Материалдар / Мұғалімнің іс –тәжірибесінен рефлексивті талдау
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Мұғалімнің іс –тәжірибесінен рефлексивті талдау

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың өтілу барысын, оқушылардың іс – әрекетін, сабақтың жоспарлы түрде өтуін қадағалау
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Ақпан 2019
683
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Рефлексивтішаралар Мұғалімнің іс –тәжірибесінен рефлексивті талдауМахаматханова Кенжай Мулдахановна
Не өтті? Қашан, қайда және қалай өтті? Қай мақсатта және қандай міндет қойдым?









Математика«Квадрат теңдеу түбірлерінің формулаларына есептер шығару»8 СЫНЫПӨткізілген күні: 6.12.2018Уақыты: 12.00.Сынып: 8Қатысқан оқушылар саны: 24Пәні: алгебра8 сыныпта алгебра пәнінен «Квадрат теңдеу түбірлерінің формулаларына есептер шығару» тақырыбына ашық сабақ өткіздім.Сабаққа математика пәнінің мұғалімдері І.Жансүгіров негізгі орта мектебінен .Сауытов, А. Оразбаева жалпы орта мектебінен Қ. Мұратова, Т.Айбергенов жалпы орта мектебінен Г.Аханбаева қатысты. Олар сабақтың өтілу барысын, оқушылардың іс – әрекетін, сабақтың жоспарлы түрде өтуін қадағалап отырды. Олар сабақтың аяғына шейін сабақтың кемшілігі мен жетістігін жазып отырды. Сыныпта психологиялық ахуал қалыптастыру үшін «Теңдеу және түбір» жаттығуын өткіздім. Үй тапсырмасын қайталау, пысықтау мақсатында «Ой қозғау» әдісін, тарихи деректер бойынша квадрат теңдеу құру үшін «Мағынаны тану» әдісін, берілген мақалдағы сан есімді тауып, толымсыз квадрат теңдеу құрастыру үшін «Ерекше сипаттама» әдісін қолдандым.
Не жақсы өтті? Ол неге жақсы өтті? Қандай дәлел келтіре аламын?

САБАҚТЫҢ ЖАҚСЫ ӨТКЕН ЖАҚТАРЫ:

  • мұғалім мен оқушы арасында коллаборативті орта құрылды;
  • сын тұрғысынан ойлаудың «Мағынаны тану» әдісін пайдалануда оқушылар қызығушылықпен жұмыс жүргізді;
  • оқушылардың басым бөлігі жұмыс жасай алды;
  • Әр топта 1-2 (Фархат,Фазыл,Азода,Шахобудин,Иззат) оқушы жазу жұмысын жүргізді, ал қалған оқушылар өз ойларын айтып отырды.Ал топ басшылары (Умид,Фатима,Эльмира,Әжакбар,Нұршат) жұмыстың жүру барысын қадағалап отырды;
  • сабақ этаптары бір- біріне байланыса жүргізілді;
  • Сыныпта психологиялық ахуал қалыптастыру үшін өткізілген «Теңдеу және түбір» жаттығуы қызықты болды. «Түбір» дегенде жеке дара жүреді, «Квадрат теңдеу» дегенде 3 оқушы, «Толымсыз квадрат теңдеу» дегенде 2 оқушы шатаспай жұптаса білді. Қалып қойған оқушыға қызықты сұрақтар қойылды ;
  • Үй тапсырмасын қайталау, пысықтау мақсатында «Ой қозғау» әдісін қолданғанымда балалардың көпшілігі теңдеудің коэффициенттерін ажырата алды, теңдеудің түрлерін білді ;
  • Тәуелсіздіктің 27 жылдығына тарту ретінде «Мағынаны тану» әдісін пайдаландым. Оқушылар тарихи деректерге квадрат теңдеу құрды;
  • Оқулықпен жұмыс жүргізілді, №153 есептің тапсырмалары топтарға бөлініп берілді ;
  • Сабақты бекіту кезінде сын тұрғысынан ойлаудың «Ерекше сипаттама» әдісінде оқушылар ашыла түсті, берілген мақалдағы сан есімді тауып толымсыз квадрат теңдеу құрастыру тартысты әрі қызықты болды ;
  • Бағалау тақтасын топ басшылары өте жақсы пайдалана білді, әрбір тапсырмадан кейін өз тобында жауап берген оқушыларды смайликтермен бағалап отырды ;
  • Тапсырманы орындау барысындағы топтардың жұмысын мұғалім ( өзім) қадағалап, дер кезінде жетондармен бағалап отырдым ;
  • Не онша жақсы болмады? Ол неге онша жақсы болмады? Қандай қиындықтар туындады?САБАҚТЫҢ НАШАР ӨТКЕН ЖАҚТАРЫ:
  • Сабақтың барысында кейбір оқушыларда (Әжакбар, Гүлмира, Шахобудин) біраз қобалжу болды. Сабаққа қатысып отырған мұғалімдердің мұқият қарап, бақылап отырғанынан болса керек.
  • Топтық жұмыста «Дөңгелек» және «Шаршы» топтарында біраз шашыраңқылық байқалды. Топ басшылары Эльмира мен Әжакбар өз топтарын жақсы ұйымдастыра алмай, есептер шығарғанда шатасып кетті. Тобындағы басқа балалар жан күйдіре сабаққа қатыспады.
  • Менің істегенімді басқалар қалай қабылдады? Нені бақылауымнан шығарып алдым?

    Нені жақсарту керек:
  • Топтық жұмыс жүргізгенде барлық оқушының толық қамтылуын, есептер шығарғанда топпен ойласып, бірінің білмегенін бірі үйретуін қадағалауым керек.
  • Барлық оқушының сабаққа түгел қатысуын (топта, тақтада, партада) қадағалауым керек.
  • Топтық жұмыс жүргізгенде топтағы барлық оқушылар өз пікірлерін айтып, жазып беруін қадағалаймын.
  • Нені басқаша жасай аламын? Келесі жолы нені есте сақтауым керек? Мақсатыма жеттім бе? Жақсарту үшін келесі жолы қандай өзгерістер жасай аламын?



  • Келесі жолы осындай ашық сабақтар өткенде қалайда болмасын проекторды пайдалануым керек.
  • Жоспарлаған мақсатыма жеттім деп ойлаймын, себебі сабаққа талдау жасалғанда бәрі өте жақсы деген баға алдым.
  • Кейбір оқушылармен психологиялық сұхбаттар жүргізу,оларға қобалжымау керектігін түсіндіру керек. Мектептің психологына оқушылармен әңгіме жүргізу және шара қолдану керектігін айту.
  • Бұдан не ұғындым?Келесі сабақтарыма жоспарлағаным: тапсырмаларды проекторды пайдаланып көрсету арқылы орындатамын. Өз бетінше есептер орындауға уақыт бөлемін.


    Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
    Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
    Ресми байқаулар тізімі
    Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!