Материалдар / Мұғалімдерге арналған коучинг жоспары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мұғалімдерге арналған коучинг жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне , әдістемелік нұсқаулық
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Мамыр 2020
8604
8 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау

85 мектеп- лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған семинар


Мақсаты: Білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау туралы түсінік қалыптасады. Жаңартылған білім беру мазмұнын техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне енгізу.

Керекті жабдықтар: интерактивті тақта, ватман, маркер


Семинар барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

І.

1. Амандасу

Армысыздар, құрметті біздің қонақтар,
Қадірлі де ұлағатты ұстаздар.
Хош келдіңіз бүгінгі біздің сабағымызға,
Бас иіп, сәлем бердік баршаңызға!

2. Психологиялық ахуал туғызу.

1.Смайликтер арқылы көңіл-күйді білдіру.

Бүгін сабағымызда  жақсы,  нәтижелі жұмыс істеу үшін,  бір-бірімізге  жақсы  тілегімізді  смайликтен бастайық.

2.Оқытушыларды топқа бөлу.

Кеше үйлеріне қонақ келген оқытушылар –бірінші топқа барады

Демалыс күні  қонаққа барған оқытушылар –екінші топқа барады

Үйлеріне  қонақ келгенді  жақсы көретін оқытушылар  үшінші топқа барады


ІІ.

1. "Көшбасшы" туралы бейнеролик көрсету.

2. Бейнероликті талқылау.

- Нені байқадыңыздар?

- Бұл бейнероликтің бізге қандай ой береді?

- Білім алушылардан ХХІ ғасырда қандай дағдылар талап етіледі?

- Неліктен олар білім алушылар үшін соншалықты маңызды?

3. ХХІ ғасырдың дағдылары

  • Зерттеу дағдылары;

  • Проблемаларды шешу;

  • Сын тұрғысынан ойлау;

  • Өз бетінше оқу;

  • Ынтымақтастық;

  • Деректерді өңдеу;

  • Жасау және жобалау;

  • Тәжірибелік дағдылар.


- Құрметті оқытушылар, бүгінгі семинардың тақырыбы: "Білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау"











Негізгі бөлім

І. Глосариймен жұмыс

Сәйкестендіру

Оқу нәтижелерін бағалау

Жоспарланған оқу мақсаты мен күтілетін нәтижелерге сәйкес оқушылардың жеткен нақты нәтижелері деңгейін белгілейтін үдеріс

Критериалды бағалау

Құрастырылған критерийлер негізінде оқытуда күтілетін нәтиже мен оқушының нақты жеткен жетістігін сәйкестендіретін үдеріс

Қалыптастырушы бағалау

Оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін және оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкіндік беретін бағалаудың түрі

Жиынтық бағалау

Белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан, триместр, оқу жылы, орта білім беру деңгейі) аяқталғанда оқу бағдарламасындағы бөлімдер/ортақ тақырыптар бойынша балл және баға қою арқылы өткізілетін бағалау түрі

Бағалау критерийлері

Оқушылардың оқу жетістіктері деңгейлеріне сәйкес өлшейтін өлшеуіш, негіз, белгі

Оқу нәтижелерінің деңгейі

Оқушының оқу жетістігінің мәні, дамуы, шама деңгейі

Түрлі деңгейдегі тапсырмалар

Оқушының қабілетін есепке ала отырып, дифференциациялық оқытуды ұйымдастыру үшін қолданылатын күрделілігі түрлі деңгейдегі тапсырмалар

Дескриптор

Тапсырмалар бойынша оқушылардың орындаған жұмыстарының сапасын көрсететін сипаттама

Модерация

Бағалаудың анықтығы мен дәлдігін қамтамасыз ету үшін қойылған балдарды стандарттау мақсатында тоқсандық жиынтық бағалау бойынша оқушылардың жұмыстарын талқылап қарастыратын үдеріс

Оқушы портфолиосы

Оқытудың белгілі бір кезеңінде оқушының оқу жетістігінің жеке және жинақталған бағаларын тіркейтін тәсіл

Мұғалім портфолиосы

Пән бойынша бағалау мен оқытудың тәжірибесін көрсетуді, материалдарды жинақтауды тіркейтін тәсіл

Кері байланыс

Белгілі бір оқиға немесе әрекетпен келісетінін не келіспейтінін ұғыну, түсінуге қатысты шаралар, белгілі бір оқиға немесе әрекетке жауап беру, үн қату, пікір білдіру

Ортақ тақырып

Нақты пән бойынша оқу мақсаттарына жету үшін түрлі пәндер аясында білімі мен білігін біріктіретін құрал ретінде пайдаланылатын мазмұнды бірыңғай ортақ компонент

Ойлау дағдыларының деңгейі

Оқу мақсаттарының иерархиялық өзара байланыстағы жүйесі. Оның әрбір деңгейі ойлау дағдыларын анықтауды қалыптастыруға бағытталған.



- Әріптестер, бағалау не үшін қажет?


Оқу жетістігін бағалау - білім алушының оқу мақсаттарына сәйкес жоспарланған білім беру үдерісін реттеу және түзету арқылы нақты қол жеткізген нәтижені белгілеу үдерісі.


Психолог Б.Г.Ананьевтің* зерттеу жұмысына сәйкес:


«Бағаның болмауы … бағаның ең нашар түрі болып табылады, себебі бұл бағыт беретін әсер емес, керісінше бағыт бермейтін әсер, адамды субъективті түсіндірілген тұспалдарға, жартылай түсінікті жағдайларға, педагог пен оқушылардың мінез-құлқына негізделуге мәжбүрлейді».


- Мектепішілік бағалаудың халықаралық тәжірибелеріне талдау
(Финляндия, Сингапур, Англия, Гонконг, АҚШ, Жаңа Зеландия, Канада, Аустралия, ТМД елдері және т.б.)


- Критериалды бағалаудың басты қағидаттары

  • Бағалау білім беру жүйесінің міндеттеріне негізделеді. Бағалау жекелеген мақсат емес. Ол жалпы білім беруді жетілдірумен қатар әрбір оқушының оқу жетістіктерін жақсартудың тиімді жолының бірден бір механизмі. Білім беру жүйесінің міндеті тек қана нені бағалауды анықтау емес, бағалауды қалай өткізуді анықтау.

  • Бағалау шынайы, валидті, сенімді және айқын болады. Ол бағалау рәсіміндегі ақпараттың сенімді және рас болуын қамтамасыз етеді, сонымен қатар тапсырмалар мен тиісті критерийлер оқушылардың күтілетін нәтижелерге қол жеткізгендіктерін бағалайды.

  • Бағалау білім беру мазмұнының құрамдас бөлігі. Ол оқу мақсаттары және күтілетін нәтижелермен тығыз байланысты. Оқу мақсаттарының түсінікті болуын және бағалау рәсімдерінің барлық түрлерінің (қалыптастыру, жиынтық) оқу бағдарламасының мазмұнымен сәйкестігін қамтамасыз етеді.

  • Бағалау қолжетімді, түсінікті және ашық. Ол пайдалы ақпараттың уақтылы жетуіне, оқушылардың өзіндік қадағалайтын тәртіптерін дамытуға және аталған үдеріске қатысты барлық жауаптылардың жауапкершілігін арттыруды қамтамасыз етеді.

  • Бағалау үздіксіз үрдіс, ол өзін-өзі машықтауды талап етеді, оқушылардың оқу жетістіктерін қадағалауды және одан әрі дамып қалыптасудың жеке траекториясын жасауды қамтамасыз етеді.

  • Бағалау мектептің, педагогикалық ұжымның, оқушылардың даму бағытын анықтайды және жетекшілік етеді. Бұл әр қатысушының жауапкершіліктері мен өз қызметтерін жүзеге асыруға ықпалын тигізеді.

-


Теориялық мәліметті топтарда талқылау

1-топ. Қалыптастырушы бағалау

2-топ. Жиынтық бағалау

3-топ. Тоқсандық жиынтық бағалау


Топтық жұмыстарын қорғайды.


- Әріптестер, енді осы жиынтық бағалауларды өзімізге қолдансақ қалай болар еді?

Мен сіздерге НО-2-18 тобының "Кәсіби қазақ тілі" пәні бойынша 10 бөлім бар. Яғни әр бөлімнен жиынтық бағалау алыну керек. Қазір біз жиынтық бағалау үлгісін сіздермен орындап көреміз.




Жаңа білім мен тәжірибені қолдану

«Қонақжайлылық» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау

Бөлімше Оқылым

Жазылым

Оқу мақсаты

Мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау

Күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға бейімделу

Бағалау критерийі Білім алушы

Тақырып пен тірек сөздерге сүйеніп, мәтіннің мазмұнын болжайды

Тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді

Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану

Орындау уақыты 20 минут

Тапсырма

1. Мәтінге ат қойыңыз.

Қонақты үй иесі қарсы алып, есікті өзі ашып, үйге енгізіп, соңынан өзі кіріп есікті жабады. Бұл – қонақпен еріп келген «құт», «ырыс» бірге кірсін дегені. Ал қонақты шығарып саларда, есікті қонақтарға аштырып, соңынан өзі жауып шығатын болған. Осы күндегідей қонақтарға есікті ашып, іштен жауып алу деген болмаған.

Қазақ халқы қонақтарды «арнайы қонақ» (қонақ), «құдайы қонақ» (жолаушылап келіп, түстеніп не бір күн түнеп шығатын қонақ), «қыдырма қонақ» (алыстағы ағайын, туған туыстарын арнайы іздеп келіп, бір немесе бірнеше күн олардың сый-кұрметін көріп қайтатын қонақ), «қылғыма қонақ» (қай үйден түтін шықса, қай үйге қонақ келсе, соны андып жүріп келе қалатын сүйкімсіз қонақ) деп бөлген.

Келген қонақтармен жөн сұрасқаннан кейін үй иесі қонағына ең жақсы тамақтарын беріп, риза етуге тырысады. Ең алдымен қонақтарға сусын (қымыз, шұбат және басқа) беріледі. Содан кейін шай ішіледі. Шайды дәмділеп құю, қонақтарға орнымен сый-сыяпат көрсету сол үйдегі әйелдер мен бойжеткен қызға үлкен сын болған. Шайды дәмділеп құйып бере алмаған бойжеткен қыз тәрбиесіз саналып, әңгімеге ұшыраған.

Шай ішілген соң асқа дейін қонақтардың көңілді отыруына, яғни олардың бабын табуға үй иесі бар жағдайды жасайды. Ол үшін үй иесі әңгіме-дүкен құрып, қонақпен бірге отырады. Реті келсе, ауылдағы әнші, күйшілерді шақыртып, әңгіме арасында қонақтардың көңілін көтереді.

Үй иесінің балалары да аяғынан тік тұрып қонақтарға қызмет көрсетеді. Қонақ күту – халқымыздың ең жауапты ісі.


«Попс» формуласы бойынша тақырып бойынша өз ойыңды жаз.

1.“Менің ойымша, ....”

2.“Себебі, мен оны былай түсіндіремін ....”

3.“Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдеймін ...”

4. “Осыған байланысты мен мынандай қорытынды шешімге келдім ....

2. Сәйкестендір


Қонақ түрлері:

Арнайы 

түтіні түзу шыққан үйді аңдып жүрген сұғанақ, сүйкімсіз қонақ.

Құдайы

ерігіп, желігіп, үйден – үйге қыдырып жүрген сандалма қонақ.

Қылқима

алыстан арнайы келген, жақын туған – туыс, сүйікті дос, жақсы жолдас.

Қыдырма 

өзің танымайтын, білмейтін, шалғай елден жолаушылап жүріп ат басын тірей қалған бөгде адам.

Құтты қонақ.

Көшіп келген отбасын құрметтеп, ерулік асқа шақырылған қонақ.

Ерулікті қонақ

жолаушылап келіп, түстеніп не бір күн түнеп шығатын қонақ



3. Қонақ күту ережесін дұрыс орналастыр.

1.Нашар мінез көрсетпеу керек.

2.Киінуіне, шешінуіне көмектесу керек.

3.Мол дастархан жаю керек.

3.Көңілін сұрау керек.

4.Жылы қабақпен қарсы алу керек.

5.Сыпайы болу керек.


4. Қадір Әлінің «Қазақтарды шетелдіктерге таныстыру» өлеңін тыңдап, қазақ халқына тән қасиеттерді теріп жаз.

Ат мінгізіп, жібек шапан жабады" деген сөйлемдегі етістіктерге морфологиялық талдау жаса.


Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Тақырып пен тірек сөздерге сүйеніп, мәтіннің мазмұнын болжайды


1

Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды

Негізгі ойды түсіндіре алады

Мысалдар келтіре алады

Өз ойын қорытындылай алады

5

2

Әр дұрыс сәйкестікке

1 балл қойылады.

6

Тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді


3

Әр дұрыс сәйкестікке

1 балл қойылады.

5

4

Өлеңнен қазақ халқына тән қасиеттерді теріп жазады.

Сөйлемдегі етістіктерге морфологиялық талдау жасайды.


4

Барлығы

20








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!