Материалдар / Мұғалімге арналған нұсқаулық
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мұғалімге арналған нұсқаулық

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімге көмекші құрал ретінде
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қараша 2018
3061
22 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1

«География» және «Жаратылыстану» пәндері бойынша педагог
кадрлардың біліктілігін арттыру курсының
білім беру бағдарламасы









МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ










Page 2

2

Баспаға «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ
Педагогикалық шеберлік орталығының
Әдістемелік кеңесі ұсынған








































© «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ
Педагогикалық шеберлік орталығы, 2016


Барлық құқықтар қорғалған. Осы басылымды кез келген түрінде және кез келген
құралдармен, фотокөшірмені және кез келген электронды нұсқаны қоса алғанда, авторлық
құқық иесінің жазбаша рұқсатынсыз толық немесе ішінара басып шығаруға немесе таратуға
тыйым салынады.


Page 3

3

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ............................................................................................................................................. 4
Қазақстанда білім беру мазмұнын жаңартудың алғышарттары ............................................... 5
Жаңартылған оқу бағдарламасының басымдықтары................................................................. 7
«География» және «Жаратылыстану» пәндері бойынша оқу бағдарламаларының
құрылымы ..................................................................................................................................... 10
«География» және «Жаратылыстану» пәндерін оқытудағы педагогикалық тәсілдер .......... 16
Оқу үдерісін жоспарлау .............................................................................................................. 41
Критериалды бағалау .................................................................................................................. 45
Оқулықпен және оқу-әдістемелік кешенмен жұмыс ............................................................... 49
Жүйелі-әдістемелік кешенмен жұмыс ....................................................................................... 53
Оқу жоспары ................................................................................................................................ 55
Пайдаланылған әдебиет .............................................................................................................. 57
Глоссарий ..................................................................................................................................... 62



Page 4

4

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында негізгі орта және
жалпы орта білім деңгейлерінде «География» және «Жаратылыстану» пәндері бойынша
педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы (бұдан әрі –
Бағдарлама) аясында әзірленген «Мұғалімге арналған нұсқаулық» әдістемелік құралы
(бұдан әрі – Нұсқаулық) мұғалімдер біліктілікті арттыру курсы барысында және одан кейін
қолданатын негізгі оқу құралдарының бірі болып табылады.
Нұсқаулықта жаңартылған оқу бағдарламасының негізгі қырлары туралы мәлімет
ұсынылып, өз сабақтарын жоспарлап, өткізуге, пәннің оқулықтары мен оқу-әдістемелік
кешенін пайдалануға,критериалды бағалау жүйесін қолдануға, жүйелік-әдістемелік
кешенмен жұмыс істеуге көмектесетін ресурстар қамтылған.

Бағдарламаның мақсаты: пәндер бойынша оқу бағдарламаларын жаңарту және
критериалды бағалау жүйесін енгізу мәнмәтінінде мұғалімдердің педагогикалық
шеберлігін жетілдіру.

Бағдарламаның міндеттері:
1) мұғалімдердің пәндер бойынша оқу бағдарламаларының мазмұнын білуін
қамтамасыз ету;
2) пәндер бойынша оқу бағдарламаларына сәйкес педагогикалық тәсілдер мен оқу
материалдарын қолдануды үйрету;
3) пәндер бойынша оқу бағдарламаларына сәйкес оқу мақсаттарына қол жеткізу
үшін критериалды бағалау жүйесін қолдануды үйрету.

Оқу нәтижелері:
1) мұғалімдер пәндер бойынша оқу бағдарламаларының мақсаттарын, міндеттерін,
құрылымын және мазмұнын біледі және түсінеді;
2) мұғалімдер пәндер бойынша оқу бағдарламаларына сәйкес педагогикалық
тәсілдерді, оқу материалдарын қолдана біледі;
3) мұғалімдер пәндер бойынша оқу бағдарламаларына сәйкес оқу мақсаттарына қол
жеткізу үшін критериалды бағалау жүйесін түсінеді және қолдана біледі.
Мұғалімдердің жұмыстарын бағамдау үшін «География» және «Жаратылыстану»
пәндерін оқыту үшін талап етілетін белгілі бір дағдылармен байланысты салалар бойынша
құралған рубрикалар пайдаланылады. Әр сала төрт деңгей бойынша бағамдалады: бастапқы
деңгей, қалыптасу деңгейі, қалыптасқан деңгей, жетілген деңгей. Дескрипторларға қарап
мұғалімнің кәсіби дамудың қандай деңгейінде екенін анықтау қиынға түспейді.
Дескрипторларда мұғалімнің нақты кезеңдегі біліктілік деңгейін сипаттауға арналған толық
ақпарат ұсынылған және олар мұғалімнің кәсіби дамуының келесі қадамын анықтайды.
Курс барысында бағамдау қалай жүргізілетіні түсіндіріліп, мұғалімдерге ол аспектілерді
меңгеруде қолдау көрсетілетін болады. Сонымен қатар, мұғалімдерге ықшамсабақ арқылы
Бағдарлама материалдарын өз тәжірибесінде сынап көруге және оны ой елегінен өткізіп,
рефлексия жасауға, сондай-ақ оқушыларға барынша қолдау көрсетуге бағытталған жаттығу
мен тапсырма әзірлеуге мүмкіндік беріледі.


Page 5

5

ҚАЗАҚСТАНДА БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰ НЫН ЖАҢАРТУДЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ

«Адамзатқа және қоғамға орасан зор проблема әкелетін жаһандану мен жаңғыртудың
әсерінен айналадағы әлем түбегейлі өзгеріске ұшырауда. Мектептер оқушыларды түрлі
мәдениет өкілдерімен әріптестік қарым-қатынас жасауды, алуан түрлі идеяларды,
көзқарастар мен құндылықтарды ескеруді, адамдар өздерінің алуан түрлілігіне
қарамастан, технологиялардың көмегімен кеңістік пен уақыт кедергілерін жеңе отырып,
бір-біріне сенім білдіруін және әріптестікте жұмыс істеуін қажет ететін әлемде,
адамдардың өмірі ұлттық шекаралар аумағынан тыс мәселелерге байланысты болатын
әлемде өмір сүруге және жұмыс істеуге дайындауы керек. ХХІ ғасырдың мектептері
оқушыларды өмірде, жұмыста және азаматтық ұстанымында өзгелерме н
ынтымақтастықта өмір сүруге дайындай отырып, ұлттық және жаһанд ық пікір
алуандығының шынайылығын ұғына отырып, өзіндік дербестігі мен ерекшелігін
дамытуға көмектесуі керек».
Андреас Шлейхер, Білім беру және кәсіби дайындау басқармасы
директорының және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы
Бас хатшысының білім беру саясаты бойынша
арнайы кеңесшісі міндетін атқарушы (2014)
«Қазақстанның орта мектептеріндегі оқыту әлі де тиісті дәрежеде тиімді болмай
отыр. TIMSS және PISA зерттеулері нәтижесінде алынған деректер Қазақстандағы жалпы
орта білім беру жүйесінің теориялық білім беру, оқушылардың ақпаратты есте сақтау,
табу және зерделей білуін қамтамасыз ету деңгейінде жеткілікті дәрежеде тиімді екенін
көрсетті. Дегенмен, бұл жүйе оқушылардың жоғары деңгейлі ойлау дағдыларын игеру
және қолдану мүмкіндіктерін, мәселен, математикалық білімін тәжірибеде қолдану және
математикалық ойлауын дамыту немесе оқылым барысында мәтінді талдау және бағалау
сияқты мүмкіндіктерді қамтамасыз ету үшін салыстырмалы түрде әлсіз болып табылады.
Орта мектепке арналған оқу бағдарламасының ғылыми сипаты басым
және тым ауқымды
болуы тиімді оқытудағы негізгі кедергі болып табылады».

Ұлттық білім беру саясатына шолу: Қазақстандағы орта білім,
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (Милованович, 2014)

Оқу бағдарламасына өзгеріс енгізудің маңызы
Технология, коммуникация және ғылым салаларындағы елеулі өзгерістер әлемдік
экономикаға айтарлықтай ықпал ете отырып, әрбір азаматқа ХХІ ғасырда табысты болу
үшін қажетті білім мен дағдыларды алға тартады. Сонымен қатар, қарқынды жаһандану
ұлттық экономикаға да ықпал етуде, оның үстіне қазіргі уақытта экономикалық дамуды
қамтамасыз етуге бағытталған халықаралық бәсекелестік артып отыр. Женевадағы
Халықаралық еңбек ұйымының (2006) баяндамасы мұның жеке азаматтар үшін
маңыздылығын көрсетті: «... көлік және коммуникация саласындағы елеулі жетістіктермен
қатар, сауда мен капитал ағымын ырықтандыру: өз еңбегінің жемісін сату үшін әлемдік
нарықта өзара бәсекелестіктегі жұмысшылар мен жұмыс берушілердің саны күннен-күнге
артып келе жатқандығын көрсетеді» (VII б.). Жаһандану тек жұмыс орындарына әсер етіп
қана қоймай, сонымен қатар, оның қолжетімді жұмыс түрлеріне және сәйкесінше, жұмыс
табу үшін қажетті білім мен дағдыға да әсері артып келеді.
Гриффин және басқа авторлардың (Griffin, P., McGaw, B. and Care, E., 2012) айтуы
бойынша: «...экономикасы дамыған елдерде өнеркәсіптік өндірістен ақпараттық қызмет
көрсету және байланыс қызметін көрсетуге ауысып жатқаны айтарлықтай байқалды» (17-
б.). Білім беру жүйесін жаңартуға арналған бұл экономикалық дәлелдерге қоса, қазіргі ХХІ
ғасырда басқа да негіздер бар: өзара қарым-қатынастың арттыру; әлеуметтік өзгерістер; ауа
райының өзгеруімен байланысты проблемалар; бүкіл әлемдегі халық санының қарқынды
өсуі; шектеулі ресурстарға деген сұраныстың өсуі; осылардың барлығы мектеп оқушылары


Page 6

6

қазіргі заманда және келешекте табысқа қол жеткізу үшін бұрынғыға қарағанда анағұрлым
көп дағдыларды меңгеруі қажет екенін көрсетеді.
Білім – елдердің бәсекелестікке қабілетті болуын қамтамасыз ететін ең тиімді әрі ұзақ
мерзімді стратегия. Көптеген авторлар, соның ішінде Виллем Те Вельде (Willem te Velde,
2005) жаһанданудың қазіргі кезеңінде жоғары сапалы білімнің қажеттігі туралы өз
пікірлерін айтты. Қазіргі таңда экономикалық өсу және азаматтардың әл-ауқаты үшін
білімнің айтарлықтай маңызды екенін бүкіл әлем мойындауда. М. Муршед және басқа
авторлар (Mourshed, M. et al, 2010) жоғарыда аталған мәселелерді шешу мақсатында өзгеріс
енгізу үдерісіне қатысатын жүйелердің саны артып отырғанын, біл ім беруді
реформалаудың қарқынды артып келе жатқанын атап көрсетті.
Бүкіл әлемде білім беру жүйелерінің келешек ұрпаққа қандай білім беретіні туралы
мәселе қайта қаралуда. Осы мәселе аясында «Балалар ХХІ ғасырда табысты болу үшін нені
үйренуі керек?» және «Оқытудың тиімді әдістері қандай?» деген сияқты негізгі сауалдар
туындайды. Бұл сауалдар оқу бағдарламасымен және оқу бағдарламасын жүзеге асыруда
қолданылатын педагогикалық тәсілдермен тығыз байланысты.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында жоғарыда сипатталған жа һандық
проблемаларға жауап бере алатындай жұмыстар республикалық деңгейде жүргізілуде. Оқу
бағдарламасындағы ұлттық стандарттарға, бағалауға, оқулықтар мен оқыту әдістеріне
қатысты білім беру саласындағы өзекті құндылықтар мен мақсаттар мектеп оқушыларының
жалпы үлгерімін арттыруды, сондай-ақ инновация мен көшбасшылықты енгізу үшін талап
етілетін дағдыларды дамытуды, мектеп мәнмәтіні арқылы ұлттық сананы қалыптастырып,
іске асыруды және ауқымды халықаралық тәжірибемен өзара әрекеттесуді көздейді.
Жаңартылған оқу бағдарламасы мен бағалау жүйесін енгізу аталған міндеттерді шешу үшін
қабылданған шаралардың бірі болып табылады.
Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға
міндетті стандартын бекіту, «География» және «Жаратылыстану» пәндері бойынша үлгілік
оқу бағдарламасын әзірлеу осы үдерістің құрамдас бөлігі болып табылады. Оқушылардың
жаратылыстану ғылымдарын зерттеуі «Жаратылыстану» пәнінен басталады. Бұл олардың
әлем туралы білуге құмарлығын арттырып, дүниетанымын кеңейтуге, қоршаған әлемді
ғылыми тұрғыдан түсініп, ол туралы біртұтас көзқарас қалыптасуына, бұл әлемді бағалап,
сақтай білуіне көмектеседі. «Жаратылыстану» пәнін оқыту оқушылардың зерттеу, ойлау
және коммуникативтік дағдылары мен біліктерінің негіздерін қалыптастыруға бағытталған.
Жаратылыстану негізгі орта (7-9-сыныптар) және жалпы орта (10-11-сыныптар) білім
деңгейінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы «Химия», «Биология», «География»,
«Физика» пәндерін және жалпы орта білім (10-11-сыныптар) деңгейінде қоғамдық-
гуманитарлық бағыттағы «Жаратылыстану» пәнін зерделеуге арналған ықпалдастырылған
курс болып табылады.
Жаратылыстану-ғылыми білімнің құрамдас компоненті ретінде «География» пәні
табиғи, қоғамдық, әлеуметтік нысандарды, құбылыстарды, үдерістерді өзара бірлікте
қарастыратын маңызды пән болып табылады және оқушыларды түрлі географиялық
жағдайларда адамдардың өмір сүру деңгейімен, шаруашылықтың жүргізілуі жайлы
деректермен таныстыра отырып, адамзаттың өмір сүру ортасын кешенді қарастырады,
оқушылардың дүниені нақты заңдар бойынша қалыптасатын және дамитын аумақтық
табиғи-қоғамдық жүйелер түрінде қабылдауын қалыптастырады. Жаратылыстану мен
географиядағы зерттеу тәсілдерімен байланысты ақпаратты өңдеуде ақпараттық
технологияларды қолданудың маңызы зор.
«География» және «Жаратылыстану» пәндеріне қатысты академиялық тілді қолдану
оқушылардың айқын және жатық сөйлеу дағдыларын дамытуға, қоршағ ан әлем
құбылыстары мен табиғат жағдайларын сипаттау үшін тілдік құралдарды тиімді таңдап
пайдалануына мүмкіндік береді. География мен жаратылыстануды табысты оқыту
мұғалімнің кәсіби тәжірибесі мен құзыреттілігіне, оқу үдерісі нәтижелеріне басым көңіл
бөлуіне байланысты.


Page 7

7

ЖАҢАРТЫЛҒАН ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫ

«Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық
буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен
іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет.»
«Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»
2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Президенті
Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы


Қазіргі кезде табысты болу үшін оқушыларға білім қандай қажет болса, дағды да
сондай қажет деген ойдың жақтастары көбейіп келеді. Бұл оқушылардың ақпаратты есте
сақтап, алған білімдерін ұғынуын, түсінуін және әртүрлі салада қолдана білуін талап етеді.
Білімді дәл осылай қолдану оқушыларға «ХХІ ғасыр дағдысы» деп жиі айтылып жүрген кең
ауқымды құзыреттілікті меңгеруге мүмкіндік береді..
ХХІ ғасыр дағдылары деген ұғымның бірнеше анықтамасы бар. Бұл Бағдарламада
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) әзірлеген Құзыреттерді анықтау
және іріктеу жобасының шеңберінде жасалған құрылым пайдаланылады. Бұл ретте құзырет
«жай ғана білім мен дағдыдан анағұрлым күрделі. Ол белгілі бір жағдайларда
психологиялық ресурстарды (оның ішінде дағдылар мен өмірлік ұст анымдарын)
жұмылдыра және соған сүйене отырып, күрделі міндеттерді шеше білу қабілетін қамтиды.
Мысалы, тиімді қарым-қатынас құру қабілеті жеке адамның тіл білуіне, ақпараттық
технологиялар саласындағы тәжірибелік дағдыларына және оның өзгелермен қарым-
қатынас құра алуына сүйенетін құзырет болып табылады».
Жаңартылған оқу бағдарламаларында оқушылардың бойында қалыптаст ыру
көзделетін келесі құндылықтар мен дағдылар анықталған (1-кесте):

1-кесте. Құндылықтар мен дағдылар
Құндылықтар Дағдылар
- шығармашылық және сын тұрғысынан
ойлау;
- қарым-қатынас жасау қабілеті;
- өзгелердің мәдениетіне және
көзқарастарына құрметпен қарау;
- жауапкершілік;
- денсаулық, достық және айналадағыларға
қамқорлық көрсету;
- өмір бойы оқуға дайын болу
- сын тұрғысынан ойлау;
- білімді шығармашылық тұрғыда қолдана
білу қабілеті;
- проблемаларды шешу қабілеті;
- ғылыми-зерттеу дағдылары;
- қарым-қатынас дағдылары (тілдік
дағдыларды қоса алғанда);
- жеке және топпен жұмыс істей білу
қабілеті;
- АКТ саласындағы дағдылар

Пән бойынша білім, дағдылар мен құзыреттіліктерді анықтайтын оқ у
бағдарламаларын әзірлеу барысында жоғарыда келтірілген құндылықтар мен дағдылар
ескерілген. Мұны осы құндылықтар мен дағдылардың барлығы қараст ырылған
«География» және «Жаратылыстану» пәндерінің оқу бағдарламаларынан көруге болады.




«Халықаралық зерттеу барысында оқу бағдарламасы мен бағалау оқыту үдерісінен
күтілетін нәтижелерді тұжырымдауда маңызды рөл атқаратындығы анықталды».

Гриффин және басқалар (2012)


Page 8

8

Гриффин және басқа авторлар (Griffin, P., McGaw, B. and Care, E., 2012) оқу
бағдарламаларын реформалау барысында білім беру саласындағы ста ндарттарға
негізделген өзгерістер анағұрлым анық әрі айқын бола түскенін айтады. Англия, Германия,
Норвегия, Сингапур және Австралия сияқты елдерде оқу бағдарламасында мұғалімдер мен
оқушылардан күтілетін нәтижелер нақты белгіленген. Қазақстанның барлық мектептерінен
күтілетін нәтижелерді белгілеу барысында да осы тәсіл қолданылды. Оқушылардың нені
білуі және істей алуы керектігін анықтаудағы мұндай нақтылық бүкіл Қазақстан бойынша
барлық оқушылардан жоғары нәтиже күтілуін қамтамасыз етуге көмектеседі және
мұғалімдердің оқу бағдарламасын тиімді іске асыруына мүмкіндік береді. «География»
және «Жаратылыстану» пәндерін оқыту басымдықтары оқу үдерісі мен оның нәтижесіне
бағытталған мұғалімнің тәжірибесі арқылы жүзеге асырылады.
Жаңартылған оқу бағдарламаларының мазмұндық ерекшеліктері:
- пән мазмұнын жобалаудың спиральділік ұстанымы, яғни білім мен біліктерді
арттыруда оқу материалын тігінен, сондай-ақ көлденеңінен біртіндеп кеңейту (білімді
тақырыптар бойынша және сыныптар бойынша күрделендіру);
- таным заңдылығы мен пәндік амал-тәсілдердің неғұрлым маңызды түрлері бойынша
ойлау дағдыларының деңгейлеріне негізделген Блум таксономиясы бойынша оқу
мақсаттарының иерерахиясы;
- білім беру деңгейлері және тұтас оқыту курсы бойынша педагогика лық
мақсаттардың пәнішілік байланыстарын барынша ескеруге мүмкіндік беруі;
- бір білім саласы пәндері арасында, сондай-ақ пәнаралық байланысты жүзеге асыру
барысында «ортақ тақырыптардың» болуы;
- бөлімдер мен ұсынылған тақырыптар мазмұнының уақыт талабына сай болуы,
әлеуметтік дағдылардың қалыптасуына назар аудару;
- оқу үдерісін ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспар түрінде
технологияландыру болып табылады (Ұлттық білім академиясы, 2016).
Оқу бағдарламасының үйлесімділігі
Жоғары көрсеткіштерге жеткен білім беру жүйелерін талдау оқу бағдарламасының
«үйлесімділігі» бүкіл елдегі білім беру стандарттарын жетілдіру үшін аса маңызды болып
табылатынын көрсетіп отыр (Schmidt and Prawat, 2006). Оқу бағдарламасын жаңарту
тұрғысынан «үйлесімділік» оқу бағдарламасы қалай қабылданып, қалай іс жүзінде
орындалатынына қатысы бар барлық компоненттер бірлесіп әрекет етіп, бір-бірін
толықтырып, нығайтады дегенді білдіреді (Oates, 2010). Демек, оқу бағдарламасының
мазмұны, педагогикалық тәсілдер және бағалау тәсілдері бір мақсатқа жұмылдырылуы тиіс
(Roach et al., 2008). Мұны төмендегі сызбадан (1-сурет) көруге болады:


Page 9

9


1-сурет. Оқу бағдарламасының үйлесімділігі

Үйлесімділік оқу бағдарламасы мен бағалау модельдері әзірленетін жүйе деңгейінде
ғана емес, әр сыныпта, әр сабақта қолданылады. Мұғалімдер өздерінің оқыту қызметі оқу
бағдарламасының іске асырылуына қолдау көрсететініне, ал бағалау оқушыларға қажетті
ақпаратты жеткізуге және олардың жетістіктеріне қолдау көрсетуге көмектесетініне сенімді
болуы керек. Бұл мұғалімдердің тиімді оқытудың түйінді үш компоненті – оқу
бағдарламасы, педагогикалық тәсілдер мен бағалау жүйесінің оқушылар үшін бірлесіп
қалай тиімді қолданылатынын толық түйсінуінің маңызды болып табылатынына назар
аудартады.
Пән аясында оқушылардың қол жеткізуі көзделетін оқу мақсаттары оқу
бағдарламасында ұсынылған. Оқушылардың оқу мақсаттарына қол жеткізуін қамтамасыз
ету үшін мұғалімдерге оқу жоспарында ұсынылған тапсырмалар мен кәсіби дайындығын
пайдалану арқылы қажетті педагогикалық әдіс-тәсілдерді қолдана білуіне әдістемелік
қолдау көрсетіледі.






Page 10

10

«ГЕОГРАФИЯ» ЖӘНЕ «ЖАРАТЫЛЫС ТАНУ» ПӘНДЕРІ БОЙЫНША ОҚУ
БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

«География» және «Жаратылыстану» пәндерінің оқу бағдарламаларының негізгі
мақсаты пәннің мазмұнын сапалы меңгеруді қамтамасыз ету, оқушыл ардың
функционалдық сауаттылығын қалыптастыру, сонымен қатар, басқа п әндермен
сабақтастық арқылы жалпыадамзаттық құндылықтар мен ұлттық мәдениеттің үздік
дәстүрлерінің негізінде оқушылардың зияткерлік деңгейін дамыту болып табылады.
«География» пәні. «География» пәні табиғи, қоғамдық, әлеуметтік нысандарды,
құбылыстарды, үдерістерді бірлікте қарастыратын маңызды пән болып табылады және
табиғаттың, халықтың және қоғамның өзара әрекеттесу проблемаларының кең ауқымын
қамтиды. Бұл пән оқушыларды түрлі географиялық жағдайларда адамдардың өмір сүру
деңгейі, шаруашылықтың жүргізілуі жайлы деректермен таныстыра отырып, адамзаттың
өмір сүру ортасын кешенді қарастырады және дүниені нақты заңдар бойынша қалыптасып,
дамитын аумақтық табиғи-қоғамдық жүйелер түрінде қабылдауды қалыптастырады.
Географиялық білім жергілікті және ғаламдық деңгейлерді қамтитын көптеген
геосаяси, саяси, әлеуметтік-экономикалық және экологиялық сипатқа ие проблемалардың
шешімін, географиялық заңдылықтарды түсінуге көмектеседі. Сондай-ақ қоғамның
аумақтық бөлінісін ұйымдастырудың және табиғатты пайдаланудың тиімді жолдарын
дәлелдеуге, қоғамның қауіпсіз даму стратегияларының негізін жасауға, белгілі бір уақыт
пен кеңістікте қоршаған табиғи ортаны тиімді пайдалану және сақтау проблемаларын
шешуге мүмкіндік береді.
«География» пәнін негізгі орта білім деңгейінде (7-9-сыныптар) оқытудың мақсаты
дүниенің географиялық бейнесін тұтас қабылдай білетін, географиялық ойлау қабілеті
дамыған, географияның әдістері мен тілін білетін және қолданатын, географиялық
мәдениеті бар тұлға тәрбиелеу үшін оқушылардың білік пен дағдыларын қалыптастыру
және дамыту болып табылады. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін төмендегі міндеттерді шешу
қажет болады:
- географияның ғылыми пән ретіндегі рөлі мен оның қазіргі заманғы адамзат
мәселелерін, сондай-ақ ғаламдық мәселелерді шешудегі әлеуетін түсінуге мүмкіндік беру;
- оқушылардың бойында табиғат пен қоғам арасындағы өзара байланыстарға, осы
байланыстардың кеңістіктік ерекшеліктеріне ғылыми көзқарастарды қалыптастыру;
- қоғамдық өндірістің, табиғатты қорғау мен табиғатты тиімді пайдаланудың ғылыми-
жаратылыстану, әлеуметтік-экономикалық негіздерін ашу;
- оқушылардың географиялық зерттеу әдістері мен зерттеу дағдыларын игеруіне
ықпал жасау;
- оқушылардың география ғылымының түсініктері мен терминдерін меңгеруіне ықпал
жасау;
- оқушылардың кеңістіктік ойлауы мен картографиялық дағдыларын қалыптастыру;
- географиялық білімді күнделікті өмірде, өз іс-тәжірибесінде пайдалану дағдыларын
қалыптастыру.
Жалпы орта білім деңгейінде «География» пәні бойынша оқу бағдарламасының
мақсаты – оқушылардың қоғам мен географиялық кеңістіктің барлық деңгейлерінде
туындаған геоэкологиялық, геоэкономикалық, әлеуметтік, геосаяси және ғаламдық
проблемаларды шешуге бағытталған географиялық білімдерін, біліктері мен дағдыларын
қолдану үшін жағдай жасау. Аталған мақсатқа жету үшін төмендегі міндеттерді шешу
қажет:
- оқушылардың бойында географиялық кеңістіктік ойлауды, географиялық мәдениет
пен тілді дамыту;
- геоэкологиялық, геосаяси, геоэкономикалық, әлеуметтік үдерістер мен
құбылыстарды зерттеу үшін ғаламдық, аймақтық және жергілікті ұстанымдар туралы
түсінікті дамыту;


Page 11

11

- оқушыларға картографияны, геоэкологияны, геоэкономиканы, геосаясатты, елтану
мен адамзаттың ғаламдық проблемаларын зерттеу барысында геокеңістіктік деректерді
өңдеудің заманауи әдістерін қолдану үшін жағдай жасау;
- оқушының бойында қазіргі дүниенің географиялық көрінісін іс-әрекеттер арқылы
зерттеп-тану барысында құндылықтар жүйесін қалыптастыру;
- геокеңістіктік әдістер және деректермен жұмыс істейтін мамандық пен кәсіп иелері
атқаратын әрекеттерді орындату арқылы оқушыларға кәсіби бағдар беру (оқу
бағдарламасы, 10-11-сыныптар).
«Жаратылыстану» пәні. Негізгі орта білім деңгейінде оқушылардың білімге
құштарлығын арттыру, әлем жайлы ой-өрісін кеңейту, ғылымды ұғыну және қоршаған әлем
туралы біртұтас көзқарас қалыптастыру, қоршаған әлемді бағалай және қорғай білу
біліктерін дамыту жаратылыстану бағытында білім берудің басты шарты болып табылады.
Осы деңгейде «Жаратылыстану» пәнін оқу оқушыларға қоршаған әлем нің көп
қырлылығын, табиғи құбылыстар мен үдерістердің өзара байланысын, өлі және тірі
табиғатта болып жатқан кейбір табиғи құбылыстар мен үдерістердің себептерін, көптүрлі
табиғат құбылыстары мен нысандарын жүйелеу қағидаттарын, жараты лыстану
бағытындағы білімнің адамның көптеген іс-әрекеттері үшін маңызын түсінуге мүмкіндік
береді.
Жалпы орта білім деңгейінде бұл оқу бағдарламасы жаратылыстану-математикалық
бағыттағы «Химия», «Физика», «Биология», «География» пәндерін қисынды түрде
сабақтастырады. Жалпы орта білім деңгейіндегі қоғамдық-гуманитарлық бағытта
жаратылыстану «Физика», «Химия», және «Биология» пәндерін кіріктіреді (2-кесте).

2-кесте. «Жаратылыстану» пәні: сабақтастық және ықпалдастық
Орта білім деңгейі/ сынып, пәні
негізгі

5-6-сыныптар Жаратылыстану
7-9-сыныптар
Химия
Биология
Физика
География
жалпы
Жаратылыстану-математикалық бағыт Қоғамдық-гуманитарлық бағыт
10-11-
сыныптар
Химия (тереңдетілген деңгей)
10-11-
сыныптар
Жаратылыстану (стандартты
деңгей): химия, биология,
физиканы ықпалдастыру
Биология (тереңдетілген деңгей)
Физика (тереңдетілген деңгей)
География (стандартты деңгей)
География (тереңдетілген
деңгей)

Негізгі орта білім деңгейінде «Жаратылыстану» пәнін оқытудың мақсаты
оқушыларды жаратылыстану ғылымы тұрғысынан табиғат пен қоғамның өзара байланысы,
табиғаттағы заңдылықтардың біртұтастығы туралы білім, ұғым, түсінік қалыптастыру және
білімдерін күнделікті өмірде кездесетін табиғат құбылыстары мен үдерістерін түсіндіру,
сипаттау, болжау үшін қолдану білігін дамытуға бағытталған.
Осы мақсатқа жету келесі міндеттерді шешу арқылы қамтамасыз етіледi:
- әлемнің қазіргі заманғы жаратылыстану ғылымы тұрғысынан қалыптасқан бейнесі
мен жаратылыстану ғылымдарының әдістері туралы білім негіздерін қалыптастыру;
жаратылыстанудың техника мен технология дамуына елеулі ықпал еткен маңызды
идеяларымен, жетістіктерімен таныстыру;
- білімдерін қоршаған әлемнің құбылыстарын түсіндіру үшін қолдану және
бұқаралық ақпараттық құралдар, интернет ресурстары, арнайы және ғылыми-көпшілік
әдебиеттерден алынған жаратылыстану ғылымы тұрғысынан және өмірлік маңызды


Page 12

12

мазмұны бар ақпаратты қабылдау біліктіліктеріне ие болу;
- зияткерлік, шығармашылық қабілеттерді, сын тұрғысынан ойлау қабілетін
қарапайым зерттеулер, құбылыстарды талдау, жаратылыстану ғылымдық ақпаратты
қабылдау және түсіндіру барысында дамыту;
- күнделікті өмірде тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, заманауи
технологияларды сауатты пайдалану, денсаулық пен қоршаған ортаны қорғау үшін
жаратылыстану ғылымдары бойынша білімдерін қолдану.
Жалпы орта білім беру деңгейінде 10-11-сыныптарға арналған «Жаратылыстану»
пәнінің мақсаты: әлемдегі жаратылыстану ғылымы бейнесіндегі заманауи білімді және
жаратылыстану ғылымының танымдық әдістемелерін меңгеру; жаратылыстанудың
жетістіктері мен аса маңызды идеяларымен таныс болу, табиғатқа әсер ететін белгілерді
айқындау, техника және технологиялардың дамуына, экологиялық проблемаларды
шешудегі технологиялардың рөлін бағалау. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін төмендегі
міндеттерді шешу көзделеді:
- табиғат туралы білім жүйесін, табиғи және жасанды жүйелерді қалыптастыру;
- күнделікті адам өміріне қажетті интеллектуалдық және эксперименталдық білік
пен дағдыларды қалыптастыру;
- оқушылардың шығармашылық және зерттеушілік жұмыстарының тәжірибелерін
қалыптастыру;
- сын тұрғысынан ойлау және эмоционалдық құндылық қатынастар негізінде
ғылыми түсініктер жүйесін дамыту;
- функционалдық сауаттылықты, оқу және практикалық тапсырмаларды шешу
үшін базалық және пәндік біліктілікті қалыптастыру.
«География» және «Жаратылыстану» пәндері бойынша оқу бағдарламалары білім
құндылықтарының және нақты пәнді оқыту нәтижелерінің өзара байланысы мен өзара
шарттылығына негізделген тәрбиелеу мен оқытудың біртұтастығы қағидатын іске асыруға
мүмкіндік береді. Оқу бағдарламаларының ерекшелігі ретінде олардың тек пәндік білім мен
білікке ғана емес, сонымен қатар кең ауқымды дағдылардың қалыптасуына бағытталғанын
атауға болады. Оқу мақсаттарының жүйесі білімді функционалдық және шығармашылық
қолдану, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпа раттық-
коммуникациялық технологияларды пайдалану, қарым-қатынас жасаудың түрлі тәсілдерін
қолдану, топпен және жеке дара жұмыс істей алу, проблемаларды шешу және шешім
қабылдау сияқты кең ауқымды дағдыларды дамытуға негіз болады. Кең ауқымды дағдылар
оқушының мектептегі білім алу тәжірибесінде де, келешекте мектепті бітіргеннен кейінгіде
жетістігінің кепілі болып табылады.
«География» пәні бойынша оқу мақсаттары негізгі орта білім деңгейінде – алты
бөлімге, ал жалпы орта білім беру деңгейінде жеті бөлімге бөлінеді, ал «Жаратылыстану»
пәні бойынша оқу мақсаттары негізгі орта білім деңгейінде – жеті бөлімге, жалпы орта білім
деңгейінде сегіз бөлімге бөлінеді. Бұл бөлімдер меңгерілетін білік пен дағды, тақырып,
білім мен түсінік деңгейіне қарай бөлімшелерге бөлінеді. Оқу мақсаттары осы бөлімшелер
аясында топтастырылған. Оқу мақсаты әр бөлімшенің аясында оқушылардың қаншалықты
алға ілгерілегенін көрсетеді, бұл мұғалімдерге жұмысын жоспарлап, оқушыларды бағалап
және алдағы уақытта олардың қандай шешім қабылдауы қажеттігін анықтап, оны
оқушыларға жеткізуге негіз болады. Сонымен қатар, осы пәндер бойынша әзірленген оқу
бағдарламаларына негіз болған маңызды қағидат оқу бағдарламасының спиральділік
қағидаты болып табылады.

Спиральді оқу бағдарламасы
Спиральділік қағидаты бойынша құрылған оқу бағдарламасы Джером Брунердің
«Білім беру үдерісі» (1960) атты еңбегінде қарастырылған танымдық теорияға негізделеді.
Оның пікірінше, ең күрделі материалдың өзі дұрыс құрылымдалып, дұрыс ұсынылатын
болса, оны тіпті кішкентай балалар да түсіне алады. Сонымен қатар, «жұмыстау негізіне


Page 13

13

баланың бұрынғы өз тәжірибесі перне қоры, мағлұматы салынып, дәл айтқанда, балаға
танымал жақын нәрседен басталғаны» абзал (Ж. Аймауытұлы, 1929).
Джером Брунер адамның танымдық қабілеті шартты түрде бөлінген үш сатыдан
тұрады деп тұжырымдайды:
- белсенді (жұмыс үдерісінде білім алу);
- бейнелік (суреттер мен бейнелердің көмегімен білім алу);
- таңбалық (сөздер мен сандардың көмегімен білім алу).
Бұл спиральді оқу бағдарламасы тұжырымының дамуына себеп болған. Джером
Брунердің жұмысына негізделген спиральді оқу бағдарламасының негізгі ерекшеліктері:
- оқушы мектепте оқыған кезде тақырыпты немесе пәнді бірнеше рет қайталап
оқиды;
- әрбір қайталап оқыған сайын тақырыптың немесе пәннің күрделілігі арта түседі;
- жаңа білім алдыңғы біліммен тығыз байланысты және бұған дейін алынған
ақпарат тұрғысынан қарастырылады.
Спиральді оқу бағдарламасын жақтаушылар оның төмендегідей басымдықтарына
назар аударады:
- оқушы пәнді қайталап оқыған сайын ақпарат толықтырылып бекітіліп отырады;
- спиральді оқу бағдарламасы қарапайым идеялардан анағұрлым күрделі идеяларға
қисынды жолмен ауысуға мүмкіндік береді;
- оқушыларды межеленген оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін бұрын алған
білімдерін қолдануға жетелеу ұсынылады.

Орта білім мазмұнын жаңарту аясында әзірленген оқу бағдарламала ры
оқушылардың бір сыныптан екінші сыныпқа өтуі кезінде білімі мен дағдылары қайталанып,
одан әрі дамытылып отыратын спиральді оқу бағдарламасы моделіне негізделген. Оқу
үдерісінің алға ілгерілеуі айқын көрінуі үшін, оқу мақсаттары өзара тоғысқан бөлімдер мен
бөлімшелерге топтастырылған. Оқушылардың сыныптан сыныпқа көшу барысында алға
ілгерілеуіне орай, олар өздерінің дағдыларды меңгеріп, түсінуіне анағұрлым сенімді бола
түседі. Мысалы, негізгі орта білім беру деңгейіндегі «Жаратылыстану» пәні бойынша
«Ғалам. Жер. Адам» бөлімінің «Халық географиясы» (3-кесте) бөлімшесі бойынша және
«География» пәні бойынша «Әлеуметтік география» бөлімінің «Халық географиясы»
бөлімшесі (4-кесте) бойынша оқу бағдарламасының спиральділігі, яғни оқушылардың алға
ілгерілеуі айқын көрінеді, себебі сыныптан сыныпқа жоғарылаған сайын оқу материалы
күрделене береді.

3-кесте. «Жаратылыстану» пәні
5-сынып
5.2.7.1 дүние жүзі халқының нәсілдік құрамын және негізгі нәсілдер мен
нәсіларалық топтардың таралу аймақтарын анықтау

6-сынып 6.2.7.1 халықтың қоныстану заңдылықтарын анықтау


4-кесте. «География» пәні
7-сынып 7.4.1.3 халықтың этникалық және діни құрамына байланысты дүние жүзінің
тарихи-мәдени (өркениеттік) аймақтарының қалыптасуын түсіндіреді
8-сынып 8.4.1.3 елдердің демографиялық жағдайын талдап, басты демографиялық
көрсеткіштерін есептейді (халық саны, туу және өлім коэффициенттері,
табиғи және механикалық өсім, жалпы өсім, жас-жыныстық көрсеткіштер,
ұлттық және діни құрам)
9-сынып 9.4.1.3 Қазақстандағы көші-қон үдерістерін талдап, басты бағыттарын
анықтайды
Сыныптан сыныпқа өткен сайын алға ілгерілеу арқылы оқушылар тәжірибе жинақтап,


Page 14

14

терең білім алады. Бұл оларға өздері сүйенетін дереккөздер аясын кеңейтуге септігін тигізіп,
сондай-ақ бұл дереккөздерді қалай және неліктен пайдаланатынын түйсінуге және
бағамдауға көмектеседі. Оқу барысында оқушының жасы мен тәжірибесі де өз бетінше
шешім қабылдауына ықпал етеді.

«География» және «Жаратылыстану» пәндерін оқытудағы тілдік мақсаттар
Әр пәннің өзінің жеке сөйлеу стилі бар, оны нақты пәннің «академиялық тілі» деп
атауға болады. Академиялық тіл пән мазмұнын меңгеру, ойлау және осы пәнде
қолданылатын ұғымдармен жұмыс істеу қабілетін жақсартуға арналған басты құрал болып
табылады. Академиялық тілді дамыту тұрақты назар аударуды талап етеді. Оқушылардың
академиялық тіл мен пән мазмұнын толық игеруі үшін білім алу үдерісінде үнемі қолдау
көрсетілуі қажет. Екінші немесе үшінші тілдер арқылы білім алатын оқушылардың басым
бөлігі академиялық тіл мен пән мазмұнын игеруі үшін бүкіл оқу барысында қолдауды қажет
етеді.
Тілдік мақсаттар академиялық тілді үйренуде маңызды құрал болып табылады.
Оқушылардың өздерінен қандай нәтиже күтілетінін түсінуі тілдік мақсаттардың анық
құрылуына байланысты. Сондай-ақ, тілдік мақсаттар мұғалімдерге оқушылардың оқуға
деген уәжін арттырып, оларды бағамдауға және қолдауға көмектеседі. Пән мұғалімдері
оқушылардың пән мазмұнын меңгеріп, академиялық тілді дамытуына қолдау көрсетеді.
Академиялық тілді меңгеруге қолдау көрсету үшін мұғалімдерге сабақ жоспарларына
төмендегі сияқты оқу мақсаттарын жүйелі түрде қосу ұсынылады:
- оқушылардың назарын академиялық тілге аудару (мысалы, пән бойынша оқу
мақсаттарына жету үшін қажетті терминология немесе тұрақты тіркестері бар лексиканы
қолдану);
- сабақ барысында пән мазмұнының ұғымдарымен жұмыс істеуге қажетті жұмыс тілін
ұсыну (мысалы, топтық жұмыс жүргізуге, сұрақты дұрыс қоюға, жағдайды талдап,
пікірталас жүргізуге қажетті сөздер мен сөз тіркестері);
- алдын ала оқыту және пәнді оқуда дұрыс қолдана білу үшін қажетті терминология
мен тіркестер жиынтығын қамтитын лексиканы алдын ала орынды жағдайларда пайдалану;
- түрлі мақсаттарға қол жеткізу үшін оқушылардың тілдік дағдылардың барлық төрт
түрін түрлі комбинацияда (мысалы, оқылым-тыңдалым, оқылым-жазылым, оқылым-
айтылым, тыңдалым-жазылым және т.б.) қолдануы;
- оқушыларды пікірталас, диалогтерге қатыстыру (мысалы, оқушыларды толық жауап
беруге ынталандыру, білу деңгейіндегі сұрақтармен шектелмеу, пікірталас тиімді болуы
үшін оқушыларды өз білімін қолдануға түрткі болу, сондай-ақ оқушылар диалогке қатыса
алуы үшін қажетті лексикалық қормен қамтамасыз ету);
- тіл үйренуге тән оқу дағдыларын дамыту (мәселен, таңдап алынған материалдарды
тыңдау, түсіндіру, металингвистикалық және метатанымдық сананы дамыту, басқаша
тұжырымдау, сөздікпен жұмыс істеу дағдылары);
- тіл туралы сыни ойларын дамыту (мысалы, тілдерді салыстыру, оқушыларды тілді
барынша нақты пайдалануға ынталандыру, тілді үйренудегі жетістікті бағалау);
- сабақ басында тілдік мақсатты белгілеу және сабақтың соңында осы мақсат бойынша
қол жеткізілген жетістіктерді талқылау.
Тілдік мақсат үлгісі оқу жоспарының әр бөлімінде көрсетілген. Сонымен қатар, тілдік
мақсат үлгісінде академиялық тілдің құрамдас бөліктері ұсынылған, оны оқушылардың
есте сақтап, пайдаланулары керектігін ескерту маңызды. Бұл құрамдас бөліктер төмендегі
тақырыпшаларда ұсынылған:
(1) пәнге тән арнайы лексика және терминология;
(2) диалог/ жазылымға арналған пайдалы сөз тіркестері. Егер пәннің тілі анық әрі
оқушыларға түсінікті болса, бұл олардың пән бойынша оқу мақсаттарына ғана емес, тілдік
мақсаттарға да қол жеткізуіне көмектеседі.
Тілдік мақсаттарды белгілеу үшін келесі етістіктерді пайдалануға болады: саралау,


Page 15

15

санаттарға бөлу, таңдау, жіктеу, салыстыру, байланыстыру, қарсы қою, көшіру, құрастыру,
сынау, анықтау, суреттеу, әзірлеу, бағамдау, түсіндіру, мысал келтіру, жорамалдау,
анықтау, негіздеу, келіссөз жүргізу, болжау, өндіру, балама шешім ұсыну, себебін
түсіндіру, пысықтау, қайта ұйымдастыру, басқа сөзбен айту, мазмұндау, қайта қарап шығу,
көшіріп алу, рөлдік ойын ойнау, қорыту, жинақтау және жазу, түрлі мақсатта пайдалану, өз
сөзімен анықтама жазу, безендіру.
Тілдік мақсаттардың бірқатарын пән мазмұнына сай оқу мақсаты ретінде қарастыруға
болғанымен, мазмұн мен тілдің бөлінуі оқушылардың мазмұнға да, тілге де баса назар
аударуына көмектеседі. Сонымен қатар, бұл жауап/ шешімге назар аударумен қатар, сол
жауап/шешімді іздеу үшін қолданылатын үдерістерге назар аударылуын теңдестіруге
көмектесе алады. Атап айтқанда, осы үдерістерге баса назар аудара отырып, тілдің барынша
нақты қолданылуын және ойлау әрекетін жақсартуға болады.











































Page 16

16

«ГЕОГРАФИЯ» ЖӘНЕ «ЖАРАТЫЛЫС ТАНУ» ПӘНДЕРІН ОҚЫТУДАҒЫ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘСІЛДЕР

Оқушыларды оқытудың ең жоғары стандарттарын қамтамасыз етуде мұғалімдердің
қолданатын оқыту тәсілдері (яғни, педагогикалық әдістемелер) маңызды. Хэтти (Hattie,
2011) білім беру шараларының оқушыларға әсерін талдау үшін жүргізілген 60155
педагогикалық зерттеу аясында 9000-нан аса метаталдау әдісін пайдаланды. Олар алдында
қол жеткізген жетістіктерден кейін оқушылардың алға жылжуына мұ ғалімдердің
педагогикалық шеберлігі айтарлықтай септігін тигізетінін дәйекті түрде көрсетті.
Мұғалімдер пайдаланатын әдіс-тәсілдер оқудың тиімділігіне елеулі әсерін тигізеді.
Педагогикалық әдістемелерді жетілдірмей тұрып, оқу бағдарламасын өзгерту білім беру
стандарттарына қатысты реформалау шараларының мүмкіндіктері мен нәтижелілігін
төмендетеді.
Оқу бағдарламасының, оқыту тәсілдерінің және бағалаудың қалай құрылуы
қажеттігінің мысалын Хименес-Алейксандренің (Jiménez-Aleixandre, 2008) дәлелдерді
құрудың оңтайлы оқу ортасына арналған ұсынысынан көруге болады (2008, cited by
Katchevich et al, 2011):
1) Оқушылар оқу үдерісіне белсене қатысады. Олар білімдерін бағалап, өздері
ұсынған қорытындыларының дәлелдерін ұсынуы және бір-біріне сын тұрғысынан қарауы
тиіс.
2) Мұғалімдер оқушыларға бағытталған және дәлелдерді құру мен талдауға арналған
рөлдік модельдер ретінде әрекет ететін оқыту тәсілдерін қолданулары керек.
3) Оқу бағдарламасы проблемаларды шешудің тәсілдерін қамтуы тиіс.
4) Оқушылар мен мұғалімдер пікірлерді бағалауда білікті болуы керек және
оқушыларды тек жазбаша тестілеу бойынша ғана бағалауға болмайды.
5) Оқушылар өздерінің алған білімдерін қолдана алуы және білімдердің қалай
алынғанын талдай білуі тиіс.
6) Оқушыларға диалогке және бірлескен оқуға қатысуға мүмкіндік беру керек.
«География» және «Жаратылыстану» пәндері бойынша оқу бағдарламаларындағы оқу
мақсаттары оқушылардан өздерінің дағдыларды үйренуі туралы ой-пікірлерін білдіріп, оны
талдай және бағамдай білуді талап етеді. Бағалау жүйесі «Геогра фия» және
«Жаратылыстану» пәндерін оқытуда критериалды бағалау және оқытуды жоспарлау»
тарауында қарастырылады. Сонымен қатар, педагогиканың түрлі аспектілері, атап
айтқанда, оқушыға бағдарланған әдіс-тәсілдер, проблемаларды шешу, рефлексиялық оқу
және бірлескен оқу тәсілдері қарастырылады.
Оқыту әдістерінің барлық аспектілері сындарлы оқыту теориясымен үйлеседі.
Сындарлы оқыту тәсілдері білім берудің «дәстүрлі» әдістерімен салыстырғанда, оқыту
кезінде жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді (Hattie, 2011). Сындарлы оқыту
тәсілдері оқушылардың алдыңғы білімдерімен ұштастыра отырып, жаңа білім алуы туралы
тұжырымдамаға негізделген. Бұл жерде ең маңыздысы: оқушылардың алдыңғы алған
дағдылары жаңа дағдыларды меңгеруге үлкен ықпалын тигізеді, ал егер ол ескерілмесе,
онда білім тереңге бармай, үстірт меңгерілген таяз білім болады. Мұндай үстірт білім
оқушыға қазіргі әлемде жетістікке жету үшін қажетті жоғарыда аталған сын тұрғысынан
ойлау, рефлексия және басқа да дағдыларын, алған білімін қолдануына кері әсерін тигізеді.
Оқушылар білімді толықтай меңгеру үшін ақпаратты енжар қабылдамай, сабаққа белсенді
қатысуы керек. Оқушылардың алған білімдерімен жұмыс істеуге, оны әрі қарай өңдеп, өз
дағдыларын арттыруға мүмкіндік беретін жаттығулар орындауға мүмкіндік беру аса
маңызды болып табылады.
«География» және «Жаратылыстану» пәндерінің мұғалімдері оқушыларды өздігінен
білім алуға, шешім қабылдауға қабілетті ынталы, қызығушылығы жоғары, өзіне сенімді,
жауапкершілігі жоғары, өзінің және өзгенің іс-әрекетіне талдау жасай алатын жеке тұлғаны
қалыптастыруға бағытталған қағиданы ұстанады. Мұғалімдер оқушылардың бойында бұл


Page 17

17

қасиеттерді әртүрлі оқыту тәсілдерін қолдану арқылы тәрбиелейді және дамытады:
- сенімді қатынас пен ынтымақтастық ахуалын қалыптастыру үшін жағдай жасау;
- оқушылардың жеке мүмкіндіктерін және жас ерекшеліктерін есепке ала отырып,
сараланған тапсырмалар әзірлеу;
- пәнаралық сипаттағы зерттеу сұрақтары мен тапсырмаларын құрастыру;
- топ жетістікке жетуі үшін әр оқушының түрлі рөлде жұмыс атқаруына мүмкіндік
беретін топтық жұмысқа жағдай жасау;
- өз ойын жеткізе білу және дәлелдер келтіре алу, мәселелерді анықтау үшін өз
пікірлерін жеткізу, болжам құру және ұсыныс жасау қабілетін дамытуға
ынталандыратын жағдайлар жасау;
- оқушылардың зерттеу жұмыстарын жүргізуіне негізделген белсенді оқуды
ұйымдастыру;
- оқушылардың сабақта зерттеу жұмыстарын жүргізуі, тәжірибелер жасауы мен түрлі
дереккөздерді пайдалануын қажет ететін проблемалық жағдаяттар туындату;
- зерттеу тақырыбын өз бетінше таңдауын, жоспарлауын және зерттеу нәтижелерін
ұсынуын ұйымдастыру арқылы оқу шылардың зерттеу жұмыстарына
қызығушылығын қолдау.
Пәндерді оқытудағы педагогикалық әдіс-тәсілдер:
- Құндылықтарға бағдарланған тәсіл
Оқытудағы құндылықтарға бағдарланған тәсіл – оқу әрекетін белгілі бір
құндылықтар тұрғысынан ұйымдастыру және жүзеге асыру, нәтижелерге қол жеткізу және
пайдалану тәсілі. Құндылыққа бағдарланған тәсіл оқушы тұлғасының бойында мақсатты
түрде құндылықтар жүйесін қалыптастырады. Құндылықтар – қоғам қолдайтын және
адамдардың көпшілігі мойындайтын белгілі нысандардың және құбылыстардың, адамдық
қасиеттер мен өзін-өзі ұстау ережелерінің тұлғалық және әлеуметтік-мәдени маңыздылығы.
Құндылықтар тұлғаны ынталандырудың өте маңызды факторы ретінде мінез-құлық пен іс-
әрекеттерді бағдарлайды. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының құндылықтары орта білім беру
құндылықтарының негізі болып табылады. Қазақстандық патриотизм және азаматтық
жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық, өмір бойы оқып-
үйрену орта білім берудің құндылықтары ретінде белгіленді.
- Тұлғаға бағдарланған тәсіл
Тұлғаға бағдарланған тәсілдің мақсаты оқу үдерісін дараландыру, оқу үдерісінде
тұлғаны, оның жеке психикалық және физиологиялық ерекшеліктерін, қажеттіліктері мен
жүріс-тұрыс уәждерін, әлеуетті қабілеттіліктерін ескере отырып үйлесімді қалыптастыру
және жан-жақты дамыту, оның шығармашылық қабілеттерін толық ашу.
- Саралап оқыту тәсілі
Саралап оқыту тәсілі оқу үдерісінің оқушылардың әртүрлі топтарына арнайы
бағдарлауды, оқушылардың жеке қабілеттерін ескеру мақсатында әртүрлі топтар үшін
әртүрлі нысанда ұйымдастыруды көздейді. Саралап оқыту тәсілі әртүрлі оқушылар
тобының оқу әрекетін ұйымдастыру үшін арнайы оқыту әдістерін және іс-әрекеттерді
саралау тәсілдерін қамтиды. Саралап оқытуды ұйымдастырудың негізгі шарты күрделілігі,
танымдық тұрғыдан қызығушылық туғызуы, мұғалім тарапынан берілетін көмектің сипаты
жағынан ерекшеленетін сараланған тапсырмаларды қолдану болып табылады.
-
Коммуникативтік тәсіл
Білім берудегі қатысымдық тәсіл екі немесе одан көп адамдардың сөйлесу арқылы
қарым-қатынас жасау үдерісінде ақпарат беру және хабарлау, білім, білік және
дағдылармен алмасуы болып табылады. Қатысымдық тәсілдің нәтижесі тіл арқылы қарым-
қатынас жасауға қабілеттілік, яғни тілдік және сөйлеу нормаларын дұрыс пайдаланып,
қарым-қатынас жағдайына сай тиімді қатынас тәртібін таңдай отырып, түрлі жағдайларда
қарым-қатынас әрекетінің басқа қатысушыларымен ой бөлісу және пікір алмасуға
қабілеттілік болып табылады. Қатысымдық тәсілге сәйкес ұйымдастырылған оқу үдерісі
қарым-қатынас дағдыларын және шынайы қарым-қатынас жағдайларына сәйкес жұмыс


Page 18

18

режимдерін қалыптастыруға ықпал ететін тапсырмаларды қамтуы тиіс (жұптық және
топтық жұмыстар).
- Іс-әрекеттік тәсіл
Іс-әрекеттік тәсілдің негізгі мазмұны – оқушы білімді дайын күйінде алмай, оны өзі
меңгереді, өзінің оқу әрекетінің мазмұны мен түрлерін ұғынады, оның ережелер жүйесін
түсінеді және қабылдайды, жетілдіруге белсенді қатысады. Ол өз кезегінде білімнің,
біліктердің, оқып-үйрену және кең ауқымды дағдылардың белсенді әрі сәтті қалыптасуын
қамтамасыз етеді. Оқушылардың оқу әрекеттері келесі басты санаттар бойынша
топтастырылған: «біледі», «түсінеді», «талдайды», «бағалайды», «жинақтайды».
- Жоба орындау тәсілі
Оқу жобасы – оқушының немесе оқушылар тобының ғылыми-зерттеу,
шығармашылық немесе тәжірибелік сипаттағы проблемаларды шешуде белгілі бір
нәтижеге қол жеткізуге бағытталған оқу-танымдық әрекеті. Оқу жобасының мақсаты,
белгіленген әдіс-тәсілдері мен орындалатын жұмыстардың реті, қорытынды тұжырымы
және белгіленген тәртіпке сай рәсімделген нәтижелері болады.
- Зерттеу тәсілі оқушылардың зерттеу элементтері бар жұмыстарды өз бетінше
орындау біліктерін қалыптастыруды, ізденіс түрінде эксперимент жүргізуді, ғылыми
болжамдар ұсынып, олардың дұрыстығын тексеру әдістерін негіздеу дағдыларын
қалыптастыруды көздейді.
Мұғалімдер оқыту тәжірибесінде оқушылардың оқу үдерісінде және оқу
жоспарында ұсынылған тапсырмаларды орындау арқылы оқу мақсаттарына қол жеткізуіне
көмектесетін түрлі педагогикалық тәсілдерді ұтымды пайдаланғандары дұрыс. Бұл
тапсырмалар әртүрлі дағдыларды дамытуға арналған болуы мүмкін: мәселелерді шешу,
материалды жинақтап қорыту, оқып-білген материалды белсенді қайталау үшін бірігіп
рефлексия жасау, ақпаратты талдау арқылы қабылдау, ақпаратпен жұмыс істеудің бастапқы
және қорытынды кезеңдеріндегі ақпаратты құрылымдау және т.б.
Еліміздің бәсекеге қабілетілігін қамтамасыз ету үшін ғылым мен білім беру
салаларын өзара тығыз байланыста қарастыру, оқушылардың мектеп қабырғасынан бастап
ғылыми тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту қажет.
Оқу үдерісінде оқушылардың зияткерлік, шығармашылық кабілеттері мен сын
тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту, ғылыми тұрғыдан ойлау дағдылары мен танымдық
қабілеттерін дамыту география және жаратылыстану мұғалімдерінің маңызды
мақсаттарының бірі болып табылады. Оқу үдерісі оқушының ойлау дағдыларының
дамуына ықпал етуі үшін талдау, салыстыру, сәйкестендіру, дербес, ортақ және ерекше
белгілерін анықтай білу, абстракцияландыру, жалпылау, қорытынды жасау сияқты ойлау
амалдарын қолдануды үйрету керек.
Оқу үдерісінде оқушылардың теориялық және тәжірибелік ойлау дағдыларын қатар
қалыптастыру маңызды. Оқудың тәжірибелік дағдыларға бағытталуы, оқушылардың
теориялық білімін өмірде қолдана білу және жеке жобалық жұмыстар орындау қабілеттерін
дамыту мұғалімнің негізгі мақсаттарының бірі болып табылады.
Ғылыми тұрғыдан ойлаудың сипаттары:
- Зерттеу мақсатын айқын белгілеу;
- Ғылыми болжамдар жасау;
- Зерттеу әдістемесін белгілеу;
- Зерттеудің негізгі кезеңдерін анықтау;
- Зерттеу жұмыстарын жүргізу;
- Алынған нәтижелерді талдау;
- Қорытындыларды тұжырымдау.
Оқушылардың ғылыми тұрғыдан ойлау дағдыларын дамытудың жолдары:
- Ғылыми зерттеулердің негізін түсіндіру;
- Оқушыларды проблемалық жағдаяттарды шешуге қызықтыру;
- Бақылау, тәжірибе жасау, алған білімдерін жүйелеу және жалпылау ,


Page 19

19

географиялық құбылыстарды түсіндіру сияқты оқушылардың жалпы логикалық
ойлау дағдыларын дамыту.
Бақылау, тәжірибе жасау, алған білімдерін жүйелеу және жалпылау ,
географиялық құбылыстарды түсіндіруде шығармашылық таныту, теориялық
ойлау сияқты қабілеттерін қалыптастыру оқушылардың ғылыми тұрғыдан ойлау
дағдыларының дамуына ықпалын тигізеді.
Оқушылардың география және жаратылыстану пәндеріне қызығушылығын арттыру
мұғалім үшін маңызды. Ол үшін белсенді оқу әдістерін қолдану арқылы келесі
ұсынымдарды қолдануға болады:
- Сабақты көрнекі құралдармен қамтамасыз ету;
- Сабақтың ғылымилығын жоғарылату;
- Проблемалық жағдаяттар туындату;
- Оқушылардың өз бетінше жұмыстарын ұйымдастыру;
- Шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды пайдалану;
- Ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу, т.б.
Қазіргі кезеңде оқушының өз бетімен білімге ие болу барысында оның белсенді іс-
әрекетін ұйымдастыру оқу үдерісіне қойылатын негізгі талаптардың бірі болып табылады.
Оқыту мен оқу үдерістері біртұтас, оларды бір-бірінен ажыратып қарастыруға
болмайтынын түсіну маңызды. Мұғалімдердің оқу үдерісін және өз тәжірибесін жетілдіру
жолдарын жетік түсінуі оларға тиімді оқуды ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

География мен жаратылыстануды оқытудың тиімді түрлері мен әдістері
Оқу үдерісінің тиімділігін арттыру көп жағдайда сабақ барысында оқушылардың
танымдық белсенділігін дамытатын және оқу үдерісін күшейтетін оқыту түрлері мен
тәсілдеріне байланысты.
География мен жаратылыстануды оқыту тәжірибесінде сабақ, дәріс, практикум,
экскурсия, конференция, қосымша факультативтік сабақтар арқылы оқыту түрлері және
келесі тәсілдер кеңінен қолданылады: әңгімелеу, сұхбат, кітаппен жұмыс істеу, бақылау,
эксперимент, экрандық оқу құралдарын пайдалану, тәжірибелік жұмыс, жоба жұмысы.
Сонымен қатар, қазіргі кезде сабақтарда модельдеу әдістері, ойша модель құрастыру,
математикалық модельдеу әдістері де кеңінен қолданылады
Сабақ – сыныпта оқу үдерісін ұйымдастырудың негізгі үлгісі болып табылады.
География және жаратылыстану сабақтарында сабақтың келесі түрлері қолданылады: жаңа
білімді игеру сабағы, білімді тәжірибеде қолдану сабағы, өткен тақырыпты пысықтау және
қайталау сабағы, білімді бақылау және жинақтау сабағы, аралас сабақ. Сабақтың түрі
сабақтың дидактикалық мақсаттарына байланысты таңдалады. Жеке, жұптық, топтық және
ұжымдық оқу жұмысы арқылы оқыту түрлері сабақтың барлық түрлеріне ортақ болып
табылады:
 жеке – оқушының тапсырманы өздігінен орындауы;
 жұптық – «оқушы-оқушы», «мұғалім-оқушы» режіміндегі жұмыс;
 топтық – топ мүшелерінің санына қарай шағын топтағы (3-5 адам) жұмыс және
жалпы сыныптық жұмыс (бүкіл сынып) түрінде өтуі мүмкін, мұнда барлық оқушы
бір тапсырманы (тақырыпты) немесе оның бір бөлігін орындайды;
 ұжымдық, яғни құрамы ауысып отыратын жұптардағы жұмыс, мұнда әр оқушы жеке
тақырыпты немесе тапсырманы орындайды және әр серіктесіне оны түсіндіреді.
Пәндерді оқытуда әңгімелеу әдісі кеңінен қолданылады.
Семинар. Оқушылар сұрақтарға алдына ала дайындалған жоспар бойынша, әтүрлі
әдебиеттермен және дереккөздермен жұмыс істеу арқылы дайындалады. «География»
немесе «Жаратылыстану» пәні бойынша семинар сабағында оқушылар берілген
сұрақтарды жан-жақты талдап, өздерінің көзқарастарын білдіреді. Бұл оқушылардың
зияткерлік әлеуетін дамытып, қосымша әдебиеттермен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға
мүмкіндік береді. Оқу үдерісінде мұғалім семинарға оқушылармен бірге қатысады, ол


Page 20

20

әртүрлі жолдармен және тәсілдермен олардың оқу- танымдық қызметін ұйымдастырады.
«География» және «Жаратылыстану» пәндерін оқытуда төмендегідей әдістер
қолданылады:
1) Бiлiм берудiң ауызша және жазбаша түрi. Оған; ауызша баяндау, сұхбат, оқулық
және материалдармен жұмыс iстеу жатады.
2) Көрнекiлік әдісіне оқушының өз бетiнше бақылау, тәжiрибе жүргiзуi мен көрнекi
құралдар жасауы жатады. Сонымен қатар, карталарды және басқа да картографиялық
құралдармен жұмыс iстеудi жатқызуға болады.
3) Тәжірибелік оқытуға оқушылардың өздері орындайтын оқу әрекеттерiн жатқызуға
болады.
Экскурсия сабағы оқу әдісі және сабақты ұйымдастыру үлгісі ретінде география мен
жаратылыстануды оқытуда маңызды орын алады. Экскурсия мектептің немесе сыныптың
аумағынан тыс, табиғи немесе өндірістік нысандарға саяхат арқылы жүзеге асырылатын
оқыту тәсілі және оқу үдерісін ұйымдастыру түрі болып табылады. География мен
жаратылыстануды оқытуда экскурсия оқу-тәрбие жұмысының бір түрі болғандықтан,
оқушылар топтық экскурсияны табиғат аясында, далада, мұражайларда, өзен аңғарында т.б.
өткізеді.
Экскурсия алдын ала белгіленген тақырып бойынша және белгіленген мерзімде
бағдарлама бойынша өткізіледі. Мазмұнына байланысты тақырыптық экскурсия, кешендік
экскурсия, кіріспе экскурсия, қорытынды экскурсия түрінде болуы мүмкін.
Тақырыптық экскурсия география не жаратылыстану пәнінің нақты бір тақырыбына
арналады. Кешенді экскурсия мазмұндық жағынан ұқсас тақырыптар бойынша бірнеше пән
көлемінде ұйымдастырылады, мысалы, география, жаратылыстану, биология. Бұл
пәнаралық байланысты көрнекі көрсетуге мүмкіндік береді. Кіріспе экскурсия тақырыпқа
кіріспе жасау мақсатында ұйымдастырылады; қарастырылатын тақырыптың тәжірибелік
маңызын көрсетіп, оқушыларды сабаққа қызықтыруды көздейді. Қорытынды экскурсия
оқушылардың белгілі бір сала бойынша оқып үйренгендерін қорыту, өмірмен
байланыстыру мақсатында ұйымдастырылады.
Экскурсия теориялық білімді тәжірибемен байланыстырумен қатар белгілі бір сала
мамандарының жұмысымен танысуға да мүмкіндік береді. Оқушыларға экскурсиядан соң
танысып-білгендері бойынша таныстырылым дайындау, баяндама жасау, т.б. түрінде ой-
түйіндеу тапсырмаларын беруге болады. Экскурсияны қорыту үшін саяхаттан алған
білімдері мен орындаған жұмыстарын бағалауға мүмкіндік беретін пікір алмасу, талқылау
түрінде қорыту сабағын өткізуге болады.
География мен жаратылыстануды оқытудағы топтық экскурсияның маңызы:
- оқушылардың білімін тереңдетіп, ой-өрісін кеңейтеді;
- оқушылардың іздемпаздығын арттырады;
- өзі тұратын өлкені тануға, табиғатты зерттеуге талпындырады;
- оқушылар өзін заттарға дұрыс қарауға, адамның еңбегін бағалауға дағдыланады.
Оқушылар экскурсия барысында өзін қоршаған орта, табиғат туралы, оның
физикалық-географиялық және табиғи-әкімшілік ерекшеліктері туралы білім алып қана
қоймай, сонымен қатар, келешектегі оқуы мен кәсіби қызметі үшін зор маңызы бар өз
бетінше жұмыс істеу дағдыларын меңгереді.
Топтық экскурсияны бірнеше түрге бөлуге болады:
- табиғатқа экскурсия;
- мұражайға, ботаникалық баққа, зоологиялық паркке, географиялық кешенге
экскурсия;
-табиғи-аймақтық кешендерге жасалатын экскурсия.
Географияны оқыту барысында экскурсия ұйымдастыруда бірқатар ережелерді ескеру
қажет:
- белгілі бір физикалық-географиялық кешендерді таныстыру арқылы тәрбиелік
маңызы бар жұмыстар жүргізу;


Page 21

21

- табиғи-әкімшілік кешенді оқып үйренуді кезеңдер бойынша бірте-бірте жүзеге
асыру;
- топтық экскурсия барысында бақылау жасау, географиялық қабықта болып жатқан
оқушыларға әлі белгісіз құбылыстар мен үдерістерді түсіндіру кезінде салыстыру әдісін
қолдану;
-табиғатты зерттеудің тәжірибелік маңызына оқушылардың назарын аударту,
балаларды табиғатқа мұқият қарап, қамқорлық жасауға, оның байлықтарын қорғауға
тәрбиелеу.
Әңгімелеу мазмұндаудың негізгі тәсілдерінің бірі болып табылады. Мұғалім
әңгімелеу арқылы материалдың мазмұнын түсіндіреді. Географияны оқытуда әңгімелеу
сабақ уақытының аз бөлігін алып, әдістемелік талаптарға сай келуі тиіс:
1) әңгіме қысқа болуы керек (5-15 минут);
2) әңгімелеу барысында жаңа терминдерге арнайы тоқталып, тақтаға жазу және қажет
жағдайда оқушылардың дәптеріне жазып алуларына мүмкіндік беру керек;
3) сабақта қолданылатын көрнекіліктер мен карталарды алдын ала дайындап,
көрінетін жерге іліп қойған дұрыс;
4) мұғалімнің сөздері түсінікті және сөздерді орынсыз қайталау, бұрмалау болмауы
керек,
5) мұғалімнің әңгімелеуі эмоционалдық тұрғыда әсерлі болуы тиіс;
6) мұғалім оқулықта берілген мәтінді сол күйінде қайталап айтуына болмайды.

Географияны оқытуда жиі қолданылатын тәжірибелік жұмыстарға жергiлiктi жердi
түсiруде жүргiзiлетiн тәжірибелік жұмыстар, жергiлiктi жердiң жоспарын сызу, белгiлi бір
нысанды суретке түсiру, абсолюттiк биiктiктiктi анықтау, өзеннiң енi мен тереңдiгiн
анықтау т.б. Географияны оқытуда әрбiр әдiстiң өзiндiк ерекшелiктерi бар. Сондықтан
мұғалiм сабақ өтуде бұл әдiстердi қажеттілігіне қарай қолданып отырады. Мысалы, сабақ
өткенде ауызша баяндау, сұхбат және картамен жұмыс iстеу әдiстерiн бiрге қолданған
орынды.
Географияны оқытудағы тәжірибелік және көрнекiлiк әдiстер
Географиялық бақылау. Географияны оқытуда бақылау әдісін қолданудың маңызы
зор. Географиялық бақылауды қолдану арқылы оқушылардың iскерлiгі мен дағдылары
қалыптасады. Сонымен қатар, бақылау оқушылардың табиғат құбылыс тары мен
шаруашылық сипаттары жөнiндегi бiлiмдерiн де тереңдетуге көмектеседi. Әдетте,
географиялық бақылаулар сыныптан тыс уақытта өткiзiледi. Көп жағдайда географиялық
бақылау экскурсия кезiнде орындалады және топтық сипатта жүргiзiледi. Экскурсия
кезіндегі топтық бақылау барысында төмендегідей мәселелерге назар аударылады: өзен
режимi; құдықтағы судың деңгейi; таудағы топырақ түрлерi; ауыл шаруашылық
жұмыстары т.б.
Мектеп жанындағы географиялық алаңдарда: ауа райын бақылау; күннің биiктiгiн
анықтау; күннiң шығысы мен батысын белгiлеу; поляр жұлдызының орнын анықтау т.б.
бақылаулар жүргiзiледi.
Бақылаудың кейбiреулерi оқу бағдарламасына енгiзiлiп, оқушылар оларды кезекпен
орындайды. Ал басқалары сыныптан тыс уақытқа жоспарланып өткiзiледi. Оқушылар
географиялық бақылауды мұғалiмнiң тапсырмасы бойынша орындайды. Әр бақылаудың
өзiндiк бағыты мен мақсаты болады. Бақылау жүргізу барысында жи нақталған
материалдарды өңдеп, сабақтарда пайдалануға болады.
Географиялық иллюстрация және олармен жұмыс iстеу әдiстерi
Географияны оқытуда қолданылатын көрнекi құралдарға суреттер, карталар,
көрiнiстер, әртүрлi пейзаждар жатады. География оқулықтарында иллюстрациялық
материалдар өте көп берiледi. Көбiнесе көркем суреттер тақырып мазмұнына
орайластырылып берiледi. Мысалы:
 саяхатшылар мен зерттеушiлердiң жүрген саяхаттары;


Page 22

22

 әр материктiң ашылу тарихы;
 материк бедерлерi;
 өсiмдiктер;
 жануарлар;
 мұхит ағыстары;
 вулкандар және т.б. Жергiлiктi жердегi тәжірибелік жұмыстар
Тәжірибелік сабақтардың мазмұны ілгеріде игерген білімді бекіту, меңгерген
білімін тәжірибеде қолдану дағдыларын дамытуды қамтиды. Мұндай сабақтарда оқушылар
әртүрлі географиялық көрнекі құралдармен жұмыс істеу арқылы тақырыпты меңгереді.
Мұғалім сабақты жоспарлау барысында оқушылардың танымдық мүмкін діктері мен
талаптарына сәйкес тапсырмаларды іріктеуді ойластыру керек.
Оқушылар оқуда жоғары жетістіктерге жетуі үшін мұғалімдер сабақта белсенді оқуды
қолдайтын тиімді әдіс-тәсілдерді қолданады.
Географияны оқытуда тәжiрибелік жұмыстар жиі қолданылады. Көп жағдайда бұл
тәжiрибелер физикалық күй мен биологиялық бағытқа қатысты өткізіледі. Табиғатта
болатын үдерістер мен оқиғаларды зерттеуде география пәнiндегi тәжiрибелердiң маңызы
зор.
Мәселен, мектеп географиясында кең тараған тәжiрибелердің бірқа тары
төмендегідей:
1. Ауаның құрамын анықтау;
2. Ауаның ылғалдылығын бiлу т.б.
3. Судың жылдамдығын өлшеу;
4. Судың шаю уақыты мен процесiн анықтау;
5. Сарқырамалардың пайда болуын бiлу;
«География» пәнін оқытуда физикалық география пәніне қатысты ә ртүрлi
тәжірибелік жұмыстар жүргізіледі. Мұндай тәжірибелік жұмыстарды орындау барысында
оқушылардың бойында бiлiм мен iскерлiк дағдылары қалыптасады. Географияны оқу
барысында оқушылар топографиялық тәжірибелік жұмыстарды орындайды: тұсбағар,
поляр жұлдызы, жергiлiктi жердiң белгілі бір нысандары арқылы бағыттарды анықтау,
арақашықтықты көз мөлшермен және рулетканың көмегiмен өлшеу, төбелердiң абсолюттiк
биiктiгiн өлшеу, жергiлiктi жердiң планын сызу, жергiлiктi жердiң географиялық ендiгi мен
бойлығын өлшеу т.б. жатады.
Диалог. Қазіргі сабақта қолданылатын белсенді оқу – бұл, ең алдымен, диалог арқылы
оқу (сұхбаттасу), мұнда мұғалім мен оқушылардың өзара бірігіп әрекет етуі жүзеге
асырылады.
Бұл әрекеттестіктің ерекшелігі:
- оқу үдерісіне қатысты тұлғалардың (мұғалім, оқушы) бір мағыналық кеңістікте
болуы;
- күрделі мәселелер өрісінде шешілетін тапсырмаларды бірігіп көтеру, яғни бірыңғай
шығармашылық кеңістікке қосылуы;
- тапсырмаларды орындауға қажетті әдіс-тәсілдерді таңдауда өзара келісімнің болуы.
Танымдық үдерісте оқушылардың біріккен іс-әрекеттері әрбір оқушының өз үлесін
қосу арқылы бірігіп жаңа білімді игеруін білдіреді. Мұнда олар бір-біріне қолдау көрсету
арқылы өзінің білгенімен, жаңа идеяларымен, тәжірибелерімен бөліседі, осылайша өзінің
танымдық әрекетін де дамытады.
Проблемалық жағдаят тудыру. Оқушыларды оқу үдерісіне тарту және олардың
шығармашылық ойлау деңгейін жетілдірудің тиімді тәсілдерінің бірі – сабақта
проблемалық жағдай туындату, оның мүмкін шешімдерін іздеу және оңтайлы жауабын табу
болып табылады. Оқушылар салыстыру, талдау, сәйкестендіру, жіктеу, бағалау,
қорытындылау сияқты ойлау сатыларынан өтіп, білімді жаттанды немесе қайталау арқылы
емес, шығармашылық жолмен игеруге мүмкіндік алады.


Page 23

23

Мұғалім оқушылармен пікір алмасу арқылы талқылау ұйымдастырып, мәселенің
шешімін табуға жетелейді. Бұл – оқушылардың ойлау дағдысын дамытатын тиімді
тәсілдердің бірі. Сабақта қарама-қайшы келетін пікірлер арқылы қақтығыс туындатып, оны
кішкене бөліктерге жіктеп шешу арқылы нәтижеге қол жеткізу оқу үдерісін тиімді болуына
әсерін тигізеді. Себебі оқушының дұрыс жауапты білмеуінің өзі оны белсенділік танытуға
итермелеп, жаңа білімге ұмтылысын арттырады, танымдық үдерісті күшейтеді.
Жаратылыстану және география сабақтарында проблемалық жағдаят туындату үшін
қарама-қайшылықтың келесі түрлерін қолдануға болады:
- оқушының өз тәжірибесі мен ғылыми білімнің арасындағы қайшылық;
- танымдық үдеріс қайшылығы, яғни бұрынғы білім жүйесі мен жаңа білімдердің
арасындағы қайшылық;
- объективті шындықтың өзіндік қайшылықтары.
Жоба әдісі. География және жаратылыстану сабақтарында оқу үдерісін табысты
ұйымдастыру жолдарының бірі – жоба әдісі. Бұл әдіс оқушылардың белгілі бір мәселені
өздігінен зерделеп, зерттеу нәтижесін көпшілікке таныстырып жариялаудан тұратын оқу-
танымдық іс-әрекеттерінің жиынтығын қамтиды. Жоба жұмысы барысында оқушылардың
ақпараттық, коммуникативтік құзіреттіліктері, күрделі мәселелерді шешу жолындағы
ізденушілік дағдылары және өз іс-әрекетіне рефлексия жасай білу қабілеттері дами түседі.
Сонымен қатар, бұл тәсіл пәнаралық байланысты нығайтып, екі немесе одан да көп пәндер
бойынша кіріктірілген сабақтар ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Жоба әдісін қолдану
сабақта мұғалім қызметінің де өзгеруіне ықпал етеді: мұғалім дайын білімді ұсынушыдан
өз оқушыларының ізденушілік, зерттеушілік, шығармашылық қабілеттерін дамыту арқылы
танымдық әрекеттерін ұйымдастырушыға айналады. Сабақ барысында немесе сабақтан тыс
жүзеге асырылатын жоба жұмысын орындау барысында оқушылардың зе рттеушілік
дағдылары жетіліп, ішкі уәжі арта түседі. Оқушылар білімді өздігінен ізденіп, оларды
талдап, дамыту арқылы қорытынды жасап, жаңа нәтиже алуды және оны жариялауды
жүзеге асырады. Жоба әдісі оқушылардың өз бетінше ізденуіне бағытталған; жоба
жұмысын оқушылар белгіленген уақыт аралығында жеке, жұппен немесе топпен орындауы
мүмкін, сондықтан ол бірлескен оқу тәсілімен толық үндестік табады.
Жаратылыстану және география пәндерінде жоба әдісін қолдану оқушылардың
ғылыми танымдық белсенділігін күшейтіп, пәнаралық байланыс орнату арқылы пәнді
оқытудың табыстылығын арттырады.
Жоба жұмысының тақырыптарын анықтауда мұғалім мен оқушылардың біліктілігі
және шығармашылығы көрініс табады. Мұғалім жоба жұмыстарына оқу бағдарламасы
ұсынатын тақырыптармен қатар өз қалауы бойынша өткен тараулардағы тақырыптарды
алуы да мүмкін.
- Жоба жұмысының түрлері: зерттеушілік жоба, ақпараттық жоба, шығармашылық
жоба, рөлдік ойын жобасы, т.с.с. Ұзақтығына байланысты қысқа мерзімді шағын (бір сабақ,
бір немесе бірнеше апта көлемінде), орта мерзімді (бір немесе бірнеше ай көлемінде), ұзақ

мерзімді жоба (жыл бойы) болуы мүмкін.
Жоба әдісін қолдануға қатысты негізгі талаптар:
- әртүрлі пән салалары бойынша кіріктірілген білімдерді және зерттеушілік
ізденісті қажет ететін проблемалық мәселенің болуы;
- күтілетін нәтиженің тәжірибелік және танымдық маңызды болуы;
- оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу, зерделеу әрекеттерінің жүйелі болуы;
- жоба жұмысының мазмұндық құрылымының анық болуы;
- зерттеу әдістерінің қолданылуы.
«География» пәні бойынша жоба жұмыстарын орындау оқушылардың табиғат пен
қоғам арасындағы өзара байланыстарға, осы байланыстардың кеңістіктік ерекшеліктеріне
ғылыми көзқарасын қалыптастыруға, оқушылардың географиялық зерттеу әдістері мен
зерттеу дағдыларын игеруіне ықпал жасауға, кеңістіктік ойлау мен картографиялық


Page 24

24

дағдыларды қалыптастыруына, географиялық білімді күнделікті өмірде, өз іс-
тәжірибесінде пайдалану дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Модельдеу. Әдіс бойынша қандай да бір құбылысты зерттеу үшін оның оқушылар
қарастыратын балама моделі жасалады. Модельдік түсініктер микроәлем объектілерін
зерттеу кезінде пайдаланылады. Мысалы, электронды бұлтты жасап көрсету электронның
моделі ретінде қызмет етеді. Модельдеу шынайы табиғат құбылыстарының баламалы
көрінісін құру, жасалған модельді логикалық талдау және қарама-қайшы фактілер
туындаған кезде модельді қайта жасау үшін қажет. Объектіні зерттеудің бұл әдісі
объектінің жекелеген жақтарын немесе қасиеттерін зерттеуге мүмкіндік береді. Уақыт
немесе кеңістік масштабтарының үлкен айырмашылығына байланысты бақылануы мүмкін
емес үдерістерді зерттеу кезінде модельдеу әдісі ерекше маңызды болып табылады. Бұл
жағдайда модель үдеріс немесе құбылыс туралы бірден-бір ақпарат тасымалдаушы болады.
Модельдерді жасау кезінде адам негізгі ақпаратты көзбен көру арқылы алатынын ескеру
керек, сондықтан бірінші кезекте «көзге көрінетін» модельдер ұсынылуы тиіс. Модель
сезілетін, яғни нақты, материалды болғаны дұрыс; бұл зерттелетін үдеріс немесе құбылыс
туралы қосымша ақпарат алуға мүмкіндік береді.
География және жаратылыстану сабақтарында ақпаратпен жұмыс істе у
дағдыларын дамыту
География сабағында картамен жұмыс iстеу дағдыларын дамыту
Оқушының география сабағында оқу мақсатына жету үшін өзін-өзі реттеу арқылы
ойлау және іс-әрекетін жоспарлау дағдыларын дамытудың маңызы зор.
Оқу барысында географиялық картамен жұмыс iстеу үшін оқушылардың бірқатар
білім, дағдылары қалыптасуы керек:
- бағдарламаға сәйкес географиялық номенклатураны және нақты картографиялық
түсiнiктерді білу;
- картада бейнеленген нысандар мен құбылыстарды түсiне бiлу;
-географиялық нысандарды картадан көрсете бiлу.
Картаны оқи бiлу оқушылардың төмендегідей дағдыларын қамтиды:
- шартты белгiлер мен таңбаларды ажырата бiлiп, сол арқылы нысандар мен
құбылыстарды оқи білу;
- карта арқылы түспеген жерлердi анықтай алу.
Электронды құралдармен жұмыс. Компьютерлік технологияларды қолдану
география мен жаратылыстану пәндері бойынша оқу бағдарламасын жүзеге асырудың, кең
ауқымды дағдыларды қалыптастыру мен дамытудың, оқу үдерісін дараландырудың қажетті
шарты болып табылады. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар пәннің мазмұнын
зерделеу барысында электрондық құралдардың көмегімен оқушылардың танымдық ойлау
дағдыларын дамытуды көздейді. «География» пәні бойынша оқу бағдарламасының
«Зерттеу және зерттеушілер», «Географиялық карталар», «Географиялық деректер базасы»,
«Дүниежүзі елдері» тарауларының оқу мақсаттары АКТ колдануды тікелей талап етеді.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану (бұдан әрі – АКТ).
АКТ қолдану оқу бағдарламасын жүзеге асырудың, кең ауқымды дағд ыларды
қалыптастыру мен дамытудың, оқу үдерісін дараландырудың қажетті шарты болып
табылады.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану құзыреттіліг і
оқушылардың оқу үдерісінде, бос уақытында және қарым-қатынас барысында ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды сауатты және шығармашылықпен қолдана білуін
қамтамасыз етеді.
Экранды құралдармен жұмыс. Бейнематериалдар. География мен
жаратылыстануды оқытуда пәннің ерекшелігіне байланысты экранды оқу материалдарын
пайдалану үлкен маңызға ие. Экрандағы шынайы өндірістік үдерістер мен аппараттардың
бейнесі, сондай-ақ анимация арқылы табиғаттағы географиялық өзгерістерді көрсету
мүмкіндігі география және жаратылыстану сабақтарының тақырыбын ашуға бағалы


Page 25

25

көмегін тигізеді. Оқу мақсатына байланысты бейнематериалдарды сабақта немесе сабақтан
тыс уақытта көрсетіп, пайдалануға болады. Сондай-ақ, бейнематериалдарды тақырып
бойынша соңғы сабақта қорытындылау құралы ретінде пайдалану тиімді болуы мүмкін.
Бейнематериалды көрсетуге дейін мұғалім оқушылардың алдына экраннан көру кезінде
жауаптары табылуы мүмкін бірқатар сұрақтарды қойғаны дұрыс. Фильмдерді толығымен
көрсетуге немесе тақырып ерекшелігіне байланысты бөліп пайдалануға болады.
Мұғалімдер бейнематериалдарды сабақтың басында проблемалық жағдаят туындату үшін
де қолданады.
Мультимедиалық таныстырылымдар. Білімді ақпараттандыруды дамытудың
қазіргі кезеңінде география және жаратылыстану пәндері бойынша оқу материалдарын
ұсынудың тиімді құралдарының бірі мультимедиалық таныстырылымдар болып табылады.
Компьютерлік жүйелердегі графикалық көрнекі суреттер білім алушыға ақпаратты
түсінікті беруге, оны түсінуді жеңілдетуге мүмкіндік береді. География және
жаратылыстану сабақтарында мультимедиалық таныстырылымдар пайда лануға
негізделген графика қолданылған бағдарламалық өнімдер оқушылардың түйсігін, образды
ойлау дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Мультимедиалық технологиялар (ағыл. multi –
көп, media – орта) танымал педагогикалық ақпараттық технологиялардың бірі болып
табылады, олар дыбыспен, бейне, анимация және басқа да визуалды әсерлермен
(Simulation) сүйемелденетін бейнелердің, мәтіндер мен деректердің толық жиынтығын
жасауға мүмкіндік береді; интерактивті интерфейсті және басқа да басқару тетіктерін
қамтиды.
Т.П. Бартенева мен А.П. Ремонтовтың пікірі бойынша (2003), бұл технология оқу
материалын жүйелі түрде құрылымдалған ақпараттан тұратын айқын тірек образдар жүйесі
ретінде беруге мүмкіндік жасайды. Мұнда ақпаратты қабылдаудың барлық түрлері
қатысып, оқу материалын оқушылардың бейнелі түрде қабылдап, есте сақтауына әсер етеді.
Оқу материалын оқушылардың өз бетінше танымдық қызметін ұйымдастыруға лайықты
бейімделген мультимедиалық таныстырылым түрінде беру оқу уақыты н тиімді
пайдалануға мүмкіндік береді. Мультимедиалық таныстырылымдар оқытудың заманауи
техникалық құралы ретінде география және жаратылыстану сабақтарының көрнекілік
тұрғыдан тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

Белсенді оқу
Оқу үдерісі өзінің табиғаты бойынша ойлаудан тұруы керек және ми құрылымында
өзгеріс туғызуға жетелеуге тиіс. Ми неғұрлым белсенді жұмыс істеген сайын, оқу үдерісі
соғұрлым қарқынды жүзеге асады. Хэтти (2014) адам миы ақпаратты өңдеп, оны түсінуге
мүмкіндік беретінін, ал мұғалімнің тоқтаусыз сөйлеуі миға шамадан тыс аса көп ақпарат
«жүктемелейтіні» және ол оқушылардың қызығушылығын жоғалтуға әкеліп соғатыны, сол
сәтте оқудың нәтижелілігі айтарлықтай төмендеп кететіні туралы біздің хабардар
екенімізді мәлімдейді. Ал белсенді оқу, керісінше, оқушылардың белсенді қызметпен
айналысу арқылы мұғалім берген ақпараттың мәнін ұғынып, алған білімдерін есте сақтап,
оны қолдана алуын қамтамасыз етуді көздейді. Хэттидің мидың қызметін талдай отырып
жүргізген шолуы дағдыларды меңгерту шеберлігі тек іс жүзіндегі белсенді қызмет арқылы
жүзеге асатынын, демек, оқушылар тек тыңдаумен айналыспай, білім алуда белсенді
әрекет етуі керек екендігін көрсетеді. Қызметтің мұндай түрлері оқушылардан өздері
тапқан ақпаратты талдау және түсіндіру үшін зерттеу және жоспарлау дағдыларын
қолдануды талап етеді, болашақта өз дағдыларын жақсарту мақсатында басқа нәтижелерді
бақылауды және талдауды қажет етеді.
Сабақ барысында «баланың өзін еңбектендіріп, бірлестіріп, өз бетімен білім
тапқандай қылса», «жұмыстайтын материалдар даяр түрінде емес, балалар тәжірибе қылып,
зерттеп, өз бетімен шешкендей, тұрмыс жұмбақ түрінде берілсе» (Ж.Аймауытұлы, 1929)
оқудың анағұрлым тиімді болатынын естен шығармаған дұрыс.
Белсенді оқу оқушының мұғалімді енжар тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа


Page 26

26

тартылуын көздейтін оқыту және оқу әдістерінің бірі болып табылады. Бұл тәсілдер оқу
үдерісі жаттығудың алдында емес, оны орындау барысында жүзеге асырылатын құбылыс
екендігін түсіндіреді. Сыныпта қолданылатын мұндай тәсілдерге топтық жұмыстар
(Brodie, 2000), ойын «баламалары» (Bergen, 2002) және пән бойынша белгілі тақырыптағы
ойын түрлері кіреді (Peters, 1998). Оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамытуда ойын
«баламалары» шынайы өмірдің белгілі бір аспектілерін модельдеу және зерттеу үшін
ұсынылған мүмкіндік болып табылады.
Сабақта белсенді оқу әдістерін қолдану оқушының өзіндік рефлексия жасау
дағдыларының дамуына, сыныптағы жалпы жұмысқа үлес қосып, қатысқанын сезінуге; оқу
үдерісінің белсенді мүшесі болуына, құрдастармен қарым-қатынасының дамуына,
танымдық белсенділігінің артуына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, мұғалімнің сабағын
қызықты ұйымдастыруына, оқушыларының танымдық әрекетін күшейтіп, өзінің кәсіби
шеберлігін шыңдай түсуіне ықпал етеді.

Белсенді оқудағы мұғалімнің рөлі
«География» және «Жаратылыстану» пәндері бойынша оқу бағдарламаларының
мақсаты оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуге сенімін арттырып, еркін ойлауға үйрету
болып табылатындығына қарамастан, мұғалімдердің немқұрайлық танытып, оқушылардың
өз бетімен отыруына жол бермеуі аса маңызды. Оқушылар жеке-дара жұмыс істегеннен
гөрі, мұғалім қолдау көрсететін белсенді сабақта анағұрлым жақсы үйренеді. Оқушылар
алға ілгерілеген сайын, оларға мұғалім тарапынан аса қамқорлықпен қолдау көрсетудің
қажеті болмайды, енді олар өздігінен жұмыс істей алады. Осындай оқыту әдісін әрі қарай
дамыту үшін мұғалімдер бастапқыда оқушыға жақсы қолдау көрсетіп, кейін оны біртіндеп
азайтып отыруы керек. Сырттан көрсетілетін қолдау тоқтағанда ғана, оқушылар жоспарлы
нәтижеге қол жеткіздім деп айта алады. Егер оқушыларға өзі білетін дағдыларды ғана
қолдануға рұқсат етілсе, олар ештеңені үйренбейді деуге болады. Рата (Rata, 2012) өзін тек
«үйлестіруші» ретінде ұстайтын мұғалім «мұғалім» деп аталуға лайықты емес деп
тұжырымдайды.
Хэтти (Hattie, 2009) педагогикалық тәсілдердің метаталдауын жүргізіп, мұғалімдер
«үйлестіруші» және «жандандырушы» болып табылатын тәсілдердің әсерін салыстырған.
Ол қолданған тәсілдерде 0 – ілгерілеудің жоқ екендігін, 0,4 – ілгерілеудің бір жыл мерзімін
және 1 – ілгерілеудің екі-үш жылын білдіреді. Мұғалім тек үйлестіруші рөлін атқарған
тәсілдердің орташа әсері – 0,17, мұнымен салыстырғанда мұғалім ынталандырушы болған
(мәселен, кері байланыс ұсыну, оқыту шеберлігі, күрделі мақсаттар қою және т.б.) оқыту
тәсілдерінің орташа әсер мөлшері 0,60 болған.
Э.Берн ұсынған өзара қарым-қатынастың транзактілік талдауы оқушы мен мұғалім
арасында туындауы мүмкін келіспеушіліктер мен қақтығыстардың себебін жақсы
түсіндіреді. Мұғалімнің ең алдымен оқушының оқуға деген уәжін қалыптастыруға баса
назар аударғаны дұрыс, себебі жеке тұлға ретінде және кәсіби тұрғыдан өсу осы
психологиялық өлшеммен тығыз байланысты. Оқушыға тиісті еркіндік беру, топтық жұмыс
түрлерін ұйымдастыру, оқу материалын маңызды ақпараттармен қамт амасыз ету
оқушының оқуға деген ішкі уәжіне игі ықпал етеді. Сонымен қатар, заман талабына сай
оқушысына берері, айтары көп болуы үшін мұғалімнің өзі де үнемі білімін жаңартып,
жетілдіріп отыруы тиіс.
Мұғалімдер кері байланыстың көмегімен және модельдеу, көрсету, сұрақ қою,
бақылау, танымдық ойын түрлерін қолдану арқылы оқушылардың оқу жетістіктерінің
ілгерілеуіне үнемі қолдау көрсетуі керек. Оқушылардың пән бойынша терең білім алу
мұғалімдердің дағдыларына да байланысты, яғни олар оқушылардың жаңа білімдерін бұған
дейінгі білімдерімен ұштастыра алуын бақылай білулері маңызды. Бұл үдеріс әр оқушының
жеке дағдысы мен қабілеттеріне байланысты әртүрлі болады. Сол себепті мұғалімдер әр
оқушы үшін оқу үдерісінің келесі қадамдарын анықтап, әрі қарай ілгерілеуіне септігін
тигізу үшін жекелеген оқушыларды үнемі бағалап отыруы керек. Бақылай отырып, оқудың
келесі қадамдарын анықтау үшін ақпаратты пайдалану тәсілі метаталдаудың көмегімен


Page 27

27

білім беру шараларының табысты түрлерінің бірі ретінде танылып, соңғы 20 жыл ішінде
халықаралық деңгейде мойындалып отыр (Black and William, 1998).
Белсенді оқу барысында мұғалімдер:
- барлық оқушылардың оқу үдерісіне қатысуын қамтамасыз ететін жағымды оқу
ахуалын қалыптастыруға;
- сенімді, жауапты, белсенді, жаңашылдыққа ұмтылатын және өзінің іс-әрекетін
талдап, рефлексия жасай білетін оқушыларды тәрбиелеуді мақсат етуге;
- оқушылардың дағдыларын дамытуға бағытталған тапсырмалар мен белсенді әдіс-
тәсілдерді қолдануға;
- алға қойылған оқу мақсаттарына қол жеткізу арқылы жоспарланған сабақты
тиімді өткізу үшін материалдарды, ресурстарды және қосымша құралдарды пайдалана
отырып, бүкіл сынып қатысатын, топтық немесе жұптық жұмыс түрлерін, оқушылардың
жеке жұмыс істеуін ұйымдастыруға;
- оқушыларды мадақтап, оқуға еліктіре, қызықтыра отырып, ұғымдард ы
түсіндіруде және мағынасын ашуда, нұсқаулық беруде түсінікті, анық, қарапайым тілді
пайдалануға;
- оқушылардың оқуын бақылап, оларға кері байланыс ұсынуға тиіс.
Сыныпта ынтымақтастық ахуалын қалыптастырып, жағымды психологиялық орта
қалыптастыру үшін, оқушылардың арасында өзара қарым-қатынасты нығайтып, олардың
өзіне беретін бағасын көтеріп, өзі туралы пікірін жақсарту арқылы табыстылық сезімін
ұялату үшін оқушылармен түрлі жаттығу өткізуге болады. Ойын түрінде өткізілетін
жаттығулар оқушылардың өзара араласуына және мұғалім мен оқушылар арасындағы
тығыз қарым-қатынастың орнауына жол ашады.
Оқу үдерісінде оқушылар толықтай өздігінен білім алатын сабақтардан гөрі, мұғалім
қажетті жағдайлар мен көмекпен қамтамасыз ететін сабақтарда жоғары нәтижелерге
жетулері мүмкін. Осы нәтижелерге жетудегі маңызды тәсілдердің бірі мұғалімнің әрбір
оқушымен кері байланыс орнатып, сәйкес болашақ мақсаттарды айқындауы болып
табылады.
Белсенді оқу үдерісінде мұғалім үшін:
 ой салып, ынталандыратын материал ұсыну;
 оқушылар ғылыми жоба барысында пайдалана алатын тәжірибелік жән е
эксперименттік дағдыларды қалыптастыру;
 оқушыларға өздері қызығатын салаға қатысты сұрақ тұжырымдауға көмектесу;
 жұпта, шағын топта және құрамы өзгеріп отыратын жұпта жұмыс істеуге арналған
жаттығу дайындау;
 оқушыларды бір-бірімен сұхбаттасуға жетелеу;
 оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру және мүдделерін есепке алу;
 оқушыларды өз бетінше ойлануға бағыттау;
 оқушыларға өздерінің ойлау және зерттеу дағдыларын қолдануды еске салу;
 оқушылармен жеке жұмыс жүргізу;
 оқушыларға өз бетінше жұмыс істегенде жетістікке жетуге мүмкіндік беретін
жобаларды ойлап табу және ұйымдастыру маңызды болып табылады.

Оқушылардың жас ерекшеліктері
Негізгі орта білім беру деңгейіндегі жаратылыстану және география мұғалімдерінің
қызметіндегі маңызды аспекті оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру болып табылады.
Мысалы, 5-6-сынып оқушыларының теориялық ойлау қабілеті даму сатысының бастапқы
деңгейінде болады, сондықтан оларға жаңа ұғымдар мен тапсырмаларды шамадан тыс көп
берудің кері әсері болуы мүмкін. Жаңа ғылыми терминдерді түрлі тәжірибелік жаттығулар
барысында оқушылардың жалпы түсініктеріне негіздей отырып, бірте-бірте енгізу қажет.
Оқушы берілген тапсырманы өздігінен орындай алмайтын жағдайда оған көмектесіп,
қолдау көрсетудің маңызы зор. Осындай «ашық» көмекті біртіндеп жанама көмекке


Page 28

28

айналдыру арқылы мұғалімдер тапсырманы оқушының өздігінен орындауына мүмкіндік
беруіне болады, бұл оқытудың дамытушылық сипатын көрсетеді. Мұғалімдер 5-6-сынып
оқушыларынан өздерінің сыныптағы құрдастарын түсінуге қабілетті болуын және олармен
тең құқықтық және төзімділік қағидаларына негізделе отырып, бірге оқып-үйренуін күтеді.
Бұл қабілет тұлғалық жекелену (децентрация) деп аталады және ол өзге мәдениетті, басқа
көзқарасты адамдарды түсінуге жағдай жасайды. 5-6-сыныптарда сабақта тиімді диалог
құру арқылы оқушылардың осындай дағдыларын дамытып, нығайтуға б олады. Бұл
қабілетті дамыту әбігерлікті қолдамайды, керісінше сабырлылық пен әдептілікті қажет
етеді. Бұл жерде мәселе сабақта оқушыларды түрлі көзқарастарды қабылдауға үйрететін
оқу ортасын қалыптастыру туралы болып отыр.
7-9-сынып оқушылары үшін оқу басты міндет болып табылады. Психологтердің
айтуынша, жасөспірім шақта даму өте қарқынды жүреді, сол себепті оқушылардың екі жас
топтарын ажыратады: 13-15 және 16-17 жас аралығы (Титова И.М., 2002). Орта мектептегі
7-11-сынып оқушыларының зияткерлік өрісінің даму ерекшеліктері оқушылардың, әсіресе,
география пәні үшін маңызды болып табылатын зияткерлік қалыптасу ерекшеліктерін
ерекше атап өтуге мүмкіндік береді. 7-8-сынып оқушыларының теориялық ойлауға
дайындық деңгейіне жасалған сараптамалар көптеген оқушылардың ойша ойлау (ойша
әрекет жасау) қабілеттерінің қалыптаспағанын көрсетеді және кейбір оқушыларда оны
қалыптастыру үшін қажетті бастапқы алғышарттарының да жоқ екені белгілі болған. Ойша
ойлау қабілеті деп нақты жағдайларды көрнекі схемалық бейнелермен немесе символдық
белгілер арқылы алмастырып, жанама басқаруды айтамыз. Бұл қабілет түсініктік теориялық
ойлау қабілетін дамытудың ең маңызды сипаттарының біріне жатады. Оның
қалыптасқандығы география және жаратылыстану пәндерін оқуда зор маңызға ие, себебі
бұл пәннің мазмұны сезім арқылы қабылдауға келмейтін заттардың (дүниенің
географиялық көрінісін, табиғаттағы құбылыстарды) шартты алмастырушыларымен
жұмыс істеуді қажет етеді. Осылайша, оқушыға географиялық нысандарды белгілі бір
таңбалармен белгілеуді ұсынғанда, біз оқушылар шынайы объектілерді абстрактілі
объектілермен ауыстырып әрекет етеді деп болжаймыз. Бірақ бұл кейбір оқушылар үшін
қиын тапсырма болуы мүмкін. Оқушылардың символдармен және абстрактілі ұғымдармен
ойлау дағдыларының әртүрлі деңгейде болуы пәндік оқу мақсаттарын саралау қажеттілігіне
алып келеді, сондай-ақ географияның бастапқы курсын үйренуді жоспарлауда осыған мән
берудің қажеттігі туындайды.
9-сыныпта жасөспірімдердің зияткерлік дамуында маңызды қалыптасулар орын
алады, оларда ұғымдық, теориялық ойлаудың дамуы бойынша оң өзгерістер байқалады.
Олардың ойша әрекет ету қабілеттері, жалпылау дағдылары қарқынды дамиды және олар
төменгі сынып оқушыларына қарағанда есте сақтаудың логикалық амалдарын кеңінен
қолданады.
10-сыныпта оқушылардың аналитикалылық, саналылық, дәлелділік, ой тереңділігі
сияқты ойлау дағдыларының дамуында айтарлықтай алға жылжу байқалады. Олардың
логикалық есте сақтау нәтижелілігі механикалық есте сақтау әрекеттеріне қарағанда
айтарлықтай деңгейде арта түседі.
11-сынып оқушыларының жалпылауға, зерттеліп отырған объектілердің егжей-
тегжейлі сипаттамасын құруға бейімділігі артады. Олардың рефлексиялық ойлау
қабілеттері және өз әрекеттерін саналы түрде бағалау деңгейі өсе түседі. Сонымен қатар
жалпылау, баламаларын құрастыру, болжамдар жасау және оқу барысында алған білімін
өмірде қолдану дағдылары жоғары деңгейде дамиды.
Оқуды ұйымдастырудың психологиялық әдістемелік тәсілдемелері (я ғни
оқушыларды түрлі деңгейдегі танымдық қызметке тарта отырып, мұғалім мен оқушы
арасында «субъект пен субъект» түріндегі қарым-қатынасын ұйымдастыру) оқу-тәрбие
үдерісінің оқушылардың оқуға деген ішкі уәжінің қалыптасуы мен дамуы, оқу үдерісінде
жағымды эмоционалдық ахуалдың орнығуы, оқушылардың қорқыныш сезімінен арылуы,
оқушылардың жетістікке жету уәжінің дамуы және өзін-өзі бағалауы сияқты кең ауқымды


Page 29

29

психологиялық аспектілерді есепке ала отырып, мақсатты әдістемелік тәсілдер мен оқыту
технологияларын пайдалануды ұсынады. Психологтердің зерттеу нәтижелеріне сәйкес,
мұғалімдер пәндерді оқытуда оқушылардың жас ерекшеліктерін есепке алу арқылы сабақта
оқушылардың танымдық дамуын ұйымдастырудың тиімді тәсілдерін таңдайды.

Оқушыларды уәждеу
Оқушыларды уәждеу тәсілдері әдетте сыртқы уәж және ішкі уәж деп бөлінеді. Алайда
оларды қатаң түрде екіге бөліп талдағаннан гөрі, ажыратуға келмейтін біртұтас ретінде
қарастырған орынды болады. (Vallerand, 2000). Сыртқы уәжді (оқушыға сырттан әсер ететін
факторларға негізделген) арттыруға арналған тәсілдер Б.Ф. Скиннер (1953) ұсынған
бихевиористік қағидаттарға негізделеді. Сөз болып отырған тәсілдер жағымды мінез-
құлықты нығайтып, кері тәртіпті шектеуді қамтамасыз ету мақсатында кері байланысты
(соның ішінде мадақтау мен кінәраттау) қолдануды көздейді (Walford, 2003).
Екінші қырынан алғанда, ішкі уәж іштен шығып жатады немесе жеке тұлғаның өзінен
туындайтын, бастау алатын уәж, әдетте сыртқы уәжге қарағанда бұл анағұрлым рақымды,
ізгілікті табыс деп есептеледі (Hunt, 1969/1971 cited Walford, 2003). Оқушылар оқудан рахат
алып, оны қызықты деп санағандықтан, оқуға белсенді атсалысу арқылы табысқа жетуін
ішкі уәждің мысалы ретінде келтіруге болады.
Бұл ретте оқытудағы негізгі мәселе мұғалімдер оқушылардың уәжін, атап айтқанда,
ішкі уәжін қалай арттыра алатындығында болып отыр. Мұғалімдер жұмыстың жақсы екенін
мойындап, оны мадақтау арқылы сыртқы уәжді қолданады, айталық, бастауыш сынып
мұғалімдері оқушылардың егжей-тегжейлі орындалған жұмысы үшін оқушыларды мақтай
алады, ал оқушы жұмысты толық орындамаса, тіпті ол жұмысты жақсартқанның өзінде,
мұндай оқушыны мақтамайды. Дегенмен, зерттеулер көрсетіп отырғандай, сыртқы уәжді
қолдану ішкі уәжді бәсеңдетуі ықтимал. Мәселен, Деки (1971) оқушыларға басқатырғышты
шешуге өте қызықты жаттығу беріп, алдын ала кейбір оқушыларға жақсы орындағаны үшін
сый алатынын айтады. Эксперимент өткізуші экспериментке қатысуш ыларға бұл
тапсырманы әрі қарай орындамай, пазл және өзге де кедергі келтіріп, көңілді бөлетін
нәрселер (соның ішінде журналдар) жатқан бөлмеде қалатындықтарын жеткізеді. Осындай
еркіндік берілген кезде сырттан марапат алатындарын білетін қатысушылар тапсырманы
орындауға аз ғана уақыт бөлуді ұйғарып, ал марапат туралы білмегендер жұмыстарын
жалғастыра берген. Басқа сөзбен айтқанда, сыртқы уәждеуші фактордың болуы
оқушылардың ішкі уәжіне кері әсер етті.
Осы бір негізгі жаңалық басқа да бірқатар зерттеулерде дәлелденді. Білім беру
саласы үшін мұның айтарлықтай маңызы бар. Танымдық бағамдау теориясына сәйкес (Ryan
and Deci, 1985), жеке тұлға өзінің мүмкіндігінің жетпейтінін немесе дербестігі шектеулі
екенін білген жағдайда, сыртқы уәж ішкі уәжді өшіре алады. Айта кетерлік жайт, керісінше
болған жағдайда, нәтиже мұндай болмайды. Мысалы, өзінің құзыреттілігі жететінін сезетін
оқушы ішкі уәжі мол екенін көрсете бермейді (Ryan and Deci, 2000).
Ішкі уәжді өсіретін немесе өшіретін бұл факторлардың сәйкессіздігі факторлар
туралы зерттеулердің метаталдауы (Marzano, R. J., Pickering, D.J., Pollock, J.E., 2001)
барысында да анықталды. Айталық, орта мектеп оқушылары бұл факторлардың өздерінің
уәжіне ықпалы бар екеніне сенеді. Зерттеу қорытындысы бойынша, оқушылардың білімге
құштарлығы күшті болады, алайда білім алу барысында ол бәсеңдей береді (немесе тіпті
өшіп қалады). Мұғалімдер ең бірінші кезекте оқушының осы туа біткен қызығушылығын
қолдап, оны білім алу үдерісіне тарту арқылы баланың ішкі уәжін барынша арттыруға
ұмтылулары керек. Себебі олар ішкі уәжін жоғалтқан болса, оны ояту қиынға соғады.
Мұғалімдер сыртқы уәждеуші факторларға жүгінуде абай болғаны абзал, өйткені ол ішкі
уәжге кері әсер етуі мүмкін. Сондықтан:
- оқушылар сабақты ойын түрінде, сан алуан нұсқаларда және белсенді өтетін
үдеріс деп санаған жағдайда;
- мұғалім бірлескен оқудың әдістерін қолданған жағдайда;


Page 30

30

- оқушылар жаттығуларды пайдалы және жағдайға сай келеді деп қабылдаған
жағдайда оқушы оқуға белсенді араласады деп күтуге болады.
«География» және «Жаратылыстану» пәндері бойынша оқу бағдарламасын әзірлеуде
оқушылардың өздерін қызықтыратын мәселелер бойынша тақырыпты зерттеуіне, жұптық
және топтық, бүкіл сыныптық жұмыстарға қатысуына мүмкіндік беру қарастырылған. Бұл
оқушылардың оқуға деген шынайы қызығушылығын туғызып, ішкі уәжін арттыратын
ерекшелігі болып табылады.
Білім алуды жандандыратын аспектілердің бірі оқушыларды ынталандыру болып
табылады, бұл оқушылардың өз қабілеті мен мүмкіндіктерін іске асыруына оң ықпал етеді.
Әдетте балалар мектепте жақсы оқиды, алайда кейбіреулері оқуға деген ішкі уәжі мен
қызығушылығын жоғалтып жатады. Негізінде, оқушылар оқу қажет болғаннан емес, өз
еркімен оқуға ынталанып, өздігінен уәжделуі тиіс. Бұған оқуды мүмкіндігінше белсенді,
күрделі, қызықты және маңызды ету арқылы қол жеткізуге болады. «Балалардың
білгені, тапқан-таянғаны өмірге жанасып, жарыққа шығып отырып, барлық жұмысты
балалардың белсене, құлшына өздері істеуі шарт. Өзі еңбектеніп, өзі бейнеттеніп тапқан
білім берік болады. Өмірінше ұмытпайды» (Ж. Аймауытұлы, 1929).
Оқушылар өздерінің жаңа білімдері мен дағдыларын іс жүзінде өз тәжірибесінде
қолдануға болатынын көргенде және шынайы өмірден алынған жағдаяттарға негізделген
өздерінің күнделікті тәжірибесімен байланысты болғанда, олардың оқуға деген ынтасы
артады.
Мұғалімдер оқушылардың ішкі уәжін арттыру үшін бірқатар педагогикалық
әдістерді қолдана алады:
- сабақты белсенді оқуға ықпал ететін және ынталандыратындай қызықты әрі
тартымды етіп құру;
- оқушылардың қызығушылықтары, қажеттіліктері және тілек-ниеттерін ескеретін
жас ерекшеліктеріне сай ресурстарды пайдалу;
- әртүрлі белсенді оқу тәсілдерін пайдалану үшін сабақ мазмұнын өзгерте алу;
- оқушылар өздерінің жетістіктері немесе сәтсіздіктерінің өзінің оған қанша күш
жұмсағанына байланысты екенін түсіндіре алатындай болу үшін оқушыларды дербестікке
ынталандыру;
- жағымды кері байланыс ұсыну, оқушылардың өзіне беретін бағасын көтеріп,
олардың алдағы уақытта нәтижені жетілдіре алатынына сенім ұялату мақсатында
жекелеген оқушыларға арнап оқуды жетілдіруге бағытталған арнайы мақсат қою;
- оқушыларды жаңа оқу және оқыту әдістерімен эксперимент жасауға тарту (бұл
мұғалімдер мен оқушылар арасындағы өзара байланысты жақсартады, нәтижелі кері
байланыс орнатып, жағымды оқу ортасын құруға мүмкіндік береді).
Оқушыларды ынталандыруға арналған осы ұсынылған тәсілдер тізімінде қандай да
бір мадақтау немесе жазалау ескерілмегеніне мән беріңіз. Сабақ барысында мұғалімдер
оқушыларды ынталандыру үшін «жақсы», «жақсы бала/оқушы» деген м ақтауды
қолданады, бірақ мұндай мақтаулар барлық уақытта оқушылардың танымдық ойлау
деңгейінің жақсаруына әсерін тигізбейді. Оның орнына «мәселені шешудің тиімді жолын
таңдағансың» деген сияқты оқушының жетістігін көрсету арқылы мадақтау олардың алға
ұмтылуына жақсы ықпал етеді. Мұғалімдер оқушының оқу керектігіне байланысты
«сыртқы» уәж түріндегі мақтауларды жиі қолданады. Оқушыларды мұ
ндай жолмен
ынталандыру тәсілдерін пайдалануда аса мұқият болған жөн, себебі олар оқушының ішкі
уәжін төмендетуі мүмкін. Атап айтқанда, жалаң мадақтау, жазалау немесе тиімсіз кері
байланыс салдарынан оқушыларда төмендегідей сезімдердің туындауына жол берілмеуі
тиіс:
- тапсырманы орындауға өзін қабілетсіз сезіну;
- тапсырманы соңына дейін орындаудың қажеті жоқ деп сезіну;
- тапсырманы орындау үшін аз ғана әрекет етіп, шектеулі күш-жігер жұмсаса
жеткілікті деп сезіну;


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!