Мұхтар Шаханов "Нарынқұм зауалы"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мұхтар Шаханов "Нарынқұм зауалы"

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

4-бөлім Ұрпақ тәрбиесі

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:7

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

М.Шаханов «Нарынқұм зауалы» поэмасы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

7.1.1.1 Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау;

7.1.2.1 Әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау;

Сабақ мақсаттары



Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдайды;

Әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдайды.

Жоспар

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


І.Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбері Жүректен жүрекке. Психологиялық ахуал


Қызығушылықты ояту.

https://www.youtube.com/watch?v=u2qBdKQiEcs

Махамбеттің «Жұмыр – Қылыш» күйін тыңдау, бұл күйдің кімнің туындысы екенін сұрау.Содан кейін осы күйдің ақынның қуғынға ұшырап, ел көзінен жырақ жүрген кезінде туғанын, бірде ақын келіп отырған ауылға Баймағамбет сұлтанның тыңшылары келіп қалып, сондай тығыз-таяң қиын шақта ағайынды Жұмыр, Қылыш деген жігіттер Махамбетті үйіне жасырып, аман алып қалғанын, жігіттердің осы қамқорлығына риза болған ақынның оларға арнап, осы күйін шығарғанын әңгімелеп беремін. 

Сабақтың тақырыбы мен анықталады.

Оқушылар назары сабаққа аударылады.






Оқушылар күйден әсер алып, сұрақтарға байланысты өз пікірлерін білдіреді.





Сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталады.







Көңілді әуен;



https://www.youtube.com/watch?v=u2qBdKQiEcs



Сабақтың ортасы














































Мағынаны тану. Жеке жұмыс

ОҚУЛЫҚПЕН ЖҰМЫС.

1-тапсырма.Поэма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау.«Сәйкестендіру кестесі»

Оқиғаның басталуы

Махамбеттің өзінің өлерін күні бұрын сезуі

Оқиғаныңбайланысу, дамуы

Сұлтан тыңшыларының батырды қапыда өлтіріп, басын алуы.

Оқиғаныңшиеленісуі

Батырдың басы үшін қымбат сый алған жігіттің
әкесіне келіп мақтануы.

Шарыктау шегі

Әкесінің ашуға мінуі.

Шешімі

Әкенің үкім шығарып, баласын жазалауы

  • 2-тапсырма. Топтық жұмыс

  • «Сұрақтар тізбегі» мәтін сюжеті бойынша 5 сұрақ дайындап, келесі топқа тапсырады. Жіңішке сұрақтан жуан сұраққа дейін.

1.«Зұлымдықтың жасырынып келетіні жаман-ақ» деген жолдарды қалай түсіндің?

2.«Менің бассыз қалғандығым
Сенің бассыз қалғандығың болмағай!» деген жолдардағы бассыз қалу тіркесі қай кезде тура мағынада қолданып тұр?

3. Әке үкімі тым қатал емес пе?

4. Мұхаммед пайғамбардың «Әкенің ризалығы – Алланың ризалығы. Әкенің реніші – Алланың реніші» деген сөзін мәтінмен байланыстыруға бола ма?.

5. Не себепті ақын Махамбет туралы мұндай поэма жазды деп ойлайсыз?

Дескриптор: Сұрақтарға жауап береді.

3-тапсырма «КӘМТ» әдісі

КӘМТ (Күш, Әлсіздік, Мүмкіндік, Тәуекел)

Жұмыс алгоритмі

1. Мұғалімнің оқушылармен КӘМТ мағынасын талқылап, әрбір термин жеке алғанда нені білдіретінін, әсіресе «күш», «мүмкіндік», «әлсіздік» және «тәуекел» арасындағы айырмашылықтарды түсіндіргені жөн. «Мүмкіндіктер» және «тәуекелдер» болашақта туындауы мүмкін болжалды салдарларға шоғырлануы тиіс, ал «күш» пен «әлсіздік» бұған дейін болғанды зерттеу негізіндегі мәселенің оң және кері аспектілерінің тізімін құруды қамтиды.

2. Оқушыларға талқылап, баға беруге арналған ақпарат беріледі. Идеялар тиісті тақырыпшалармен беріледі (К-Ә-М-Т).

3. Мұғалім бір тақырыпшаға тоқталып, оны талқылап болған соң ғана келесі тақырыпшаға көшеді. Мысалы, оқушыларға «мүмкіндікке» көшпес бұрын, «күшті» зерттеуге уақыт беріледі




Оқушылар сыныпта «Нарынқұм зауалы» өлеңін кітаптан оқиды.Поэма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдайды.











«Сұрақтар тізбегі» мәтін сюжеті бойынша 5 сұрақ дайындап, келесі топқа тапсырады. Жіңішке сұрақтан жуан сұраққа дейін.

Жалпы 5 балл

Дескриптор:

Оқиғаның басталуын анықтайды;

Байланысуы мен дамуын анықтайды;

Оқиғаның шиелесуін анықтайды

Оқиғаның шарықтау шегін анықтайды.

Шешімін анықтайды












Жалпы балл

Дескриптор:

Сұраққа жауап береді.




Жалпы балл

Дескриптор:


Поэманың күшті жақтарын талдайды.

Поэманың әлсіз жақтарын талдайды

Поэманың тәуекел жақтарын талдайды.

Поэманың мүмкіндік жақтарын талдайды.

































http://kitap.kz/audiobook/2422-bota_narinkum/2422-bota_narinkum



Сабақтың соңы






Сабақты бекіту: Туындыдағы ұлттық құндылықты ашып көрсететін бөлімін анықтап, мәнін түсіндіріңіз.

  1. Махамбеттің түс көруі. Өзге түркі халықтары секілді қазақ халқының да түс жору салты бар. Кең төскейді жайлаған жұрт түсті тек жақсылыққа жорыған. Кісі қандай қорқынышты түс көргенде де, өмірден көргені бар, ойында тоқығаны бар жорушы оны жақсы болашақпен, келер күннің жайлы жақсылығымен сабақтастырған. Көрген жайсыз түсінен мазасы қашып, көңілі алаң болып, тіпті үрейленіп келген кісіге білікті жорушы: «жаман түс – түлкінің боғы», - деп басу айтып, шошытқан жайсыз түстің өзін жақсы нышанға жорыған. Бұл жерде түс жорушының парасаттылығының, имандылығының атқаратын қызметі айрықша жоғары.

  1. Әке өнегесі. Балаға тәрбиесіне жауапкершілікпен қарау үлкен міндет. Бір ауыз сөздің өзі балаға әсер етеді, ал ісің мен сөзің сай болса, әрине үрпағың көргенін істейді. Үлкеннің алдында иіліп сөйлеу, Қарғысын емес, батасын алу үлкен бақыт.

  2. Ұлттық қағиданы бұзбау. Дала заңынан аттамау, баба өсиетін орындау – асқан көрегендіктің, адалдықтың, қазақтың табиғи болмысының, уәдеге беріктігінің көрінісі.

Кері байланыс

Оқу мақсатына жеттің бе?

-Оқу мақсатына жету барысында қандай тапсырмаларды орындадың?

-Шығарманың негізгі идеясын 2 сөйлеммен жеткізіңіз.








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.04.2024
312
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі