Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Мұғалімдерге арналған психологиялық тренингтер жинағы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Мұғалімдерге арналған психологиялық тренингтер
Мақсаты: Адамдарға, жеке тұлға өзіндік «Менін» тереңірек таныту, қызығушылығын ояту, өзінің адамгершілік мінез құлықтарына баға беру, өзіне деген сенімділік қабілетін дамыту.
Психолог: Дүниеде мұғалімдіктен құрметті мамандық жоқ. Бұл өте қиын, күрделі міндет. Нағыз мұғалім өзі оқытатын пәнді, соған байланысты ғылым саласын терең білуімен, сол білімін балаларға дұрыс жеткізумен көзге түсіп ерекшеленеді.
Оқушылардың интеллектуалдық дәрежесінің күннен күнге артуына байланысты мектепте жұмыс істеу барған сайын күрделеніп келеді. Қазіргі заман талабына сай білімді, интеллектуалды, ғылым мен техникадан, өнер мен саясаттан хабары бар, жан-жақты мінезге бай мұғалім жоғары бағаланады.
Құрметті мұғалімдер бүгінгі тренингімізді бастамай тұрып сәл серігіп алайық. (физминутка)
Психолог: рахмет қалай көңіл күйлеріңіз көтерілді ма?
Өз қызметтерін аянбай, алаңсыз жүргізуіне ұшқыр ой, алғыр зейін, ашық көз, ояу көкірек керек екені даусыз. Сергек қимылмен, ширақ оймен, сезімтал жүрекпен адал еңбек ететін олардың зерделеріндегі ойларынан түйінін алу. Бүгінгі тренинг сабақтың мақсаты, айналамыздағы адамдарымызбен қарым – қатынасымыз қандай, олар кімдер, біз кімбіз, өзімізді — өзіміз танимыз ба? деген сұрақтарға жауап іздеп, тұлғаның адами көзқарасын анықтау.
Мектебіміздің қоғамдық өмірінде де алатын орны, атқаратын рөлі өз мәніндегі мұғалімдердің ауызбіршілігін тудыру, көппен жұмыс істей білудің маңыздылығын көрсету.
Ендеше сіздерге сәттілік тілей отырып, тренингімізді бастаймыз.
-
Тренинг: «Аялы алақан»
Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, еркіндікті дамыту.
Нұсқаулық: Қатысушылар шеңбер болып отырады. «Бір – біріне мақтау айтып, тілек айтады» - бастапқы қатысушы жанындағы көршісінің қолын ұстайды. Тренинг шеңбер бойымен жалғасады.
Психолог: Білім мен тәрбиенің іргетасын қалайтын білім беру буындарының негізгісі орта мектеп. Орта мектепте барлық ғылым негіздерінің алғашқы әліппелері, қағидалары оқытылады, тәрбиенің түрлері беріледі. Осы орайда мектеп мұғалімдеріне үлкен жауапкершілік жүктелген.
Бүгінгі таңда алдыңғы қатарлы елдердің барлығы оқу мен тәрбиелеуге жалпы білім мен тірбие берудегі жаңа жүйені ұсына отырып, жеке тұлғаны қалыптастырудағы мүмкіндіктерін, жолдарын іздеп, зерттеп, оны ұтымды түрде білім беруге енгізуді негізгі мәселеге айналдырып отыр. Жаңа технологияны жетік меңгеру мұғалімнің интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтық және басқа да көптеген адами қабілетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін -өзі дамытып, оқу-тәрбие процесін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Ал енді екінші тренингімізді бастайық.
-
Тренинг: «Сенімді, сенімсіз, агрессивті мінез - құлық»
Мақсаты: Сенімді мінез – құлықтың мәнін түсініп, өзіне деген сенімділігін дамыту. Сенімді, сенімсіз, агрессивті мінез – құлықты бір – бірінен ажырата білу.
Психолог: Ал енді топтарға бір тапсырма беріледі, сол тапсырманы мұғалімдер орындау керек. Қатысушылар сол жағдаятты үш түрлі мінез – құлық түрінде ойнап беруі керек. (Агрессиялық әрекет, сенімсіз әрекет, сенімді әрекет).
Тапсырма:
-
Сіздің досыңыз немесе танысыңыз алған қарызын беруді ұмытып кетті сіздің әрекетіңіз?.
-
Сабақ үстінде сізге оқушы дөрекі сөйлеп сөз қайтарсы не істер едіңіз?
-
Ашуланып келген ата – ананың тілін қалай табушедіңіз?
-
Әріптесіңізбен сөзге келіспей қалдыңыз сіздің әрекетіңіз?
-
Оқушыңыз сізге түсініксіз сұрақ қойды, сіз оны түсінбедіңіз сіздің әрекетіңіз?
-
Сіздің көңіл – күйіңіз жоқ, бірақ та бір ата – ана сіздің мазаңызды алып қоймады өзі мазасыз ата – ана сіздің әрекетіңіз?
-
Әріптесіңіз бір нәсені дәлелдеп жатыр, бірақ сіз кәміл сенімдісіз оның дәлелдеп жатқаны дұрыс емес сіздің әрекетіңіз?
Мұғалім сол жағдаятты үш түрлі мінез – құлық түрінде ойнап беру керек. (Агрессиялық әрекет, сенімсіз әрекет, сенімді әрекет).
Психолог: Құрметті мұғалімдер енді біз әуенді терапияны жасасақ, қалай қарайсыздар? (Баяу әуен ойнатылады)
«Су асты патшалығы»
әуенді терапия
Құрметті бүгінгі тренинг сабаққа қатысушы мұғалімдер. Осы тернинг сабақтан алған сезімдеріңізбен көңіл-күйлеріңізді іштей сезініп, өздеріңіз көптен күткен арман тілектеріңізді, ниеттеріңізді ойларыңызға түсіріп, жайменен көздеріңізді жұмып, денелеріңізді босатып, ыңғайланып отырыңыздар.
Барлығымыз өз арманымызға жету үшін «Су асты патшалығына» түсіп барамыз. Суы қандай тұп-тұнық. Іштей осыны сезініңіздер. Сіздер патшалықтан алтын балықты іздестірулеріңіз керек. Барлығымыз суға түстік, су асты сондай жылы, денеміз еш тітіркенбейді. Алтын балықты іздеп жүрсіздер. Су астында балықтар неткен көп, барлығы сондай әсем, әрқайсысы өзінше әдемі, көздің жауын алады. Кенеттен су астынан бір сәуле шықты ол - Алтын балық. Сол алтын балықтан әрқайсыңыз өздеріңіздің үш тілектеріңіз бен арман ниеттеріңізді іштей сұраңыздар. Сонда алтын балық тілектеріңізді естіп орындауға уәде береді. Барлығымыз жайменен көзімізді ашамыз.
Енді алдарыңыздағы алтын балық бейнесінен қалаған кішкентай балықшаларды алуларыңызға болады. Балықшалардың артында сіздерге арнап жазылған сөздерді оқуларыңызға болады. Болашақта осы арман-тілектер міндетті түрде орындалады деп сеніңіз. Құрметті қонақтар осы тренингтен алған әсерлеріңізді айтам деушілер бар ма? (Мұғалімдердің әсерлерімен бөліседі).
Рахмет!!!
Ал енді үшінші тренингіміз.
-
Тренинг: «Балалалық шақтан қызықты оқиға»
Мақсаты: эмпатияны дамыту.
Нұсқаулық: «Сіздердің алдыңызда қорапша тұр. Сол қорапшадан билет суыруыңыз қажет. Ол билеттерде «Балалық шақ», «Балалық шақтан қызықты оқиғалары» жазылған. Кімге қандай билеті түссе, сол мұғалім билеттегі тапсырма бойынша жауап береді.
Талдау: Өзіңізді қалай сезіндіңіздер? Рахмет!
Психолог: Енді біз кезегімізді «Есте сақтау және зейінімізді анықтау» тренингіне берейік. (Слайдпен жұмыс).
Өте жақсы Рахмет!!!
Психолог: қалай көңіл күйлеріңіз көтерілді ма? Ал енді құрметті мұғалімдер мен сіздерден 20 сұрақтан тұратын тест алғым кеп тұр.
Тестің аты «Ашуыңызды ірке білесіз бе?»
Бұл тест 20 сұрақтан тұрады. Әр сұрақтың 3 жауабының біреуін таңдау керек. Мұғалімнің бәрі бірдей емес. Әр мұғалімнің шыдамдылығы әр алуан.
1. Егер басшымен ұрысысып қалсаңыз, татуласуға жол іздейсіз бе?
1) Әрқашан; 2) Анда-санда; 3)Ешқашан;
-
Қиын жағдайда өзіңізді қалай ұстайсыз?
1) Ішімнен ашуланамын; 2) Өз-өзімді ұстаймын; 3)Өз-өзімді ұстай алмаймын;
3) Ұстаздар сізді қандай адам деп санайды?
1) Өзімшіл және қызғаншақ; 2) Мейірімді; 3) Салмақты және өз-өзіне сенімді;
4) Егер сізге жауапты жұмыс берілсе не деп жауап бересіз?
1) Сенімсіздікпен келісім беремін; 2) Ойланбай келісем; 3) Өзімнің тыныштығым үшін келіспеймін;
5) Егер сіздің рұқсатыңызсыз мұғалім үстеліңізден қағаз алса, сіз өзіңізді қалай ұстайсыз?
1) Қатты ұрсамын; 2) Орнына қойдырамын; 3) Тағы ештеңе керек жоқ па деп сұраймын;
6) Егер сіздің күйеуіңіз (әйеліңіз) жұмыстан кешігіп келсе оны қалай қарсы аласыз?
1) Сен неге кешіктің? 2) Кеше қайда қаңғыдың? 3) Мен енді уайымдай бастадым.
7) Сіз өзіңізді машинаның рөлінде қалай ұстайсыз?
1) Алдындағы машинаны қуып жатасыз; 2)Сізге бәрібір, қанша машина озады;
3) Машинаны қатты жылдамдығына салам.
8) Сіз өмірге қалай қарайсыз?
1) Орташа; 2) Жеңіл; 3) Қатты.
9. Егер жолыңыз болмаса сіз не істейсіз?
1) Жаланы басқа біреуден көремін; 2) Көнесіз; 3) Келесі жолы абай боласыз.
10. Жастардың өзінің бос уақытын дұрыс өткізбеуіне сіз қалай қарайсыз?
1) Оларға тыйым салу керек; 2)Оларды дұрыс ұйымдастыру керек (мәдениетті демалу) 3) Солармен біз неге әуреленеміз;
-
Егер сіздің жұмыс орныңызға басқа біреуді қойса, сіз қайтесіз?
1)Несіне босқа жүйке-жүйемді тоздырам; 2)Оның бет-әлпеті бастыққа ұнады;
3) Келесі ретте менің жолым болады;
-
Қорқынышты киноны қалай көресіз?
1) Қорқасыз; 2) Жалығасыз; 3) Жақсы көңіл бөлем;
-
Жолдың кедергісінен маңызды жиналысқа кешіксеңіз:
1) Жиналыста мазасызданып кетесіз; 2) Тіл табысуға тырысасыз; 3) Өкінесіз;
-
Спорттық жетістіктерге қалай қарайсыз?
1) Жеңуге тырысасыз; 2) Өзіңізді жас сезінесіз; 3) Жеңілсеңіз ашуланасыз;
15. Егер сізді мейрамханада дұрыс күтпесе:
1) Айғай-шу болмас үшін үндемейсіз; 2) Күтушіні шақырып сөгіс бересіз; 3) Арыз кітабымен директорға барасыз.
16. Сіздің балаңызды мектепте ренжітсе:
1) Мұғаліммен сөйлесем; 2) Ренжіткен баланың ата-анасына айқай шақырамын;
3) Балаға «өзің ақылмен шеш» деймін;
17. Сіз қандай адамсыз?
1) Орташа; 2) Өз-өзіме сенімді; 3) Өткір.
18. Егер мектеп есігінің алдында әріптеспен қақтығысып қалсаңыз, ол сізден кешірім сұраса сіз не дейсіз?
1) Оқасы жоқ; 2) Көзіңе қарамайсың ба; 3) Кешіріңіз мен кінәлімін.
19. Жастардың арасындағы бұзақылыққа қалай қарайсыз?
1) Қашан бұл жастарға тыйым салынады; 2)Жүрекке тиетін жаза беру керек; 3) Тек қана жастарды кінәламау, бұл жерде тәрбиешілер де кінәлі.
20. Егер бұл дүниеге аң болып келсеңіз, қай аңды тандайтын едіңіз?
1) Жолбарыс; 2) Үй мысығы; 3) Аю.
Жауабы: 36-44 ұпай алса, мұғалім өз-өзіне сенімді, шыншыл, өмірде өз жолын таңдай білген, агрессиясы орташа адам.
45-тен жоғары ұпай алса, ол өте ашушаң, басқа адамдарға қатал қарайтын, өз-өзін ұстай алмайтын адам. Жеңіске жету үшін, биікке көтерілу үшін, ол жанұясын, қоршаған ұжымын құрбандыққа шалуы мүмкін.
35-ұпайдан төмен алған мұғалім өте мейірімді, өз-өзіне толық сенбейтін адам, оған өмірде кішкене батылдық сенімдік қажет. қалай өз жауаптарыңыздарға қанағатсыздар ма?
Психолог: енді біраз демалайық. (Слайд көрсету) «Бақыт деген».
Психолог:
Қиындықтан сірәда біз қашпаймыз.
Алғырлықпен тапқырлықты ұштаймыз.
Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз.
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз – дей отырып, мұғалімдерге арналған психологиялық тренинг сабақты аяқтауға рұқсат етіңіздер. Мұғалімдер бүгінгі тренингтерден алған әсерлерімен бөліседі.
«Пенжім орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мұғалімдерге арналған психологиялық тренингтер
Педагог – психолог: А. Б. Алибекова
2014 -2015 оқу жылы
Мақсаты: мұғалімдердің психикалық көңіл-күйлерін көтеру, шығармашылық қабілеттерін бағалай білу, өздеріне құрметпен қарау, ұжымда сыйластық қарым-қатынас орнату.
Құрметті әріптестер, бүгін сіздердің психикалық көңіл-күйлеріңізді көтеруге, өз бойларыңыздағы шығармашылық қабілеттеріңізді бағалай білуге, өз-өзіңізге құрметпен қарауға, бір-бірімізбен сыйластық қарым-қатынаста болуға арналған әуенді терапия сағатына ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын.
-
Аутотренинг.
Дүниеде мұғалімдіктен құрметті мамандық жоқ. Бұл өте қиын, күрделі міндет. Нағыз мұғалім өзі оқытатын пәнді, соған байланысты ғылым саласын терең білуімен, сол білімін балаларға дұрыс жеткізумен көзге түсіп ерекшеленеді.
Оқушылардың интеллектуалдық дәрежесінің күннен күнге артуына байланысты мектепте жұмыс істеу барған сайын күрделеніп келеді. Қазіргі заман талабына сай білімді, интеллектуалды, ғылым мен техникадан, өнер мен саясаттан хабары бар, жан-жақты мінезге бай мұғалім жоғары бағаланады.
-Қазір сіздердің еркін, ыңғайлы отыруларыңыз сұралады. Баршаңыздан мына табиғат көріністері бейнеленген суретке зейін қойып, мұқият қарауларыңыз сұралады.
Табиғат суреттері кетеді.
- Көз алдыңызға жаңа суретте көрген табиғатты елестетіңіз.
-
Терең дем алып, әуеннің ырғағына зейін аударыңыз.
-
Соқпақ жолмен жүріп келесіз.......
-
Жол ұзақ, шаршадыңыз, шөлдедіңіз.................
-
Кенет алдыңыздан ғажайып бақ көрінеді............
-
Алма бағы..................
2.Тест «Ашуыңызды ірке білесіз бе?»
Бұл тест 20 сұрақтан тұрады. Әр сұрақтың 3 жауабының біреуін таңдау керек. Мұғалімнің бәрі бірдей емес. Әр мұғалімнің шыдамдылығы әр алуан.
1. Егер басшымен ұрысысып қалсаңыз, татуласуға жол іздейсіз бе?
1) Әрқашан; 2) Анда-санда; 3)Ешқашан;
-
Қиын жағдайда өзіңізді қалай ұстайсыз?
1) Ішімнен ашуланамын; 2) Өз-өзімді ұстаймын; 3)Өз-өзімді ұстай алмаймын;
3) Ұстаздар сізді қандай адам деп санайды?
1) Өзімшіл және қызғаншақ; 2) Мейірімді; 3) Салмақты және өз-өзіне сенімді;
4) Егер сізге жауапты жұмыс берілсе не деп жауап бересіз?
1) Сенімсіздікпен келісім беремін; 2) Ойланбай келісем; 3) Өзімнің тыныштығым үшін келіспеймін;
5) Егер сіздің рұқсатыңызсыз мұғалім үстеліңізден қағаз алса, сіз өзіңізді қалай ұстайсыз?
1) Қатты ұрсамын; 2) Орнына қойдырамын; 3) Тағы ештеңе керек жоқ па деп сұраймын;
6) Егер сіздің күйеуіңіз (әйеліңіз) жұмыстан кешігіп келсе оны қалай қарсы аласыз?
1) Сен неге кешіктің? 2) Кеше қайда қаңғыдың? 3) Мен енді уайымдай бастадым.
7) Сіз өзіңізді машинаның рөлінде қалай ұстайсыз?
1) Алдындағы машинаны қуып жатасыз; 2)Сізге бәрібір, қанша машина озады;
3) Машинаны қатты жылдамдығына салам.
8) Сіз өмірге қалай қарайсыз?
1) Орташа; 2) Жеңіл; 3) Қатты.
9. Егер жолыңыз болмаса сіз не істейсіз?
1) Жаланы басқа біреуден көремін; 2) Көнесіз; 3) Келесі жолы абай боласыз.
10. Жастардың өзінің бос уақытын дұрыс өткізбеуіне сіз қалай қарайсыз?
1) Оларға тыйым салу керек; 2)Оларды дұрыс ұйымдастыру керек (мәдениетті демалу) 3) Солармен біз неге әуреленеміз;
-
Егер сіздің жұмыс орныңызға басқа біреуді қойса, сіз қайтесіз?
1)Несіне босқа жүйке-жүйемді тоздырам; 2)Оның бет-әлпеті бастыққа ұнады;
3) Келесі ретте менің жолым болады;
-
Қорқынышты киноны қалай көресіз?
1) Қорқасыз; 2) Жалығасыз; 3) Жақсы көңіл бөлем;
-
Жолдың кедергісінен маңызды жиналысқа кешіксеңіз:
1) Жиналыста мазасызданып кетесіз; 2) Тіл табысуға тырысасыз; 3) Өкінесіз;
-
Спорттық жетістіктерге қалай қарайсыз?
1) Жеңуге тырысасыз; 2) Өзіңізді жас сезінесіз; 3) Жеңілсеңіз ашуланасыз;
15) Егер сізді мейрамханада дұрыс күтпесе:
1) Айғай-шу болмас үшін үндемейсіз; 2) Күтушіні шақырып сөгіс бересіз; 3) Арыз кітабымен директорға барасыз.
770 ₸ - Сатып алу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде пәніңізді белгілеп, керек материалды алып сабағыңызға қолдана аласыз
- Жүктелуде...
- Жүктелуде...
- Жүктелуде...
тақырыптармен дайындаймыз