Материалдар / Мұғалімдердің іс-тәжірибесіне өзгеріс енгізудің тиімділігі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мұғалімдердің іс-тәжірибесіне өзгеріс енгізудің тиімділігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі оқу үрдісінде жеке тұлғаны қалыптастыруда білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдерді ендіре отырып, мұғалімдердің іс-тәжірибесіне өзгеріс енгізудің тиімділігі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Ақпан 2021
422
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазіргі оқу үрдісінде жеке тұлғаны қалыптастыруда білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдерді ендіре отырып, мұғалімдердің іс-тәжірибесіне өзгеріс енгізудің тиімділігі



Кіріспе

Қазіргі қазақстандық білім беру кеңістігіндегі түбегейлі өзгерістер — тарихи объективті процестер. Білім беру саласын реформалаудағы мақсат - білім беру жүйесін қайта қарап, оқушылардың шығармашылық бейімделуіне қарай бағдарлы, сатылы білім алуларына жағдай жасау болып табылады. Бүгінгі таңда оқушының білім сапасын бұрынғыдай білім, білігі және дағдысымен өлшеу жеткіліксіз. Қазіргі талап білім сапасы оқушының алған білімін жеке басының әрі қарай дамуына тұлға ретінде қоғамның өркендеуіне пайдалана білуімен өлшенеді деп тұжырымдалады. "Білімді, білік-дағдыларды механикалық түрде беру емес, ақпараттық-зияткерлік ресурстарды өз бетінше тауып, талдап және пайдалана білетін, идеялардың қуат көзі болатын, жедел өзгеріп отыратын әлем жағдайында дамитын және өзін-өзі ашып көрсете алатын жеке тұлғаны қалыптастыру басымдық болып табылады". Міне, осындай мақсат-міндеттерді орындау үшін оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін, яғни, инновациялық технологияларды қолдануды талап етеді. Бұл бағытта көптеген ізденістер жүргізілуде. Сабақ жүйесін модернизациялау кезінде пайда болған білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер, оқыту мен оқуда оқушылардың құзыреттілігін арттыруға мүмкіндік береді. ХХІ ғасыр жаңа заман талаптарын меңгере отырып, жан-жақты дамыған ғасыр. Ал болашақ жастар сол ғасырды басқарып, меңгеретін тұлғалар. Ол үшін әрбір Қазақстан Республикасының азаматы жан-жақты дамыған, білімді, білгір болуы тиіс. Сол үшін әр оқушының кәсіби құзыреттілігінің толықтай дамуы да маңызды. Ал оқушы құзыреттілігін дамытатын ұстаздар қауымы.


Қазіргі оқу үрдісінде жеке тұлғаны қалыптастыруда білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдерді ендіре отырып, мұғалімдердің іс-тәжірибесіне өзгеріс енгізудің тиімділігі

Білім -бақтың жібермейтін қазығы,

Білімсіз бақ – әлдекімнің азығы.

М.Әуезов

«Бақыт жолы біліммен табылады» деп ойшыл-философ Ахмед Йүгінеки тұжырымдағандай, білім-адамның бойындағы қабілеттерін кеңінен ашуға және пайдалануға, өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруға ықпал ететін құндылық. Білім мен оның дамуы-адамзат өркениетінің өлшемі. Олай болса білім саласы үнемі жетіліп, жаңарып отыруды қажет етеді. Біз өмір сүріп отырған қазіргі кезең-жаңа көзқарасты, жаңашылдықты талап ететін кезең. Соның ішінде білім саласында болып жатқан жасампаз өзгерістердің мәні мен маңызы зор. Қазіргі таңдағы білім беру -сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен нәтижеге бағытталған білім берудегі тиімді педагогикалық технологияларды үйлестіре іске асыру жолдарынының мазмұнды жүйесі. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі –оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Сондықтан қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру 16 мәселесін қойып отыр. Оқытудың әр түрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтердің іс –тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енгізілуде. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс -оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Жүсіпбек Аймауытовтың: «Сабақ беру -үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол үшін жаңадан жаңалық табатын өнер», -деген ұлағатты сөзіне сай әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, дәстүрлі сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай нәтижеге бағытталған педагогикалық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Тәуелсіз елдің тірегі –білімді ұрпақ. Білімді ұрпақ жеткізу ұстаздың міндеті. «Болашаққа болжам жасау үшін өткен тарихыңа көз сал» –деген халық даналығына жүгінсек қазақ елі өз тәуелсіздігін алғанға дейінде көптеген тар жол тайғақ кешулерді бастан кешірген. Намысы мен өресі биік ұлтжанды азаматтарының арқасында өз білімдерін жойған емес. Керісінше кез-келген қиындыққа қасқая тұрып ұлт сауаттылығы мен дәстүрін, ділі мен дінін қатар сақтаған. Өз заманының білім шамшырағын алғаш жаққан Ы.Алтынсарин «Маған жақсы мұғалім бәрінен қымбат, өйткені мұғалім мектептің жүрегі» –деп ұрпақ болашағының тірегі ұстаз екендігін айқындап кеткен. «Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет» –деп ұлы ғұлама Ш.Уәлиханов айтқандай бүгінде азаттығын алған қазақ еліде өзінің өркендеп өсуі үшін білім саласына көптеп назар аударуда. Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігі білім беру жүйесін, білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды, іскерлікке қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке-ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам қарқынмен өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады. Мектеп бағдарламасында көрсетілген білімдермен дағдыларды оқушыларға меңгертумен, оқытудың мақсаттары толық орындалады деп айтуға болмайды. Өйткені, оқуды сүйетін оқушылардың білімін тереңдетіп, дағдыларын дамытумен қатар, үлгермеуші балалардың ынта-ықыласын көтеріп, олардың пәнге деген қызығушылығын арттыруымыз керек. Бұл міндетті нәтижелі шешудің бір жолы – сабақтарда жаңа тәсілдерді ендіріп, сабақ барысын дұрыс ұйымдастыра білу. Әрине ол мұғаләмнің теориялық және әдістемелік дайындығының дәрежесіне және оның жан-жақты болу шеберлігіне байланысты. Пәнді оқыту үрдісіне байланысты мұғалімнің басшылығымен өзгеруге тис болған жайт, ол сабатардағы жаңа тәсілдер. Сабақ құрлымын жаңартылған білім мазмұнына сай жүргізгенде мұғалім негізінен мынадай мақсаттарды жүзеге асыруды көздейді.

Мақсаты:

  • Әр оқушының өз қажеттілігі мен мүмкіндігіне сай білім алу құқығын қамтамасыз ету.

  • Оқушылардың білімдерін өмірде тиімді қолдануға үйрету.

  • Оқушылардың физикалық, психологиялық, адамгершілік тұрғыда  жетілуін қамтамасыз ету.

Міндеті:

  • Баршаға бірдей сапалы білімге қол жеткізу.

  • Пәнді оқытуда жан- жақты және терең меңгеруі негізінде, білім алушылардың дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру.

  • Оқушылардың бойында шығармашылық және инновациялық қызметке деген қажеттілікті қалыптастыру.


Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім беру жүйесі өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі –оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық технологияларды сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Жаңа педагогикалық технологияны сабақтарға ендірудің үлгісі ретінде мектептерде түрлі іс-шараларды ұйымдастырудың қажеттігі туындап отыр.

  • Мектеп басшылығымен мұғалім арасындағы қарым-қатынасты жүйелеу

  • Ұстаздардың білімдерін жетілдіру

  • Семинар кеңестер өткізу

  • Коучингтер өткізу

  • Әдістемелік кеңес ұйымдастыру

  • Жас ұстаздарға арнайы тренингтер өткізу

  • Мектеп оқушыларынан сауалнамалар алу, алынған сауалнаманы саралап нәтижесін шығару

  • Мектеп мұғалімдерін өзін-өзі бағалай алуға дағдыландыру


Жаңаша білім беру технологиялары ескі бағалау жүйесімен үйлесе алмайтыны белгілі. Оқытуда зерттеушілік іс-әрекеттердің кеңінен қолданылуы қазіргі талаптарға сай келетін жаңаша бағалау жүйесін қажет етеді. Мұғалім өзін-өзі талдау мен рефлексия жасау тәжірибесін үйренуі, оқу үдерісі ғана емес, бағалау үдерісінің де белсенді қатысушы болуы керек. Бұл жағдайда өзін-өзі бағалауға баса назар аударылуы керек. Мұғалім өз жұмысына сәйкесті баға қоя алуы үшін ол жұмыс эталондарын білуі тиіс. Ол эталон түсінікті тілмен, нақты тәтпіштеп жазылған болуы шарт. Мұндай мүмкіндікті критериалды бағалау жүйесі ғана береді. Бағалау өлшемдері өте көп және олар мұғалімнің тұлғасына, пәннің ерекшелігіне, мектептің жағдайына байланысты өзгеріп отырады. Қазіргі таңда мұғалім өзін-өзі бағалаумен қатар, оқушылардың оқу нәтижелерін бағалау оқу үдерісінің маңызды жақтарының біріне айналуда. Оқушыларды қалыптасып қалған дәстүрлі бағалаудан гөрі, критерийлер арқылы бағалаған тиімді екендігін өз тәжірибемнен байқап жүрмін. Алдын ала қойылған рубрикалар оқушыларға не үшін оқйтынын көрсетсе, критерийлер оқушы нені үйрену керектігін байқатады, ал дескрипторлар оқушы қалай жоғары нәтижеге жете алатындығын көрсетеді. Критериалды бағалау – оқушыға білімін тереңдетіп, ізденімпаздыққа баулиды. Критериалды бағалауды мектебімізде қолданылып жатқанына аз уақыт болсада, ол өз табыстылығын беруде. Мектеп мұғалімдерінің ұстанымдары өзгеріп, әр сабаққа критерий қою, оқушы мүмкіндігін бағалауда оң тәсілдің бірі екендігін айтуда. Оқушы білімін дәстүрлі бағалау тәсілімен бағалау барысында, оқушыға жеткілікті көңіл бөлмейтінімізді аңғартады. Мұны өз тәжирибемізден де байқауға болады. Біз оқушыға тек «3» деген өтірік баға қою арқылы балалардың сабaққа ынтасын жойып aлғандығымызды мойындауға тиіспіз. Рас, менің мектебімде мұғалім балаға берген білімін қайтып алғанда ғана «5» деген баға қойылытыны белгілі. Бұл оқушы мүмкіндігін шектеп, ары қарай білімін тереңдетуге жол бермейді. Оқушылар үшін «5» деген баға білімнің биік шыңы іспеттес. Керісінше сабақ критерийлер қою арқылы бағаланса, мұнда оқушы ары қарай ізденуге тиіс екенін біледі. Білім алуға деген құлшынысы оянып, сабаққа қызыға бастайды. Нәтижесінде критериалды бағалау- оқушы мүмкіндіктерін арттыруға жол ашады. XXI ғасырда болашақ мамандарды даярлау, олардың кәсіби бейімделуін қалыптастыру мәселелері –кезек күттірмейтін өзекті қоғам талабы. Технологияның өлшемдері оқытудың әдістемелік мақсаттары, оқыту үрдісі, оның міндетттерін анықтай алуы, оқытудың нәтижесін болжай алуы және психологиялық -педагогикалық білімдерді меңгерумен анықталады. Оған болашақ маманның біртұтас оқу-тәрбие үрдісінде сабақты тиімді ұйымдастыра білуі, оқушылармен ынтымақтастық қарым-қатынасты жүзеге асыра алуы, біртұтас педагогикалық үрдісті диагностикалай алуы және сабақтың нәтижесі жоғары болатындай ең тиімді педагогикалық технологияны таңдай алуы қажет. Педагогикалық технологияны жүйелі ұйымдастыруда сыныптан тыс жұмыстардың маңызы зор.

Сыныптан тыс жұмыстар екіге бөлінеді.

Оқу бағдарламасының ауқымына кіретін сыныптан тыс жұмыстар. Оған пәнге қатысты жүргізілетін қосымша жұмыстар жатады:

  • Пәнге тікелей қатысты жұмыстар

  • Есептер шығару

  • Картамен жұмыс жүргізу

  • Мектепішілік олимпиада өткізу

  • Мектепішілік ғылыми жұмыстардың байқауын өткізу

  • Реферат – баяндамалар жаздырту.

Мұндай жұмыстар оқу материалының қалыпты және нәтижелі өтілуіне, оқушылардың білімдері мен дағдыларының жүйелі түрде сапалы қалыптасуына, сынып оқушыларының жалпы үлгерімін жақсартуға көмектеседі.

Оқу бағдарламасының шеңберінен тыс жататын жұмыстар. Олар пәнге тікелей қатысы бола бермейді. Бұл оқушылардың өздерінің еркі мен тілегі бойынша ұйымдастырылуы керек. Мұның жүйесіне мынадай жұмыстар жатады:

  • Мектепішілік кеш өткізу

  • Пән апталығын өткізу

  • Реферат жаздырту

  • Үйірме жұмыстарын жүргізу

  • Зерттеулер мен ғылыми жұмыстар жүргізу

  • Конференциялар өткізу т.с.с.



Оқушылардың қатысуымен сыныптан тыс өткізілетін жұмыстар олардың жеке, топ болып, жаппай бәрі араласып істелінетін жұмыстар 3-ке бөлінеді. Сыныптан тыс жұмыстар мұғалімнің дайындық дәрежесіне және әдістемелік бейімділігіне, оқушылардың тілегіне, мектеп төңірегіндегі өндірістік нысандарға, мамандық таңдауға кәсіби бағдар беру мүмкіндігіне байланысты өтіледі. Сныптан тыс жұмыстар үйірме түрінде ең көп, әрі жүйелі өткізіледі. Үйірме жұмысы барлық пәннен мектеп бойынша жоспарлануы қажет. Үйірмелер мынадай әдістемелік талаптарға сай ұйымдастырылады: Үйірме жұмыстары туралы ұсыныс – тілекті оқушылардың өздерінің бергені дұрыс. Үйірмеге оқушылар өз қалауымен қатысқаны дұрыс. Төменгі және жоғарғы сынып оқушылары үшін бөлек – бөлек үйірме топтары болғаны жөн.Үйірме сабақтарын оқу бағдарламасының міндетін атқармайды. Үйірме жұмыстары жоспарлы түрде жыл бойы жүргізілуі тиіс.

Қорытынды: «Сіздер қалай білім берсеңіздер, Қазақстанның болашағы сондай болмақ» деп Н.Ә.Назарбаев айтқандай, үнемі жаңашылдыққа ұмтылып, сапалы білім арқылы еліміздің кірпіші болып қаланар саналы ұрпақ тәрбиелейік, әріптестер!











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!