Мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық қолдау көрсетудің
маңызы
Әр бала үшін білім алу өте маңызды. Ал мүмкіндігі шектеулі балалар үшін
бұл кезең эмоциялық жағынан да, психологиялық жағынан да әлдеқайда қиын
болады. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі ерекше
білімді қажет ететін балаларға білім беруге ерекше ден қойды. Яғни, арнайы
қажеттілігі бар балалар үшін мектептерде, мекемелерде жағдай туғызып,
оларды жалпы білім беру жүйесіне қосу. Әрбір бала мүмкіндігінше қажетті
деңгейде білім алуы тиісті.
Арнайы білім беру туралы айтқанда тек мектепте мүмкіндігі шектеулі
балаларға кедергісіз аймақ құру ғана емес, баланың психофизикалық
мүмкіндіктерін ескере отырып құрылатын оқу-тәрбие процесінің ерекшелігін де
ескерген жөн. Ал бұл процесті жүзеге асыру үшін мектепте баланы
психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі ұйымдастырулы қажет, сонымен
қатар, баланың дамуына жағдай тудыратын балаға көмек қолын созуға дайын,
кездескен мәселені дұрыс түсінуге негізделген педагогикалық және балалар
ұжымында моральді-психологиялық климат орнату қажет болады.
Жалпы мектеп тек білім беру қызметін ғана атқармай, бала өмірінде
тәрбие берудің де негізгі саласы болып табылуы тиіс. Мүмкіндігі шектеулі
балалардың әлеуметтік-тұрмыстық өмірге бейімдеуін толық қалыптастырып,
қоғам өміріне толыққанды енуіне мүмкіндік беретін адамгершілік қасиеттерін
қалыптастыруымыз керек. Балаға аяушылық, мүсіркеушілік факторлары керек
емес, ол балаларға адамгершілік, еңбексүйгіштік, өмірге құштарлық, қоршаған
ортаны сүю, адамдарға өшпенділікпен емес, махаббатпен қарап, тіл табыса алуға
үйретуіміз қажет. Басқа дені сау балалар қол жеткізе алатын мүмкіндік ол
балалардың да қолынан келетінін баса түсіндіруіміз керек.
Мұндай жағдайда, мүмкіндігі шектеулі оқушыға да, оның ата-анасына да
психологтың қолдауы маңызды рөл атқарады. Даму мүмкіндігі шектеулі
балаларға психологиялық қолдау көрсететін мамандар балаға білім беру және
тәрбиелеуде баламен ған жұмыс жасап қоймай, оның отбасының ауқымды
әлеуетті мүмкіндіктерін іске асыру мақсатында ата-аналармен де жұмысты
ұйымдастырады.
Педагогикалық-психологиялық қолдаудың нәтижесінде мүмкіндігі
шектеулі балалар толыққанды жеке тұлға болып дамуын қамтамасыз етумен
қатар, арнайы білім беру бағдарламаларын толық меңгеруге мүмкіндік беретін
бейімдеу және түзету ортасын құрады. Сондай-ақ, баланың дамуындағы, оның
ата-анасымен,
мұғалімдермен,
құрдастарымен
қарым-қатынасындағы
проблемалардың алдын алуда септігін тигізеді, әрі, осы орайда туындайтын
мәселелер бойынша ата-аналарға кеңес береді.
Біздің міндетіміз - даму мүмкіндігі шектеулі балаларға, ата - аналарға,
әлеуметтік мамандармен бірлесе отырып, түзеу жұмыстарын ұйымдастыру. Ал,
мүмкіндігі шектеулі кішкентай бүлдіршіндеріміз осы қоғамның мүшесі, әрі
ертеңі. Сондықтан да олар еш уақытта әлеумет назарынан тыс қалмайды.
Осылайша, мамандардың қолдауын қажет ететін балаларды үнемі жан-жақты
қолдап отыру мақсатында жүргізіліп жатқан жүйелі түзету жұмыстар тізбегі
тоқтамақ емес.