Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз

Түсінікті
Материалдар / МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ БОЙЫНША ҚҰЗІРЕТТІЛІКТЕРІН АРТТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ БОЙЫНША ҚҰЗІРЕТТІЛІКТЕРІН АРТТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА
Материал туралы қысқаша түсінік
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ БОЙЫНША
ҚҰЗІРЕТТІЛІКТЕРІН АРТТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
22 Сәуір 2022
429
3 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!

Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Олжаев Ибрагимжан Ирисбекович
Созакбаева Алмаз Сейдахановна
Молдабекова Меруерт Ергеновна
МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ БОЙЫНША
ҚҰЗІРЕТТІЛІКТЕРІН АРТТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМА
(Озық педагогикалық тәжірибені зерттеу, тарату және енгізу)
Жалпы орта мектептің директор орынбасарларына арналған
Шымкент, 2022
1
УДК: 373
ББК: 74.262.21
О:90
Авторлары:
Түркістан облысы, Сайрам ауданы, №37 жалпы орта мектебі бейіндік оқу ісі
жөніндегі директор орынбасары Олжаев Ибрагимжан Ирисбекович;
Түркістан облысы, Сайрам ауданы, №67 «Көмешбұлақ» жалпы орта мектебі
директорының бейіндік оқыту ісі жөніндегі орынбасары және ағылшын тілі пәні
мұғалімі Созакбаева Алмаз Сейдахановна;
Түркістан облысы, Сайрам ауданы, №52 Мұстафа Өзтүрік мектебі
директорының бейіндік оқыту ісі жөніндегі орынбасары және бастауыш сынып
мұғалімі Молдабекова Меруерт Ергеновна.
ISBN 978 -601- 7982-36-3
«МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ БОЙЫНША
ҚҰЗІРЕТТІЛІКТЕРІН АРТТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ» тақырыбындағы авторлық
бағдарлама. (Озық педагогикалық тәжірибені зерттеу, тарату және енгізу).
Жалпы орта мектептің директорлары мен орынбасарларына арналған. Шымкент,
«Жебе» баспасы. 2022 жыл. 180-бет.
Бұл авторлық бағдарламада мұғалімдердің цифрлық технологияны қолдану
бойынша құзіреттіліктерін арттыру әдістемесі жайлы құнды еңбектер жазылған.
Пікір білдірушілер:
Қазақстан Педагогикалық Академиясының профессоры Бүркіт Ә.Қ.
М.Әуезов атындағы ОҚУ доценті, т.ғ.к., ҚПА мүшесі Наурызбаев Қ.К.
© Олжаев Ибрагимжан Ирисбекович
Созакбаева Алмаз Сейдахановна
Молдабекова Меруерт Ергеновна
«Жебе» баспасы, 2022 жыл
2
Кіріспе
«Қазақстанды әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына енудің
негізгі міндеті жоғары мамандандырылған білікті де білімді азамат, ғылыми
технологияны оңай меңгеріп, нарықтық экономикада өзін-өзі басқара алатын және
алған білімін өмірде қолдана білетін болса, тек сол уақытта жүзеге асыру мүмкін»
деген болатын. Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасында құзырлы орта білім берудің мақсаты ретінде: «... терең білім
мен кәсіби дағдылар негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі
дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан шешім қабылдауға
қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру»,деп көрсетілді.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің
басты міндеті — ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика
жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік
шыңдауға бағытталған сапалы білім үшін қажетті жағдайлар жасау; жеке адамның
шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен
салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін
жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту», — деп атап көрсетілген. Аталған
міндетттерді жүзеге асыру үшін оқытудың жаңа технологияларын енгізу және
тиімді пайдалану секілді мәселелерді анықтап алу, білім беру жүйесіндегі басты
ұстаным ретінде әркімнің өзінің білім алуға деген жеке әлеуетін қоғамда барынша
пайдалануға көмектесетін оқыту жүйесін дамытуды қамтамасыз етуді көздейді.
Сапалы білім алған, танымдылығы жоғары, құзыретті, бәсекелестіктің қайсыбір
мықты тегеурініне төтеп бере алатын оқушылар ғана болашақтың кілтін аша алады.
Еліміздің жаһандық дүниеде даралануы білімді, жігерлі, ұлттық санасы рухани бай
жас ұрпақ арқылы іске асады.
Құзыреттілік— бұл білімді, іскерлікті қолдану қабілеті, оқу міндеттерін
шешуде практикалық тәжірибе негізінде табысты жұмыс жасау. Құзыреттілік
адамның білімі мен практикасындағы іс-әрекеттер арасында болатын қатынас
ортасы болып қалады» деп жазады орыс ғалымы М.В. Рыжаков өз еңбегінде. Кейбір
сөздіктерде құзыреттілік құзырлылық делініп былай анықтама берілген.
«Құзырлылық – адамның стандарттан тыс жағдайда нәтижелі әрекет ету қабілеті.
Құзіреттілік = Білім – Тәжірибе – Іскерлік.
Поляк ғалымы Иоанна Подгурскаяның пікірінше «Білім мен құзыреттілік
туралы пікірталасқа тоқталсақ, іскерлікті қалыптастыру бұл да тәрбие, Эрудицияны
құзыреттілікке қарсы қоюға болмайды. Оларды үйлесімді түрде қолдану керек. ХХІ
ғасырда мектеп бағдарламасына енгізу керек білімдер көбеюде, бірақ бұл жолмен
жүрсе, мектеп ақпараттарға тойған, бірақ өмірде қорғансыз адамдарды шығарады.
Ал мектеп тек қана өмірге дайындауға бет алса, онда құзыретті, бірақ бірақ болмыс
туралы терең рефлексия жасай алмайтын адамдарды дайындап шығарады.
Құзыреттілікке үйрету сабақтың құрамына еніп, сабақтан тыс оқу жұмыстарында
жалғасу керек».
3
Ұғымды нақтыландырамыз:
Құзыреттілік тұрғы білім нәтижесіне назар аударып, нәтиже ретінде адамның
меңгерген ақпараттарының жиынтығын емес, түрлі жағдаяттарда іс- қимылдар
жасау қабілетін басшылыққа алады. Белгілі бір салада табысты әрекет жасау үшін
білім, іскерлік, және жеке тұлғалық сапаларын қолдану қабілеті.
Білім нәтижелері
Студенттің білімдік процесті аяқтаған соң (лекциялар, пән, модуль) нені
білетіндігі, түсінетіндігін анықтау. (Қызметі: оқытуды студенттің көқарасы
тұрғысынан қарап, оның жинақтайтын оқу тәжірибесінің сапасын көтеру).
Ақпараттық құзіреттілік
* ақпараттық ізденісті жоспарлау:
* ақпараттың белгілісі мен белгісізін бөліп анықтамаларды, энциклопедияларды
қолдануы; мазмұн бойынша кітаптарға және сілтемелер бойынша сайтқа бағдар
жасауы;
* ақпаратты адамға сұрақ қоя отырып алуы
* ақпаратты көркем образды мазмұнды қайнаркөздерден бөліп алуы;
ақпараттарды жүйелеуі ;
* қарапайым ақпараттарды графикалық түрінен мәтінге немесе керісінше
ауыстыруы;
* ақпараттың жеткіліксіздігінің немесе түсініксіздігін көрсетуі;
* ұсынылған қайнаркөздегі ақпараттан дәйектер мен қорытынды табуы;
* ақпаратты өңдеу кезінде логикалық операцияларды орындау:
* дәйектемені бағалауы.
Проблемалар мен өзіндік менеджментін шешу құзыреттілігі ол - оқушылардың:
* - әр түрлі жағдайларда проблемаларды анықтау, жауапты шешім қабылдау,
шешімнің салдарын бағалау;
* - өзінің іс-әрекетінің мақсатын қою, оны жүзеге асыру үшін қажетті
жағдайларды анықтау, оған қол жеткізу процесін ұйымдастыру (яғни міндетке
сәйкес технологияларды әзірлейді);
* - рефлексия мен өзін-өзі бағалауды, өз қызметін және оның нәтижелерін
бағалауды жүзеге асыру;
* - өз үшін жағдайларға сәйкес іс-әрекет пен мінез-құлық нормаларын таңдау;
* - қойылған міндеттерге сәйкес технологияларды таңдау, технологияларды
айқын қолдану даярлығы.
4
Жалпы орта мектептегі заманауи білім беру жүйесі
Жалпы орта мектепгі білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру
бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру
стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы,
типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың,
сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.
Бастауыш бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында
жетекшi роль атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң
қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың
материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным
теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi
айырмашылығы – ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын,
объективтiк қатынастарды қалыптастырады.
Қазіргі Білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау.
Жалпы орта мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің
шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне
жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр
мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз
сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық
құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани
дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі табысы,
біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын
талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби
шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.
Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға
қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық , зерттеушілік,
дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы,коммуникативтілік, ақпараттық
және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын руханиадамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.
Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында
жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды
меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу
қажеттіліктері туындылап отыр.
Біліктілік арттыру жүйесінде педагогтардың оқу қажеттіліктері нақты білімнің
мәнін түсінуге, соның нәтижесінде өзіндік іс- әрекетке енуге және жеке өміріндегі
тәжірибені жетілдіру мақсаттарына байланысты қалыптасады. Осы заманғы мұғалім
оқуға үлкен потенциалдық мүмкіндіктермен келеді.
Сондықтан олардың функционалдық сауаттылықтарын кәсіби шеберлікпен
ұштастыру үшін нәтижеге бағытталған білім беру үлгісінде мақсатты түрде білім
беретін, қалыптастыратын, дамытатын андрогогикалық процесс қажет. Басқаша
айтқанда ересектерге арналған, жалпы және кәсіби білімнің қажеттілігін дамыту,
5
ғылым, білім мен мәдениет жетістіктері арқылы адамдардың жалпы мәдениеті мен
әлеуметтік белсенділікті дамытуға бағытталған танымдық іс-әрекетке ынталандыру
үшін білім беру. Қазіргі білім беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған
білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге көшуді көздейді. Бұл білім беру
жаңаша ұйымдастыру- оның философиялық, психологиялық, педагогикалық
негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді.
Қазақстан Республикасының 12 жылдық білім беру тұжырымдамасында
педагог кадрлардың кәсіби - тұлғалық құзыреттілігін қалыптастыру басты мақсат
екендігін атай келе, 12 жылдық білім беруде педагог төмендегідей құзыреттіліктерді
игеруі міндетті деп көрсетілген.
Арнайы құзыреттілік- өзінің кәсіби дамуын жобалай білетін қабілеті.
Әлеуметтік құзыреттілік- кәсіптік қызметімен айналысу қабілеті.
Білім беру құзыреттілігі - педагогикалық және әлеуметтік психологияның
негііздерін қолдана білу қабілеті.
Ендеше құзыреттілік дегеніміздің өзін қазіргі заман талабына сай педагог
қауымының өзін -өзі өзгерте алу қабілеттілігі деп түсінуге болады. Білім
саясатындағы түбегейлі өзгерістерді күнделікті оқу үрдісінде берілетін
тапсырмалардан бастау қажет екендігі айқын көрсетілген. Оқушытер оқытушы
қауымнан тек білімге ғана емес, өмірге үйрететін қабілеттілікті қажет етіп отыр.
Демек, болашақ педагогтеріміз осы ақпараттық қоғамнан қалыспай: жедел ойлаушы:
жедел шешім қабылдаушы:ерекше ұйымдастырушылық қабілетті: нақты бағытбағдар беруші болып шығуы - бұл қазіргі заманның талабы.Міне, құзыреттілік
қалыптастыру дегеніміздің өзі болашақ мұғалім - қазіргі оқушытердің
шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып ойлаудың , интеллектуалдық
белсенділіктің жоғары деңгейіне шығу, жаңаны түсіне білуге, білімнің жетелгілі бір
құзіреттіліктерді бойына сіңірген жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етеді.
Жалпы орта мектепте білім сапасын арттыру және нәтижеге бағытталған үлгіге
беталуы барысында мұғалімдер мемлекеттік стандарт берілген нәтижелерге жетуде
кәсіби шеберлікпен меңгерген зерттеу біліктері мен дағдылары нәтижесінде
проблеманың шешімін таба алатын, ақпараттық – коммуникативті мәдениеті жоғары
тұлғалық - дамытушылық функцияны атқарады. Қазіргі заман адамның осы
құзыреттілікті меңгере отырып тек « кәсіби икемділігін оңтайландыруды
қамтамасыз ету ғана емес, іске асырылу мүмкіндігін « үнемі оқып – үйрену және
өзін-өзі жасау талабын қалыптастыра алады.
Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2020-2050 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен
қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен
қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен,
педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық
өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай- ақ
педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру
мәселелеріне үлкен мән берілген. Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім
6
беру жүйесіндегі реформалар мен сыңдарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар
әрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы
жайлы толғануына, жаңа идеялармен жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз
болары анық. Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру
жүйесіндегі педагогтердің, зиялылар қауымының деңгейіне байланысты. Дәстүрлі
білім беру жүйесінде білікті мамандар даярлаушы кәсіби білім беретін оқу
орындарының басты мақсаты – мамандықтарды игерту ғана болса, ал қазір әлемдік
білім кеңестігіне ене отырып, басекеге қабілетті тұлға дайындау үшін адамның
құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін
ұсыну – қазіргі таңда негізгі өзекті мәселелердің бірі. Жалпы алғанда «құзырлылық»
ұғымы жайлы ғалым К.Құдайбергенова «Құзырлылық ұғымы – соңғы жылдары
педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару
нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым.
Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр
мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай
инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ
тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан
Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты
міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді
ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп
атап көрсеткен.
Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін –
білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің
технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары
сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне
енуде.

7

жаңаша ұйымдастыру- оның философиялық , психологиялық, педагогикалық

Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға
негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр.
Жалпы орта мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуда Жалпы орта мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту
қажет.
Аталған міндет Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің
қатарына кіруі процесінде де маңызды болып табылады. Еліміз үшін маңызды
болып табылатын аталған стратегиялық міндетті шешу жағдайында тұлғаның ең
басты функциялық сапалары белсенділік, шығармашыл тұрғыда ойлауға және
шешім қабылдай алуға, кәсіби жолын таңдай алуға қабілеттілік, өмір бойы білім
алуға дайын тұруы болып табылады. Бұл функционалдық дағдылар мектеп
қабырғасында қалыптасады.
Жалпы орта мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылықты дамытудың
жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2020-2030
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында анық көрсетілген. Ондағы басты
мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік,
дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның физикалық
құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы
қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.
Осы Жалпы орта мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын
дамыту жөніндегі 2020 - 2050 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары (бұдан
әрі - Ұлттық жоспар) мектеп оқушыларының функциялық сауаттылығын дамыту
процесін мазмұндық, оқу-әдістемелік, материалдық-техникалық қамтамасыз ету
жөніндегі іс-шаралар кешенін қамтиды. Ұлттық жоспар Қазақстан
Республикасындағы білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары ретінде мектеп
оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту іс-қимылдарының
мақсаттылығын, біртұтастығы мен жүйелілігін қамтамасыз етуге арналған.
1. Ұлттық жоспардың мақсаты мен міндеттері
Ұлттық жоспардың мақсаты - Қазақстан Республикасындағы мектеп
оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау.
Ұлттық жоспардың міндеттері:
1. Жалпы орта мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын
дамытудың отандық және халықаралық практикасын зерделеу.
2. Жалпы орта мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту
бойынша шаралар жүйесін іске асырудың тетіктерін анықтау.
3. Жалпы орта білім мазмұнын жаңғыртуды қамтамасыз ету: стандарттар, оқу
8
жоспарлары мен бағдарламалар.
4. Бастауыш білім беру процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу.
5. Жалпы орта мектеп оқушыларының білім сапасын бағалау және мониторинг
жүргізу жүйесін дамыту.
6. Жалпы орта мектептің және қосымша білім беру жүйесі ұйымдарының
материалдық-техникалық базасын нығайту.

бойынша ағымдағы жағдайды талдау
«Функционалдық сауаттылық» ұғымы алғаш рет өткен ғасырдың 1960-шы
жылдары ЮНЕСКО құжаттарында пайда болды және кейіннен зерттеушілердің
қолдануына енді. Функционалдық сауаттылық, кеңінен алғанда, білім берудің
(бірінші кезекте жалпы білім беруді) көп жоспарлы адамзат қызметімен
байланысын біріктіретін тұлғаның әлеуметтік бағдарлану тәсілі ретінде
түсіндіріледі. Қазіргі тез құбылмалы әлемде функционалдық сауаттылық
адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсенді
қатысуына, сондай-ақ өмір бойы білім алуына ықпал ететін базалық факторлардың
біріне айналуда.
Функционалдық сауаттылық тұжырымдамасына негізделген анағұрлым
танымал халықаралық бағалау зерттемелерінің бірі Экономикалық ынтымақтастық
және даму ұйымының (ЭЫДҰ) қолдауымен өткізілетін 15 жастағы оқушылардың
оқу жетістіктерін бағалаудың халықаралық бағдарламасы (Programmer for
International Student Assessment – РІSА) болып табылады. РІSА 15 жастағы
жасөспірімдердің мектепте алған білімдерін, іскерлігі мен дағдыларын адами ісәрекеттердің әртүрлі салаларында, сондай-ақ тұлғааралық қарым-қатынас пен
әлеуметтік қатынастарда өмірлік міндеттерді шешу үшін пайдалана алу
қабілеттерін бағалайды.
РІSА зерттеулері қазіргі уақытта әлемде мектептік білім берудің тиімділігін
салыстырмалы бағалаудың әмбебап құралы ретінде қарастырылады. Зерттеу
барысында алынған деректер тұтастай оқытудың мазмұны мен әдістері ретінде,
сондай-ақ контексті факторлардың (басқару моделі, оқыту тілі, отбасының және т.б
әлеуметтік мәртебесі) мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын
дамыту деңгейіне әсері ретінде білім беру жүйесін дамыту стратегиясын анықтауға
негіз болады.
РІSА шеңберіндегі тестілеу барысында функционалдық сауаттылықтың үш
саласы бағаланады: оқудағы сауаттылық, математикалық және жаратылыстануғылыми сауаттылық. Зерттеу айналым бойынша (үш жылда бір рет) жүргізіледі.
Әрбір айналымда функциялық сауаттылықтың қандай да бір түріне ерекше назар
аударылады. РІSА бағдарламасының фокусында 2009 жылы оқу сауаттылығы
болды.
2009 жылы Қазақстан РІSА зерттеуіне бірінші рет қатысты.
Нәтижелер мыналарды дәлелдейді:
9
1) қандай да бір күрделі оқу мәтіндерін дәл пайдаланып, олардың көмегімен
күнделікті жағдайларда бағдар алуға әзір қазақстандық оқушылардың үлесі - оқу
сауаттылығын зерттеуге қатысушылар санының 5%-ын құрайды (ЭЫДҰ елдері
бойынша орташа көрсеткіш – 28,6%);
2) нақты бір жағдай үшін нақты модельдермен тиімді жұмыс жасауға, әртүрлі
тапсырмаларды дамыту мен кіріктіруге әзір қазақстандық оқушылардың үлесі –
математикалық сауаттылықты зерттеуге қатысушылар санының 4,2%-ын құрайды
(ЭЫДҰ елдері бойынша орташа көрсеткіш – 16% қатысушы);
3) жаратылыстану ғылымдарының рөлі туралы қорытынды жасауды талап
ететін тиімді жұмыс жасауға, әртүрлі жаратылыстану пәндерінен түсініктемелерді
таңдауға және біріктіруге, осы түсініктерді өмірлік жағдаяттарға тікелей қолдануға
дайын қазақстандық оқушылардың үлесі - жаратылыстану ғылыми сауаттылығын
зерттеуге қатысушылар санының 3,6%-ын құрайды (ЭЫДҰ елдері бойынша
орташа көрсеткіш – 20,5%).
Бұл ретте TIMSS зерттеулерінде қазақстандық оқушылар жоғары нәтижелер
көрсетуде.
Осылайша, Қазақстанның PISA мен TIMSS-қа қатысу нәтижесі республикадағы
жалпы білім беретін мектептер педагогтерінің мықты пәндік білім беретіндігін,
бірақ оны нақты өмірдегі жағдайларда пайдалануға үйретпейтіндігін көрсетеді.
3. Жалпы орта мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту
тетіктері
РІSА зерттеулері бойынша көш басында тұрған елдердің (Австралия,
Финляндия, Жапония, Жаңа Зеландия, Италия, Оңтүстік Корея және т.б.) нәтижесі
көрсеткендей, оқушылардың функциялық сауаттылығын дамытуға мынадай
факторлар әсер етеді:
1) Жалпы орта білім беру мазмұны (ұлттық стандарттар, оқу бағдарламалары);
2) Жалпы орта мектепте оқыту нысандары мен әдістері;
3) Жалпы орта білім алушылардың оқудағы жетістіктерін диагностикалау мен
бағалау жүйесі;
4) Жалпы орта мектептен тыс, қосымша білім беру бағдарламалары;
5) Жалпы орта мектепті басқару моделі (қоғамдық-мемлекеттік нысан,
мектептердің оқу жоспарын реттеудегі дербестігінің жоғары деңгейі);
6) Барлық мүдделі тараптармен әріптестікке негізделген достық қалыптағы білім
беру ортасының болуы;
7) Ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеу процесіндегі белсенді рөлі.
Төменде ұсынылған қазақстандық оқушылардың функционалдық сауаттылығын
дамыту тетіктері жоғарыда аталған факторлар есебінен анықталды.
Жалпы орта білім стандарттарын, оқу бағдарламалары мен жоспарларын
жаңарту
Жалпы орта мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту
қазіргі 11 жылдық сияқты 12 жылдық мектептің Мемлекеттік жалпыға міндетті
білім беру стандартын (МЖБС) жаңарту шеңберінде білім берудің басым
10
мақсаттарының бірі ретінде айқындалады.
Бұл ретте функционалдық сауаттылықты дамыту нәтижесі білім алушылардың
жастарға алған білімдерін практикалық жағдайларда тиімді және әлеуметтік
бейімделу процесінде сәтті пайдалануға мүмкіндік беретін негізгі құзыреттіліктер
жүйесін меңгеруі болып табылады. Негізгі құзыреттілік - бұл мемлекеттің орта
мектепті бітіруші тұлғаның сапасына МЖБС-да және оқу бағдарламаларында
көрсетілген білім беру нәтижелері түрінде қоятын талаптары.
Орта мектепті бітірушінің мынадай негізгі құзыреттіліктері белгіленген:
Басқарушылық (проблеманы шешу қабілеті);
Ақпараттық (өзіндік танымдық қызметке қабілеті немесе өмір бойы білім ала
білуі);
Коммуникативтік (қазақ, орыс және ағылшын (шет) тілдерінде ауызша,
жазбаша және нәтижелі қарым-қатынас жасауға қабілеті);
Әлеуметтік (әлеуметтік өзара іс-қимыл жасауға қабілеті);
Тұлғалық (өзіндік іске асыру, өзін-өзі жетілдіру, өмірлік және кәсіби өзін-өзі
анықтау, төзімді болу қабілеті);
Азаматтық (қазақстандық сана-сезім мен мәдени ұқсастық негізінде өзінің
отаны үшін жауапкершілікті сезіну қабілеті);
Технологиялық (тиімді пайдалану деңгейінде технологияларды, оның ішінде
ғылыми, сандық технологияларды пайдалану қабілеті).
Негізгі құзыреттіліктен басқа жекелеген пәндік салалар шеңберінде пәндік
құзыреттілік: оқу пәні шеңберінде меңгерілген ерекше білім, іскерлік, дағды
ерекшеленеді.
Негізгі және пәндік құзыреттіліктің білім берудің нәтижесі ретінде нақты,
өлшемді, қолжетімді, шынайы және уақыты анықталған болуы қажет.
Оқу бағдарламалары, сондай-ақ, мектеп оқушыларының функционалдық
сауаттылығын дамытуғажәне негізгі, пәндік құзыреттіліктерге қол жеткізуге
бағдарланады.
PISA зерттеуінде табысты елдердің (Оңтүстік Корея, Жапония, Қытай, Гонконг
және т.б.) тәжірибелерін ескере отырып, жоспардың инварианттық (міндетті) және
вариативтік (мектептің таңдауы бойынша) бөліктері арасындағы тиімді
пропорцияны анықтау есебінен оқу жоспарын реттеудегі мектептер дербестігінің
сәйкес деңгейі қамтамасыз етілетін болады. Оқу жоспарлары оқу әдебиетін,
математиканы оқыту және жаратылыстану-ғылыми, ақпараттық, тілдік
сауаттылықты қалыптастыру үшін оқу сағаттарының қажетті санын бөлуді
қарастырады.
Оқыту нысандарын, әдістері мен технологияларын жаңарту
Оқыту нысаны мен әдістерін жаңарту елдегі жалпы білім беретін
мектептерге Назарбаев Зияткерлік мектептерінің (НЗМ) тәжірибесін тарату және
баланың оқуға қызығушылығын тудыратын қазіргі заманғы білім беру
технологияларын пайдалану есебінен қамтамасыз етіледі.
Білім беру нәтижелеріне табысты қол жеткізуді, алған білімін оқу және
11
практикалық қызметте пайдалана алуын қамтамасыз ететін логикалық,
конструктивті және сыни тұрғыда ойлау негіздерін қалыптастыру үшін оқытудың
тиімді нысандары мен әдістері енгізілетін болады.
Жалпы орта мектеп
мұғалімінің кәсіби-жеке тұлғалық құзыреттілігін диагностикалау жүйесі
әзірленетін болады. Мұғалімдердің оқытудың инновациялық әдістерін, қазіргі
заманғы білім беру және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды
пайлануы қолдау табатын болады. Мұғалімдер мен оқушыларға қашықтықтан
білім беру технологияларын пайдалана отырып ең үздік оқытушылардың
сабақтарына қатысу қолжетімділігі ұсынылатын болады.
Интерактивті, инновациялық, жобалық-зерттеу технологияларын, сандық
инфрақұрылымдарды пайдалана отырып, сынып ұжымын жаппай оқыту
нысанынан әрбір білім алушының жеке білім беру аймағын іске асыруға ауысу
қамтамасыз етілетін болады.
Бұл ретте оқушыларға басы артық абстрактілі-теориялық білім мен
тапсырмалар беру жойылады. Ол оқу процесін неғұрлым икемді етіп, практикалық
бағыттауға мүмкіндік береді.
Оқыту нысандары мен әдістерін түбегейлі жаңарту мұғалім мен оқушы
арасындағы әріптестік және достық қарым-қатынастың орнауына ықпал ететін
болады.
Жалпы орта мектеп оқушыларын оқыту нәтижелерін бағалау жүйесін дамыту

процесі оқу қызметінің барлық түрлерінің нәтижелілігін оқу материалын
меңгерудің процесуалды жағын және жеке тұлғалық қасиеттердің пайда болуын
есепке алатын бағалаудың жаңа жүйесін енгізуді айқындайды.
Сырттай бағалау әрбір деңгейді аяқтау бойынша білім алушының оқу
жетістіктерінің мәлімделген нәтижелерге (ҰБТ, ОЖСБ және т.б.) сәйкестігіне,
сондай-ақ халықаралық зерттеулерге (TIMSS, PISA және PIRLS) қатысуы арқылы
жүзеге асырылатын болады.
Іштей бағалау нақты тұлғалық жетістіктерді белгілеу үшін оқу пәні бойынша
оқыту сапасын диагностикалау арқылы және МЖБС өлшемдеріне сәйкестігі
(аралық және қорытынды бағалау) арқылы жүзеге асырылады.
Білім алушылардың өзін-өзі бағалауы өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі
жетілдіру үшін жеке жетістіктерін (білім алушының өзін-өзі бағалауы және
жетістіктерін есепке алуы үшін портфолио) бағалау арқылы жүзеге асырылады.
Критериялық бағалау жүйесі енгізілетін болады: білім алушының оқу
жетістіктерінің МЖБС-да белгіленген мәлімделген нәтижелерге (өлшемдерге)
сәйкестігін бағалау. Бағалауға МЖБС-да және оқу бағдарламаларында мәлімделген
барлық білім беру нәтижелері, сондай-ақ негізгі және пәндік құзыреттіліктер
жатады.
Мониторинг нәтижелері білім алушының функционалдық сауаттылығының
даму динамикасын, мектеп оқушыларының, мұғалімдер мен мектептердің
12
жетістіктерін бағалауды, сондай-ақ стандарттарды, оқу бағдарламалары мен
оқулықтарды жаңарту іс-шараларының тиімділігін қамтамасыз етеді.
Ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбилеуге белсенді қатысуын
қамтамасыз ету
Отбасы балаға жастайынан адами құндылықтарын танытып, саналы және
өнімді өмір сүруге бағдар беруге міндетті. PISA-2009 зерттеуі функционалдық
сауаттылық деңгейіне ата-аналардың балаларды оқыту мен дамыту процесіне
қатысуы оң әсер ететіндігін көрсетті.
Сондықтан да ата-аналардың баланы жақсы тануына, оны түрлі жағдайда көре
алуына, үлкендерге баланың жеке ерекшелігін танытуға, олардың қабілеттерін
дамытуға, өмірлік құнды бағдарын қалыптастыруға, жағымсыз мінезқұлықтарынан арылтуға көмек беруге мүмкіндік беретін функционалдық
сауаттылығын арттыру әдіснамасы әзірленеді.
Ата-аналарды мектеп өміріне белсенді тартуға бағытталған іс-шаралар жүйесі
әзірленеді: қамқоршылық кеңесін, ата-аналар қауымдастығын, ата-аналар
университетін құру. Аталған қоғамдық институт әрбір білім алушының отбасымен
әріптестік қарым-қатынас орнатуға, отбасы мен мектеп мүдделерін өзара қолдап,
ортақ жағдай жасауға әсер етеді. Бұл ретте мектеп есептілігінің және оқушылардың
оқу жетістіктері мен мектеп қызметі туралы қауымдастыққа толық және ашық
ақпарат ұсынудың барабар деңгейі қамтамасыз етіледі.
Қосымша білім беруді дамыту
Білім беру нәтижелеріне қол жеткізуге ықпал ететін факторларға PISA
көшбасшы елдері оқушыларды қосымша біліммен және мектептен тыс
сабақтармен қамтуды жатқызады.
Қосымша білім беру мазмұны жаңаратын болады, балалардың интерактивті
парктерін, технопарктерін, балалардың ғылыми мұражайларын құру арқылы
оқытудың жаңа технологиялары және интерактивтік, инновациялық, ұйымдастыру
нысандары енгізіледі. Сапалы бейінді оқытуды ұйымдастыру үшін жас
техниктердің, натуралистердің, туристердің жұмыс істеп тұрған станциялары
қазіргі заманғы интерактивтік техникамен, жабдықтармен және технологиялармен
жарақтандырылатын болады.
Жалпы орта мектептегі және мектептен тыс ұйымдардағы әртүрлі бағыттағы
үйірмелер, секциялар желісін кеңейту есебінен балаларды қосымша білім берумен
қамту ұлғайтылады. Басты назар ғылыми-зерттеу жобаларына, техникалық
шығармашылыққа, өнертапқыштыққа, модельдеуге, нанотехнологияларға, робот
техникасына, легожобалауға және т.б. аударылады.
Тұлғаның бейімділігін, қажеттілігін қанағаттандыруды, қызығушылығын,
қабілетінің дамуын ескере отырып, білім беру ресурстарына (функционалдық
сауаттылығына) қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін қосымша білім беру ұйымдары
мен жалпы білім беретін мектептердің қызметін біріктіру қамтамасыз етіледі.
Жалпы біріктіру тұлғаның кәсіптік тұрғыда өзін-өзі анықтауына және оқушыда
шығармашылық және инновациялық қызметке деген қажеттілікті қалыптастыруға
13
ықпал ететін болады.
Қосымша білім беру ұйымының әлеуметтік қорғалмаған отбасылардан шыққан
оқушылар мен мүмкіндігі шектеулі балаларды тартуы арқылы әлеуметтік маңызы
артатын болады.
Осылайша, Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі білім беру
мазмұнын жаңарту, оқу бағдарламаларын, оқулықтарды жасау, мұғалімдердің
біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау бағдарламаларын қайта қарау,
оқушылардың алған білімін оқу және практикалық жағдайларда қолдану
қабілеттеріне мониторинг жүргізу бойынша бірқатар пәрменді шаралар
қабылдауы, сондай-ақ мектеп оқушыларын оқытуды барабар материалдықтехникалық, психологиялық-педагогикалық және техникалық жағдайлармен
қамтамасыз етуі қажет.
4. Ұлттық жоспарды іске асырудан күтілетін нәтижелер
Ұлттық жоспарды іске асыру мектеп оқушыларының функционалдық
сауаттылығын дамыту бойынша мемлекеттік органдардың, кәсіби
қоғамдастықтардың, үкіметтік емес ұйымдардың, ата-аналардың қызметін жалпы
үйлестіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Ұлттық жоспардың негізгі орындаушылары Қазақстан Республикасының Білім
және ғылым министрлігі, ведомстволық бағынысты ұйымдары, «Назарбаев
зияткерлік мектептері» ДБҰ, жергілікті атқарушы органдар болып табылады.
Ұлттық жоспарды орындаудың нәтижесінде 2017 жылға қарай қазақстандық
мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін мынадай
жағдайлар жасалатын болады:
1. Ғылыми-зерттеу жағынан қамтамасыз ету:
1) функционалдық сауаттылықты қалыптастыру мен дамытудың ғылымиәдіснамалық негіздері, құзыретті білім беру парадигмасында мектепті басқару
жүйелері анықталды;
2) функционалдық сауаттылықты қалыптастыру мен дамытуға бағытталған ісшараларды ғылыми-зерттеушілік, сараптамалық-талдамалық алып жүру
қамтамасыз етілді;
3) балалардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда мектеп
оқушыларының өмірлік бағдарының мәнін, ата-аналардың рөлін диагностикалау
қамтамасыз етілді.
2. Білім беру мазмұнын жаңарту:
1) мемлекеттік стандарттар мен оқу бағдарламалары функционалдық
сауаттылық пен құзыреттілік тәсіліне бағытталған білім беру мазмұнын
қамтамасыз етеді;
2) оқу жоспарлары тұлғалық жетілуді қамтамасыз ететін білім беру
вариативтілігін, коммуникативті дағдыларды қалыптастыратын білім алудағы
дербестікті, ақпарат пен технологияны пайдалана білуді, проблемаларды шешуді,
іскерлік пен сыни тұрғыда ойлауды қарастырады.
3. Оқу-әдістемелік қамтамасыз ету:
14
1) практикаға бағдарланған оқулықтар әзірленді;
2) жаңартылды, мектеп оқушыларының тұлғалық бағдарын, білім берудің
саралануын, практикалық бағытын, дифференциациасын, тәжірибелік
бағыттылығын қамтамасыз ететін қазіргі заманғы технол

Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)