Материалдар / Мұнай индустриясы. Әлемнің ірі индустриялық алпауыттары Қазақстанда. Сөз дәлдігі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мұнай индустриясы. Әлемнің ірі индустриялық алпауыттары Қазақстанда. Сөз дәлдігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұнай индустриясы. Әлемнің ірі индустриялық алпауыттары Қазақстанда. Сөз дәлдігі тақырыбына арналған қысқа терзімді жоспар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қырқүйек 2022
6136
13 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Мұнай индустриясы. Әлемнің ірі индустриялық алпауыттары Қазақстанда. Сөз дәлдігі

Мұнай индустриясы

1. Суреттегі ақпаратты сөз дәлдігін сақтай отырып әңгімелеңдер.









2. Мәтінді оқып, өткен сабақтағы оқылым мәтінімен салыстыра талдаңдар.

Мұнай мұхиты


Маңғыстау... Сенің ғасырлар бойы құлазыған көне көкірегің бұл күнде мынау өмірге ғашық жандардың жүрегіндей лүпілдейді. Сенің осы бір арай жүз кел бетіңе қарап, менің де кішкентай жү регім лүпілдейді. Қуана тұрып, бір тәтті ойларға еніп кетем... Тарихтай қатталған қара жер қабатынның астындағы мұнай тасқыны зауыттар мен фабрикалардың жүрегіне қызу қан берер ғажап күш емес пе!?

Маңғыстау... Сенің даңқыңды, біздің дәуірдің ғажайып адамдары дүбірлеткен даңқыңды бұл күнде жер шарының біраз түпкірі біледі. Бүгін қазына аралына айналған сенің атағың қазақ даласының шекарасынан жырақ кеткен.

...Иә, сенің ғажайып болашағың әлі де талайларды таңырқатады. Өз ұр пағыңа, өсіп-өркендеген ғаламат заманның кереметтерін құрыш қолдарымен өзі жасап жүрген ұрпағыңа әлем алдында «Міне, қараңдар менің ғажайып өлкеме!» дейтіндей мақтан бола бересің, сен, дариялы мекен!


(Ф.Оңғарсынованың «Мұнаралы Маңғыстау» мақаласынан)

3. Мәтіндегі кәсіби сөздерді тауып, іріктеп, түрлендіріп, талғаммен қолданып, 10 сөйлем жазыңдар.

...Енді бірде скважина аузы опырылып кетті. Шыңыраудан шыңғыра шапшып, жөңкіле толықсыған жал-жал бұйра толқын жер бетіне шыққан соң арыстандай өкіре, тіп-тіке аспанға шаншылды да, мұнара маңын самаладай жайнатқан көп прожекторды көме нөсерлетіп, тулап, бұлқынып, булығып, қайтадан кері құлап түсіп жатты.

Смена адамдары фонтанды скважина аузына арматура орнатпақ боп әуре-сарсаң, кейбіреулері селдеткен қара көк тасқынға кіріп-кіріп кетеді. Енді біреулер кезек-кезек привинторға жүгіреді, привинтор тұтқасын екеу-үшеуі қосыла жабылып бұрайды. Тұтқа сіреседі, қозғалмайды. Амалы құрыған бір-екі адам бір-біріне ажырая қарап, айқайласады:

Тұтқа неше рет бұралды?

Жиырма рет.


Алты айналымы кем. Айттым ғой, кондукторды газ бұзып өткен.


Фонтан өрши түсті. Қарақошқыл қою бұрқақ бірден бірге жалданып, биіктей берді. Мұнара маңы қолма-қол мұнай теңізіне айналып барады. Шоқтығына қол тимеген асау тәрізді жабайы, тағы табиғаттың біресе ішін тарта өксіген, біресе аһ ұра аңыраған үрейлі үні де толастар емес.


Болат мұнараға толқынды сел арасынан қорғасын бытырадай сырт-сырт соққан әлденелер жылт-жылт ұшқын шашыратқандай еді, ізінше моторлы будка жақтан қып-қызыл от жарқылдап, күп-күрең жалын сүйреңдей батады...


(З.Қабдоловтың «Жалын» романынан)



Елімізде «қара алтын» өндіру 20 жылдың ішінде жылдық мөлшерін төрт есеге көбейтті, ал әлем де бұл көрсеткіш бір жарым есеге ғана артып отыр. Мұнай нарығындағы мемлекеттің ғаламдық үлесі 10%-ке өскендігі де хақ. «Қара алтынды» өндіру мен экспорттаудың әлемдік деңгейдегі жаңа орталығын Қазақстан дәйекті түрде қалыптастырып келеді. Тәуелсіздік алған уақыттан бергі мерзім ішінде мұндай жетіс-тікке жетуімізге осы салада жасалған түбегейлі өзгерістер негіз болып отыр.


5. Елімізде мұнай өндіру қалай жүзеге асатыны туралы мәлімет жинаңдар.



Әлемнің ірі индустриялық алпауыттары Қазақстанда

Берілген сұрақтарға жауап беріңдер.

  1. Индустрияландырудың үлескері ретінде қай салада еңбек етер едіңдер?


  1. Бұл тарау болашақта мамандық таңдауларыңа көмектесті ме?


Индустрияландыру – бүкіл қазақстандықтардың ісі. Өйткені бұл – күрделі жағдайды астан кешіріп отырған жаһандық даму процесіндегі іздің мемлекетіміздің бәсекеге қабілеттілігін, даму мүмкіндігін айқындайтын маңызды шара.

Бес жыл ішінде Қазақстанда бұрын өндірілмеген тауарлар шығарыла бастады, бұған дейін Қазақстанда өндірілмеген, мүлдем жаңа 400 өнім түрі игерілді. Қазақстан Тәуелсіздігін алғаннан бергі уақытта экономикаға салынған барлық шетелдік инвестицияның 70%-іне жуығын өңдеуші сектор осы индустрияландырудың бірінші бесжылдығында иеленді. Бұдан бөлек индустрияланды рудың нәтижесін де 770-тен астам жаңа кәсіпорын іске қо сылып, мүлдем жаңа деңгейдегі 75 мың тұрақты жұмыс орны құрылды. Бүгінде өнеркәсіптік секторда жұмыс істейтін қазақстандықтардың жалпы саны 1 миллионнан асады.

Индустрияландыру аясында инфрақұрылым базасы кеңейіп, 4 мың шақырымнан астам автожол, 1700 шақырым теміржол салынды.

Индустрияландырудың алғашқы кезеңінде отандық құрылыс материалдары 2 есеге артты, қазіргі таңда құрылыс материалдарының 80%-і елімізде шыға бастады.

Ауылшаруашылығы саласы да жоспарлы түрде дамып келеді. Мәселен, агроқұрылымда 2010 жылмен салыстырғанда ірі қара мал басының саны 50%-ке артқан. Ал өнеркәсіп жылыжайларының алаңы осы жылдар ішінде 3 есеге өскен.


(ҚазАқпарат)

. Мақаладағы мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды, тілдік оралымдарды талдап, сұхбат құрыңдар.

«Шеврон» – Қазақ станның сенімді серіктесі Мұнай-газ өнеркәсібі қызметінің барлық салаларына: көмірсутектерді бар лауға, өндіруге, тасымалдауға және өткізуге қатысатын, сонымен қатар мұнай-химия өнімдерін өндірумен, оларды бөлшек сауда бағамымен сату ісімен айналысатын «Шеврон» компаниясының дүниежүзілік мұнай өндіру саласында үлесі мол. 1873 жылы Лос-Анжелесте (АҚШ) құрылған «Шеврон» компаниясы қазір әлемнің 90-нан астам мемлекетінде жұмыс істейді. 23 елде мұнай мен табиғи газ өндіреді, олардың ішінде Қазақстан да бар. Қазақстанда компания – «Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорнының басты құрылтайшысы. 1993 жылы 6 сәуірде ҚР Президенті мен «Шеврон» директорлар кеңесінің төрағасы Кеннет Дерр «Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорнын құру туралы келісімге қол қойғанды.

(Н.Жоямергенқызы)

. «Қазақстан индустриясы дамыған алпауыт елге айнала ма?» тақырыбында эссе жазыңдар.






3. Мәтінді сөз дәлдігі тақырыбымен байланы тырып түсіндіріңдер.

Өмірбаян

Мен, Сарсенов Қуаныш Өмір екұлы, Аягөз ауданы Баршатас ауылында 1973 жылы 1 мамырда дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ. 1980–1990 жылдары Баршатас ауылының орта мектебінде оқыдым. 1990 жылы Қазақ политехника институтының компьютерлік техника факультетіне оқуға түстім. Институт бітіргеннен кейін 1995–1998 жылдар аралығында ғылыми жобалау институтында жұмыс істедім. 1998 жылы 1 қыркүйекте Қазақ политехника институтының металлургия өнеркәсібі кафедрасына ауыстым. Қазір осы кафедраның аға оқытушысымын.

Отбасым бар: жұбайым Жазира Дүйсенбайқызы Сұлтанова – жоғары білімді маман, дәрігер. Үш балам бар: үлкенім Әсел – студент, ұлым Асқар, қызым Мира – мектеп оқушылары.Әскери қызметке міндеттімін, ағалейтенант атағым бар.

Қосымша мәліметтер: қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік білемін. ЭЕМ (ЭВМ) бағдарламасын толық меңгергенмін.
































Терме диктант



Индустрияландыру – бүкіл қазақстандықтардың ісі. Өйткені бұл – күрделі жағдайды астан кешіріп отырған жаһандық даму процесіндегі іздің мемлекетіміздің бәсекеге қабілеттілігін, даму мүмкіндігін айқындайтын маңызды шара.

Бес жыл ішінде Қазақстанда бұрын өндірілмеген тауарлар шығарыла бастады, бұған дейін Қазақстанда өндірілмеген, мүлдем жаңа 400 өнім түрі игерілді. Қазақстан Тәуелсіздігін алғаннан бергі уақытта экономикаға салынған барлық шетелдік инвестицияның 70%-іне жуығын өңдеуші сектор осы индустрияландырудың бірінші бесжылдығында иеленді. Бұдан бөлек индустрияланды рудың нәтижесін де 770-тен астам жаңа кәсіпорын іске қосылып, мүлдем жаңа деңгейдегі 75 мың тұрақты жұмыс орны құрылды. Бүгінде өнеркәсіптік секторда жұмыс істейтін қазақстандықтардың жалпы саны 1 миллионнан асады.

Индустрияландыру аясында инфрақұрылым базасы кеңейіп, 4 мың шақырымнан астам автожол, 1700 шақырым теміржол салынды.

Индустрияландырудың алғашқы кезеңінде отандық құрылыс материалдары 2 есеге артты, қазіргі таңда құрылыс материалдарының 80%-і елімізде шыға бастады.

Ауылшаруашылығы саласы да жоспарлы түрде дамып келеді. Мәселен, агроқұрылымда 2010 жылмен салыстырғанда ірі қара мал басының саны 50%-ке артқан. Ал өнеркәсіп жылыжайларының алаңы осы жылдар ішінде 3 есеге өскен.

Индустрияландыру тауарларды үлкен пропорцияда өндіру және сонымен қатар сілтеме жасайды қоғам немесе мемлекет аграрлық экономикадан индустриалды экономикаға өту процесі.

Индустрияландыру белгілі бір секторда жасалады және аз уақытта көп өнім алу мақсатында машиналарды, техниканы және жұмыс процестерін дамытуға, сондай-ақ ішкі өнімнің жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) мен пайдасы мен нәтижесін барынша арттыруға бағытталған экономикалық өсуге негізделген. ).

Индустрияландырудың арқасында а жаңа әлеуметтік, экономикалық, саяси, мәдени-географиялық тәртіп.

Индустрияландыру - жаңғырту процесінің бөлігі.


(ҚазАқпарат)










Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!