Материалдар / Мұғалімдерге тренинг : Қиын оқушылармен жұмыс жасаудағы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мұғалімдерге тренинг : Қиын оқушылармен жұмыс жасаудағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қиын оқушылармен жағымды қарым - қатынас жасауда, ұстаздардың кәсіби бейімділігін жетілдіру.Мұғалім бойында әртістік, эмоционалдық, иілгіштік, оқушылармен қарым қатынаста образдық техникаларын дамыту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Желтоқсан 2021
693
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Қиын оқушылармен жұмыс жасаудағы психологиялық ерекшеліктер.

Мақсаты: Қиын оқушылармен жағымды қарым - қатынас жасауда, ұстаздардың кәсіби бейімділігін жетілдіру.

1жаттығу«Өрмекші торы» .
Нұсқау: Барлықтарыңызды ортақ шеңберге тұруларыңызды сұраймын. Мен сіздерге өте бір қызық ойынға қатысуды ұсынғым келіп отыр. Біз қазір бір-бірімізді біріктіретін үлкен бір түсті өрмекшінің торын құрамыз. Сонымен қатар әрқайсымыз әріптестерімізге жіпті бере отырып, өзімізді таныстырамыз және тәрбиесі төмен оқушымен жұмыс жасағанда жақсы біркәсіптік тәжірибемізбен бөлісеміз.
Жіптің ұшын бірнеше рет саусағымызға ораймыз да орамды келесі әріптесімізге лақтырамыз.

Қорытынды: Мына торды немен салыстыруға болады?. (Өмірге ұқсайды). Ал қазір егер осы жіптің басы мен аяғын тауып көрсек, ол не деп ойлайсыздар? (Ол өтіп жатқан өмір). Ал егер де осы жіптің басы мен аяғын шатастырып жіберсе не болады? . Сол үшін естен шығармайық өз өміріміз,өз қолымызда. Жақсы жолды да,жаман жолды да біз өзіміз таңдаймыз.

2жаттығу«ЭМОЦИЯ» . (Түрлі-түсті текшелермен 4 топқа бөлу)
Мақсаты: Мұғалім бойында әртістік, эмоционалдық, иілгіштік, оқушылармен қарым қатынаста образдық техникаларын дамыту.

Ситуацияларды шешу
Топтарға тапсырмалар.
1. Үзіліс кезінде шулап жатқан балалар қоңыраудың соғылғанын, сіздің сыныпқа кіргеніңізді байқамады. Бір оқушының лақтырған бас киімі сіздің бетіңізге тиіп кетті. Сіз не істейсіз?

2.Жоғарғы сыныпта бір оқушының темекі тартып жүргенін байқадыңыз. Баланың өзіне ескерткеніңізде мойындамады. Сіздің әркетіңіз қандай?

3. 7 -сыныптың ұлдары өте тентек, шаштары өскен, үнемі таза жүрмейді. Бұл сыныптағы ұлдарға үнемі ескерту жасайсыз, бірақ орындалмайды. Ата-анасын шақырсаңыз «жалғыз сол ма»? деген сияқты дәлел айтады. Сіздің әрекетіңіз?.

4. Оқушы үзілісте дауысын қатты айқайлап, жүгіріп жүр. Сіздің ескертуіңізге еш көңіл бөлмеді. Сіздің іс –әрекетіңіз?

5. Оқушы дәліздегі гүлдерді ашумен жұлып, лақтырып жатты. Сіздің ескертуіңізге « Сіздің шаруаңыз болмасын» деп сөз қайтарды. Бұл жағдайдағы сіздің іс –әрекетіңіз?

3 жаттығу «Қар ұшқыны» .

Мақсаты: Әр баланың ерекше екендігін және де жеке тұлға екенін көрсету.

Ұйымдастыру : Ұйымдастырушы әр қатысушыға ақ қағаз (салфетка) таратады.

Нұсқау:Менің нұсқауымды бұлжытпай орындауларыңызды сұраймын. Ең алдымен қағазды ортасынан бүктейміз, тағы бір бүктейміз. Қағаздың жоғарғы және төменгі бұрыштарын жыртамыз. Енді тағы бір рет бүктейміз де ортасын жыртамыз. Енді қағазымызды ашамыз. Бір-бірлеріңіздің қағаздарыңызға қараңыздар. Ұқсастық бар ма? Ұқсастық жоқ!

Қорытынды : Әрбір қиын оқушы жеке тұлға.

4 жаттығу.«Қиын оқушылармен қалай қарым-қатынас жасаймыз?»топпен жұмыс. ( «Балық сүйегі» техникасы)

1топ. « Тәртібі қиын оқушымен жұмыс жасағанда қандай қателіктер жібереміз

2 топ. « Тәртібі қиын оқушымен жұмыс жүргізу ережелерін жазу»

3 топ.« Тәртібі қиын балалардың ата-аналарына ұсыныстар».

4 топ. « Тәртібі қиын оқушылармен мектептеріңізде қандай жұмыстар жүргізіледі»?

-Жұмыс уақыты 10 минут.

5 жаттығу «Алақанға жан бітір» арттерапия ойыны.

Жүргізуші қатысушыларға альбом парағына алақанның суреті салынған ақ парақ беріп, оған жан бітіру керектігін ұсынады. Алақанға бүгінгі тренингте алған әсерлеріңізді алақанның ортасына салып, біздің ұжымға деген тілектеріңізді жазуларыңызды сұраймын.

Қорытынды :

Қорытынды.Ж.Ж. Руссо: «Бала туылғанда ақ қағаздай, таза болып дүниеге келеді , оның үстіне шимайды қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі де солай сияқты, қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді» — деген екен.

Бүгінгі мектеп партасында отырған әрбір оқушы – егемен еліміздің ертеңгі болашағы. Жас ұрпақтың тәрбиесі – қоғам алдындағы ортақ іс!

Тренингке қатысқандарыңызға рахмет!





























































Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы

Өскемен қаласы бойынша Абай атындағы

33 орта мектебі КММ












Тақырыбы:

Қиын оқушылармен жұмыс жасаудағы

психологиялық ерекшеліктер.

(мұғалімдерге семинар)









Дайындаған : Оралбекова М.Б.

Бердыгожаева Н.К







2021 жыл.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!