400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мұғалімдердің жиынтық бағалауды мектепте қолдануы

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫ МЕКТЕПТЕ ҚОЛДАНУЫ


Мұғалімдер оқушылардың үйренгенін үнемі жинақтап отырады, өйткені, оқушылардың оқу үлгерімін тиімді бағалауды түсіну олардың бұдан былайғы оқуда алға жылжуларының ажырамас бөлігі болып табылады. Бірақ бұл сыныпта қолданылатын бағалаудың жалғыз тәсілі емес. Оның ата-аналар үшін баланың оқу үлгерімі бойынша есеп беруде, оқушыны белгілі бір сыныпқа бөлу кезінде мектеп басшысына көмек көрсетуде; оқушыға оқу барысында қосымша сабақтарды таңдауда көмек көрсетуде; сыртқы біліктіліктің барлық немесе жеке құрылымдарын қалыптастыруда; оқушылардың мектепте жеткен нақты жетістіктері туралы ақпарат беру мақсатында қолданылуы орынды.

Ақпараттың сенімділігі мен дұрыстығы мұғалім өткізетін жиынтық бағалаудың негізгі ұстанымы болып табылады. Сенімділік оқушының оқу үлгерімі туралы шынайы және толық ақпарат беру дәрежесін білдіреді, ал дұрыстығы бағалау үшін маңызды және түбегейлі болып табылатын барлық тұстарды бағалауды талап етеді.

Оқушының еңбегін бағалау жөніндегі мұғалімнің пікірі маңызды болып табылады, әрі дәлел ретінде кеңінен қолданылады. Түптеп келгенде, бұл мектептен тыс агенттіктер әзірлеген қандай да бір бағалаудың әдістеріне қарағанда, мұғалімнің оқушылар жұмысын айтарлықтай мұқият бағалау қабілеттілігімен түсіндіріледі. Бұл бағалау сенімділігін (бағалаудың сырттан әзірленген әдістеріне қарағанда, айтарлықтай көп ақпарат ұсынады), бағалаудың дұрыстылығын да (дәлелдеудің жеткілікті ауқымын) қамтамасыз етеді.

Ақпараттың дұрыстығы мен барынша сенімділігі бірігіп, бағалау үдерісіне кепілдік беріп, оның сенімділігін арттырады.

Бағалау сенімділігі әділетсіз немесе бір жақты бағалауды, мұғалімдер қолданатын үлгілердің алуандығын, түсіну мен машықтардың маңызды аспектілері туралы ойлау қабілетсіздігі сынды мәселелерді жоюға мүмкіндік береді.

Сыныпта жиынтық бағалау жүйесін әзірлеуде бағалау нәтижелерін пайдалану әдістерін ескеру қажет: мақсатты түрде пайдалану немесе фактілерге негізделген бағалау (кейде мақсатсыз) ретінде пайдалану.

Сыныптағы сапалық жиынтық бағалау келесі мәселелерді көздейді:

  • оқушыларды өздерінің оқу үлгерімін қадағалап отыруға қатыстыру;

  • мұғалімнің оқушы ұмтылатын келешек мақсаттарды нақты қалыптастыру қажеттігін түсінуі және қалыптастыра білу қабілеті;

  • оқушының еңбегін бағалауда мұғалімнің әр түрлі әдістерді пайдалана білуі;

  • мұғалімдердің оқу барысы мен нәтижелерін жазбаша белгілеп отыру қажеттігінсіз, әрбір оқушының оқу үлгерімін бақылауға мүмкіндік беретін есептілік үдерісін іске асыруы;

  • мұғалімнің әрбір оқушымен тіл табыса алу қабілеті.


Жалпы мектепішілік сапалық жиынтық бағалау келесі мәселелерді көздейді:

  • мұғалімнің өзі жауап беретін оқушыларының еңбегі туралы есепті жүйелі түрде беріп отыру;

  • пікірлердегі сыңаржақтылықты жою мақсатында, мұғалімдер қолданатын стандарттардағы айырмашылықтарды жою;

  • мұғалімнен алған жиынтық бағалау нәтижелерін мектепте ойластырып қолдану (іске немқұрайды қарамау);

  • ата-аналарға/қамқоршыға оқушының оқу үлгерімі туралы ақпаратты беру жауапкершілігі.

Әділ бағалауды қамтамасыз ету мақсатында, сыныпта осы рәсімдерді жүргізуге қажетті тестілер мен тапсырмалардың сапасына ерекше назар аудару керек. Мысалы, орта білім беретін мұғалімдердің көбісі оқулықтан немесе өткен емтихан тапсырмаларынан алынған тест сұрақтарын пайдаланады.

Сыныпта күнделікті бағалау үдерісі үнемі арнайы тапсырмалар мен тестілер әзірлеуді қажет етпейді. Көптеген жағдайларда оқушылардың оқу үлгерімін күнделікті сабақ уақытында бағалап, солардың негізінде қорытынды бағалауды жасаған да жеткілікті.

Осы бағалау нысаны ортаңғы сыныптар мұғалімдеріне қарағанда, әрбір оқушының жетістігі туралы ақпаратты жүйелеуге мүмкіндігі мол бастауыш сынып мұғалімдері үшін қолайлы.

Бағалау нәтижелері ең басында сынып немесе мектеп ішінде пайдалануға арналған жағдайда бағалау сенімділігі соншалықты талап етілмейді. Сондай-ақ, негізгі мақсат алдағы оқуда неге көңіл аудару қажеттігін анықтау болса, күн сайынғы жиынтық бағалауды реттеу қажет емес.

Ақпараттың сенімділігі мен дұрыстығы бағалау нәтижелері сырттай пайдалануға арналған жағдайда ғана қажет.

Қорытынды бағалауды сапалы жүргізу мұғалімдерден жоғары шеберлікті талап етеді.

Сонымен қатар, мұғалімдердің қалыптастырушы бағалауы жиынтық бағалау талаптарымен бұрмаланбауы керек, ал бұл өте күрделі іс.


Дереккөз:

Black P & Wiliam D (2007). Large-scale Assessment Systems: Design principles drawn from international comparisons [Ірі көлемді бағалау жүйелері: қағидаттары халықаралық салыстырмалардан алынып жасалған]. Measurement, 5 (1): 1-53.

Issue 1

Date: 16/12/2011

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 наурыз
839
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі