Материалдар / "Мұғалімнің шеберлігін шыңдау"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Мұғалімнің шеберлігін шыңдау"

Материал туралы қысқаша түсінік
Педагог психолог мамандарына
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Қазан 2020
488
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ШЕБЕРЛІГІ


Қазіргі мектепке жоғары мәдениетті, өзінің әрекеттерін рефлексиялауға, болжауға және түзетуге қабілетті, шебер сөйлейтін, басқа адамды тыңдай және түсіне білетін жауапты педагог-интеллигент қажет. Интеллигенттік әрбір тұлғаны түсінуге және бағалауға ұмтылыспен, басқа адамның құндылықтарын адамгершілікпен және құрметпен бағалаумен тығыз байланысты.

Қазіргі уақытта барлық жер делік тәлім-тәрбие қызметіне ең білгір, ең талантты, өте жауапкершіл педагог мамандардың қажеттігін мойындап отыр. Себебі, адам тағдырында мектептік кезең аса маңызды рөл атқарады. Балалардың өмір бастауында жетесіз педагог тұра, одан келер шығынды өлшеп болмайды. Сондықтан да педагог білікті маман, өз ісінің шебері болуы керек. Яғни, педагог шебер болуы үшін: өзінің мүмкіндіктерін жаңа формация мұғалімі ретінде объективті бағалай алуы керек, кәсіби мамандығына қажетті қабілеттерді меңгеруі тиіс, жалпы мәдениетті, интеллектуалды іс-әрекетті, мінез-құлық, қарым-қатынас мәдениетін меңгеруі тиіс, өтіп жатқан интеграциялық процестерге, әлемдік білім беру кеңістігі қарқынына бағыттала алуы тиіс.

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев: “Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелер міндет ауыр,”- деген болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологикалық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген педагог болуы керек.

Қоғам дамуының жаңа саяси, әлеуметтік-экономикалық шарттарына байланысты болған білім саласындығы түбірлі өзгерістер қазіргі маманның кәсіптік шеберлігінің жоғары деңгейде болуын талап етеді. Педагогтың жұмысына қажет маңызды шарттардың бірі – өз ісі үшін жауапкершілік қана емес, оның жұмыстағы бостандығы, еркіндігінің болуы. Педагог өзі істеген барлық жұмысына жауап бере алатын, дербес білімді маман болуы керек.

Педагогтың қалыптасу, дамуы даралық сипатта болады. Ол бірден шебер бола алмайды, сондай-ақ, педагогтың барлығы шеберлік шыңына шықпайды. Көпшілік педагогтар шебер болу үшін сан-алуан уақытын, әлеуетін жұмсайды. Өкінішке орай олардың дені шеберлік деңгейіне көтеріле алмай, қалып қояды.

Мұғалімнің шеберлігі әр түрлі теориялық білімдерге(психологиялық-педагогикалық, философиялық, әлеуметтік-психологиялық, т.б) негізделіп, теория мен практиканы байланыстырушы қызметін атқарады. Білім мен тәжірибені терең жинақтау арқылы мұғалім кәсіби құзыреттілікке ие болады. Педагогикалық құзырлы мұғалім теориялық білімдердің қоры мен өмір қойған талаптар арасындағы қарама-қайшылықты шеше алады.

Педагогика кәсіби қызметтің сапасын анықтайтын біртұтас әрі жүйелі түсінік «педагогикалық шеберлік» деп аталады. Қазіргі заманғы өркениет талаптары білім берудің мазмұны мен формаларын жетілдіруді қажет етуде.Қандай да бір істі өзінің нақты деңгейіне жеткізіп атқару үшін шеберлік керек. Педагогтық мамандықты таңдаған әрбір маман үшін педагогикалық іс-әрекет барысында шеберлікті жетілдіру негізгі мақсат болып саналады. Өйткені мұғалімнің шеберлігі шәкіртті қалай,қалайша оқыту жолдарын меңгеру үшін оның психологиясын білу, екінші жағынан, оқытып, тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін терең білу және қолдана білумен сипатталады. Тәжірибеде осы талаптарға жауап беру арқылы мұғалім шеберлігі қалыптасып, жетіледі.

Н.В.Кузьмина мұғалім іс-әрекетінің 3 деңгейін белгілейді:

  • Іс-әрекет деңгейі шебер дегенге келмейді, дегенмен шеберліктің кейбір компоненттерін жүзеге асыру мүмкіндігі бар;

  • Мұғалімді «жақсы мұғалім» деп атайды, алайда оны кейбір белгілерге байланысты шебер деп есептемейді;

  • Мұғалімді өз ісінің шебері деп атайды. Шебер мұғалім сабақты жоспарлағанда оқушы білімдерінің бүкіл жүйесін есептеп, бірнеше жылдан кейін қандай нәтиже алғысы келетінін белгілейді.

Білім алушылардың өзіндік дамуына жол ашу, оқу-тәрбие процесінде олармен педагогикалық ынтымақтастықты жұмыс атқарудың формаларын, әдістерін дамыту, кәсібіне деген сүйіспеншілікті арттыру, жұмыс әдіс-тәсілдерінің жаңаша түрлерін жүзеге асыру – педагогикалық шеберліктің басты сипаты болып табылады. Шеберлік негіздеріне педагог-ғалымдар педагогикалық іс-әрекеттегі гуманистік бағыттылық, педагогтік кәсіби білгірлік, педагогикалық іс-әрекетке бейімділік, педагогтық техниканы жатқызады.

Сонымен, педагогикалық шеберлік дегеніміз – жүйелі процесс, педагогикалық іс-әрекетте табысты нәтижеге жеткізетін, кәсіптік ұстанымды қалыптастыратын жол.

Педагогикалық кәсіптік шеберлікті дамыту міндеттері – педагогикалық білім бірлігі, педагогикалық кәсіпке бейімділігі, жағдаяттарды меңгеру, балалардың психологиялық жағдайын меңгеру болып табылады.

Педагогикалық іс-әрекет үнемі үздіксіз ізденуді талап етеді. Педагог өзінің білімін үздіксіз көтеріп отыру арқылы заман талабына сай мұғалім болады. Жалпы алғанда «шеберлік» белгілі бір саладағы өнер дегенді білдіреді, ал шебер өз ісінде жоғары нәтижеге қол жеткізген маман. Педагогикалық шеберлікті адамның педагогикалық жұмысындағы жоғары өнерге қол жеткізген ерекше қалпы ретінде қарастыра отырып, оның кәсіби қызметтік және тұлғалық тұрғыдан өзіндік өлшемі бар екенін ескеру қажет.

Педагогикалық шеберлік мәселесі туралы А.С.Макаренко: «Мен білік пен дағдыға негізделген шеберлік қана мәселені шеше алатынына өз тәжірибемде көз жеткіздім»,-дейді.

Ю.П.Азаров шеберліктің мәнін технология, қарым-қатынас, тұлға атты үштіктің бірлестігінен көреді.

Ю.К.Бабанский «мұғалім – кәсіби технологияны еркін меңгеруімен, шығармашылығымен бала оқытуда және тәрбиелеуде ерекше шебер» деп көрсетеді.

В.А.Сластениннің педагогикалық шеберлікке берген анықтамасы Ю.П.Азаровтың пікіріне жақын, ол педагогтік шеберлікті педагогикалық технологиямен өзара байланыстырады, дегенмен ол тек операциялық компоненттермен шектелмеуі керек, адамның жеке іскерлігі мен оның бойында педагогтік процестің жоғары тиімділігін анықтайтын қасиеттерінің сабақтасып жатуы керек деген пікір айтады.

Кейбір ғалымдардың дәлелдеулерінше(Л.А.Байкова, Л.К.Гребенкин) педагогикалық шеберлік – бұл мұғалімнің шығармашылық танытуы, оқыту өнерін үздіксіз жетілдіруі арқылы пайда болатын педагогикалық іс-әрекеттің жоғары деңгейі. Педагогикалық шеберлік, біріншіден, педагогтің жеке тұлғасына, жеке басының қасиеттеріне байланысты, оның бұл қасиеттері кәсіптік қызметін өз бетінше ұйымдастырудың жоғары сатысына қол жеткізуіне жол ашады дейді. Яғни, шебер-педагог бойындағы жеке қасиеттер жиынтығы оның оқу-тәрбие жұмысын жақсы жүргізуіне септігін молынан тигізеді.

Педагогикалық іс-әрекеттің жоғары даму деңгейі және педагогикалық технологияларды меңгеру арқылы педагогикалық шеберлік қалыптасады. Мұғалімнің шеберлігі педагогикалық процесте жеке-іскерлік және тұлғалық сапалармен сипатталады. Осының негізінде педагогтің шеберлігін өзіндік 4 бөлікке бөлеміз:

  • Студенттердің жеке іс-әрекеттерін және ұжымды ұйымдастыра алу шеберлігі;

  • Сендіре білу шеберлігі;

  • Білімді жеткізе білу және тәжірибеде қолдану шеберлігі;

  • Педагогикалық техниканы меңгеру шеберлігі.

Педагогикалық кәсіби шеберліктің фундаменттік негізі – ғылымның тиісті саласындағы кәсіптік білім. Кәсіптік білімнің ерекшелігі – оның кешенділігінде: біріншіден, оған білім мазмұны, оны оқыту әдісі, ұйымдастыру ұстанымдары жатады. Екіншіден, ол кәсіптік білімді, саналы ереже принцип-тәртіпті қалыптастырады. Үшіншіден, теориялық, технологиялық, әдістемелік жағынан тұтасады. Оны әрбір педагог өз тәжірибесіне сай құрады, ғылыми білімі негізінде оның заңдылықтарын көре біледі.

Педагогикалық шеберлік шығармашылықпен тығыз байланысты. Белгілі бір проблеманың шешуі табылмай жатқан кезде жобалау, шамалау арқылы, интуицияны пайдаланып, оның шешу жолдарын қарастырады.

Шығармашылықсыз кәсіби-шебер маман болмақ емес. Педагогикалық шығармашылық тәрбиеші мен тәрбиеленушінің бірлескен іс-әрекетіне негізделеді. Ол бүкіл ұжымның және оның жеке мүшесінің шығармашылығымен тығыз байланыста қалыптасады.

«Кәсіби-маңызды салаларды» кәсіби іс-әрекет үдерісіне енгізіліп, өндірушілік, сапа, сенімділік сияқты негізгі параметрлер бойынша орындаудың тиімділігіне маңызды әсер ететін сапалар ретінде қарастыру ретінде қабылданған. Кәсіби-маңызды сапалардың тарихи және әлеуметтік-мәдени сипаты болады. Мұғалімнің кәсіби-маңызды сапалары туралы ұғымды қалыптастыруға бірқатар ғалымдардың (Б.Г.Ананьев, Ю.К.Бабанский, Н.В.Кузьмина, А.К.Маркова, т.б.) зерттеулері маңызды үлес қосты.

В.А.Сластениннің пікірі бойынша, қазіргі заманғы білім беру парадигмасына сәйкес, мұғалім бірқатар жүйелі сапаларға ие болған, өзін-өзі ұйымдастырушы субъект ретінде болады, аталған сапалардың арасында тұлғаның әрекеттік ұстанымын барлық көріністерімен және шығармашылықты қамтитын «интегратиті белсенділік»; тұлғаның мотивациялық-құндылық сферасын құрайтын, мағына құраушы құндылықтар мен мотивтердің динамикалық иерархиясы ретіндегі бағыттылық; рефлексия қабілеті; мінез-құлықты реттестіруді ұйымдастыру ретіндегі жауапкершілік пен дербестік; әлемде өзін-өзі реттеу мен анықтау қабілеті негізгі болып табылады. Сондықтан, мұғалімнің субьектілігі мұғалім тұлғасының кәсіби-маңызды сапалары жүйесінде сипатталуы мүмкін.

Ж.Аймауытовтың пікірінше мұғалімнің айналысатыны - үнемі қозғалып, өзгеріп, өсетін, өркендейтін тірі адам болғандықтан, біркелкі әдістен табан аумай шектеліп қалуға болмайды... Сабақ үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жаңаны табатын өнер... Сыннан өткен тиімді деген жолдарды ғана нұсқайды.

Кәсіби мұғалімнің он педагогикалық қабілетін Н.Ф.Гоноболин айқындады:

  1. Оқушыны түсіну қабілеті, оның психологиялық ерекшеліктері, мінезін оңай білу, оның білімін, сенімдерін, моральды сапаларының деңгейін дұрыс анықтау;

  2. Балаларға оқу материялдарын жеңіл қабылданатындай және есте сақталатындай қолжетімді тұрғыда хабарлау қабілеті;

  3. Оқушыларды қызықтыру қабілеті;

  4. Адамдарды сендіру қабілеті, оларға жағымды тәрбиелік әсер ету (сөзбен және іспен);

  5. Ұжымды басқару шеберлігінде, тәртіпті қолдауда көрінетін ұйымдастырушылық қабілеттер;

  6. Қажетті педагогикалық такт, балаларға деген талапшылдық және жеке тұғыр;

  7. Өзінің жұмысының нәтижелерін алдын ала көре білу қабілеті;

  8. Шығармашылық жұмысқа деген қабілеттілік;

  9. Дер кезінде және жылдам туындаған жағдайда бағдарлану қабілеті, қжымдағы белгілі оқиғаға жауап қайтару қабілеті;

  10. Оқу материалын дер кезінде қайта жаңғыртуға және салыстырмалы түрде жеңіл меңгеруге қатысты, оқылатын пәнге деген қызығушылық негізінде мүмкіндік беретін қабілеттер.

Б.З.Вульфов шынайы педагог болуға тілек пен ұмтылысты, мұғалімнің басты тұлғалық сапалары деп санайды.Оның пікірінше кәсіби педагог болу үшін келесі сапалар қажет: балаларға деген талапшыл сүйіспеншілік, оларға деген бастапқы мейірімділік, тәрбиеленушілермен қарым-қатынаста қуаныш сезіміне бөлену, балалардың сезімдерін түсіну, олармен қарым-қатынаста шынайы болу.

А.К.Макарова бойынша, мұғалімнің кәсіби-маңызды сапаларына жататындар:

Педагогикалық эрудиция - мұғалімнің педагогикалық міндеттерді шешуде икемді қолданатын заманауи білімнің қоры.

Педагогикалық мақсатты болжау - мұғалімнің өзінің еңбегін жоспарлаудағы қажеттілігі, педагогикалық жағдаятқа байланысты міндеттерді өзгертуге дайындық.

Педагогикалық интуиция - бұл мұғалімнің кеңейтілген саналы ұғынылған талдаусыз, жағдаятты әрі қарай дамытуды алдын-ала көруді ескеріп, педагогикалық шешімді жедел, бір сәтте қабылдауы.

Педагогикалық импровизация - кездейсоқ немесе күтпеген педагогикалық шешімді табу және оны жедел жүзеге асыру, сана үдерістері мен оларды қолданудың сәйкестігі.

Педагогикалық тапқырлық - қиын педагогикалық жағдаятты икемді қайта құру шеберлігі, оған жағымды эмоционалды тон, позитивті және конструктивті бағыттылық беру.

Педагогикалық рефлексия - мұғалімнің санасының өзіне өзі қаратылуы, оқушылардың мұғалімнің іс-әрекеті туралы ұғымдарын есепке алуы, мұғалімнің оның іс-әрекетін қалай түсінетіні туралы ұғымдарын ескеруі. Басқаша айтқанда, педагогикалық рефлексия - бұл мұғалімнің оқушыда қалыптасқан жағдаяттың бейнесін ойша көре білу қабілеті.

Педагогикалық болжау - педагогикалық жағдаяттың басына дейін немесе соңына дейін оқушылардың мінез-құлқы мен реакциясын асыра бағалау шеберлігі, оларды және өзінің қиындықтарын көре білу.

Сарапшылардың тәжірибесі бойынша, қазіргі заманғы мұғалімде жеткіліксіз айқын көрінген және мақсатты бағытталған дамытуды талап ететін кәсіби-тұлғалық сапалар:

  1. ізгілік, балаларға қамқорлық жасауға ұмтылыс, олардың қызығушылықтары мен қажеттіліктеріне бағдарлану;

  2. эмпатия;

  3. жауапкершілік;

  4. толеранттылық;

  5. креативтілік, инновациялық қайта құрылуларға дайындық;

  6. рефлексивтілік;

  7. өзін-өзі реттеуге дайындық;

  8. өзін-өзі дамытуға, өзіндік білім алуға ұмтылыс;

  9. жалпы эрудиция;

  10. Өзін-өзі позитивті бағалау.

Педагогтың кәсіби әрекетінің шыңы- өздігінен білім алу, өзін-өзі ұйымдастыру, өзін-өзі бақылай алу қабілетіне ие болуы болып табылады. Мұғалім өз бетімен кәсіби білімін жетілдіруге дайын болуы тәрбие жұмыстарында қажетті іс-әрекет пен амалдарды қолдана отырып, өз кәсібі мен тәрбиеленушісіне деген эмоционалды бағалау қарым-қатынасын анықтайтын деңгейі арқылы анықталады.

Өзіндік талдау жасаудың маңызы мұғалімнің мінсіздікке жетуге ұмтылу факторы ретінде қарастырылған. Өзін-өзі тексеру мұғалімнің өз іс-әрекеті мен жалпы педагогикалық қызмет құбылыстарын салыстыра отырып, өзінің педагогикалық қызметіне жасаған талдауын айтуға болады. Өз қызметіне талдау жасап отыру мұғалімге жұмыс бабында туындап отыратын қиындықтарды сезініп, оларды шешудің мақсатқа жеткізер кәсіби жолдарын табуына көмектеседі.

Мұғалімнің өз білімін көтеруі өте күрделі құбылыс, өйткені қоршаған ортаның өзі бағалы педагогикалық білім көзі болып табылады. Әсіресе, бастауыш сынып жетекшісі әрі бірнеше пән мұғалімі ретінде қызмет етуі, оның пәндік және жалпы мәдени білімдерінің күштерін біріктіре пайдалануына жағдай жасайды.

Мұғалімнің пәндік білім көтеруі өз мамандығына байланысты әдебиеттерді оқу, арнайы курс, семинарларға қатысу арқылы жүзеге асады. Өз білімін психологиялық-педагогикалық жағынан көтеруі әдебиеттермен тереңірек танысып, оқып үйрену болып табылады. Мұғалімнің әдістемелік жағынан білім көтеруі пәннің оқытылу әдістемесін одан әрі тереңдету, нақтылау, өңдеу, кеңейту болып табылады. Бұл арнайы әдістемелік әдебиетті, оқулықтарды, педагогикалық тәжірибені оқып үйрену арқылы жүзеге асырылады.

Қазіргі таңдағы мұғалім еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, кәсіби жоғары мәдениетті, педагогикалық процестің инновациялық, ақпараттық, денсаулық сақтау технологияларын жетік меңгеруі тиіс.

Мұғалімдердің кәсіби даярлығы жүйесін қалыптастыру мақсатында өткізілетін семинарлар мен практикалық дәрістердің маңызы зор. Бұл сабақтар тәрбие бағытында білімін бекітуге, тереңдетуге және байытуға мүмкіндік береді; педагогикалық әдебиеттермен өз бетінше жұмыс жасау іскерлігін қалыптастырады және жеке педагогикалық ойлауын қалыптастырып, шығармашылық қабілеттерінің дамуына педагогикалық бағыттылық береді, сонымен қатар мұғалімдердің педагогика ғылымына және педагог қызметіне қызығушылығын арттырады. Сондай-ақ, балалардың психологиялық ерекшеліктерін, психикалық даму көрсеткіштерін, оқу мүмкіндігінің мониторингін, оқушы тұлғасын диагностикалау, өзара қарым-қатынасын сараптауға, мектеп жұмысындағы диагностикалаудың орны, әдістемесі және ұйымдастыруына теориялық тұрғыда даярланады.

Педагог тәрбие жұмысын ұйымдастыруда өздігімен білімін көтеруге көңіл бөлуі қажет. Бұл жөнінде ғалым Б.Барсай өзінің еңбегінде төрт түрлі қызметті: жалпы мәдениеттілік тұрғысынан білім көтеру, педагогикалық перспективті және өзектілік тұрғысынан, мұғалім өмірінің табиғи қажеттілігі болады. Тұрақты танымды қызмет тұрғысынан жалпы мәдениеттілік білімін көтеруге мұғалім өмірінің күнделікті тіршілігіне айналған әдеби кітап оқу, күнделікті баспасөзді бақылап отыру, балалар әдебиетімен танысу, әртүрлі танымдық және ақпараттық телехабарды көру, радио тыңдау, кинотеатрларға, көрмелерге, мұражайларға барып тұру, лекторий, курстарға қатысу және т.б. жатады.

Білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысы жүйесінің қалыптасуы- мұғалімнің кәсіби сапалары, тәрбиенің теориясы мен технологиясы туралы білімі және құрастырушы, коммуникативті, ұйымдастырушылық әрекеттері жүйесінің бірлігі меңгерілгенде ғана оң нәтжесін берері анық.


Пайдалынған әдебиеттер тізімі

1. Бұлақбаева М.К. Педагог мамандығына кіріспе: Оқу құралы. - Алматы, 2005.

2. Жүсіпова Ж.А. Педагогикалық шеберлік: Оқулық. -Алматы, 2011.

3. Игенбаева Р.Т. Жоғары мектеп педагогикасы: Оқу құралы. -Алматы, 2009.

4. Қоңырбаева С.С. Болашақ педагог-мамандардың эмпатиясын дамыту: Монография. -Алматы, 2015.

5. Набуова Р.А. Тәрбие жұмысының әдістемесі: Оқу құралы. -Алматы, 2015.

6. Сәдуақас Н.А., Қондыбай К.Ә., Әбдірова Ш.Г. Қазақ тілі пәні мұғалімінің кәсіби дамуы: Оқу құралы. -Алматы, 2019.












4


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!