Материалдар / Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытудың қазіргі бағыттары мен мүмкіндіктері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытудың қазіргі бағыттары мен мүмкіндіктері

Материал туралы қысқаша түсінік
2030 мектепте мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуға және тәрбиелеуге тең қол жеткізу үшін жағдайлар жасалады (мектептерде педагог-дефектологтардың, балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің, арнайы жеке техникалық және компенсаторлық құралдардың болуы). Әрбір балаға мүмкіндігінше қажетті жағдай туғызып, әрбірі білім алуға тиісті.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Желтоқсан 2020
803
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өскемен қаласы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті

3 курс студенті Медеубаева Жансая


Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытудың қазіргі бағыттары мен мүмкіндіктері


Инклюзивті білім беру ( франц. inclusiv-өзіне енгізетін,лат.include-ішіне аламын,енгіземін)немесе енгізілген білім беру-жалпы білім беру мектептерінде ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту үрдісін сипаттау үшін пайдаланылатын термин. Әр бала үшін ең алғаш мектепке бару ең жауапты да қиын кезең. Ал мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін бұл кезең әлдеқайда эмоциялық жағынан да,психологиялық жағынан да ауыр болады.Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі инклюзивті білім беру қағидаларына бет бұрды. Инклюзивті білім жүйесін дамыту;

2020 жылға қарай мектептерде мүгедек балалар үшін көтергіш жабдықтар, пандустар, санитарлық бөлмелерде арнайы құралдар орнату, тұтқалармен,арнайы парталармен,үстелдермен және басқа да арнайы компесаторлық құралдармен жарақтандыру «арқылы кедергісіз» аймақтар құрылады.

2030 мектепте мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуға және тәрбиелеуге тең қол жеткізу үшін жағдайлар жасалады (мектептерде педагог-дефектологтардың, балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің, арнайы жеке техникалық және компенсаторлық құралдардың болуы). Әрбір балаға мүмкіндігінше қажетті жағдай туғызып, әрбірі білім алуға тиісті. Қазіргі таңда жалпы білім беру мектептерінің 1318 арнайы сыныптарында 9144 мүмкіндігі шектеулі бала, 102 түзеу мектебінде 15639 бала білім алады,оның ішіндегі 2 мыңға жуығы психикалық дамуы тежелген балалар, 8049 астам ақыл-ойы кем балалар,қалғандары дене дамуында түрлі ауытқушылықтары бар балалар.Инклюзивті білім беру дегеніміз-қалыпты деңгейде дамыған балалармен бірге бір сыныпта мүмкіндігі шектеулі баланың білім алуы. Осылайша мемлекетіміз мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау, олардың қоғамға етене араласуына, оларды оңалту, жұмысқа орналастыру және жаңа жұмыс орындарын құру, білім алу, оқыту, қайта мамандандыруға қолдан келгенше жағдай жасамақшы. Сонымен қатар, кадрларды даярлау жүйесін жетілдіру ісі қолға алынып жатыр. Инклюзивті білім беру жүйесіндегі педагог кадрларды даярлау,олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау мыналарды қамтитын болады:

Жоғары және кәсіби білім беретін барлық педагогикалық мамандықтардың оқу жоспарына арнайы пәндер қосу жолымен институттар мен коледждердегі барлық мұғалімдермен тәрбиешілерді ерекше оқытуды қажет ететін тұлғаларды оқытудың дағдылары мен тәсілдеріне даярлау және оқыту;

инклюзивті білім беруді ұйымдастыру және ерекше оқытуды қажет ететін тұлғалармен жұмыс жүргізу мәселелері бойынша жалпы білім беру ұйымдарындағы барлық басқарушы қызметкерлерді,педагогтарды және мамандарды (педагог-психологтарды педагог-дефектологтарды,әлеуметтік педагогтарды) кезең-кезеңмен қайта даярлау;

инклюзивті білім беруді жүзеге асыру мәселелері бойынша білім беру ұйымдарындағы педагог қызметкерлердің біліктілігін,ерекше оқытуды қажет ететін тұлғалармен жұмыс әдістерін,кемсітушілікті жою және жағымсыз жағдайларды шешу,адам құқығы негіздерін зерделеу дағдыларын арттыру т.б. Республикамызда жалпы білім беру ортасында мүмкіндіктері шектеулі балаларды қалыпты деңгейде дамыған балалармен бірге кіріктіріп оқыту үдерісі дамып келе жатқанын атап өту қажет. Қазіргі таңда кіріктіре оқытудың үлгілері көп. Саламан Декларациясына сәйкес инклюзивті білім беру саясатының міндеттері мынадай: Әрбір бала білім алуға құқылы және оны алуға тиіс. Әрбір баланың дара қабілеттері,қызығушылықтары,қажеттіліктері және оқуға деген мұқтаждықтары болады.Білім беру жүйесіне оң өзгерістер,яғни осы мұқтаждықтарды қанағаттандыру мақсатына орай өзгерту.Осыған орай,инклюзивті білім берудің негізгі 8 принципі туындайды. Яғни ол мына принциптер: 1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен,жеткен жетістіктерімен анықталады. 2.Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті. 3. Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы.4.Барлық адам бір-біріне қажет. 5. Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады. 6. Барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді. 7.Әрбір оқушы үшін жетістік қажеті өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру. 8. Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді. Инклюзивті оқыту-оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті бағыт арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп,жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Осы бағытты білім беру жүйесіне енгізу арқылы оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелей аламыз.Инклюзивті білім беру немесе «білім баршаға» бағдарламасы-барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында,мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді.Бұд бағдарламаны Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы мақұлдап, БҰҰ-ның Конвенциясына 2006 жылдың 13 желтоқсанында енгізілді. Сонымен,инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс жүргізетін мектептерде білім мазмұнын үш түрлі бағдарлама бойынша реттеген абзал. Атап айтқанда: жалпы мектептерге арналған типтік оқу бағдарламалары; мүмкіндігі шектеулі балалардың ақаулық типтеріне сәйкес арнаулы білім беру бағытындағы оқу бағдарламалары; мүмкіндігі шектеулі балалардың психофизикалық ерекшеліктерін есепке ала отырып әзірленетін оқытудың жеке бағдарламасы.

Мүгедектер әлеуметтік категория ретінде әлеуметтік қолдауды қажет етеді және олардың толыққанды әрі белсенді өмір сүруі үшін қоғамдық-пайдалы іс-әрекеттерге тарту,қоршаған ортамен байланысын жетілдіру,бір созбен айтқанда оларды қоғамға интеграциялау қажет.Осыған орай,мүмкіндігі шектеулі балалардың өздерін қоғамнан оқшауланған жан ретінде сезінбей қоғамда өз орнын табуы үшін инклюзивті білім беру қазіргі таңда аса қажет болып отыр.Бәріне бірдей мүмкіндік»,» Сапалы білім-барлығы үшін» деген ұстанымды қолдаймын!



Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.-Астана,2010,№205 Жарлығымен

  2. З.Ү.Адильшинова,А.М.Сугралиева,Инклюзивтіоқыту/Дәрістер жинағы,Ақтөбе:Қ.Жұбанаов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті 2017 ж,14 дәріс

  3. Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдері,Астана 2015 11-12 б

  4. К.Жарықбаев.Инклюзивті білім берудің мазмұны қандай?//Мектептегі психология,2010,№5,18-20 б

  5. Мүгедектерді оңалтудың 2005-2008 жылдарға арналған бағдарламалары//www.Enbek.kz




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!