Мұғалімдерге арналған психологиялық тренинг

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мұғалімдерге арналған психологиялық тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Педагог-психологтарға қашықтан ұжыммен өткізуге болатын жұмыс жоспары.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Қашықтан Zoom платформасында мұғалімдермен өткізілген психологиялық тренинг.

Педагог-психолог: Ермекжанова Зауре Жанболатовна

Тақырыбы: «Әр мұғалім –шығармашыл тұлға»

Мақсаты: Мұғалімдерге қашықтан оқу кезінде психологиялық қолдау жасау. Шығармашылық қабілеттерін бағалай білуге, өздерінің психикалық күйіне көңіл бөлуге шақыру.

Қатысушылар: мұғалімдер

Тренинг жоспары:

  1. «Мен – үйде» және «Мен – жұмыста» жаттығуы (10 минут)

  2. «Сарқырама» релаксациялық жаттығуы

  3. Психогеометриялық тест

  4. «Ғажайып фигура» қиял деңгейін анықтауға арналған жаттығу

  5. Рефлекция



Кіріспе сөз. Психикалық саулық — өнімді іс-əрекет нəтиже болып саналатын психикалық функциялардың табысты орындалуы, басқа адамдармен қарым-қатынас орнату жəне өзгерістерге бейімделе алу қабілеті, жайсыздықтарды жеңе алу. Психологиялық дені сау адам шығармашыл, жарқын, көңілді, ашық, өзін жəне қоршаған əлемді ақыл-парасатымен ғана емес, сонымен қатар сезімдер мен интуициясы арқылы да танушы адам. Ол өзін толығымен қабылдайды жəне оны қоршаған адамдардың құндылығы мен бірегейлілігін толық мойындайды. Психологиялық саулық жеке адам мен қоғам сұраныстарының арасында үйлесімділікті қамтамасыз ететін, тұлғаның өзінің өмірлік міндеттерін орындауға бағдарлануының алғышарты болып табылатын, адамның психикалық қасиеттерінің динамикалық жиынтығын білдіреді.

  1. «Мен – үйде» және «Мен – жұмыста» жаттығуы

«Мен – үйде» «Мен – жұмыста»

Бақыттымын жиі қобалжимын

Жан дүнием үрей бар

тыныш







Қазір сіздер парақты екі бағанға бөліңіздер. Бірінші бағанаға «Мен үйде» деп, ал екінші бағанаға «Мен жұмыста» деп жазыңыздар. Осы екі бағанға мінез-құлықтарыңыз, эмоциялар мен сезімдер, жүріс -тұрыстарыңызды жазыңыздар.

Талқылау:

1. Қай бағанды толтырған оңайға соқты? Қай баған ұзақ уақыт алды ?

3. Не себепті айырмашылықтар болады?

2. «Сарқырама» релаксациялық жаттығуы

Мақсаты: қатысушылардың өздерін сергек сезінуіне көмектесу

Талдау: Қандай сезімде болдыңыз? Не сезіндіңіз?

Бұл техника денедегі қысымды түсіруге бағытталған, музыкамен орындалады.

«Ыңғайлы отырып, көзіңізді жұмыңыз. Бірнеше рет терең тыныс алыңыз. Өзіңізді сарқыраманың жанында тұрмын деп елестетіңіз. Бірақ бұл басқа сарқырамаларға ұқсамайтын ерекше сарқырама. Судың орнына бұл сарқарамадан жұп-жұмсақ аппақ жарық ағуда. Енді өзіңізді осы сарқыраманың астында тұрмын деп ойлаңыз және осы сарқырамадан сіздің басыңыздан төмен қарай ақ жарықтар ағып жатыр деп ойлаңыз… Өзіңіздің маңдайыңыз, бетіңіз бен мойныңыздан ағып жатқан ақ ұлпа жарықты сезініңіз… Ақ жарық сіздің иықтарыңыз бен арқаңыздан ағып жатыр, бұл сізге өзіңізді жайлы сергек сезінуіңізге көмектеседі. Арқаңыздан аққан ақ жарық сіздің арқаңыздағы ауыртпалықты алып кеткендей болады…

Жарық сіздің қолдарыңыз бен алақандарыңыздан және саусақтарыңыздан ағып жатыр. Сіздің қолдарыңыз бен алақандарыңыздың жұмсақ әрі сергек болғандығын сезіндіңіз. Жарық сіздің аяқтарыңыз бен өкшеңізден ағып кетіп жатқандығын сезіндіңіз. Бұл жарық сіздің денеңіздегі қысымды өзімен бірге алып кетіп, денеңізді жұп-жұмсақ әрі сергек етуде. Сіз өзіңізді жайлы сезінудесіз, сіздің денеңіз жағымды күштер мен қуаттарға баюда…Ал енді, сіздің бойыңызды таратқан сарқырамаға өз алғыстарыңызды білдіріңіз. Денеңізді тік ұстап, көзіңізді ашыңыз.



  1. Психогеометриялық тест. 1978 жылы әлеуметтік-психология маманы Сьюзан Деллингер ұсынған психогеометриялық тест.

Әр қатысушы өзі таңдаған фигураға байланысты мінездемесі оқылады.

Шаршы – Шыдамдылық пен ұстамдылық сіздің мықты маман болуыңызға септігін тигізуде, ұйымдастырғыш, нұсқаушы, ақпаратқа байқампаз, хабаршыл, жазбаша сөздікке ынталы, ұқыпты, тазалық сүйгіш, сақтанғыш, кейде суық, тұйықтау, қырсық, табанды, еңбексүйгіш, бас саясаткер, достары мен таныстары шағын, еңбекқор адам.

Үшбұрыш – көшбасшы, лидерліктің белгісі, билікке талпынғыш, тазалықты сүйгіш, жеңісе құмар, өз-өзіне сенімді, шешім қабылдағыш, батыл, сезімі күшті, энергиясы жеткілікті, қауіп-қатерге жақын, шыдамсыз ,саясаткер, сөз тапқыш, ортадағы қарым-қатынасы кең, жақын достары мен ортасы шағын, көшбасшы адам.

Тіктөртбұрыш – көңіл-үйі өзгермелі, өзін-өзі бақылауда ұстауы қиындау, қозғыш, көп нәрсені білгенді ұнатады, батыл, өзін-өзі төмен бағалайды, Сенімсіздік жиі кездеседі, басқаларға сенгіш, жылдам, көңіл-күйі жылдам өзгереді, дау-дамайдан қашады, тиянақсыз, ізденімпаз адам.

Дөңгелек – қарым –қатынасты жоғары бағалайтын, өзгелерді қадағалайтын, кең пейілді, түйсігі жақсы дамыған, шыдамды, эмоцианалды, сезімтал, сенгіш, шешімді ұзақ қабылдауы мүмкін, бас саясаткер, әңгіме айтқанды ұнатады, біреуді көндіре алады, өзгелерге көзқарасын дәлелдей алады, өткен өміріне көп көңіл бөледі, көпшіл, ынталы, достары мен таныстары көп, мейірімді адам.

Зигзаг – көңіл-күйі өзгеруге бейім, креативті, білімге ынталы, түйсігі жақсы дамыған, өз идеяларына ұстамды, арманшыл, болашаққа талпынысы жоғары, барлық жаңа өзгерістерге қызығушылығы жоғары, қағаз жұмыстарын ұнатпайды, адамдардың ортасында бірқалыпты, көңіл көтергенді ұнатады, қаржы мәселесіне немқұрайлы қарайды, шығармашыл адам.

4.«Ғажайып фигура» қиял деңгейін анықтауға арналған жаттығу.

Экранды демонстрациялау арқылы мұғалімдерге фигуралар ұсынылады, таңдалған фигураны, өз шығармашылығына, қиял деңгейіне байланысты өзгерту керек.

Мақсаты: Шығармашылық қабілеттерін бағалай білуге, қиял деңгейіне көңіл бөлуге шақыру.

Рефлекция.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.12.2020
1276
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі