Мүмкіндігі шектеулі/үйден оқитын оқушылармен жүргізілген психологиялық жұмыстар

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мүмкіндігі шектеулі/үйден оқитын оқушылармен жүргізілген психологиялық жұмыстар

Материал туралы қысқаша түсінік
Үйден оқитын балалармен жүргізілетін жұмыстың практикалық түрі
Материалдың қысқаша нұсқасы


Алматы облысы Көксу ауданы Балпық би ауылы

Б.Құндақбаева атындағы №1 орта мектеп














Тақырыбы:

Мүмкіндігі шектеулі/үйден оқитын оқушылармен жүргізілген психологиялық жұмыстар











Педагог-психолог: Смайлова М.С











Білім беру жүйесінде даму мүмкіндігі шектеулі балаларға айырықша орын бөлінген. Бұл балаларға қатысты біздің алдымызда тұрған негізгі міндет-олардың әлеуметтік ақталуы мен бейімделуіне, қоғамдағы толыққанды өмірге дайындалуына жағдай жасау және көмек көрсету. Үйден оқитын оқушылармен психологиялық диагностикада таным процестерін зерттеу,қарым-қатынас диагностикасы,мінез-құлық ерекшеліктерін зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Психологиялық дамыту және түзету жұмысында таным процестерін дамыту және түзету, мотивациялық және эмоциялық аясын дамыту және түзету,қарым-қатынас аясын түзету және дамыту бағытындағы жұмыстар жүргізіледі. Психологиялық кеңес беру бағытында баланың дамуындағы ата-ананың көмегі, дау-жанжал жағдайындағы мінез-құлқы және оны басу әдісі, баламен жағымды қарым-қатынасқа жету жолы туралы ата-аналарға кеңес, жадынамалар беріледі. Психологиялық ағарту бағытында мұндай балаларды қалай тәрбиелеу,қалай қарым-қатынас жасау керектігі туралы әңгіме,дәріс,жадынама,тренинг,тақырыптық баяндамалар арқылы ата-аналарға психологиялық білім беріледі. Әр бағытқа жеке-жеке тоқталар болсақ,педагог-психогологтің жинақ қоржынында баланы психологиялық-диагностикалық тексеруге арналған құралдар,логикалық ойлауға,зейін және есте сақтауға арналған әр түрлі әдістемелік құрал-жұмыстары сатылы жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті — Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік – экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты»Қазақстан халқына Жолдауында білім саласына түбегейлі өзгерістер жасауды міндеттеумен қатар, нәтижесі – Қазақстандағы адами капитал деңгейінің сапалы өсуін атап көрсетті. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы барлық балаларға тең дәрежедегі білім беру мен оларды сапалы тәрбиелеу кепілі ретінде айқындалып, мүмкіндігі шектеулі оқушылардың да білім алуына қажетті негізгі мақсаттарды айқындап көрсеткен.

Жанұяда мүмкіндігі шектеулі баланың өмірге келуі бірінші кезекте ата-ананың және жанұя мүшелерінің өмірге көзқарасын, өзгелерге және өзіне деген қарым-қатынасын өзгертпей қоймайды. Отбасында бала үшін де, ата-ана мен жанұя мүшелері үшін де ауыр психологиялық атмосфера қалыптасатыны белгілі. Әйгілі ғалым Л. С. Выготский баланың өсіп-дамуы бірінші кезекте әлеуметтік даму жағдайына негізделгенін дәлелдеген.

Дамуында ауытқуы бар баланың кейінгі тағдыры өзі туып, тәрбиеленіп жатқан отбасының жағдайына байланысты. Яғни, баланың дамуы көбінесе медицина және педагогикалық қызметкерлердің назарынан тыс қалып, басты ықпал етуші күш ата-ана болып табылады. Сондықтан мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеуші отбасы қандай да болмасын медициналық, педагогикалық, психологиялық, құқықтық ақпараттық қолдауды қажет етеді. Дер кезінде алынған қандай да қолдау түрі баланың немесе отбасының кез-келген әлеуметтік-психологиялық мәселесінің шешілуіне әсерін тигізеді. Шындығында да, ауру баланың әр-түрлі проблемаларына байланысты күтімнің қажеттілігінен ата-ананың (ең болмағанда біреуінің) жұмыс істеу мүмкіндігі шектеледі. Бұл жанұяның әлеуметтік және экономикалық статусына кері әсерін тигізбей қоймайды. Осыған байланысты туындайтын ішкі жанұялық қарым-қатынастың бұзылуы баланың онсыз да бұзылған психофизикалық жағдайына жағымсыз әсер етіп, оның психикасының ауытқуына әкеп соғады.

Баланың кішкентай кезінен өзін қоршаған жандармен қарым-қатынасынан үйренген тәжірибесі оның психикалық дамуының ірге тасы болатынын және кейінгі тағдыры осыған байланысты анықталатынын терең түсіне бермейміз. Яғни, жанұя психикалық дамуының негізгі ошағы болып табылады. Осыған байланысты мүмкіндігі шектеулі баланы оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде ата-ана бауырларының рөлі мен жауапкершілігі бірнеше есе өсіп отырады. Ол тек баланы өмірлік қажеттіліктермен қамтамасыз етуден ғана тұрмайды, оны үнемі сүйіспеншілікпен қамқорлық аясына алу, сезімталдықпен қолдау қажет. Бірақ ол баланың өзінің өмірлік тәжірибесін меңгеруіне жағдай жасауы үшін өзіндік белсенділігін қолдау және қалыптастыруға бағытталған болуы керек. Түсініктірек айтқанда баланың әлеуметтік дағдылары жас және жалпы даму деңгейіне қарай мүмкіндігінше ересек адамдар мен балалар арасындағы өзара іс-әрекет арқылы қалыптасады.

Ата-аналар тарапынан болатын жоғары дәрежедегі қамқорлық та баланың өздігінен жуыну, киіну, тамақтану, қажетін өтеу дағдыларын игере алмауына себеп болады. Төгіп-шашады, бүлдіреді деген сылтаулармен көп жағдайда ата-аналар баласы үшін өздері істегенді тиімді көреді. Осындай себептермен балада өз-өзіне қызмет ету дағдысының қалыптасуы қиындайды. Түзету, әлеуметтік бейімдеу орталықтарына осындай бағытта жүргізілетін нәтижелі жұмыстар ата-ана тарапынан қолдауды бекітілуді қажет етеді.

Мүгедек бала тәрбиелеу, отбасының шаруасы әртүрлі жанұялық проблемалар кей жағдайда баланың болашағын, оның кейінгі тағдыры туралы ойлануға мойын бұрғызбайды. Дегенмен де, ата-ана түзете-амыту үрдісінен тыс қалмай белсенді қатысушы болып, мамандармен, медициналық, психологиялық кеңес алып отырса, баласының өмірлік қажеттілік дағдыларды меңгеруіне сауатты түрде ықпал етер еді.

Мүмкіншілігі шектеулі болған баланың және қамқор ата-ананың көп жағдайда агрессивті күйде жүретінін естен шығармаған жөн. Олар педагогтарға және әлеуметтік қызметкерлерге сеніммен, үмітпен қарайды. Сондықтан бұл балаларды қатаң талап қою арқылы үйрету тиімсіз, тіпті қауіпті болуы да мүмкін. Ал олардың басы әр түрлі ойдан бос болмағандықтан тек жүрек арқылы жол табуға болады.

Ағылшын зерттеушісі Л. Ярроу бойынша депривация түрлері айқындалған. Соның ішінде үйден оқитын оқушыда даму жағдайының 3 түрі кездеседі.

- Әлеуметтік депривация- баланың басқа адамдармен қарым қатынастың азаюы.

- Эмоциялық депривация- қоршаған ортамен қарым-қатынаста эмоцияның әлсіз көрінуі, айналаны енжар сезінуі.

- Сенсорлық депривация- балада әсерлердің әр түрлілігі және қабылдау айқындығының төмендеуі.

Олардың ішінде интеллект дамуында физиологиялық қалыс болмаса да өз құрдастарынан 2-4 жылға артта қалған балалар болады.

Мұндай оқушылардың ақыл-ой белсенділігін өрістету олардың тұлға ретіде жетілуінің маңызды саласы болып табылады. Сондықтан, оқушылардың тапсырмаларды орындау барысында ойлау операцияларын жүзеге асыру тәсілдерін үйрету қажет.

  • Баланың жеке дара қасиеттерін ,ескере білу.

  • Іс-әрекетке қызықтыра білу:

  • Сабақтан тыс жұмыс түрлдерін жоспарлау және оның ж.үзеге асуына бақылау жасау.

Тәсілдер:

Көрнекі- әрекеттік ойлау- заттық құралдық іс-әрекет, ол құрастыру іс әрекетінен көрініс табады (түрлі конструкторлар қолдану).

- Көрнекі бейнелік ойлауға жоғарыда айтылған конструкторлармен жұмиыс бейнелік үлгіде емес, сөздік нұсқада болуы тиіс. (Әр түрлі сюжеттік-ролдік және режиссерлық ойындар)

- Сөздік логикалық ойлауды алдымен Р. С. Немовтың әдістемесі бойынша анықтап алып, оны ары қарай дамытуға «Төртінші артық», «Әңгіменің жетіспейтін бөлігі», «Керісінше айту», «Жақсы мен жаман», т.б. көптеген жаттығуларды қолдануға болады.

Баланың психикалық дамуының тежелуінің негізгі себептері әр түрлі болады. Олар: басынан өткен аурулар, әлеуметтік-тұрмыстық жағдай, нашар көруі, құлақ ауруы, т.б. себептер болады. Психикалық дамуының негізгі бүзылыстары-интеллект деңгейі, көбіне таным процестері: зейіні, логикалық есте сақтауы, ойлауы, кеңістікті бағдарлауы, қоршаған ортаны тануы нашар болып келеді.

Дүниетанымын кеңейтудің мақсаты ақыл-ойы орташа дамыған оқушылардың оқудың бастапқы сатысында алған қоршаған әлем туралы түсінігін кеңейту және бекіту қоршаған әлемде бағдарлаудың практикалық тәсілдерін, өмірлік қажетті икемділіктер мен дағдыларды дамытуды жалғастыру.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.07.2020
2956
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі