Материалдар / "Мұғалімнің педагогикалық шеберлігінің оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудағы рөлі"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Мұғалімнің педагогикалық шеберлігінің оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудағы рөлі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі-оның жан-жақты білімінен ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгерумен өлшенеді. Мұғалім қаншалықты білімді, шығармашыл болса, оның құзыреттілік аясы да соғұрлым кең болмақ. Білім сапасын анықтайтын факторлардың бірі мұғалімнің пәндік құзырлылығының мазмұны болып табылады. Олар бейімделген педагогикалық жүйені құрайды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
735
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Алматы облысы

Еңбекшіқазақ ауданы, Қайрат ауылы

«И.Саттаров орта мектебі» КММ

География пәні мұғалімі

Масимова Гульмира Нуриевна

"Мұғалімнің педагогикалық шеберлігінің оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудағы рөлі"

І.Кіріспе бөлім.

ІІ. Негізгі бөлім.

ІІІ. Қорытынды бөлім.

ІV. Әдебиеттер тізімі.

І.Кіріспе бөлім.

«Ұстаздың биігі ойлана қарасаң биіктей береді, үңіле қарасаң, тереңдей береді, қол  созсаң қарсы алдыңда, айналсаң артыңда тұрғандай» – деп Сократ айтқандай  Егеменді еліміздің алдыңғы қатарлы отыз мемлекеттің қатарына қосылуға табандылықпен жылжу саясаты қоғамымыздың барлық саласында түбегейлі өзгерістер енгізіп, жаңа талаптар қойылып отыр. Соның ішінде болашақ ұрпаққа әлемдік деңгейде білім беру мақсатына орай білім мазмұнына жаңаша қарау – басты міндеттердің бірі. Қазіргі кезде білім берудің жаңа жүйесінің жасалынуы, білім мазмұны мен әдіс-тәсілдерінің жаңаруы бәсекелестікке қабілеті мол, шығармашылық бағытта еңбектенетін, ой қабілетімен ерекшеленетін азаматты тәрбиелеуді көздейді.

Білім – қоғамды әлеуметтік, мәдени үрдіспен қамтамасыз ететін жоғары құндылық. Осы жоғары құндылық сапасын көтерудің басты шарты – педагогтардың кәсіби құзыреттілігін дамыту болып табылады. Осыған орай Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында білім алушылар үшін:"баршаға бірдей сапалы білімге қол жеткізу; коммуникативтік және кәсіптік құзыреттілікті дамыту",-деп көрсетілген.

Құзыреттіліктің заман талабына сай кез келген саланың маманы болуға мүмкіндік беретін басты екі түрі белгіленіп отыр. Олар – «пәндік» және «пәннен жоғары метапәндік» құзыреттіліктер. Атап айтқанда, «пәндік» құзыреттілікке белгілі бір пәнді меңгеруге (ұстаздар үшін) немесе белгілі бір саланы меңгеруге қажетті білім мен білік жатқызылса, «пәннен жоғары метапәндік» құзыреттілік ретінде адамның өз білімін пайдалану және одан әрі дамытуға бағытталған ақпараттық, коммуникативтік, бірлесе жұмыс жасай алу қабілеттері, өз әрекеттерін басқару дағдылары  жатқызылады. Құзыреттілікті қалыптастыру – білім беру саласының өзекті мәселесі. Қазіргі білім беру үрдісі адамның ішкі табиғи мүмкіндіктерін ашып, әр адамның өзіндік «Менін» сезінуге, толықтыруға көмектесетіндей, сыртқы әлеммен әлеуметтік қарым-қатынастарда өз орнын табуға, өзін шығармашылықпен өзгертуге белсенділік танытуға ықпал етуі тиіс.  

ІІ. Негізгі бөлім.

Сындарлы оқытудың мақсаты-оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, кез келген жағдайда алған білімдерін сыныптан тыс жерде тиімді пайдалана білуге үйрету болып табылады. Үйретуде негізгі сұрақ нені үйрету? емес, қалай оқу керектігін үйрету(Flavell,1976, Vyqotsky,1978,12-бет) болғандықтан әдістемелік тұрғыдан тиімді тәсілдерінің жаңа түрлерін қолдандым.

Мұғалімнің негізгі мақсаты-сабақ кезінде оқушыларға сапалы білім беру болғандықтан, оқушылардың сыни ойлау дағдысын ауызекі сөйлеу арқылы дамыту мақсатында диалогтік оқытуды қолдандым. Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді, ендеше диалогтік оқытудың сабақта оқушылардың оқуына әсер еткені сабақ барысында тапсырмалар орындауда көрініс тапты. Диалог барысында оқушылардың бір-біріне сұрақтар қоюы, айтқандарын дәлелдеуге ұмтылулары-білімге деген құштарлықтарын арттыра түсті. Сұрақ-жауап арқылы сыныптағы барлық оқушыларды сабаққа тарту мүмкіндігі туды.

9-шы сыныпқа арналған «Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданы» тақырыбы бойынша түйінді құзырлылық тапсырмалары.

География пәні бойынша сабақтар жоспарына жалпы ортақ мақсат құрдым: Ол, Солтүстік Қазақстанның ЭГЖ және шаруашылығының дамуымен танысуға, оқушыларды сындарлылыққа, диалогтік оқытуға үйретуге, жұптық, топтық жұмысқа тартуға, өз бетімен білім алуға ынталандыруға арналды. Сабақ жоспарларын Бағдарламаның жеті модулін пайдаланып, Блум таксономиясының оқу мақсаттарының негізгі деңгейлерін басшылыққа ала отырып, қарапайымдан күрделіге қарай тапсырмалар дайындадым, сабақты әдіс-тәсілдер арқылы өткізуді алдын-ала ойластырдым. Сабақтың әр кезеңінде берілетін тапсырмаларды оқушылардың сыни тұрғыдан ойланып, өзара диалогқа түсіп, өзіне деген сенімділігін дамытуға бағыттағаным оқушылардың еркін сөйлеуіне, өз ойын ашық, нақты жеткізуіне ықпал етті.

Өзін-өзі сыйлау «мен» тұжырымдамасының бағалау және эмоциялық параметрлеріне жатады (Бандура, 2001,) деген идеяны басшылыққа алып, оқушылардың өзін-өзі сыйлауға үйретуді мақсат еттім. Сыныптағы оқушылармен ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында «Салеметсіңдер ме оқушылар?», «Көңіл-күйлеріңіз қалай?», «Білім алуға дайынбыз ба?» деген сұрақтармен сабақты бастаймын, ондағы мақсатым оқушылардың көңіл-күйін анықтап сабаққа тарту. Оқушылар шаттық шеңберінде тұрып бір-бірімен жылы амандасып, тілектер айтып, көңіл-күйін смайликтер арқылы көрсетеді. Өзінің бойындағы және сыныптасының бойындағы жақсы қасиеттерін айтқан кезде көтеріңкі көңіл күймен, жүздері жайнап, қуанышпен айтып шығуы оқушылардың арасында түсінудің дамығанын және оқушылардың өзіне деген сенімділігінің орнағанын көрсетеді. Осыдан оқушылардың мен білмейтін қасиеттерін біліп, қарым-қатынастың мәнін терең түсіндім. Сабақта оқушыларды асықтар арқылы топтарға бөлемін. Топтың құрамын сабақ барысында өзгертіп отырдым. Мұндағы мақсатым оқушылар бір-бірімен пікір таласып, сөйлесіп, әр түрлі топта өзін қалай ұстайтынын бақылау болды.

Мысалы, Сабақтың «Білу, тану» кезеңінде интербелсенді тақтадан жайлы әуен негізінде, «Солтүстік Қазақстанның табиғаты» атты таныстырылым көрсету арқылы оқушылар әр суретке сыни тұрғыдан ойланып, өзара диалогқа түсіп, сабақтын тақырыбын өздері ашуға талпынды. Тақырыптың мазмұнынын ашуда оқушылардың назарын электронды оқулықтағы мәтінді тыңдауға аудардым. Бұл әрекет оқушылардың ақпаратты аудиовизуалды қабылдап, есте сақтауына ықпал етті деп ойлаймын, себебі келесі тапсырмалар орындағанда тақырыптың мазмұнын жақсы түсінгені байқалды. Электрондық оқулықтағы картадан аймақтың құрамын анықтау, топтастыру стратегиясын құру,сәйкестендіру, тест сұрақтарына жауап беру тапсырмаларын орындату арқылы оқушылардың АКТ-ны қолдану қабілетінің дамығанын байқауға болады. Сыныптағы жұмысқа барлық балаларды кірістіру үшін, олардың шығармашылығын ынталандыру керек екеніне көзім жетті. Дұрыс ынталандыру балалардың көңілдерін көтеріп, олардың дұрыс жұмыс жасауына ықпалын тигізеді екен. Сондықтан тақтаға қорғауға шыққан оқушыларға өз ойы мен идеясын ынтамен айтқаны үшін олардың көзқарастарына «Рахмет!», «Жарайсыңдар!», «Керемет!»-деп мадақтап, ынталандырамын. Бұл әрекет балалардың өзіне деген сенімділігін арттыруға және пәнге болған қызығушылығын арттыруға көмектеседі.

Оқушы әртүрлі топтарда жұмыс істеп, біреудің пікірін тыңдайды және өзін тыңдата білуге дағдыланады. Пікір алмасу барысында топта сабаққа қатыспай қалған оқушы болмайды, топ ережесіне сай бәрі өз ойларын ортаға сала біледі және топ ережесін сақтай отырып жұмыс жасайды. Осыған байланысты сабақ барысында оқушылардың қарым-қатынасын жақсарту әрі сыни тұрғыдан ойлану қабілетін дамыту мақсатында постермен жұмыс жүргізуді ұсынамын. Постерді жасаған кезде оқушылардың қатты қызығушылықтары байқалады, олар бір-бірінің пікірлерін тыңдай отырып, ойға-ой қосып, жұмылып, жұмыс істейді. Топтық жұмыс барысында оқушылар әңгімелесу арқылы өзара диалогқа түсіп жұмыс істейді. Тіпті сабақта көп пікір айтпайтын оқушылар да топпен тіл табысып, байланысқа түсе бастады, ашылып өз ойын еркін айтуға дағдыланды. Оқушылардан тақырыптан алған білімдерін жүйелеу мақсатында «Ыстық орындық» әдісін қолдануға болады. Топ мүшелерінің шешімі бойынша «ыстық орындыққа» отырған оқушылар, диалог арқылы қойылған сұрақтарға жауап береді.

Визуалды ресурстар арқылы орындалатын тапсырмалардың оқушылардың ойлау қабілетін дамытуда маңызы ерекше. Осы тұжырымды басшылыққа алып, сабақтарда, оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін, өз бетінше жұмыс жасауын, тақырыпты дәлелдеуін, жүйелі сөйлеу қабілеттерін тексермек болып, «ИНСЕРТ» интерактивті әдісімен жаңа сабақтың мазмұнын ашу тапсырмасын беремін. Интербелсенді тақтада «ИНСЕРТ» әдісі бойынша талдау туралы түсініктеме визуалды түрде көрініп тұрады. Оқушылар үлестіріліп берілген мәтінмен танысып шыққаннан кейін шетіне тиісті белгілерін қойып шығып, орындаған жұмыстарын жұппен және топпен талдап өзара диалогқа түседі,кесте толтырады. Бұл әдіс оқығанын саналы түсінуге, өз ойын басшылыққа алуға, ойын білдіруге үйрететін тиімді әдіс. Оқушылар білгендерін анықтап, білмейтін сұрақтарды топта талдау жасайды. Оқушылар осы әрекет арқылы жаңа тақырыпты түсіну үшін өзінің бұрынғы білетіндерімен жаңа материалды ұштастыруға дағдыланады. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығы мен белсенділіктерін арттыру үшін «Суреттер сөйлейді» тапсырмасын орындатамын. Бұл әдісті дәстүрлі сабақта да қолданамыз, бірақ онда неге көңіл бөлу керек екендігін айқындап беретінбіз, ал сындарлы оқытуда баланы өздігінен білім алуға дағдыландыру идеясы басшылыққа алынады. Осыны негізге алып, топтарға суреттерді үлестіріп бермін. Оқушылар берілген суреттерге қарап сыни тұрғыдан ойланып тақырыптың мағынасын ажыратады. Суретті жұппен, топпен талқылап, талдау барысында ынтымақтастық қарым-қатынас қалыптасып, оқушылар бір- бірімен әңгімелесіп, бір-бірін тыңдайды, диалог орнайды.

Бағалау кезеңінде топ жетекшісінің немесе өздерінің формативтік бағалау қорытындысы бойынша жиынтық бағалауын шығарамын. Топтар бірін-бірі «Екі жұлдыз бір тілек» әдісі бойынша келесі топтың өздеріне ұнаған жақтарын атап, қол шапалақтап, бағалайды. Кері байланыс мұғалім мен оқушының арасында сенімге негізделген қарым-қатынас орнатуға бағытталғандықтан, оқушылардың сабақты ұғыну дәрежесін «смайлик», «бағдаршам», «басбармақ», «ынтымақтастық ағашы» әдістері арқылы анықтау, өткізген сабағыма баға беріп, оның ұтымды жақтары мен кемшіліктерін анықтап, өзгерістер енгізу үшін маңызды болды.

Эдуард де Боненың «Ойлаудың алты қалпағы» әдісін, өткен сабақты еске түсіру үшін қолдануға болады. Интербелсенді тақтада «Ойлаудың алты қалпағының» әрбір түсінің мәні көрсетіледі. Оқушылар топпен өзара ақылдасып, қалпақтарды түстеріне қарай бөліп алады, топ ішінде талқылап, өзара диалогқа түседі.

Сергіту сәтін жас ерекшеліктеріне сәйкес таңдап алуға болады. Балалар сергіту сәтін бар ынтасымен орындайды, қызығады. Сергіту сәтін сабақтарда үнемі қолдану оқушылардың шаршағандығын басудың және сабаққа деген ынтасын арттырудың жолы екенін түсіндім. Мысалы, сергіту сәтін оқушыларды мамандық таңдауға баулу мақсатында және олардың өндіріс салалары мен мамандықтарды сәйкестендіру дағдыларын дамыту, жылдамдыққа тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырдым. Ол үшін оқушыларға өнеркәсіп салалары жазылған үлестірме қағаздар берілді. Интербелсенді тақтадан көрсетілген мамандықтардың суреттеріне қарап, тиісті саланы анықтап, орындарынан тез тұруы керек. Өнеркәсіп салаларын визуалды көру арқылы естерінде сақтап қалды. Бұл, біріншіден балаларды сергітті, әрі оқыта отырып, ойлануға және ойнауға ықпал етті.

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында тарау бойынша білімін жинақтау мақсатында «Синквейн» әдісін қолдануға болады. Уақытты үнемдеу мақсатында алдын-ала дайындалған «Синквейнді жазу ережесін» интербелсенді тақтадан ұсындым.

Осы тапсырма арқылы кейбір оқушылар ойларының ұшқырлығын байқатты. Мысалы: сабақтарда онша белсенділік танытпайтын оқушының өзі:

Астанам!

Бас қалам,

Әдемі сол қалам,

Табиғаты көркем, жайнаған далам,

Елордам! -деп бес жолдық өлең құрастырды.

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер соның ішінде диалогты қолдана отырып өткізген сабақтарды оқушылар өте жақсы қабылдады. Диалогтік оқыту өте тиімді және ыңғайлы тәсіл екендігіне көз жеткіздім. Балалар дәстүрлі сабақтарға қарағанда, жаңа тәсіл арқылы оқытуда белсенділік көрсетіп, өзіндік дәлел уәждерін нанымды жеткізе білді, сыни пікір көзқарастары жүйелі дамыды, шығармашылық қабілеттері мен пәнге деген қызығушылығы және белсенділігі артып, өздеріне сенімсіздік жойылып, сенімділік пайда болды, алдарына қойған мақсаттарына жетуге ұмтылды.

ІІІ. Қорытынды бөлім.

Қорыта келгенде айтпағым, сындарлы оқытуда сабақ барысында мынадай талаптар басшылыққа алынуы қажет:

1. Мұғалім оқыту кезінде билік жүргізу әдісінен арылуы керек.

2. Оқыту үрдісі кезінде сабақтағы басты тұлға білім беретін мұғалім емес, осы білімді қызыға қабылдауға дайын оқушы болуы тиіс.

3. Балалардың оқуға деген ынтасын күшейту керек.

4. Өз дербестігін, белсенділігін, сенімділігін дамыту қажет.

5. Оқу, дамыту жұмысын ұтымды жүргізу үшін баланың табиғи талабын, қасиетін дер кезінде айқындау керек.

Осы қағидалар негізінде сабақты жаңа технология әдістерін қолдану арқылы жүргізу -  оқушының өзін-өзі дамытуына, өз біліміндегі олқылықтарды өзі тауып , өз сұрағына өзі жауап іздеп жан –жақты білім алуына көмектеседі.

Әр уақытта бала білімін алға қоюшы ұстаз үлкен көрсеткішке қол жеткізу жолында талмай талаптанып, шаршамай еңбектенеді. Сол кезде ғана еліміз көкке шарықтап, басқа елге - елді танытады. Елді өсіретін де, елді төмен түсіретін де – білім. Сондықтан қолда бар амалдарды тиімді пайдалана білу сіз бен біздің үлесімізде, құрметті әріптестер!

Пайдаланған әдебиеттер:
1.А.К.Маркова. "Кәсіби құзыреттіліктің даму деңгейі" 2009
2.И.Д.Богаева ."Педагогикалық қызметтегі кәсіби шеберлік" 2009
3.
А.Әлімов. "Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері"

4.С. Мирсеитова."Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде"

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!