Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Мұқағали жырлары мәңгілік
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Мұқағали жырлары мәңгілік
Сабақтың мақсаты: Мұқағали Мақатаевтың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, сыршыл да шыншыл ақын өлеңдерінің мәні мен маңызына үңілдіруге, рухани танымын кеңейтуге ықпал ету.
Көрнекілігі: Мұқағали ақынның шығармашылығына арналған кітаптар, ақынның суреттері, гүлдер, ақын туралы жазылған плакаттар.
«Арыз жазып кетейін»
1-жүргізуші: Иә, болашаққа қара өлеңмен арыз жазып кеткен хас талант ақынның өлеңі ғой бұл.
Поэзия! Меніменен егіз бе едің?
Сен мені сезесің бе, неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таңдардан сені іздедім!
2-жүргізуші: Қазақ поэзиясының аспанында ерекше нұрланып, жанып, жарқырап өткен біртуар ақын Мұқағали Мақатаев 9-ақпанда 8 -ге толады. Құдіретті поэзияның тас қалаушысы атанған Мұқағали Мақатаевтың туған күнін неге тойламасқа?!
1-жүргізуші: Өзі тебіреніп жырланып өткен Қарасаз өңірінде, құнарлы топырақта, қасиетті мекенде 1931жылы ақ қыраулы ақпанда дүниеге келген екен.
2-жүргізуші: Сол кезде аупарткомда өзінің білімімен, адамгершілігімен көпке үлгі болып жүрген Мұхаммедқали есімді жігіт болыпты. Сол жігіттей еліне елеулі азамат болсын деп бұл есімді нағашысы қойған. Жеңгелері пайғамбардың атымен аталатын бұл есімді жүрексініп, оны жүрексініп, оны Мұқағали деп атап кеткен екен. Ақынның өзіде есейген шағында: «Бұл есімнің қадір-қасиетін түсініп, алып жүре алам ба? Оданда Мұқағали болып қалғаным дұрыс шығар» деп құжатқа да осылай жаздырып алған дейді.
«Менің анкетам»
1-жүргізуші: Айжан сен сәби болғың келеме?
2-жүргізуші: Иә, әрине, Абзал кіршіксіз сәби болғанға не жетсін?!
Сәби болғым келеді жаңа туған,
Мына өмірге кіршіксіз жаратылған.
Ән: Сәби болғым келеді.
1-жүргізуші: -Мұқағали Тиын әжесінің бауырында өсті. Тиын әжесі мейірлі, кісілігі мол, керек кезінде адуынды да бола білетін адам еді. Әжесіне арнап ақын өлең жазды да, Нұрғиса Тілендиевтен ән жазуды сұрады.. Ән тамаша болып шықты. «Әжем, ұлы әжем, еңбегің ақталды» деп қатты қуанды, қуанып тұрып жылады да.
Ән: «Сөнбейді әже шырағың»
2-жүргізуші: Сахнаға Мұқағали ағамен 10жыл бірге оқыған әрі досы. әрі туысы Әбдіке Асановты шақырамыз.(Әбдіке Асанов рөлінде оқушы)
1-жүргізуші: -Әбдіке ата, Мұқағали ағаға қатысты мектеп өмірінен қандай
естелік айтар едіңіз? Мұқағали аға мектепте қалай оқыған?
Әбдіке Асанов ролінде оқушы: Мұқағали өте зерек, алғыр болатын. Мектептің қабырға газетінде жаман оқитын балаларды «Тасбақаға», ал жақсы оқитын оқушыларды «Ұшаққа» мінгізіп, суреттерін салып, астына аттарын жазып қоятын. Біз сол «Ұшақтан» түспестен мақтау қағазымен бітіріп шықтық.
2-жүргізуші; Мұқағали ағаның бала кездегі мінез-құлқы, тәртібі қандай болды?
Әбдіке Асанов рөлінде оқушы: Мұқағалиды тентек болған жоқ деп айта алмаймын, болды, бірақ ақылды тентек болды.. Ол әділетсіздікке жаны қас болып өсті. Үлкеннің алдын кеспейтін, өзінен кішілерге қамқорлығын аямайтын, тура мінезімен енжар, бұзық балаларды жөнге салып жүтерін. Тағы бір қасиеті - таза, ұқыпты жүретін.
1-жүргізуші: Мұқағали алғаш рет ақындық қабілетін танытқан өлеңі неше жаста еді?
Әбдіке Асанов: Мұқағали әкесі Сүлеймен 1941жылы соғысқа аттанғанда Мұқағали небәрі 10-жаста еді. Ақынның алқашқы өлеңі сол соғысқа кеткен әкесіне деген сағыныштан туған екен. Рұқсат болса сол жырымды оқып берейін.
Сол жерде Сырымбеттей тау барма екен,
Жайдақтың шөбі шүйгін қаулар ма екен.
Мінеки көп ай болды хабары жоқ,
Әкем кеп көңілімізді аулар ма екен?
Әкеміз бір әкеден жалғыз еді,
Судағы жаңа біткен жалбыз еді.
Мінеки көп ай болды хабары жоқ,
Біз-дағы әкемізге зармыз енді.
2-жүргізуші: Шетінен өлең жыры шұғылалы,
Біз түсініп болған жоқпыз ұғып әлі,-демекші шын поэзия жасырынып тұрған дүние сұлулығының шымылдығын сыпырып тастайды» деген еді Шелли хан. Мұқағалидың поэзиясымен қалай сырласқанын тыңдап көрелік.
«Поэзия»
«Туған жер»
«Қарасаз»
1-жүргізуші: Табиғат, жанымды алсаң алшы менің,
Бір түір жерге түскен тамшың едім.
Мұқағали жоғалса, қайтер дейсің,
Артында қалсын жерім, қалсын елім.
Кім білсін қаншама әлі шырқарымды,
Кім білсін қай күні қырқарыңды
Мұқағали жоғалса қайтер дейсің
Жоғалтпаса болғаны ұрпағыңды.
2-жүргізуші: Енді сен туған жердің, туған елдің киесі-біздер, яғни, Мұқағалидың ұрпақтарымыз. Аманатың орындалды, Мұқағали ата. Біз өзің сүйіп өткен табиғатыңды, «Саржайлауыңды» әнге қосамыз.
Ән: «Саржайлау»
1-жүргізуші: Мұқағали поэзиясында табиғатты аялау сезімі адамгершілік көзқараста жатыр. Табиғаттың еркесі сұлулықтың рәмізі-аққулардың бейнесінде адал сезімдер жырланады.
2-жүргізуші: Мұқағалидың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын оқыған жазушы Ғабит Мүсірепов ақынға қатты риза болып, алтын қаламсабын сыйлаған екен.
«Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан үзінді оқылады.
1-жүргізуші: Айжан сен бақыт дегенді қалай түсінесің?
2-жүргізуші: Бақыт дегеніміз -біздің балалық күндеріміз емеспе?
Ән: «Бақыт деген»
1-жүргізуші: Халық сөзін сөйлеген ақынға жар болу бақыт деп білемін. Оны Мұқағали атамыздың сүйген жары Лашын апайдан сұрайық.
(Лашын апай рөлінде оқушы)
2-жүргізуші: Лашын апай сіздер қалай таныстыңыздар?
Лашын апай: -Мұқағали біздің ауылдық кеңеске хатшы болып келген. 1948жыл еді. Екеуміз бір мерекелік кеште танысқанбыз. Мұқағали ұзын бойлы, маңдайы кере қарыс жігіт болды ғой. Бірден көз тартатын. Екеуміз сол кеште қосылып ән шырқадық, Әке-шешем оның өткір, биязы, иманды екенін білетін, қарсылық білдірген жоқ. Ақыры той жасалды. Үйленгеннен кейін екі жылдан соң Қарасазға көшіп келдік. Мұқағали орыс тілінен сабақ берді. Аудандық газет оны ұнатып жұмысқа алды. Радиода диктор болыпта жұмыс істеді. Ол өлеңге өте берілген, талантты, өте мыұты болатын. Мұқағалидың тағы бір қасиеті қонақжай болатын. Үйге кісі ертіп келуді жақсы көретін. Зыр жүгіріп кейде тамақта пісіретін.
1-жүргізуші: Сізге арнаған қанша өлеңі бар?
Лашын апай: Санаған жоқпын, бірақ көп. Әрқайсысының өзінің тарихы бар. Ауруханаға барған сайын Мұқағалидың жүдегенін, күндегісінен төмен екенін байқадым. Нардай, сүйекті жігіттің шөгіп бара жатқаны жаныма батты. Мұқағалиға бір жалт қарағанда, мен шыдай алмай күрсініп жібердім. Іштей «Япыр-ай не деген сұмдық, жоқ қой ол бізге» дедім. Мұқағали сезіп қалды. Дереу сөзге айналдырғым келді. Ертесіне кешке қарай тағы барғанымда дәптері ашық жатыр екен.. «Күрсінбеші» деген өлеңін көзім шалып қалды.
«Күрсінбеші өлеңі оқылады»
1-жүргізуші : Қарсы алмаса,
Құрысып қарсы алмағын.
Ән салып бер,
Әніңмен жан сал маған.
Жаңғырып жасыл тау жөнелсін бір,
Жатасың ұйып, жапанда дел-сал даалам,- деп ақынның өзі жырлағанындай, әннің де құдіреттілігін ақын ерекше бағалаған.
Ән «Есіңе мені алғайсың»
2-жүргізуші: Қарасаз қара шалғын, өлеңде өстім,
Жыр жазсам, оған жұртым елеңдестің.
Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім.
Иә, ақынның өлеңдері, тамаша туындылары біздің жүрегімізде мәңгі сақталып қала бермек.
1-жүргізуші: Мұқағали есімі қазақ поэзиясының символына айналған ұлы ақын. Қазақтың қаншама Мұқағалидан кейінгі ақындар Мұқағали жырымен рухтанды. Мұқағали жырымен рухтанды. Мұқағали қаншама ақынға шын жылаудың қалай болатынын көрсетті. Сондықтан да Мұқағали жырлары мәңгілік.
2-жүргізуші: Қала алмассың мұздай күні опынбай,
Әр жүректе «қайран Мұқа», ойпырмай.
Ақындардың жыр оқитын кешінде,
Бір керемет өлең қалды оқылмай.
Елемейтін, ескермейтін нәрсені,
Тастайтұғын бетінен ап беттінің,
Өлең етіп ызғарлы түн, от күнін,
Жол қозғалыс ережесін елемей,
Көшелерді кешіп келе жататын,
Мұқағали Мақатаев жоқ бүгін.
Осымен бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқталды.