындаушы: Махмут Нұрасыл Бағдатұлы

Нұрланова Жаннұр Ролланқызы

3-сынып оқушылары

Жұмыс тақырыбы: « Ұстазым-ұлағатым,үлгі өнегем»

Жұмыс секциясы: «Ұстаздық ұлы құрмет»

Жетекшісі: Бастауыш сынып мұғалімі

Әбдіраманова Ләзиза Әбдіқадірқызы
















Шиелі кенті

Қазан 2018жыл

МАЗМҰНЫ

І.Кіріспе

«Ұстаз деген жарық күні ғаламның»------------------------------------3

ІІ.Негізгі бөлім

2.1 Фанар апайдың өмірі мен ұстаздық жолы------------------------4-5

2.2.Ұстаз жолын қуған шәкірттері--------------------------------------6-7

2.3. Ұстаз туралы пікірлер-----------------------------------------------8

2.4 Фанар апайдың отбасы жайлы--------------------------------------9

ІІІ.Қорытынды------------------------------------------------------------10

Пайдаланған әдебиеттер--------------------------------------------------11




























-1-




АННОТАЦИЯ

Ғылыми жұмысымыздың аты «Ұстазым ұлағатым, үлгі өнегем» деп аталады.Бұл ғылыми жұмысты жазуды қолға алудағы мақсатымыз ардагер ұстаздарымыздың ұстаздық ұлы жолын насихаттау,мәртебесін көтеру.

Ұстаздық жолында шәкірттерінің құрметіне бөленіп,өзінің ұстаздық мамандығына талай шәкіртін тәнті ете білген ұстаздарымыздың қатарында Фанар апайымыз да бар.Осы кісінің жүріп өткен өмір жолын зерттеп, ғылыми жұмысымызға арқау етпекпіз.

Біз зерттеп отырған Фанар апай қазіргі өзіміз оқып жатқан мектебімізде сонау 1971 жылдары бастауыш сынып оқушыларын білім нәрімен сусындатқан,ұлағатты ұстаз.қазірде бейнеттің зейнетін көріп отырған,көптеген шәкірттеріне үлгі өнеге бола білгенардагер ұстаз, аяулы ана, ардақты әже.Кейінгі буынға үлгі боларын анық айта аламыз.































-2-

Ұстазым-ұлағатым,үлгі өнегем

Нәбиева Фанар бастауыш сынып оқушыларын білім нәрімен сусындатқан 2006 жылы зейнетке шыққан ардагер ұстаз.

1.Кіріспе

«Ұстаз деген жарық күні ғаламның»

Әлі есімде ұстазымды көргенім.

Өз анамдай болған еді ол менің.

Содан бері мұғалімді қадірлеп,

Білім деген асқар тауға өрледім.

Алғаш мектеп табалдырығын жүрегің дүрсілдеп, имене аттағанда алдыңнан күлімдеп шыққан алғашқы ұстазың, мейірімділігімен, ыстық ықыласымен әрбір баланың жүрек түкпірінде ұмылмастай қалатыны сөзсіз.

Біздің бұл тақырыпты таңдауымыздағы басты мәселеміз мектеп табалдырығын аттаған мінезі сан түрлі баланың жүрегіне жол тауып, бойына білім нұрын құйып, талмай шаршамай еңбек ететін ұстаздардың орны әрқашан төрде,мәңгілік ұмтылмайтынын көрсету.

Ұстаз... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі – Ұстаз. Ғұлама Әл – Фараби бір сөзінде : «Ұстаз... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек»- деген.

Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салып, мал бағып терін төккен шаруа да, көкті шарлаған ғарышкер де бәрі – бәрі ұстаздан білім үйреніп, тәлім алады.

Ұстаз”- деген ардақты, киелі үлкен құрметпен айтылатын сөз, ол әр адамның жастайынан сауатын ашатын, өнеге үйретіп, тәрбие беретін “Білім” атты кемеге отырғызып, болашаққа жол көрсететін, анаңдай әлпештеп, маңдайыңнан сипайтын адамға шәкірт қандай құрмет көрсетсе де артық емес.

Мағжан Жұмабаев: «Әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты» дейді. Ал мектептің жүрегі – ұстаз екені баршаға мәлім.Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор және сол еңбегімен орны әрдайым төрде.












-3-

ІІ.Негізгі бөлім

2.1 Нәбиева Фанар апайдың өмірі мен ұстаздық жолы

Біз айтқалы отырған кейіпкер бастауыш сынып мұғалімі ұлағатты ұстаз, өз маманының шебері бола білген, өзіндік ұстанымы , қабілеті жоғары Нәбиева Фанар апайдың ұстаздық жолында жүріп өткен еңбектері туралы артында қалдырған іздері туралы.

Нәбиева Фанар 1950 жылы 13 қарашада қазалы ауданында Нәбиевтер отбасында дүниеге келген.Аудан орталығындағы №177 Ғ.Мұратбаев атындағы мектептің табалдырығын аттап 1966 жылы бітірген. Осы жылы Қызылорда облысындағы М.Маметова атындағы училищеге түсіп,1970 жылы бітірген. Ұстаздық жолын Қазалы ауданыдағы №421 Ы.Алтынсарин атындағы мектепте бастаған.1971 жылдан бастап Қызылорда облысы Шиелі ауданы Байсын ауылындағы №207 «Жаңатұрмыс» атындағы мектепті мамандығы бойынша бастауыш сынып мұғалімі болып жалғастырып,2003 жылы зейнетке шыққан.Санаты І.Еңбек өтілі-32 жыл,бастауыш сыныптар бойынша бірлестік жетекшілік қызметін атқарған.

Апайдың алдынан қаншама шәкірт білім нәрімен суындап, тәрбиеленіп шықты.Нәбиева Фанар апайдың әрбір сабағы тартымды қызықты өтетін деп өзінің жолын қуған шәкірттері әлі күнге дейін айтып жүреді.Оқушыларын білім берумен қатар өнерге,шығармашылыққа баулығанды ұнататын.

Әрбір сабақ баланың болашағы үшін өте маңызды деп түсінетін ұлағатты ұстаз жалықпай үйрететін.Сонымен қатар қызықты ойындар ойнатып, әдемі ертегілерін оқып,сурет еңбек сабақтарында әдемі ойыншықтар жасауға , оюлар оюға баулыса, ән –әуез сабағында жаны өнерді сүйетін апай оқушыларын жанына үйіріп алып өнерге баулитын. Осылайша жас шыбықты қазақ сөзінің биік рухани –адамгершілік,эстетикалық көркемдік елжандылық нәрлеріне қанықтыруды мақсат етеді. Шәкірт жүрегіне жол тапқан мінезі жайдары Фанар апай ешқашан балаға қарап қабақ шытқан емес. Баламен бала боларда –бала,баламен дана боларда дана болып ынтымақтастықта жұмыс жасаған нәтижесі болу керек бүгінгі күнде көптеген шәкірттері ізін қуып беделді ұстаздар қатарында.

Шығармашылықпен ізденімпаздығын ұштастыра білген ұстаз енбегі еленбей қалған жоқ. Өз еңбегінің арқасында көптеген құрмет грамоталарына иегер болды.Атап айтар болсақ 1999 жылы Зермұхаметовтың құрмет грамотасымен,1996 жылы, 2000 жылы Білім қызметкерлерінің аудандық «наурыз шапағаты» өнер фестивалінің лауреаты атағымен марапатталған.2003 жылы білім беру саласындағы шығармашылық жұмыстары және тәуелсіз еліміздің болашақ иелерін тәрбиелеудегі жемісті

-4-

еңбектері үшін Шиелі ауданының құрмет грамотасымен марапатталды.2006

жылы «Әжем айтқан ертегі» аудандық байқауына қатысып, марапатталған.Шәкірттерін де мектептен тыс шараларға дайындап,қатыстырған.

Білікті ұстаз ата-аналарымен де ынтымақтастықта жұмыс жасай білді.

Ұлағатты ұстаз өзінің оқу –әдістемелік біліктілігін жетілдіре жүріп, құнды тәжірибелерін баспасөз бетіне шығарып отырған.

Тәжірибелі ұстаз жас мамандарға да өзінің ұстаздық жолындағы тәжірибесін үйретуден жалықпаған.

Нәбиева Фанар апайдың еңбек еткен ұжымын мақтанышпен айтуға болады. №207 «Жаңатұрмыс» орта мектебі-жас ұрпаққа сапалы білім, салиқалы тәрбие беру жолында шәкірттермен бірге олардың ұстаздарының да интелектуальдық өсуіне қолдау көрсетіп отырған білім ошағы.Мектебіміздің ұстанымы шәкіртке сүйіспеншілік, ұстазға құрмет.Мектептің педагогикалық ұжымы «мәңгілік ел» ұлттық идиясының негізінде жас ұрпақтың өз отанына деген сүйіспеншілік сезімі мен патротизмін, ұлттық тарихына, тіліне ,салт –дәстүрі мен мәдениетіне құрмет тағылымын қалыптастыруды, бәсекеге қабілеттілік дағдыларын дамытуды оқу-тәрбие және білім беруді жетілдіруде жаңаа үлгідегі ізденіс қажет.мамандығын сүйген мұғалімнің сабағы өте сапалы өтеді, әр оқушының оқуға деген қызығушылығын арттырады. Ұжым басшысының талабымен нәтижеге жету үшін бірнеше мұғалімдер түрлі байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып келеді.Атап айтар болсақ жыл сайын бастауыш сынып мұғалімдерінің жетекшілігімен « Бастау» олимпиадасынабастауыш сынып оқушылары барып 2,3-орындарды иемденеді, «ақбота», «Человек природа» секілді марафондарды бастауыш сынып оқушылары үнемі жоғары жетістіктерге қол жеткізуде. Бастауыш сынып мұғалімдері деүнемі көптеген байқау, сайыстарда жоғары көрсеткіш көрсетіп отырады. Осындай жетістіктердің барлығы ардагер ұстаздарымыздың сара жолының өзінен кейінгі жас мамандарға көрсетіп кеткен үлгі өнегелерінің және ұжым басшылығының ынтымақтастықта жұмыс жасағанының арқасы деуге болады.Мінекей осыдан кейін де ұжым басқарудағы ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, әріптестері арасында беделді, олармен іскерлік қарым-қатынаста мінезі ашық, сабырлы Көпешбай Мұрат ағайымызбен және ардагер ұстаздарымыздан алған үлгі өнегемізді көрсете отырып, ұжымымыздың беделі, білім берудегі көрсеткіштеріміз әрқашан жоғары нәтиже көрсетеді дегенді нық сеніммен айта аламыз.


-5-

2.2.Ұстаз жолын қуған шәкірттері

Фанар апайдың ұстаздық болмысы, жүріс-тұрысы, сөз саптауы, дауыс ырғағы бәрі- бәрі шәкірт жүрегінің төрінен орын алып, арада біршама уақыт өткенде көптеген шәкірттері мектеп қабырғасына келіп ұстазының жолын жалғады.атап айтар болсақ қазіргі таңдағы ұжымды басқарып отырған басшымыз М.Көпешбай ағайға да Фанар апай қалам ұстатып, әріп танытқан. Мінекей, фанар апайдан тәлім-тәрбие алған шәкірті бүгінгі күнде өзі білім алған ордасын басқаруда

Picture 1



Picture 7
















Бастауыш сынып оқушысын марапаттау үстінде

Picture 4





Алғашқы қоңыраудан көрініс







-6-

Нұрмаханова Ұлбазарда ұстаз жолын қуып, Қызылорда облысы №262 мектепте өзін-өзі тану пәнінен сабақ береді.

Picture 1 Picture 4












Оқушыларына сабақ беру үстінде Ашық сабақ өтіп тұрған сәті


Picture 7

Нұрмаханова Ұлбазар оқушыларға іс-шара

өту үстінде












Ұстаз жолын қуған Сыздықова Гүлзира да қазіргі таңда №207 «Жаңатұрмыс» орта мектебінде ағылшын тілінен сабақ береді.

















Сыздықова Гүлзира бастауыш сынып оқушыларымен іс-шара өту үстінде

-7-


2.3. Ұстаз туралы пікірлер

Нәбиева Фанар апайға шәкірт пікірі

Нұрділдаева Шаттық мектепке дейінгі балаларды оқыту мамандығын бітірген. «Шұғыла» балабақшасының тәрбиешісі қызметін атқарады. Нәбиева Фанар апайдың шәкірті

Мен алғаш мектеп табалдырығын аттап кірген сәтімде күлімдеп қарсы алған, қолымнан жетектеппартаға отырғызып, «Әліппе» кітабын ұстатқан, алғаш әріп үйреткен сүйікті Фанар апайымды шәкіртінің жүрегіне мәңгілік із қалдырған ұстаз деп айта аламын. Бәрімізді өз баласындай көріп, ақыл айтып, көп нәрсені үйретіп адам қып шығарды.Қанша қателік жасасақ та, қабағын бір шытуды білмейтін апайымыз шдамдылықпен, ыждағаттылық пен оқып үйретті.Өмірде өз анаңнан кейінгі қадірлі тағы бір адам болса ,ол-ұстазым дер ем.Ұстаздық еңбегімде сәл биіктен көрінер болсам –ол бастауыш сынып мұғалімім Фана апайдың жемісі ен жетістігі деп білемін. Себебі өзім осы кісіге көп еліктейтінмін.Сол кісідей болсам деп армандайтынмын.

Бойымызға мейірімділік шуағы мен қатар білім дарытқан апайымызға алғысымыз шексіз.бақытты ғұмыр тілейміз.



Ардагер ұстаз пікірі

Бастауыш сынып мұғалімі ардагер ұстаз Тоқпанбетова Күләш

Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық қылған жалықпаз,

Үйретуден балаға дегендей Фанар әріптесім, замандасым ұстаздық еткен жылдарындағы жалықпай , тынбай, бала бойына бар жақсылығын үйрете білді. Өз пәнін жетік меңгерген. әрбір ісіне жауапкершілікпен қарайтын ұлағатты ұстаз.Оқушыға білім берумен қатар жас мамандарға өз білгенін үйретіп, әрқашан кеңесін айтып отыратын.Мектепшілік іс-шарараларға әсіресе өнер жағында өте белсенді араласатын.Өнер десе ішкен асын жерге қоятын.Ұстаз әртіс те, сылақшы да, ақын да бола алады деген сөз осы кісіге айтылғандай. Әрбір сабағы өте қызықты өтетін.Фанар замандасыма тек денсаулық, бақыт, зейнетіңнің рахатын көр демекпін.


Әріптес пікірі

Бастауыш сынып мұғалімі Г.Жұмабекова

Мен жас маман боп мектепке алғаш келген сәттен бастап, Фанар апайдан алған тәжірибем көп болды десем болады. Мақсатқа жету үшін күресуге үйретті. Апайдың лаулаған жалыны әр жүрекке жылу сеуіп, нұр құятын қуаттың қайнар көзі.Жастарға үлгі боларлық жылы жүректі ұстаз деп айта аламын. Өзінің даралығымен әріптестер ортасында да беделді, сыйлы бола білді.Фанар апай талапшыл, ізденімпаз,жаңашылдыққа құмар болатын. Ешқашан жүзінен күлкі кетпесін. Бақытты ғұмыр кешсін деген тілек білдіремін.

-8-






2.4 Фанар апайдың отбасы жайлы

Нәбиева Фанар 2 ұл, 6 қыз тәрбиелеп отыр.Жұбайы Алшынбаев Үсен көп жылдар бойы мектепке қызмет еткен.Қазірде зейнеткер.Алшынбаева Ділдә №270 мектепке оқу ісінің меңгерушісі болып қызмет атқарады.

Алшынбаева Динара №48 мектепте қазақ тілі әдебиетінің мұғалімі, №158 мектепте Алшынбаева Ұлзада ағылшын пәнінің мұғалімі, №270 мектепте Алшынбаева Ұлзат химия –билогия пәнінің мұғалімі, №207 «Жаңатұрмыс» орта мектебінде музыка пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасайды.

Picture 7

Picture 1








Picture 4 Picture 13 Picture 10 Picture 11 Picture 14 Picture 1
























-9-

ІІІ.Қорытынды

Ұлы ағартушы Ы.Алтынсарин «Маған ақсы мұғалім бәрінен де қымбат,өйткені жақсы мұғалім мектептің жүрегі» дегендей ұрпаққа білім нәрін төгетін шығармашыл, үлгі боларлық ұстаз көшбасшы бола білгенде еліміз биіктерден көрінері хақ.

Ұстаздар тыншымайтын еңбеккерлер,
Жеңісті жерге екпеген, елге еккендер.
Адамзат ұрпақтарын тәрбиелеп,
Зердесін болашақтың зерлі еткендер –деп ақындар жырлағандай ұстаздық қызметінің 32 жылында қаншама қарлығаштарды қанаттандырды. Саналы тәрбие,сапалы білім алған еңбексүйгіш, ұстаздық жолда мақтаныш тұтар шәкірттері бар ардагер ұстазымыздың еңбегін ешқашан ұмытпауымыз керек. Шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт Ардагер ұстазымыздың өмір белесінің биік шыңына шығуына себепкер болған өзінің төккен терінің, ізденімпаздығының, мейірімділігінің арқасы деп білеміз.































-10-

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1.Оқыту –тәрбиелеу технологиясы 2015 жыл №5

2.Қазақстан мұғалімдері 2016 жыл №3

3. «Ұстаз» ғылыми –әдістемелік журнал 2017 жыл №2










































-11-


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!