Материалдар / «Мұқағали Мақатаев – поэзия тұлпары»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Мұқағали Мақатаев – поэзия тұлпары»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұқағали Мақатаевтың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, сыршыл да шыншыл ақын өлеңдерінің мәні мен маңызына үңілдіруге, рухани танымын кеңейтуге ықпал ету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қараша 2018
1703
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Батыс Қазақстан облысы

Тасқала ауданы Тасқала ауылы

ЖОББ Қ.Сәтбаев атындағы мектебінің мұғалімдері

Бастауыш сынып мұғалімі Ш.М.Тлегенова

Музыка пәні мұғалімі Ж.А.Гайнуллиева



Ашық тәрбие сағаты 08.02.2017 ж.

Тақырыбы: «Мұқағали Мақатаев – поэзия тұлпары»

Мақсаты: Мұқағали Мақатаевтың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, сыршыл да шыншыл ақын өлеңдерінің мәні мен маңызына үңілдіруге, рухани танымын кеңейтуге ықпал ету.

Көрнекіліктер: слайд,көрме, буклет.ақын туралы пікірлер жазылған плакаттар.

Түрі: кіріктірілген сабақ

Пәнаралық байланыс: музыка, әдебиеттік оқу

Әдісі: сазды әдеби кеш

Жүргізушілер: Ш.М.Тлегенова әдебиеттік оқу пәні мұғалімі

Ж.А.Гайнуллиева музыка пәні мұғалімі

Барысы

І. Қызығушылықты ояту

Ш.М.Тлегенова: Ғасыр ақыны

Ж.А.Гайнуллиева: Поэзия тұлпары

Екеуі бірге: Мұқағали Мақатаев

Ш.М.Тлегенова: «Мұқағали поэзия тұлпары» сазды әдеби кешке қош келдіңіздер!

Ж.А.Гайнуллиева: Осы кештің той бастары «Қазақ биін» қабыл алыңыз.

Айкөркем би ансамблі : «Қазақ биі»

Ш.М.Тлегенова: Біздің халқымызда біртуар азаматтар аз болған жоқ. Қазір де аз емес. Кейінгі қауымға өнеге – өсиеттерін қанатты қалам арқылы қалдыра білген зерделі ақын – жазушыларымыздың бірі, тіпті бірегейі Мұқағали Мақатаев десек,қателеспейміз. Өйткені,оқырманның қай кезде де көңіл-күйін тамыршыдай тап басатын жыр-құдірет Мұқағали ақынға ғана тән.

Әлем –дархан ,саялаңдар,

Бәріңе де орын бар,

Қорған емес ,салтананатты

Сәнді сарай соғыңдар.

- Ей, адамдар, сендер тату , сендер тату болыңдар! –деп жырлап өткен ақын Мұқағали Мақатаев – 20 ғасырдың «Ғасыр ақыны» боп танылған поэзия тұлпары.

Оқушылар М.Мақатаев туралы мәліметтермен таныстырады.

1- оқушы Гүлбибі: Ол 1931 жылдың 9-ақпанында Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Әкесі соғыста қаза тауып, анасы мен әжесінің тәрбиесінде өсті. 1948 — 49 жылы ҚазМУ-дың филология факултетінде оқыған.

2- оқушы Анеля: К.Маркс атындағы кеңшарда (қазіргі “Текес”) ауылдық кеңес хатшысы, мектепке мұғалім болды. 1948 жылы орта мектепті бітірісімен, мәдени-ағарту саласында түрлі қызметтер атқарды. Мектепте әдебиет пәнінен сабақ берді. Аудандық газетте әдеби қызметкер болып істейді.

3- оқушы Айдос: Ол 1962 жылы Алматыға қоныс аударып, әдеби ортаға етене араласа бастайды. Алматы Шет тілдері институтының неміс тілі, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультеттерінде оқып және Мәскеудегі М. Горький атындағы әлем әдебиеті институтында білім алады.

4- оқушы Марлен: Мұнан соң «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің (1962-1963 жж.), «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») (1963-1965 жж.), «Жұлдыз» (1965-1972 жж.) журналдарының редакциясында, Қазақстан Жазушылар одағында (1972-1973 жж.) қызмет атқарады.

5- оқушы Инсар: Мұқағали Алматыдағы қазақ әдебиеті мен өнерінің қаймақтары шоғырланған ортада өткерген аз ғана жылдар ішінде өзіндік дара үнін, суреткерлік қайталанбас дарынын танытып, өнімді еңбектене білді.

6- оқушы Аксан: «Ильич» (1964), «Армысыңдар достар» (1966), «Қарлығашым келдің бе?», «Мавр» (1970), «Аққулар ұйықтағанда» (1973), «Шуағым менің» (1975) атты жыр жинақтарын көзінің тірісінде жариялап үлгерді. Мұқағали поэзиясының қайнар көзі, шабыт тұғыры туған елі, өскен жері, Отан тағдыры, замана тынысы, замандастарының арман аңсары. Осының бәрін Мұқағали жас дарынға тән қайталанбас шеберлікпен, тәңірдің таңдайынан төгілгендей поэтикалық мінсіз үйлесіммен, әр жүрекпен тіл табысар сыршыл да шыншыл сезіммен, нағыз поэзияға ғана тән бейнелі образдармен бедерлеп, өлмес өнер деңгейінде туындатып отырған.

7- оқушы К.Анеля: Ақынның тұңғыш өлеңдері “Қырман басында”, “Қойшы бала — Әкітай” ауданындағы “Советтік шекара” газетінде жарияланды (1949). “Інімнің ойы”, “Шебер” өлеңдері “Жастық жыры” атты жинаққа енді (1951).

8- оқушы Диас: Мұқағалидің “Қарлығашым, келдің бе?”, “Дариға жүрек” (1972 ж.), “Аққулар ұйықтағанда”, “Шуағым менің” (1975 ж.), “Соғады жүрек”, “Шолпан”, “Жырлайды жүрек”, “Өмір-өзен”, ”Өмір-дастан” және т.б. жыр жинақтары, сондай-ақ, “Қош, махаббат!” (1988 ж.) атты прозалық кітабы да бар. Біршама өлеңдеріне ән жазылды.

9- оқушы Алина: Өзін аудармашылық қырынан да сынап көрген Мұқағали Дантенің “Құдіретті комедиясының” “Тамұқ” деген бөлімін (1971 ж.), Шекспирдің“Сонеттерін” (1970 ж.), Уолт Уитменнің өлеңдерін (1969 ж.) қазақ тіліне аударды. Ақынның көзі тірісінде 3 аударма кітабы [У.Уитмен, “Шөп жапырақтары” (1969); У.Шекспир, “Сонеттер” (1970); Д.Алигерьи, “Құдіретті комедиясының” “Тамұқ” бөлімі (1971)], 8 жыр жинағы [“Ильич” (1964), “Армысыңдар, достар” (1966), “Қарлығашым, келдің бе?” (1968), “Мавр” (1970), “Дариға-жүрек” (1972), “Аққулар ұйықтағанда” (1974), “Шуағым менің” (1975), “Өмірдастан” (1976)] жарық көрді. У.Уитмен, У.Шекспир, Н.Тихонов, Р.Бернс, Ф.Ансари, А.Акопян, А.Исаакян, Е.Евтушенко, Ф.Моргуннің бірнеше өлеңдерін аударды. Ю.А. Александров, М.М. Курганцев тәржімалаған ақын өлеңдері “Зов души” деген атпен орыс тілінде басылып шықты

10- оқушы Арлан: Мұқағали — өзіне дейінгі өлең өру мен жыр сомдаудағы үлттық мектептеріміз бен Ұлы дәстүрлерімізді жалғап қана қоймай, оны жан-жақты дамытқан, тереңдеткен қазақтың өлең-сөзін жаңа заңғарларға көтерген, жаңа кеңістіктерге алып шыққан жиырмасыншы ғасырдың санаулы саңлақтарының бірі.

11- оқушы Мансұр: Ақын өзінің қысқа ғүмырында өзіне-өзі сенген. Ары таза, жаны мөлдір, жүрегі отты, рухы асқақ жырлары мен көркем дастандары сол сенімінің жемісі. Ақын жаңа ғасыр қақпасын ентікпей, еркін ашып, жаңа мыңжылдық айдынына шығып отыр.

Кітапханашы: А.Б.Тасмаганбетова

Кітап көрмемен таныстырып , шолу жасады.

М.Мақатаевтың мектеп оқушыларына арнап жазған қай өлеңдерін білесіңдер?

Оқушылардың жауаптары тыңдалады.

Ш.М.Тлегенова әдебиеттік оқу пәні мұғалімі

Мұқағали Мақатаев - парасатты қаламгер. Ақынның әр өлеңінде, әр шумағында бүкпесіз, ақжарқын көңілмен сазды сыр төгіп отырғандай. Өлеңнің ырғағынан да, тербелісінен де ақынның қимылын, дауысын, мәнерін естіп, мінез-құлқын танимыз. Өйткені ол өлеңнен, өнерден сыр іріккен емес. Өлеңге өз жан дүниесін ашты, өлеңнің сырлы құпияларын жария етті.

Әдеби монтаж

(С.Тұрысбековтің «Көңіл толқыны» күйі ойналып тұрады. Күй әуенімен жайлап Мұқағалидың өлеңдері оқылады.)

К.Анеля «Мектебім»

Рауан «Әліппе»

Аслан «Отан туралы»

Жұлдызай «Не жетсін өмір сүргенге»

Ж.А.Гайнуллиева музыка пәні мұғалімі

Мұқағали Мақатаевтың біршама өлеңдеріне ән жазылды. «Сөнбейді, әже, шырағың» , «Сарыжайлау», «Наурыз» т,б

Қуанай Мұқстафаның орындауында ән: «Үш бақытым»

Хор «Бақыт деген»


Сау болыңыз! Назарларыңызға рахмет!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!