Мұғалімнің кәсіби дамуы – білім беру жүйесін жаңартудың негізі.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мұғалімнің кәсіби дамуы – білім беру жүйесін жаңартудың негізі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесі зерттеліп, мектеп өмipiне енуде. Білім беруді жаңарту үнемі алға қарай ұмтылу мен дамыту үдерісі, бұл білім беруде кезең кезеңімен өтетін және алынған нәтижелерге бағытталған өзгерістер.
Материалдың қысқаша нұсқасы
Picture 2

Түркістан облысы,Түркістан қаласы Р.Исетов атындағы №20 жалпы орта мектебі химия – биология мұғалімі Саитова Наргиза Садировна www.S.n.s_73@mail.ru

Мұғалімнің кәсіби дамуы – білім беру жүйесін жаңартудың негізі.

Президентіміз Н.Ә.Назарбаев жолдауында айтқандай «ХХІ ғасыр – білім мен ғылым ғасыры. Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстан дамыған елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін - білім» (Н.Ә .Назарбаев Жолдауы 2013). Қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесі зерттеліп, мектеп өмipiне енуде. Білім беруді жаңарту үнемі алға қарай ұмтылу мен дамыту үдерісі, бұл білім беруде кезең кезеңімен өтетін және алынған нәтижелерге бағытталған өзгерістер. Қоғамдағы жүріп жатқан өзгерістер, ғылыми техникалық прогресс және жалпы білім беретін мектеп құрылымының өзгеруі - жас ұрпақты тәрбиелеуді дамытып қалыптастыруды талап етеді.

Бірлескен бағдарлама Қазақстан Республикасындағы педогогтердің біліктілігін арттыруда басты орынды алады. Бірінші деңгейдің мұғалімдері, ең алдымен, деңгейлі бағдарламаның идеяларына байланысты даму үшін бүкіл мектептің мұқтаждықтарын анықтайды.Содан кейін олар сол мұқтаждықтарды кәсіби даму бағдарламасы арқылы бүкіл мектептегі әріптестеріне бағыттау үшін Мектептің даму жоспарын әзірлейді. Олар тікелей коучинг немесе менторинг сабақтарын ұйымдастырады, сонымен бірге әріптестерін коуч немесе ментордың ролін орындауда қолдау көрсету керек.Тәжірибе жүзіндегі деңгейде бұл үдерістер өте маңызды, себебі олар мектептегі өздерінің әріптестерін «тренингтен» өткізетін мұғалімдер тарапынан қағидалардың, идеялар мен тәжрибенің ұштасуына септігін тигізеді.Аса қағидалы деңгейде коучинг, әрине, ұжымдық үдеріс болып табылады және бағдарлама мен қамтылған оқуға деген әлеуметтік сындарлы әдіс-тәсілді бейнелейді.Коучинг кәсіби даму үшін жұмыстың негізгі әдістері болып табылады, үйткені талдау мен ойлаудың қозғалтқышы ретінде әрекет етеді.Деңгейлі бағдарлама тәжрибе жүзінде «жаңа» идеяларды пайдалану туралы бірлескен талдау мен ойлау Қазақстандағы оқыту мен оқудағы тұрақты кәсіби дамуға септігін тигізеді деген сеніммен нығайтылған.Мұғалімнің мектепте өз әріптестері мен өткізетін коучинг сессиясы деңгейлі курстардың жеке сабақтары кезінде мұғалімдер тренингісінен алынған тәсілдерді бейнелейді. Мұндай коучинг коучтар мен тәлім алушылар арасында ұсынылған «жаңа» идеяларды дамыту үшін олардің білімі мен мықты жақтарына сүйене отырып аталғандардың арасында пікірталас пен біріктіруді қамтиды.Бағдарламаға сәйкес коучтар тәлім алушыларға шешімді табу үшін және проблеманың шешілуіне көмектесу үшін ашық сұрақтар қоюы тиіс.Коучинг бұл әріптестер арасындағы өзара әрекеттесудің белсенді және шығармашылық ұдерісі. Олардың өзара әрекет етуінде коуч өздерінің әріптестерінің кәсіби білімдері мен дағдыларын дамытатын әңгімелерді немесе сабақтарды өткізеді.Коуч пен оның әріптестерінің арасындағы диалог өзара келісілген және ойлануға жетелейді.





Қорытындылай келе деңгейлі бағдарламадағы менторинг уақыты жағынан ұзақ холистикалық кәсіби даму ретінде көрінуі мүмкін.Оған негізгі мақсатты бірлесіп анықтау тән және ол өз алдына сабақты емес, қарым-қатынасты көрсетеді.Коучинг ерекше дағдыларға немесе идеяларға тән, оның уақыты шектеулі болады.Ол интерактивті және бірлескен, сондай-ақ рефлективті және өзара келісілген болып табылады .Коучинг бұл «жұмыс тәсілі», олар оқушылар үшін оқыту мен оқуды жақсарту мақсатында бірлескен кәсіби дамуға қолдау көрсетеді.Коучинг педагогтардың ынтымақтаса отырып, нақты міндеттерді орындау барысында олардың белсенділігінің артуына және ынтымақтастық дағдыларының қалыптасуына тиімді.



Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Мұғалімге арналған нұсқаулық, «НЗМ» ДББҰ, Астана 2014ж

2.Педагогикалық диалог жұрналы №4 2013

3. www.cpm.kz портал







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.05.2020
968
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі