Материалдар / Мұхтар Мағауин " Бір атаның балалары" 8- сынып ашық сабақ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мұхтар Мағауин " Бір атаның балалары" 8- сынып ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Коррекциялық мектеп ұстаздарына арналған ашық сабақ жоспары.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қараша 2020
429
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Оқу және тіл дамыту сабағының ақпараттық картасы

Ұзақ мерзімді жоспарлау бөлімі:

Мектеп: ШҚО ББ «№8 арнайы мектеп - интернаты» КММ

Күні : 24. 02 .2018 ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Муханова Ж.С.

Сынып: 8 «б»

Қатысқаны:10

Қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы:

М. Мағауин. Бір атаның балалары

Бағдарлама бойынша оқу мақсаттары :

7.3.1.7. Шығарма мазмұнымен таныстыру

Сабақтың мақсаты:

1. Түзете-оқыту оқушыларды шығарма мазмұнымен таныстыра отырып білімдерін кеңейту, шығарманың мазмұнын ашу, қазақ отбасындағы ер баланың орнын ұғындыру.

2. Түзете-дамыту әр оқушының жеке білімін, есте сақтау, ойлау, шығармашылық қабілетін, өз ойын дәлелді жеткізуін, баяндай алуын және салыстыра білуін дамыту.

3. Түзете-тәрбиелік оқушыларды ынтымақтастыққа, адамгершілікке, достыққа тәрбиелеу.

Тілдік мақсат:

Жаңа сөздер: Қызыл жебе, құпия хат

Күтілетін нәтиже

  1. Әңгіменің негізгі мағынасын түсінеді.

  2. Мәтіндегі жаңа сөздердің мағынасын ашады.

  3. Мұғалімнің көмегімен кейіпкерлерге мінездеме береді

  4. Берілген сұрақтар бойынша толық жауап береді

Құндылықтарды қалыптастыру

Пәнге деген қызығушылығын арттыру. Қатесіз және түсініп оқуға жаттықтыру. Оқушыларды бір-бірін тыңдай білуге, сыйлай білуге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Сурет, тарих, музыка

Бағалау критерийлері

Мәтіннің мазмұнын түсінеді, кестемен жұмыс жасай алады, қойылған сұрақтарға жауап бере алады.

Ресурстар

Оқулық, интербелсенді тақта, көрнекі суреттер

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Түсіндіру, интербелсенді тақтаны қолдану, әңгімелесу, сұрақ- жауап ұйымдастыру, бақылау, рефлексия

Сабақтың жоспарланған кезеңдері:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларға психологиялық бағыт беру

Оқушыларды тыныштыққа шақыру

Сынып оқушыларын түгендеу

Оқу құралдарын, сырт келбеттерін тексеру

Шаттық шеңберін құрып, оқушыларды сабаққа белсендіру.

«Жылы алақан» оқушылар шеңбер бойымен тұрып, әрқайсысы қасындағы баланың қолын алып, өз тілегін айтады.

  1. Үй тапсырмасын сұрау кезеңі



-Құрметті қонақтар 9"б" сыныбына «Қош келдіңіздер

-Сәлеметсіңдер ме балалар, отырыңдар. --Балалар, өздерің көріп отырғандай, бүгінгі сабағымыз жай сабақ емес, ерекше сабақ болғалы тұр. Себебі, сендердің білімдеріңді бағалауға келіп отырған қонақтарымыз бар.

2. Сабақтың мақсатын жариялау.

Бүгінгі сабағымызда үй тапсырмасын тексеру арқылы, өткенді қайталаймыз. Жаңа сабақ түсіндіру арқылы жаңа кейіпкерлермен танысамыз, оқу техникаларыңды, мазмұндауды дамытамыз.

- Балалар, үйге қандай тапсырма берілді? Кім айтады? Біз қандай әңгімені оқып жатыр едік?

- "Тұтқын бала" әңгімесін оқып жатырмыз

- Қай романнан үзінді?

- "Қызыл жебе" романынан үзінді (кітаптың өзін көрсету)

- Әңгіменің авторы кім?

- ( Шерхан Мұртаза)

- Кәне мына слайдтың ішінен автордың өзін кім көрсете алады?

( 1 слаид 4-5 жазушының портреттерін дайындау, соның ішінен таптыру)

-Сонымен үйге берілген нақтылы тапсырма қандай?

- Үйге әңгіме желісі бойынша сурет салып, сол салынған сурет арқылы мәтінді мазмұндау және Тұрар мен Иван Владимирович арасында болған диалогты қысқаша көрініс ретінде баяндау

-Дұрыс айтасыңдар балалар, біз өткен сабақта "Тұтқын баланың" соңғы бөлімімен танысқан болатынбыз. Өткен бөлімдерді жоспар бойынша мазмұндадық, рөлдерге бөліп оқыдық, тест жұмысын орындаған болатынбыз. Ал бүгінгі тапсырмамыз өзгерек.

II-IV топ сурет бойынша әңгімелейміз, диалог бойынша мазмұндаймыз.

III топ сұрақ-жауап.

Мұғалім:

-Балалар, бұл әңгімедегі басты кейіпкерлер кімдер?

Оқушы:

- ( Тұрар, Рысқұл, Наташа, Аркадий, И.Владимирович, Атамырза т.б)

Мұғалім:

- Әңгіме желісі бойынша кім қандай сурет салып келді? ( Балалар салған суреттерін көрсетеді)

Мұғалім:

- Жақсы балалар, сабаққа өте жақсы дайындалып келіпсіңдер.

- Балалар, есімізге түсірейікші, диалог дегеніміз не?

( Әдеби шығармада екі кейіпкердің немесе бірнеше адамның сөйлесуі)

Мұғалім:

-Ендеше, Тұрар мен Иван Владимирович арасындағы диалогты қайсың баяндап бересіңдер?

(2 слайдтан көрініп тұрады)

( Екі оқушы диалог бағытымен мазмүндайды)

-Тәуелсіздігімізді қай жылы алдық? Тұрар аңсаған арманға жеттік пе? Қазақ деген атқа ие болып, егемендігімізді алып, биыл 27 жылдығымызды атап өткелі отырмыз.


Үй тапсырмасын қорытындылау

- Ш Мұртазаның «Тұтқын бала» әңгімесін осымен аяқтадық, жақсы түсінгендеріңді жауаптарыңнан байқадық.

Жаңа сабақ


- Балалар, ребус шешу арқылы жаңа сабақты анықтап алсақ.

1, атаның суреті, балалар суреті. (ребусты шешу, 3 слаид Бір атаның балалары)

Мұғалім:

-Балалар, бізде ақын-жазушылардың өмірі мен шығармалары туралы мынадай папка бар. Осының ішінен өздеріңе қарап, М. Мағауиннің өмірі туралы қысқаша мағлұмат әкеліңдер дегенмін.

-Кәне, кім айтады?

1. Әңгіме авторы М. Мағауин туралы мәліметті кодоскоп арқылы 4 слаидтан көрсек.

Жазушы, әдебиет зерттеуші Мағауин Мұхтар Мұқанұлы Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданының Баршатас селосында ауыл мұғалімінің отбасында дүниеге келді. Қазір Чехия республикасының Прага қаласында тұрып жатыр.

2. Кітаптарын көрмеден көрсетіп, таныстыру.

3. Әңгіме неге "Бір атаның балалары" деп аталды? Сабақ соңында осы сұраққа жауап іздеп көрейік.

1. Мұғалімнің оқуы.

2. Мазмұнын түсіндіру.

3. Түсінгендерін сұрау. (Әңгіме желісі ары қарай қалай өрбігені туралы өз ойларын сұрау, болжау)


Сергіту сәті «Қыдырып қайтайық» видеожазба

Сабақтың ортасы.




Жаңа сабақты бекіту.

Айтылы

1. Тізбектей оқу. (Түсініксіз сөздерді оқу барысында қарындашпен белгілеп отыру)

2. Іштей оқу.

3. Мазмұнын өз сөздерімен айту.

Түсінбеген сөздерін өздерінен сұрау. Дәптерге жаздыру.

Сабақты қорытындылау

Айтылым

Қорытындылау:

1. 4 слайдта (а) Көрсетілген кесте арқылы сабақты қорытындылау.

2. 4 слайдта (б) Берілген оқушылар жауабын слаидтағы кестеден тексеру.

4 слайд (а)

Әңгіменің аты


Әңгіменің авторы


Кейіпкерлері


Қай кезеңді суреттейді?


Балаларды не себептен әкелді?


Әңгіме неге «Бір атаның балалары» деп аталды?



4 слаид (б) Тексеру

Әңгіменің аты

Бір атаның балалары

Әңгіменің авторы

Мұхтар Мағауин

Кейіпкерлері

Жетім балалар, Дәуренбек, басқарма

Қай кезеңді суреттейді?

Соғыс уақытындағы ауыл тұрмысы

Балаларды не себептен әкелді?

Олар жетімдер

Әңгіме неге «Бір атаның балалары» деп аталды?

Олар бір ауылдың балалары болып кетті

Мұғалім:

Соғыстың зардабынан мына әр ұлттың балалары қазақ ауылын паналап, қазақтың , яғни бір атаның балалары болып кетті.

Рефлексиялық бағалау

Комментариялық бағалау, смайликтермен бағаланады

Сабақтың соңы.

Үй тапсырмасы

7. Үйге тапсырма: ІІ-ІІІ д. мазмұндау


























































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!