Материалдар / Мұғалімнің кәсіби шеберлігінің өсуіне ықпал ететін жағымды жағдай – ол оның мәдениеттілігі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мұғалімнің кәсіби шеберлігінің өсуіне ықпал ететін жағымды жағдай – ол оның мәдениеттілігі

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қараша 2018
1726
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жер бетінде мекен еткен адамзаттың бір бұтағы халықтың қандай да бір дара қасиетке ие болып, қандай бет-бейнемен көрінуі сол халықтың мектебінің бет-бейнесіне , өзіндік ерекшеліктеріне тікелей қатысты», -деген екен бір ғұлама.

Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе сапалы білім беріп, ғылымды дамыту.Осы орайдағы білім ордасы-мектеп, ал мектептің жаны мұғалім екені баршаға мәлім.Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Мұғалімдер қоғамның ең білімді, ең отаншыл бөлігі болып табылады.Сіздер біздің балаларымызды өсіріп олардың ақыл-ойын жетілдірудесіздер.Олар үшін кейде ата-аналарына қарағанда сіздердің беделдеріңіз үлкен.Жас ұрпақтың болашақ азаматтық бағдары, олардың патриотизмі, туған жерге деген махабаты көп ретте сіздерге байланысты»-деп мұғалімдердің ұрпақ алдында жауапты екендерін түсіндірді.Педагог ғалымдардың еңбектеріне сүйенсек, мұғалім мәдениеті мен шеберлігі, интеллектуалдығын төмендегідей бөліктермен анықталған.

  1. Мұғалімнің сыртқы келбет мәдениеті

  2. Мұғалімнің өзін-өзі басқару шеберлігі

  3. Мұғалімнің мимика және пантомимо ишараларын ( жест) мәнерлі негіздері.

  4. Мұғалімнің мәдениеті, әдебі, сөйлеу шеберлігі, шешендік қасиеті, демалу, дауыс дикциясы, интонациясы.

Әрбір жасөспірімнің қалыптасуында екі үлкен фактор маңызды рөл атқарады.Бірінші – өз үйі, жанұясы, екінші – өскен ортасы.Ал отбасынан алған тәрбиені дұрыс өрбіту-мектептің міндеті.Ол міндетті орындаудағы басты жауапты тұлға, мектептің жүрегі –мұғалім. Шәкірт – ұстазының ұлағатты іс-әркетін үйреніп, одан білім алушы, жаны жақын, ой-мақсаты біртұтас, өсіп-өркендеуші өрен.Мұғалім берген білім, үйреткен тәрбиесімен мәртебелі.Ендеше , мұғалім жетістігінің негізгі кілті –өзінде.Ең қиын нәрсе –адам бола білу.Адам болудың әліппесі –әділдік. «Қиянатқа көнбе, әділдікке атса да көн»,-деп М.Әуезов айтқандай, «әділдіктің екі қайнар көзі бар: ешкімге зиян шектірмеу және қоғамға пайда келтіру» (Цицерон)

Қазіргі мұғалімінің ұлы тұлға екендігін білдіретін маңызды белгілер мыналар: білімділік , тәртіптілік, кәсібилік, мәдениеттілік, бейімділік, шығармашылық, зиялылық, әділдік, көңілдің ашықтығы, тәрбиелілік, балаға деген сүйіспеншілік, имандылық... Ұстаз өзінің адамгершілік этикалық парызын орындауға тиіс.Педагогтік әдеп-әр ұстаздың дара қасиеті. Әдептілік іс-әрекет пен қарым-қатынастан тұрады.Адамның жан дүниесінің ойдағыдай қалыптасуы оның нақтылығы іс-әрекетпен үнемі айналысып отыруына тікелей байланысты.Бұл мінез мұғалімнің жас мөлшеріне, мінез-құлқына және тағы да басқа ерекшеліктеріне байланысты.Әдепті педагог өзінің кәсіби шеберлігін де ұтымды көрсете алады.Ұлы орыс педагогы Ушинскийдің өзін тәрбиелеу мақсатында жасаған іс-жоспары :

  • ерекше сабырлылық, ең болмағанда сырттай сабырлы болу;

  • Сөз бен істе әділ болу;

  • Қимыл-қозғалыстың ақылға қонымдылығы;

  • Өзің жөнінде орынсыз бір сөз айтпау;

  • Уақытты мақсатсыз өткізбеу;

  • Көрсеқызарлыққа салынбау;

  • Өз ісіне есеп беру;

  • Тоқтамға тез келу;

  • Қоғам алдындағы жауапкершілікті сезіну;

  • Еш уақытта мақтанбау

Әдепті мұғалім ересек адамдармен қалай сыпайы және ілтипатты сөйлессе оқушылармен де солай, тек ересектерден гөрі сақ және ықыласпен сөйлеседі.Педагогтың әдебі ілтипаттылық, сенім білдірушілік әділдік, төзім мен сабыр сақтау, сөйлеу мәдениеті қасиеттерімен өлшенеді.

«Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады», сөйлеу мәдениетінің болуы.Сөйлеу мәдениеті дегеніміз- қоғамдық даму үдерісінде қалыптасқан әдеби тілдің ауызша және жазбаша нормаларын меңгеріп, дидарласудың түрлі жағдайларында сөз қолданудың мақсаттары мен мазмұнын іріктей отырып, ойды тиянақты жеткізу ережелерінің жиынтығы.Сөйлеу мәдениеті ұғымы сөз қолданғанда екпінді дұрыс қою, дыбыстау ережелерін сақтау, грамматиканы ескеру, стильді сақтау талаптарының бәрін сиғызады.Сөйлеу мәдениеті қарым-қатынас үдерісіне қатысушы адамдардың амандасуынан бастап, олардың бірлескен қызметінің нәтижелерін шығарып, қызметтік тапсырманы орындағанға немесе ынтымақтастыққа алып келген өзге шараны іске асырумиссиясын аяқтағанға дейінгі қатынастарда болатын сөйлесу амалдарының бәрін қамтиды.

Педагогтың сөйлеу мәдениетінің ережелері:

  1. Педагог қатты сөйлемеу қажет, бірақ оны бәрі де еститіндей болу керек, тыңдау процесі тәрбиеленушілердің күшпен зер салуын тудырмауы тиіс.

  2. Педагог анық сөйлеуі керек.

  3. Педагогтың сөйлеу жылдамдығы минутына 120 сөз.

  4. Мәнерлі сөйлеу үшін логикалық және психологиялық паузаларды қолдана білу керек.

  5. Педагог интонациямен сөйлей білу керек, яғни логикалық екпінді қоя білуі керек, айтылғанды жеткізу үшін кейбір сөздерді бөле білген жөн.

  6. Әуенділік педагогқа жеке дара түс беріп, баланың эмоционалды жағдайына жақсы әсерін тигізеді: дәрттендіріп, қызықтырып, тыныштандырады.

Педагогтың сөйлеу мәдениетінің компоненттері:

  • Фразаларды құрастыру кезіндегі сауаттылық. – күнделікті өмірде сөздерді сауатты айту: сөздерде екпінді дұрыс қойып, жергілікті диалектіні қолданбау.

  • Баяндаудағы қарапайымдылық пен түсініктілік : аз сөйлеу.

  • Мәнерлілік: -интонация және тональность;

-сөйлеу темпі, паузалар;

-дауыс ырғағының динамикасы;

-сөздік қоры;

-сөйлеу бейнесі;

- дикция.

  • Арнайы терминологияны дұрыс қолдану: -құлаққа ерсі естілетін фразаеологиялық тіркестерді қолданбау; -«сәнді» сөздерді қолданбау.

Тәрбиешінің сөйлеу кезінде жиі жіберетін қателіктері:

Кішірейте-мейірімсіну сөздерін жиі қолдану;

-Артық сөздерді жиі қолдану: ия, міне, яғни, бұл....

-Дыбысталу сөздерін орынсыз қолдану;

-Сөйлеу тіліндегі қателік: бар ватыр, ал ватыр.

Тәрбиешінің сөйлеу мәдениетімен баланың сөйлеу мәдениеті тығыз байланысты.Осыны ескеріп, тәрбиеші өзі тәрбиелеп отырған балалардың ана тілін жетік білу үшін, өз тілін үздіксіз жетілдіруді өзінің кәсіби міндеті деп санауы тиіс.

Бала тәрбиесінде үлкен орын алатын адам- ол мұғалім, сынып жетекшісі.Сондықтан кәсіби даярлығы арнайы білімі бар өз пәнінің, тәрбие жұмысының түрлері мен әдістерін терең білетін, тәжірибелік дағдысымен іскерлігі қалыптасқан, өмір сүріп отырған қоғамын, халқын сүйетін, оның әдет-ғұрпын, салт –дәстүрін жан-жақты білетін, мінез-құлқы оңды қалыптасқан адам болуы керек.

Қай қоғамда болмасын, ұстаз еңбегі жоғары бағаланған.Жүздеген шәкірті бар ұстаздың мәңгілік ізі қалатындығына ешкімнің дауы жоқ. Сондықтан да ұстаз ұрпақ тәрбиелеудегі қоғам сенген адам.

Бір мұғалім бар – алдынан тез кеткің келеді,

Бір мұғалім бар – қуып жеткің келеді,

Бір ұстаз бар – алдында мәңгі жүгініп өткің келеді, -деп ақын жырлағандай, - дегендей еңбектеріңізге жеміс, қажыр-қайрат тілеймін, шәкірттеріңізге талмас қанат, игерімді білім , мәдениетті тұлға болып қалыптасуына тілектеспін.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!